Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жас ерекшелік психологиясы - бұл қазіргі психологияның қарқынды дамып келе жатқан, басқа да психология салаларымен тығыз байланысты,

адам өмірінің психологиялық заңдылықтарын ашады. Жас ерекшелік

психологиясы-адамның онтогенезді психологиялық ерекшеліктерінің дамуын

оқытады. Жас ерекшелік психологиясының салалары: балалар психологиясы, төменгі класс психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, балаң шақ психологиясы, ересек адамдар психологиясын қарастырады.

Өзін-өзі бағалау - мен концепциясының компоненті болып табылады. Өзін-өзі бағалау- реттеуші және қорғаныс функцияларын орындайды, жеке тұлға дамуындағы айналасындағы қоршаған адамдармен қарым-қатынасы. Жеткіншектегіқорғаныс функциясындағы өзін бағалау автономия мен өз бетінше өмір сүруге бағытталады. Жеткіншек жаста өзін-өзі бағалау- бұл өзін-өзі сыйлау деңгейінде көрінеді, өзін қабылдау немесе қабылдамау мақсатында көрініс алады.

Жекелік өзін-өзі бағалау-өзінің бір жақты жеке тұлғалық жетістіктерін, әрекетін айтамыз.

Өзін-өзі бағалауды мынадай параметрлерге бөлеміз:

1) деңгеймен (жоғары, төмен, орташа) .

2) шынайылық адекватты және адекватсыз өзін бағалау.

3) Құрылымдылығымен ерекшеленеді жанжалды және жанжалсыз.

4) Тұрақтылық және т. б.

Өзін-өзі бағалау-қоршаған ортаның бағалау базасында қалыптасады. Өзін-өзі бағалау адамның өзі туралы: жасына, денсаулығына, алға қойған жоспарына, уайымдауларына және т. б. байланысты.

Жалпы жоғары сынып оқушысында жеке тұлғаның қалыптасу процесі

айтарлықтай маңызды роль атқарады. Жоғары сынып оқушыларына - балаң

жасты жатқызуға болады. Балаң жас -жас өспірім шақтан ересек кезеңге өту

сәті. Психологтар балаң жастың хронологиялық шекарасын түрліше көрсетеді. Балаң шақ кезеңінің өтуіме бірге адамның физикалық тұрғыдан жетілуі де аяқталады. Оның өмірге дегенкөзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдында алғаш рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан балаң шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениеттілікке ұмтылу, белгілі бір деңгейдегі білім нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтерді атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Әлеуметтік тұлғалық фактор әрекеті барлық жүйеде баланың айналасындағы адамдарға және өзіне қатынасы өзгереді. Әлеуметтік позициясы мектептегі ортасына қарым-қатынасын өзгертеді, оқуда және қоғамда пайдалы әрекеттер, болашақ мамандаққа қызығушылық бағытын анықтау, сонымен қатар оқуға қызығушылығына мінез-құлық мотивтері әсер

етеді. Психологиялық зерттеу қорытындысында адамның индивидуалды дамуы және жеке тұлғалық қалыптасуы оның қоршаған ортада белсенді әрекеті бірінші орынға қойылады.

Әр түрлі бір жүйелі биологиялық және әлеуметтік жетілу балаң шақта жиі бақыланады. Балаң шақ екі фазаға бөлініп қарастырылады: бірі балалық шақ шекарасындағы -ерте балаң шақ, ал, екіншісі ересектер шекарасына жақын-ересек балаң шақ-бұл фазаны есейгендіктің басты белгісі ретінде қарастырылады. Бірінші фаза үшін балаң шақ өмір жолында өз бетінше өмір

сүруге даярлық деп қарастырылады (білім қорын жинау, ептілік, ізденіс, болашақ мамандық таңдау және т. б. ) Ал, екіншісінде еңбек өнімділігінде мамандыққа икемділік пен дағдыға ие болу, білім және өзінің тұлғалық адамгершілік қасиетін және шеберлігін одан әрі дамуына талпынуына жатады. Жас өспірім мен балаң шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бір-бірімен үйлесімді болып келеді. 15-18 жас арасын кей жағдайда ерте балаң шақ деп те атайды Балалық шақтан балаң шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметтік және топтық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасын қалыптастыруда зор мәнге ие болады.

Балаң жастың маңызды ерекшелігі-өзін-өзі тұлғалық анықталуды бір

бөлігі болып табылатын кәсіби анықтау. Өзін-өзі кәсіби анықтау бірнеше кезеңнен тұрады. Бала ойыны (рөлдік ойындарды ойнайды. ) Жас өспірім қиялы-бұнда жеткіншек өзін бір мамандық иесі ретінде

елестетеді. Алдын-ала мамандық таңдауы.

Осы балаң жас түрлі ерекшеліктерімен сипатталады.

  1. Кәсіби қалыптасады.
  2. Э. Эриксонның айтуынша интимділік дағдарысы (кизис интимность) . Осы кезде бала мамандық таңдауға байланысты өзіндік зерттеу жүргізіледі.

3) Кәсіби қалыптасуда өзіндік ересектік сезім жүзеге асады. Қарым-қатынастың жаңа қыры кәсіптік қатынастар. Сонымен балаң жас кезеңінің негізгі ерекшеліктерін көрсетсек:

  1. өзін-өзі анықтау.
  2. Кәсіби анықтау, мамандық таңдау.
  3. Балаң шақ жақын тұлға аралық қатынасқа ұмтылуы.
  4. Өзін-өзі теңестіру процесі күрделі өтеді.

Балаң жас кезеңінде танымдық, кәсіби қызығушылықтар қалыптасып, еңбек

етуге, болашақтың жоспарын құруға қоғамдық өмірге араласуға белсенділігі

артады. Бұл жаста адамгершілік қасиеттің, тұрақты көзқарастың, азаматтық

мінез-құлықтың қалыптасуы қиын жағдайда өтеді.

Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы

айтарлықтай жоғары деңгейде, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда

ересектер қатарына жатқызады.

Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының өзіндік бағалауының ерекшелігін

зерттеу.

Міндеті:

1. Жоғары сынып оқушыларының өзін бағалауындағы

психологиялық түсініктеме.

2. Балаң жас туралы психологтардың көзқарастары.

3. Жоғары сынып оқушысының өзін-өзі бағалауын эксперименталды зерттеу.

4 . Жоғары сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауының кемшіліктеріне

әдістерді пайдалану арқылы коррекция жүргізу .

Пәні :Балаң шақтағы оқушылардың өзін бағалаудағы психологиялық

ерекшеліктерін зерттеу .

Обьектісі :Жоғары сынып оқушылары .

Болжамы : Жоғары сынып оқушыларының өзін бағалау ерекшеліктері

дамыса, онда олардың қоғамда алатын орнымен анықталуы мүмкін .

Зерттеу әдістері: Біздің дипломдық жұмысымызда жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістемелер қолданылды . « Өзін -өзі бағалау шкаласы » (Ч. П. Спилберг, Ю. Л. Ханин ) және “ Өзін- өзі бағалау “ әдістемесі мен өзін - өзі бағалауды коррекциялауға

арналған ойын терапиясының элементтері .

Әдіснамасы :Дипломдық жұмысымызда И. С. Кон, А. В. Петровский,

А. Г. Хрипкова, Д. В. Колесов, т. б. еңбектері қолданылды .

Зерттеу базасы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №17 мектеп оқушылары мен №11 мектеп гимназиясының оқушылары.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған.

1
Жоғары сынып оқушыларын теориялық зерттеулер.
1: 1. 1
Жоғары сынып оқушыларын теориялық зерттеулер.: Өз-өзін бағалаудың қалыптасуы және дүниетанымы.

Қазақстан Республикасының біртұтас әлемдік білім кеңістігіне енуге бетбұрыс жасауы жоғары сынып оқушыларының оқу - тәрбие үрдісінің демократиялық және ізгілікті ұстанымдар негізінде тұлғаға бағытталып жүргізілуін талап етуде.

Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі оқушылардың білікті де білімді, іскер де тәрбиелі, саналы да салауатты болып қалыптасуы мектептегі жоғары сыныпта білім беру мен тәрбиелеудің сапалы ұйымдастырылуына, өзін - өзі реттеу, тәрбиелеу дағдыларының қалыптасуы деңгейіне, білуіне байланысты, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр.

Адам санасы өмірлік мәселелерді шешу үшін тұлғаның бойынан өзі туралы және қоршаған орта туралы мәліметтерді қодануда әрдайым көрініп отырады. Адам жануарлар дүниесінің дамуынан жоғары тұруы оның санасында өзіндік сана - сезім компоненттері арқылы қалыптасады. Бұл қоғамдық өмірдің және екінші сигналдық жүйенің, сөйлеудің арқасында мүмкін болады. [31; 71] .

Жеке тұлғаның өзін - өзін тәрбиелеу мен өзін - өзі жетілдіру мәселесі Ш. Уалиханов, К. А. Абульханова - Славская, А. А. Вербицкий, Ю. М. Орлов, В. Г. Романенко, И. И. Ческнокова т. б., ал өзін - өзі бағалау ерекшеліктері Н. Е. Анкудинова, А. И. Липкина, В. С. Магун, Е. И. Савонько, В. Ф. Сафин т. б. ғалымдар еңбектерінен көруге болады.

Соңғы жылдары С. А. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» бағдарламасының негізінде жүргізілген зерттеулерді ғылыми - теориялық, тұжырымдамалық, тәжірибелік тұрғыдан қарастырған ғалымдар: Х. Т. Шерьязданова, Т. А. Левченко, М. Х. Балтабаев, А. А. Семченко, Л. К. Көмекбаев, З. Б. Мадалиева, Е. Е. Бурова, т. б. өзін - өзі тәрбиелеудің педагогикалық - психологиялық мәселелерімен айналысуда. Тұжырымдаманы құрастырушылар қазіргі қоғамдағы тәрбие жеке тұлғаны жан - жақты жарасымды дамытуға бағытталуы қажет деп есептейді. Сонымен зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай жасөспірімдердің өзін - өзі тәрбиелеуі мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағыттағы мектеп тәжірибесінің өз дәрежесінде болмауы арасында қайшылық орын алып отыратындығына көз жеткіздік.

Совет психологы Л. С. Выгодский тағы да 1920 жылы қалыптасуымен психологтар балаң шақ жасы үлкен қоғамда едәуір факт қатаңқалыптасқан деп шешті. Балаң шаққа таяу 3 негізгі қарапайым белгіні бөлуге болады, олардың әрқайсысы жетілген түрленуі көп болады. Биологиялық процестің жетілуін қарау сонымен қатар басқа да процесстердің тууын - биогенетикалық деп атайды. Негізінде зейін процесінде әлеуметтану және міндеттерде қоғамдағы өмірлік жол этапына сай тұру социогенетикалық деп аталады.

Жасөспірімдік кезең тұлғаның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа нендей пайда тигізетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда, осы кезең олардың өзімен - өзі кеңесіп, өз жан дүниесіне үңілуге құштар шағы. Тұлғаның ішкі жан дүниесі және оның сана сезімі ерте замандарда - ақ философ ойшылдарды, оқымысты ғалымдарды, өнер адамдарын өзіне қарата білді. Сана және өзіндік сана сезім философиясының, психологияның, әлеуметтанудың ортақ мәселелерінің бірі. Оның мәні сана және өзіндік сана туралы білім тек көптеген маңызды теориялық сұрақтарды ғана емес, сондай - ақ өмірлік позицияны қалыптастырумен байланысты практикалық міндеттерді де шешудің әдістемелік негізін құрайтындығына негізделген. Өзіндік сана мен өзіндік тану қабілеттілігі - адамның ерекше игілігі, яғни өзінің өзіндік сана - сезімінде қарым - қатынас пен іс - қимылдың, сананың субъективті ретінде, өзіне тікелей қатынасты орнатуды таниды.

Өзіндік сана - сезім сананың дамуындағы ең жоғарғы деңгейі, ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың және өзінің пікірі мен іс - қимылындағы жеке дербестігінің негізі. Өзіндік сана - сезімді қысқаша түрді өзінің образын және өзіне деген қатынас ретінде анықтауға болады. Бұл бейнелер мен қатынастар өзін - өзі өзгертуге, өздігінен жетілуге ұмтылумен тікелей байланысты. Өзіндік сана - сезімнің жоғарғы формаларының бірі өзінің жеке әрекетіндегі мағынаны табуға тырысу. Өзіндік сананың пайда болу кезеңі адам алғаш рет өзіне мынандай сұрақтар қою кезінде пайда болған: өзінің әлемін құруға, зерттеуге және бағындыруға қандай күш әсер етті?, оның ақыл - ойының табиғаты қандай, рухани өміріқандай заңдылықтарға бағынады?, т. б. Мұны қысқаша түрде былай деуге болады: «Егер адам ойы алғашқы кезде өзінің сыртқы әлеміне бағытталса, өзгелер мен туралы не ойлайды? Мен қандай болып көрінем? Ал жасөспірімдік кезде ол өзіне - өзі көңіл аударады. Адам ойлауды зерттеуді, ойлаудың көмегімен бастауға батылдық көрсетеді» [38; 59] . Тұлға туралы американдық ілімдердің лидері Г. Олпорттың тұлғаның концептуальды теориясымен келісе отырып, даралық диспозицияның үш типін бөлуге болады, олар:

  • Кардинальды диспозиция, бұл адамның практикалық әрекетіне мәнді әсер етеді;
  • Орталық диспозиция, бұл түлғаның жалпы сипаттамасын өзіне таңдап алады;
  • Қайталанатын диспозиция, бұл біршама түрақты, қарапайым қажеттілігімен байланысты. Диспозициялық типтерді таңдау әртүрлі бейнелі өзіндік ұйымдастырушы жүйелер ретіндегі түрткінің функциональды автономия қағидасының әсерімен өлшенеді. Г. Олпортт бойынша әрбір жеке индивидтің белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі тұлға әрекетіне оның өсуіне позитивті, шығармашыл ұмтылушы «Менінің» қатысуымен шартталады. «Мен» үшін сипатқа ие мотивацияның жоғарғы деңгейі, сезіммен оны реттеуші «Мен» етеді, яғни сол тұлғаның өзін білімді, шеберлікті, өзін - өзі тәрбиелеуді игеруде тиімді түрді қайта жасайды (Анцыферова Л. И. ) .

Тұлғаның өзіндік тәщрбиесі кемелденген және дені сау адамның белгісі деп санасақ, яғни біршама мәнді әлеуметтік әсерді аргументтейтін қимыл дей отырып, Г. Олпорт: «тұлға» теориясының өзегі - өзінділіктің мынадай тұлғалық аспектілерден құралатының анықтайды:

  • Өз денеңді сезу; өзіндік біртектілік; өзін - өзі тану;
  • Өзіндік пікір айту;
  • Өзін - өзі бағалау;
  • Өзін - өзі рациональды басқару [38] .

Тұлғаның өзіндік тәрбиесінің жағымды формаларын қалыптстырудағы өзіндік сана сезімнің реттегіштік ролі тұлғаны практикалық іс - әрекеттің субъектісі де қарастырудан, жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын, мінез - құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауынан көрінеді.

Жеке тұлғаның өзін - өзі жетілдіру, тәрбиелеу мәселесі көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін философтардың, педагогардың, психологтардың көңілін аударып отырған мәселелерінің бірі.

Біз зерттеу барысында қарастырылып отырған мәселенің теориялық - әдіснамалық негізін айқындау мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы «Өзін - өзі тану», «Өзіндік сана - сезім» ұғымдарының анықтамалары мен олардың өзара байланысына сипаттама беруге мән бердік.

Адамның өзіне сыни көзқараспен қарай отырып, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуінің негізінде, өз мақсатын нақтылап, ойны бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділіктің белгілі - бір мәнді көрсеткішке жеткізетіндігі сөзсіз. Оның ішінде, өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің айналасын қоршаған адамдармен қарым - қатынасын, өзіне сыни көзбен қарауын, талап қоя біліун, сәтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді. Сондай - ақ тұлғаның өзінің іс- әрекетінің тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді, мұнда ескеретін жағдай, ең алдымен сол адамға басқалардың беретін бағалау критерийлеріне қарай қалыптасады. Бұл тұлға өзіне қоршаған адамдар қалай бағалайтын болса, ол өзін - өзі солай бағалауға бейім екендігін көрсетеді. Өзін - өзі тәрбиелеу деп адамның белгілі бір мақсатқа бағытталған, өз сапасын жетілдіру арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті. Жасөспірімнің білімге ұмтылысы үнемі құпталып, жол көрсетіп отырылуы тиіс. Осыдан келіп оқушының оқуға деген өзінің ынтасы, өзін соған икемдейтін ерік қайраты пайда болады. Егер оқушы білімді меңгеруге, оқуға өзі ынталанбайынша, ұмтылмайынша, өзі-өзінің дара сапасын қалыптастрымайынша, білімге деген ізденісін тудырмайынша, оның адамгершілік, дене, эстетикалық мәдениеті өзінен - өзі келе салатын нәрсе емес. Сонымен оқу - тәрбие жұмысының мақсаты оқушының белсенділігін арттыра отырып, оның еңбекке деген сүйіспеншілігін, қоғамдық - саяси, адамгершілік - эстетикалық әрекетін дамытуға болады.

Қандай - да болмасын тәрбие жұмысының тиімділігі тәрбиеленушінің ішкі қажетсінуінің нәтижесінде іске асады. Әрине, қажетсіну баланы қоршаған ортаның сезімталдығы мен оған деген ілтипатты қарым - қатынасы арқылы, оның іс - әрекетіне, оны қолдап отыруынан, оған беретін бағасына да байланыста болады. Әр адамның іштей рухани қалыптасуы ең алдымен өзінің ішкі сезімінің жұмысы бола тұрса да, оны тәрбие жұмысы арқылы қанаттандырып, қолдап, бағыт - бағдар беріп отыруға байланысты - деген С. Л. Рубинштейн [59] .

Бұл салада кезінде ой толғаған Абай ішкі сезім мен талаптың, ынтаның қызметіне байланысты былай деген: «Сөз өнері тұр таяу, ұқпасын ба сөзді тез». Қорыта айтқанда, дұрыс жолға қойылған тәрбие жұмысы, өсіп қалыптасып келе жатқан жеке бастық ішкі талпыныстарын, талабын, белсенділігін ынталандыру арқылы, дұрыс баптай білсе, оның өз бетімен ізденіп құмыс істеуіне өзін - өзі толықтырып, жетілдіруіне жол ашылады. Қысқасын айтқанда тәрбие процесінде оқушының өзін - өзі тәрбиелеу жұмысының өзіндік орны бар. Әрине, ол мұғалімнің тәрбие ықпалы арқылы іске асады. Өз алдына мақсат етіп қоя отырып тәрбиеші - педагог оқушылардың санасына өз бетімен білім алу қажеттілігін қалыптастырады. Сөйтіп ол оқушының күнбе - күнгі іс - әрекетіне арқау болып табылатын - өз бетімен білім алу белсенділігін оятады.

Ал көп ретте адам өз алдына белгілі бір биік мақсат қойып өз бетімен ізденіп, өзін - өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанағаттанған, оның ішкі сезімдері арқылы қажетсінуі пайда болады. Соның нәтижесінде мақсатына жеті үшін табандылықпен ізденеді. Өзін - өзі белсендіретін тұлға - қай уақытта болмасын өзінің мүмкіндіктерін үнемі толық ашып дамытуға ұмтылушылық қасиетке ие тұлға. Осындай тұлға болып жетілуде жеткіншектер мен жасөспірімдер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым - қатынас жасауға, өз ойындағысын орындауға қабілетті бола отырып, ізгілікті, тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесінде өзін қалыптастыра алады. Тұлға өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын тәндік, жандық, рухани күш - қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсетін ішкі объективтік процесс ретінде таниды. Түлға белсенділігін арттыруда өзін - өзі жетілдіру қызметі де өз үлесін байқатады. Бұл процесс оқу үрдісін зерттеуде ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей отырып, психологиялық - педагогикалық мәселелердің бірі етіп алға қояды. Жасөспірімнің өз бойындағы теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру саласындағы саналы, мақсатты іс - әрекеті өзін - өзі тәрбиелеу болып табылады. Көп жағдайда, жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығынан жеткіншектер мен жасөспірімдер өз қылықтарының мотивтерін, яғни себеп - салдарын түсіне бермейді. Демек, мұндайда оларға міндетті түрде педагогикалық жетекшілік қажет. Өйткені, олар үлкендердің қалауы мен көмегінсіз өзін - өзі тәрбиелеуді адамның моральдық қасиеттерінің негізгі түрі ретінде дамыту қажет. Нәтижесінде жасөспірім өзінің іс- әрекетін, ақыл - санасын іштей бақылап, бағыттай отырып, өзін - өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез - құлқын дамытып жетілдіруге мүмкіндігі туады. Мұндай жағдайда оған ерік күш - жігерін берік ұстау, ұтамдылық, табандылық, т. б. тұлғалық сапалар маңызды роль атқарады. Бұл сапалар жасөспірім белсенділігін дамытудағы тұлғаның эмоциялық, әлеуметтік кемелдігінің көрсеткішін көрсетеді.

Тұлғаның өзіндік тәрбиесінің жағымды формаларын қалыптастыруда өмірлік ұстанымның ролі ерекше. Бұл тұлғаның дүниетанымдық, моральдық - психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым - қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы болып табылады. Өмірлік ұстаным негізінде жжасөспірімдер өз әрекетін белсенді немесе баяу етіп көрсетеді. Дәлірек айтсақ, белсенді деп отырғнымыз, олар айналадағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады; ал баяу дегеніміз қалыптасқан тәртәп пен салтты және норманы сақтау мен шектеледі. Жеке тұлғаның іс - әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез - құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар - ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының эмоциясының ерекшеліктерін зерттеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Алты жастағы бірінші сынып оқушыларымен тәрбие жұмысындағы жалпы және айрықша құбылыстар диалектикасы
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz