Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке үйретуде өзбетінше жұмыстардың маңызы (Әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі бойынша, 3-сынып)


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды қасиеттерінің бірі жауапкершілік. Жауапкершілігі жоғары оқушы өз әрекетін әр уақытта тиянақты орындайды. Ал әрбір іс-әрекетіне тиянақтылықпен қарайтын оқушының сабақ үлгерімі де жоғары болмақ. Демек жауакершілікке баулудың бірден-бір жолы - өз бетінше жұмыстар. Бұл тұрғыда өз бетінше жұмыстар арқылы жауапкершілікке баулудың маңыздылығы артып, өзектілігін айқындай түседі. Себебі оқушы кез-келген оқу тапсырмасын өз бетінше орындай отырып, оның толық, әрі дұрыс орындалуына жауапкершілікпен қарауға міндетті. Сондықтан да біз бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуда өз бетінше жұмыс түрлерін қолдануды басшылыққа алдық.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я. А. Коменский, И. Г. Гербарт, А. Н. Кочетов, А. С. Макаренко т. б. ) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан.
Ал, И. Г. Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі.
Кеңес педагогы А. С. Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды [1, 6] .
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С. Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Ал, өзіндік жұмысты зерттеу мәселесіне көптеген жұмыстар арналған. Дегенмен де, оқушылардың өзіндік жұмыстарын, қызметін, ерекшеліктерін, мағынасын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ екендігін атап өтуге болады. Өзіндік жұмыс туралы ғалымдардың пікірлері бір бағытта тоғыспайды. Әр түрлі бағытта қарастырылған пікірлерге тоқталуға болады.
Өзіндік жұмыстардың психологиялық аспектілері туралы Б. Г. Ананьев, В. А. Артемова, Д, Г. Богоявленский, Л. И. Божович, Н. В. Витт, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, И. П. Зинченко, И. А. Зимниий, Л. Б. Ительсон, З. И. Клычникова, А. А. Леонтев, И. Д. Лушников, Н. А. Менчинская, А. В. Петорвский, Н. Ф. Талызина және т. б. зерттеген.
В. А. Добромыслов. В. В. Голубков. Е. Я. Голант, Г. В. Воробьев. А. В. Полякова. А. Ф. Соловьева, А. Ф. Ломизов. Г. И. Блинова және т. б. еңбектерінде өзіндік жұмыстың танымдық ізденімпаздық дамуындағы ролі туралы айтады [2, 28] .
Джон Локктың ойынша, баланың өзіндік жұмысы олардың дамытудың қажетті шарты.
Ж. Ж. Руссоның ойынша өзбетінше жұмыс-белсенді оқыту ұстанымы.
Теориялық материалдарды зерделей отырып, оқушының жапкершілігін дамыту, өз бетінше жұмыс туралы еңбектердің баршылық екендігін байқадық. Бірақта өз бетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулу мәселесіне бағытталған еңбектердің жеткіліксіздігі анықталды. Бұл біздің дипломдық жұмысымыздың қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі екендігінің тағы да бір дәлелі. Сондықтан да дипломдық жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке үйретуде өзбетінше жұмыстардың маңызы» деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың теориялық негіздерін қарастыру, оны тәжірибелік эксперименттен өткізіп, маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: әдебиеттік оқу пәніндегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулу.
Зерттеудің болжамы: егер зерттеу мақсатына сай оқушылардың өзбетінше жұмыстарын өз жауапкершілігін сезінетіндей етіп ұйымдастырса, осы ретте әдебиеттік оқу пәнінің материалдарын тиімді пайдаланса, онда өзбетінше жұмыстар арқылы оқушыларды жауапкершілікке баулу мүмкіндіктері артады.
Зерттеу міндеттері:
1. Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуды теориялық тұрғыдан қарастыру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының өзбетінше жұмыс жасай білу, жауапкершілік деңгейін анықтау.
3. Өзбетінше жұмыстар арқылы 3-сынып оқушыларын жауапкершілікке балуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізу, оларды өңдеп, нәтижелерін көрсету.
Әдіснамалық және теориялық негізі: жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үдеріс теориясы, тұлғалық-бағдарлы оқыту теориясы, таным теориясы.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдау;
- бақылау, сауалнама, тест;
- тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу;
- алынған мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу .
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: Зерттеу проблемасының теориялық тұрғыдан негізделуі, тәжірибелік эксперимент арқылы тиімділігінің дәлелденуі, әдістемелік ұсыныстар берілуі.
Дипломдық жұмыстағы теориялық және әдістемелік материалдарды мектеп тәжірибесінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы №1-ші Қарауылкелді орта мектебі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс: Кіріспеден, екі тараудан, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: Тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, дипломдық жұмыстың құрылымы қарастырылған.
1-тарауда: Өзбетінше жұмыс жасау арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауакершілікке баулудың теориялық негіздері қарастырылған.
2-тарауда: Өз бетінше жұмыс жасау арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуға бағытталған педагогикалық - тәжірибелік эксперимент (3-сынып, әдебиеттік оқу пәні негізінде) материалдары берілген.
Қорытынды бөлімде: Ғылыми пікірлердің құндылығы, болжамдардың дәлелденуі көрсетіледі, жалпы қорытынды жасалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі.
1 Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың ғылыми зерттелуі
Бүгінгі таңда білім алушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс білім алушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің барысында өз орнын табуы тиіс. Білім алушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады [3] .
Білім алушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша орындайтын оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Білім алушылардың өз бетінше жұмысы тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары ретінде ғана емес, зерттеудің нысаны ретінде танылады.
Оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс деп - белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған - білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.
И. Г. Пестолоццидің пікірінше, оқыту әдістері-бұл баланың өзбеттілігі мен өзіндік әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі-өз бетінше әрекет етуге және өзін дамытуға ұмтылдыру.
А. Дистервег, өзбеттілік әрекет-өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі деген.
К. Д. Ушинский: «өз бетінше жұмыс - оқытуда жетістікке жетудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Сондай-ақ ол шәкірттердің жас ерекшелігін ескеруді қажет етеді.
К. Д. Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық әрекеті, сөйлеуі маңызды. Бірақ мұғалімнің ролін ескере отырып, ол білім алушының белсенділігі мен ізденімпаздығын дамытуда ұйымдастырылған өз бетінділік бақылау және тәжірибе, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. Ол: «Өзінің ой-пікірін жеткізе алмауы кемшілік болып есептеледі, ал өзіндік ой пікірінің болмауы-өте үлкен кемшілікке жатады; өзіндік ой-пікірлер тек қана өз бетінше алған білім арқылы ғана жүзеге асады», -дейді [14] .
Осылайша, К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық -физиологиялық тұрғыдан талдау жасайды.
«Өз бетінше әрекет ету- бұл «мұғалімнің көмегінсіз» жаңаны табу, білуге ұмтылу», - деді К. Д. Ушинский.
Ы. Алтынсарин: «Маңыздысы-оқушының өз бетінше ойлана білуі . . . Оқыту методтары-балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол», -деді.
А. Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөледі [18] .
М. Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетіншебілім алуға үйрету қажеттілігін көрсетеді. Ол: «бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін . . . , жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек, көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже -заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады», -деп жазды.
Н. К. Крупская 1934 ж жазған «өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне» деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер береді:
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға ие болу керек.
2. Білім мен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында білім мен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасау керек.
4. Алғашқы кезеңдерде тәжірибелі адамдардан, кітапханашылардан кеңес, консультациялар алуды пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Н. К. Крупскаяның бұл кеңес - нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ.
П. Ф. Каптерев: «Өз бетінше әрекет ету- бұл оқушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі үрдісі», -деді.
Р. Г. Лемберг: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсуі; жұмыстың жемісті аяқталуына; оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы; жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы», -деп жазды.
Н. Г. Чернышевский оқу үрдісінде оқушылардың танымдық ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы: «Егер біздің бабаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуға тиіс» - дейді [13] .
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Сабыров «Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» атты еңбегінде оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың маңызы мен міндеттерін айрықша ашып, былайша анықтама береді: [28] .
«Оқушылардың өз бетінше жұмыстары жеке өз алдында оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі, мұндай жұмыстың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өз бетінше жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - оқушылардың дербестігін арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Өз бетінше жұмыстың өз алдына оқыту негізі бола алмайтынының тағы бір себебі - оның өзі басқа принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім алудағы дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан олардың өз бетінше жұмысы оқу әрекетінің бір түрі ғана »
Т. С. Назарова: «Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешу» деген [21] .
Т. И. Шамова оқу әрекетінде өз беттілікті анықтауға басқаша анықтама береді. Оның пікірі бойынша өз беттілік - адамның жеке басының қасиеті. Бұл оқушылардың басқаның көмегінсіз білімді игеруінде алға қойған мақсаттарға жетіп, игерілген білімді жетілдіруде өз алдына мақсат қоя білуінде байқалады [7] .
Ю. К. Бабанскийдің, А. Л. Усованың және басқалар оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыға оқу әрекетінің компонентерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастыру деп өз зерттеулерімен дәлелдеген [27] .
В. И. Селиванов өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауды адамның жеке басының еркі мен өміршеңдік бағыттылығын, дер кезінде шешім қолдана білуін, шыдамдылығын, өзіне деген сенімділігін, батылдығын т. б. қасиеттерін атап көрсетеді [22] .
В. А. Крутецкийдің пікірінше өз бетінше жұмыс адамның жеке басының көзқарасы мен ой-өрісі принциптерімен байқалады, дүниетанымын қалыптастырудың негізгісі болып табылады.
Л. С. Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуіне басқаадамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеу деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін таразылай білуге үйретеді.
В. А. Ковалев, А. И. Кочетов, С. Е. Рувинский өз бетімен жұмысты өзін-өзі тәрбиелеумен байланыстырады.
А. К. Маркова, М. И. Низамов және басқалар өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырады.
В. Б. Бондаревский, Н. Д. Хмель өзіндік жұмыстың мақсаты арқылы сипаттайды.
Н. В. Кузьмина, А. Г. Ковалев және басқалар өзіндік жұмыс оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі деп қарастырады.
В. П. Беспалько «өзіндік жұмыс» ұғымын адамның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауды айтады [72] .
Г. П. Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс -алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы, оқытушының қатысуымен орындалатын танымдық әрекет [73] .
П. И. Пидкасистый өзіндік жұмысты оқушының танымдық ізденімпаздығын арттыратын құрал ретінде қарастырып мынадай анықтама берген: «өзіндік жұмыс- бұл оқытуды ұйымдастырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алға қойылған мақсатқа сәйкес белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы» [38] .
В. П. Бондаревскийдің пікірінше өзіндік жұмыс -болашақ маманның шығармашылық өзіндік ойлауын, ғылыми қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтасыз ететін жоғары оқуы орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіреді [73] .
Н. Д. Никондров өзіндік жұмысты оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, бірақ тапсырманы өз бетімен орындауын айтады.
Б. П. Есипов: «Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой - өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсаттарына жетуге ұмтылады», -дей келе, оқушының өзіндік жұмысы мұғалімнің мынадай педагогикалық міндеттерді шешуіне көмектеседі деді:
а) окушылардың білімді игеруі мен түсінігін кеңейтуде;
ә) оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына (соның ішінде түрлі білім көздері аркылы өз бетімен білімді игеріп, оны терең ұғыну) ;
б) алған білімін өмірде, коғамға пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білуде:
в) олардың танымдық ізденімпаздығын дамытуда (бақылау, логикалық ойлау, шығармашылық белсенділік және т. б. ) ;
г) акыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуда окушының өзіндік жұмысы арқылы белгіленген мақсатқа жету;
ғ) алдағы уақытта да оқушының өз бетімен нәтижелі жұмыс істеугс үйретуде [21] .
Н. Ф. Талызина, В. Ф. Шорохова және басқалар психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, өзіндік жұмыстың ішкі мағынасын айқындады. Олардың көзқарастары бойынша өзіндік жұмыс шәкірттердің ойлану қабілеттерін дамытып, белсенділігін және танымдық бағдарларды өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып білімдерін тереңдету жолдарын қарастырады [22] .
Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков және басқалар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі-олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
- оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауы [45] .
Мысалы, кейбір авторлар өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А. К. Маркова, М. И. Низамов т. б. ), үшіншілері - өзіндік жұмыстың мақсаты арқылы сипаттайды (В. Б. Бондаревский, Н. Д. Хмель) . Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытудың әдіс-тәсілі ретінде немесе оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде, немесе оқушылардың өздігінен білім алуға дайындығының негізі ретінде сипатталады. Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, диалектикалық сипатын көрсетеді. Авторлар оқушылардың өзіндік жұмысы ерекшелігін ашуға, оның ішкі және сыртқы қырларын анықтауға тырысқан [47, 52] .
Өз бетінше жұмыс - оқушының алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік жасайтын жеке қасиеттердің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар ол болашақ мамандығын таңдауына, өзара қатынасын сипаттайтын жеке тұлғаның қоғамдық көрінісі.
Өзіндік жұмыс тақырыбында жазылған еңбектерге шолу жасай отырып, оның негізгі мағынасы әртүрлі бағытта талқыланатынын байқадық. Бір зерттеушілер өзіндік жұмысты оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруы және басқаруының белгілі бір педагогикалық тәсілі ретінде қарастырады (П. И. Пидкасистый, С. И. Архангельский, М. Г. Гарунов.
В. К. Буряктың көзқарасы бойынша өзіндік жұмыс оқушылардың ойлану қабілетін дамытып, олардың белсенділігін және танымдық бағдарларды өз бетімен жүмыс істеуін қалыптастырып, білімдерін терендету жолдарын қарастырады. Өзіндік жұмыстың мағынасын сипаттауда ол оқушылардың ішкі ойлану үрдісінің ерекшеліктерін ескеру керек екендігін ұсынады. Сондықтан өзіндік жұмыстың тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге апаратын, оқушылардың талдаулық - толықтырулық үрдіс түрінде ойлану мүмкіндігін туғызады. Өзін-өзі тексеру барысында оқушылар осы үрдісті қайтадан қарастырады.
Тәжірибеде білім алушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, білім алушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық немесе басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерді, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы, жаттығу жұмыстарын жазба түрінде орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабороториялық бақылау жұмыстарын өткізуі шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т. б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Өзіндік жұмыстың мақсатына, орындалуына байланысты типтерін бөліп қарастыруға болады:
- репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыс;
- шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстар
Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.
Өзіндік жұмыстар білім алушының ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Эстониялық ғалым - педагог О. А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай ұстанымдарға қарай топтастырады:
1. Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz