Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары . . . . . . 13

1. 1 Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің дамуы мен өркендеуі . . . … . . . … . . . 13

1. 2 Дәстүр және сабақтастық . . . 24

2 «Қиссас - ул әнбия» дастаны әдеби мұра . . . 41

2. 1 Дастанның жариялануы мен зерттелуі . . . 41

2. 2 Тілдік ерекшелігі . . . 53

Қорытынды . . . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХІІІ-ХІV ғасырларда қазіргі Қазақстан, Орта Азия жерлерінде, Еділ бойында түркі тілінде сөйлейтін көптеген ежелгі тайпалар аралас өмір сүрді. Бұл кездерде түркі тайпалары әлі де жеке-жеке халық болып қалыптаспағандықтан, сол кезде олар жазып қалдырған әдеби ескерткіштер қазіргі түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі. ХІІІ-ХІV ғасыр ескерткіштері түпкі бастаулары тереңде жатқан қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуірлердің бір арналы бұлағы. Оны алғаш профессор Бейсембай Кенжетаев “Алтын Орда дәуіріндегі түркі әдебиеті” деп атап, бұл дәуір әдебиетінің түбегейлі зерттелуі керек екендігін қазақ әдебиеттану ғылымының алдына мәселе етіп қойып берген еді. Сол Б. Кенжебаев ұсынған жүйе бойынша көп жылдан бері С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ әдебиеті тарихынан оқытылып келе жатыр. Алайда ежелгі әдебиетіміздің бұл дәуірін тұтас қарастыратын қазақ тілінде басылып шыққан арнайы зерттеу еңбек жоқ.

Аталған дәуірдің жекелеген ескерткіштері 1967 жылы, “Ертедегі әдебиет нұсқаларында”, “Б. Кенжебаевтың “Қазақ әдебиетінің тарихы мәселелері” (1974) атты кітабында, Х. Е. Сүйіншәлиевтің “Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдерінде” (1969), “Ғасырлар поэзиясында (1987) сөз болады. Осы дәуір ескерткіштерінен “Махаббатнама” қазақша аударылып басылып шыққан. Қазақ тілі тарихында Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың “Көне түркі жазба ескерткішінің тілі” (1971), А. Ибатовтың “Хұсрау уа Шырын” поэмасының сөздігінде” (1974) қарастырылады. Сондай-ақ, ежелгі әдебиеттердің айырым дәуірлерін арнайы зерттеген М. Жолдасбеков, М. Мағауин еңбекте-рінде де құнды пікірлер айтылады.

Бұл жанрлар ХІІІ ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Тарассульдің негізгі белгісі - біреуге немесе көпшілікке арнау ретінде жазылады. Ұйқасты әрі ырғақты қара сөз - “саж” стилімен орындалған . Онда өлең, мақал-мәтел, Құран мен Хадистерінен үзінділер көп қолданылған. Бұл жанр араб әдебиетінде Х ғасырда барынша кемеңделген кезі еді. Хорезми намасына осы жанрдың үлкен ықпалы болған. “Махаббат нама” дастанында Ренессанс белгілері байқалады. Ана тілін құрметтеуі, поэзия тілі - парсы тілі болып қалыптасқанына қарамастан, ана тілінде жазуы, көне грек ойшылдарын пір тұту, кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеу т. б. осыны аңғартады. Хорезми өз шығармашылығында “наманы” қолдану арқылы намашылыққа кең жол ашты. Дастанда араб-парсы поэзиясының өлең түрлерін қолданды. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи, қытай, фард. Аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан. Аруз өлең өлшемі түркі поэзиясына Баласағұни мен Қашқарилер арқылы ене бастаған болатын. Шығарманың көркемдеу тәсілдері араб-парсы поэзиясын көп үлгі алғандығын көрсетеді, шығыс ұғымындағы сұлулық бейнесін жасайды. “Махаббат нама” дастанының көркемдік дәстүрі қазақ әдебиетінде молынан сақталған. Алтын Орда дәуірінде мемлекет тілі де, әдеби тілі де жергілікті халық тілі, яғни түркі тілі болды. Шығыс әлемінде араб-парсы тілінің үстемдік құрғанына қарамастан, поэзияда түркі тілі дамыды. Бұған сол уақыттағы қыпшақ нәсілді сұлтан Бейбарыстың Египетті билеуі де әсер етті. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке ғана тән бір әдеби үрдіс - нәзирәгөйлік дәстүр болса, оның алғашқы бастаулары қазақ даласына исламның орнығу кезінде кіре бастады. Жалпы исламдық мәдениет аясында кең тараған құран сюжеттері, араб-парсы поэзиясының түрі мен мазмұны ХІІІ-ХІV ғасырлардан бұрын қазақ әдебиетінде көрінді. Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетін дәуірлеу процесін білгірлікпен “а) діндар дәуір, ә) ділмар дәуір. Діндар деген діншіл деген мағынада, ділмар - тілшең деген мағынадағы сөздер” деп екіге бөлген болатын. Ғалымның айтқан діндар дәуіріне ислам дәуірі әдебиеті ( Х-ХІІ ) мен Алтын Орда дәуірінде ( ХІІІ-ХІV ) жазылған мұраларды жатқызуымызға болады. Ислам дәуірі кезінде түркі жұртын діни шығармалармен ислам дінін таратушылар таныстырса, Х-ХІV ғасырларда ”ислам дінін бұрынғыдай арабтар емес, енді жергілікті түркілердің өздері белсенді түрде таратуға кірісіп кеткен еді”. Енді, түркі даласында жазылған әдеби шығармалар “қалыпты сюжеттер” деп аталып кеткен “Мың бір түн”, “Тотынама” т. б. құраннан алынған оқиғаларға құрылды. ХІІІ-ХІV ғасырларда түркілер саяси жағынан Маңғұл империясының қол астына біріккені болмаса, рухани дүниесінің одан бұрын келген мұсылмандық таным мен ежелгі түркілік дәстүрде қалыптасып қалғанын және оның мызғымасын осыдан да байқауға болады. Екі бірдей жаугершілікті басынан кешіріп отырған ғасырларда өмір сүрген түркілердің қираған қалалармен бірге тәуелсіздігін жоғалтқаны, ең әуелгі, ақындар көкірегіне сыздауық болып қадалды. Бірте-бірте түркілік сана көзін аша бастады. Ал оянушылықтың негізгі шарттарының бірі-өткен тарихқа, ғасырлар шаңында қалған әдеби мұраларға оралу, сонымен бірге, саяси-әдеби сахнадан ысырылып қалған халық тілі - ана тілінің мәртебесін көтеру. Мұндай жайлар әдебиетімізде Алтын Орда дәуірінен кейін де, ХІХ-ХV ғасырдың бас кезінде бой көрсетті. Осының бәрі -нәзира тәсілінің тууына түрткі болды. Еуропа зерттеушілері оянушылықты құбылыс деп тану үшін, негізінен, мынандай шарттарға жауап іздейді. Біріншіден, осы аймақта қала мәдениетінің дамуы. Екінші, жазба әдебиеттің қалыптасуы және оның өзекті тақырыбы - өткен тарихқа қатысты мәселелер болуы. Үшінші, халық тілін саяси және әдебиет-мәдениет тіліне айналдыруға қызмет ету. Алтын Орда дәуірінде әдебиеттің негізгі тілі араб-парсы тілі болды. Бұл кезде түркі тілі ақындар ауылынан ығыстырылып, “поэзия тек парсы тілінде жазылады”, “ғылым тек араб тілінде орындалады” деген пікір қалыптасты. Аллитерациядан басталып ішкі ырғаққа құрылатын, аракідік кездеспесе, ұйқас болмайтын ежелгі түркі өлеңінің орнына, араб тіліндегі созылыңқы қысқа дауысты дыбыстардың орналасуына қарай түзілетін квантативті аруз өлең өлшеміне көше бастады. Қарахан мемлекетіндегі түркі билеушілерінің ыстық ықыласының аясында парсы ақындары болды, түркі билеушілерінің өздері де парсы тілінде жазды. Поэзияда араб-парсы тілдерінің дәурені жүріп тұрған кезде Алтын Орда ақындарының қаламынан түркі тілінде оншақты кітаптың дүниеге келуі екі бірдей жаугершілікті бастан кешіп отырған түркіліктердің руһы мен дәстүрдің, сананын мықтылығынан хабар береді. Бұл дәуірде қазақ даласында әбден қалыптасқан исламдық тұтастықты шығыстан кірген будда діні ығыстыра алмады. ХІІІ-ХІVғасырлардағы Алтын Орда әдебиетінің қолжазба көшірмелері біздің ғасырымызға дейін жеткен көркем туындылардың дені Құран хикаяларын қисса түрінде жаңғыртқан көркем туындылар болып келеді. Сопылық поэзия ықпалындағы жоғарыда атап өткен “Махаббат нама” мен “Шаһнама” сюжетіне жазылған “Құсырау - Шырын” дастанынан басқасы атап айтқанда : Әлидің “Қисса Жүсібі”, Хұсам Кәтибтің “Жұмжұма”, Рабғузидің “Қисса-и-Рабғузи” (“Қиссас-үл әнбия” деген атпен белгілі), Сәйф Сараидің “Гүлстан бин түркиі”, Махмұд бин Әлидің “Неһж-үл-фарадис” ( "Жұмаққа апарар жол") т. б. шығармалар діни тақырыпқа жазылған. Ренессанс шарты бойынша ақындардың көне тамырға оралуы исламдық тамырды тереңдету болды.

Алтын Орда тұсында жазылған Рабғузидің “Қиссас -үл әнбиясы” сөз болып отырған дәуірдің хрестоматиясы, әр түрлі жанрдағы шығармалар қамтылған, өз дәуірі әдебиетінің негізгі ерекшелігін көрсететін құнды мұра. Бұл еңбектің авторы - Рабат Оғыз қыстағынының қазысы Бұрханаддин ұлы қазы Насреддин (Лақап аты- Рабғузи, Рабат оғузи мекенінің қысқарған түрі) Рабғузидің өмірі жайлы дерек жоқтың қасы .

Еуропалық түркітанушы А. Бомбобачидің пікірінше, Рабғузи 1250 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы Баршыкентте өмір сүрген. Араб, парсы түркі тілдерін еркін меңгерген, еңбектерін осы тілде жазған. Алайда, ғалымның еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені “Қиссас-үл әнбия” ескерткіші ғана.

“ Туған жылы шамамен ХІІІ ғасырдын ортасы. Ол біраз уақыт Рабат Оғызы деген жерде қазы қызметін атқарды. Содан кейін Мәуренаһрдың орталығына барып Шағатай ханның кеңесшісі, әмір Тоқбұға бекпен танысады. Тоқбұға бектің өтінішімен әулиелер жайлы қисса жазып, оны шамамен 1310-11 жылдары аяқтайды. Насрединнің өлген жылы белгісіз. Ал оның жерленген жері аңыз бойынша Қаршыдан 15 шақырым қашықтықтағы Пудин елді мекендегі Құсам-ата шайхтың бейітінің жанында - мыс делінген. Орта ғасырларда “Қиссас-үл әнбияның” әр тілде бір-біріне ұқсай бермейтін бірнеше варианттары пайда болды. Әр түрлілік оқуға, түсінуге қиындық туғызады. Осы себепті Рабғузи пайғамбарлар туралы кітаптың араб, парсы, т. б. тілдегі нұсқаларын реттеп, бір жүйеге келтіріп, қағаз бетіне түсіреді. Оны көне түркі тіліне асқан шығармашылықпен аударып шығады. Өзінің айтуы бойынша шығарма 1310 жылы (710 қыжыра) Насреддин Тоқбұға бекке арналып жазылған:

“Иеті йуз он ерді йылға кім бітілді бұ кітаб

Иазуб елттім Насреддин Тоқбұға бек табұғұна…

Бұл кітап жеті жүз оныншы жылы жазылды . . .

. . . Насреддин Тоқбұға бектің құрметіне арнап жаздым…”

Рабғузидің бұл еңбегі осы кезеңнен бастап (ХІІІ-ХІVғ. ғ) бүкіл түркі халықтарының рухани қазынасына айналды. “Ол Құран кәрім сүрелерін және араб, парсы тілдеріндегі нұсқаларды, басқа да діни исламдық сарындағы материалдарды дереккөз ретінде пайдаланған және өз жанынан шығарған өлендерді жинақтаған”.

Рабғузидің “ Қиссас-үл әнбия” ескерткіші біздің заманымызға бірнеше нұсқада жетті. Көне түркі тілінде үш нұсқасы бар. Бірі - Лондон, бірі - Қазан, бірі - Ташкент нұсқалары.

Шығарманың ең ескі көшірме қолжазбалары Лондондағы Британия музейінің кітапханасында, Санкт- Петербургтағы М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасында сақталған. Бірнеше көшірмесі КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтының Санкт- Петербургтегі бөлімінің кітапханасында да бар. Ең алғаш 1859 жылы белгілі түрколог Н. И. Ильминский Императорлық Қазан университетінің баспаханасынан толық текстін бастырып шығарды. Шығарушы көпшілікті ескерткіштің мазмұнымен ғана таныстыруды мақсат еткен. Қандай қолжазбаны пайдаланғаны мәлім емес. Жорамал бойынша екі түрлі қолжазбаны негізге алған сияқты. Бұл жөніңде П. М. Мелиоранский былай дейді:

«Шамасы Н. И. Ильминский кейін Азия музейінде сақталған №361 қолжазбаны пайдаланған тәрізді және ол императорлық көпшілік кітапханасындағы Дорн каталогында тіркелген № ХІІ қолжазбамен де таныс болған болуы керек. »

Түрколог ғалымдар “Рабғузи қиссаларының” ең көне қолжазбасы бойынша толық та ғылыми текстін іздестірген. “Іздеген жетер мұратқа” демекші, 1893 жылы Лондонға барған сапарында П. М. Мелиоранский Британия музейіндегі ең ескі, толық қолжазбаны қарап шығып, кейбір көшіріп алған үзінділерін елге оралған соң, 1897 жылы жариялады. Бұл болашақта жасалатын ғылыми-салыстырмалы толық текстке үлгі етіп аларлықтай еңбек болды. Автордың ұйғаруы бойынша, ескерткіштің ондай баспасы әдебиет, тарих, тіл зерттеушілеріне жан-жақты, толық сенімді материал бола алатын кітап болып шығуы керек. Ғалым үзіндіде Британия нұсқасын Москва, Санкт-Петербург кітапханаларындағы қолжазбалармен де салыстырып отырған.

П. М. Мелиоронский еңбегінің жалғасындай болып, Санкт-Петербург кітапханасындағы қолжазбалардың ішінен ол бұрын жариялап үлгермеген Лондон нұсқасының бірнеше үзіндісін С. Е. Малов тауып бастырған.

Ал, Н. И. Ильмиинский баспасы бойынша берілген үзіндісі С. Е. Маловтың 1951 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап шығарған “Көне түркі жазба ескерткіштері” деген кітабына да енгізілді.

“Рабғузи қиссаларының” жеке үзінділері Н. П. Остразлиевтің (1874ж), Н. Ф. Котоновтың (1894ж) мақала еңбектерінде бар.

Н. Ф. Котонов “Мұсылман аңыздары” деген мақаласында Қытайдың Гань-Су-Синь-Цзянь провинциясын аралағанда жергілікті мұсылмандардың айтуымен жазып алған кейбір аңыздарды құранмен, “Рабғузи қиссаларымен” салыстыра қатар жариялап, өзара ұқсастығын көрсеткен.

“Рабғузи қиссалары” әдеби мұра ретінде өзбек әдебиетінің тарихында ертеден қарастырылып, 1950 жылы М. Айбектің алғы сөзімен шыққан “Өзбек әдебиетінің антологиясында жарияланған”.

Бұл ескерткіш қазақ әдебиеттану ғылымында бірінші рет 1967жылы профессор Б. Кенжебаевтың басшылығымен филология факультетінің студенттеріне арналып шыққан ”Ертедегі әдебиет нұсқалары” атты хрестоматияға енгізілді. Мұндағы үзінділер “Рабғузи қиссаларының” 1914 жылғы қазан баспасынан алып жарияланған. Ал, зерттеушілер Ғ. Айдаров пен Ә. Құрысжанов, М. Томановтың филология факультеттеріне арналған “ Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі” (1971ж) деген оқулығында ескерткіштің жазылу тарихы, әртүрлі көшірмелері жайлы мәліметтер берілген: ”Шемсуддин Хусайнов Н. И. Ильминский баспасын қайталаған (Қазан, 1881ж) ; Гулям Хасан Арифджанов- метографиялық баспа “Қиссасул анбия” (Ташкент, 1917ж) ; “Өзбек әдебиетінің үлгілері”(Ташкент-Самарқант, 1928ж) деген жинақта үзінділер келтірілген. Я. Будолов пен В. Радловтың белгілі сөздіктерінде де “Қиссасул анбияның”лексикалық материалдары бар.

Кенжебаевтың бастамалы еңбегінен кейін әдебиеттанушылар Х. Сүйіншалиев, М. Жолдасбеков, А. Қыраубаева, Н. Келімбетов, Г. Асқаровалардың зерттеу еңбектерімен жалғасты. Қиссаның қазақша аударылуында Б. Сағындықұлының, Н. Сағындықовтың, Р. Мұқанованың еңбектері бар. Ал, қырғыз әдебиетшілері Теміралы Қунашев, Қамбаралы Ботояров ескерткішті аударып, әрбір пайғамбарларға арналған қиссаларды бөлек-бөлек кітап етіп, ”Пайғамбарлар баяны” деген атпен жариялады.

Рабғузи қиссаларының алғаш қолға алынған кезінен бастап, қазірге дейінгі зерттелуі барысын қарастыра келгенде көретініміз: ескерткіш - тілдік-лингвистикалық жағынан да, әдебиеттік сипаты жағынан да біраз зерттелген.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Әдебиетіміздің тарихында өзіндік із қалдырған елеулі мұралардың бірі - ХІІІ-ХІV ғ. ескерткіштері. Бұл дәуір әдебиет тарихында Алтын Орда - Қыпшақ дәуірі деп аталады. Алтын Орда әдебиеті ХІІІ-ХІV ғ. ғ. Ертіс пен Талас (Дон), Қазан мен Хорезм аралығындағы үлкен аймақты қамтыған мемлекеттің негізгі халқы түркілердің әдебиеті. Сөз болып отырған дәуірдегі түркі әдебиеті Алтын Орда туғызған, сол территорияда ғана емес, ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүріп Сыр бойында, Хорезмде, Каспий маңында, Египедте, тағы басқа жерде тіршілік құрған түркі тілдес халықтар жазып қалдырған әдеби ескерткіштері, қыпшақ оғыз сияқты ру-ұлыс тайпалардың жасаған ортақ әдебиеті. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ( ХІІІ-ХІV ) өзінен бұрынғы Х-ХІІғ. әдебиетімен яғни, Қожа Ахмет Иассауи мен Баласағұнилар салған жолмен, әрі кейінгі қазақ әдебиетімен тамырласа жалғаса дамыды. Алтын Орда дәуірінде жазба әдебиеттің өркендеуі - қола мәдениеті дамығандығын соған орай Алтын Орда өркениеті болғандығын айтуға негіз бола алады. “Алтын Орда дәуірінде қазіргі қазақ тілінің нұсқасымен жазылған, қазіргі Қазақстан топырағында туған он шақты әдеби кітаптар бар. Әзірге оның анық зерттеліп, ғылымға қосылғаны жетеу”. Оларды дүние жүзі кітапханаларынан тауып, қолжазбаларын оқып, зерттеуде Мәскеу, Санкт-Петербург түркологтары В. В. Бартольд, А. Самойлович, Ә. Нәджіп, В. И. Стеблева, қазақ ғалымдары Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев орасан зор еңбек етті. Алтын Орда дәуіріндегі түркі әдебиетінің даму бағытына назар салсақ, одан, ең әуелі ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына белгілі діни қайраткер жаңа сопылық ағымның ғұлама пірі Ахмет Иассауи поэзиясының жаңа бір мазмұны жалғасқанын байқаймыз. Иассауи ілімі дәстүрлі сопылық түркілік таныммен байытып, ислам дінімен біте қайнасқан симбиоз түрінде ХІІ-ХІV ғ. ғ. Хорезм, Мауреннаһр, Анадолы түріктеріне дейін тараған. Яссауи өмірі мен діни қайраткерлігі жайында “Насаб намо” деген кітап та осы дәуірде жазылған. Кіндік Азиядағы түркі жұртына Яссауи негізін салған сопылық поэзия “Диуани Хикмет” арқылы кеңінен танымал болып, өзінің жерлес шәкірттері Ахмет Жүйнеки мен Сүлеймен Бақырғани шығармаларымен жалғаса келіп, Алтын Орда дәуірінде сопылық дүние таныммен суарылған “Махаббатнама” кітабының тууына әсер етті. “Махаббатнамадағы” (1353 ж. ) сопылық дәстүр он бір хатта белгісіз қызға ғашықтықтың баяндалуымен ерекшеленеді де, сол жасанды кейіпкерді бастан аяқ суреттеумен шығарма аяқталады. Қыздың есігінің табалдырығын мұсылманның басын қояр сәждесіне теңейді, кірпігі түрік мергенінің оғындай, қасы - ай, көзі - күн, маңдайы көк айдын, т. б. суреттеледі, мұсылманның ең қасиеттісі сәждені қыз үйінің табалдырығына теңеу - әңгіменің түпкі мәні Жаратушыны тану екеніне саяды. Сопылық поэзиядағы сүю - Жаратушыны тану жолындағы әрекет. Қыздың тал мойнындағы мінсіздікті суреттеу - Алланың шеберлігіне мадақ. Хорезмиге дейін хат үлгісінде дастан жазу үрдісі түркі поэзиясында кездеспеген. Нама жанрының орта ғасырлық үлгілері араб әдебиетіндегі “тарассульден” тарайды: Тарассуль - арабтың “хат”, “арнау” деген мағынаны білдіретін “риссала” сөзінен шыққан.

Орта ғасыр мұраларын зерттеуде әсіресе, түркологтар В. В. Радлов, Н. И. Ильминский, А. А. Самойлович, С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс, А. М. Щербак, Э. Н. Наджин, Г. Т. Тагирджановтың, қазақ ғалымдары Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Қ. Өмірәлиев, А. Қыраубаеваның еңбектері өте зор.

ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы түркі тілдес халықтар әдебиетін қарастыратын бұл жұмыста сол замандардағы түркілердің тарихи-әлеуметтік жағдайы, әдебиетінің өзіндік сипаты, “Рабғузи қиссалары”, “Мұхаббатнама” ескерткіштерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері, ежелгі әдебиет дәстүрінің ХІҮ-ХҮ ғасырлар басындағы қазақ әдебиетіндегі көрінісі талданады, қисса жөнінде пікірлер айтылады.

Көп ұлтты халықтардың мызғымас ортақ шаңырағын биіктетіп, керегесін кеңейтетін туысқандықтың шынайы сезімін тәрбиелеуде халықтар тарихын, әдебиеттер тарихын терең білудің мәні зор. Халықтар туысқандығының, бауырластығының терең тамырларын ежелгі әдебиет тарихынан да аңғаруға болады. Оның мысалдарын осыдан сегіз жүз жылдай бұрын жазылған “Игорь жорығы туралы жырдан”, көне заман ойшылдары Науаи, Фирдоуси, Сағди, Низами, әл-Фараби, Баласағұнилерден де көреміз.

Әдебиетіміздің тарихында өзіндік із қалдырған осындай елеулі мұралардың бірі - ХІІІ-ХІV ғасырдағы ескерткіштер. Осы кезең ескерт-кіштеріне тән жанрлық, тақырыптық, көркем тілдік сипаттардың ізі, өзара сабақтастық кейінгі дәуірлердегі әдебиетімізден, әсіресе ХІХ-ХХ ғасырлар басындағы қазақ әдебиетінен жақсы байқалады. Ал мұндай заңдылықтарды танып-білудің қажет екендігі айдан анық. ХІІІ-ХІV ғасырлар ескерткіштерінің әдеби сипатын айқындау талабы шығыс әдебиетін дәуірге бөлу саласында әдебиетшілерді көптеп толғандырып жүрген ғылыми ізденістермен де үндес.

Көне мұралардың кең ауқымда зерттеле басталуы жер жүзі мәдениетіндегі бағдарластық қарым-қатынастардың жаңа мәселеле-рінің бетін ашып отыр. Мысалы, соңғы уақыттарда Шығыс Ренессансы (Қайта өрлеу) мәселесі де жан-жақты сөз болып талқылануда.

Сөз болып отырған дәуірдегі түркі әдебиеті - Алтын Орда мемлекеті туғызған сол территорияда ғана жасалған әдебиет емес, ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орда дәуірінде өмір сүріп, Сыр бойында, Хорезмде, Каспий маңында, Египетте тағы басқа жерлерде тіршілік құрған түркі тілдес халықтар жазып қалдырған әдеби ескерткіштері, қыпшақ, оғыз сияқты ру-ұлыс тайпаларының жасаған ортақ әдебиеті.

Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері. Біздің негізгі мақсатымыз Рабғузидің «Қиссас - ул әнбия» дастанындағы қазақ халқына қатысты аңыз әңгімелерді салыстыра отырып, ұлттық әдебиетке қатысты жазылған мәселелерді анықтау. Осыдан келіп түркі текті мифтер мен аңыздардың түбірін тексеру міндет болып отыр.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыс нәтижелері жоғарғы оқу орын студенттеріне оқылатын арнайы курстық дәрістерге, семинар сабақтарға және ізденуші мектеп оқушылары мен жалпы рухани қазынаға қызығушыларға беретін малұматтары мен пайдасы бар.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс: кіріспе, негізгі 2 бөлім мен тараушалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Қазақ фольклорының тарихы
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz