М.Дулатов поэзиясындағы фольклорлық дәстүр


Тақырыптың өзектілігі. Аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, аудармашы Міржақып Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп, қазақ қоғамында жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамдарды ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал - оқу-білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген “Оян, қазақ!” жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Ақынның көңіл-күй лирикалары да саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды өз шығармаларында айқын көрсетіп, қажетті ойды ашып айта білген сөз шеберінің бірегейі - Міржақып Дулатов. Ол тек әдеби шығармашылықпен ғана айналысып қоймай, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын өшпес із қалдырған тұтас тұлға, ұлы санаткер, ірі қоғамдық-саяси қайраткер ретінде де танылды. Сан қырлы дарын иесінің мол мұрасының ішінде, әрине, әдеби шығармашылығының орны бөлек-ақ. Әдебиетке өзінің тұңғыш туындысымен “Оян, қазақ!” деп ұрандата келген ол, қазақ әдебиетіне өршіл сарын, тіліп түсер өткір сөз, ойлы пікір әкелді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріХалқының ой-арманының діттеген жерінен шыққан ақын өлеңдері талай ұрпақтың жүрегінде жатталып, көкірегінен жылы орын тепкені анық. Міржақып есімі азаматтық пен күрескерліктің символындай еді. Кейбір әдеби зерттеу еңбектерге сыналай кіріп, сыналып жатса да, сол шағын үзінділерден-ақ, Міржақыптың халық қасіретін жанымен түсініп, шығармашылығына алтын арқау еткен жан екені сезіліп-ақ тұратын. Бүкіл ғұмырын елінің бостандығы мен теңдігі жолында сарп еткен азаматтың шығармашылығы мен тума таланттың болмысын нақты танығандаймыз.
Ол - қандай тақырыпқа жазбасын және қай жанрға қалам сілтемесін өзі өмір сүрген тарихи кезеңдегі қазақ тағдырының шындығына бойлап, өзекті мәселелерді екшей талдап, ежіктей түсіндіріп жаза білген. Ақын жанын жегідей жеген өткір сұрақтарды алдымен өзі терең түйсініп алып, сонан соң өлеңмен өрілген асыл ойлары арқылы оқырманға жеткізуге ұмтылады. Сондықтан да ХХ ғасырдың басындағы “әдебиетті ардың ісі” деп түсінген қарымды қаламгерлеріміздің бірі - Міржақып Дулатов екенінде дау болмаса керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- ақын поэзиясындағы фольклорлық дәстүрі бар өлең жолдарын тауып, талдау жасау;
- өлеңде көркемдік өрнектерді қолданудағы шеберлігін айқындау;
- фольклорлық амал-құралдарының көркемдік қызметін айқындау.
Диплом жұмысының міндеті:
- Ақын поэзиясында қазақ халқының шежіресі, тілі мен мәдениеті, рухани қазыналарын анықтау.
- Ақынның поэзиясындағы фольклорлық сюжеттер мен жанрлардың берілуін, дәстүрлі бейнелеу құралдарын айқындау.
- Қаламгер стиліндегі фольклор элементтерінің қолданылу дәрежесін, ұлттық фольклор мен әдебиет сөздерінің қатынас жүйесін қандай әлеуметтік контексте жұмсалғанын анықтау.
Жұмыс құрылымы - кіріспе, және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. Дулатұлының әдеби-шығармашылық мұрасы
1. 2 Ақынның саяси-әлеуметтік тақырыптағы шығармалары
Көркем әдебиетті басқа өнердің түрінен бөліп алудың өзі оның сан қырлы, мол арналы екенін танытады. Әдебиет пен фольклордың тарихи өзара байланысы әлем әдебиеті дамуының ең бір мәнді заңдылығын байқатады. Сондықтан фольклор мәселесі әдебиеттің теориясы мен тарихын жасауда, қаламгердің шығармашылық мұрасын игеруде көрнекті орын алады. Әр дәуірде әдебиеттің фольклорға бет бұруы, күрделі тарихи заңдылықтардың ашылуы.
¦зақ жылдар бойы қатаң тыйым салынып келіп, енді ғана асыл мұраларымен халқына қайтып оралған ардақты есімдердің арасында Міржақып Дулатов аты - ерекше кұрметқе лайық. Қиын-қыстау µмірінің өн бойында тынымсыз жалғасқан қарекетімен, тындырып кеткен ұлан-ғайыр істерімен халық жадында біржола сақталып ќалған бірегей тұлғалардың бірі.
М. Дулатовтың бүкіл өмірі осы ғасырдың бас кезінде халқымыздың рухани көсемдерінің бірі ретінде танылған Ахмет Байт±рсынов есімімен тығыз байланысты. Бұл да сондай, бойындағы барлық қайраты мен білімін туған халқының бостандығы мен бақыты жолына бағыштаған қоғамдық-саяси қайраткер, ойлы сөзімен халық санасын оятќан дарынды ақын, ағартушы ұстаз, жалынды публицист [1, 83] .
Міржақып Дулатов 1885 жылы қарашаның аяќ кезінде бұрынғы Торғай уезінің Сарыќопа болысындағы №1 ауылда, қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданына ќарасты «Қызбел» совхозыныњ жерінде туған.
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жас µспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болады. Б±ған дейін ауылда қара танып қалған жас талап 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-ќазақ мектебіне түседі де, бес жыл оќып, ауыл м±ғалімі деген куәлік алып шығады. Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді әлеуметтік, саяси, шығармашылыќ қызметі, міне, осы кездерден басталады.
Б±л ќай кез еді? Уақыт жағынан алсақ, талай халықтардың басынан небір сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен XX ғасырдың басы. Ал, ќазақ ќауымының хал-жайына орайластыра ой жіберсек, ғасырлар бойы үйқыда жатқан меңіреу даланың денесіне жан бітіп, қимылға келе бастаған кезі. . -
Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, б±л кезењ - патшалықтыњ ќазақ даласында отаршылдықты күрт күшейтіп, онсыз да қағажу елге тізесін батыра түскен жылдары еді. Өткен ғасырдың аяқ кезінде қауымнан босатылған орыс шаруалары жаппай қазақ өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті халықтың оты-суы мол, ең шұрайлы жерлері қоныстанушыларға тартып әперілді.
Бұл жағдай сол кезде ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған казақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қаға беріс қалып, қалыњ ұйқыда марғау жатқан караңғы елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Сол қапастан қ±тылудың ең бірінші қадамы - надандықтан арылу, ілгері елдердің ќатарына қосылып, өнер-білімге тартылу деп білді де, олар осы бағытта насихат жұмысын өрістетті.
Міне, осындай тарихи- ахуалда ел ішінде жас ұрпақка білім ұрығын сеуіп жүрген Міржақып сияқты кµзі ашық, көкірегі ояу жас мұғалім халықтың тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелерден оқшауланып ќала алмады. Қалыњ қазақы ортадан шығып, айналасы 4-5 жылдыњ ішінде уездік мектепте дүниелік пәндерден жалпы мағлұмат алып шыққан жас жігіттіњ алдынан күрескер азаматтық жолы осылай ашылып еді.
Өрелі ой мен өршіл талап µз бойынан сәтті ұштастық тапқан жайсањ жас, алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай, өмірден кењ µріс іздейді, игі мақсаттар мен ізгі мұраттар жолында құлаш жая қимыл жасайтын кең даңғылды аңсайды. Осындай талапқа бекінген мұғалім жігіт 1904 жылы Арқадағы ќазақ оқығаидарының бас қосатын бір орталығы - Омбы қаласына аттанады.
Осы сапарында өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Соған еріп Қарқаралы барады, ондағы ұлттық-демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Отты сөзімен, орнықты ісімен көзге түскен жиырмадағы жас жігіт сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соныњ делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл мұғалімінің әлеуметтік-саяси кµзқарасының қалыптасуында, ой өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінде - бұл сапардың шешуші маңызы болады. Саяси күрескерліктің алғашқы сабақтарын Омбы бен Қарќаралыда Ахаң мектебінен алған Міржақып астанаға барғанда одан әрі кеңейтіп, пысықтай түседі.
1907 жылы Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыќқан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген µлењі басылады. Ал, осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санына Дулатов «Біздің маќсаттарымыз» атты бас мақала жазған екен, газеттің шықпай жатып т±ншықтырылуына басты бір себеп болған осы мақала екен деген де деректер бар.
Бұл кезде Міржақып белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын ретінде де таныла бастаған. Оның тұңғыш µлендер жинағы 1909 жылы Қазан ќаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады.
Жаңа ғана оқу-білімге тартылып, ана тіліндегі алғащқы басылымдарға ынта-ықыласы арта түскен қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Ауыл арасында қолдан-қолға, ауыздан-ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынныњ атақ-данқы ете алыс қияндарға танымал болады.
Бірақ, бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой-бедел-мен бірге патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу органдарының бақылауына алынады. Ақыры, ол туған жерден тайғақтап, өзі көрген Омбы жаққа, Ақмола облысындағы Қызылжар қаласына қарай жылыстап кетеді. Осының артынпіа «Оян, қазақ!» та кәмпіскеленеді [2, 116] .
Қызылжарға барғаннан кейін бақылауда жүрген Міржақыптың ресми орындарда еркін жұмыс істеуіне мүмкіндігі болмайды. Сот кеңсесінде там-тұмдап тілмәштық қызмет атқарып, күн көрістік каражат тауып жүреді. Жеке адамдарға жалданып, мүғалімдік қызметін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінде сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алған.
Революция толқыны күшпен басылып, ел ішін реакцияның қара түнегі қайта торлаған кезде, әрбір қадамы санаулы болған саяси сенімсіз жігіт белсенді қоғамдық қаракетке бара алмай, көбінесе көркем шығармашылыққа шоғырланады. Поэзияда ќаламы төселіп қалған автор енді жаңа бір шабытпен проза саласында, күрделі жанрда күш сынап кµрмек болады. Ол дереу роман жазуға кіріседі. Шығарма тез жазылады да, 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен жарық көреді. Қазаќ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман дүниеге осылай келеді.
Бұл кезде Міржақып өз шығармашылығын өлең мен проза жанрында қатар дамытады. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе, «Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Сонымен бірге ќағілез жігіт қазақ даласындағы әлеуметтік өмірден де қол үзбей, жіті ќ±лақ түріп, халық тұрмысының жай-жапсарын қадағалап отырады.
Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көріп-білгісі келеді. Осындай ниетпен 1911 жылы ќазаќ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай саяхатқа шығады. Бірақ, бұл кезде патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған азамат Семей ќаласына келгенде полицияның қолына түседі. Осында бір жарым жыл қамауда отырады.
Абақтыдан шыќқан бойда Міржақып ел шетінен жер аударылған Ахаңның ізімен Орынборға қарай беттейді. М±нда келгеннен кейін осындағы азғана топ қазақ зиялылары ақыл ќосып, ел санасын оята беру, бәсеңсіп қалған жұртшылық қозғалысына қайтадан дем салу мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. Қыр өлкесінің ағартушылық демократияшылдық бағыттағы тұњғыш биресми басылымы - айтулы «Қазақ» газетін шығару женіндегі Байтұрсынов пен Дулатовтың бірлескен қызметі басталады.
Әдепкіде баспахана жалдап, ақыға шығарылған газет көп ұзамай өзіндік баспаханасы, қағаз қоры, айналым қаржысы, шағын кітапханасы, тағы басқа керек-жарағы бар әжептәуір кеңселі мекеме дәрежесіне көтеріледі. Алғашқыда 3 мыњ дана болып басылған газет тиражы аз уақыттың ішінде 8 мыңға жетеді.
«Оян, қазақ!» кітабынан соңғы кезеңде жазылған өлеңдерін 1913 жылы осы Орынборда «Азамат» деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 жылы «Бақытсыз Жамалды» Қазанда қайтадан бастырып, 1915 жылы «Терме» атты жинақпен «Оян қазақтағы» өлењдерін Орынборда тағы бір жаңғыртып шығарады да, өзінің ақын-жазушылық қалпын нығайтып, Міржақып осы жылдары журналистік, публицистік дарынын да мейлінше аша т‰седі.
«Қазақ» газеті 1913 жылдың бас кезінен 1918 жылдың наурызына дейін шығып тұрды. Алғашында айқын ағартушылық, дәйекті демократияшылдық бағытта болған бұл басылым Ақпан революциясын мойындап, ал Қазан революциясын қабылдай алмады.
Бірақ, оқиғалардың кейінгі аяқ алысында Алаш басшылары, оныњ ішінде М. Дулатов та, жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауға бекінеді.
Әлбетте, аумалы-тµкпелі заманның аласапыраны кезінде жасалған бұл батыл ќадамныњ қатерлі тәуекелі де жоқ емес еді. Осының айғағындай, алғашында Ташкентке барып, аз уақыт «Ақжол» газетініњ редакциясында, одан кейін Семей облысыныњ сот органдарында қызмет аткарған Міржақып 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ, бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда ќамаудан босатылады.
Содан кейін ол Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтына (КИНО) оқытушы болып орналасып, мұнда 1922 жылдан 1926 жылға дейін ісейді. ¦стаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі осы төрт жыл, одан кейін Қазақстан мемлекеттік баспасында бµлім бастығы, «Еңбекші қазақта» редактордың стилистика жөніндегі көмекшісі болып істеген кездері - Міржақыптың қарбыта қалам сілтеп, өндірте жұмыс істеген аса бір жемісті жылдары еді.
Атап айтқанда, 1922 жылы ұстаздық қызметке қайта оралған бетте, ол екі бөлімнен тұратын «Есеп ќұралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарды. «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. Сол кездегі республика астанасында қазақтыњ ұлттық театрының негізін құрған көркемөнерпаздар үйірмесінде қойылып, зор табысқа ие болған бұл шығарманы - қазаќ кеңес театрының алғашқы репертуарлық бастауларының бірі деуге болады.
1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көреді.
Ал, енді осыған әрдайым қапталдасып отырған журналистік, аудармашылық қызметті қоссақ, тынымсыз еңбекпен еткен, қарекетшіл қажыр иесінің өмірі кµзге айқын елестейді. Мәселен, бір ғана 1925 жылдың өзінде ол В. И. Лениннің «Жаңа үнем саясаты», «1905 жылғы төңкеріс», Г. Зиновьевтің «Ресейлік коммунистік партияныњ тарихы» атты еңбектерін аударып, Орынбор мен Қызылордада бастырып шығарады. Соған ілестіре революциядан кейінгі кезеңде қазақ тілінде шығарылған кітаптардыњ екі томдық библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады.
Бұл аталған фактілер Міржақыптың осы алты-жеті жыл ішіндегі ұстаздық, баспагерлік, қаламгерлік белсенді қызметінің басты-басты нәтижелері ғана.
Шығармашылық кемел шағына келіп, республикадағы мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысып жүрген кезінде Міржақып Дулатов Сталин-Голощекин озбырлығының қармағына тағы да ілінді. Баяғы өткен оқиғалардың жаңғырығы қайта қоздырылып, 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясыньщ үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін б±л үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5-і күні, елу жасқа толуына бір ай қалғанда, Ақтењіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец станциясында, лагерьдіњ лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болды.
М. Дулатовтың «қылмысты» ісін жан-жақты тексере келіп, Қазақ КСР-нің прокуроры 1988 жылғы қазанның 27-сі күні тиісінше наразылық білдірді де, республика Жоғарғы сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның тµртінде қылмыс құрамы болмағандықтан марқұмның есімін білжола ақтады.
Ақынның революциядан сегіз жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны - «Оян, қазақ!» деген атынан-ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы тµрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған:
Көзіңді аш, оян, қазаќ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харап боп,
Ќазағым, енді жату жарамас-ты [2, 12] .
Патшалықтыњ отарлау саясаты, халықтық өнер-білімнен маќ±рым қалуы, тұрмыс к‰йінің к‰йзелісі және осылардан тамыр тартқан тағы басқа алуан түрлі тақсірет - осы төрт жол өлеңде т‰гел қамтылған. Айналасы мың жарым жолдай, яғни ќазіргі замандағы кітап кµлемінің өлшемімен алсақ, екі баспа табақтай ғана бұл шағын жинақта - қасірет зарын көп тартқан қазақ халқының ұзын ырғалы арғы тарихы мен кейінгі қатал замандағы қайғылы тағдыры және сол қараңғы қапастың қалың түнегінен шығар жол қайсы екен деп қарманбаған бейқам елдің болашағы көз алдыңа елестейді.
Жинақты оќып отырғанда, туған халќыныњ басындағы ауыр халді ойлап, бебеу қаққан азамат ақын ж‰регінің құсалы күрсінісі естіледі. Тығырықтан шығар жолды іздеп, шарқ ұрған тынымсыз жанның: «ол мынау!» - деп қолмен нұќып көрсеткендей, ашыньш айтқан аяулы зары келеді құлаққа. Болашағын ойлауға ақыл-сана сатысы төмендеу соғып жатқан жұртына қозғау салатын, соның игілігіне қызмет етеді дейтін оқыған зиялыларға, болашақ иесі - жастарға шегелеп айтқан ождан сөзінің сарыны еседі [3, 510] .
Осындай көңілсіз кµріністің үстінен биіктей көтеріліп, халық өмірінің әрбір дем-тынысына құлаќ түрген, осы жолға өзініњ қажыр-қайратын, µнер-білімін сарқа жұмсауға бел байлаған күрескер, азатшыл, мейлінше ұлт жанды, еркін ойлы, азамат ақын бейнесі т±лғаланып кµрінеді.
Жинақтың қара сөзбен жазылған қысқаша кіріспесінде автор туған халқыныњ «д‰ние сарайыныњ бір ќараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұрғанын» өкінішпен айта келіп, осы бейқамдықпен жата беретін болсақ, таяудағы болашағымыз бұдан да ауыр күйге ұшырауы мүмкін деген ойды аңғартады. Мұндай мүшкілдікке ұрынбау үшін, ақынның ойынша, екі нәрсе қажет. Біріншіден, мұсылман оқуын жетігірек меңгеріп, дінді тереңірек тану, сµйтіп, надан кµпшіліктің көзі мен көңілін қатар ашу. Б±л - ана дүниелік ахиреттің қамы. Екіншіден, мына дүние тіршілігіне қажет нәрселердің бәріне қол жеткізіп, «жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық кµрмес үшін», орысша оқып, µнерлі болу. Россия мемлекетіндегі үстем тіл - орыс тілі болғандықтан, соны үйрену арқылы елдегі қоғамдық µмірдіњ қырлары мен сырларын түсіну, солардың деңгейіне көтерілу. Бұл іске ењ алдымен, ел ішіндегі азын-аулаќ оқыған азаматтар мұрындық болып, белсене ат салысуға тиіс.
Міне, осы ой, осы мақсат «Қазаќ халкының һәм бүгінгі халі» деп аталатын алғашќы өлеңнен бастап, жинақтын ақыр-аяғына дейін негізгі арқау етіп алынады да, үнемі ќайталанып, пысықталып, оќушы мен тындаушының көкейіне ќұйылып отырады.
Адасып ќараңғыда сорлы казақ,
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай.
Ақын анықтауындағы халықтың жағдайы осындай болғандықтан, бас көтерген әрбір азаматқа қойылар талап та үнемі осы үдеден шығып отыруы қажет:
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Ќызметпен пайда беріп халықка жақпай.
«Әсем болсаң, бәсењ бол» деген қағидаға бағып, елің үшін, дінің үшін, ұлтың үшін жаныңды пида, малыњды тәркі қыл, өнеріњді халықтың мұқтажына жарат. Ақын мұрасындағы азаматтық ±ран да, әлеуметтік әуен де, эстетикалық мұрат та әрдайым осы ойдыњ тµњірегінде µріліп, поэтикалыќ бағдарлама түрінде жүйеленіп, саяси астарын айқындап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz