Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Абай әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.1 Абай қалыптастырған өнер ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2 Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2. Абайдың ақындық мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.1 Абай мектебіндегі әдеби дәстүр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2 Тақырыптық.көркемдік ізденістер, поэзиядағы рухани
байланыс көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады.
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.
Әдеби орта ұғымын мейілінше кең тұрғыда алу да бар. Ол өлшемге салсақ, ақынға әсер еткен рухани қайнар көздерге ұласатын алғышарттарды яғни, абайтанушы ғалымдар атап көрсететін ақынға әсер еткен шығыс, батыс және қазақтың төл әдебиеті сияқты рухани қайнар көздерді есепке аламыз. Осылайша әдеби ортаның құлашын кеңейтіп, ақын сусындаған әдеби дереккөздерге қатыстылығын ескерсек, Абайдың кітапханасы деген тақырыптың да әдеби ортамен бөлінбес бірлікте екенін аңғару қиын емес. Әдеби орта тек өзіне ықпал еткен ілгерідегі әдебиетпен ғана шектелмейді, енді ақынның өзгеге берген нәрі деген тұста қазақ әдебиетіндегі үлкен арна – Абайдың әдебиеттегі дәстүрі мәселесін қоса қамтиды. Шартты түрде осындай кең ауқымды қамтитын Абайдың әдеби ортасын біз ғылыми жұмыста нақтылап, ақынның айналасы, яғни Абаймен тікелей қарым-қатынаста, әдеби байланыста болған аға буын, замандас сөз зергерлері – ақын-жыраулар, би-шешендер және кейінгі ақынның тікелей тәрбиесін көрген ақын шәкірттерімен шектеп, шеңберлеп қарастыруды мақсат еттік. Әуезовтің сөзімен айтқанда «бергілер және дәл айналасы» зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылмақ.
Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді [1, 19]. Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңіре отырып, кейін шығыс, батыс үлгілерін еркін меңгеру арқылы бүкіл халықтық, жалпы адамзаттық ой-пікір деңгейіне көтерілді. Халықтық әдебиет сарындарын үлкен европалық үлгідегі ақындық жинақтаушылыққа (обобщение) ұластырды. Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді» [2, 14].
Екінші мәселе – ақынның өзгеге берген нәрі турасында. Бұл – Абайдың ақындық мектебі деген тақырыпқа жетелейді. Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс. Бұл мәселені ақынның күнделікті қасында жүріп, тікелей тәрбиесін алушы, оның тапсырмасымен алуан тақырыпта шығармалар жазған айналасындағы шәкірттерді ғана бөліп алып, Абай мектебінің өкілдері деп қарастыру бар. М.Әуезов: «Тегінде әдебиеттік мектеп мағынасы тарихтық басы ашық, даусыз, деректі көлемде алу да бар. Онда «шәкірт» деп белгілі ақынның қасында, қатарында жүріп күнделік байланыс арқылы тақырып, үлгі, ұстаздық, сын-өнеге алып жүрген ақындар тобын даусыз «мектеп» деп айтуға болады» [3, 118] ,- деген анықтама берген болатын. М.Әуезовтің жетекшілігімен өткен ғасырдың елуінші жылдары Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттері шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, бұл тақырыпты ғылыми айналымға енгізді [4].
Ал, Абай дәстүрі – біз сөз етіп отырған ақындық мектепті де ішіне сыйғызып жіберетін кең ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәстүр жалғастырушылар десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің алдыңғы толқыны ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылады. Алайда, Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді. Яғни, Абай поэзиясының кейінгіге әсер-ықпалы деген мәселеден бөлек, Абайдың тікелей тәрбиесі, ұстаздық ұлағаты, тіпті оның маңайындағы ізбасар ақындарды өлең жазуға баулу, үйрету қарекеттері айқындалады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес деген пікірді басшылыққа алсақ, Абайдың әдеби ортасы тақырыбы – абайтану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Абай тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып абайтануға тың міндеттер артқанына да аз уақыт болған жоқ. Десек те, Абайды ұлттық таным тұрғысынан бағалап, оның кемеңгерлігіне толымды баға беру ондаған жылдардың еншісіне сыя қоймайды. Әсіресе, кеңестік кезеңде өз заманынан, ортасынан, тіпті ұлтынан бөлініп, жеке-дара қарастырылған Абай есімі қайта, қайыра қарастырар жаңа пайымдауларға зәру. Академик З.Ахметов айтқандай: «Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз» [5, 38].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. Т.10. –Алматы: Ғылым, 2003. - 456 б.
2 Қирабаев С. Абайтанудың кезекті міндеттері туралы. / Кітапта: Абай және қазіргі заман: Зерттеулер жинағы. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б.
3 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. –Алматы: Санат, 1997. – 448 б.
4 Мұхамедханов Ғ. Абайдың ақындық мектебі. Канд. диссерт. –Алматы, 1950.
5 Ахметов З. Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. / Кітапта: Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. –Алматы: Ғылым, 2002. - 274 б.
6 Ысмағұлов Ж. Абай дәстүрі және оның ХХ ғасыр басындағы әдебиетте дамытылуы. / Кітапта: Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Дәуір, 2004. -120 б.
7 Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. –Алматы: Дәуір, 1993, - 224 б.
8 Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995, - 208 б.
9 Екеу. Абайдан соңғы ақындар. // Абай, 1918, №5. Б. 1-6.
10 Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. –Алматы: Жазушы, 1974. - 216 б.
11 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –Алматы: Жазушы, 1966. -345 б.
12 Әуезов М. Абай Құнанбаев. –Алматы: Санат, 1995. - 320 б.
13 Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. –Алматы: Ғылым, 1982, - 296 б.
14 Ысқақұлы Д. Сын талқы. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 16 б.
15 Қабдолов З. Сөз өнері.–Алматы: Ғылым, 1977. -280б
16 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., Білік, 1999, - 750.
17 Әдебиеттану терминдер сөздігі. /құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. А., Ана тілі, 1998, - 384 б.
18 Абай. Энциклопедия. Бас редактор Р.Нұрғалиев. А., Атамұра, -720 б.
19 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері./құраст. Л.Әуезова, М.Мырзахметұлы. А., Санат, 1997, -448 б.
20 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. // Қазақ, -1913, -23 қараша, -№39; -30 қараша, -№40; -22 желтоқсан, -№43.
21 Мырзахметұлы М. Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы. / Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А., Санат, 1997, - 416 б.
22 Мырзахметұлы М. Абайтанудың бірегей зерттеушісі. // Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А., Санат, 1997, -416 б.
23 Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. – Алматы: Санат, 1997. -416 б.
24 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995, - 272 б.
25 Ахметов З. Кемел ақын, кемеңгер ойшыл. // Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том. А., Жазушы, 1995, - 336 б.
26 Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., Қазақ университеті, 2004, - 270 б.
27 Мұқанов С. Абайдың шәкірттері туралы. // Абай, 1992, №4, -Б. 57-70.
28 Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. А., Білім, 2000, - 248 б.
29 Мамраев Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. –Алматы: Ғылым, 1998. - 268 с.
30 Елеукенов Ш. Абай мен Мағжан. / Кітапта: Абай және қазіргі заман. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б.

Қосымша әдебиеттер:

1 Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. // Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического Общества, 1907, Вып. 3. С. 1-8., Қыр баласы. Түрк, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі. // Қазақ, -1913, -28 сәуір, -№12., Қалқаман-Мамыр (Шәкәрім). Сын. // Қазақ, -1915, -22 сәуір, -№121., Ғалихан. Кәкітай. // Қазақ, -1915, -18 ақпан, -№105.
2 Дулатұлы М. Абай. // Қазақ, -1914, -23 маусым, -№67.
3 Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан. // Айқап, 1915, №9, -Б.128-129.
4 Сағди А. Абай. //Абай, 1993, №6. Б.4-14.
5 Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. / Кітапта: Абай тағылымы. –Алматы: Жазушы, 1986. -432 б.
6 Жиреншин Ә. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны және ойшысы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1950. -222 б.
7 Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-жазушылары. –Алматы: Қазақстан, 1958. -308 б.
8 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. -364 б.
9 Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. –Алматы: Жазушы, 1971. -112 б.
10 Қирабаев С. Халық ой-пікірінің тарихын мұқият зерттейік. // Қазақ әдебиеті,1961, 8 қыркүйек.
11 Сапаралы Б. Құнанбай қажы. –Алматы: Ер-Дәулет, 1995. -288 б.
12 Жұртбай Т. Құнанбай. –Алматы: Алаш, 2004. -400 б.
13 Смаилов Е. Кемеңгер Абай. // Әдебиет және искусство, 1940, №9, Б.3-9.
14 Жиренчин А. Абай и его русские друзья. –Алма-Ата: Казгосиздат, 1949. 127 с.
15 Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. –Алматы: ҚМКӘБ, 1959. -266 б.
16 ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. –Алматы: Ғылым, 1985, -320 б.
17 Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. –Алматы: Ғылым, 1983, -240 б.
18 Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. –Алматы: Білім, 2000. -336 б.
19 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. –Алматы: Білім, 2000. -368 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Абай әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.1 Абай қалыптастырған өнер ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2. Абайдың ақындық мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.1 Абай мектебіндегі әдеби дәстүр ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2 Тақырыптық-көркемдік ізденістер, поэзиядағы рухани
байланыс көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады.
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.
Әдеби орта ұғымын мейілінше кең тұрғыда алу да бар. Ол өлшемге салсақ, ақынға әсер еткен рухани қайнар көздерге ұласатын алғышарттарды яғни, абайтанушы ғалымдар атап көрсететін ақынға әсер еткен шығыс, батыс және қазақтың төл әдебиеті сияқты рухани қайнар көздерді есепке аламыз. Осылайша әдеби ортаның құлашын кеңейтіп, ақын сусындаған әдеби дереккөздерге қатыстылығын ескерсек, Абайдың кітапханасы деген тақырыптың да әдеби ортамен бөлінбес бірлікте екенін аңғару қиын емес. Әдеби орта тек өзіне ықпал еткен ілгерідегі әдебиетпен ғана шектелмейді, енді ақынның өзгеге берген нәрі деген тұста қазақ әдебиетіндегі үлкен арна - Абайдың әдебиеттегі дәстүрі мәселесін қоса қамтиды. Шартты түрде осындай кең ауқымды қамтитын Абайдың әдеби ортасын біз ғылыми жұмыста нақтылап, ақынның айналасы, яғни Абаймен тікелей қарым-қатынаста, әдеби байланыста болған аға буын, замандас сөз зергерлері - ақын-жыраулар, би-шешендер және кейінгі ақынның тікелей тәрбиесін көрген ақын шәкірттерімен шектеп, шеңберлеп қарастыруды мақсат еттік. Әуезовтің сөзімен айтқанда бергілер және дәл айналасы зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылмақ.
Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді [1, 19]. Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңіре отырып, кейін шығыс, батыс үлгілерін еркін меңгеру арқылы бүкіл халықтық, жалпы адамзаттық ой-пікір деңгейіне көтерілді. Халықтық әдебиет сарындарын үлкен европалық үлгідегі ақындық жинақтаушылыққа (обобщение) ұластырды. Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді [2, 14].
Екінші мәселе - ақынның өзгеге берген нәрі турасында. Бұл - Абайдың ақындық мектебі деген тақырыпқа жетелейді. Абайдың ақындық мектебі - оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс. Бұл мәселені ақынның күнделікті қасында жүріп, тікелей тәрбиесін алушы, оның тапсырмасымен алуан тақырыпта шығармалар жазған айналасындағы шәкірттерді ғана бөліп алып, Абай мектебінің өкілдері деп қарастыру бар. М.Әуезов: Тегінде әдебиеттік мектеп мағынасы тарихтық басы ашық, даусыз, деректі көлемде алу да бар. Онда шәкірт деп белгілі ақынның қасында, қатарында жүріп күнделік байланыс арқылы тақырып, үлгі, ұстаздық, сын-өнеге алып жүрген ақындар тобын даусыз мектеп деп айтуға болады [3, 118] ,- деген анықтама берген болатын. М.Әуезовтің жетекшілігімен өткен ғасырдың елуінші жылдары Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттері шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, бұл тақырыпты ғылыми айналымға енгізді [4].
Ал, Абай дәстүрі - біз сөз етіп отырған ақындық мектепті де ішіне сыйғызып жіберетін кең ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәстүр жалғастырушылар десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің алдыңғы толқыны ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылады. Алайда, Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді. Яғни, Абай поэзиясының кейінгіге әсер-ықпалы деген мәселеден бөлек, Абайдың тікелей тәрбиесі, ұстаздық ұлағаты, тіпті оның маңайындағы ізбасар ақындарды өлең жазуға баулу, үйрету қарекеттері айқындалады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес деген пікірді басшылыққа алсақ, Абайдың әдеби ортасы тақырыбы - абайтану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Абай тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып абайтануға тың міндеттер артқанына да аз уақыт болған жоқ. Десек те, Абайды ұлттық таным тұрғысынан бағалап, оның кемеңгерлігіне толымды баға беру ондаған жылдардың еншісіне сыя қоймайды. Әсіресе, кеңестік кезеңде өз заманынан, ортасынан, тіпті ұлтынан бөлініп, жеке-дара қарастырылған Абай есімі қайта, қайыра қарастырар жаңа пайымдауларға зәру. Академик З.Ахметов айтқандай: Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз [5, 38].
Кеңестік идеологияның салдарынан абайтану ғылымында еріксіз назардан тыс қалып, тіпті күшпен басылып, еркін зерттелу мүмкіндігінен айырылған сала Абайдың ортасы десек, социалистік қоғамда ақынды өз ортасынан, әдеби айналасынан ажыратып алу мақсатты түрде іске асырылды. Алдымен Абайдың өзі шынжыр балақ, шұбар төс Құнанбай баласы болғаны үшін ғана кеңестік жүйге құрылған әдебиетке жақпады. Абай поэзиясының қуатына солақай сынның қауқары келмегендіктен, ендігі кезекте ақынның өз басы емес, оның айналасы, әдеби ортасы сын тезіне алынды. Ақынның өмір сүрген ортасы - ескішіл, әкесі - бай-шонжар, маңайындағы ақын-жыраулар мұрасы социалистік талаптардан ада болған себепті, Абай мақсатты түрде әдеби ортасынан жырақталып, оқшаулана берді. Ақынның әдеби мұрасы әдебиеттің таптығы деген қалыпқа ыңғайланып, кедейшіл, керек десеңіз большевик Абай өз ортасына қарсы қойыла зерттелді. Абайға ерекше ықпал еткен шығыс әдебиеті туралы аса аз айтылып, ақынның шығысым батыс боп кетті деген сөзі желеу етіліп, Абайды поэзия шыңына көтерген орыстың зиялылары деген түсінік санамызға сіңірілді. Орыс зиялылары, оның ішінде Е.Михаэлис, Н.Долгополов сияқты замандастарының Абайға, оның орыс әдебиетін меңгеруге тигізген қолғабысын жоққа шығаруға болмайды. Сол сияқты орыс әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің де Абайға бергені өте мол. Әйтсе де, Абайға әсер еткен қорды санамалағанда төл әдебиет, оның ішінде ақынмен тікелей қарым-қатынаста болып, жанаса әсер еткен ортаның рөлін екінші қатарға ысыра беруге келмес. Абайдың заманынан асып туған кемелдігі ең алдымен, әкенің қаны, ананың сүтімен бойға дарыған құт, туған топырақтың қасиетінен. Екінші, тал бесіктен әженің әлдиімен, атаның әлқиссасымен жадыға жатталған қазақтың асыл сөзі, домбыраның күйі, қобыздың үнімен жүрекке тұнған төл өнер қазақта қара сөзге дес бермеген Абайды ақын етіп қалыптастырды. Кезінде М.Әуезов атап көрсететін Абайдың алған қорының ішіндегі ең молы - қазақтың халық әдебиеті екендігін ескерсек, осы бір сала заманның қақпақылына түсіп, абайтанудың ең бір осал тартып жатқан тұсы боп қалды.
Абайдың алдындағы әдебиет өкілдерімен қатар ақынның маңайына үйірілген әдеби қауымға да кеңестік жылы қарамады. Әлем әдебиетінде жалпы ағым-бағыттың аясында қолданылатын мектеп ұғымының бір ғана адамға қатысты айтылуы кеңестік қазақ әдебиеттануында үлкен дау туғызды. Нәтижесінде, маңайына ақын, әнші, музыкант, ертегіші сияқты алуан өнерді үйренуге құлшыныс білдірген жастарды жиып, баулыған ұстаз Абайдың тағлымдық, тәрбиелік қарекеті тұмшаланып, ақын шәкірттері шетінен кертартпа, ескішіл деп танылып әдебиеттен аластатылды, көзі тірілері халық жауы болып қуғындалды.
Көп уақыт қапаста жатқан шәкірттер тәуелсіздіктің алдында ғана ақталып, шаңырағы шайқалған Абай мектебі енді ғана еңсесін түзей бастады. Абайдың айналасын құраған әдебиет өкілдері туралы біраз зерттеулер жазылды, ақын шәкірттердің шығармалары жинақ болып шықты десек, ендігі міндет - сол мұралардан әдеби орта тақырыбының өзегін іздеу. Мәселен, Құнанбайды ақтап алу аз, енді оның Абайға ықпалын, әке мен бала арасындағы рухани байланыстардың көзін аршу міндеті тұр. Сол сияқты Абайдың алдындағы аға буын ақындардың байланысы, қарым-қатынасы, жас Абайға көрсеткен өнегесі турасында толайым пікір айту да - бүгінгі зерттеулердің міндеті. Бұл арада Абай тәрбиесі өз ауылынан, өңірінен аспаған ба?- деген сауалдың көлденеңдейтіні заңды.
Абайдан кейін қазақ әдебиетінде оның дәстүрі қалыптасты десек, сол дәстүр ұғымының аясында ұлан-ғайыр дүние қылаң береді. Абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұловтың сөзімен айтсақ: Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, өте күрделі екені мәлім... Өзгені былай қоя тұрып, Абайдың реалистік дәстүрін ғана ауызға алсақ та, оның әр жағында том-том зерттеу еңбектерінің сұлбасы көзге елестеп тұрар еді [6, 32]. Абай дәстүрі деген зор арнаның мәнді саласы - Абай мектебін сөз еткенде, ұстаз бен оның шәкірттері арасындағы байланысты тек олардың поэзиядағы сабақтастығымен шектеп қою аз. Бұл мәселеде тұрмыстық қатынастардан бастап, өлең үйрену қағидалары, тақырып таңдау, өмірге келген шығармаларды әдеби ортада сыннан өткізу сияқты қарекеттермен жалғасып, одан туындайтын ұжымдық әдеби процесс сияқты құбылыстардың сырына үңілгенде ғана әдеби мектептің мәні айқындала түспек. Ақындық мектеп дегенде, ең алдымен, сол мектепті қалыптастырушы Абайдың рөлін, ұстаздық қарекетін айқындап көрсету шарт. Оның әдебиеттегі жолын жалғастырушы ақын шәкірттердің әдеби мұрасына үңіле отырып, әр қырынан танып, олардың Абай дәстүрін жалғастырушы ғана емес, сол дәстүрді өздерінше дамыта білген даралық сипаттарын саралағанда барып Абай мектебінің қазақ әдебиетіндегі орны айқындала түспек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абайдың әдеби ортасы туралы алғаш рет Абай шәкірттері Кәкітай, Көкбай, Тұрағұл, Әрхам естеліктерінде сөз болса, ғылыми тұрғыда М.Әуезовтің еңбектерін бұл тақырыпқа салынған алғашқы соқпақ деп білуіміз керек. М.Әуезовтің жетекшілігімен Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттерінің мұраларын зерттеу ісін қолға алса, Ә.Жиреншин өз еңбектерінде жалпы Абайдың әдеби ортасы жайында сөз қозғады. Қ.Жұбанов Абайдың алдындағы әдебиет және ақынның қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық деңгейін ашып берсе, Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясы мен Абай шығармаларының тілін салыстыра зерттеді. 1960 жылдары А.Нұрқатов, М.Бөжеевтер тарапынан Абайдың дәстүрі, Қ.Жұмалиев пен Ш.Сәтбаева Абай балалары - Ақылбай мен Мағауия мұраларын, Б.Кенжебаев Ә.Тәңірбергенұлы мұрасын зерттесе, сексенінші жылдары М.Мырзахметұлы Әуезов зерттеуіндегі Абайдың әдеби ортасы тақырыбының сипатына ашуға ден қойды. Абайдың әдеби ортасы тақырыбы Абайға қатысты, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әдеби үрдіске қатысты жазылған еңбектердің бірсыпырасында тікелей, кейде жанама түрде сөз болып отырғандығы белгілі. Атап айтатын болсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Сильченко, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Өміралиев, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Ж.Ысмағұлов, Ш.Сәтбаева, Ә.Жиреншин, А.Нұрқатов, М.Бөжеев, Қ.Мұхамедханұлы, Т.Жұртбай, М.Мағауин, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Байғалиев, Б.Сапаралы тағы басқа ғалымдар мен зерттеушілер Абайдың әдеби ортасының зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты.
Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - ақын айналасының абайтану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдебиет өкілдерінің Абайға әсері және ізбасар шәкірттерді тәрбиелеудегі ақынның рөлі, Абай дәстүрін дамытудағы ақын шәкірттер шығармаларының қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық сипатын көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Абайдың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралап, осы тақырып аясында қарастырылған Абайдың ақындық айналасы, ақын шәкірттері, Абай дәстүрін жалғастырушылар, ақынның маңына топтасқан өнер иелері деген сияқты өзара бауырлас ұғымдардарға түсінік беру;
- Алдыңғы буын әдебиет өкілдері - Дулат, Шортанбай, Жанақ, Шөже сынды ақындардың Абайға, оның ақындық жолының қалыптасуына тигізген әсерін дәлелдеу;
- Абай мен шәкірттер арасындағы байланыс көздерін саралағанда ақындық өнерге, ақындарға қатысты айтылған ұстаз сыны, сондай-ақ, Абай тұлғасының шәкірт ақындар поэзиясындағы орны деген мәселелерді айқындау;
- Ақын шәкірттердің көлемді туындыларына тақырыптық-көркемдік тұрғыдан талдау жасап, Абайдың ұстаздық қарекетінің нәтижесінде дамыған айтыс жанры, атап айтатын болсақ, Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдеріндегі, сондай-ақ, Ә.Тәңірбергенұлының Тәуке мен Ұрқия, У.Шондыбайұлының Тәуке мен Жікібай сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларындағы Абайдың әсер-ықпалын көрсету;
- Тарихи тақырып пен нәзиралық дәстүр, аударма өнері сияқты сан-салалы үлгілердің қазақ әдебиетіндегі орны айқындау. Осы орайда жазылуына Абайдың тікелей тапсырмасымен жазылған Шәкәрімнің Жолсыз жаза, Қалқаман - Мамыр, Мағауияның Еңлік - Кебек, Көкбай ақынның Абылай туралы тарихи жырларын, Уәйістің Жошы - Алаша хан сияқты шығармаларын зерттеу нысанына алу. Сонымен қатар Абайдың отаршылдыққа қарсы идеяларымен астасып жатқан шет жұрттықтардың өмірінен алынған Мағауияның Медғат - Қасым, Ақылбайдың Зұлыс, Дағыстан поэмаларындағы тақырып ортақтығы, отаршылдыққа, үстемдікке қарсы күресті жырлаған идеялық бірлікті дәлелдеу;
- Абайдың әдеби ортасын құрайтын әнші, композитор, музыкант сияқты өнер иелерінің шығармашылық жолын зерттеу нысанына алып, ақын айналасындағы әншілік өнердің өзіндік сыр-сипатын ашу;
Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері алғаш рет жаңаша пайымдаулар тұрғысынан зерттеу нысанына алынды.
- Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен жаңалықтары айқындалды. Абайтану, соның ішінде ақынның әдеби ортасына қатысты ғылыми тұжырымдар айтқан М.Әуезов, Қ.Мұхамедханұлы, М.Мырзахметұлы тағы басқа ғалымдардың пікірлеріне ғылыми тұрғыда баға беріліп, Абайдың әдеби ортасы, ақындық мектебі мәселесіне қатысты келешекте назарға алынатын ізденістер бағыты белгіленді;
- Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды. Бұл тұрғыда Абай әулетінің, атап айтатын болсақ, Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол заманындағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, Абай мен аға буын ақындар арасындағы рухани жақындық көздері айқындалды;
- Ақындық мектеп аясындағы поэзия көздерінің сабақтастығына мән беріле отырып, Абай арнауларындағы Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет, Ақылбай сынды шәкірттеріне қаратыла айтылған сын табиғатына талдау жүргізілді. Ақын шәкірттер поэзиясындағы ұстаз Абайдың тұлғасы жан-жақты ашылды;
- Ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық-көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім, Әріп, Тұрағұл, Әубәкір сынды ақындардың жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Ә.Тәңірбергенұлының Тәуке мен Ұрқия, У.Шондыбайұлының Тәуке мен Жікібай сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды. Абай шәкірттерінің шығармашылығына арқау болған Еңлік пен Кебек тақырыбының интерпретациялық сипатына әдеби сараптаулар жүргізілді. Абай тапсырмасымен жазылған Ш.Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр, К.Жанатайұлының Сабалақ, Қандыжап, У.Шондыбайұлының Жошы - Алаша хан дастандары әдеби мектеп аясында сабақтастырыла қарастырылып, Абай ұсынған тақырыптардың табиғаты анықталды. Шәкәрімнің Ләйлі - Мәжнүн, Уәйіс ақынның Бір қыздың оқиғасы шығармаларын талдау барысында Абай нәзирасының жаңашылдық сипаты айқындалды. Шет жұрттықтардың өміріне арнап жазған Ақылбай мен Мағауия поэмаларындағы құлдар тақырыбы, отаршылдық идеялары Абай көзқарастарымен байланыстырыла байыпталды. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық түрінен бастап, классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды;
- Абайдың әдеби ортасын құрайтын өнерлі адамдардың шығармашылық мұрасы зерттеу нысанына алынып, ақын маңына шоғырланған ән айтушы мен шығарушы, түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы өнер иелерінің Абай айналасындағы рөлі бағамдалды.
Зерттеу нәтижесі бойынша мынандай тұжырымдар ұсынылды:
- Абайдың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағынада және ақынның тікелей қарым-қатынаста болған айналасымен шектеп нақты мағынада алуға болады;
- Жалпы ақын ортасы туралы ғылыми ой-пікірлер төңкеріске дейін көрініс берсе, бұл тақырыпты Абайдың тікелей айналасымен байланыстырып, ақынның өзгеден алған нәрі мен өзгеге берген нәрі деп екі салаға бөліп қарастырған М.Әуезов болды. Ғалым әдеби ортаның екінші саласы бойынша Абайдың маңайына топтасқан ақын шәкірттеріне қатысты қазақ әдебиетінде Абайдың ақындық мектебі деген концепцияны ұсынды;
- Кеңестік кезеңде Абай мектебі концепциясы ақындық дәстүр аясында кеңінен қарастырылса, керісінше бұл ұғымды ақынның айналасындағы шәкірттерімен шектеп, яғни тікелей ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастардың негізінде тану кеңес заманында біржақты бағаланды;
- Ақынға ықпал еткен рухани көздерді санамалағанда, ең алдымен Абай өз айналасынан нәр алды. Ақынды бесіктен тәрбиелеген өз әулетінен бастап, маңайындағы үлкенді-кішілі ақындар мен би-шешендер оның ақындық өнер жолына белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болды;
- Ұстаз мен ақын шәкірттер арасындағы рухани шығармашылық байланыстар ақындық ортаның шығармашылық өрістеу жолын дамытты. Абайдың шәкірттерге қарата айтқан сындары ақындық болмыс пен өлең өнеріне қойылған қатаң талап, ақындықтың биік межесі болса, хәкім Абайдың бейнесін парасаттылық пен даналықтың символы ретінде қазақ әдебиетінде алғаш жырлаушылар - ақынның шәкірттері;
- Ізбасар ақындар Абайдың әдебиеттегі дәстүрін жалғастырушы ғана емес, дамытушы деңгейіне көтеріле алды. Абай шәкірттерінің шығармашылығында айтыс жанры өзіндік оқшау сипат алса, тарихи тақырыптар мен нәзирагөйлік үлгілер Абай дәстүрінің ізімен дамып, тың әдеби-көркемдік ізденістерімен құнды болды;
- Абай айналасы тек ақындармен шектелмей, халық арасынан шыққан түрлі өнердің иелері - күйші, ертегіші мен дойбышы, балуан мен құсбегі сияқты ынталы жастар бас қосқан өнер ортасына айналды.
Дипломдық зерттеу жұмысында көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында осы тақырыпқа қатысты тікелей еңбек жазған зерттеушілермен қоса М.Қаратаев, Ы.Дүйсенбаев, М.Базарбаев, Т.Нұртазин, З.Қабдолов, С.Қирабаев, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішұлы, Ғ.Есім, Т.Әлімқұлов, Р.Сыздықова, Ж.Дәдебаев, Ш.Ыбыраев, А.Еспенбетов, Б.Мамраев, М.Жармұхамедұлы, Б.Абылқасымұлы, Д.Ысқақұлы, С.Дәуітұлы, Б.Ыбырайым, Т.Қожакеев, Б.Майтанов, А.Ісімақова, Б.Омарұлы, Д.Қамзабекұлы, Қ.Мәдібай, Т.Шапай тағы басқа отандық ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысына әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Зерттеу нысаны. Абайдың әдеби ортасын айқындауда ақынның өзі алған нәрі, яғни аға буын әдебиет өкілдерімен рухани қарым-қатынасы, сондай-ақ, Абайдың өзгеге берген нәрі - ақын шәкірттерімен әдеби байланысы деген мәселелердің біртұтас жүйеде зерттелуі жұмыстың негізгі нысанын анықтап, әдеби ортаның шығармашылық құндылықтары сабақтастырыла қарастырылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Дипломда абайтанудың аса көңіл бөлінбей келген бір саласы - Абайдың әдеби айналасына бүгінгі күн талабына сай, жаңаша көзқарастар тұрғысынан баға берілді. Абайдың шын мәнінде классик ақын болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен алдыңғы буынның әдебиет өкілдерімен арақатынасы әдеби-теориялық тұрғыда зерделеніп, ақындық ортаның құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылған әдеби мектеп ұғымы Абай таным-қарекетінің биік бір өлшемі ретінде ұсынылды.
Зерттеудің нәтижелері абайтану, мұхтартану, шәкәрімтану сияқты іргелі ғылымдарға қатысты енді жазылар еңбектерге, ХІХ ғасыр, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне қатысты зерттеулерге, оқулықтар мен оқу құралдарына ой қоспақ. Сол сияқты Ш.Құдайбердіұлы, К.Жанатайұлы, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, У.Шондыбайұлы, Абайдың ақын балалары және тағы басқа ақындар шығармашылығына қатысты ізденістерде, арнаулы кустар мен семинарларда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Абай әлемі

0.1 Абай қалыптастырған өнер ортасы

Абайдың айналасына ақындар ғана емес, сегіз қырлы өнерпаз жастар да жиналғандығы белгілі жайт. Әнші-күйші, музыкант пен ертегіші, дойбышы мен тоғызқұмалақшы, құсбегі мен балуан сияқты түрлі өнердің иелері деосы жерден табылған. Солардың ішінде ақындықтан бөле-жаруға келмейтін әншілік өнер туралы, әнші-ақындар туралы да кеңірек сөз етуге болады. Себебі, Абай заманында ақындық пен әншілік бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым болғанын ескерсек, Абай айналасындағы әнші, күйші, музыканттар мұрасы ақындық өнермен біте қайнасып, тонның ішкі бауындай жымдасып жатыр. Сол уақыттағы ән мен өлеңнің біртұтас өнер ретінде қабылданатыны, әрі ақын сөзінің әнге қосылып айтылғанда насихаттық қуатының артатыны Абай айналасындағы ақындардың бәрін дерлік әншілікке итермеледі. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын, әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.
Абай жанындағы әншілік өнердің өкілдері кімдер дегенде оның нағыз әншісі қайсысы, композиторы қайсысы, жай әуесқойы кімдер, қай музыканты қандай аспаптарда ойнаған деген мәселелерге дисертацияда жауап ізделді.
Қазақ музыкасы, ән-күй өнеріне деген жақындық Абайдың Тәттімбет күйлерін тыңдап, Біржан әндеріне деген ерекше ықыластан бастау алғанын айта кетуіміз керек. Абай мен ән өнерінің ақтангері Біржан арасы туралы еңбекте кеңірек сөз болды. Әншілік пен өлең өнерінің екі үлкен өркешті өкілінің кездесуі - Абайға да Біржанға да үлкен рухани толысу болды. Абай және ән өнері деген үлкен тақырыптың бір ғана бөлігі боп саналатын Абай мен Біржан байланысы - үлкен тақырыптың басы болса, осынау тақырыптың жалғасы іспетті үлкен дүние - Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы. Әрине, Абайдың ақындық мектебі дегеннің аясында һәм бір бөлігі іспеттес әншілік мектебінің де сұлбасы менмұндалайтыны заңды. Ақын шәкірттерінің бәрі дерлік әнге жақын болды десек, солардың арысы композитор, берісі әнші екенін де естен шығармау керек. Дәл осы топ Абай әндерін орындап, халыққа таратты. Ұстаздарының әнге бет қойғанын байқап өздері де ән шығаруға бел байлады. Нәтижесінде Абай ауылы тек ақындықтың ғана емес, үлкен әншіліктің де ауылына айналды. Бұл арада Абайдың әнші шәкірттері Абай әндерін тек таратушы ғана емес, ортаға салып артық-кемін түзеп, нағыз әншінің дауысына салып жетілдіріп те отырды. Абай айналасындағы мұндай әншілік талқы халық композиторларының көбінде болған жоқ. А.Жұбановтың Абай әншілерінің тобын орыстың Могучая кучкасымен ұқсататыны содан.
Абайдың әнші-музыканттарды қасына жиюуы шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды. Осы ортада Абай жанындағы Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Тұрағұл, Қозы Көрпеш жырының бір вариантын он жеті түрлі әнмен айтатын Бейсенбай ақын, Абай жолынан жақсы таныс Майбасардың Мұхамеджаны, Құдайбердінің ұлы Әмір, Ақылбайдың ұлы Әубәкір, Кәкітайдың ұлы Әрхам, әнші Әлмағамбеттер әншілік мектептің түлектері болды. Осылардың ішінде ән өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген Шәкәрім, Уәйіс, Әсет, Мұқа, Ақылбай, Бейсенбай сынды шәкірттері - өздері де ән шығарып композиторлық дәрежеге көтерілген әншілер. Әсіресе, Әсет ақынның әншілік атағы қазақ даласына кеңінен жайылған. Біз музыка маманы болмағандықтан, Абай шәкірттері әндерінің құрылысы, музыка тілінің ерекшеліктері, әуен-сазының өлшемдік-ырғақтық құрылымы деген сияқты әннің ішкі табиғатына еркіндеп баруға дәрменсізбіз. Сол себепті зерттеу еңбегімізде Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы, даралық сипаты деген мәселелерді анықтай отырып, ондағы ұстаз Абайдың орны, Абай әндерін өз дәрежесінде орындап халықтың жүрегіне жеткізуші әнші шәкірттердің рөлі, олардың ән өнеріне қосқан өзіндік үлесі деген сияқты мәселелерге ден қойдық 7.
Абай мектебіндегі ән, музыка өнерінің дамуы туралы айтқанда, алдымен музыкада Абайдың өзі жаңашыл болды. Маңына өз заманының ең айтулы деген әнші, күйшілерді жинаған Абай шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды деп айтуға болады. Ән өнері ақындықпен қатар жүріп, ақын сөзінің насихат күшіне қызмет еткендіктен, Абайдың ақын шәкірттерінің бәрі дерлік жақсы әнші бола білді. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.
Мұқа, Әлмағамбет, Мұхамеджан сынды әншілердің ақындық өнері аса байқалмағанмен, бұлар Абай әндерін насихаттаумен ерекшелене білді. Көкбай ақындық пен әншілікті қатар ұстаса, Ақылбай, Тұрағұлдар бірнеше аспапта ойнай білген шебер музыканттығымен көзге түсті. Ал, Уәйіс пен Әсет айтулы әнші ғана емес, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар еді. Абай шәкірттерінің ішінде қазақ ән өнерін өзіндік бір белеске шығарып, жаңа әуен, тың мазмұн әкеле алған ақын Шәкәрім болды. Міне, Абайдың жанындағы ақын, әнші, сазгер, музыкант жастар бұл өнерді әр қырынан дамытты. Осылайша әр қырынан дамып, қазақтың музыка өнерінде өзіндік із қалдыра алған Абайдың әншілік мектебі - кемеңгер ақын тұлғасын айқындай түсер тағы бір керемет көрсеткіш 8, 15.
Қазақ әдебиетінің көгінде қайта жанған жұлдыздардың бірі, ұлы Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы Ш. Құдайбердиев екендігін барша қауым танып отыр. Оның ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол мұра қалдырған жан-жақты қаламгер болуына, ең әуелі, ұлы Абай поэзиясы айтарлықтай әсер еткені даусыз. Сондықтан ,алдымен, М. Әуезовтің Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі әрі жасы жөнінен де үлкені, ұзақ жасағаны Шәкәрім туралы қысқа пікірінің өзін таратып айтып көрейік. Ақынның қазақ тарихынан жазған салт жырлары "Қалқаман - Мамыр" мен "Еңлік - Кебекті" зерттеушінің тақырыбы жөнінен өзгеше шығармалар деп қарауында үлкен мән бар.
Шындығында, ұлттық өлең жанрында өзіндік із қалдырған Ш. Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын дамытуға да көп үлес қосқандығы қазір баршаға белгілі болып отыр.
"Қалқаман - Мамыр", "Еңлік -Кебек", "Ләйлі - Мәжнүн" поэмаларында оның ақындық дарыны айрықша көрінеді. Сондай-ақ Шәкәрімнің 1929 жылы жазылған бізге қолжазба қалпында жеткен "Нартайлақ - Айсұлу" поэмасы да бар.
Сырттай қарағанда, Шәкәрпім поэмаларының тақырыптары ұқсас биік махаббатты жырлау болып көрінгенімен, оның әрқайсысында әр заманның тынысы, ондағы қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатнастар астары бар.
Зерттеуші ғалым М. Мағауин ақын поэмаларының тақырыбы мен жанры туралы былай дейді: "Шәкәрімнің үш поэмасы да ("Қалқаман - Мамыр", "Еңлік -Кебек", "Нартайлақ - Айсұлу") ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих - фон ғана, автордың назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы.. Жанрлық тұрғыдан алғанда "Қалқаман - Мамыр" лиро-эпикалық жырға бейім, "Еңлік - Кебек" әлуеметтік дастан, ал, "Нартайлақ - Айсұлу" махаббат драмасы дер едік" 9, 27.
Шәкәрім өмірінің алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның, ұлы ақынның қасында өткізссе, оның рухани бесігінде тербеліп өсіп, оның тәлім-тәрбиесін алса, өмірінің кейінгі кезеңінде өзі де М. Әуезов сынды болашақ ұлы жазушыға, ғұлама ғалымға рухани аға, ұстаз бола білді.
Басқасын былай қойғанда, Шәкәрімнің "Еңлік - Кебекті" жырлауын, оны М. Әуезовтің алғаш болып сахналануын айтсақ та жеткілікті. Осы орайда көрнекті ғалымдар Ә. Тәжібаев пен Ш. Сәтбаеваның мына бір пікірлерін айта кеткен орынды.
"... Біз бүгінгі қауым адамдары да Еңлік пен Кебекке, оны жырлаған Шәкәрім ақынға қайран қаламыз, оларға қызыға, қызықтай қараймыз.
"Еңлік - Кебекті өзінің атақты драмасына айналдырған, сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған Мұхтар Әуезов те Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес. Біз мұны бүгінгі жас қауым үшін айта кетуіміз керек" 10, 33.
Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы үлкен рухани көпірдің ролін атқарған Шәкәрімнің М. Әуезовке Абай жайлы, өзі жайлы ғылыми зерттеу еңбектері мен көркем шығармалар жазу үшін көп материалдар бермеуі мүмкін емес.
Қазіргі әдебиет зерттеушілері Шәкәрімнің "Еңлік - Кебек" дастанын оның шығармашылығындағы үлкен белес, қазақ әдебиеті тарихында да өзіндік орын алуға жарарлық шығармалардың бірі деп бағалап жүр.
Қазақ даласындағы тайпалардың өзара қарым-қатынастары бір-біріне дүрдараздығы, ру басшыларының қақтығыстары, олардың қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім ұстазы Абай тәрізді көп толғанады. Сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеп, қайғылы оқиғаны поэмасына өзек етіп жазу арқылы, ондай озбырлықтың қайталанбауын тілек етіп , ел есіне салуды ойлады. Шәкәрім поэмасында да адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, ел билеушілердің әділетсіз әрекетіне наразылық, қос ғашықтың трагедиясы әсерлі баяндалады. Дүниеге ғашықтық пен ынтызарлық үшін жаралғандай жүректері шұғылалы, ниеттері аппақ, армандары раушан гүліндей таза, көктем көбелегіндей күнәсіз Еңлік пен Кебек батыр қатал заман, қатыгез үкім құрбаны болып, қайғылы қазаға ұшырайды.
Шәкәрім осы қайғылы оқығаны жазудағы мақсатын поэманың соңында:
Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат байқағаның, - деп, оқырманына ой сала отырып, бітіреді.
Абайдың ақындық мектебіндегі талантты шәкірттердің бірі - Көкбай Жанатаев. Ол - ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы.
Көкбай Жанатайұлы 1864 жылы туып, 1927 жылы қайтыс болған. Жасында мсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа кеп ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен талапкер жастың бірі болады. Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең өнерін, сауығын тастап, Семей қаласына келіп Кәмила хазіреттің медресесіне түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнін, бозбалалықтан кетіп қалды деп сынайды. Көкбай туралы:
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып ... , - дейді.
Жас өнерпаздың діндар медреседе имам, халифелердің алдында мүлгіп жүргенін жақтырмай айтқан.Бірақ Көкбай медреседе өзінше көп оқып, үлкен молдалыққа жетіп алғаннан кейін, Абайға келіп қосылады.Ел ортасындағы бір сайлаудың үстінде Семейдің сол күнгі оязы Көкбай берген бір арыз бойынша оны жазаламақ болды.Сонда өнерлі, оқуы бар жігітті Абай аяп, кепілдікке алады. Осыдан соң Көкбай өмір бойы , Абай өлгенше оның іні-досы, шәкірті боп кетеді.
Абай өлгеннен кейін бірталай жылдан соң, жасы ұлғая бастағанда, Көкбай қайтадан бұрынғы молдалығына ауысады. Ел ішінде медресе салып, бала оқытады.Бірақ молдалыққа ауысуымен, Көкбай ақындық еңбекті тастамайды.
1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі-Көкбай...
1909жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты.
Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. 1933 жылы құрастырып жазған алғашқы толық өмірбаянның көп фактілері Көкбайдың аузынан алынған.Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі және де сол Көкбайдың айтуынан алынған-ды. Міне, Көкбайдың қазақ әдебиет тарихына келтірген осындайлық кесек пайдасы бар. Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады. Тек бертін келіп, "Жаз" өлеңін жазған соң ғана Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына ауыстырып алады.
Көкбай Абайдан кейін 20 жылдан аса өмір жасап, сол соңғы дәуірінде көп шығармалар жазады. Ұстаз ақын Абайдың шығармаларына аты кірген шәкірт ақынның өзі де жалғыз ғана Көкбай болатын.
Ән үйренген ырғалып,
Өлең жиған тырбанып,
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып, деген жолдарды біз Абайдың 1909 жылы шыққан ең алғашқы жинағының өзінен де ұшыратамыз. Кейін келе Абай:
Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды жа жырлайды.
Ол жыламай қайтып тұрады,
Мынау азған қу заман,
Бір қалыпта тұрмайды.
Біреу малды ұрлайды,
Біреу басты қорлайды,... болмаған соң
Жылауына зорлайды,-
деген өлеңді де Абай өзінің ет бауырындай жақын көрген сырлас ақын ініге аса бір мұңдас жылылықпен үн қатады:
Бұдан басқа "Бұралып тұрып" деген өлеңінде Көкбай досына әзіл-сын ретінде әдейі арнап айтады. Ал кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз.
Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,
Қасында бос жүріппіз шатып-бұтып.
Осындай ен дарияны жайлағанда,
Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-
деген жолдармен Көкбай да Абайдың ақындық ұясы мен бауырында өмір кешкен жан екенін жыр етеді.
Абай мектебінің кейіннен қосылатын елеулі, ірі талантты, үлкен ақынның бірі - Әріпке айтқан сәлем сөзінде Көкбай тағы да Абай жайын толғайды:
Семейге Абай келсе бізде думан,
Ән салып босамаймыз айғай - шудан.
Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,
Секілді бір ғылымның жолын қуған.
Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,
Өзгелер отырады аузын буған.
Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,
Кәкімдей Афлатон аңырап тұрған.
Келбеті біліміне лайықты,
Япырау, мұндай адам қалай туған, -
дейтұғын үзінділерде Көкбай ұстаз ақын Абайдың қауымында жүрген басқа шәкірт ақындардың да барлық шынын, дәл қалпын бейнелейді.
1950 жылдары Абайтану тарихында М. Әуезовті қаралаудың Абайдың ақын шәкірттеріне байланысты жаңа бір кезеңі туды десек, ондағы үлкен пікір таласы, дау-дамай, негінен, ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы Көкбай Жанатаев тұрғысында еді.
М.Әуезов, ең әуелі, Көкбайға діндар, керітартпа, реакцияшыл деп кінәлаушылардан оны арашалап алуды мақсат еткенге ұқсайды. Көкбайды ақтау үшін оның Абайдың өмірін жазушылар мен толық жинағын құрастырушыларға үлкен көмек көрсеткенін тілге тиек етіп, оны тарих алдындағы, халық алдындағы зор еңбек деп бағалайды.
Екіншіден, өз заманында Абай мен Көкбайдың жан жолдас, айнымас дос, бір-біріне рухани жақын адамдар болғанын, Абайдың оның жүйрік ақындығын жоғары бағалап, өз өлеңдерін сол аса талантты шәкіртінің атынан шығарғандығын және оған арнап ұстаз ақынның өзінің де бірнеше өлең шығарғандығын атып өтеді.
Үшіншіден, Көкбайдың Абайдың өзі барда да, кейін дүниеден өткенде де оны қадір тұтқан қалпынан айнымағындығын, талай айтыстарында, сөз жарыстарында , естеліктерінде, өлеңдерінде үнемі Абай жайын айтпай, толғамай өтпейтінін айтады 11, 43.
М, Әуезов өзінің Абай(Ибраһиим) Құнанбайұлы атты монографиясының көлемді тарауын Абайдың көрнекті шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын талдамас бұрын оның өмірі туралы қысқаша деректер келтірген.
Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған. Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған. Абай оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, Ата-анаға көз қуаныш деген өлеңін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
АБАЙДЫҢ МАСҒҰТ ПОЭМАСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫП ЕРЕКШЕЛІГІ
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Пәндер