Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Шәкәрімнің философиялық ой-толғамдары . . . 9
1. 1 Шәкәрім философиясының түпкі арналары . . . 9
1. 2 Ақындықтан даналыққа . . . 19
2 Шәкәрім шығармашылығының адамгершілік қайнары . . . 35
2. 1 Ар, иманмен ұштасқан шеберлік . . . 35
2. 2 Шәкәрім мұрасының ақын, жыраулар поэзиясы
құндылықтарымен үндестігі . . . 60
Қорытынды69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетіміздің Абайдан кейінгі дәуірін аса құдіретті ақындық үнімен, дариядай дархан талантымен түрлендіре өрнектеген, тың тынысты көркем-әдеби ойдың қазынасы болған ойшыл ақын, кемеңгер суреткер Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы осындай қайнарлардан сусындаған, халықтың рухани ғұмырнамасындағы жауһар қазыналардың асыл қасиеттеріне суарылған, көркемдік-эстетикалық ой дәрежесі биік, талантына тұғыр болған дәстүрлік арналары бай мұраларымыздың бірінен саналады.
Шәкәрім өздігінен ақын, ойшыл, қаламгер болып туа қалған жоқ. Оның алдында сонау халықтық ауыз әдебиеті үлгілерінен бері қарай көш түзейтін ұлттық әдебиеттің терең шежіресіндегі қатпар-қатпар әдеби-көркем дәстүрлерге бай белес-белес кезеңдер тұрды. Шәкәрімнің негізгі нәр алған бастаулары да, ұлағатты ұстаздары да осы дәстүрлер болды.
Кезінде М. Әуезовтің: «…дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен, салалы түп-төркіні барын байқаймыз», - деп [1, 208], Абайдың қазақтың ауыз әдебиетінен, Шығыс елдерінің классикалық поэзиясынан және Европа мәдениетінен үлгі ала отырып қалыптасқанын айтса, Шәкәрімнің нәр алған негіздері де осы тәріздес. Бір айырмашылығы Шәкәрімнің алдында осынау бай дәстүрлі мұралардың сыртында өзінен бұрынғы қазыналардың алтын қорытпасы секілді Абайдың ұлы ақындық дәстүрі тұрды.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген.
«Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың», - деген Абай қағидасын Шәкәрім бүкіл өмір бойы берік ұстап өткен адам.
Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім-ғылымның қадір-қасиетін терең түсінуге ден қояды. Оның білім қуып, өлең өрнектеп, рухани есеюіне, сауатты да сергек өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы қатты әсер еткен. Шәкәрім Абай қамқорына сай саналы, талантты ақын болып қалыптасты.
Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да, көп жазғаны да Шәкәрім. Ол - әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол - композитор және музыкант, философ, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол - терең ойшыл әрі бармағынан мөр тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.
Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары - шежіренаме «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» трактаттары, «Бәйшешек бақшасы», «Шын бақтың айнасы» әңгімелер топтамасы, «Әділ-Мария» романы, «Мәңгі сөздер» афористік топтамасы қазақ проза даму тарихында өзіндік орын алады. Шәкәрімнің прозасы ешкімге ұқсамайтын айрықша қасиетке бай. Мәселен, тұңғыш қазақ романының авторы М. Дулатов әлеуметтік прозаның бастауында тұрса, ойшыл Шәкәрім прозалық шығармалары философиялық-психологиялық арнаның бастауы.
Шәкәрім өзінің алдындағы дәстүрлі үлгілерді үйренумен ғана шектелген жоқ. Өзі тапқан қазынаны, әрбір құбылысты өзінің ақындық жүрегінің тезінен өткізуді, оның үздігін алып, әсіреқызылынан аулақ болды. Солардың негізінде шабытын шыңдады. Жүрегін тебіренткен ойлары мен асыл ақықтай жырларын ұлттық көркемсөз өнерінің терең де қасиетті шыңырауынан суара отырып, оларға өз талантының кестелі бояуын дарытты. Абайдың Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің даму процесі, міне, осынау асыл маржандарды, халықтық сөз өнерінің кәусар қайнарларын бір арнаға тоғыстырған, жаңа заманның тезінде қайта шыңдап, өзгеше келбет-көрікпен әрлеген, сондай-ақ, аса жауапты тарихи кезеңнің темірдей ауыр міндеттерін арқалаған, сол арқылы тақырып қоржынын молайта түскен, жанарын алысқа тіккен қуат-құдіреті толысу үстіндегі елеулі рухани құбылыс болды. Заман жүгін алға сүйреген Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Сұлтанмахмұт сынды саңлақ суреткерлер қатарында ойшыл ақын, кемел қаламгер Шәкәрім де шыншыл ойларымен шыңдады. Сөйтіп он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырдың бастапқы кезеңінде қалам тербеген ойшыл суреткер қазақ жырының айдынды аспанында ешбір талант иесіне ұқсамайтын өзіндік өрнегі бар, өз бояуымен нұрланып, жаңа тынысты өршіл ойларын көркем кестелермен қайталанбастай етіп көмкерген ғажайып Шәкәрім әлемін дүниеге әкелді.
Ұлттық әдебиеттің көне бастауларынан нәр алып, өзінің ұзақ та ұлағатты шығармашылық жолында шеберлікnің мәртебелі асқарына көтерілген, өзінің тамаша өрнектерімен өзгеше қалып танытатын өлеңдері, сыршыл философиялы дастандары, мәйекті сырлы әңгімелері, тағылымы дара тәржіма дүниелері арқылы көркемдік-эстетикалық құдірет-қуаты мен шынайы табиғаты сонда ғана әділетті бағасын алмақ.
Зерттеудің нысаны. Бүгінде біз өзіміздің дипломдық жұмысымызға арқау етіп отырған Шәкәрім шығармаларының адамгершілік, ізгілік, парасаттылық қырлары осы ғажайып әлемнің басқа дүниелердің бөлінбес бір бөлігі десек, бұл мәселе Шәкәрім шығармашылығын тұтас алып қарастырғанда ғана толық ашылмақ.
Зерттеудің мақсаты. Ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығындағы адамгершілк қайнарының сонау халық ауыз әдебиетімен үндесе, жыраулар поэзиясымен жанаса жатқанын, ақынның сөз қолданысындағы өзіндік ерекшеліктер, соны жаңалықтарды іздестіру арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері. Адамгершілік ізгіліктің көне дәуірден Шәкәрім шығармашылығында дәстүрлі жалғастық тапқандығын таныту;
- Шәкәрімнің ғажайып көркемдік-эстетикалық ой қазынасының, әсем поэзия асылы мен алтынын айырып айту, жеріне жеткізе зерделеу;
- Шәкәрімнің сан қырлы сипаттағы шығармашылығына сәулесін түсіріп, қасиетін дарытқан тамаша үлгілерді айқындау, қаламгер мұрасының дәстүрлік арналарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының дереккөздері . Жұмыстың дереккөзі теориялық-әдіснамалық негіздеріне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің: А. Байтұрсынов [2], М. Әуезов [3], З. Ахметов [4], З. Қабдолов [5], С. Қирабаев [6], Р. Нұрғали [7], Қ. Мұхаметханов [8], М. Мағауин [9], З. Бисенғалиев [10], Ө. Әбдиманов [11], Б. Әбдіғазиев [12] т. б. зерттеу еңбектері басшылықққа, негізгі бағдарға алынды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Дипломдық жұмыста дәстүрлі жалқыдан-жалпыға қарай салыстырмалы әдістер мен тәсілдер жүзеге асты.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, өзара тармақталған екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
1 Шәкәрімнің философиялық ой-толғамдары
1. 1 Шәкәрім философиясының түпкі арналары
Шәкәрім прозасының тарихи-философиялық трактат, мақала, әңгіме, эссе, роман мияқты көптеген жанрларында қалам тербеген. Рас, көлемі мен саны жағынан Шәкәрімнің прозалық мұрасын аса деп айтуға келмес, ол көркемдік мәні, ғылыми, тарихи, философиялық құндылығы тұрғысынан олар ұлтымыздың қымбат қазынасы екені даусыз.
Ойшыл қаламгердің көлемі шағын болса да, мазмұны терең «Мәнді сөздер», «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы» [13] атты прозалық миниатюралары Шәкәрімнің Абай үлгісіндегі ойшыл екенін танытады. Бұл тұста ұлы ұстаздың ғибратты ғақлиялары, көркем де пайымды қара сөздері ойға оралады .
Шәкәрімнің «Бәйшешек бақшасы» деп аталатын он бір бөліктен, он бір шағын прозалық миниатюрадан тұратын әңгімелер топтамасының жазылу мерзімі белгісіз. Жалпы алғанда, Шәкәрім өз шығармаларының қашан өмірге келгенін нақтылап көрсетпейді. Әйтсе де әр туындыдағы қаламгер ойының жүйесіне, баяндау стиліне және өзге де шығармаларымен үндестігіне қарап олардың шамамен қай кезеңде жазылғанын тұспалдауға болады. Осы тұрғыдан келгенде, «Бәйшешек бақшасы» деп аталатын әңгімелер топтамасы Шәкәрімнің білімі тоғысқан, әлем әдебиетінің жауһарларынан мол сусындаған кезінде жазылса керек. Өйткені, жоғарыда атап кеткеніміздей, бұл топтамаға енген шығармалардың бірқатарының сюжеттік желілерінің ертеректегі Шығыс әдебиетінен алынғаны байқалады. Бұл кезде Шәкәрім араб, парсы тілдерін жете меңгерудің нәтижесінде Шығыс әдебиетінен жан-жақты хабардар болған.
«Бәйшешек бақшасы» топтамасындағы бір әңгіме адамның жан мақсұты мен тән мақсұты арналыпты. Шәкәрім былай дейді: «Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін - тән мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін - жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды». Жалпы алғандағы, адамдағы жан құмары, тән құмары деп аталатын мәселелер Шәкәрім ашқан жаңалық емес. Абайда да осы ұғым аса терең философиялық астармен беріледі. Бұл ұғымның Шәкәрімнің өзге шығармаларына да өзек болатыны бар. Ойшыл ақынның «Үш анық» атты еңбегінде таратылатын ой желісі де осы «жан құмары» категориясымен тікелей байланысты. Сондай-ақ «жан құмары - істемек, біліп алмақ» [14, 8] - дейді ақын бір өлеңінде. Ал енді осы ұғымның астарына үңілер болсақ, Шәкәрімнің өзіміз сөз етіп отырған әңгімесінде айтылғандай, «жан құмары», «жан мақсұты» дегеннің түпкі мәні «ізденіс, адал еңбек, таза ар» екенін көрер едік. Міне, осы идея, яғни таза адамның образын сомдау, адамгершіліктің, имандылықтың типтік бейнесін жасау Шәкәрімнің прозалық миниатюраларының басты идеясына айналған.
Шәкәрімнің пайымдауынша, әр адам өзінің бойында жоғарыдағыдай екі түрлі мақсұттың бар екенін және олардың айырмасын жақсы біледі. Бірақ өмірдегі әртүрлі әрекеттердің ықпалында кетіп, өз еркін жалаң құмарлыққа жеңгізіп, көрсеқызарлыққа салынғандықтан да «таза адамның» қатарына қосыла алмайды. «Өзін-өзі тексеріп, ол әдетті қалдырып, таза ақылға билету әлденше мыңнан біреудің-ақ қолынан келеді».
Міне, Шәкәрімнің темірқазықтай айқын нысанасы осы. Кімде-кім де таза адам болу үшін таза ақылға мойынсұну керек. Шәкәрімнің бүкіл гуманистік поэзиясының өне бойына өзек болып тартылған да осындай ой болатын.
Осы табиғаттас тақырыптардың бірі - еңбек. Адал еңбек етуді өзінің адамдық борышына балаған Шәкәрім прозалық шығармаларында да осы идеяны әртүрлі контексте, әр алуан ситуациялармен көмкере отырып жеткізеді.
«Бір еңбекші адамды бір бай жалдап алып, қызмет қылғызып жүрспе, әлгі қызметкер қанша тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің», - деп сұрағанда, ол айтыпты: «Дүниенің талай бейнетіне шыдасам да, аяғымдағы байпағым тозып, жалаң аяқ қалып, табаным күйіп қатты кейідім. Бір күні жалданған байым қарағай тілін сатқандардан тақтай алып кел деп жұмсаған соң барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бейшара еңбектеп жоңқа жиып алып жүр екен. Соны көргенде башпағым жоқ деп асып жүр екен ғой» деп, содан бері башпақ табылса да кимей, жалаң аяқ жүруге әбден әдеттеніп, табаным түйе табанындай мүйіз болып кетті, сондықтан маған башпақтың керегі жоқ» [14, 18] депті.
Бұл эпизодтан әртүрлі ойлар түюге болады. Ең алдымен бұл арада адамның әралуан сезімінің нышандары бой көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, мейірім, қанағатшылдық тәрізді моральдық сипаттардың жарқырап көрінетінін байқаймыз. Өзімшілдіктен сақтандыру бар авторда. Солардың барлығын бойына жинақтаған халықтық философия, әлеуметтік иманды психология тұнып тұр әңгімеде. Осыларды баяндай келіп, әңгіме соңында өлеңмен берілген қорытындыда Шәкәрім өз тұжырымын жасайды:
Ойлап тұрсам, адамның ең артығы -
Ерінбейтін, еңбекшіл шыдамдығы.
Адамға тән мұндай ізгі қасиеттерді біз сонау ауыз әдебиетінен келе жатқан дәстүрлі бейне - Атымтай жомарттың бойынан көріп келеміз. Атымтай - еңбекқор жанның, айналасына мейірім шашып жүретін жомарт кісінің нағыз таза адамның жиынтық бейнесі. Өзінің гуманистік идеяларын насихаттау үшін Шәкәрім де осы бейнеге жүгінеді.
Шәкәрімнің «Бәйшешек бақшасы» топтамасында Атымтай жомарт туралы екі әңгіме бар. Бір қызығы, екі әңгіме де Шығыс әдебиетінен тамыр алатын бір сюжетке жазылған. Мазмұн желісінде аздаған өзгешеліктер бар. Негізгі айырмашылық авторлық түйінде.
Бірінші нұсқада Атымтай жомарт әр жұма сайын жастарды, білгіш шешендерді, ғаріп-қасерлерді кезектестіре шақырып, қонақ етеді. Бір күні ылғи шешендердің ортасына бір кедей түсіп қалыпты. Үндемей отырған кедейді айналасындағы сөзуарлар қолқалап қоймаған соң, әлгі кедей: «Мен сіздердей мағыналы сөз білмеймін, бір өз ғана жыр білуші едім», - деп өлең оқиды. Қысқасы өлеңде әлгі кедей шын қамқорлыққа зәру өзі сияқты кенбағал жандардың аш-жалаңаш жүргенін, сонда да болса арын сатып сұрамшақтанбайтынын айта келіп, Атымтайдың үйінде отырған бұл жолғы қонақтарының мұндай жомартыққа зәру еместігін бетіне басады:
Кедейді, нанға телтіртіп,
Аштыққа жүрек кеміртіп.
Таман байды семіртіп,
Жомарттық па осы түр? - деп Атымтайдың «жомарттығының» сырын ашқан кедей үйден шығып кетеді. Атымтай содан кейін ылғи ғаріп-қасерлерге қамқорлық жасайтын болады.
Ал Шәкәрімнің осы топтамадағы Атымтай жомарт туралы екінші әңгімесі үшінші жақтан баяндалады. Онда Атымтай көп мал сойып, қаладағы ғаріп-қасерлерді әбден тойдырған соң, енді дала кедейін тойдырмақ болып іздеп шығады. Үстінде қырық жамау шапаны бар кедейге жолығып дастарханға шақырса, әлгі жарлы былай дейді: «Адал еңбекпен қатын-баласын асырап, артылған еңбегімен өзінен төмен кем-кетікке жәрдем қылуға әлі жетіп, соған әбден құмарланып кеткен адамға Атымтайдың керегі жоқ. Мен бүгін қатын-баламды тойғызарлық отын жиып алдым. Енді анау отырған ақсақ шал үшін отын алып жүрмін. Дені сау адамды Атымтай асырап, тіленшікке салып жібермесін. Кем-кетікке қарассын! Атымтай малмен мырзалық қылады, мен еңбек теріммен мырзалық қыламын, қайсымыз мырза екенімізді Атымтай өзі сынасын», - депті. Осындағы екі кейіпкер - Атымтай мен кедей арасында қысқа диалогтан олардың адамға қамқорлық жасауға екі түрлі мағынада қарайтыны аңғарылады.
Бірінші әңгімеде Шәкәрім жомарттықтың жөні осы екен деп малыңды ретті-ретсіз ысырап қылма, нағыз ғаріп адамның мұқтажын көтер деген тұжырым жасаса, екінші әңгімеде бұл мәселеге басқаша тұрғыдан келеді. Мұнда адал еңбек ету мәселесі бірінші кезекке шығады. Өз еңбегімен күн көріп жүрген кедейдің қайсысында мырзалық, мейірімділік басым екенін салмақтауды оқырманның үлесіне қалдырады.
«Бәйшешек бақшасы» топтамасына енген шағын әңгімелердің осы тәрізді идеялық, мазмұндық құндылығымен қатар оласрдағы жазушы стилінің көркем өрнектері де айқын аңғарылады. Әдетте Шәкәрім сөзді бейнелеп қолдануға, жекелеген оралымдарды түрлендіре ойнатып жұмсауға шебер. Және де ол түрлі көркем салыстыруларға, кереғар, қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре көрсетуге келгенде ғажап шеберлік танытады. Соның айқын дәлелі ретінде топтамадағы екінші әңгімеге тоқталып көрелік.
«Жиі тоқылған жібек бұйымдай құлаққа жұмсақ, тәтті пісірілген сіңімді тамақтай жүрекке жайлы тиетін, жақсы үнді, сұлу сөзді ақындар май айының қызыл гүліндей, қыршын жастардың қызықты, қымбат өмірлерінің қиын сырын сипаттаса, кейде қыс айының декабріндей жайнаған жасыл гүлді қуартатұғын, талай-талай жүректердің тамырын жүзінің нұрымен билеп соқтыратын сұлуларды солған жемістей суалатынын баянсыз өмірдің бақытсыз мұңдарын сипаттаса, сол айтылған сөз, салған ән қуаныштың да, қайғының да өзіне лайықты ұнаулы үнмен айтылса, дүниеде осыдан жақсы жанға жайлы әдемілік, жарасымдық бар ма екен?!» [14, 26] .
Енді әңгімедегі автордың баяндау стиліне көңіл аударыңыз. Сөйлемнің құрылымы аса күрделі. Қаламгер өзіне тән кестелі тілмен дүниедегі ақ пен қара, асыл мен арзан атаулыны осы бір сөйлемнің аясында шеберлікпен астастыра салыстырумен қатар, өте ептілікпен қарама-қарсы қоя да біледі. Әдетте сезім бар жерде сұлулық бар. Ал сұлулықты сылдыр сөзбен суреттеп жеткізе алмайсың. Оған өзіне лайық сырлы да сымбатты тіл қажет. Шәкәрім осы шеберлікке қол жеткізеді.
Эстет ақын Шәкәрім сұлулық ұғымына әрдайым биік мән береді. Бұдан әрі қаламгердің осы тұрғыдағы ойлары асқақ. «Бет сұлулығы - тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы - жан сыйы ғой, әрине тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет сұлулығын әркім-ақ таниды», - дейді Шәкәрім, сөз бен ән сұлулығын танушы аз.
Аталмыш әңгімедегі автордың айтар ойы, ұсынар идеясы осы бір сөйлемде тұжырымдалған. Тән сұлулығын көрген адам бірден түйсінеді, ал жан сұлулығын көрген адам бірден түйсінеді, ал жан сұлулығын шын мәнінде ұғынушы аз. Шәкәрім өзінің осы ойын бұдан әрі тұзақшының торында отырған бұлбұл мен қарға оқиғасы арқылы тиянақтай түседі. Онда ақ пен қараны шендеестіру бар. Бұлбұл сұлулықтың символы болса, қарға қара бастың қамынан ары аспайтын надандардың жиынтық бейнесі. Автор осы екі түрлі ұғымның бейнесіне айналған екі құсты тұзақшының торына қатар қамау арқылы өз ойының бейнелі бояуын қалыңдата түседі. Ақ пен қараны соншалықты жақындастыра отырып, олардың арасындағы жер мен көктей айырманы көркем бейнелейді.
Тағы да шығарманың сюжетіне үңілейік. Торға бірге қамалған бұлбұл мен қарғаны көрген құс жайын жақсы білетін адам екеуіне бірге қамаудың сырын сұрағанда, тұзақшы адам: «Бұлбұл қайтсем сайрайды? Қарға қайтсем бақырады» депті. Сонда әлгі адам бұлбұлдың алдына әсем гүлдер қояды, ал қарғаға өлексенің етін беруді ұсынады. Тұзақшы солай еткенде бұлбұл гүлді көріп мұңлы үнімен сайрап отыра береді, ал қарға желтікке секіріп қонып, «қарқ-қарқ» етеді. Сонда ақылы таяз тұзақшы бұлбұлдың сайраған мұңлы үнін сезінбей, қарғаның қарқылдағанына риза болған екен [15, 58] .
Айтар ойының терең философиясын осылай түсіндіреді Шәкәрім. Сұлулықты көре алатын көз керек, сұлу сазды сезе алатын сыршыл жүрек керек. Ондай көзі мен жүрегі жоқ жандарға қарғаның қарқылынан артық әуен жоқ. Қандай салмақты түйін?!
Шығарманың соңында әңгіме айтушы Шәкәрім «Былғанып наданнан таза ғылым қалай жиренсе, таза ғылымнан былғаныш надандар сондай жиренетіні анық», деп өз кейіпкерінің жан дүниесінің тым төмен жатқанына күйзеліс білдіреді. Бұл арада жазушы үшін болған оқиғаның желісін баяндау емес, содан шығатын қорытынды маңыздырақ. Сол себепті де ол өмір деректерін қарапайым суреттеуден гөрі, оны терең оймен көмкеріп, көркем кестемен өрнектеуге күш салады.
«Шәкәрімнің шағын үлгідегі прозасының жанрлық сипаты әралуан. Соның ішінде өмірлік мәні жағынан да, жазылу стилі жағынан да оқшаулау тұрғаны «Шын бақтың айнасы» және «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» деп басталатын толғау-эсселері. Бұлардағы оқиға бірінші жақтан, автордың өз атынан баяндалады. Жазылу мерзімінде алшақтық болғанмен екеуінде де Шәкәрімнің баяндау стиліне, көркем бейнелеу тәсіліне және философиялық ой түю машығына тән айрықша қасиеттер қатар өріліп жатады. «Шын бақтың айнасы» жігіт ағасы жасындағы азаматтың өмір сыры, бақыт туралы толғанысы түрінде баяндалады да, «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» әңгімесінде ұзақ ғұмыр жолын бастан кешіп, төбе басына шығып отырған дана қарияның ой-толғамдары ұсынылады.
Шәкәрім шығармаларының толық жинағында берілген түсініктемелерде бұл шығармалар мақала деп көрсетіледі. Рас, Шәкәрім өз кезінде көркем публицистика саласына да біршама ат салысқан, бірқатар ойлы мақалалар жазған. Әйтсе де аталмыш екі шығарманың көркемдік қуаты мен мазмұндық, пішіндік ерекшеліктері мақала аясынан әлдеқайда кең екенін аңғартады. Сол себепті де біздіңше бұл екі шығарманы шағын проза түріндегі толғау, эссе деп қабылдаған жөн секілді» [16, 8-9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz