Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу (еңбек дағдысы)


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері . . . 7
1. 2 Қазақ халқының еңбек дәстүрінің тәрбиелік мәні . . . 16
2 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде еңбек дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру жайы . . . 28
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда еңбек дағдыларын қалыптастыру . . . 42
Қорытынды . . . 55
Пайдаланған әдебиеттер . . . 58
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына бағыттап-жүргізу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігін байқатады. Еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек», - деп атап көрсеткен [1] .
Егеменді Қазақ Республикасының өркениетті ел болуға бағытталып, нарықтық қатынасқа көшу кезеңіндегі экономикасының жедел дамуы, оны жоғары еңбек ресурстарымен қамтамасыз етпей, олардың бойында жастарынан дүниетанымдылық, құзырлылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік және азаматтық сияқты құнды қасиеттерді қалыптастырмай және бүгінгі әлеуметтік өзгермелі нарықтық өмір талабына сай еңбек қабілеттерді дамытпай жүзеге асыруы мүмкін емес. Бұл маңызды міндеттерді негізгі іске асырушы факторлар-мектеп және әлеуметтік орта болуға тиіс.
Еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін жасаған, өзекті мәселелерін зерттеген А. С. Макаренко, Е. И. Тихеева, А. П. Усова т. б. еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең қарапайым - түрлеріне баулудың қажеттілігі, еңбектің тәрбие қүралы ретіндегі маңызы жоғары бағаланып талданған. Ойшылдардың тұжырымды ой-пікірлері біздің зерттеуіміздің негізі бола алады, бастауыш мектеп балаларын еңбекке баулу мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде Р. С. Буре, Т. А. Маркова, В. Г. Нечаева және т. б. ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. Олардың оқушыларды еңбекке баулуда ұсынған әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру жолдары туралы таңдаған пікірлері, ой-толғамдары зерттеулерге өзек болады [3] .
Оқушыларда еңбекке жүйелі бағыттаудың негізінде оларда кәсіпке тұрақты қызығушылық пен бейімділік қалыптастырып, соның негізінде өндірістік еңбекке сапалы дайындауға болатын жолдарын анықтаған ғалымдар: К. К. Платонов, Бұл салада Қазақстанда: А. П. Сейтешев. М. Ә. Құдайқұлов, С. В. Батышев, М. Н. Сарыбеков, Ж. А. Караев, Н. Сарыбеков, Г. А. Байдельдинова, Г. Т. Хайруллин, Н. Д. Хмель, Г. К. Нұрғалиева, т. б. айтарлықтай еңбек жасаған зерттеулер бар [4] .
Оқушыларды еңбекке, кәсіпке өндірістік бригадалары мен еңбек бірлестіктері арқылы бағдарлау жұмыстарының әсерлілігін дәлелдеген: В. Ф. Афанасьев, С. И. Гореславский, К. Ш. Ахияров, А. Д. Сазонов, А. П. Калюжный, В. А. Чичков, Е. П. Госсу, П. П. Костенков, т. б. зерттеушілердің есімдерін атау керек [3] .
Біраз еңбектер оқушылардың кейбір өндірістік кәсіптерге коммуникативтік, танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық т. с. с. қабілеттерін дамытуға арналған, олардың нәтижелері оқушыларды кәсіпкерлікке баулуға көмектеседі. Бұған белгілі ғалымдар: Г. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Ф. Тальзина, Г. И. Шукина, В. Ф. Шаталов, И. С. Якиманская, сонымен қоса біздің республикамызда бұл бағытта ат салысқандар: Р. Г. Лемберг, С. Қалиев, Г. К. Нұрғалиева, М. Ә. Құдайқұлов, Т. Г. Сабиров, т. б. көлемді үлес қосты [4-95б. ] .
Балалардың әр түрлі еңбек үрдісінде іскерліктерін дамытып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне көп мән берген жаңашыл ұстаздар мен ғалымдар - И. П. Волков, Е. П. Герасимчук, Г. Кубраков, Петровская, В. Ф. Шаталов, сонымен қатар біздің республикамызда - Г. А. Уманов, Г. Т. Хайруллин, К. Бозжанова, К. М. Жүкібаев, Ж. И. Намазбаева, Е. Сағындықов, т. б. жатады [15] .
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан адамның үйлесімді дамуына еңбек шешуші роль атқарады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбек дағдыларына тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптерімен ұштасып жатыр. Еңбек дағдыларын қалыптастыру тәрбиесінің мақсаты оқушыларды қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;
Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапершілік нығаяды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарытудың негізгі көрсеткішітері: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Балалардың ынтасын, қабілетін дамытуға халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді электрониканы қолданудағы сауаттылық жатады.
Еңбектің тәрбиелік құндылығы баланың шығармашылық ой-өрісінің, ынтасының, қабілетінің дамуына мүмкіндік жасаумен анықталады.
Адамның жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Жеке адам еңбексіз дамымайды, ол біртіндеп кері кетеді, азаяды.
Еңбек арқылы адамның дене, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі. Қоғамдық еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек үрдісін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Алайда, жоғарыда аталған зерттеушілер бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастырудың жүйесін құрудың мәселесін қарастырмаған. Сондықтан да, нарық экономикасы жағдайында бастауыш мектепте еңбек дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін қамтамасыз ету, еңбек дағдылары мен іскерліктері жоғары, еңбекке бейім қабілеттерін дамытуды теориялық, ғылыми-әдістемелік жағынан шешу қажеттілігі мен еңбек дағдыларын өз дәрежесінде қолданбау аралығында қарама-қайшылықтың бар екендігі баршамызға аян.
Олай болса, айқындалған қарама-қайшылықты ғылыми-педагогикалық тұрғыдан шешу, еңбек дағдылары негізінде бастауыш сынып оқушыларының пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен талаптанып орындау мүмкіндіктерін, мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін қарастыру, біздің зерттеу жұмыстарымыздың көкейкестілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру жолдары» деп таңдап алуымызға жоғарыда аталған мәселелер себепші болды.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде еңбек дағдыларын қалыптастыру, оның ерекшеліктерінің теориялық және практикалық негіздемесін анықтау.
Зерттеу нысаны - Бастауыш сынып оқушыларын оқу-тәрбие үрдісінде еңбекке баулу үрдісі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу болжамы - егер бастауыш сынып мұғалімдері оқу-тәрбие барысында еңбек дағдыларын қалыптастыруды сабақтарда, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда теориялық және практикалық білімдерді меңгертсе, бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын оқу-тәрбие берудің формалары мен әдістерінде пайдалану тиімді болар еді.
Зерттеу базасы - № 48 орта мектебі
Зерттеу міндеттері:
Бастауыш мектепте еңбек дағдыларын қалыптастырудың тарихына педагогикалық талдау;
Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру жолдары және оған мұғалімдердің оқу-тәрбие ісіндегі ой-пікірін анықтау;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: педагогика жөніндегі ғылымдар негіздеген теориялар мен халық педагогикасы дәстүрлерінің жетістіктері, жеке тұлғаның даму теориясы, іс-әрекет теориясы, қазақ халқының мәдени, материалдық және рухани құндылықтарын дамыту және пайдалану жөніндегі идеялар мен тұжырымдар, зерттеу проблемасына байланысты тарихи-педагогикалық еңбектер.
Зерттеудің практикалық мәні: зерттеу материалдарын жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сыныптарында пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері қарастырылатын мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерді талдау, дене тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісіне қолдану, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жинақтау, арнайы сауалнамалар, сұхбат, тәжірибелік-эксперимент жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу материалдарын жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сыныптарында пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері :
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық және еңбек мәдениеті тарихы мен әдістемесін қамтитын әдебиеттерге ғылыми талдау, зерттеудің ғылыми аппараты белгіленіп, еңбек сабағында дағдыларды қалыптастыру туралы материалдар жиналды.
Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының арасында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің нәтижесінде жинақталған материалдар қорытындыланды.
Үшініші кезеңде жинақталған материалдар талданды, алынған нәтижелер мен қорытындылар бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне ендіріледі.
1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының 7-бабында «Еңбек -міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға - қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті» және «өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар» делінген. Олай болса, баланың қарапайым еңбектегі міндеттері мен құқығын, еңбек ережесін біліп өсуі еңбекке баулу мазмұнына тікелей байланысты. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезенде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек», деп атап көрсеткен [1] .
Елбасының бұл бағытынан мектептен бастап, бала бойыңда жаңа өндірістік және нарықтық экономикалық қатынастарды игеруге әзірлік, бәсекелестік пен кәсіптік икемділік, өзгерген жағдайларға тез бейімделе алатын, шығармашылық қабілеттілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің алғышарттары көрініс табуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беруді ақпараттандыру» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл аса зор міндеттерді орындау барлық білім беру саласында жұмыс атқарып жатқан мамандарға жүктеледі [2] .
Демек, оқу-тәрбие жұмыстарында оқыту тәсілдерінің ең тиімдісін қолдана отырып, қазіргі таңдағы нарықтық қатынасқа байланысты мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу міндеттері көзделеді. Осы міндеттерді шешу үшін бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен тәрбие негіздерін қалыптастырудың мазмұнын жаңарту, білім саласын жоғарғы дәрежеге көтеру бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Еңбек - адамгершiлiк тәрбие берудiң қайнар бұлағы. Еңбек - өмiр кiлтi, адамның бақыты. Еңбек ету тек күн көрiс құралы болудан қалып, нағыз творчествоға, қуаныштың қайнар көзiне айналуға тиiс. Мектеп оқушыларды еңбектiң негiзгi түрлерiмен таныстыра отырып оларды қоғам пайдасы үшiн еңбек ете бiлуге тәрбиелейдi.
Еңбек пен адам бірінен-бірі бөлінбейді. Еңбек аламды хайуанаттар әлемінен жоғары дәрежеге көтеріп, оның дене және рухани дамуына мүмкіндік туғызды. Жас буынды қалыптастыруда еңбекке тәрбиелеудің орасан зор ролін педагогикада әрқашан атап көрсеткен еді. К. Д. Ушинский былай деп жазды «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір еңбегіне даярлап тәрбиелеу тиіс».
Еңбек әрекеті әрбір адамнан белгілі бір тапсырманы орындауды іске мақсат көздей, ойланып кірісуді мақсат етеді. Сондықтан да еңбек адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып табылалы. Балаларға әсіресе еңбек дағдысы әсер етеді, оларға заттар мен материалдардың жаңа қасиеттерін біртіндеп аша отырып, олардың нақтылы дүние туралы түсініктерін байыта түседі.
Еңбек адам игілігінің қайнар көзі екенін, әрбір адам еңбек етуге, еңбек сүюге тиіс екенін алуан түрлі жолдармен көрсету қажет. Балалардың еңбек ету іскерлігі және дағдысы болғанда еңбектің қандайы болса да қолдарынан келеді. Сондықтан еңбек етуге тәрбиелеу міндеті - осындай іскерлік пен дағдыны бекіту. Еңбекке машықтау, еңбекте шынығу сияқты сапалардың маңызы зор. Біздің қоғамымызда еңбек әрқайсымыздың терең білімді және оны ұйымдастырудың жоғарғы мәдениетін талап етеді.
Енді біреулері сабақты оқушылардың барлығына бірдей көмек беруге бейім тұратындықтан, олар өздігінен жұмысты бастамай, тек мұғалімнің көмегін күтіп отыралы, сөйтіп оның әдетке айналуы мүмкін. Еңбекке баулу өз мүддесі және болашақ қоғам үшін еңбектене білетін, ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, дамыған адам даярлау мақсатына бағытталалы, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну киын емес.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүргізу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде, біздің елімізде еңбек тек ересек аламдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткен мәселесі туындайды. Ежелден-ақ қазақ халқы балаларды еңбекке баулуды күн көріп, өмір сурудің басты шарты ретінде қарағаны белгілі. Кейінгі кездерде бұл мәселе зерттеліп, жүйеленіп, аса маңызды тұстары оқу-тәрбие үрдісінде орын алуда. Бұл ретте қазақ халқының тәлім-тәрбие тәжірибесі туралы ғылыми зерттеулерде (М. Балтабаев, К. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, Қ. Сейсембаев, С. Ұзақбаева т. б. айтуға болады [6] .
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында баланы еңбекке баулу жүйелі білім берудің, тәрбиелеудің, дамытудың, дағдыландырудың негізгі бір бөлігі болып табылады. Еңбек пәнін оқытуда еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушының жеке басының қасиеттерін дамытып, тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру көп міндеттерді есте ұстауды талап етеді. Атап айтсақ, оқушылардың ақыл, ой-өрісін дамытып, ізгілекке, имандылыққа баулу, эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру және еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы еңбекке қызығуын ояту, мінез-құлқын тәрбиелеу. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылардың әр түрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен үлгілеудегі тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, техникалық ойлау қабілетін дамыту, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге және шығармашылыққа баулу, табиғи материалдармен жұмыс жасауға, оны үнемдеуге үйрету.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру үрдісінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Творчестволық еңбек үрдісінде жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты таласқа түседі. Дұрыс жолға қойылған еңбек дағдыларына тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайданы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптастырудың шығармашылық дамытудың таптырмас құралы.
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау; оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын, қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларын осы мiндеттерге сай тәрбиелеудің мақсаты:
- еңбекке деген сүйiспеншiлiк пен еңбек адамдарына деген құрметтi дарыту;
- оқушыларды қазiргi өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық өндiрiсiнiң, құрылысының, қызмет көрсету саласының негiздерiмен таныстыру, олардың бойында оқу мен қоғамдық пайдалы жұмыс барысында еңбек дағдылары мен шеберлiктерiн қалыптастыру;
- саналы түрде кәсiптiк даярлық алуға ұмтылу, - деп келтiрiлген мектеп ережелерiнде.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау бұл үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен талаптанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі үрдіс. Мұнда оқушылардың мінезі, әдеті, сезімі, іскерлігі қалыптасады, ішкі сезімнің әмірімен өзінің борышын орындауы жүзеге асады. Мысалы: балалар адамдардың табысты еңбегіне немесе адал еңбеккерлердің есебінен өмір сүргісі келген адамдарды жаны сүймейді, өсек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл үрдіс екі фактордың ынтасымен жүзеге асады:
Объективтік фактор - қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, адамгершілік нормаларын бекітеді.
Субъективті фактор - адамның, еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің әмірімен өзінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әрекеттену - бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілік тәрбиенің жоғары деңгейі, еңбек үрдісінде құштарлық, еңбек етуге әзірлік.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды бірінші сыныптан, ал жанұяда балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлерін қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігінде сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психикалық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларының қалыптасуының маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеттілігі, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде адамгершілік әдістері, дағдыларын қалыптастырады. Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: Жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты асау жатады. [7] .
Отбасында өзіне-өзі қызмет етуде төсек орнын жинап, киім, аяқ киім, үй тазалау т. б. үйренеді. Қоғамдық пайдалы еңбек-қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның дамуына мүмкіндік жасау. Мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени адамгершілік ұғымы артады. өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншілігіне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады.
Сабақ үрдісіндегі еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік кейін жаппай еңбек іс-әрекеттерінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді. Еңбек сабақтары үрдісінде оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған темір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінді.
Еңбек сабақтарының үрдісін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырдаы. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен түрлерін кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz