Табиғи қорықтар



Жоспар

1. Мемлекеттік табиғи қорық қоры

2. Ақсу.Жабағылы қорығы

3. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

5. Барсакелмес қорығы
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Жоспар

1. Мемлекеттік табиғи қорық қоры

2. Ақсу-Жабағылы қорығы

3. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

5. Барсакелмес қорығы

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар,
реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және
рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік
ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық
әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан
қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын
алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі
жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін
қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты
10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973
га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын
толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты
қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi
белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен
объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң
учаскелерi. 
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе
колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері,
инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін
кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар.
Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен
қорғалады.

Қорықтар
 Ақсу-Жабағылы
Алакөл
Алматы
Барсакелмес
Батыс Алтай
Қаратау
Қорғалжын
Марқакөл
Наурызым
Үстірт 
 
Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-
батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926
ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы Қарабастау (126 гектар) және Әулие
(100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір
Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне
енген. 
Қорық бірнеше биіктік  белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер,
боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны
өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы
қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді.
Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы
өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр,
иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық
өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма,
шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас,
бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ,
талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті
өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері
бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар,
таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.);
құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан,
бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9
(алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан,
сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және
балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері
осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми
лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.  
  Алакөл  мемлекеттік табиғи қорығы  Тентек өзені сағасының табиғатын
және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу
мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан
облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7
телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып,
балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген
ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың
топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз құс базары
деп атауға болады. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен
жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі.
Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра
бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш
алабұғасы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдік жамылғысына да
бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба
бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ Табиғат жылнамасы жазылады. Табиғат мұражайы жұмыс істейді,
шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын
қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен
БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы
қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.
Алакөл көлі 
Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының
солтүстік шығысында  жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті
батпаққа бай. Сонымен  қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып  жатқан Құстар
Аралынана Фламинго құстары  мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз. 
Алматы  қорығы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы облысы
Координаттары 43°06′00″ с. е. 77°19′00″ ш. б. (G) (O)
Көлемі 71 700 га
Құрылған 1931 жылдың мамырдың 15 Уәкілетті орган Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі
табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында
1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы
қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар
тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала
белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі.
Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты
орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар
мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары
(3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта
өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен
бұталар. Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің
40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін,
т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ,
бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл
торғай, арша емен- тұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай
кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл
құрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қо- йылған. Ғалымдар
орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және
олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері
"Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми
мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған. 
  Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.
Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және
қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін
балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр. 
Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан
күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстан қорықтары
Биосфералық қорықтар
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Қазақстан территориясындағы қорықтар. Қорықтар - табиғи лаборатория
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Пәндер