Түркістан өлкесі - кеңес билігі тұсында (1918-1925 жж.)


ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ - КЕҢЕС БИЛІГІ ТҰСЫНДА (1918-1925 жж. )
Қызылорда, 2010
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) XX ғасырдың басындағы Түркістан өлкесіндегі саяси жағдай
б) 1917 жылғы революциялардың Түркістан өлкесіне ықпалы, саяси процестер мен ұлт азаттық қозғалысының бағыттары
в) Түркі - мұсылман халықтарының азаттық жолындағы күресінде М. Шоқай мен Т. Рысқұловтың алатын орны
г) Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының ұлттық-территориялық межеленуінің себептері мен салдарын жан - жақты ашып көрсету;
3. Қорытынды.
Қазіргі таңда төл тарихымыздың ақтандақ беттері ашылып, тың құжаттар мен материалдар зерттеушілерін тауып отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрмаланған тарихымызды қайта қарап, кеңестік тарихнаманы талдауға бағыт алдық. Өйткені кеңес үкіметі тұсында Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің тарихы ұлттық сипатынан айрылып, таптық мүдде тұрғысынан жазылды. Қазақ халқының Ресей империясы құрамындағы кезіндегі тарихын бұрмалауды большевиктер жалғастырып, КСРО халықтарының ұлттық тарихын партиялық қағиданы басшылыққа ала отырып жазды.
Бүгінде Отандық тарихнамада XX ғасырдың өзекті мәселелері арнайы зерттеу нысанына айналды. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы билігі зорлық - зомбылық, күштеу әдістерімен орнатылды. 1917 жылғы революциялар кезінде большевиктер ұлттық зиялы қауым өкілдеріне жала жауып, орталық биліктен аластатты. Мәселен 1917-1918 жылдар аралығында өмір сүрген «Түркістан мұхтариатының» М. Шоқай, М. Тынышбаев, З. У. Тоған, У. Қожаев, Ә. Оразаев секілді көрнекті қайраткерлері өмірінің ақырына дейін еліне аянбай қызмет етті. Солардың ішінде М. Шоқай иммиграцияда жүріп, Түркістан өлкесіндегі большевиктердің әрекеттерін әшкереледі.
Қазақстан мен Орта Азия тарихы түркі дәуірімен ортақ, әрі бір - бірімен тығыз байланысты. Ресей империясының отарлығында болған түркі - мұсылман халықтарының тағдыры бір.
XIX ғасырдың екінші жартысында құрылған Түркістан генерал-губернаторлығына қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан жерлері қарады. 1924 жылғы ұлттық-териториялық межелеу түркі - мұсылман халықтарын дербес мемлекеттерге бөліп жіберді. Бұл Ресейдің «ұлы державиялық шовинистік» саясатының көрінісі, патшалық дәуірдің «бөліп ал да, билей бер» қағидасының жалғасы болғандығы тарихи шындық.
1917 жылы Түркістан өлкесінде Түркістан ұлттық автономия құрылды. Көп кешікпей большевиктер оны құлатып тынды. 1918 жылы ұлттық сипатындағы автономияның орнына «Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» жарияланды. ТАКСР большевиктік сипатта болғанымен, онда қызмет еткен зиялы қауым өкілдері, мәселен, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Асфендияров және тағы басқа ұлтшылдылығымен көзге түсті. Олар Кеңестік автономия мүддесін алға қойып, ел қамын ойлап, солардың жағдайвн барынша оә шешуге тырысты.
Большевиктер қол астындағы қазақ, өзбек, түркмен, кавказ халықтары, шуваштар, башкұрттар мен татарлар және т. б. ұлттар большевиктердің қатігездігін бастан өткерді. 1918-1927 жылдар аралығында Түркістан өлкесін шарпыған большевиктік «қызыл» террорға қарсы үлкен саяси күш басмашылық қозғалысын өршіді. Алайда кеңес үкіметі тарапынан аяусыз басып - жанышталды. Кеңес үкіметі Қазақстан мен Орта Азияда, сияқты Ресейдің шеткергі аймақтарында қан төгіспен орнатылды. Басқаша айтқанда жергілікті қаншама ұлттар мен халықтар азаттық қарсылық көрсету жолында құрбан болды. Патшалық отарлау саясатының зұлымдығы мен сұмдықғын көрген қазақ халқы революциядан кейін, кеңестік геноцид саясатынын тырнағына ілікті.
Большевиктердің жергілікті ұлттарға менсінбей қарауы, оларды орыстардан төмен санауы, патшалық отарлау жүйесінен қалған мұра деуге болады. Ерекшелігі билікке келген адамдардың өзгеруі және әдіс - тәсілдердің өзгешелігі
Қарастырылып отырған кезеңдегі ұлт зиялыларының қызметін зерттеу өте қажет, әрі маңызды. Бірақ, кеңестік террордың құрбанына ұшыраған зиялы - қауым өкілдері көздеген мақсаттарына толық жете алмады. Есесіне қазақ зиялылары отаршылдыққа қарсы, тәуелсіздік идеясын негіздеп бергені баршаға аян.
«XIX-XX ғасырлар тоғысындағы Түркістан өлкесі» деп аталатын 1-тарауда өлкенің экономикалық - әлеуметтік, саяси жағдайы жан-жақты қарастырылған. Түркістан өлкесінде патша үкіметінің билігі түпкілікті орнағаннан кейін, өлкенің дамуы мен жергілікті түркі - мұсылман халықтарының әлеуметттік, экономикалық жағдайы нашарлады. Әсіресе XX ғасырдың басындағы Ресейден көшіп келген қоныстанушыларға жерді беру арқылы жергілікті халық шөл және шөлейт жерлерге көшуге мәжбүр болды.
Жергілікті халықтың көп бөлігі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысты. XX ғасырдың басында халық отырықшы шаруашылыққа көше бастады. Мәселен 1906 жылы Шымкент уезіндегі халықтың 80, 38%-дан астам отырықшылыққа көшіп, егін шаруашылығымен, ал 16, 2% көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қазалы уезінде 57, 14%, Перовск уезінде 31, 18%, ал облыс бойынша XX ғасырдың басында халықтың 61% көшпелі болған. [24, 20б]
Өлкеде өндіріс пен өнеркәсіп баяу дамып, ішкі Ресейдің тек қана қосалқы өнеркәсіптік шаруашылығы болып қалды. Түркістан өлкесі шикізат базасы ретінде қаралып, өлкеден жартылай дайын өнімдер экспорталып тұрды. Мысалы, Қазалы уезі арқылы Ресейге 3 561 300 сомның тауарлары әкетіліп, Сырдария облысына әкелген тауар-11, одан әкетілген тауар - 4 сомды құрады. [19, 212 б]
1917 жылы Ресейде Уақытша үкімет пен жұмысшы, шаруа және солдаттар депутаттары Кеңесінің билігі орнады. Ақпан төңкерісін шеткергі аймақ халықтары қуанышпен қарсы алды. Бұрынғы патша отарында болған халықтар өздерінің ұлттық мемлекеттерін құруға деген талпыныстары байқалды. Түркістан өлкесінде 1917 жылдың 27 қарашасында шақырылған өлкелік мұсылман сьезінде Түркістанның оңтүстік-шығыс одағына кіру және Түркістан автономиясын құру туралы мәселелер қаралды. 28 қарашада Түркістан автономиясы (Түркістан Мухтариаты) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақыруға дейін саяси биліктің Түркістан уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылданды. Түркістан Уақытша кеңесі құрамына 54 адам еніп, оның 32 Түркістаннан Бүкілресейлік құрылтайға сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғандары қазақтар Сырдария және Жетісу облыстарынан 11 өкіл (9 және 2) бар болатын. [25, 343б]
Ұлттық сипаттағы автономияның мақсаты Түркістан өлкесіндегі билік толығымен халық беру және жергілікті өңірді толығымен түркі - мұсылман халқына жад саяси күштерден тазарту еді. Көп кешікпей М. Шоқай мен М. Тынышбаев басқарған «Түркістан автономиясын» большевиктер күшпен таратып жіберді.
1917ж. 1 наурызында Түркістан халық комиссарлар кеңесі «Қоқан автономиясы» барлық басшыларын заңнан тыс деп жариялап, олардың мүлкін тәркіледі. Түркістан Мухтарияты Уақытша кеңесі мен Уақытша үкіметінің 30 мүшесі тұтқындалып, Ресейдің түкпір-түкпіріне айдалды. Ұлттық сипаттағы «Шурои ислам», «Шурои Улема» және тағы басқа мұсылман ұйымдары таратылды.
«Түркістан өлкесіндегі Кеңестік биліктің ерекшелігі» деп аталатын 2-тарауда Түркістан өлкесінде кеңес үкіметінің орнатылуы, большевиктер билігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, соның ішінде басмашылық қозғалыс және қозғалыс жетекшілері туралы мәселелер қамтылған.
1918 жылы ақпан-наурыз айларында Түркістан Мухтариаты таратылып, ұлттық автономия құлатылғанан кейін өлкеде большевиктер билігі біржолата орнады. Бірақ өлкеде ұлт-азаттық қарсыласу қозғалысы өздерінің іс-әрекеттерін тоқтатқан жоқ. 1918 жылдың 20 сәуір айында Ташкентте Түркістан өлкесінің жұмысшы, солдат, шаруа және диқаншылар депутаттар кеңесінің V сьезі ашылды. Сьезге 300 тарта делегаттар қатысты. 300 делегаттың 86 большевиктер, 70 «солшыл» эсер, 87 ешқандай партияда мүше емес, 17 меньшевиктер және оңшыл әсерлерден құралды. 30 сәуір күні V сьез «Түркістан Кенңестік Ресейлік Федеретивтк Республикасы ережесін» бекітті. Осылайша өлке большевиктер билігі орнатылды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясын ХКК-де ұлттық істер жөніндегі комиссариат құру және оның жұмысын жүйелеуге байланысты мәжіліс өтті. Комиссариат тұсында 5 бөлім құрылды. Экономика-статистикалық, үгіт-насихат ұйымдастыру, мәдени-ағарту, баспа ісі, жалпы ұйымдастырушылық бөлімдері жасақталды. 1918ж. 5-15 қазан аралығында Ташкентте шақырылған Түркістан АКСР кеңестерінің IV Төтенше сьезіне қатысқан 460 делегаттың (141 большевик, 78 солшыл эсерлер) шешімімен Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылып, конститутциясы бекітілді.
1918 жылы күзде Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссариатының төрағасы Т. Рысқұлов тағайындалды. Денсаулық сақтау комиссариаты халық арасындағы кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыруға, дәрігерлік көмекті дұрыс жолға қою жұмыстарына кірісті. Осы уақытта өлкеде ашаршылық кең етек жайды. Зертеуші О. Қоңыратбаев мәліметтері бойынша Түркістан Республикасында ашықандардың саны 2 млн. адамға таяп қалып, олардың негізгі бөлігін көшпелі халық құрады дейді. [21, 52 б]
Т. Рысқұловтың мемлекеттік - қоғамдық қызметі 1917 жазда Әулиеатада «Бұқара қазақ жастарының революциялық кеңесі» ұйымын құруымен басталады. Содан кейін ол 1917 жылы күзде РСДЖП мүшелікке кіреді, 1918 жылы Әулиеатаның кеңестер депутатарының төрағасы етіп сайланады, 1918 жылы шілде айында Түркістан Республикасының денсаулық сақтау комиссары болып тағайындалады, 1918 жылы қазанда Түркістан Республикасының VI кеңестер сьезінде ТүрОАК мүшелікке сайланады. 1918 жылы 28 қарашада Түркістан АКСР аштыққа қарсы күресу төтенше комиссиясының төрағасы болып тағайындалып, сол жылдыңжелтоқсан айында ТүрОАК төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Т. Рысқұловтың осы кезден бастап қызмет бабына байланысты жоғары сатыға көтеріле бастады. Мәселен, 1919 жылы наурыз айында Түркістан өлкесіндегі ТКП Мұсылман Бюросының төрағасы болып сайланып, 1920 жылы қаңтар айында ТүрОАК төрағасы етіп тағайындалды. Бірақ осы аталған қызметтердің ішіндегі ең маңыздысы Т. Рысқұлов үшін 1922 жылы қыркүйек айындағы Түркістан АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып тағайындалуы. Өйткені Т. Рысқұлов түркі - мұсылман халқы үшін өзі ойлағандай игі істерді істеуге мүмкіндік туды. Ол жоғары лауазымды қызметтерде жүргенде үнемі жергілікті халықтың мүддесін ойлап, құлдыраған шаруашылықты қалпына келтіруге байланысты айтарлықтай істерді атқарды.
Сонымен қатар диссертацияда Түркістан өлкесінде белең алған ұлт-азаттық қозғалыстар туралы зерттелген. Өлкедегі басмашылар қозғалысы большевиктер билігіне қарсы бағытталған қозғалыс болған. Жергілікті халық барынша ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілеріне көмек көрсетті. Басмашыларға басылық жасауға Түркиядан Осман империясының әскери министрі Әнуар паша Түркістан өлкесіне келді. Әнуар паша кеңес үкіметіне қарсы қару көтеріп, көп жетістіктерге жеткен. Басмашылар жетекшілерінің бірі Ибрагимбек қызғаныштық сезім танытып, Әнуар пашаға қарсы шықты. 1922 жылы 4 тамыз күні Әнуар пашаның Әбдар қышлағында соңғы шайқасы болды. Әскермен қоршауда қалған ұлт-азаттық көтерілістің көсемі Әнуар паша ерлікпен шайқасып, большевиктер қолынан қаза тапты.
Түркістан өлкесіндегі ұлт - азаттық көтеріліс Орта Азия халықтарының тарихында мұсылман халқының большевиктерге ұйымдастырған қарсылығы еді. Күшпен таратылған Түркістан мұхтариаты жергілікті мұсылман халықтарының қару көтеріп, өз жерінен қызыл қанышерлер большевиктер әскерінен азат ету мақсатын алға қойған болатын. Кеңес тарихнамасында бұл көтеріліс обьективті баға алмай, керісінше бай - феодал, қанаушылардың билікке деген ұмтылысы деп көрсетіліп келді. Бірақ тарих шындықты ашып, бұл қозғалыстың Түркістан өлкесі үшін маңызды орында тұрғанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz