М.Мағауин – қазақ әдебиетін зерттеуші


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 6

1 М. Мағауиннің қаламгерлік қыры 8
  1. Орта көлемді шығармаларындағы ұлттық болмыс 8

1. 2 М. Мағауин романдарындағы тарихи шындық 22

  1. М. Мағауиннің зерттеулеріндегі ХV-ХVІІІ ғасырлардағы

қазақ әдебиеті 38

2. 1 Ғалым әдебиеттану арнасында 38

2. 2 Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі 40

2. 3 Хандық дәуір әдебиетін зерттеуі 45

2. 4 Бес ғасыр белестері 53

Қорытынды 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин шығармашылығы сан қырлы. Соның бірі әдебиетші, ғалым ретіндегі тұлғасы. Белгілі бір кезеңнің әдеби процесін ғалымдарымыз бүгінгі уақыт биігінен қарап, таразылап, қорытындылап жатқан болса, оның ішінде әдебиеттану ғылымыда қамтылу керек. Онсыз сол кезеңнің әдеби процесін түгел қамтып, тұтас тану мүмкін емес.

Әдебиетші, ғалымның соныңда қалдырған сала-сала еңбектерінің қайсысы болса да бүгінгі ғылым үшін көкейкесті. Бұл ретте «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері» монографияларымен қатар «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарын құрастыруы ұлттық әдебиетімізде үлкен мәнге ие болды. Міне, ғалымның бұл еңбектерінен ерекше мол ізденіс аңғарылады. Мұхтар Мағауин шығармашылығы өзінің батыл жаңалығымен, ғылыми тереңдігімен әдебиет жұртшылықтың назарын бірден аударды. Сондықтан да жұмысымыздың өзіктілігі осындай мәселелерден туындайды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жазушы - халық өмірінің шежірешісі ғана емес, бақылаушысы әрі барлаушысы. Қайратты қаламгер қай тақырыпқа қол артса да, өзінің идеялық-эстетикалық мұратын бейнелеуге ұмтылады. Өнердің өмірмен өзектестігінің, ілгерішілдігінің бір тармағы осы болар. Байсалды проза туындысының көркемдік деңгейі оның жұрт көзіне көп шалына бермеген тақырып, иә обьектіге із салуында емес, қайта соны фон ретінде пайдаланып, терең тұжырымды тосын сипатта толғап, толыққанды тұлғалар арқылы таныта алуында. Екінші жағынан ғалым ретінде қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихын бір жүйеге түсірді. Осы мәселелерді қатар алып жүрген жазушы, ғалымның шығармашылық жолына жүйелі барлау жасау жұмысымыздың ғылыми бағытын айқындайды.

Дипломдық жүмысымыздың мақсаты. Әдебиетші ғалым, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын негізге ала отырып, әдебиетші мен ғалымдықты қатар алып жүрген қаламгердің шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан, жүйелі түрде қарастыру болмақ. Осыдан келіп, мынадай міндеттер туындайды:

  • М. Мағауин алдымен ғалым ретінде танылды ма, әлде жазушы ретінде танылды ма;
  • Автор жазушылық пен ғалымдықты қалай ұштастырды;
  • Зерттеушінің қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі еңбегінің маңызы;
  • Ғалымның әдебиет зерттеушісі ретіндегі ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерделеудегі атқарған қызметі қандай.

Зерттеу нысаны. Мұхтар Мағауиннің қазақ прозасында алар орны дара. Оның «Аласапыран» атты тарихи роман-дилогиясы - бүгінгі тарихи прозаның ең озық туындылары қатарынан саналатын көркем шежіре. Оның «Көк мұнар» [1], «Аласапыран» [2], «Шақан шері» [3], «Сары қазақ» [4], «Шыңғыс хан» [5] романдары, «Бір атаның балалары» [6], «Тазының өлімі», «Қара қыз», «Мәңгілік күй», «Өмір жыры», «Жыланды жаз» повестері мен «Әйел махаббаты», «Көк кептер», «Қияндағы қыстау», «Иесіз», «Шешей» әңгімелері төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. Біз бұл шығармаларға да шолу түрінде тоқталып өтеміз. Бұдан соң ең негізгі қарастыратынымыз ғалымның «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері», «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» еңбектері болып табылады.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Айтар ой, идеясын тың дерек, тосын тәсілмен шиыршық аттыра жеткізу - жазушы Мұхтар Мағауиннің қаламына тән машық. Осылай әрі ғалым, әрі жазушы М. Мағауин - екі қиын өнердің тізгінін қатар ұстап келе жатқан қаламгер.

М. Мағауиннің әдебиет тарихшысы ретіндегі ізденісінің, қалыптасу жолы ерекше. Бұл тұрғыда «Қобыз сарыны» монографиясының маңызы зор. «Қобыз сарыны» кітабы ғылым жолында, талпыныста жүрген жас шағында, бетін саясат бүркеп, тарихтың қалың қатпарында көміліп қалған, біреу біліп, біреу білмейтін, білгеннің де жүрегі дуалап ауызға алуға дәті бармайтын XV-XVIII ғасырлардағы баба-жыраулар есімін жаңғыртып, сөздерін тірілтуімен құнды. Сонымен қатар ең басты құндылығы, XIX ғасырдан әріге көз сала алмай жүрген шақтағы бұл зерттеу қазақ әдебиетінің, қазақ тарихының тұтастай ұлт мәдениетінің бастауын үш ғасырға ілгерілеп, ұзартуы. Әдебиетшінің осы еңбегін ғылымдағы ерлік деп айтуға болады. Бұл «Қобыз сарыны» монографиясы ғалымның айтуынша кейін барлық кітабының нәр алған қайнар бұлағы еді.

Шындығында, аталған зерттеудің қазақ руханиятындағы маңызы ерекше еді. Өйткені қазақ әдебиеті тарихының XV ғасырдағы жыраулар мұрасы, олардың ғажайып поэзиясы ұлтымыздың төлтума сөз өнерін жаңа қырынан танытты. Сонымен, бұл бағыттағы қайсар ізденісі «Алдаспан» антологиясын құрастырумен жалғасын тапты.

Диплом жұмысының негізгі нәтижелерін мектеп оқушылары әдебиет пәнінен факультатив сабақтар барысында, үйірме сабақтарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қаламгердің ғылымға жолын ашып, үнемі қамқор болған профессор Б. Кенжебаевтан бастап көптеген жазушы-ғалымдар ой-пікірлерін білдіріп отырған. Оларды атап кететін болсақ: Қ. Жұмаділов, Н. Ғабдуллин, І. Есенберлин, Т. Тоқбергенов, Т. Мәмесейітов, А. Сейдімбеков, С. Әшімбаев т. б. болды. Бұлар жазушының шығармашылығының әр қырын талдап өте орынды пікірлер білдірген.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс құрылымы кіріспе және екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құрылған.

1 М. Мағауиннің қаламгерлік қыры

1. 1 Орта көлемді шығармаларындағы ұлттық болмыс

Қазіргі сөз зергерлерінің алдында жетелеп отыратын ортақ ой, ортақ мақсат бар. Ол - адамзатқа ортақ мәселе көтеру. Ол - жалпы адамзат мәселесін көтеру. Осы проблемаға келу жолы әдебиетте әр қилы. Алдымен шығарма ұлттық болуға тиіс. Жазушы жалпы адамзаттық проблемаға ұлттық қаһарман, ұлттық характерлер арқылы барады.

Ұлттық характер мәселесі характерден туындайды. Характерді эстеттер бұл күнде тарихи категория ретінде айқындайды. Ұлттық характер - әрбір халықтың тарих беделінде, түрлі өтпелі кезеңдерде қалыптасқан мінез ерекшелігі. Кейбір сыншылар ұлттық характерді көркемдік шарты ретінде алға ұстап, кейбір жазушылардың творчестволық өресін осы проблемаға қатынасы арқылы анықтауды міндетті деп есептейді.

Көркем шығармадағы ұлттық идея осы ұлттық характер арқылы, оның ұлттық санасы арқылы, танымы, көзқарасы арқылы көрінеді. Ендеше ұлттық характердің жасалу ерекшелігі автордың шеберлігіне сын болу керек.

Жазушының «Жындыбас» аталған әңгімесі де оқырманды ойға қалдыратын шығарма. Автор мұнда Жайсаң деген қарапайым шофердың іс-әрекетін көрсете отырып, өмірдің күрделілігін, оның адам баласына кездесер шым-шытырық жолдарының көп екенің пайымдатады. Ондай шым-шытырық жолға, кездескен қиындыққа жігіттің жігіті ғана шыдайды екен. Бұндай жігіт Жайсаң екеніне бірте-бірте көзіміз жете бастайды [7, 100] . Жазушының «Сентябрьде» деген әңгімесінде Айтбай дейтін қарияның жай-күйі шертіледі. Айтбайдың бүкіл өмірі ауылда өткен, сыртқа ұзап шықпаған қыр қазағы еді. Кемпірі қайтыс болады да, бір үйде жалғыз отыра алмай қаладағы баласы мен келінінің қолына барып тұрады. Олар қартты құрметтейді, сыйлайды, бірақ бұлардың үйдегі тәртібіне Айтбайдың көңілі онша көншімейді. Қарт осылайша қысылшаң күйге түседі. Автордың қаһарманның осы хал кезіндегі жан толғаныстары арқылы оның жүрегіндегі мол мейір мен зор әкелік махаббатты әңгімелейді.

Әңгіме идеясынан байқалатын мәселе - үлкеннің алдында ізет тұту, әдет сақтау. Ата мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе қазақ өмірінде жалпы үлкен орын алады. Сол қарым-қатынастардың сипаты дағдылы әдет-ғұрыпты, салтты паш етумен қатар, кісілердің адамгершілік әлемінде танытады, нақты уақыттың, белгілі ортаның сырын да ұқтырады. Міне, сондықтан әрқашан да әдептен озбау керек. Көркем шығарма сол ақиқатты таныта алмаса, оның эстетикалық әсер-қуаты сөз жоқ кем болады, қаһармандарының тағдыры оқырманды тебірентпейді. Ал автор әңгімесінде сол ақиқат жақсы көрініс тапқан.

Жалпы, Мұхтар Мағауиннің жоғарыда аталған әңгімелерінің көтеретін мәселелері - мораль проблемасы адам бойындағы қордаланған тоғышарлық жат қылықтар ардан ада жандардың мінездері мен психолоғиялары суреттеледі [8, 60] . Жазушы менменшілдік, өзімшілдік, мансапқорлық, эгоистік көзқарас, қатыгездік, сатқындық сияқты кеселдерді сынай отырып, адамның адамгершілік әлемін жоғары бағалайды. Автор өз шығармаларында адамның рухани сұлулығын кейіпкерлердің біреудің кайғысына ортақтаса білу, махаббатына адал болу, табиғатты сүю, қоғамдағы әртүрлі әділетсіздіктерге наразылық білдіруі арқылы ашып көрсетеді. Қаламгер қай шыгармасында болсын еркін отырады. Тақырыптары ұзақ-ұлаң емес, бүгінгі күніміздің іргелі сауалдарына толымды жауап береді. Ат үсті емес, терең жауаптар. «Мұхтар Мағауин алған тақырыбын терең зерттеп алатыны байқалады» деп жазады Ғабит Мүсірепов «Әдебиет - кәсіп емес, өнер» атты еңбегінде [9, 114] .

Басқаны менсінбеу, өзін біреуден жоғары санау сияқты көзқарастардан көбінесе сол адам ғана емес, айналасындағылар зардап шегеді. Бұл жерден автордың «Қара қыз» әңгімесінен айтуға болады. Жеке басының мансабы мен жетістігін көздеген Бексейіт өз от басына көңіл бөлмейді. Бұл жағдай жас шаңырактың күйреуіне әкеледі. Басында сүттей ұйыған от басының шайқалуы кезінде өзі ұнатып қосылған жары Айгүлден алыстауына Бексейіттің жеке проблемасын себеп болып отыр. Ұзақ уақыт еңбектеніп жазған диссертациясының Алматыда қолдау көрмеуі Бексейітті Москваға барып жұмысын жалғастыруға итермелейді. Оның бойындағы мұндай табандылық алғашкыда оқырманды сүйсінтуі мүмкін. Алайда, осы жолда өз кара басынан басқа ешнәрсе толғантпай, ақырында биік мансапқа қолы жеткен тұста жасаған қылықтары Бексейітті оқырман алдында ақтап ала алмасы хақ.

Бексейіт диссертациясын Алматыда қорғар тұста сол кездегі ақсақал ғалымдардың жас ізденушілерге қолдау көрсеткеннің орнына жаппай қарсы шығуында да үлкен астар бар: бұл жерде біреудің жетістігіне қызғана қарайтын күншілдік сыр бергендей. Демек, қаһарманның жеке басындағы келеңсіздік қоғамның әлеуметтік әуенін ұқтырып тұрса керек.

Автордың келесі бір шығармасы «Өмір жырының» «Ұшар алдындағы хикая немесе мәңгілік күй» деп аталатын бөлімінде негізгі кейіпкер - суретші жалған тәкәпарлықтың құрбаны болады. Өмірлік махаббаты Әлияның алдында арзан спектакль ойнап, дәл сол сәтте ізгі сезімді таптауға жол берген суретші қылығының астарында қыз әкесіне ыза мен әлі де болса бойжеткен сезімімен ойнай түссем екен деген түсініксіз көкіректік жатыр.

Белгілі уақыт өткеннен кейін адам өз қатыгездігінің құрбаны болары даусыз. Жоғарыда айтқан «Қара қыз» әңгімесіндегі Бексейіттің Айгүлдің жазған хатын оқу үстіндегі толғанысы, суретші жайында автордың сөзімен: « . . . Ол өзінің жартылай ғана бакытты екенін жақсы білетін» [10, 31], деген тұжырымы адам бойындағы эгоизм сияқты келеңсіздікке байланысты жазушының өзіндік поэзициясын айқын танытып отыр.

Адамның адамгершілік сұлулығын оның әрекетінен көреміз. Мәселен, аталмыш әңгімедегі Айгүл өзінің жан сұлулығымен оқырманды бірден баурап алады. Жас шағынан еңбектеніп үйренген ол жұмысының қандайынан болмасын қорықпайды. Керісінше, еңбек Айгүлдің жанын қуанышқа толтырады. Өйткені жасаған жұмысының нәтижесі отбасы үшін материалдық жетістіктің көзі болмақ. Алыста оқуда жүрген жары - Бексейіттің ақшадан таршылық көрмеуі Айгүл үшін өз қара басының жағдайынан әлдеқайда маңыздырақ. Айгүл Бексейітті шын сүйеді, өз сезіміне сенімді қандай болсын қиыншылықты көтеруге әзір. Жас келіншек жарының жасаған әрбір жағымсыз қылығына кешіріммен қарайды. Бұл Айгүл жүрегінің тазалығы, пейілінің кеңдігінің айғағы. Н. Ғабдуллин «Замандас келбеті» атты еңбегінде: «Кімде-кім сынды ащы болса да қабыл алса, мінін айтқанға-қиналса да шыдаса, кек тұтпаса, ол - қасиеті биік адам. Оның жаны бай болмақ» дейді [11, 132] . Бексейіттің Айгүлдің қалалық мәдениетінің жетіспеушілігін, киім киісі, шаш қоюының заманға сай еместігін айтып мұқатуы оның бойынан өз кемшіліктерін түзетуге талпыныс білдіруінен баска ашу немесе реніш сияқты мінез туғызған жоқ. Демек, Айгүл - сынға төзе білетін парасатты адам. Айгүл сүйген жарына адал. Сондай адалдық ол Бексейіттен де күтеді. Алайда, әйелінің көзіне шөп салған. Айгүлдің жанына бататын ауыр сөздер айтқан Бексейітпен бірге өмір сүре берсе, кейіпкер образы шынайы ашылмаған болар еді. Өйткені қандай қиыншылықка шыдаса да, Айгүлдің сатқындықты кешіре алмауы жазушының эстетиқалық мұратының көрінісі.

Жазушы шығармаларынан сырттай қарағанда жеңіл-желпі көрінетін суреттеулерден де адамның мінезін тануға болады. Мәселен, «Өмір жырының», «Көктолғау» атты бөліміндегі автордың мына суреттеуіне назар аударайық. «Өзін-өзі күтіп үйренген келіншек сияқты жалғыз отырғанымен дастарханы жоқ шағын дәлеңке қуырдақ тұр. Балқаймақ, құрт, май, қолдан пісірген бауырсақ - бәрі бар» [12, 104] . Бұл оқырманның Әсиямен алғаш танысу сәті, кейіннен шығарма сюжетінің дамуы барысында Әсия жайлы алғаш қалыптасқан пікіріміз аса көп өзгеріске ұшырай қоймайды. Өйткені Әсияның бар болмысы сол тұрған қалпында мол дастархан, сәнді өмір, биік мансап Әсия үшін өмірінің негізгі мәні. Ондай адам басына қиыншылық түскенде жалтарып кетуі хак. Солай болады да. Мойнына ақша мініп жауапқа тартылу каупі төнгенде, бар кінәні күйеуі көріп, Әсия аман кұтылады. Ар мен ұят, отбасы және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты қасиеттерден жұрдай келіншектің ішкі жан дүниесіне автор тереңнен үңілмейді. Сондықтан біз Әсияның осындай мінезінің негізгі себептерін ашып бере алмаймыз. Автор оны мақсат етпегені де белгілі. Өйткені бұл жерде негізгі әңгіме шығарманың бас кейіпкері - жүргізуші жігіт төңірегінде өрбиді.

«Адам белгілі қоғамның және белгілі бір қауымның өкілі болғандықтан, оның бүкіл болмысынан сол ортаның һәм уақытының сыр-күйі таңылмақ керек» [11, 203] . Демек, қоғамда орын алған келеңсіз жағдайлар сол қоғамда өмір сүретін адамдар бойынан көрінеді. Сол келеңсіздіктердің шығармада суреттеу арқылы автор кейіпкердің ұнамсыз мінезі мен қоса қоғамдағы кемшіліктерді де сөз етеді, оған өз көзқарасын білдіреді.

Тың игеру соғыстан кейін жылдары қазақтың дастарханынан орын алған «ащы су» әлі күнге ұлтымыздың басындағы ауыр дерттің бірі болып келеді. Осы проблема «Кертолғауда» тереңнен ашылмаса да, белгілі дәрежеде көрініс тапқан. Әсияның үйінде Сабыржанның араққа қанып алып, төрде дөңбекшіп жатуының өзі сүйкімсіз көрініс. Осыдан кейінгі Сабыржанның бар қылығы жиіркенішті болмақ. Ал «Тазының өлімінде» Қазының ауыр кесел болып жабысқан араққа құмарлық оны ажал аузына бірақ итереді. Кейіпкердің бойындағы атадан мирас болып келе жатқан аңшылық өнерді жан-дүниесінің сұлулығының, адами қасиеттерін арақтың астына қалдыруының әлеуметтік себептері бар. Ол қоғамның сол қоғамда өмір сүретін Есенжол сияқтылардың қатыгездігі. Айналасындағыларды түсінбеушілігі шығарма кейіпкерлерінің рухани құлдырауына себепкер болады. Қазының өлімі тазы иттің өлімі мен сол өңірдегі саятшылық өнердің жоғалуына әкелді. Яғни, адам бойынан жағымсыз әлеуметтік құлдырауына да байланысты. Қоғамның дамуында регрессивті жағдайлар басымырақ болса, ол жеке адамның да ішкі дүниесінің парықсыздануына итермелейді. Осыдан эгоизм, сатқындық, рухани жұтандық сияқты кері мінездер нығыз орныға бастайды. Оларды қатал сынау арқылы жазушы қоғамдық кеселдерді де сынайды.

Жалған активтілік, жағымпаздық, мансапқорлық сиякты жағымсыз мінездерді жолдаған адам басқаның бойындағы ізгі қасиеттерді езгілеуге әзір. Өйткені өзінің алға қойған мақсатынан кедергі болар жағдайлардан барлығы ол үшін дер кезінде жолға сырылуға тиісті.

«Жыланды жаздағы» Едіге бала мен оның мінген аты Құжауырын солақай актившілдік, еңбек өнімділігін қандай жолмен болса да арттыру мақсатын көздеген маңсапқор басшылардың құрбаны болды. Аудан мен колхоз арасында поштабай қызметін атқарып бір кездері бәйгеде дес бермеген, бүгін де бір жақ жауырыны шодырайған мүгедектігіне қарамастан аудан бастығының бұйрығымен соқа тіркелген Құжауырын қазаға ұшырайды. Атының азап өлімі жас жеткіншек Едігенің жүрегіне ауыр жара салады.

Биік мансап қашан да адамды басқаны менсінбейтін, өзін өзгелерден жоғары санайтын көкірекшіл етіп түзу жолдан тайдырады. Повестегі Меркен мен Жәдігер - міне осының дәлелі. Бірі - колхоз, бірі - аудан басшысының ұлдары әкелерінің жоғары дәрежесін пайдаланып әлсізге күш танытады. Едігенің аулаған балығын иемденіп, сұс көрсеткен Меркеннің «Мен, немене, сенің сыйыңа тұрмаймын ба? Меркен аға, мынау сенің сыбаған деп, көп балығының бірін байласаң қайтеді еді?! Әлде өзен ата меншігің бе? Бәрі колхоздікі, ал колхоз - менікі» [10, 85] деген сөзінен өзімшілдіктің нышанын аңғарамыз. Осындай мінезді Жәдігердің де бойынан көреміз. Қасына ерген ауыл балаларына зіл танытуы, Едігенің өзіне ғана емес әжесіне де ызғар көрсетуі оның адамшылық деңгейін танытып-ақ тұр.

Адамның адамгершілік әлемінің сұлулығы «Бір атаның балалары» атты повесте тереңнен ашылған. Соғыс кезінде ата-анасынан айырылған жетімдерді өз баласындай бауырына салып өсірген ауыл азаматтары туралы бұл хикаяттың негізгі идеясына басқаның қайғысына ортақтаса білу, тілі мен дініне бөлмей барша адамды сүю сияқты ізгі қасиеттер жырланады. Бұл әрине, талай ғасырлар атадан балаға үлгі болып келе жатқан қазақ халқының дархандығымен қонақжайлығының классиқалық көрінісі. Яғни бұл шыгармада толық бір ұлттың өмірдегі адамгершілік биіктігі сөз болады.

Әдебиетте адам бойындағы рухани байлықты танытатын тағы бір аспект - адамның табиғатпен байланысы. Бұл мәселе М. Мағауиннің «Тазының өлімі», «Жүйрік», «Жыланды жаз» сияқты повестерінде айқын көрініс тапқан. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оның қастерлеуі де түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі - жылқыға деген сүйіспеншілікті біз «Жүйріктегі» Мамай қарт пен «Жыланды жаздағы» Едігенің бойынан көреміз. Мамай - аттың оның ішінде бәйге аттың қадыр-қасиетін білетін, ұлтының атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ауыл ақсақалы. Оның әрбір қимыл-әркеті, ойы, наным-сенімі ықылым замандардан бері қалыптасқан қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, атының жетістігіне шың қуанатын ақкөңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдығының нәтижесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгелік дәуреннің көшуі еді.

«Жыланды жаз» Құжауырын атты жануардың да кезінде бәйгеге дес бермеген жүйрік болғаны туралы автордың баяндауынан оқып білеміз. Соғыс жылдары ауыр жұмыстың кесірінен мүгедек болып қалған атқа деген Едігенің сүйіспеншілі ерекше. Сол себепті аттың азапты өлімі оны қатты толқытады. Бұл повестен жардан құлап өлген аттың қазасы жанына қатты бататын біреу болса, «Тазының өліміндегі» лашын итті жоқтайтын ешкім жоқ. Өйткені, иесі - Қазы өлгеннен кейін тазыны баптап, аңға шығатын тірі жан жок. Осы үш повесте де автор адам мен табиғат арасындағы байланыстың жоғалуын сөз етеді. Мамай, Едіге, Қазы сияқты адамдар қоғамда санаулы-ақ. Олар үзіліп бара жатқан адам мен табиғат үндестігін жалғай алар ма екен? деген сұрақтарға жауапты автор оқырмандардан күтеді.

Біз жазушы Мұхтар Мағауиннің повестеріндегі ұлттық идеяның көрінісін зерделеуді жөн көрдік. Осы мақсатта повестеріне көркемдік талдау жасауға тырыстық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz