Жүрек құрылысы мен жұмысы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жүрек құрылысы мен жұмысы

Та қ ы р ы б ы:

Жұмыс жоспары: 1. Муляждер мен таблицаларды қолдана отырып жүректің жатқан топографиялық жағдайын, сыртқы және ішкі құрылысын тусіну. 2. Сүтқоректілердің (сиырдың) журегін қолдана отырып, жақтаулы және айшық тәрізді клапандарының жатқан орнын, құрылысын тексеріп, олардың атқаратын қызметін білу. 3. Жүректің қабырға құрылысымен танысқанда жүректің өткізгіш системасына және миокардтың ет талшықтарының құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардьщ қасиетіне автоматикалық қызметіне, жиырылу мен босаңсуына жақсы түсінік беру.

Жумысқа керек жабдықтар: Жүрек препараты, сиыр малының жүрегі. Муляждер: «Жүрек». Таблицалар: «Жүрек», «Жүрек пен өкпелер», «Көкірек қуысындағы органдар топографиясы», «Қан айналу, шеңберлер схемасы», «Жүрек құрылысы мен жұмысы» деген кинофильм.

Жүрек. Жүрек конус тәрізді етті орган, оның жоғарғы, толық келген жерін жүректің негізі, ал төменгі сүйірленіп жатқан жерін жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап диафрагма үстінде жатқан бетін диафрагмалық, алдыңғы жағын жүректің тәсқабырғалық беті дейді. Орта есеппен жүрекке 300 см қан сияды. Орта салмағы 250-300 г болады. Жүрек журек қабының (үлпершектің) шінде орналасқан.

Жүрек қабы (үлпершек) екі бүйірінен аралық плевраға, астыңғы жағынан диафрагманың сіңірлі ортасына, ал алдынан төске жанасып, дәнекер тканьді талшықтары арқылы бекиді.

Жүрек қабын сыпырып алып тастаса, оның бетімен жүріп жатқан сайларды байқауға болады. Жүректі белдеулей көлденең сай өтеді, ол жүрекшелер мен қарыншалар шекарасы болып саналады. Себебі оның үстіңгі жағында жүрекшелер жатса, астыңғы жағында қарыншалар орналасқан. Осы сайдан төмен қарай жүректің алдыңғы бетімен алдыңғы, ал артқы бетімен артқы ұзынша сай өте-ді. Бұл екі сай арқылы қарыншалар бір-бірінен бөлініп жатады. Осы сайлармен жүректің негізгі қан тамырлары өтеді.

Жүректің ішкі құрылысы . Жүрек қалың ет пердесімен ұзына бой екі бөлімге бөлінеді. Оның оң жағын - венозды, ал сол жағын артериялды бөлім дейді. Себебі, жүректің оң жағында әрдайым вена қаны болса, сол жағымен тек қана артерия қаны етеді.

Жүректің оң жағы - оң жүрекше мен оң қарыншадан, сол жағы-сол жүрекше мен сол қарыншадан түзілген. Әрбір жүрекше-қарынша аралығында жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жатады. Оң жүрекше - қарынша аралығында үш жақтаулы, сол жүрекше-қарынша аралығында қос жақтаулы қақпақша болады. Бұл жақтаулы қақпақшалар қанды жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылған, кедергісіз өткізіп тұрады. Ал қарыншалар жиырылған кезде жабылып қанның кері жүрекшелерге өтуіне кедергі жасайды. Сол себептен, қан тек қана кіші және үлкен шеңберлерге қарай жол табады. Кіші және үлкен шеңбердің (немесе екпе артериясы мен қолқанның) басталар жеріндегі айшық қақпақшаларының ашылу нәтижесінде, қан оң қарыншадан кіші шеңберге, ал сол қарыншадан үлкен шеңберге шығады. Бұл қақпақшалар да қанның кері, қарыншаға өтуіне жабылып бөгет жасайды. Бұл клапан аппараттары жүректің ішкі қабатының - эндокардтың қабатталу нәтижесінде пайда болады. Үш жақтаулы клапан үш жақтаудан түзілген, қос жақтаулы клапан екі жақтаудан түзілген. Олардың жақтау шеттерінен төмен қарай сіңір жіпшелері шығып қарыншалар түбіндегі еміздікше еттерге тіркеледі. Қарыншалар жиырылған кезде, қан қысымымен клапан жақтаулары жоғары қарай (жүрекшелерге) қайтарылып кетпес үшін осы сіңір жіпшелерінің керілу нәтижесінде ұсталып қалынады.

Оң жүрекшенің жоғарғы жағында - жоғарғы қуысты вена, ал төменгі жағынан төменгі қуысты вена ашылар жері жатады. Осы соңғы венадан сәл төмендеу жүректің өз веналарының ашылар жері бар. Сонымен қорытып айтқанда, оң жүрекше денедегі бүкіл венозды қанның құйылар жері болып саналады. Оң жүрекшеге енген вена қаны, жүрекшенің жиырылу нәтижесінде, үш жақтаулы қақпақшаның ашылуымен оң қарыншаға етеді. Ал, оң карынша жиырылғанда үш жақтаулы клапан жабылып, айшық клапандар ашылып, қан өкпе артериясы арқылы кіші шеңберге етеді.

Оң жүрекше мен сол жүрекшенің қосымша қуысы болып саналатын құлақшалары болады. Олар жүрек қатты жұмыс істегенде қанға толып, ішкі жағындағы тарақша еттерінің жиырылу нәтижесімен қанды жүрекшенің жалпы қуысына өткізіп тұрады. Оң жүрекшемен сол жүрекше аралығында сопақша ойыс болады. Ол үрықтың даму кезеңінде екі жүрекшені қатыстырып тұрған саңылау тесіктің орны болып саналады.

Сол жүрекше қабырғасы оң жүрекше қабырғасына қарағанда тегіс келеді. Оның арт жағында төрт екпе веналарының (әр өкпеден екі-екіден) ашылар жері жатады. Өкпе веналары арқылы келген артерия қаны жүрекшенің жиы-рылуымен, қос жақтаулы қақпақшаның ашылуымен еол қарыншаға өтеді.

Сол қарыншаның негізі жоғары қараған, ұшы төмен қараған конус тәрізді. Оның қабырғасында оң қарынша қабырғасындағыдай еміздікше еттер жатады. Бұл еттерге қос жақтаулы қақпақшаның сіңір жіпшелері келіп тіркеледі.

Жүректің қабырға құрылысы. Жүрек кабырғасы ішкі - эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы - эпикард қабаттарынан түзілген Эндокард журектің ішкі бетін жауып жатқан жұқа қабықша, ол қан тамырларының ішкі қабатына өте ұқсас кследі. Бүл жазық салалы ет тканімен серпімді талшық-тардан түзілген. Қанмен тығыз байланыста болғаннан кейін беті өте тегіс келеді. Мұның қабатталу нәтижесінде жүректің клапан аппараттары түзілген.

Миокард жүректің қалың жетілген ортаңғы ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр жерінде әр түрлі жетілген. Қарыншалар миокардасы жүрекшелер қабырғасына қарағанда қалыңдау келеді, ал қарынша қабырғасы жүректің ең қалың жетілген бөлігі болып саналады. Бұл жағдай жүректің камераларының атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Себебі, жүрекшелер жиырылып қанды қарынша-ларға ғана өткізсе, қарыншалар жиырылып қанды екі шеңберге өткізеді. Әсіресе, қанды үлкен шеңберге жіберу үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді. Сол себептен, сол қарыншаның қабырғасы, жүректің басқа ка-мераларының қабырғасына қарағанда қалыңдау болады.

Жүрек етінің скелет етінен айырмашылығы ет талшыктары өзара көлденең қосылыстар түзіп торлана жатады. Сол себептен де жүрек еті жиырылса, тұтасынан жиырылады.

Жүрекшелер миокардасы қарыншалар миокардасымен байланыспай жеке түзілген және өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасқан. Беткей қабатының ет талшықтары екі жүрекшені бірдей орап өтсе ішкі қабатының ет талшықтары әр жүрекшені жеке орап өтеді. Сонымен қатар веналардың ашылар жерінде сақиналы ет талшықтарының болу нәтижесінде және жүрекшелердің сол ет талшықтарынан бастап жиырылуымен байланысты қан кері вена тамырына кетпей қарыншаларға қарай бет алады.

Қарыншалар миокардасы сыртқы, ортаңғы, ішкі үш қабаттан түзілген. Сыртқы (беткей) қабаты - ұзына бой ет талшықтарынан түзілген. Олар жүрекше-карынша аралық сіңірлі сақиналардан басталып, төмен қарай жүріп жүрек ұшына жеткенде иірім жасап, жүректің ішкі терең қабатына көшеді.

Ішкі (терең) қабатының, ет талшықтары кері қарай жоғары көтеріліп жүрекше - қарынша аралығындағы сіңірлі сақинаға бекиді.

Осы айтылған сыртқы және ішкі қабаттарының аралығында қарыншалардың ортаңғы қабаты орналасады. Бұл қабаттың ет талшықтары көлденең бағытта жатады және әрбір қарыншаны жеке орайды.

Миокардтың қалыңында ерекше құрылыста келген түйіндер мен шоқтар орналасқан. Олар жүрек еттерінің еріксіз жиырылып реттеліп соғуына әсер етеді. Сондықтан оларды жүректің өткізгіш системасы деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналуының үлкен шеңберінің артериялары
Жүрек қабырғасы
Жүректің жұмысы
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы
Жүрек
Қалыпты ЭКГ
Электрокардиография жайлы мәлімет
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері
Қан айналу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz