І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Ілияс Жансүгіров - қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы . . . 10
1. 1 Ақын поэмаларында қазақ фольклор дәстүрінің қолданылуы . . . 10
- Жансүгіров шығармашылығындағы ауыз әдебиеті үлгілері . . . 21
- Алғашқы поэмаларындағы тақырыптық ізденістер . . . 43
2. 1 Ақын поэмаларындағы драматизм табиғаты . . . 43
2. 2 «Құлагер» поэмасындағы драматизм көрінісі . . . 57
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69
Кіріспе
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің негізін салушы халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, сүйікті ақыны - Ілияс Жансүгіров. Ол да С. Торайғыров, С. Дөнентаев, Б. Майлин сияқты Абайдан үйренді. Абайдың үлгісімен өлең жазды, туған жердің топырағында қалыптасқан ел әдебиетін ерінбей жинады, жалықпай жаттады. Әсеттің, Бақтыбайдың, Біржан мен Сараның, Сүйінбайдың, Орынбайдың, Шөженің үздік өнерін үлгі тұтты, өнеге санады. Таланты толысқан шағында «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын жазып, поэзияның құдіретін танытты да ақын ретінде Абайдан кейігі биіктікке көтерілді.
Алуан тақырыпқа қалам тартқан Ілияс әділетсіз заманда өмір сүрген жастардың ауыр тұрмысын, жабырқаулы көңіл-күйін, тұйыққа тірелген ойын танытатын «Арманнан» бастап: «мазмұны мен түрі қиысқан, төрт тақтасы түгел жатық, тыңнан ойғандай тұтас, қорытып құйғандай сом, идеясы терең, екпіні мен әуені . . . табиғи сезімнен туған, нағыз толқыған ақын жанынан жарып шыққан «Гималайға» дейінгі дәрежеге көтерілді» [1, 274] .
Журналистика саласында «Еңбекші қазақ» газетінің ақыны, фельетонист-очеркисі ретінде танылып, «қазақ әдебиеті мен баспасөзіндегі фельетонның негізін салды» [2, 185] . Жазушының әңгімелері мен драмалық шығармалары өз алдына бір төбе. Ал, «Жолдастар» романы қазақ әдебиетіндегі көп томды роман жанрының қалыптасу кезеңін көрсетуге тұратын кесек туынды.
Сондықтан қазақ әдебиетінің тарихында Ілиястың алатын орны ерекше. Өйткені, ол өзінің бар өмірін ұлттық әдебиетімізді құруға, есейтуге арнады. Осы жолда аянбай еңбек етті. Оның қаз тұрып ұлы дүбірге ұялмай үлес қосуына септігін тигізді. Ерте жазып, көпшілікке кенжелеп танылған Ілиястың әдеби мұрасын қадірмен халқы да құшақ жайып қарсы алды. Оны қалың оқушысына таныту жолында бірсыпыра жұмыстар жүргізілді: Ілияс туралы деректі фильм түсірілді, пьеса жазылды, республикалық журналдар мен газеттерде ғылыми мақалалар, естеліктер, ірілі-ұсақты зерттеулер жарияланды. Ақынның жеке кітаптарына, жинақтарына, таңдамалы шығармаларына, шығармаларының алты томдығына алғы сөздер берілді. Диссертациялық еңбектер мен докторлық монографиялар жазылды. «Қазақ ССР-інің тарихында», «Қазақ әдебиетінің тарихында», Жоғарғы оқу орындарына, мектептерге арналған оқулықтарда ақынның еңбегіне лайықты бағалар берілді.
Сөйтіп, Ілияс Жансүгіровтың Абайды, оған дейінгі халық ақындарын, ауыз әдебиетін білуі, оны өз шығармашылығына пайдалану тәсілі жан-жақты зерттеле бастады. Осының бәрі - ұзақ жылдар бойы қалың оқушысынан қағажу қалған ардагер азаматымыздың лирикалық сырлы µлењдерін, психологиялық әңгімелерін, тарихи тақырыпқа арналған драмалық және трагедиялық пьесаларын, публистикалық очерктерін, уытты фельетондарын, реалистік повестері мен романын, эпикалық үлгідегі поэмаларын, еркін және дәл аудармаларын кеңінен насихаттауға, жазушының іздену, үйрену, оқу, қалыптасу, кемелдену кездерін көрсетуге дарындылық қабілетін халқына кеңінен танытуға мүмкіндік берілді. Оның еңбектері дүние жүзі әдебиетінің алтын қазынасына елеулі үлес болып қосылғандығы дәлелденіп, Ілияс нағыз сөз зергері ретінде танылды. Ал, «Осының сыры неде?» деген сұрақтың жауабына келгенде, оған ғалымдарымыз: «бастан аяқ қазақтың халық әдебиеті мен халық тілінен нәр алуында» [1, 297], «ана тілін жетік білетіндігінде және оны ұршықша үйіріп, . . . қынаптан суырлаған қылыштай жарқылдатып, дегеніне көндіріп, қалауынша пайдалана алатындығында» [3, 144], - деп жауап береді.
Мұның да себебі бар. Дүние жүзі әдебиеті классиктерінің ауыз әдебиетін оқымағаны, одан үйренбегені кемде-кем. Бұл үшін орыс әдебиетінің тамаша өкілдері - А. С. Пушкиннің, Н. Некрасовтың, М. Горькийдің, М. В. Исаковскийдің, А. Твордовскийдің, қазақтың ұлы ақын-жазушылары А. Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың, М. Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтың есімдерін атасақ та жеткілікті.
Осылардың бәрі де өз таланттарының қайнар көзі - халықтың даналығында екендігін жете түсінгендер. Халық айтса қате болмайтындығын басқалардың санасына сіңіру жолында аянбай еңбек еткендер. Мысалы, заманындағы М. Горький «Ауыз әдебиетінің тіл байлығын пайдаланыңдар, одан үйреніңдер!» деп ұран тастағанда оған Сәкен де, Ілияс да, Мұхтар да, Сәбит пен Ғабит те өздерінің үндерін қосты. Оны жинаудың, саралаудың, зерттеудің қажеттілігі жөнінде арнаулы мақалалар жазды. Жаңа әдебиет жаршысының нұсқауын сөйлеген сөздерінде, жасаған баяндамаларында қайталай айтып, қалың көпшіліктің құлағына құйды. Халықтың тіл байлығын, сөзді қолдану, образдарды жасау тәсілін, сюжет құру әдісін өздері де ұқыптылықпен үйреніп, күнделікті еңбектерінде шеберлікпен пайдаланды. Солардың қатарында ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне лайықты үлес қосқан ардагер ақынымыз Ілияс та жүрді. Басқалар сияқты ол да халқынан оқыды, халқынан үйренді, тәлім-тәрбие алды. Білгені мен көңіліне ұялағанын ой-елегінен өткізіп, халқына қайтадан ұсынды.
Қазақ әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иелерінің бәріне тән ортақ асыл қасиет - көп қырлылық. Бұл ерекшелікті ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіров шығармашылығынан да көруге болады. Халық өмірін реалистікпен бейнелеген дарынды қалам иесінің әр жанрдағы туындыларының ішінде ерекше жарқырап тұрған оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ публицистикасының қалыптасуына зор үлес қосқан, Қазақстан Жазушылар одағын басқарып, әдеби процеске белсене қатысқан әлеуметтік қызметтер қаламгердің азаматтық келбетін көрсетеді. Ақынның терең идеялық, көркем мүсінді эпикалық шығармаларының танымдық-тәрбиелік мәні зор, олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік-адамгершілік идеяларды толғайды.
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне реалистік Абай поэзиясының ықпал жасауы - оның әдебиет тағдырындағы бақыттылық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс, дәстүр жалғастығын көрсететін жәйт. Ел қазынасы, халық фольклоры өкілдері тәжірбиелерінің сабақтары мен жазба әдебиеті үлгілері ақын туындыларында жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастайды.
Алғашқы өлеңдерден-ақ болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, айқындау, ауыстыру, кішірейту, ұлғайту, түйдектеу, басқы, ішкі, соңғы ұйқас (А. Байтұрсынов терминдері) байлығы оның поэзиясының негізгі қасиетіне айналады. Лирикалық - философиялық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар жазылады.
Алғашқы өлеңі 1917 жылы 22 тамызда басылған Ілияс «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі көрінеді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы басылды.
Халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан қажырлы таланттың мол өнімді еңбегінің берекелі жемістеріне таң қаласың. 1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар.
Тиянақты білімсіз ешнәрсе өндіре алмасына әбден көзі жеткен Ілиястың 1925 жылы Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсуі өмірдің үлкен бір кезеңіне шыққандай қуанышты сәті еді. Арнаулы пәндерді, лекцияларды былай қойғанда, тарихтан, философиядан, әдебиеттен, ғылымның басқа да салаларынан жан-жақты білім алу үшін өз бетімен дамылсыз іздену, талмай еңбектену Ілиясты тез марқайтады. Орыс, Еуропа классиктерінің шығармаларын зерттей оқу, тексере үйрену тәжірибесі ақын талантының жарқырап ашылуына мүмкіндік береді. Қала өмірі, шаһар тіршілігінің ырғағы сезімтал жүрекке орасан зор ықпал етеді.
1928 жылы журналистика институтын бірітіп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясына қызмет істеп, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарды Қазақстан Жазушылар одағының Қазақ ұйымдастыру комитетінің төрағасы болады, 1935-1937 жылдарды көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, КСРО Жазушыларының І құрылтайында сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.
Диплом жұмысының мақсаты - Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жанрлық, тақырыптық-идеялық ерекшелігі жағынан саралап, талдай отырып, ақындық әлемін өзіндік даралығымен ашу. Ақын шығармаларындағы драматизм табиғатын таныту.
Бұл мақсатты анықтауда мынадай басты мәселелерді назарда ұстау міндеттеледі.
- Ақын лирикасының тақырыптық-идеялық сипатын ашу.
- Поэзиясының көркемдік ерекшелігін саралау, тіл шеберлігін мысалдар арқылы дәйектеу.
- Поэмаларындағы трагизм құбылысының берілу жолдарын көрсету.
- Ақындық ерекшелігін айқындау.
Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ілияс Жансүгіров - қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы
1. 1 Ақын поэмаларында қазақ фольклор дәстүрінің қолданылуы
Ілияс - 1894 жылы жазға салым бұрынғы Талдықорған уезінің Ақсу болысына қарайтын 4-ауылда (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында) дукиеге келді. Жөңкенің /Жоңғар/ топырағында түлеп, арыны қатты Ақөзек пен Ақсу өзендерінің суына балғын денесін шынықтырды. «Ақтөбесінің шыбығын мініп, ксң даласының қосаяғын қуалап өсті». Айлы кеште, ұзақ түнде, салқын самалда отырып қонақ айтатын әңгімені, балалар айтысатын жұмбақты, әжелердің ескіден ескермесін, қыз бен жігіт сырласатын қара µлењдерді, ұрыс-соѓыс хабарларын «құйма құлағына» құйып алды. Әкесі нақышына келтіріп єњгімелейтін ертекті, мысалды, ақындар айтысын құлай тыңдап, қызыға жаттады. Ауыл арасында, ел ортасында болып жататын жиын-тойларды жағалап, әзіл-оспақтың, ұшқыр ойдың суырып салма шеберлері тудырған тапқыр сөздерін, асқақ үнді Әсет әншінің тамаша әндерін тамылжыта орындауға талпынды. Қос ішекке тіл бітірген күйші мен ат құлаѓында ойнаған сакыпкердің өнеріне сүйсінді. Өзі де соларға елтіп жастайынап домбыра үйренді, қоңырлатып єн салды, құлынтайдай тебісіп бірге өскен қимас жолдастарының қолаңшашты қара кµздеріне өлеңдетіп хат жазды.
Қасен молдадан қара танып, Қарағаштағы қазақ-татар бастауыш мектебінен сауатын ашқан соң батырлар жырын - Алпамысты, Қобыландыны, Ер Тµстікті, Ер Тарғынды, Ер Сайынды, Шораны, Құламергенді; махаббат дастандарын - Қыз Жібекті, Баян сұлу мен Қозы Көрпешті; шығыстың хисса-әңгімелерін - Мұңлық пен Зарлықты, Мың бір түннің үзінділерін, Тотының тоқсан тарауын; ақындардың әсіресе, есімдері танымал Кемпірбай мси Шөженің, Сүйінбай мен Тезектің, Жамбыл мен Құлмамбеттіњ, Біржан мен Сараныњ, Жанақ пен Түбектің, Әсет пен Ырысжанныњ айтыстарын, Абай мен Єріптің өлеңдерін, Құлдың қағытпаларын оқығанда талайлардың көңілін босаткан екен. Сондай-ақ Алдар Көсе мен Жиреншенің, Сара мен Қосай шешеннің сын-сықақтарын, Төле би мен Бөлтірік батырдың нақылдарын жатқа соқты:
«Хат білген соң өлең кітап оқығыш болдым. «Қыз Жібек» хиссаларын мен оқығанда талай адам жылайтын. Кейін аймағымыздың, ауыл бозбаласының өлеңшісі болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айтысып құтырған күндер өтті. Түнгі тойды таңға тарқатпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан түндер кетті» (4, 44), - дейді. Ілиястың өзі жастық, бозбалалық күндері туралы. Сондай-ақ «Құлагер» поэмасында:
- Ежелден ескеруші ем елдің сөзін.
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр
Құлақты қырға тігіп жүрген кезім (5, 255), -
деп халықтан қол үзбегенін тағы да ескертіп өтеді. Ал Абаймен қалай танысқаны жайында: «¦наған сөзді көшіріп ала беретінмін. Бір күні қолыма сәтен ораған сары қаѓазға қауырсын қаламмен соқырқай жазылған бір өлең түсті. Басы жоқ. Былай басталыпты:
. . . Енеді жаздың көркі жыл құсымен
Жас күлер жайраңдасып құрбысымен
Көрден жаңа тұрѓандай кемпір мен шал,
Өзінің жалбаңдасар тұрѓысымен . . .
¦нап кетті. Көшіріп алдым. Иесі кім екенін білгенім жоқ. Онда Абайдың атын да естімегенмін» (4, 44), - дейді І. Жансүгірұлы.
Ілияс жастайынан-ақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін тыңдаумен, білумен, жаттаумен, айтумен шектелген емес. Білімі молайған сайын халық мұрасын құрметтеуге, оның мазмұны мен мақсатын терең түсінуге ден қояды. Орайы келгенде жазып алып, солардың әсерімен, ықпалымен өзі де қолына қалам алады. «Бұлбұлға», «Єншіге», «Замандасқа», «Ғазизаға» деген тырнақ алды туындыларын жазады. Алғашқы өлеңдерін «Балдырған» және «Қызыл жалау» деген ортақ тақырыппен екі дәптерге мұқият көшіреді .
Бұл туралы: «Мен қалам жұмысына 20-жылдан бастап араласа бастадым, одан бұрын жазуға қызығу, ынталану, күшті ақын жазушылардың жазғандарына еліктеу, оларды жаттау, ауызша айту, газет-журналдарға сөзге бүйірі қызу сияқтылар болса да баянды, байыпты өнер емес еді . . . Бірақ, 1916 жылы жігіттерге жазысқан хаттарда, қарадай айтқан өлеңдерде, 1917 жылғы жаппай дүбірдің ұраңдарынан ұшқындап шыққан қараңғы соқырдай бірдеңелер болуы мүмкін. Өйткені ол кезде: «білімге қара қасқа кедей едім, қазақша кітапқа жүйрік, өлең кітап, хиссаларды күйлеп оқи алатын, орысша «ештеңе де» білмейтін ауыл адамы едім» (6, 88), - деп жазады ол өмірбаянында.
Ілияс 1920 жылы Алматыға келіп, мұѓалімдер дайындайтын 3 айлық курсқа түсті . . . Бұл жыл - халық поэзиясын - фольклорды жинау жайында қауырт науқанның қарсаңы еді. Сол кездегі коммунистік партия мен үкіметің 1917 жылғы 3 желтоқсандағы «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылмандарына арналған үндеуін» басшылыққа алып, Жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Халық шығармашылығының үйі, мәдениет-ағарту мекемелері мен ұйымдары ауыз әдебиетін жинауға кіріскен-ді.
Осыған сәйкес 1921 жылы Түркістан республикасы халық ағарту коммиссариатының жанынан құрылған ғылыми коммиссияны белгілі турколог-ауыз әдебиетін жинаушы Әбукәкір Диваев басқарды. Ол ел ішіне шығатын экспедицияның мүшелеріне арнап арнаулы программа дайындады. Жетісуға келіп, ел әдебиетін жинайтын экспедицияға жетекшілік жасады.
Ә. Диваев 3 айлық мұѓалімдер курсында оқып жүрген жастарды өзімен бірге экспедицияға қатынастырды. Солардың қатарында болған Ілияс Лепсі, Қапал уездерін аралады. Халық аузында сақталған тұрмыс-салт жырларын, мақал-мәтелдерді, өтірік өлеңдерді, Бақтыбай, Сүйінбай, Түбек, Құл, Орынбай ақындардың айтыстарын, Әсеттің әндерін, тарихта болған адамдар мен жер-су аттарына байланысты аңыздарды қағазға түсірді.
Бұл туралы Ілияс «Жаңа әдебиет» журналы қызметкерлерінің 1931 жылы «Кім қалай жазған?» деген сұрағына қайтарған жауабында: «1920 жылы ауылдан қалаға тартым. Алматы қаласындағы 3 айлық мұғалімдер дайындайтын курсқа іліктім. Осы курста 15 күн оқығаннан кейін ел әдебиетін жинайтын бір комиссияға ілігіп кеттім. 4 айдай Жетісуда ел әдебиетін жинауда жүрдім. Сол жылдың күзінде комиссияға ілігіп Ташкентке оқуға келдім» дейді.
Сөйтіп, Ілияс Жансүгіровтың білімдар ғалыммен сырлас, пікірлес болуы тың ауыз әдебиетіне деген көзқарасын біржола қалыптастырды.
Дарынды ақын өзінің игі ісін алғаш Ташкентте, 1925-1928 жылдары Москвадағы мемлекеттік журналистика институтында оқып жүргенде де ойдағыдай жалғастырды. Ол өзіне дәріс оқыған ұстаздарының ақыл кеңесі бойынша Плано Карпидің, Гильом Рубруктың, Петр Семеновтың, Александр Гумбольттың еңбектерімен, Шоқан Уєлихановтың күнделіктерімен, Қадырғалидың «Жалайыр тарихымен» танысты. Найман, Орхон-Енисей, Талас-Шу ескерткіштерінің тарихи мәніне назар аударды, халқының өсу, өркендеу дәрежесін білуге құмартты. Орыс армиясының офицерлері жинаған этнография, экономика, шаруашылық, тарих, мәдениет жайындағы мәліметтерге қызықты.
Осының бәрі халқымыздың тарихын жақсы білуіне, елінің өткендегісі мен бүгінгісін салыстыруына, жеке аңызға, оқиғаға байланысты шындыққа көз жеткізуге көмектесті. Әсіресе, үлкен жерде жүргендегі ортасы, ұлы халықтың ұлағатты ұлдарымен пікірлес болуы ақынның ойын өсірді, білімін толықтырды, эстетикалық талғамын арттырды, ең бастысы - өмірге, қазақ әдебиетіне деген көзқарасын қалыптастырды. Сондықтан ол «өмірбаянында»: «Пролетариат әдебиетіне жататын жазуларымның дені Мәскеуге оқуға барған кезімнен басталады. Менің «Оқимын», «Зауытта» деген өлеңдерім ұжымдасқан еңбекші жұмысшының ортасында отырып жазған арғы-бергімнің арасындағы өлеңім болып табылады. Міне, осыдан былай менде белгілі пікір, өзге көзқарас, тұрақты мақсат болды-ау деп білем.
Бұл 1925 жылдың күзі еді. Менің өмірімнің ресми жағы да осымен байланысты. Компартияның тобына мен осы жылы кірген едім . . . » (6, 91), - дейді. Ілиястың ел әдебиетіне деген көзқарасы да осы жылдары өзгерді. Ол білімін толықтырған сайын әдеби мұраны бағалаудың байсалды үлгісін көрсетті де, ел әдебиетінің асыл нұсқаларын көпшілікке ұсынуды мықтап қолға алды. Ақынның өмірінде әңгіменің майын тамызып, нақышына келтіріп айтатын адамдар аз болмаған. Ілияс сондайлардың талайын тыңдап та, сөйлетіп те көрген азамат. Дүлділ ақын осындай сөз зергерлерінің бір тобымен 1921 жылдың көктемінде бетпе-бет кездескен. Жетісу экспедициясының мүшесі ретінде Ақсу, Қапал уездерін аралап, қыруар жұмбақтарды, өтірік өлеңдерді, күлдіргі әңгімелерді, толғауларды, айтыстың бірнеше түрлерін алғашқы рет қағазға түсірді. Жазғандарын Ә. Диваевқа тапсырды.
. . . 1920 жылы Жетісуда құрылған Кедей батырақтың тобының ұйѓарымы бойынша 9 маусымда Алматы маңындағы қазақ ақындарының айтысы ұйымдастырылған. ¦зынағаш селосында өткен осы жиынға «Тілші» газетінің редакторы Шамғали Сарыбаевпен бірге Ілияс та белсене араласқан. Жиынға келген: Жамбыл Жабаевтың, Жартыбай Елікбаевтың, Арғынбай Көпешовтың, Қарабек Өтепбергеновтың, Үмбетәлі Кәрібаевтың, Мақыш Райымбековтың, Сәдібек Мүсіреповтың, Айтбай Тойшыұлының, Кенен Әзірбаевтың, Өмірзақ Қарғабаевтың, Әбдіқадір Қойшыбайұлының, Абдолла Естеновтың, Оспан Жолбарысұлының дастандарын, толғауларын, хиссаларын жазып алады, және оларды құрастырған Ш. Сарыбаев 1925 жылы «Терме» жинағын жариялайды.
Алайда, ел әдебиетін ұнатып, оны ұқыпты жинаған ақынның өзіндегі архивті реттеуге, саралауға, сала-саласымен жүйеге келтіруге көпке дейін мүмкіндігі болмады. Оқу, іздену, күнделікті қым-қиғаш істер Ілиястың барлық уақытын жұтып жатты. Тек Москвада - Мемлекеттік журналистика институтында оқып жүргенде ғана көне мұрамыздың бір саласы - «Өтірікті» баспаға дайындады. Оған көлемді алғысөз жазып, сол кездегі Кеңес Одағыдағы елдердің Кіндік баспасынан жарыққа шығарды.
Жинаушының жазғандарына қарағанда ақын ел әдебиетінің теориялық мәселелерімен де осы жолдары мықтап шұѓылдана бастағаны байқалады. Бұл - «Өтірікті» түрге бөлуінен, оның халық өмірінен алатын орнын анықтауынан, топтық сипатын түсіндіруінен, маңызы мен мақсатына тәмпіштей тоқталуынан көрінеді. Мысалы: «Бұл жинақ, - дейді фольклорист - ел әдебиетінің белгілі бір түрі - өтірік, өтірік өлең, өтірік айтыс, өтірік мақтан, тағы-тағылар (6, 93) .
Ел ішінде өтірік аз емес, орасан көп. Қазақтаң өтірік өлең, өтірік ертегі дегендері расында кенеуі жоқ босқа өтірік емес, өте шеберлікпен, тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөз. Тұрмыс құбылысындағы құнарсыз нәрсені дардай қылып, ойдан орақ орып, қырдан қысырақ матап боламыз нәрсені әлденеге ұқсатып, тыңдаушының сілекейін шұбыратқан өтірік - ел жанына жақпайтын жәй сөз болса белгілі бір түр алып ел әдебиеті болмас та еді. Ел бұл күнге дейін сақтамас та еді. Өтіріктің өмір шындығына ұқсастығы болмаса ел әдебиетінің бойына сіңбес те еді. Жоқ. Өтірік - ел әдебиетінің бір мүшесі.
Өтірік әдебиетте өмір көп, салғастыру бар, сықақ мол. Әр жануардың, әр айтылған нәрсенің тұрмысқа байланысы бар. Өтірік өз мәнісінде не тіршіліктің шын жаңқашағына, не көңілдің күйін жамырататын көксеуге байланысып отырады. Міне осылардың бәрі де елдің салты, ескі сананың, әдет-ғұрыптың сарқыншағы, өмірдің айнасы, шындықтың шежіресі.
4500 данамен жарияланған жинақтың көлемі де шағын. Бар жоғы -104 бет. Оған өтіріктің әр түрінен 27 өтірік өлең, әңгіме, ант, тағы басқалар енгізілген. Соларды оқығанда нені білеміз, нені байқаймыз?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz