Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері . . . 7

1. 2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні . . . 17

2 Мектеп жасына дейінгі балаларға оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі

2. 1 «Денсаулық» білім беру саласындағы дене шынықтыру сабағының жайы . . . 27

2. 2 Ертеңгіліктерде дене тәрбиесі арқылы ұлттық ойындарды пайдалану . . . 44

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Ел Президентінің «Қазақстан-2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқаты» тармағында « . . . азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болу үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет [1] .

Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктері зор, өйткені онда халқымыздың бірнеше мыңдаған жылдардағы жинақталған тәлімі жатыр. Халықтың тәрбиелік тәжірибесіндегі әрбір жеке тұлғаларды қалыптастыру үдерісін зерттеп, құнды жақтарын балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қолдану қажет.

Халық ойындары білім беру құралдарының бірі ретінде жас ұрпақты жан-жақты еңбек іс-әрекеттеріне тартып тәрбиелеуде, педагогика ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқандығын білеміз. Себебі, жеке тұлғаны тәрбиелеу жүйесінде қазақ халқы өзінің тарихи даму барысында балалар ойындарына мағыналық мән берген:

Біріншіден, балабақшада жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына халық ойындарын шығармашылықпен енгізу, балалардың дене шынықтыру мен мен бос уақытында жүйелі қатысуларына қолайлы жағдайлар жасайды.

Екіншіден, дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен байланысса, оған қоса дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесі де бір-бірімен ұштасып қосарланып жатады. Былайша айтқанда, бала дене тәрбиесі негізінде дене күші мығым, адамгершілік қасиеті, еңбектену әдет-дағдылары дамыған тұлға болып тәрбиеленеді.

Өткен сақ заманынан бастап болашақ ұрпақ тәрбиелеу жайлы ой-пікірлер мен идеялар ғасырдан-ғасыр асып, өз жалғасын тауып, педагог-ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде сабақтастығын тауып жатыр.

Мәселен, ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, М. Х. Дулати, Өтейбойдақ Албани т. б. жас ұрпақтардың денелерін шынықтыру жайлы құнды-құнды пікірлер айтқан. Әл-Фараби болса «дене тәрбиесі» ұғымының орнына «дене саламаттылығы» десе, Ж. Баласағұн жан-жақты үйлесімді қалыптасқан тұлғаны «толық пішімді» адам деп сипаттаған [2] .

Қазақтың ұлы ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев жастардың өз бітім-пішіндерін, ағзаларын баптап, күтіп, шынықтырып отырса, дене күштері қасиеттерін жетілдіріп, еңбекке дайындауға, адал тіршілігімен өз отбасын сақтап, балаларын ақыл-ойлы, шаруашыл, еңбекқор адамдар болып тәрбиеленуіне себепші болатындығын өз шығармаларында жетік зерделеген [3] .

Халқымыздың зиялы ардагер ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, М. Әуезов т. б. жас ұрпақ тәрбиесін жас кезінен бастап, жасөспірімдердің дене күші мен рухани дүниесін бірлікте дамытып, жетілдіруге көңілдерін аударған [4] .

Дене тәрбиесі теориясы мен методикасының бірнеше бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесін басқа тәрбие салаларымен бірлестікте ұйымдастыру және оның мазмұнын кеңейтуде ұлттық ойындардың алатын орны, дене тәрбиесіне ұлттық қимыл-қозғалысты ойындарын қолдану мүмкіндіктерін (М. Танекеев, Ж. Төлегенов, Е. Сағындықов, Т. Бекбатчаев, М. Сапарбаев, Т. Қуанышев т. б. ) ашуға талпынған [5, 6, 7] .

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үрдісі ойын түрінде ойынның бала өміріндегі алатын орны ерекше.

Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев бала ойыны туралы: «Бала қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Ойын баланың өз ісі. Егер баланың ойнына қатысқың келсе, өзің бала болып қатыс, - деп ескертеді [8] .

Бұдан шығатын қорытынды бала ойынмен өседі. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін баланың нені қалайтынын біліп, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету қажет.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ұлттық ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады [9] .

Алайда, жоғарыда аталған зерттеушілер қазақтың ұлттық ойындарын мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың жаңа жүйесін құрудың мәселесін қарастырмаған. Сондықтан да, нарық экономикасы жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларға «Денсаулық» білім беру саласында ұлттық ойындарды пайдалану ерекшеліктерін қамтамасыз ету, дене күштерінің мығым, адамгершілік қасиеттерінің жоғары, еңбекке бейім қабілеттерін дамытуды теориялық, ғылыми-әдістемелік жағынан шешу қажеттілігі мен дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды өз дәрежесінде қолданбау аралығында қарама-қайшылықтың бар екендігі баршамызға аян.

Олай болса, айқындалған қарама-қайшылықты ғылыми-педагогикалық тұрғыдан шешу, дене тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың дене ағзаларын дұрыс жетілдіріп шынықтыру, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастырудың мүмкіндіктерін, мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін қарастыру, біздің зерттеу жұмыстарымыздың көкейкестілігін анықтайды.

Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың денесін шынықтыруға тәрбиелеудің жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі процесінде ұлттық ойындарды пайдалану» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалануды теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны - мектепалды даярлық топ балаларының оқу және тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, балабақша тәрбиешісі оқу-тәрбие барысында дене шынықтыру сабақтарында, бос уақытта балаларға ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық және практикалық білімдерді меңгертіп, мектеп жасына дейінгі балаға ұлттық ойындар арқылы тәрбие берудің формалары мен әдістерімен қаруланса, онда дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану тиімді болар еді.

Зерттеу міндеттері:

1) Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, шолу жасау, теориялық-әдістемелік талдау;

2) Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағында ұлттық ойын түрлерінің көрсеткіштерін, олардың білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы және дамуы арқылы көрсету.

Зерттеудің жетекші идеясы: мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың ұлттық ойындарды пайдалануды қалыптастырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері жеке тұлғаның даму теориясы, адамның дене жетілуіне ақыл-ойы мен танымның, іс-әрекеттің үйлесімдік теориясы және ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жүйелі тұтастық амалы.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдардың ресми құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат педагогикалық тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, біліс стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат деректерді зерделеу, талдау, жинақтау, қорыту және жүйелеу; балабақша тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу материалдарын мектеп жасына дейінгі балаларға пайдалануға болады.

Зерттеу базасы - «Балбөбек» балабақшасы

Диплом құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетіліп, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы баяндалған, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталған.

Бірінші кезеңде зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды.

Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижесі талданды.

1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының ішіндегі ерекше орын алатын салаларының бірі - қазақтың ұлттық ойындары болып саналады.

Жалпы ұлт ойындарының шығуы мен қалыптасу тарихына көз жіберсек, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты, яғни көшпелі тұрмысқа лайықтанып, арнайы материалдарды, әзірліктерді қажетсінбейтін, ұлтымыздың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген құрал - ұлттық ойындар.

Сақ отбасы тәрбиесінің басты мақсаты - балаларды әр жақты қимыл-қозғалысты қажет ететін ойындармен айналыстыру және денені табиғаттың табиғи күшімен шынықтыру. Сақтар балаларын күнделікті шынықтыруда: жүгіру, ұзындыққа, биікке және кедергілерден секіру, қылыштасу, садақ ату т. б. сияқты жаттығу формаларымен шұғылданған.

Геродоттың дәлелдеуінше сақтар садақ тартудан алдарына жан салмаған, гректер өз балаларын садақ атуға үйретуге сақ ұстаздарын шақыртқан. Мәселен, ағылшын ғалымы Э. Маккей Алтай бауырында алғашқы қауымдық құрылыс кезінде «Бес тас», «Асық», «Қарагие», «Садақ ату» ұлттық ойындары болып, осыдан 5000 жылдар бұрын ойналғандығы туралы айтады. Осы сарында ХІІІ-ХУІІІ ғасырлардың Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшылары (Плано Карпини, Марко Поло, Герберштейн, А. Вамберн, Р. Картуцка, П. С. Палас, А. Гумбольд, С. А. Якушкевич, т. б. ) өз еңбектерінде ұлттық ойындардың түркі халықтарының тұрмыс-салтында ұшырасады [10] .

Жазба деректерін бағдарласақ, сақтардың дене тәрбиесі жүйесі ертедегі Грециядағы Спартак дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас. М. Тәнекеевтің дәлелдеуінше «Дене күшін» арттыру мәселесімен айналысу сақ елінде жаңа заманның бірінші мың жылдығында бастау алса, ал Спарта қаласында жаңа заманның ІХ ғасырында пайда болған [11] .

Қазақстан жерінде мекендеген тайпалардың ұлттық ойындар мазмұнын құрып ұйымдастыру әдістемелері жайлы алғашқы пікірлерін келтірген Орта Азия мен Ұлы дала ғұламалары демекпіз.

Солардың бірі - Әл-Фараби баланың денесін жетілдіру ойын арқылы және соның негізінде мінез-құлқын қалыптастырумен байланыстырады. Әрбір баланың тәрбиесінде үш қасиет: дене күші, рухани және ақыл-ой бірлікте болғанда ғана, жан-жақты үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады деп санаған [12-76б] .

Әл-Фараби «Әлеуметтік - этикалық трактатында»: «Адам, ең алдымен, өз бойындағы бар абзал қасиетті тани білуі, соларға ие болуы және соны дамытуы керек» деді. Денені жетілдіруді Әл-Фараби мінез-құлықты жетілдірумен байланыстырады. Денені жетілдіру - денсаулыққа тіреледі. Егер, денің сау болса, оны сақта және нығайтуға жағдай жаса, денсаулығың жоқ болса, оны табуға көмектесу керектігін көрсетті [12] .

Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында адамды бақытты қылатын үш жағдайға көңіл аударды:

1. Адам өзінің дене мүшелерін пайдалануға керекті әрекеттер: отыру, тұру, жүгіру, көру, есту, т. б.

2. Жан қасиеттер: құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқу, жабырқау, қызығу, т. б.

3. Ақыл - парасат. Әл-Фараби бұл жерде бала тәрбиесінде осы қасиеттердің бір адам бойынан табылуын көздеп отыр.

Жеке тұлғаны педагогикалық әдебиеттерде біз жеке адам деп келдік, ал Әл-Фараби өз еңбегінде «Тұлға» деп атаған. Әл-Фарабише, тұлғаның дамуы «Дене саламаттылығы» арқылы жүзеге асырылады, яғни, дене тәрбиесі арқылы адам жан-жақты жетіледі [12-163б. ] .

Ал, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дидактикалық дастанында халықтың мінез-құлқын, салт-санасын, әдет-ғұрпын талдай келіп, бала тәрбиесінің (өмірге келгеннен өмірден өткенге дейінгі) жүйесін қарастырған. Бала тәрбиесіне қатысты жеке тұлғаны Баласағұн толық адам деп алды. Баласағұн толық адам болу үшін бойдағы қасиетті көрсетіп қоймай, оған жету үшін тәрбие жолын да нұсқаған [13] .

Ұлы ағартушы Абай болашақ қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезді, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне назарын аударған [3-134б] .

Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы, этнограф Э. Диваев, сол кездегі әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп, әр топтағы балалардың дене күшін, жылдамдығын, ептілігін, тапқырлығын, ұйымшылдығын арттырып денсаулықтарының мықты болуына ұйытқы болатындығын жазған [14] .

Сол кездегі жергілікті маман-педагогтар Е. Букин, С. Жантурин, Қ. Қостанаев, Ө. Әліжанов, Г. Балғынбаев, т. б. баспа беттерінде жастарға дене және ақыл-ой тәрбиелерін берудегі ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен ойындары жайлы сан-салалы ерекшеліктерін ашып береді [15] .

Сонымен қатар, еліміздің белгілі ағартушы-қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, т. б. қазақ халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрлерін, бала тәрбиесіне байланысты оқу-тәрбие үдерістеріне ендірудің қажеттілігі жайында ой-пікірлер қосқан [3, 9] .

Мысалы, Ш. Құдайбердиев поэзиясында «Жан мен дене һәм көңіл» атты өлеңінде дене тәрбиесі еңбек, әр түрлі ұлттық ойындар, қимыл-қозғалыстар арқылы іс-жүзіне асырылса, жан тәрбиесі үлкендердің ақыл-кеңесінен, ертегімен, мақал-мәтелдер негізінде мінез-құлыққа сіңетіндігін айтқан. Ал, А. Байтұрсынов өркениетті халықтар қатарына қосылуда жасөспірімдерді оқыту жұмысын жолға қою мәселесін көтере «Тәні сұлудың, жаны сұлу» деген еңбегінде тән сұлулығын, білім, тіл, ақыл-ой тәрбиелерін бірлікте ұйымдастырып, алға қойған мақсатқа жетуге болатындығына назар аударған [16] . Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И. Бецкой, Н. И. Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған [17] .

Орыстың революцияшыл демократтары А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерін талдау жасау үшін үлкен мәні болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі екенін анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысын көрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Мұның өзінде олар маңызды рольді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының, тамақтанудың нормаландырылуынан көрінетін режимді бере отырып, мұны сергек, рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті дұрыс негіз деп санады.

Ресейде дене тәрбиесінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан П. Ф. Лесгафт спорт ойындарында ойлау, санадағы туған қимыл-әрекеттерді дене мүшелеріне орындата білу, аз күш-қуат жұмсап, көптеген жетістіктерге жету, сонда ғана саналы, ойлы, ақылы күшіне сай азамат тәрбиелеуге болатындығын жете дәлелдеген [18] .

Атақты физиологтар Сеченов И. М., Павлов И. П., Введенский Н. Е. шығармаларында адам бұлшық еттерінің арқасында саналы түрде, ақылмен алдын-ала дене мүмкіндіктерін болжай, алдына қойған мақсатына қарай, қандай да бір дене еңбектері болмасын өз ағзасын жетілдіріп, денсаулығын сақтайтындығына көңілдерін аударған [19] .

Мәселен, И. П. Павлов дене тәрбиесі үдерістерінде адамның барлық іс-әрекеттері жоғары жүйке қызметтеріне тәуелділігін айтады. Ми қыртысынан түскен «бұйрық» дене мүшелеріне беріліп, әр түрлі қозғалысқа түскен бұлшықет керісінше миға бағытталып, жүйке талшықтары арқылы орындалған жұмыстың «нәтижесін» жіберіп, хабарлап отыратындығын жан-жақты дәлелдеген [19-95б] .

Дене тәрбиесі тарихи жағдайлардың өнімі болғандықтан, «Ұлттық дене мәдениеті» сөз ұғымын қолдану толық заңға сыйымды болып табылады. М. Тәнікеев белгілі бір халықтың дене тәрбиесінің мазмұны мен ішкі құрылымын, формасын тек осы тұрғыдан терең зерттеу мүмкін екенін әділ бағалаған. Аталған жұмыс біздің зерттеу үшін үлкен қызығу туғызды, өйткені, онда Қазақстан Республикасының аймағында бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамытудың тарихи жолдары анықталған [20] .

Біртіндеп өскелең ұрпақтың дене дамуы қалыптасуының екі бағыты айқындалды: тікелей қызмет және ойындық қызмет. Сонымен бірге адамның рухани қажеттілігінің қарқынды көрінуіне қызмет ете бастайды. Ойындық шығармашылық дене мәдениетінің дамуына елеулі әсер етеді. Арнайы ойындық сүйектерді пайдалану, үстел ойындарының дүниеге келуі (тоғызқұмалақ), жүннен доп жасау, жылқыларды үйрету арқылы ат спорты ойындарының пайда болуы, т. б. дене мәдениетінің қалыптасуына жол ашты. Ал күрес, найза лақтыру, садақтан жебе ату - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының дене мәдениетінің дәстүрлі үлгілері.

Өкінішке орай, кеңестік кезеңде республикада ұлттық спорт түрлеріне қажетті деңгейде назар аударылған жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның дәстүрлерінің қайта жаңарып даму кезеңінде жастарға өз халқының төл дене мәдениетін біліп, оны жақсы көруіне мүмкіндік туды. Бірақ, қазақстандықтарға тән еуроазиялық рух бұрынғыша қозғаушы күш болып табылады, яғни, дене мәдениеті мен спортқа халықаралық чемпионаттарда, спартакиадаларда және олимпиада ойындарында еліміздің абыройын қорғап, жаңа биік жетістіктерге жетулеріне жәрдемдеседі. Биік жетістіктерге жету үшін сөрелік бастау алаңы балабақша, дене шынықтыру сабағы, яғни оларда оқытып үйрету және тәрбиелеу аспектілері үзіліссіз үндеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Дене тәрбиесі арқылы қабылдауды дамыту
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойындарды ана тілі сабағында пайдаланудың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік материалдарына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz