Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Шығыс елдері мен қазақ әдебиетінің рухани алмасу арналары . . . 10

  1. Әдеби байланыстардың теориялық негіздері . . . 10

1. 2 Түркі халықтарының әдеби байланыстары . . . 22

2 Көнеден жеткен әдебиеттер ортақтастығы . . . 36

2. 1 Қазақ және Шығыс елдері әдеби байланысы . . . 36

2. 2 ХVІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасыр басындағы

рухани дәстүр жалғастығы . . . 47

Қорытынды . . . 73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасыр басында жаңа толығып, толыса бастаған қазақ әдебиетінің барынша дамуына оның басқа ұлт әдебиетімен байланыс жасауы игі ықпал етті. Тіпті төл сөз өнеріміздің профессиональдық деңгейге жетуінде өзге халықтар әдебиеттерімен рухани алмастығының, әсер-ықпал көріністерінің орны ерекше. Бұл туралы жазылған монографиялар мен ғылыми мақалалар тізімі ойымызды нақтылай түсері анық. Алайда, бұл еңбектердің дені қазақ әдеби байланыстарын бір ғана аспектіде, яғни қазақ-орыс, қазақ-еуропа контексінде алып қарастырды. Ал, оның түбі, діні бір, тілі ұқсас, тағдыр-талайы бір-біріне жақын шығыс-түркі халықтарымен рухани алмастығы ішінара, тиін- қашты ғана сөз етілді. Және олардың көбі кеңес өкіметі тұсында жарияланғандықтан, ұшқары, солақай пікірлерге толы болды. Соның кесірінен әдеби байланыс үрдісінде үлкен рөл атқарған ақын- жазушылардың шығармашылықтарын әспеттеу былай тұрсын, аттары да аталмады.

Әлбетте, жылымық заман орнап, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары жазылып, жарық көрген ғылыми зерттеу еңбектері бұл олқылықтардың орнын толтырғандай еді. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері ақтарылып, нақақтан қараланған, аяусыз жазаланған арыстарымыз ортамызға оралып, руханият әлеміндегі өздеріне тиесілі орындарын иемденді. Олардың ғұмыры мен шығармашылықтары туралы жарияланған тарихи-ғұмырнамалық, ғылыми, публицистикалық сарындағы болсын зерттеулер біршама жайттың бетін ашып, бірқатар мәселенің шешімін тапқан сынды.

Десек те, бұл кезең әдебиеті әлі соншалық толық, әрі тыңғылықты зерттелмеген сыңайлы. Академик С. Қирабаевтың: «Бүгін қазақ халқы ұлттық тәуелсіздігін танып, егемен ел болып жатқан тұста оның ұзақ ғасырлар бойы жасаған әдеби мұрасын түгендеп алу, оны бүгінгі заманның игілігіне жарату осы тұрғыда аса үлкен міндет болып отыр» [1, 89], - деуі сөзімізді нақтылай түседі. Бұл ретте, әдебиеттанудың маңызды бір саласы әдеби байланыстар мәселесі алдымызды орайды.

Тақырыптың өзектілігі. Ешбір ұлт әдебиеті жеке күй кешіп, дара дамымайтыны анық. Қай халықтың сөз өнері болсын, ол басқа ұлт әдебиеттерімен тығыз қарым-қатынаста, өзара байланыста өсіп, өркендемек. Тіпті әрбір ұлт әдебиетінің әлем өркениетіне қосар үлес салмағы да осы байланыстар барысында және әдебиеттерді салыстырып, таразылау тұрғысында олардың шығармашылық үндестігі мен ағымдастығы, т. т. анықталары хақ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында басым бағыттарды санамалай келіп: «Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын» [2] - деп өзінің білім беру саласына ерекше мән беріп отырғандығын атап өткен болатын.

Бүгінгі күні өркениет өрісіне қадам басқан қазақ елінің руханиятын байытуда сөз өнері айрықша зор рөл атқарды десек, бұл деңгейден көрінуде оның басқа әдебиеттермен байланыстарының орны айрықша екені біршама айтылып та, жазылып та жүр. Алайда, көркем өнер қайраткерлерінің шығармашылықтарын қазақ-түркі әдеби байланыстары негізінде тұтас алып қарастырған әрі нақты зерттеу жұмыстарын жүргізген еңбек жоқтың қасы. Болған күнде де ол еңбектер кеңестік идеялогия ықпалынан аспай, шығыстық-түркілік сипаттағы шығармалардың үйлестігіне, ұқсастығына теріс баға беруімен шектелді.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ және түркі халықтарының өзара қарым-қатынастары 50-жылдардан бері біршама сөз болып келеді. Бұл тақырып аясында М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Ы. Дүйсенбаев, З. Ахметов, Ә. Дербісалин, Ә. Жиреншин, Р. Нұрғалиев, С. Қирабаев, С. Сейітов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев сынды белгілі әдебиетші ғалым, сыншылар ой толғап, қалам тербеді. Сондай-ақ, туысқан халықтар әдебиеттерінің әдеби байланыстары жөнінде Алматы, Ташкент, Бишкек қалаларында түркі ғылыми-теориялық конференция, симпозиумдардың өткені мәлім. Бұл пікірсайысқа қазақ ғалымдары мен әдебиетшілері де атсалысып, айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсірепов, Е. Смайлов, М. Дүйсенов, Р. Бердібаев, Ш. Сәтбаева [3], Б. Тілегенов, т. б. қазақ әдебиетінің басқа туысқан елдер әдебиетімен өзара қарым- қатынастарын сөз етіп, ғылыми мақала, монография тарауларын арнады. Аталмыш тақырып төңірегінде, әсіресе, жекелеген халықтар арасындағы, атап айтқанда, қазақ-татар, қазақ-қырғыз, қазақ-қарақалпақ әдеби байланыстары арнайы зерттеу нысанасына алынып, А. Мусинов, Б. Ысқақов, С. Тойшыбаевалардың еңбектеріне арқау болды. Жалпы ХХ ғасыр басындағы әдебиет кезеңіне қатысты М. Бөжеев, Қ. Мұхаметханов, Т. Қожабеков, Ш. Елеукенов, Б. Құндақбаев, Н. Ғабдуллин, Ж. Ысмағұлов, Б. Шалабаев, М. Мырзахметов, Ә. Нарымбетов, Ү. Субханбердина, Е. Еспембетов, Қ. Жүсіпов, Т. Жұртбаев, Б. Мамыраев, Б. Ыбырайымов, Д. Ысқақов, Б. Майтанов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев, Н. Келімбетов, Қ. Ерғөбеков, Қ. Сақұлыларының еңбектерінде әр қырынан зерттелініп келді.

Қазақстан егемендік алғаннан бергі тұста аталған тақырыптың көкейкестілігі мемлекет саясатымен, ұлттық мүддемен үйлесім тапты. Осыған орай туындаған әдеби, тарихи зерттеулерде түгел түркіге тән ортақ қазына - әдеби-мәдени мұра, ескерткіштерден бастап Кеңеске дейінгі кезеңдер қамтылып, қадау-қадау ой-пікірлер сараланғаны анық. Атап айтқанда, Р. Бердібаев «Байқалдан Балқанға дейін» [4], «Түбі бір түрік» [5], А. Егеубайдың «Құлабыз» [6], У. Қалижанұлының «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым» [7], З. Бейсенғалиевтің «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы» [8], Б. Әбдіғазиұлының «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері» [9], Д. Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» [10], А. Шәріптің «Абай және ұлттық идея» [11], М. Қойгелдиевтің «Алашорда және Алаш қозғалысы» [12], т. б. түркілік шығармалардың табиғаты, генетикалық, типологиялық ұқсастықтары, үндестік үрдісі кейбірінде шолу түрінде, ал кейбірінде арнайы сөз болды. Сонымен қатар түркі ұлыстарының рухани алмасулары туралы ақтаңдақ әдебиет беттері ретіндегі Ш. Сәтбаеваның, С. Қирабаевтың, С. Сүтжановтың мақалалары жарық көрді.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тарих беттерін парақтасақ, екі ғасыр аралығында Ресей империясы аймағында өмір сүріп, тағдыр талайы сәйкескен, түбі, діні бір, тілдері ұқсас түркі халықтары тарихи-мәдени процеске орай өзара тығыз қарым-қатынастар жасағаны байқалады. Демек, қазақ пен басқа түркі ұлыстары - татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, азербайжан және т. б. әдеби-мәдени өнерін тұтас алып, әрі рухани алмасулар негізінде қарастырмай, ол елдердің мәдениет пен әдебиет саласындағы жетістіктерін, өркениет өрісіндегі аяқ алыстарын бағамдап, көзге елестету мүмкін емес. Осы кезең қаламгерлерінің шығармаларына салыстырмалы, ғылыми талдау жасап, уақыт талабына сәйкес туындаған, генетикалық, биологиялық үндестіктер мен дәстүр сабақтастығы негізінде жазылған туындылардың тақырыптық, жанрлық ұқсастықтары мен сюжет, идеялық мотивтер сарындастығын ашып көрсету өте-мөте қажет. Осы мәселелердің түп негізін, кейінгі дәуірлермен сабақтастығын ашып көрсету біздің негізгі мақсатымы. Бұл ретте, ғалым Ш. Сәтбаеваның айтқан пікірі ойымызды айқындай түседі: «Қазақ әдебиетінің бай, кең де жан-жақты байланысы халқымыздың ұлттық мәдениетінің өркендеген, көркемдік дамуының дәреже деңгейін, рухани сергектігін байқататын маңызды құбылыстардың бірі. Бұл құбылыстың терең тамырларына, тарихына бойлай отырып, ішкі заңдылықтарын ашу, халықтың әр кезеңіндегі қоғамдық өміріне, әдеби шындығына байланыстыра терең зерттеу- әдебиеттану ғылымының басты міндеті» [3, 164] .

Осы тұрғыдан келгенде қосымша міндеттер қатарында ұлттық әдебиетіміздің тарихында аса бір күрделі кезең - ХХ ғасыр басындағы әдеби процесте қазақ пен басқа түркі ұлыстарының түп, тіл, дін негізіндегі тектес, тамырлас және діни-рухани алмасуларға ерекше көңіл аударылды.

Осылайша түгел түркі халықтарына тән көне мұралар мен қисса-дастандардың тарихи-генетикалық, типологиялық ұқсастарын айқындау да назарымызда болады.

Сондай-ақ кітап бастыру ісіндегі, мерзімді басылымдар шығарудағы түркі халықтарының әдеби-мәдени қатынастарын сөз ету арқылы қазақ, татар, өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен тіліндегі алғашқы басылымдардың ортақ бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік аламыз.

Сонымен қатар, ұлт мүддесін ұлықтап, азаттықты аңсаған, сөйтіп жәдит ағымында тоғысқан түркі түлектерінің шығармашылық үндестігін, таным сабақтастығын да таныта аламыз. Жалпы, сол тұстағы әдеби процесті қоғамдық-саяси құбылыстармен қатар қойып қарастыруға тиіспіз. Сонда ғана тарихи-мәдени үрдіске ілесті, ұлт сұранымына орай туындаған түркі жұртының өзара байланыстарының заңдылықтар мен алғышарттары, себеп-салдары анықталмақ. Осы орайда, қазақ қаламгерлерінің татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, түрікмен ақын-жазушыларымен шығармашылық үндестігі, кей тұста әсер-ықпалы негізінде төл әдебиетімізге әкелген құбылыстық сипаттары тектес, тамырлас таным-түсінік ағымдас ой-сана, концепция тұрғысынан байқалды. Сонымен, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі түркі халықтары әдебиетіндегі өзара байланыстар барысы сол кезеңнің әдеби процесін айқын аңғаруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Ғылыми жұмысты жазу барысында филология ғылымдарында кең тараған салғастырмалы әрі салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдіс-тәсілдерін қолданамыз.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Жұмыстың негізгі нәтижелерін арнайы бағыттағы мектеп, лицей, гиназиялардың түркі халықтар әдебиеті мен осы пән негізінде жүргізілетін факультатив сабақтарында, колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне қосымша құрал, тірек материалдар ретінде қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден және өзара тараушаларға жіктелген екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Шығыс елдері мен қазақ әдебиетінің рухани алмасу арналары

  1. Әдеби байланыстардың теориялық негіздері

Әдеби процесс - әрбір халықтың ұлттық мәдениеті дамуының жетістіктерінен құралатын шығармашылық қозғалыстар жүйесі. Ұлттық әдебиеттің көркемдік таным тұрғысындағы үлгілері жалпы халықтың эстетикалық қабылдау деңгейіне орай бағасын алары анық. Әдеби даму қозғалысындағы ықпалды, қозғаушы күштер ретінде көрнекті, дарынды тұлғалар сөз өнерінің рухани танымдық әсері мен қоршаған ортаның қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін ұштастырады. Көркемдік күші мен әлеуметтік мәселелерін тұтастыққа айналуынан ұлттық әдебиеттің халықтық сипаты қоғамдық маңызға ие болады, жұртшылықтың рухани демеушісіне айналады. Халық тарихының жаңа кезеңдегі оқиғалары ақындардың көркем шығармаларының әдеби дамуындағы ортақ мүдделерді жырлағандарынан байқалады.

Әлбетте, тегі мен діні бір, тілі ұқсас халықтардың ортақ мүдделері ұлт зиялыларының басын біріктіріп қана қоймай, шығармашылық үндестікке де итермелейді. Сондықтан әдебиеттегі тоғысулар, қарым- қатынастар мен шығармашылық ықпал-әсер әдеби процестің өз заңдылығы болумен қатар, сөз өнерінің қалыптасып, дамуының негізгі формасы ретінде де қабылданады. Бұл ретте Г. И. Ломидзенің мына сөзі дәйек боларлық: «Жалпы, әлемде еш саңылаусыз, томаға-тұйық, өз қалпымен, өз сұраныс, талаптары тұрғысында ғана өмір сүретін әдебиет жоқ. Қай әдебиеттің жүріп өткен жолына қарасаң да, қандай айқын, қайталанбас жағдайда қалыптасса да, сол не өзге деңгейі басқа әдебиеттер жетістігінен көрініс береді. Тек өз тұрғысында және бірыңғай өзінің ғана күш-қайратынан нәр алып өркендеген әдебиет жоқтың қасы» [14, 10] .

Әдебиет зерттеушілері мен ғалымдардың осы іспеттес ой-пікірлері қандай да бір халықтың мәдени-рухани даму тенденциясында өзара байланыстың баға жетпес рөлі бар дегенге саяды. Бұған батыстық, кеңестік және отандық оқымыстылардың еңбектері куә.

Жалпы, әдебиеттердің байланысу мүмкіндігі мен өзара жақындасуы -олардың даму заңдылығының сәйкестігіне, шындықты бейнелі көркемдеу тәсілдерінің ортақтығына негізделеді. Өзара байланыс пен рухани құндылықтардың алмасуы жас әдебиеттің қалыптасуы мен өсуін неғұрлым толық бағалау мен сараптауға қызмет етеді. Және олардың жаңа жағдайда дамуына жағдай туғызады.

Әдебиеттің даму деңгейі жоғары болған сайын, оның басқа халықтың көркем өнерімен қатынасы да ұлғайып, нығая бермек. Бұл жөнінде академик В. М. Жирмунский былай дейді: «Халық неғұрлым мәдениетті болған сайын, соғұрлым оның басқа халықтармен байланысы мен өзара қатынасы қарқынды болмақ» [15, 73] .

Әдеби байланыстар-түрлі әдеби-тарихи және көркемдік-эстетикалық фактілердің өзіндік көрінісі ретінде үнемі ауысатын өте күрделі, көп қырлы диалектикалық құбылыс.

Біріншіден, олар әдебиеттердің әлемдік деңгейдегі өсу жолдарына, екіншіден, әртүрлі ұлт мәдениетінің тарихына, үшіншіден, нақты әрбір қаламгер шығармаларына қатысты туындайды.

Әдебиеттанудың өзекті мәселесі болғандықтан да, әдеби байланыстар көптеген ғылыми зерттеу еңбектері мен пікірсайыс, конференциялардың өзегіне айналды. Осы ретте, 1960 жылы Мәскеуде өткен пікірсайыстың орны мүлдем бөлек. Бұл жиында сөз өнеріндегі алмасудың екі негізгі түрі атап көрсетілді. Бірі - әдеби процестердің тарихи келісім ұқсастығы болса, екіншісі-өзара тығыз қарым-қатынас. Бұл жіктеу бұдан кейін жазылған еңбектерге басты нысана болды.

В. М. Жирмунский, Г. И. Ломидзе, Н. И. Конрад, И. Г. Неупокоева және т. б. көрнекті ғалымдар өз еңбектерінде Кеңестер Одағы аясындағы ұлттар әдебиетіндегі байланыстардың маңызды проблемаларын әлемдік деңгейге көтеріп, әдеби байланыстардың жалпы теориясына үлкен үлес қосты.

Алайда, әдеби байланыстардың теориялық мәселелерін арқау еткен бұл еңбектерде зерттеушілер мәселесі тұтас әрі жүйелі зерттеуді мақсат етпей, көркемдік тәсілдердің дәйектеріне ғана иек сүйеген. Мәселен, танымал ғалым Н. И. Конрадтың еңбегінде [15, 64] әлем халықтары сөз өнерінің қарым-қатынасы, бір-біріне еткен ықпалы мен жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық әсері, бәрі Батыс - Шығыс контексі тұрғысында қарастырылған.

Жалпы, аталмыш зерттеу объектісін жан-жақты және жүйелі қарастыру міндеті әдеби байланыстың бірқатар теориялық әрі методологиялық мәселелерін анықтауды талап етеді.

Кейінірек ғалым И. Г. Неупокоева осы пікірсайыста білдірген көзқарасын дамыта отырып, әдеби қарым-қатынастың ерекше түрі ретінде этногенетикалық байланысты атап көрсетеді. Ғалымның пайымдауынша, көркем әдебиеттің жалпы даму заңдылықтары ұлт әдебиеттерін салыстыра зерттеуде айқын көрінеді. Демек, әлемдік әдебиет тарихында тарихи процесс бірлігін айқындау өте күрделі.

Ал, әлеуметтік-тарихи процесс негізінде қалыптасатын ұлт әдебиеттерінің өсуі өзара қарым-қатынас өрісімен тығыз байланысты. Әдеби байланыстардың тарихи кезеңдерге байланысты әртүрлі сипатта байқалатыны және жалпы даму үрдісінде ұлт әдебиеттерін жан-жақты байытатыны рас. Демек, ұлт әдебиеттерін түгел қамтитын байланыстар тарихының әлем әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны.

Алайда, ғалым әдеби процесс пен байланыс мәселелері төңірегіндегі ой-тұжырымдарын негізінен кеңестік жүйе тұрғысында сараптайды. Мәселен, ұлттық әдебиеттердегі әлемдік әдеби даму деңгейінің көріністері мен ілгері жылжуына жол ашатын жаңа өзгерістерді әлем әдебиетінде социалистік реализмнің қалыптасуымен байланыстырады. Сөйтіп, маркстік ілім негізіндегі әдебиеттануды дәріптейді.

Әлбетте, бұл - қасаң қағида, қатал жүйе үстемдігі тұсында жаңылыс айтылған, қисынсыз ой-пікір екені даусыз. Мысалы, зерттеуші өз ойын былай жалғастырады: «Әрине, халықаралық әдеби байланыстарды зерттемей, олардың әлем мәдениеті тарихындағы рөлі мен маңызын білмей белгілі бір ұлттық әдебиеттерді әрі қарай тыңғылықты зерделеудің қажеті шамалы. Бұл мәселеге біздің елдегі марксистік әдебиеттанумен қатар, шетелде де айрықша назар аударылуда [16, 16-51] .

Ғалым И. Г. Неупокоева зерттеудің методикасы мен методологиясына қатысты маңызды мәселелерді атап айтқанда тақырып пен әдеби қарым-қатынасты зерттеудің методологиялық принциптері туралы; тарихи жағдайға байланысты қалыптасқан әдеби байланыс түрлері мен формалары жөнінде; тарихи даму үрдісіндегі рухани алмасудың бірқатар заңдылықтары жайында толғақты проблемаларды алға тартады.

Сөйтіп, байланыстың екі түріне айрықша тоқталады. Оның бірі - өзара жанаса қарым-қатынас жасау болса, екіншісі-тарихи жағдайға орай қалыптасқан әдеби процесс тұрғысындағы байланыс.

Міне, осы байланыстар әлемдік тарихи-әдеби процестің әртүрлі сипатын білдіреді деп келсек, бұл-марксистік әдебиеттану теориясы тұрғысынан жасалған байлам болатын. Бұдан мынадай тұжырымдама жасадық: бұл екі әдеби байланыс түрі өздерінің табиғаты тұрғысында әралуан болып келеді. Нақтырақ айтқанда, әрқайсысының өз мақсат-міндеті бар. Соған орай, оның әрқайсысының ерекше ықпал ету аумағы мен өзіндік проблемасын әрі методикасын зерттеу көзделінген. Мәселен екі ғасыр аралығында түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынас жасауын сол тұстағы тарихи-мәдени процесс орасан зор қозғау салды.

Ал, бұл жөнінде пікір қосақтаған шетел зерттеулеріне «буржуазиялық әдебиеттану түсінігінде» деп сын айтылды. Атап айтқанда, әдеби байланыстарды жіктеудің ғылыми тұжырымы зерттеудің салыстырмалы не тарихи тәсіліне сәйкес жасалынды және бұлайша бөлшектеудің методологиялық себептері бар дегенге саяды. Ол себептер біріншіден, әлемдік тарихи-әдеби процесті ұлттық және халықаралық дамудың диалектикалық бірлігі ретінде түсінбеу болса, екіншіден, тарихи-әдеби даму заңдылықтарын жалпы адамзат өркениетінің өнер ерекшелігі деп танымаудан туындаған деген ой сілемесі сезіледі [16, 22] .

Сондықтан, ғалымның пайымдауынша, тарихи түрде қалыптасқан әдеби байланыс түрлерін зерттеуде ұлттық әдебиеттердің әралуан даму жолдары мен әлемдік көркемөнер өрісінің жалпы тенденциясын үнемі назарда ұстаған жөн. И. Г. Неупокоева сол тұста айқын көрініс тапқан түрлі ұлттық әдебиеттер тарихындағы параллельді құбылысты, олардың даму үрдісіндегі тарихи ұқсастықты айрықша көрсету тенденциясы барын сынайды. Және ол әдебиеттерде ерекше із қалдырған көп қырлы байланыстарды байқауға ұмтылыс жоқтығы айтылды. Сөйтіп, сол кездегі кеңестік әдебиеттегі ортақ мүдде тұрғысындағы көзқарас дәріптелді, яғни, жалқыдан гөрі жалпыны уағыздаған қоғамдық жүйе қатынасында ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін емес, интернациональдықты айту көзделді.

Осы орайда, ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстарын жай ғана атап қоймай, әдеби процестің күрделі ішкі заңдылықтарын қамтып, бұл алмасулардың ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы ролін және шығармашылық өрістегі алатын орнын айту лазым.

Әлбетте, ұлттық көркемдік дамудың тарихи-әлеуметтік жағдайлары мен алғы шарттары туралы мәселенің көкейкестілігі-әдеби қарым-қатынастарды өзара тығыз көркемдік алмасуларға итермелеп, маңызын арттырады.

Бұл ретте, ғалым әдеби байланысудың мәні мен өзектілігіне қатысты мәселелерді атап көрсетеді: тағдыр-талайы бір-біріне ұқсас халықтар әдебиетінің байланысы; тілі жақын туысқан ұлттар әдебиеттерінің қарым-қатынасы; идеялық-эстетикалық тұрғыда ортақ әдеби бағыттар байланысы және т. т. [16, 22] .

Бұл мәселелердің шешімі қазіргі әлемдік әдеби үрдістің қыр-сырын танумен қатар, әдеби байланыс пен өзара қарым-қатынас жөніндегі теорияны білу үшін де қажет.

Осы орайда, тарихи-әдеби процесс тұрғысындағы аймақтық әдеби байланыс мәселесі аса маңызды. Мәселен, өзіміз зерттеу нысаны етіп отырған Ресей аймағындағы түркі ұлыстарының рухани алмасуы туралы осыны айтуға болады.

Жасыратыны жоқ, бұл мәселе төңірегінде бұрын-соңды айтылған ой-пікірлердің қайшылығы бар екені анық. Оның заңдылығы мынада: Бірінші-кеңестік кезең тұсында таптық тұрғыдағы тұжырымдама бұл мәселенің шынайы бағасын беруге тосқауыл болды.

Екінші-аймақтық әдеби байланыстың тірегі болып табылатын туысқан халықтардың түп бірлігіне, тектік бауырластығына назар аударылмады. Үшінші-атеистік ұғым белең алған тұста бұл байланысқа себепкер болған ірі қаламгерлер шығармаларындағы діни дүниетаным ашып көрсетілмеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Қазақ энциклопедиясы
ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс
Түркі халықтарының XIY-XYIII ғасырдың I жартысындағы орналасуы, тілі, діни сенімі, демографиялық және антрополгиялық құрамы
Германия мемлекеті
Қазақ әдеби туындыларының аударылуы жайлы
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
Түркі өркениеті және мәдениеті
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz