Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Жүрсін Ерманның өмірі мен шығармашылығы . . . 9
1. 1 Ақын Жүрсін Ерманның шығармашылық жолы . . . 9
1. 2 Жүрсін Ерман және қазақтың айтыс өнері . . . 16
2 Жүрсін Ерман лирикасы . . . 23
2. 1 Жүрсін Ерман лирикасынның жанрлық-стильдік сипаты
көркемдік ерекшелігі . . . 23
2. 2 Жүрсін Ерман мен Қасым Аманжолов поэзиясындағы үндестік . . . 60
Қорытынды . . . 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72
Кіріспе
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Тақырыптың маңыздылығы оның тың зерттелмегендігінде. Ақын, журналист, айтыс өнерін қайта жандандырып, ұйымдастырушы Ерманов Жүрсіннің шығармашылығы мен лирикасына кеңірек тоқталу. Ақынның қоғамға әкелген жаңалығымен терең танысу, зерттеу.
«Қайта құрыла» бастадық. Желтоқсан айы туды. Қанға бөктік. Дегенмен, жер-жердегі дүмпуден шошыған партия халықтың ноқтасын қалдырып, жүгенін алды. Ауыздықтан арылдық. Дәл осы кезде тарих сахнасына, Қазақстан тарихы сахнасына Жүрсін шықты. Кәдімгі тележурналист Ерманов.
Ең тамашасы, Алланың есіркегені бұл кезде Иса Байзақов, Нұрқан Ахметбеков, Нартай секілді дүлдүлдердің көзін көрген Манап, Көкен ағаларымыз бен Тәушен апамыз уақыт, заман мүжісе де тұғырдан түсе қоймаған. Томағасын сыпырғанда бұлбұлдай сайрап қоя берді. Кейінгі ұрпақ суырып-салма ақын болатынын көзбен көрді, көрді де «ондай болмақ қайда демей» тәуекел деді. Сөйтіп, суырып-салма жұлдыздардың тұтас бір шоғыры көгімізге шығып, ел жүрегіне нұрын шашты.
Бүгінгі таңда айтыс өнері ерекше дамып келе жатыр. Осы салада белгілі ақын, қоғам қайраткері, айтыстың жанашыры және осы өнерді халыққа танытуда ерекше еңбек сіңірген Жүрсін Ерманның атқарған қызыметі зор. Өткен дәуірдегі айтыс пен бүгінгі айтыстың айырмасы жер мен көктей. Себебі қазіргі айтыскерлеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба ақындардан артықшылығы - көп оқиды, көп ізденеді. Сондай-ақ, өздерінің жазғанын домбыраға қосып, әнімен айта алады. Айтыскерлеріміздің сахнадағы айтысы жазба ақындардың поэзиясының деңгейінен бір мысқал да кем емес. Тапқырлығы, қиялының ұшқырлығы, көркем образдары, жазба әдебиетте кездеспейтін керемет теңеулер, метафоралар, метонимиялар, образды ойлар бүгінгі ақындардың айтысында қолданылып жүр. Бұл туралы ақын Иранғайып: «Айтыстың поэзиясы мен жазба поэзия бірігіп, қабысып кетті» деп пікір айтады. Бүгінгі айтыскерлерде үлкен төрт қасиет бар: талант, айтысты көріп өскен тәжірибе, сауат, өнеге-дәстүр
Журналистер егемендік кезең-нің қиыншылығын көрсетіп, халық өтінішін жоғарыға жеткізуде дәл осы Жүрсін «командасы» журналистер әлдеқайда артық іс тындыра алмайды. Өйткені, ақиқат осы. Себебі газет журналистерінің сөзі жететін ауқым тарылды - газет, журнал таралымы аз. Тележурналистер шеберлігі төмен, хабарларын көріп, тыңдап жабығасың. Ал ақындар айтысы болады дегенде сарайда ине шаншар жер қалмайды, теледидардан көрсететінін білсе, бүкіл қазақ сол уақытты теледидар алдына жиналады. Бұл айтыстың әсерлігі мен ықпалдылығын көрсететін тұс емес пе? Бүгінгі шын жүлде алған жүйріктердің деңгейі ақындар айтысының асқар шыңы - Біржан-Сара айтысынан да биіктеп кетті. Осынша қысқа мерзімде осындай жетістікке жазба ақындары жеткен жоқ. Тақырыптың маңыздылығы да сол, ақын Жүрсін Ерман біраз уақыт үзіліп қалған қазаққа ғана тән өнер айтыс өнерін жалғастырушысы ретінде өз халқын табуы. Екінші, Жүрсін Ерманды айтыс арқылы дүйім жұрт танып, кейін оның лирикасына ден қоя бастады. Осылайша, Жүрсін ақын қазіргі қазақ поэзиясының ұлы өкіліне айналып отыр. Оның лирикасын бүгінде Қасым мен Мұқағали лирикасымен салыстыра үндестіріп жүр.
Өнердің қай түрі болса да жаратушының жарылқауымен адам баласына берілетін көрінеді. Басқа-басқа, қазақтың айтыс өнерін кім қалай түсінеді? Тоғыз ғасырлық тарихты тоғыз минутқа сыйдырып жырлау, жеті көк пен жетіқат жерді суырып салма сөз өнері арқылы өрнектеу қазақ жан-дүниесінің жұмбаққа толы сырлы бояуының бір қыры емес деп кім айтар?! Арыға бармай-ақ, Біржан - Сара, Кемпірбай - Шөже, Жамбыл, Құлмамбет, Сүйінбай - Қатаған секілді ақындардан өнеге алған төл өнердің керегесі кеңге жайылған тұс Жүрсін Ерманмен байланысты екеніне ешкім көз жұма қарамас. Ұлытаудың ұланы бола жүріп, айтыстың туын Алаш жұртына қайта қадаған, сан ғасырлық тарихы бар киелі өнерге реформаторлық деңгейде өзгеріс енгізген ұлар ақын туралы әңгіме бір дипломдық жұмысқа сыймасы анық.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жүрсін Ерман лирикасының жанрлық-стильдік сипаты мен көркемдік ерекшелігін ашу арқылы ақынның қазақ поэзиясына қосқан өзіндік үлесін анықтау. Бүгінгі күндегі Жүрсін Ерман лирикасының қоғамдығы алатын орнын айқындау. Айтыс өнерінің бүгінгі күндегі өзектілігі мен маңыздылығын талқылау.
Ақының шығармашылығының өзектілігі зерттелмеген өлеңдерін, зерттеп талдап лирикасын
Жүрсін Ерманов - сонау жетпісінші жылдардың басында қазақ елінің шоқтығы биік қасиетті жерлерінің бірі Ұлытаудан келіп, қазақ поэзиясына қосылған айтулы ақындарымыздың бірі. Оның өз қатарластарынан бір ерекшелігі Алматыдан оқу бітіргеннен кейін де Жезқазғанға барып біраз жыл жұмыс істегендігі. Елдің қалың ортасында болып оның рухани құнарын бойына да, ойына да барынша молынан сіңіргендігі. Сондықтан болса керек, оның өлеңдерінде ұлттық бояу нақыштар, бай-ажарлы бейнелі сөздер, кеңістікке алқынбай көсілетін кең тыныс, асқақ сөйлейтін биіктік жатады.
Жүрсін жырлары - сезім тұнбасы. Сөзден де, ойдан да шашау шығу, белгілі логикадан сәлде болса ауытқу ақынға жат. Сол сияқты, анық дүниенің пафосы, нәзіктігі, әдемілігі қайран қалдырмай қоймайды. Ойнап тұрған сөз бе, сезім бе, өмір сыры ма, ұстатпайды. Білдірмейді. Көп оқырман Жүрсін поэзиясының бұл қырын сезбей қалады. Оған себеп Жүрсін поэзиясы насихатталмай өз кермесінде өз оқырманының жиегінде қалып қоя береді. Аз дүние болса да құнды дүние шеберінің өнерін көзінің тірісінде бағаламасақ Мұқағалиды аңсағандай күй кешуіміз әбден мүмкін. «Темірді қызғанында соқ» деген халық нақылымен өмір сүруіміз керек яғни барымызды бағалай, насихаттай білуіміз керек. Себебі, қазіргі қазақ поэзияның алыптары онсыз да саусақпен санарлық қана. Азайып барады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Ақын, журналист, айтыс өнерін қайта жандандырып, ұйымдастырушы - Жүрсін Ерманның өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Жүрсін Ерман шығармашылығын тереңірек зерттеп, талдау жасау арқылы ақынның өлеңдерінің өзектілігін ашу.
Жүрсін Ерманның лирикасын өз көзқарасыммен талдау, өлеңдерінің қоғамдық мәнін ашу. Осыдан келіп мынадай міндеттер туындайды:
- Ақын шығармашылығымен танысу;
- Лирикалық шығармаларын тақырыптарына қарай бөліп талдау;
- Ақын лирикасының жанрлық-стильдік сипаты мен көркемдік ерекшелігін талдау;
- Жүрсін Ерманның айтыс өнеріне қосқан үлесі мен қайраткерлігін айқындау;
- Ақын поэзиясындағы көркемдік идеясының Қасым Аманжолов поэзиясымен үндестігін салыстыру;
- Ақын өлеңдерінің мәні мен маңыздылығын оқырман қауымға ұғындыру;
Зерттеу жұмысының әдістері. Диплом жұмысында тарихи-салыстырмалы, баяндау, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-практикалық мәні.
-Қазіргі қазақ поэзиясының өкілі Жүрсін Ерман өлеңдерін насихаттау;
-Жүрсін Ерман лирикасының поэтикалық мәнін ашу оның қоғамдағы рөлін анықтау;
Зерттеу нысаны . Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері мен жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы туралы мәлімет берілді. Жүрсін Ерман лирикасын талдаудың мақсаты мен міндеттері айқындалды. Жүрсін арқылы айтысты тану, айтыс арқылы Жүрсінді тану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жүрсін Ерманның өмірі мен шығармашылығы
1. 1 Ақын Жүрсін Ерманның шығармашылық жолы
Ақын, журналист, айтыс өнерін қайта жандандырып, ұйымдастырушы Ерманов Жүрсін Молдашұлы 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылында дүниеге келген.
«Ұлытауым, Ұлығым,
Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін,
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім?
Ұлытауым, Ұлығым, ұлтым менің!» - деп жырлаған туған жері - Ұлытау Жүрсін өлеңдерінің басты тақырыбы, басты, лейтмотивы.
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген Жүрсін Ерман бір сұхбатында өзінің шығармашылық жолын былайша баяндайды: «Үлкен өмірде арқамнан қаққан адамдар бар. Мен жоғарғы оқу орнына түсіп оқып жүргенімде, 19 жасымда алғашқы өлеңдерім жинаққа кірді. Оған себепші болған филология ғылымының докторы, профессор Нығымет Ғабдуллин деген кісі бізге сабақ берді. Сол кісі соңымнан қуып жүріп өлеңдерімді «Қазақ әдебиетіне» суретіммен бастырып шығарып, кітапқа енгізіп, үлкен өмірге әдебиетке қадам басуыма үлкен көмек берді» [1, 15], - деп есіне алады.
Сонымен қатар, Жүрсін Ерман өзінің әдебиет әлеміне қалай келгені туралы былай есіне алады: «Мен әкеден жастай қалғанмын, шешем былтыр тоқсанға келгенде дүниеден өтті. Сол кісінің тәрбиесін көрдім. Олар - елде бейнет пен өмірі өткен адамдар, көңілі жүйрік, тілі жүйрік болғанмен, ауылдың адамы. Менің мамандық таңдауыма тікелей себепші болған екі адам бар. Бірі- Сапарғали Кентаев деген кісі, тіл-әдебиет пәнінің мұғалімі. Алғаш газетке жазатын хабарларымды күзеп, түзеп, жөндейтін сол кісі болатын. Содан кейін қазіргі Жезқазғанда «Сарыарқа» деген газетінің редакторының орынбасары, өзі де ақын, немере ағам Көбейсін Еңсебаев деген кісі. Қарағанды облыстық газетінің сондағы меншікті тілшісі болып көп уақыт істеді. Өлеңге баулыған сол. Оқитын кітап тауып беріп мынаны оқы, мынаны оқу керек деп жүретін. Мен алтыншы-жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде Мұхтар Әуезовтің әдебиет жайындағы күрделі мақалаларын оқытып, мені соған үйретті. Әбділда Тәжібаевтің әдебиет, поэзия жайындағы ойларын оқытып, жолға салып жіберген сол екі адам деп ойлаймын, әйтпесе, ауылда құмның ішінде жүрген баланың бетін әдебиетке бұрғызу оңай шаруа емес» [1, 17], - дейді.
Жүрсін Ерманның балалық шағы соғыстан соң жұрт есін әлі жия қоймаған қиын-қыстау жылдармен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңнің жағдайын ақын:
Шықпаған кез елдің әлі бүйірі,
Ең тәуір ас - жүгерінің түйірі . . . -деп, өзі өлеңмен өрнектегендей, ақынның ана ертегісіне елітіп, алаңсыз өсердей мүмкіндігі болған жоқ.
Содан да ол:
Есейтті, есейтті ғой өмір бізді,
Өткіздік басымыздан небір күзді, -дейді соның бәрін бір ауыз сөзбен түйіндеп.
Жүрсін Ерманның алғашқы өлеңдері 1968 жылғы «Орталық Қазақстан» газетінде басылып шыққан. Ақынға 17 жасында ақ жол тілеп, батасын берген сол кездегі Жүрсін Ерманның алғашқы ұстазы Мақсұт Байсейітов. Ол оның шығармашылығына былай деп баға берген: «Ашаң жүзді, сұңғақ бойлы жас жігіттің өзіміздің Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінде тұңғыш рет көргенім еді бұл. Сол шабыт әуезімен отырып, албырт ақынның шалыс басқан жерлерін аңғармай қалатын сәттері де бар. Бірақ оның әрбір сөз ырғағының өзінен шыншыл да адал, жан сезімдерін асыл маржан тілімен жеткізуге құлашын кең сілтейтін ақын болар-ау деген үміт лебі есіп тұрады . . . » [2, 24], - деп жас ақынға үлкен үміт жүктейді.
Ақын - әулие. Сол Мақсұт ағаның айтқаны айнымай келіп, үміті ақталды. Дәл осы топтамасындағы «Нүркен ескерткішіне» деген өлеңінде албырт ақын:
Ер болып жаралыпсың,
Сен нағыз нар алыпсың
Мұзбалақ қыран болып,
Еліңе оралыпсың, - деп көсіледі. Орталықтан қанаттанып, қияға самғаған Жүрсіннің өзі де бүгін нағыз қыранға айналып, туған жеріне жыр - сыбағасын алып келіп тұр. Кейінгі бір өлеңінде ақын:
Туған күнім . . .
Қатерлі күн бұл күн шын,
Демейді ешкім топ жаратын дүл-дүлсің.
Алғы сөзді жазған Мақсұт Байсейіт,
Соңғы сөзді кім жазарын кім білсін!?-деп толғанады. «Орталық Қазақстанның» мұрағатынан табылған Жүрсін ақынның жауқазын жырларын оқығанда, сол топтама мен бүгінгі өлеңдерінің арасында соншалықты алшақтық жоқ екені аңғарылады. Ол жыр сүйер қауымды он жетісінде мойындатқан. Әлі де мойындатып келеді.
Жүрсін Ерманның тұңғыш өлеңдер жинағы «Жанартау» 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. 1986ж «Арайлы күн, армысың» жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының М. Мақатаев атындағы сыйлыққа ие болды. «Ұлытауға бардың ба . . . » (1989), «Құдіретке жүгіну» (2005ж), «Қазіргі айтыстар жинағы» (2005), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2007), «Таңдамалы 70 өлең» т. б кітаптардың авторы. 1994ж. С. Сейфуллиннің туғанына 100 жыл толуына арнап өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Өлеңдері мен поэма, балладаларында адамның жан дүниесі мен рухани құндылықтарын өзек етеді. Жүрсін Ерманға әдебиеттегі қаламдастары былай баға береді: Белгілі сатирик Көпен Әмірбек «Жүрсін - ақындар университетінің ешқандай бұйрықсыз бекітілген ректоры» десе, Серік Ақсұңқарұлы: «Жүрсін екеуміз Сарыарқаның екі пұшпағынанбыз. Ол -Ұлытаудан, мен - Ақтоғайдан, 12-13 жасымыздан бастап Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне қатар шығып тұрдық. Бір-бірімізді газет арқылы танитынбыз. Жүрсіннің алғашқы өлеңдері М. Байсейітов, Ж. Бектұров сияқты белгілі ақындардың алғысөзімен, жылы лебізімен жарияланып жататын. Бірақ ол әдеби ортаға менен бұрын барып, менен бұрын танымал болды. Жүрсін - шөптің де, шөңгенің де өлең емес екенін жақсы түсінетін, өлеңге үлкен жауапкершілікпен қарайтын, өте дарынды ақын. Мысалы, бізде өлең кітаптарын он томдап, жиырма томдап шығарып жатқан адамдар бар. Ал ұлы Абайдың өзінің бүкіл жазған-сызғаны түсіндірмесімен ғана бір томға әрең жетеді. Жүрсіннің өте талғампаз ақын екендігі соншалық - осыдан үш жыл бұрын «Таңдамалы 70 өлең» деген кітап шығарды. Мысалы, осы 70 өлеңді мен халтурщиктердің 7 томына айырбастамас едім» [3, 28] - дейді.
Жүрсін Ерманов - сонау жетпісінші жылдардың басында қазақ елінің шоқтығы биік қасиетті жерлерінің бірі Ұлытаудан келіп, қазақ поэзиясына қосылған айтулы ақындарымыздың бірі. Оның өз қатарластарынан бір ерекшелігі Алматыдан оқу бітіргеннен кейін де Жезқазғанға барып біраз жыл жұмыс істегендігі. Елдің қалың ортасында болып оның рухани құнарын бойына да, ойына да барынша молынан сіңіргендігі. Сондықтан болса керек, оның өлеңдерін де ұлттық бояу нақыштар, бай-ажарлы бейнелі сөздер, кеңістікке алқынбай көсілетін кең тыныс, асқақ сөйлейтін биіктік жатады.
Жүрсін Ерман ақындық дарынын қазақ халқының айтыс өнеріне жанашырлық көзқарасымен ұштастырған ақын. Ол қазақтың төл өнері - ақындар айтысын қалпына келтіру, жаңартып-жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау арқылы халқына кеңінен танымал болды. 1984 жылдан бері жүздеген ақындар айтысын өткізіп, оған меценаттар тарту арқылы жан-жақты қолдау көрсетіп, халық өнерін кеңінен насихаттап, ұлттық рухты биікке көтеруге көп үлес қосты. Ақындар айтысын жинақтап, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2005 жылы «Қазіргі айтыстар жинағы» атты кітап құрастырды. Бірнеше бейне, аудиокассета, дискілерді жарыққа шығарды.
Жүрсін айтысты жандандыруға Жезқазған телевизиясында жүрген кезінен көңіл бөле бастаған. Бірақ ол кезде айтыс өте сирек және үлкен мерекелерге орай ғана ұйымдастырылатын. Қазақ телевизиясының әдеби драмалық хабарлар редакциясында қызмет еткен кезінде Жүрсін айтысты шындап қолға ала бастады. «Сонау соғыс жылдарының өзінде өлмеген, жоғалмаған халықтық өнерді қайта жандандырайық» деп барынша тырысты. Ол кезде айтысты біреу алдын ала жазып беретін де, екі адам соны домбырамен орындайтын. Міне, содан қазіргі дәрежеге жеткенге дейін айтыс қаншама кезеңнен, қаншама сатыдан өтті. Ең басындағы айтыстарды білетін адам оның қазіргі деңгейіне, айтыскерлердің ой ұшқырлығына, суырып-салмалығына таң-тамаша қалады.
Айтыс - қазақтың демократиясының ең жарқын көрінісі. Яғни, шындықты айту айтыскерлердің ең басты міндеті. Жоғарғы басшыдан бастап, кішкентай әкімге дейін кемшілігін сынай беретін оларға ешкім шамданбайды. Себебі, қазақта ақынына қарсы келмейтін қазақи дәстүр қалыптасқан. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген нақыл ақынның тіліне ерік беру тұрғысынан айтылған. Жасырсақ та, жасырмасақ та қоғамымызда демократия аз. Халықтық демократия айтыс арқылы ғана сақталып келеді. Ақын сынаған басшысына ешқандай ат-шапан айыппұл төлемейді. Айтыс арқылы қоғамдық пікір туады. Шын мәнінде, айтыс Үкіметке де пайдалы. Себебі, халықтың ішінде, көкейінде тұнып жатқан қыжылды ақын сыртқа шығарып, жоғарғы жақты құлаққағыс етеді. Тіпті, ол мәселе шешілмесе де халық ақынының шындықты айтқанына риза болады. Қазіргі өнерсүйер қауымның талғамы жылдан-жылға өсіп келеді, ол шыншыл, ойы ұшқыр, батыл, жанға рухани азық беретін, суырып-салма ақындарды тыңдауды ұнатады [3, 34] .
Бүгінгі таңда айтыс өнері ерекше дамып келе жатыр. Осы салада белгілі ақын, қоғам қайраткері, айтыстың жаңашыры және осы өнерді халыққа танытуда ерекше еңбек сіңірген Жүрсін Ерманның атқарған қызыметі зор. Өткен дәуірдегі айтыс пен бүгінгі айтыстың айырмасы жер мен көктей. Себебі қазіргі айтыскерлеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба ақындардан артықшылығы - көп оқиды, көп ізденеді. Сондай-ақ, өздерінің жазғанын домбыраға қосып, әнімен айта алады. Айтыскерлеріміздің сахнадағы айтысы жазба ақындардың поэзиясының деңгейінен бір мысқал да кем емес. Тапқырлығы, қиялының ұшқырлығы, көркем образдары, жазба әдебиетте кездеспейтін керемет теңеулер, метафоралар, метонимиялар, образды ойлар бүгінгі ақындардың айтысында қолданылып жүр. Бұл туралы ақын Иранғайып: «Айтыстың поэзиясы мен жазба поэзия бірігіп, қабысып кетті» деп пікір айтады.
Бүгінгі айтыскерлерде үлкен төрт қасиет бар: талант, айтысты көріп өскен тәжірибе, сауат, өнеге-дәстүр. Халықтың айтысқа деген ықыласының өте жоғары екенін аңғарған сайын, ақындарымыз да шабыттана түседі. Қазақстанда айтысқа қатысып жүрген, халық таныған 40 шақты ақындар бар. Ақын болған соң, бірінің дарыны өте биік, бірінікі орташа болуы мүмкін. Айтыстың көшін сүйреп, барар бағытын белгілеп жүрген ақындар бар. Мысалы, ХХ ғасырдың сексенінші жылдардың ортасында халық мойындаған, өздерінің атақ-даңқтарын алған Қазақстанның халық ақындары Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, оның ар жағында Сыр бойының жүйрігі Манап Көкенов, оңтүстіктен Көпбай Омаров. Бұлар теңдесі жоқ ақындар болатын. Қуатты ақындардың қатарында Аманжол Әлтаев - айтыстың ескі салт-дәстүрін сақтап жеткізуші, сал-серілік өнерді сақтаған, мәдениетті, сауатты адам, әні де, сазы да төрт аяғын тең басып тұр. Мұхамеджан Тазабеков - айтыс өнеріне жазба өлеңнің тереңдігін әкелген, интеллектуалдық парасат, пайым әкелген ақын. Оралдан шыққан Мэлс Қосымбаев Қашағанның жыр дәстүрлерін бүгінгі поэзияға әкеліп, қабыстырып жүрген өзінше бөлек дарын. Балғынбек Имашев Арқаның сал-серілік дәстүрін бойына сіңірген үлкен ақын. Айбек Қалиев тілі өткір, шыншыл да батыл ақын. Сахна мәдениетін өте жақсы меңгерген Айбектің суырып-салмалық қасиеті өте басым. Алматыдан шығып, өмірден ерте озған Оразалы Досбосынов айтыста жазба ақындар қолдана бермейтін керемет теңеулерімен, ойының ұшқырлығымен артына өшпес із қалдырды. Талантты ақын қыздар Ақмарал Ілеубаева өте тереңнен сөз қозғар ақын, сазы да, сөзі де келіскен. Айнұр Тұрсынбаеваның шапшаң айтып, шебер сөз құрастыратыны, әзілге де шеберлігі үлгі аларлық өнер. Айтысқа жаңа леп алып келген ақындардың бірі Жәкен Омаров айтысқа ислам дінінің құдіретін қосып, дін мен имандылықты насихаттап жүрген ақын.
Жүрсін Ерманның лирикасына үңілмей тұрып, «Екі тізгін бір шылбыр» атты «Атамұра» баспасынан шыққан жинағындағы ақынның ақындық туралы, ақындық жол туралы айтқан өз ойыларын біліп алсақ деймін.
Бірде ақын журналистке берген сұхбаттында, журналисттің:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz