Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. «Күрделенген сөздер» деген атау бұрын тізілімде болмағанмен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың орнын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған қызметіне орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай, сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасады. Алайда, осыған қарамастан біз жай сөйлемнің күрделенген түрін өз алдына жеке топтауды жөн көрдік. Өйткені, кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөздер оқшаулана айтылғанмен, олардың бойында субъект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсіндірілмейді. Бұлар тек субъектінің түрліше көзқарастары мен сезімдеріне бағыттала айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілері сөйлемнің негізін қүрамай, тек онда көмекшілік қызметте ғана жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәндегі сөз таптарын алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бүзылмайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Күрделенген сөздер тіл білімінде ертеден танылды. Алайда, ол кездерде бұл сөйлемдер біздің түсінігімізден басқаша, басқа синтаксистік категориялардың аясында қарастырылды. Осы жайында алғашқы мәліметтер, түрліше көзқарастар Н. И. Греч, А. Х. Востоков, Ф. И. Буслаевтардың еңбектерінде синтаксистік категорияны бағыныңқы сөйлемнің қатарында қарап соның қысқарған түрі деп түсіндіреді. Мәселен, А. Х. Востоков сөйлемдердің толық түрі және қысқарған түрі болатынын айта келіп, қысқарған түрі бағыныңқылардың көсемше, есімше арқылы жасалатындығын көрсетеді. Автордың қысқарған бағыныңқылар деп отырғаны - әдеттегі есімше жэне көсемшелі оборотты жай күрделенген сөйлемдер.
«Күрделенген сөздер» деген атауды академик А. А. Шахматовтың еңбегінен кездестіреміз. Автор бұл жайды сөйлемдердің бір құрамды және екі құрамды болып келу жағдайын талдай отырып айтады.
Ал А. Г. Руднев күрделенген сөйлемдерді өз алдына жеке синтаксистік категория ретінде танып арнайы зерттеді. Автор оңашаланған мүшелер, бірыңғай мүшелер, қаратпа жэне қыстырма сөздер мен сөйлемдердің басын қосып бір жерге жинақтайды да, оларды күрделенген сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі етіп алады. Осы еңбекте автордың әсіресе оңашаланған айқындауыш, оңашаланған анықтауыш, оңашаланған предикативті пысықтауыш және оңашаланған салыстырмалы обороттар жайындағы талдаулары назар аударарлықтай.
Профессор Ғ. А. Абдурахманов, А. Г. Руднев сияқты, күрделенген сөздердің құрамында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден басқа оңашаланған мүшелер немесе қаратпа, қыстырма сөздердің бірі қатынасып отыратындығын айтады. Автор оңашаланған сөйлем мүшелерінің қатарына синтаксистік оралымдарды да жатқызады.
Профессор М. Б. Балақаев қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында оның құрамында синтаксистік комплекстердің де кездесетінін айтады. Автордың синтаксистік шумақ деп отырғаны - мына тәріздес сөз тіркестері: Таудан төмен түскен шаңғышылар колхоз клубының алдына тоқтады [1, 45] .
Күрделенген сөздерді арнайы қарастыруымыздың ең басты себебі - бұл да жай сөйлем және құрмалас сөйлем тәріздес синтаксистің арнаулы бір саласы. Олай болса, күні бүгінге дейін казақ тілі синтаксисінің зерттейтін объектісіне жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді жатқызып келсек, енді бұлардың қатарына күрделенген сөйлемдерді қосатын боламыз. Сонда тіліміздің синтаксистік жүйесі үш үлкен саланы қамтитын болады: жай сөйлем, күрделенген сөйлем және құрмалас сөйлем.
Қазақ тілінің күрделенген сөздер басқа да тілдердегі тәріздес, коммуникативтік қызметі мен құрылыстары жағынан біркелкі болып келе бермейді. Біреулері ішінара сөйлем мүшелері жағынан біркелкі болып қайталанса, енді біреулерінде баяндалған оқиғаға байланысты айтушы адамның түрліше көзқарастары білінеді. Енді бірде сөйлемнің негізгі желісі түрлі жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленіп отырады. Қайсысында болса да сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан күрделі ой туғызады. Бұлар бір-бірінен синтаксистік тәсілдері және іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдерді жалпы екі үлкен топқа бөліп жіктейміз; I. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер, II. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [2, 56] .
Алғашқысына оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады да, екіншісіне көсемше, есімше, шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымды сөйлемдер кіреді. Сөйтіп, біз синтаксистік оралымы бар сөйлемдерді оңашаланған мүшелі сөйлемдерден ажыратып қараймыз [3, 8] . Сондай-ақ, айқындауыштық қосалқы сөйлемдердің табиғатына да назар аударып қаралық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөздердің емілесін тереңірек қамтып, нақты жазылу емлесінен кең түрде мағлұмат беру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдардың, қорытынды пікірлердің практикалық мәні үлкен. Ғылыми нәтижелерді қазақ тілін мектепте оқыту барысында, сондай-ақ гимназия, лицейлерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектептерде қазақ тілінен сабақтар жүргізуде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста жүйелі-кешенді, тарихи-хронологиялық-сипаттамалы, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмысымыздың құрылымы - кіріспе және үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Жай сөйлем синтаксисі
1 Жай сөйлем синтаксисі
1. 1 Сөйлем және оның түрлері
Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреудің айтқан ойы. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін сөздер тұрған күйінде алса да, қиындаса алады. Қыры келмейтін сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз. Мысалы, Елдің малы далада, біткен жаны жалада, көбі жатыр қалада деген сөйлемнің бәрі өзгертіліп тұр, яғни жалғаулар арқылы байланысқан. Сондықтан ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сондықтан сөйлемнің жаны - сөздердің басы мағыналы болып құралуы, - дейді А. Байтұрсынов [4, 151] .
Қ. Жұбанов: “Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін жапқын қар, - дегенде қыс деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр.
Аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөзді сөйлем дейміз. Сөйлемнің қандай түрлері болады, қандай бөлшектері болады, ол бөлшектерден сөйлем қалай құралады? - міне грамматиканың осыларды қарайтын бір бөлімі бар. Грамматиканың бұл бөлімін сөйлем жүйесі немесе синтаксис дейміз [5, 72] . С. Аманжолов: Сөйлем дегеніміз - сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория [6, 183] .
Орта мектепте: “Тиянақты бір ойды білдіретін сөздердің тобын сөйлем” - дейді. Негізінде, бұл дұрыс, бірақ өте жалпыланып айтылған. Кемшілігі: анализ жақтарын кіргізбеген. Сөздердің тобы деген жеткіліксіз, оны сөздердің қарым-қатынасына, сөздердің грамматикалық байланысына бағындырып беру керек. Сондықтан сөйлем дегеніміз белгілі бір тиянақты ойды білдіретін, өзара қарым-қатынасы бар, өзара грамматкалық байланысы бар сөздер деуіміз керек. Бұл да жеткілікті емес. Сөз бен сөздің қарым-қатынасы дегеніміз жай сөйлемге ғана қатысты, шынында, сөйлем дегеніміз сөйлем мен сөйлемнің (құрмалас сөйлемге, диалогты сөйлемге қатынасты) қарым-қатынасы да енеді.
Сөйлем - сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік.
“Тиянақты ой” дегеніміз относительді нәрсе ғана. Өйткені ойдың қыры көп. Алдыңғы сөйлем мен артқы сөйлем мағына жағынан байланысты. Кейде алғы, кейде артқы сөйлем өздігінен тиянақты болмайды, бірін-бірі толықтырады, кейде екеуінің бірлігі бір я бірнеше сөйлемнің бірлігі бүтін бір ойды тиянақтайды. Олай болса, тиянақтылықтың да шегі бар екендігінде дау жоқ. …Ой өте кең нәрсе, олай болса, үнемі бір сөйлеммен абсолют тиянақтап қалады деуге болмайды, тек относительді тиянақты дейміз. Өйткені кейбір құрмаластағы, диалогтағы бір сөйлем субъектінің бір жағын ғана көрсетеді.
Әмір Р., Әмірова Ж: Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, өз беттерімен қызмет атқара алмайды. [7, 48] .
Жеке сөз де СТ тәрізді болып келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға - сөйлемдің сапаға ие бола алады. Осыдан шығатын қорытынды - сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтын мыналар: Сөйлем бір, екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады. Бастауыш-баяндауыштың қатынасы предикативтілік деп аталады. Предикативтік қатынас - сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Екіншісі - жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады.
Үшіншісі - рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма.
Аханов К. : Сөйлемге тән белгілер деп мыналарды атайды:
1. Сөйлем - коммуникативтік қызметімен, яғни шындық болмыстың
бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен сипатталатын синтаксистік единица.
2. Сөздің де, СТ-нің де қызметі номинативтік қызмет болса,
сөйлемнің қызметі - коммуникативтік қызмет.
3. Сөйлемнің қырылымдық үлгісі - бастауыш-баяндауыштық үлгі. Бұл - сөйлемге тән құрылым.
4. Сөйлемге тән білгілердің бірі - интонация. Сөйлем тілдік басқа
құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады. Түн. Вокзал. Қаптаған жүргіншілер.
5. Сөйлем объективтілік модальдылық категориясы, синтаксистік жақ және рай категорияларымен және осы категорияларды білдіретін құралдардың жүйесімен сипатталады. Тапқан екенсің сенетін адамды! Тыңдар ол сені! Бәйгеге қосқан аты ат-ақ екен! [8, 71] .
Ж. Жақыпов:
Сөйлемнің түрлерін:
- Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуымен түсіндіреді [9, 52] .
А. Байтұрсынов: Айтылуынша айырылатын түрлері. Айтылу түрлеріне қарай сөйлем төрт түрлі болатындығын төмендегідей жітейді:
- Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда айтылатын сөйлем аталады. Мысал: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?
- Лепті сөйлем. Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңіл күйі, жан жайымен сөйлегенде, мәселен, жан ауырғанда, не кенелгенде, тағданғанда, сұқтанғанда, кейінгенде, есіркегенде, күйінгенде, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Бұлар айтылғанда жай айтылмай, лепті үнмен айтылады. Сондықтан лепті сөйлем деп аталады. Мысал: Уф, алла! Бітті қаным! Шықты жаным!
- Тілекті сөйлем. Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем түрлері тілекті деп аталады. Балалар, оұуға бар, жатпа қарап! Көңіл тілегі түрлі айтылады: 1) бұйрық түрде, 2) өтініш түрде, 3) үгіт (ақыл) түрде, 4. Жай тілек (мұрат) түрде.
- Жай сөйлем. Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем деліп аталады. Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді [4, 93] .
Қ. Жұбанов: Сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сазбен айтылатына қарай сөйлем үш түрлі болады. 1. Хабар сазды сөйлем. 2. Сұрау сазды сөйлем. 3. Леп сазды сөйлем.
- Хабар сазды сөйлем. Болған, болып жатқан немесе болашақ оұиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады. Жаз шықты. Күн жылы.
- Сұрау сазды сөйлем. Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды болады. Каспийдің сұлулығы сұрғылт құм ба?
- Леп сазды сөйлем. Бір нәрсеге таңдана, опына, біреуге өтіне, бұйыра, ашулана, қуана сөйленген немесе хабар өте көтеріңкі я өте басылыңқы көңілмен берілген болса, сөйлем леп сазды болады. Тілек, ұран сөйлемдер де леп сазды сөйлемдерге қосылады. Апырай, мына бір қызық екен! [5, 173] .
С. Аманжолов хабарлы сөйлем сөйлемнің баяндауышына қарай жіктеледі. Себебі - бастауыштың ең бірінші көрінісі баяндауыш. ХС 8 түрлі:
1. Қимыл хабарлы, 2. Сын хабарлы. 3. Сан хабарлы. 4. Мекен хабарлы. 5. Мақсат хабарлы. 6. Анықтама хабарлы. 7. Себеп хабарлы. 8. тақырып хабарлы [6, 63] .
Әмір Р. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Бұл сөйлемдердің негізгі грамматикалық белгілері мыналар:
1. Баяндаыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалады.
2. Өзіне тән интонациясы болады.
Сұраулы сөйлемдер. Қазақ тілінде негізінде не сұрау шылау, не сұрау есімдіктері, үстеуге айналған сөздер қосылса, ана сұраулы сөйлем болады [7, 81] .
Қазақ грамматикасында: Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді СС дейміз. СС-ді қызметіне қарай былайша бөледі:
1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (кім, не, қашан, ), шылаулардың (ма, ме, па, пе) қатысуымен жасалады.
2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер жатады. - Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?
- Бұған Ілияс дайын тұр.
- Сен өзің ше? - жетек сұрақ.
Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бұл ше
шылауының қатысуымен де жасалады. … Соғыстан бұрын ше?
3. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұлар ІІ жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап тұрады. Бұл кісілер қай елдікі? - Сабынкөлдікі. - Сабынкөлдікі? - Иә, Сабынкөлдікі. (Б. М. )
Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай бөлінуі.
А) Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл негіз сұрақ болып отырған іздеулі компонент белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылады. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, қашан, қандай, не істеді деген сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады.
Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер субъектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер, предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның, іс-қимыл объектісінің, зат сапасының іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер болып бөлінеді.
Ә) Альтернативтік сұрақты білдіретін СС. Альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Бұлар баяндауыш мүшенің сұраулы шылауларды үстеуі арқылы жасалады. Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Альтернативтер сөйлемде дара-дара аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады. Тоқтайсың ба, жоқ па? Іздеулі мүше алдымен жалпы сұрақ арқылы білдіріледі де, сөйлемнің соңынан оның альтернативтерін білдіретін сөздер телулі компонент ретінде жалғастырылады.
Б) Риторикалық сұрақты білдіретін СС. Бұларда баяндауыш сөздері кері мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады. Дауыс ырғағының қатысы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонацияның көрінісі лепті сөйлемдермен тең түседі. Бұл сөйлемдердің құрамында өзіне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседі: келді емес пе, өтті емес пе, оұыған жоқ емессің бе?
В) Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады… үй қырығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Мұнда тілекті, жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру мақсаты қойылады.
Бұйрықты сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Жасалу жолдары:
- Етістіктің жалаң ІІ, Ш жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады Көп сөзді қайтесің?
- І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды - айын, ейін, айық, ейік формалы етістіктерден жасалған баяндауыштар білдіреді.
- Бұйрықты өтініш ретінде білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады… онан да шөпті айтсаңшы!
- Бұйрықты тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін ІІ жақ бұйрық форма деген соң ІІ жақ бұйрық форма болып құралған баяндауыш жұмсалады. Шық деген соң шық!
Бұдан да басқа бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары көп.
Лепті сөйлемдер. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Баяндауыштарының формалары:
- Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді баяндауыштар қызмет етеді.
- Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұжырып айтуда алғаным алған, айтатыным, айтамын тәрізді баяндауыштар жұмсалады. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған!
- Эмоциялы баяндауыш сын есім - десеңші, етістік десеңші болып құралады: күшті десеңші, алады десеңші!
- Эмоциялы лепті сөйлем құрайтын баяндауыштардың бір түрі болымсыз шартты райлы етістік - ба, бе болып құралады: алмасам ба!
- Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баяндауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады: Оқуды бітірсек!
6. Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөздің қайталануынан құралған алмақ түгіл аламын тәрізді баяндауыштар жұмсалады. Түсіндірмек түгіл түсіндіремін!
Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы: Келгенде қандай!, Ол ол ма!
Реплика сөйлемдер кісінің ІІжақтың сөзіне байланысты түрлі реакциясын: құптауын, ризалығын, жақтырмауын білдіреді. Тағы көреміз бе? - Көрмей!
Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде құралған сөйлемдер. Осыны айтасың ба? - Айтпағанда! [10, 192] .
Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімді тіркестер.
Қабысу басыңқы сыңарына қарай есімді және етістікті, матасу тек есімді, ал меңгеру есімді, етістікті деп бөлінеді.
Қабысу - түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын есім, сан есімдер болады. Бұлардың ішінде өнімді жұмсалатыны екі зат есімнен құралады: темір күрек, алтын сағат т. б. Бұл құрамдағы сөз тіркестері анықтауыштық қатынасты білдіреді. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын (түлкі тымақ), неге арналғанын мойын ағаш), мекенін (ауыз үй), кәсібін (мұғалім кісі), жынысын (қыз бала), мөлшерін (топ адам), өлшем, көлем (қап астық) т. б. белгілерін анықтайды. Бұлардың мағыналық жағынан үйлесімділері ғана тіркесе алады. Мысалы, ағаш күрек деп айтуға болса, ағаш темір деп айтуға болмайды немесе тас жолды жолтас деуге болмайды.
Проф. М. Балақаев үш сөзді зат есімді сөз тіркестерінде тек екі зат есімді дара қабыса байланысқан сөз тіркестері сол анықталушы заттың алдына тағы мынадай қамыс құлақ, бота тірсек, шаруа қол тәрізді сөздер қатысты болғанда ғана күрделі сөз жасалады деп көрсетеді [11, 84] .
Мұндай зат есімдердің мағыналық зат есімді сөз тіркесін құрауы үшін сын есім, сан есім, бейнелеуіш сөздер қатысты болады:
Қаба сақал қарт, бір қап астық, бұлаң құйрық түлкі т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz