Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Қараханид дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің өркендеуі ... ... ... ... ... 9
1.2 Жүсіп ақын шығармасының көркемдік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлер әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Жүсіп Баласағұни мен қазақ ақындарының дәстүр сабақтастығы ... ... ..33
2.1 Жүсіп ақын мен қазақ ақындар поэзиясының көркемдік табиғаты ... .33
2.2 Жүсіп пен Абайдың даналық іздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мың жылдық, бабалар қолымен жазылған кітапты парақтағанда, беттерінен жалтылдап төгілген ой маржандарын көргенде – халық даналығына таңдану да, табыну да аздық ететіндей. «Құтты білік» дастанындағы ой толғамы да, тілі де ерекше қызықты, тағдыры да өзгеше кітап. Біз үшін туған даласына қайта оралған даналық.
Қазір бүкіл шығыс зерттеуші ғалымдардың назарын күн санап өзіне аудара түскен «Құтадғу білік» 1069-1070 жылдары он сегіз айдын ішінде жазылған. «Құт білімі» 917 жылдан кейін Қазақстан жеріне алыс сапардан қайта оралғандай болып отыр. Яғни қайта оралған мұра. Егер көкірекке, зердемізге үңілсек, бала жастан құлағымызға сіңген, жанымызға ана сүтімен тараған халық дәстүріне, салт-санасына, қағидаға айналған сөздеріне ой жүгіртсек, осынау ұлы жазумен әр уақыт болғандай, әсерге бөленеміз. «Құтты білік»дастанының әр тарауы, әр сөзі – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай.
Поэмадан байқалып тұрғандай Жүсіп Баласағұн өз заманының озық ойлы энциклопедист ғалымы, философ, адам жанын нәзік сезінген ақын. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»дастаны оқыған сайын қарапайым даналығымен таңдандырып үйіре беретін,халықтың елдігін, түркі мәдениетін, сана-сезім, салт-дәстүріміздің ата-тегін айқын меңзеп дереді.
«Құтты білік» – халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген кітап.
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы – Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет, ғылым-білім саласында басқа қалалармен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрк» (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қарашидың «Мүлхакат ул Сурах» (1230-1305) т.б. шығармаларын айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен «Құсайынның дерті» дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы «Құдатғу білікті» (Құтты білікті) [1] 1069-1070 жылдардың аралығында жазған.
Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының небір көркем сөз үлгілерін, 500-ге тарта мақал-мәтелдерін пайдаланады. Солардың ішінде қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды, нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Әсіресе, ақынның өз дастанын диолог арқылы төрт кейіпкердің өзара әңгімесіне құруы – бұрын-соңды түркі әдебиетінде болмаған жаңа дәстүрдің бастауы еді.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік, шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру – әдеп нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі от басы, ошақ қасында басталады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақ атамыз. Жастарға рухани тәрбие беру құндылықтары – ар ұят, адамгершілік, адамдық қасиеттерді ардақтау және сақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. –Алматы: Жазушы, 1986. –616 б.
2 Сүйіншіәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы: Жазушы, 1967. –384 б.
3 Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. (Көркемдік дәстүр жалғастығы). –Алматы: Ана тілі, 1998. –256 б.
4 Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана: Елорда, 2000. – 288 б.
5 Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. –Аламты: Рауан, 1997. –213 б.
6 Егеубай А. Құлабыз. –Алматы: Жазушы, 2001. –216 б.
7 Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы: Қазақ университеті. – 400 б.
8 Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б.
9 Құрышжанов Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. – Алматы: Қайнар, 2001. – 472 б.
10 Сағындықұлы Б. «Ақиқат сыйы» және оның тілі. –Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 203 б.
11 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Атамұра, 2005. –336 б.
12 Валитова А. О некоторых терминах «Кутадгу билиг» // Краткие сообщения института народов Азии. Литератураведение, фольклористика и изучение памятников. –Москва: Изд-во восточн. лит., 1963. – С. 111-123.
13 Ел қазынасы – ескі сөз (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). –Алматы: Ғылым, 1994. –616 б.
14 Баласагунский Юсуф. Благодатное знание: Пер. На рус. яз. С.Н.Иванова. –Москва: Наука, 1983. –558 с.
15 Бертельс Е.Э. Кутадгу билиг и его значение // Шарк хакикати. – Ташкент. 1984. №1-2 (4-5). –С. 14-15.
16 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап /Құраст: Т.Кәкішұлы, т.б., –Алматы: Қазақ университеті. – 467 б.
17 Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. –Алматы: Ғылым,1998. – 216 б.
18 Егеубаев А. Кісілік кітабы. –Алматы: Ана тілі, 1998. – 320 б.
19 Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. –Алматы: Ғылым, 1983. – 182 б.
20 Егеубаев А. Алғы сөз //Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – Б. 3-12.
21 ХІХ ғасыр әдебиеті. (Құр. Х.Сүйіншәлиев). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 224 б.
22 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993. – 248 б.
23 Қосымова Г. Баласағұн шешендігі // Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы: Конференция материалдарының жинағы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты: – Алматы, 2001. – Б.134-140.
24 Айтматов Ш. Рухий доолөттун башаты // Кыргызстан маданияты. 1986. - №6, 7 февраль.
25 Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. –128 б.
26 Дербісәлин Ә. дәстүр және жалғастық. –Алматы: Ғылым, 1977. –181 б.
27 Бөлтірік Әлменұлы. Шешендік сөздер. –Алматы: Ғылым, 1993. –181 б.
28 Жармұқамедұлы М. Көненің көзі. –Алматы: Санат, 1996. – 144 б.
29 Дәуітұлы С. «Диуани хикмет» хақында. –Алматы: қазақстан, 1998. – 168 б.
30 Жандарбек Ж. Йасауи жолы және қазақ қоғамы. – Алматы: Ел-шежіре, 2006. – 256 б.
31 Әдебиеттану терминдер сөздігі. /Құраст.: З.Ахметов, Т.Шаңбай/ - Семей-Новосибирск: «Талер-Пресс», 2006. – 398 б.
32 Қазақ халық әдебиеті. –Алматы: Жазушы, 1986. –5 Т. Батырлар жыры. 1989. –384 б.
33 Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ. Ж.Баласағұни педагогикасы. Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 124 б.
34 Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. –Алматы: Ғылым, 1988. – 210 б.
35 ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: Білім, 1994. – 352 б.
36 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларыныњ шығармалары /Құраст: Мағауин М., Байділдаев М. Екі томдық. Т.2. –Алматы: Жазушы, 1989. –384 б.
37 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
38 Әлем: Альманах: Өлеңдер, очерктер, әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 496 б.
39 Абай. Өлеңдер. – Алматы: Мөр, 1994. – 415 б.
40 Күлеев Б. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 2000. – 284 б.
41 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 278 б.
42 Көпеев М.Ж. Өлеңдер, рауаяттар, дастандар. –Алматы: Ғылым, 1995. – 181 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...9
1.1 Қараханид дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің өркендеуі ... ... ... ... ... 9
1.2 Жүсіп ақын шығармасының көркемдік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Құтты білік дастанындағы кейіпкерлер әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..17
2 Жүсіп Баласағұни мен қазақ ақындарының дәстүр сабақтастығы ... ... ..33
2.1 Жүсіп ақын мен қазақ ақындар поэзиясының көркемдік табиғаты ... .33
2.2 Жүсіп пен Абайдың даналық іздері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мың жылдық, бабалар қолымен жазылған кітапты парақтағанда, беттерінен жалтылдап төгілген ой маржандарын көргенде - халық даналығына таңдану да, табыну да аздық ететіндей. Құтты білік дастанындағы ой толғамы да, тілі де ерекше қызықты, тағдыры да өзгеше кітап. Біз үшін туған даласына қайта оралған даналық.
Қазір бүкіл шығыс зерттеуші ғалымдардың назарын күн санап өзіне аудара түскен Құтадғу білік 1069-1070 жылдары он сегіз айдын ішінде жазылған. Құт білімі 917 жылдан кейін Қазақстан жеріне алыс сапардан қайта оралғандай болып отыр. Яғни қайта оралған мұра. Егер көкірекке, зердемізге үңілсек, бала жастан құлағымызға сіңген, жанымызға ана сүтімен тараған халық дәстүріне, салт-санасына, қағидаға айналған сөздеріне ой жүгіртсек, осынау ұлы жазумен әр уақыт болғандай, әсерге бөленеміз. Құтты білікдастанының әр тарауы, әр сөзі - адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай.
Поэмадан байқалып тұрғандай Жүсіп Баласағұн өз заманының озық ойлы энциклопедист ғалымы, философ, адам жанын нәзік сезінген ақын. Жүсіп Баласағұнның Құтты білікдастаны оқыған сайын қарапайым даналығымен таңдандырып үйіре беретін,халықтың елдігін, түркі мәдениетін, сана-сезім, салт-дәстүріміздің ата-тегін айқын меңзеп дереді.
Құтты білік - халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген кітап.
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы - Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет, ғылым-білім саласында басқа қалалармен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқаридың Диуани луғат ат-түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қарашидың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларын айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдатғу білікті (Құтты білікті) [1] 1069-1070 жылдардың аралығында жазған.
Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының небір көркем сөз үлгілерін, 500-ге тарта мақал-мәтелдерін пайдаланады. Солардың ішінде қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды, нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Әсіресе, ақынның өз дастанын диолог арқылы төрт кейіпкердің өзара әңгімесіне құруы - бұрын-соңды түркі әдебиетінде болмаған жаңа дәстүрдің бастауы еді.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік, шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру - әдеп нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі от басы, ошақ қасында басталады. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген қазақ атамыз. Жастарға рухани тәрбие беру құндылықтары - ар ұят, адамгершілік, адамдық қасиеттерді ардақтау және сақтау.
Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты. Жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Ізгілік - адамдықтың негізі, әрі адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы. Міне осыларды негізге ала отырып Жүсіп Баласағұнның Құтты білікдастаны осы жайлы жазылған.
Құт пен ізгілік - егіз ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіп-қонған кезбе күйі заманына, адамына қарай қалыптасқан салыстырмалы, шартты түсінік. Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ. Адамдық қасиет пен тірліктің шыңына шығып, басындағы бағын мәңгілік еткен адам аз. Содан да құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай, ізгілік іздеп, шарқ ұрып кезбе атанған. Ал ізгілік-мәңгілік кепілі.
Жүсіп Баласағұн таныған кісіге түпкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады. Ізгілікті дәріптеу арқылы екі ақын түпкі ой-армандарын табыстырады. Ізгілікті дәріптеп, марапаттауға екі ақын өзіндік таным, қабылдауларын қолданған. Құтты білік дастанының мазмұны соншалық бай әрі ауқымды. Жүсіп Баласағұн адамдық әлемді мүсіндеуге әр қырынан келеді. Сөйтсе де әртүрлі тақырыптар бір ғана ізгіліктің қыр-сыры мен құдіретін ашып,танытуға жұмсалады. Дастанның аты Құтты білік болса, сол құтпен бақытты табатын білік - ізгілік. Әр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып кететін түрлі таным тарауларын таратып бақсақ,тағы да сол ізгіліктің қасиетін тани түсеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Соңғы жылдары Құтты білік дастаны жөнінде Х.Сүйіншәлиевтің [2], Н.Келімбетовтің [3; 4], Ә.Дербісәлиевтің [5], А.Егеубайдың [6], Ә.Қоңыратбаевтың [7], Қ.Мұхаметханоатың [8], тілші ғалымдар Ә.Құрышжанұлының [9], Б.Сағындықұлының [10], жекелеген мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері жарыққа шықты. Соған қарамастан, дастандағы көркем бейнелердің жасалу ерекшелігі, тарихи кезең оқиғаларымен өзара байланысы әдебиеттанушы ғалымдардың арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Сол себепті де, Құтты білік дастанындағы образдардың ішкі және сыртқы жан дүниесіне үңілу, олардың біртұтас мемлекет құрудағы әсер-ықпалын саралау - диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болмақ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастаны араға ғасырлар салса да өзінің мәнін жоймайтын асыл жауһарлапрдың бірі. Демек, жаңа ғасырда, жаңа ұрпақ көсімен осынау шығармаға тағы бір рет тереңірек үңіліп, бүгінгі күн биігіндегі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан баға беру біздің негізгі міндетіміз.
Ж.Баласағұнидың даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы - бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі десек, Құтты білік арқылы жалғастық тапқан көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ позиясында ықпал етпеуі мүмкін емес. Олай болса, бұл мәселелердің де басын ашу дипломдық жұмыстың міндетіне кіреді.
Зерттеудің нысаны: қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының классикалық түркі халықтарының әдебиеттерінің ықпалында өзіндік жол тауып қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Әдебиеттану ғылымының хронологиялық диахрондық және синхрондық, талдау және жинақтау әдістері.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы.
- жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындары мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқу-тәрбие процесінде, мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру iсiнде пайдалануға арналған оқу құралдарына қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы

1.1 Қараханид дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің өркендеуі

Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. Құтты білік дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ, бұл алғы сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшіреушілердің бірі жазған болса керек.
Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір деректерді Құтты білік дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған. Ол қала Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойында болған.
Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор роль атқарғаны мәлім. Ақынның Құтты білік дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жайт емес. Бұл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде ақын: Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туылған, осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім дейді.
Жүсіп Баласағұнның толық аты Жусуф Хас-хожиб. ХІ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір сүрген адам.
Жүсіп, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Тоқмаққа жақын Шу бойына орналасқан ескі қалалардың бірі - Баласағұнда туған. Осыдан Жүсіп Баласағұни деп аталып кеткен. Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-музыкант екен. Ол да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты Табғаш Бұғра Қарахан Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аузының айтуынша, Дәрди Хұсайын деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты. Жүсіп осы талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскен. Жасынан зерделігімен көзге түсіп, сарай қожаларының көңілін аударған.
Боғрахан Жүсіптен зор үмітті боп, оны баулыған. Жүсіп кезіндегі атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген. Әділет жолын іздеп, аласұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб, қытай, тілдерін жақсы білген. Сол кез әдебиетінен, тарихынан, астрономиясынан, геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған.
Білім мен өнер жолын қуған Жүсіптің дүние, дәулетпен ісі болмай, парасатты өмір сүрген. Жүсіп өзінің саналы өмірін ізденумен өткізіп, тез қартайғанына налиды. Елу жасқа келгесін-ақ шашы ағарып, буыны босайды.
Жүсіп өзі айтатын: Елу жас маған қаһарын тигізді, қара шашым аппақ болды, отыз жыл жиғанды елу не қылар екен?. Осы келтірілген сөздерге қарағанда, Жүсіп өз дастанын елу жасқа келген шақта жазған. Ал жазу, іздену жұмысымен отыз жыл бойы айналысқан. Бірақ ол дастанын 18 айда жазып шықтым деп ескерткен. Осы дерекке сүйенген Түркия ғалымы Р.Р.Арат ақын атақты дастанын аяқтағанда шамамен 54 жаста болған, демек 1015-1016 жылдары туған деген болжам айтады. Бұл пікірді тағы да түрік ғалымы А.Ділашар жалғастырып, Жүсіп Хас Қажыб дастанды жазуды елу жасында бастаған, сонда 1018 жылы туған болып шығада деп жазды. А.Ділашар ойшыл ақын 1068 жылы Қашқарға аттанды, шығармасын сонда жазды деген де болжам айтады. Дастанның кіріспесінде: Қашқарда жазып бітірдім,- деген дерек бар (24, 25, 59-бәйіттер). Дегенмен ғалымдардың көпшілігі Жүсіп шығармасының Баласағұнда басталып жазылып, Қашқарда аяқталғанын қолдайды.Хижраның 462 жылы немесе 1069 жылы аяқтаған. Жүсіп Хас Хажиб бұл еңбегін жасы егде тартып қалған шағында жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: Елуге де кеп қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық, - дейді.
Жүсіптің бізге тек осы Құтты білік дастаны ғана жеткен. Өзге жазғандарынан мәлімет жоқ. Асылы, Жүсіптің өзі жазған туындылары тек бір осы дастан ғана болмас. Дастан жазғанға дейін Жүсіптің басқа әдеби туындыларының болуы ғажап емес, керісінше, талай тамаша әдеби шығармалар дүниеге келсе де бізге жетпей тарихтың қалың қыртысында көміліп, жойылып кеткен сияқты.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұидың Құтты білік дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі - Хасан Қара Сейіл.
Дастанның осы Вена (Герат) нұсқасы қолдан-қолға өту арқылы бізге жеткен. Бұл қолжазба әлдекімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізілген. Мұны 1447 жылы біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арадан үш жүз жылдай уақыт өтекен соң, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пургшталь Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезінде біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға сыйға тартқан.
Осы нұсқа негізінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы Азия журналында бастырып шығарған ғалым, француз - Жауберт Амадес болды.
Бұл істі кейінірек Венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы Құтты білікті жеке кітап етіп шығарды.
Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петербург Ғылым Академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алдырған. Қазір бұл қолжазба бұрынғы ССРО, қазіргі Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі, Наманған нұсқасы. Оны 1913 жылы А.З.Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. Құтты білік дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Ғылым Академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді [11. 158].
Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды қазіргі өзбек әрпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды. Ал, А.Валитова болса, О некоторых поэтических особенностях Кудатгу билиг атты зерттеуін жазды. Ғалым аталмыш еңбегінде Ж.Баласағұнидың жан-жақты білімдарлығын жоғары бағалай келіп былай дейді: Құдатғу білік авторының медициналық әдебиеттерден мол хабары барлығы байқалады. Ол, әсіресе ибн Сина мен Орта Азияның басқа да көптеген ғалымдарының, дәрігерлерінің ғылыми қағидаларымен жете таныс болған. Мәселен, дастанда дүниені құрайтын төрт түрлі элемент жайлы, адам темпераменттері туралы, денсаулық сақтау жөнінде, ауру, сырқаттану және оның себептері, бұлардың адамның жас ерекшелігіне, ауа райына тәуелділігі, тамақтанудың гигиенасы, ауру адамды емдеудің тәсілдері т.б. мәселелер әр қырынан сөз болған [12, 7] - деп, ақынның медицина саласындағы білімін ерекше ілтипатпен атап өтеді.
Ғылымда бізге белгілі болған үш қолжазбаның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ғалымдар үш нұсқаны да өзара салыстыра зерттеп, Құтты біліктің ғылымға негізделген толық текстін жасап шығу үшін көп еңбек сіңірді.
Әйтсе де, мұның бәрі әлі алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді. Құтты білікті кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аудару саласында келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысты [13].
Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда осы кезде Құтты біліктің бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты В.В.Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажеттілігі туған еді.
Құтты білік дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов, С.Муталлибов сияқты кеңестік ғалымдары зор үлес қосты.
Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев Құтты білік дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері (дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде Құтты білік дастанынын түпнұсқаға мейлінше жақындатылған поэтикалық аудармасын жасап шықты.
Дастанның кіріспе түсінік сөздерін автордың өзі жазды ма, әлде кейінгі көшірушілердің ескертпесі ме? Бұл мәселе зерттеушілер тарапынан әлі тиянақталған жоқ. Сүйте тұрса да, кіріспе мақсаты айқын. Ол дастанға дұрыс түсінік беріп, шығарма мазмұнының тура түсінігін нұсқайды.
1971 жылы Мәскеу баспасы Құтты біліктің орыс тіліндегі поэтикалық мәтінін Н.Гренбневтің аудармасы бойынша бөлек кітап етіп жариялады. Бір ескерте кететін жай, аудармашы Н.Гребнев өзінің кіріспе сөзінде дастанға жоғары баға берген. Ол Құтты білікті даңқты Игорь полкі турыл жырмен қатар қояды. Маңызы мен көркемдігі жағынан бұл екі ескерткіш кеңес халықтарының мақтанышы боларлық көне дәуір мәдениетінің тамаша көріністері екенін атап көрсетеді [14,18].
Е.Э.Бертальс өз еңбектерінде Жүсіп дастанының ерекшеліктері туралы сөз қозғап, оның жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті негізінде жазылған шығарма екенін атап өтеді, онда ескі түркі эпосының әсері де айқын деп таниды. Ол: Баласағұн өз поэмасын көшпелілер талабына сай жазған... Поэманы түгелдей қарахандықтар тілегін көрсететін шығарма деуге болмайды. Дастанда дәстүрге көп орын берілген. Автордың өзі үстемдер билігін қолдаса да, адамгершілік идеясын жоғары көтеріп, әділдік, ұстамдылықты әр уақыт ханнан талап етеді [15, 83] дейді. Бірақ, Бартольд та, Бертельс те Құтты білік негізгі мазмұнын терең тексермей, оны не Иран әдебиетінің үлгісі деп танып, не бір ғана көшпелі елдің тұрмысымен байланыстырмақшы болған. Дұрысында Құтты білікте қала тұрмысы мен бақташылық тұрмыс қатар айтылып отырады. Тіпті қала тұрмысы мен мемлекеттік идея басымырақ деуге де болады. Мұнда көбірек ұшырайтын адамдар - қалада тұратын әкімдер, саудагерлер, шеберлер, оқымыстылар, олармен бірге мал өсіретін бақташылар, егіншілер. Сондықтан, бұл шығарманы егіншілік-отырықшылық пен мал өсірушілік тұрмысын бірдей қамтыған шығарма деу орынды.
Ескерткіштің тілі туралы да Бертельс өз пікірін айтқан: Құтты Білікті зерттеушілер оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр. Дұрысы, оның тілі түркі тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түркімен мен азербайжан тілдеріне жақын емес [15, 88], - дейді зерттеуші.
Құтты білік дастанын зерттеп, келелі пікірлер қозғап жүрген А.А.Валитова Бұл дастан тек Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ХІ ғасырдағы қоғамдық санасы мен тілін зерттеу үшін керек ескерткіш қана емес, бұған қоса ол көп жерлерде әлі эстетикалық маңызын жоймаған еңбек, қазірдің өзіндеде ол түркі тілді оқушылардың назарын аудара алады [12, 58], - дейді.
Жүсіптің тілінде арыстандай айбатты, сауысқандай сақ, түлкідей айлакер, данышпандай ақылды сияқты теңеулер қолданады. Басқа да қанатты тіркестер, ойлы тұжырымдар көп.
А.Н.Самойлович 1918 жылы жазған еңбегінде Құтты білікті қарлұқ тайпасы тілінде жазылды деп болжайды. Өзбек ғалымы Қ.Каримов - Чығыл тайпасы тілінде жазылады деп болжайды. Ал Әмір Наджиб Жетісу ескерткіштері тілінде жазылған туынды деп қорытады.
"Құтты білік" дегенде айтылатын білік формасының екі түрлі мән-мағынасы бар. Бірі - білім, екіншісі - билік ету, басқару. Ал, құтадғу сөзінің негізі құт сөзінен яғни бақыт екені мәлім. Сонымен бірге, құтадғу сөзі мәртебелі деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В.В.Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне Бақыт сыйлайтын білім (Знание, дарующее счастье) немесе Патшаларды ақылға шақыртатын білім (Знание, образующее царей) деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған.
Ал, С.Е.Малов дастанды Бақыт кітабы (Книга счастья) яки Бақытты етуші басқару (Осчастливливающее управление) деп аудару жөнінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші А.А.Валитова Құтадғу білігті - Басқару туралы білім (Наука об управлении) деп аударады.
Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жайында екенін аңғартады. Құтты білік дастанын тұңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жасаған С.И.Иванов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды - Құтты білік (Благодатное знание) деп өте сәтті аударған. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр.
Құтты білік орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таңдандырған әдеби көркем туынды.

1.2 Жүсіп ақын шығармасының көркемдік құрылымы

Құтты білік - барлық түркі халықтарына ортақ ғасырлық зор туынды. Оның жалпы көлемі 13 мың жол (тармақ) шамасы. Дастанының алдында қара сөзбен жазылған және өлеңмен жазылған түсінік, кіріспе сөзі бар.
Құтты білік - әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстықкөл, Жетісу және Қашқар өлкесінде болған шындықа байланысты өрістейді.
Құтты білік дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп, жазылған:
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің баласы Ұғділмыш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Жүсіптің негізгі пікірі - әділеттік пен ақыл, ақылды қарапайым адам басқарғаны жайлы, берекелі елді аңсау. Бұл әрине халықтың ертеден бергі ізгі армандарына ұштасады және Әл-Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактатымен үндес пікірлер мол ұшырайды. Әл-Фараби сияқты Жүсіп Баласағұн да қатал қара күшке қарсы ақыл мен парасаттықты қойған. Әділдік пен ақыл билеген бақытты өмір, молшылыққа кенелген тұрмысты аңсаған.
Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат - өсиет ақыл айту түріндегі трактат, адамгершілікке үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамға, үй ішінде қалай ұстай білуі керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс екендігі жөніндегі көптеген мәселелер қамтылған. Өзінің идеясы жағынан бұл дастан - жалпы адамгершілік, гуманизм рухында жазылған дидактикалық шығарма. Бірақ автордың негізгі мақсаты - қарахандықтар мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту еді. Өзінің этикалық принциптері жағынан ол Орта Азиялық әдет нормаларын негізге алады. Дастанның мазмұны - түсінікті, құрылысы қарапайым. Дастан оқиғасына аз ғана топ адам қатысады. Шығарма сюжеті осы адамдардың өзара әңгімелесуі, сөйлесуі, кеңесуі арқылы дамиды. Данышпан Одгурмыштың Елік бекке айтатын ақылдары, әділет, ырыс иелері араларындағы кеңес сөздер ретінде келеді [17, 112].
Поэманың құрылысындағы бір ерекшелік деп оның диологқа құрылуы. Бұл әдебиеттегі муназар формасы екенін бір дәлелдесе, екіншіден, ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының да мол әсерін танытады. Сонымен өзінің стилі жағынан Құтты білік кітабы жазбаша дәстүр мен ауыз әдебиеті ұштастырылған шығарма. Онан Орта Азия тұрғындары мәдениеті мен көшпелі тайпалардың мінез-құлқы, көркемдік талғамы байқалады.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл - 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық мәснеуи түрінде жазылған.
"Құтты білік" дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді [18, 108].
Поэманың негізгі тарауларында ақыл, өсеит, тәлім, тәртіп уағыздалады. Ханның өз қарамағындағыларға қамқор болуы тіленеді. Оған өз семьясында, қонақта, елшілер імен қызметкерлері арасында қандай істер істеуі керек, өзін қалай ұстаса жақсы болады деген сұрақтарға жауап береді. Сол сияқты, шығармадағы ақындарға сипаттама беретін тарау өте маңызды. Автор ақындық өнерді жоғары бағалайды, ақын тілін өткір қылышқа теңейді. Ақындарды ел үшін еңбек еткен адамның атын мәңгі сақтаушылар, даңқын асырушылар деп, ханға олардың өткір сөзіне ренжімей, қошеметтеп, көтермелеп, бағалай біл деп ақыл береді. Ақындар сөзін кең таратып, сұрағанын тартынбай беріп, өз сөзіңді сөйлетуге күш сал дейді.
Құтты білік дүние, әлем жайларын да сөз етіп, кезіндегі озық ойлы адамдардың дүние туралы түсініктерінен хабардар етеді. Әлемдегі жеті тұлғаны, он екі бұрыш (жарық жұлдыздар) дүниенің төрт бұрышы, аспан, ай, күн, түн, қыс, жаз, күз айлары жырланады. Бұлардың біріне-бірінің жарасымдылығы, өзара байланыста болатыны сөз болады. Қараңғы түнде жарық ай мен жұлдыз жарқыратса, күн нұры барлық планетаға жан беріп, өз әсерінде ұстайды, осының бәрі табиғи заңдылықта қозғалып, өзгеріп тұратын құбылыс ретінде суреттеледі. Ай мен күн, Шолпан, Жетіқарақшы, Теірқазық т.б. жұлдыздар аталып, олардың бәрі әлемді сәндендіріп, жан беріп тұр, олардың әрқайсысы атқарар әрекеттері бар, дүниеде артық жаралған нәрсе жоқ дейді.
Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жаһанға есімі мәшһүр болады. Құдіретті де, әділ патшаның атақ-даңқын естіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп алыс жолға аттанады. Ұзақ сапарда көп қиыншылықтарға ұшырап ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты, әбден сынап көреді. Ақыры оны патша өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырды. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түседі.
Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде жарық дүниемен мәңгілікке қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, Күнтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан баласы Өгдүлмішке өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. Өгдүлміш ер жетіп, Күнтуды патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, білгірлігімен, адамгершілігімен көзге түседі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. Өгдүлміш ел басқару ісін әкесінен де жақсы жүргізеді. Ел-жұрттың бақ-дәулеті еселеп артып, ол басқарған мемлекет жайқалған гүлстанға айналады.
Бір күні патша онымен әңгімелесіп отырып, Өгдүлмішке көмекші болуға жарайтындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда Өгдүлміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамның аты Одғұрмыш екен.
Патша Өгдүлмішке қалайда сол кісіні тауып, маған ертіп әкел деп өтініш жасайды. Өгдүлміш көп іздеп, ақыры Одғұрмышты табады. Бірақ ол бұл өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес күндік пәни өмірдің күйбең-тіршілігіне қайтып оралғысы келмейтінін айтып, патша сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты сарайға қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші мәрте шақыртқанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем айтады. Сонда ғана Одғұрмыш патшаға келеді. Екеуі ұзақ сұхбат құрады. Бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді. Содан кейін Одғұрмыш қайтадан дәруіш дорбасын асынып, тауға қарай кете барады.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. Адам жасы келіп, қолына таяқ ұстағанда бұл өмірдің, күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүниелік дәруіш болып кету керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын өле-өлгенше істей бергені жөн бе? Өгдүлміш осы сауалға жауап таппай дел-сал болады. Ақыры ол таудың бір үңгірін мекен еткен дәруіш - Одғұрмышке барады. Дәруіш оған: "Бұл өмірде адамдар үшін еңбек ету сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бұрынғыша адал атқара бер", - деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.
Жылдар жылжып өте береді. Бір күні Одғұрмыш ауыр науқасқа шалдығып, Өгдүлмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге ұшырағанына Өгдүлміш қатты қайғырып, өзегі өртене күйіп-піседі. Ақыры Одғұрмыш дүниеден өтеді. Ал, Өгдүлміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикаясы осымен бітеді.
Әрине, "Құтты білік" дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.
Шығарманың негізгі тақырыптық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Мәселен, ел-жұртты басқарып отырған патшаның есімі Күнтуды болып, мұның өзі аллегориялық тұрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетуі тегін емес. Сондай-ақ патшаның уәзірі Айтолды да бақ-дәулеттің символы ретінде көрінеді. Шығармада аспандағы айдың дөңгеленіп, толуы - елдің бақ-дәулетінің кемеліне келгенін аңғартады. Өгдүлміш - ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынғаны бесенеден белгілі болып тұр. Ал, Одғұрмыш адам бойындағы қандай қасиетті бейнелеп көрсетеді? Мұны бірден түсіну қиын. Өйткені оны басқа қаһармандар секілді автордың таныстыру сөзімен емес, тек шығарма мәтінін оқып барып қана түсінуте болады [19. 63].
Одғұрмыш бейнесі - әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы аңғартады.
Сонымен, "Құтты білік" дастанының сюжеттік бөлімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Дастанның 14-20-тараулары Күнтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді. Ал, Айтолды мен Одғұрмыш арасындағы сұхбат шығарманың 21-22-тарауларында баяндалады. Күнтуды мен Өгділміштің диалогіне автор дастанның 24-38 және 72-тарауларын арнаған. Бұдан кейін Өгділміш пен Одғұрмыш (40-44, 46-67-тараулар), Күнтуды мен Одгурміш әңгімелері (70-71-тараулар), Айтолдының Күнтудыға жазған хаты (23-тарау), Күнтудының Одғұрмышке жолдаған екі хаты (39, 45-тараулар), Одғұрмыштің Күнтудыға арнаған сәлем хаты (44-тарау) болып келеді.
Поэманың құрылысындағы бір ерекшелік деп оның диологқа құрылуы. Бұл әдебиеттегі муназар формасы екенін бір дәлелдесе, екіншіден, ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының да мол әсерін танытады. Сонымен өзінің стилі жағынан Құтты білік кітабы жазбаша дәстүр мен ауыз әдебиеті ұштастырылған шығарма. Онан Орта Азия тұрғындары мәдениеті мен көшпелі тайпалардың мінез-құлқы, көркемдік талғамы байқалады.
Жалпы алғанда, Құтты білік дастанын композициялық құрылысы тұрғысынан қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық, т.б. мәселелерге арналған. Соның өзінде автор шығарма желісін үзіп алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен сюжет арқылы шеберлікпен жалғастырып отырады. Әр тараудағы әңгіменің негізгі өрістетушілері төрт кейіпкер болғандықтан, шығарма сюжеті композициялық тұтастықта көрініс тапқан.

1.3 Құтты білік дастанындағы кейіпкерлер әлемі

Жүсіп Баласағұнның поэмасы ақындық шығарма үлгісі болғанымен, бір жағынан философиялық трактат, бір жағынан бүтін бір дәуірдің этикалык көзқарастарының хатқа түскен үлгісі.
Философиялық дастан кесек-кесек ұғымдарға негізделіп, идеяларының негізінде ірі категориялар мен тарихи кезеңнің шындығы, сол кезеңнің тартысты, шиеленісті тынысы, адамдардың мінез-құлқы, ойы, тірлігі өлеңдердің астарынан айдан анық елес береді. Дастанның өзі әйтеуір тәрбиелік мәні бар тәлімдік туынды жазу мақсатынан гөрі, ер басына күн туып, ел іргесі түріліп, ел іші бұзылған алмағайып аласапыран сәттерде туғандығын байқатады. Философ, ақын қайтсек бақытты заман туады, қайтсек құтты мемлекет құрамыз, адам қандай заң қандай болу керек деген сауалдарға тынбай жауап іздейді. Шын бақыттың көзін адамшылықтан, қайырымдылықтан, білім мен әділеттен іздейді.
Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат - төрт кейіпкер, төрт философиялық категория. Өмірдің күллі құбылыстары да осы төрт ұғымнан туындайды. Ақын адам өмірінің төрт қажетті қасиетін тілге тиек ете отырып, өмір қоғам туралы ойларын толғайды. Төртеуінің әрқайсысына сипаттама береді. Әрбірінің бедерлі жақсылықтары мен елеулі міндерін сипаттайды. Кәдімгі психологиялық кескін. Бәрінен басты қасиет, дүниедегі тірліктің күніндей - Әділдік, Әділ заң. Поэмада да затына сай хан, әмірші бейнесінде суреттеледі. Күнтуды хан сипаты былай суреттеледі.
Елік айтты: - Атымды есті ер беріпті,
Қылығымды көріп, танып, сеніпті.
Дүниенің нұры жомарт алыбы
Күнді қара, сенбейтұғын жарығы.

Жарқыраған күнді көр де, көр мені,
Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені [1, 122].

Туралықпен таймас күші нұрының,
Соған ұқсас менің барша қылығым.

Қылық-құлқым осы, мәлім әріден,
Менен үлес тиер тегіс бәріне [1, 123].

Сөз басы - Күнтуды еліктің өзі атты алғашқы тараудың бірінде ақын ұлағатты ел басшысының, әділдіктің кейіп-келбетін түрлі жолдармен (авторлық ремарка кейіпкер сөзі, ғұлама ойы арқылы) мінездейді.
Елі жақын - сақ, қырағы адамның,
Көрі жақын - уайымсыз наданның! [1, 88].

Енжар болсаң - ұйқы басар, нас басар,
Ай, қадірлім, ғафыл болма, бақ қашар! [1, 88].

Бегі ізгі боп, түзу жүрсе бек ісі,
Қандай құтты болар еді ел іші! [1, 88].

Бектіктен ер табар еді бақ қанша,
Елдің ісін кісілікпен атқарса! [1, 89] -
деген тәрізді толғамдармен ізгі бектің, ізгі басшының қандай болмағын меңзейді. Әрине, X-XI ғасырдың өзінде ел басқару, мемлекет басшысы туралы мұндай нақтылы, өмір құбылыстарынан туындайтын сипаттама беру оңай емес. Оның өзі ақындық тілмен, ой мен сезім өріліп, елеулі ерекшеліктермен түйінделсе ғана жүзеге асады. Ақын өмір сүрген заманның әлеуметтік даму деңгейін осыдан-ақ байқаймыз.
Әділет, әділ басшы тұлғасы дастанның басынан аяғына дейін үзілмей жалғасып бедерлене береді. Бектік, ел басқару туралы арнаулы тарауларда да, өмірдің өтпелілігі, заманның бұзылғаны жайлы өкініш толғауларында да үнемі естен шығармайды. Әскер басы туралы сөз етсе де ел басқару ісіне ой қосады.
Жүректілер жүрексізді бастаса,
Жүрек бітер бәріне де басқаша [1, 222].

Тура сөйле, жүзің жарқын болады [1, 387].

Халқы азса, оны бектер түзетер,
Бек азса егер, оны кімдер түзетер [1, 478].

Түзетемін десең жұртты, біле бер,
Өзіңді өзің түзе - халқың түзелер! [1, 478].

Жақын тұрса, бектер ізгі адамға,
Жақсылыққа іңкәрләнар жаман да [1, 127].

Егер бекті иектесе жамандар,
Ел үстінде жалаңдар сол арамдар [1, 127].

Бас көтерсе жаман: жақсы қорланар,
Бас көтерсе жақсы: жаман жорғалар! [1, 127].

Бектері ессіз болмайынша, тегінде...
Ессіздердің көзі ашылмас елінде! [1, 27] -
деген сияқты тілге де, санаға да жеңіл қонар, дарынды қанатты ақыл-кеңестер көп-ақ. Ел ішінің азып-тозуын, әділеттің күйреп, ақыл-естің қадірі кетуін де осы ел басқару, адамшылық идеяларына тірейді. Надан таққа отырса, көрген күнің сор болар, Асыл тағың наданның бөксесінде қор болар!, Есіктегі есті ер, сүйген адамшылықты, Тақтан биік көтерер, сүйем табалдырықты!.. - дейді ақын. Ақ сөз, ащы сөз.
Аңғал болма! Өртің де бір, бек те бір.
Өртке түссе - майдай ерір көк темір [1, 64] -
деп ескертеді.
Әділет жалпы әділеттілік, шындық идеяларына ұласса, дәулет (Айтолды) қанағат, ақыл, ұстамдылық сияқты қасиеттермен астаса суреттелген. Ай сияқты бірде толып, бір солып тұратындықтан атымды Айтолды қойған дейді. Дәулет, Бақ-дәулет, құт қаншама жақсы болғанымен баянсыз екенін, өткінші қызыққа малданбау керектігін айтады. Сенбе құтқа, келсе - кетіп қалады, сенбе баққа, береді де алады [1, 111] дейді. Дәулет ырыс-құтты ұзақ іздеп баянды етудің жолдарын да әңгіме етеді:
Іздеген жан, болсын жібек мінезді,
Көңілі таза, тілі майда, жігерлі.

Аяса өзін, мекерлікті білмесе,
Жауыз істің манынан да жүрмесе [1,112].

Құрмет қылса үлкендерге өзінен,
Кішілерге мейірім төксе сөзімен.

Кісілерді кішіктікпен тыңдаса,
Кіші сөзін аяқ асты қылмаса.
Тектен текке шарапқа аран ашпаса,
Тектен текке несібесін шашпаса.

Қол мен тілін бос ойыннан сақтаса,
Құлық-қылқын оңдап, жөнсіз лақпаса.

Міне, осылар баянсыз құт кісені,
Кісендесе, қашпайды өзі-ақ түседі [1,112].

Құтты ғұмырдың шын мәні туралы біраз ойлар осы Айтолды аузынан айтылады.
Турашыл бол, тура жүріп жұмыс қыл,
Туралықтың өзегінде - ырыс, құт.

Жақсылық ет, есерліктен безгейсің,
Сонда ізгілік келер, іздеп кезбейсің [1,160].

Жаманнан без, қор қылады басыңды,
Ол у жылан, умен булар асыңды [1,401].

Өсекшіні жолатпа үйге, дарытпа,
Естігенін түгел жаяр халыққа [1,160], -

деп ұлы Өгдүлмішке өсиет етеді. Осы өсиеттегі: қорлық, шарап уын тигізер - жоқшылыктың жыртық тонын кигізер!

Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,
Зинақордың ар-ұяты ашылар [1,163].

Шарап ішпе, арамнан бой тасала.
Пасық болма, зинақорлық - жасама, [1,163] -

деген жолдар да ұрпақ алдындағы өмір шындығынан қалдырған өнеге. Дәулет, құт та шығарманың күллі желісінен түрлі аспектіде көрініп, жақсылы-жаман қасиеттерін ашып, адамдарға қаласаң осындай, қаламасаң анадай бол дейтіндей ой қалдырады.
Күнтуды елікке (Әділетке) бүкіл өмірдің мәнін елді қалай басқару керектігін, уәзір, бектер қандай, аспазшы, әскер басы, қызметші қандай болу керектігін, малшы, жалшы, ақындармен, ғалым, оташылармен т.б. қалай қатынасып, қандай әйелге үйлену дұрыстығына дейін ақыл (Өгдүлміш) әңгімелейді. Әрқайсысына ұтымды мінездеме беріп, әрқайсысының ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жай сипаттау емес ойын үнемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Құтты білік дастаныны
Ізгілік ұғымын дамытудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
Қазақ философиясы мен мәдени жүйесінің өркендеуіндегі Әл-Фараби танымының өміршеңдігі
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Пәндер