Қазақ фольклорындағы Кенесары бейнесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1
6: Тарихи жырлардың зерттелу мәселелері . . .
9
Кіріспе . . .: 1. 1
6: Тарихи жырлардың жанрлыќ мєселелері . . .
9
Кіріспе . . .: 1. 2
6: Қазақ ауыз әдебиетіндегі Кенесары туралы аңыз-әңгімелер . . .
15
Кіріспе . . .: 2
6: "Кенесары-Наурызбай" жырының поэтикасы . . .
26
Кіріспе . . .: 2. 1
6: Тарихи жырлардағы Кенесары бейнесі . . .
26
Кіріспе . . .: 2. 2
6: "Кенесары-Наурызбай" жырындаѓы дєуір келбеті . . .
36
Кіріспе . . .: 2. 3
6: Жырдыњ кµркемдік ерекшеліктері . . .
43
Кіріспе . . .: 2. 4
6: Жырдың ќ±рылысы жєне кейіпкерлер бейнесі . . .
53
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 58
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ќазаќ фольклористикасында аз зерттелген жанрлардың бірі - тарихи жырлар. Кезінде б±л мєселені зерттеуді Ш. Уєлихановтан бастап қолѓа алѓанымен, Кеңестік дєуірде б±л сала іштей жіктеліп, хандар мен батырларды жырлаѓан µлеңдерді жариялауѓа тиым салынды. 1927 жылы М. Әуезовтің жазѓан "Әдебиет тарихы", Х. Досм±хамед±лының алѓы сөзімен 1923 жылы шыққан "Кенесары-Наурызбай" таѓы басқа сол сияќты тарихи жырлар кеңес үкіметі қ±лаѓанѓа дейін қайта жарияланбай келді. Ќазаќ тарихи жырларын зерттеу ісі 1970 жылдан жүйелі түрде қолѓа алына бастаѓанымен жоѓарыда айтылѓан тарихи жырлардың ќарастырылмауы үлкен кемшілік болып келді.

Соңѓы жылдары еліміз тәуелсіз мемлекет ќ±ру ќарсаңында осы м±раларды зерттеу, жариялау ісі де жедел ќолѓа алына бастады Біздің диплом ж±мысымызѓа негіз болып отырѓан "Кенесары-Наурызбай" жыры да тарихи жырлардың үшінші томында толықтырылып, жинаќталып баспадан шыќты. Міне, біз осы н±сќаны негізге ала отырып, диплом ж±мысымызды "Кенесары-Наурызбай» жырындаѓы кµркемдік мєселелер" деп алдық. Кезінде ±лы жазушы М. Әуезов б±л жырдыњ кµркемдік ерекшелігін жоѓары баѓалап, алѓашќы ѓылыми-зерттеудің іргетасын ќалаѓан болатын. Содан бері арада жетпіс жылдың ішінде б±л таќырыпты тереңдете зерттеушілер болған жоќ. Осы мєселені ескерсек, аталмыш таќырыпты зерттеудің қажеттілік сипаты көрінеді. Сол себепті де біз жырдың бірнеше н±сқаларын салыстыра отырып ќарастыруды жөн көрдік.

Ең алдымен тарихи жырлардың кµркемдік ерекшелігін, батырлар жырының тигізген әсері бар ма, фольклорлыќ дәстүр ќалай саќталѓан деген мєселелердің басын ашуды маќсат етіп қоямыз. Сондай-ақ тарихи жырлардыњ жанрлық ерекшеліктерін, кµркемдік қ±рал-тәсілдерін, стильдік µзгешеліктерін ашу да осы ж±мысымыздың міндеттеріне жатады. Соңғы жылдары "Ќазаќ батырлыќ жырларының поэтикасы" /Ш. Ыбыраев/, "Тарихи жырлар тағлымы" /Б. Рахымов/, "Тарихи жырлардың поэтикасы" /Б. Рахымов/ атты еңбектерде тарихи жырлардың шығу тегі мен пайда болу заңдылықтары, кµркемдік мєселелері жан-жақты қарастырыла бастады. Дегенмен, "Кенесары-Наурызбай" жыры ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген М. Әуезовтің "Әдебиет тарихы" еңбегінде тұңғыш рет қарастырылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында Е. Ысмайыловтың, тарихшы ғалым Е. Бекмахановтың зерттеулерінде жалғасын тапты.

Қазақ тарихында XIX ғасырының екінші жартысында патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы күрескен ең ірі қайраткерлердің бірі Кенесары. Ұлт мүддесі мен ел-жер тағдыры үшін арпалысқан Кенесарыдай қайсар тұлға бейнесі кенестік дәуірде әдейі бұрмаланып, ол туралы жағымсыз пікірлердің қалыптасқандығы жасырын емес. Мәселен, 1946 жылы жазылған қазақ әдебиеті тарихының алғашқы томы жөнінде М. Әуезов:

« . . . Тарихи жырлар бөлімінде де тыңнан қаралған, түзеліп өткен негізді жаңалықтар бар. Бұл бөлімде «Абылай мен Кенесары жайындағы тарихи жыр» деген жіктеуге жатпайтын құрама, ұсақ, әңгіме-аңыздар көп кірген еді. Солардың көбінде Абылай, Кенесарыны халықтық ұғымнан өзгеше санамен бейнелеу бар-ды. Хан айналасының, хан ордасының санашылы болған қарт-қария, ақын-жырау, мақтаушы -жыршы ортасы туғызған шолақ әңгіме-аңыздар болатын. Олардың барлығында Абылай, Кенесары, Наурызбайларды сағымды аңыздармен көріктеп, қиял-ғажайып ертегілер қаһармандарына тенеп, әсірелеген дәріптеулер көп болатын. Бұрынғы зерттеу мұндай әнгімелердің бірден тарихи жыр жанырына жатпайтындығын ескермеген және олардың таптық, тарихтық шыны, негізін ақтарып атпаған. Тек бір жақты сүйсіну ретіндегі құптауды. Ғылымды сыншыл тексерудің орнына жұмсап кеткен-ді» [1, 258], -деп еріксіз идеологияның ықпалында, саясаттың қақпақылында сөйлеуге мәжбүр болған. Дегенмен бұдан да ауыры қазақтың дүлділ ақыны Н. Ахметбековтың Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы «Жасауыл қырғыны» деп аталатын поэмасында Кенесары бейнесі, ел танушы, қарақшы ретінде бейнеленуі еді.

Бұл Кене Көкшетауды сайрандапты

Кенеден жиреніпті жұрттың бәрі.

Айтыпты оған қарғыс жас пен кәрі.

Елдегі телі-тенек жаннан безген.

Жасауыл бопты ханға ұры-қары [2, 7] .

Осылайша заман талабы тарихи тұлғаның жарқын бейнесін, талантты ақынның аузымен аяққа таптайды. Алайда «Алтынды тат баспайтындығы» секілді уақыт бәрін өз орнына қояды. Кенесары тұлғасының қайта жаңғыруы - уақыт төрелігінің куәсі. Кезінде Н. Ахметов:

«Кенесары хандығын дәріптеп, оның жалған даңқын ел арасына таратуға тырысқан Досқожа, Нысанбай секілді сатымсақ ақындарды Нұрқан бұл поэмасында қатты сынға алады . . . Досқожа мен Нысанбай «Кенесары-Наурызбай» деген қиссасында бұларды халық батыры, халықтың қамқоршысы етіп көрсетуге тырысқан. Оқушылардың ой-санасын мұндай түсініктерден арылту үшін «Жасауыл қырғыны» поэмасы әдебиетте үлкен роль атқарады» [3, 672] - деген пікір айтқан болатын. Шындығында да кімнің-кім екендігін кеңестік дәуірде ашық айтудың мүмкін болмағандығы жасырын емес. Шовинистік саясат қазақ халқының рухани тамырына балта шауып, рухани сабақтастықты үзуге тырысты. Сондықтан да бас амандығын ойлаған ақындар еріксіз «ақты» «қара» ғып көрсетті. Ғалымдар «сүйексіз» талдауға «жүйесіз» өтірікке барады. Дегенмен осы кезеңнің өзінде ақиқатты ашып айтып басын бәйгеге тігуші ақын-жазушы, ғылымдарымыздың еңбегін ерекше атап айтқан жөн болады. Әсіресе Е. Ысмайлов, І. Есенберлин, М. Әуезов, Е. Бекмаханов өз басынан ұлт мүддесін жоғары қойғандықтарын дәлелдейді.

Е. Ысмайлов 1941 жылы Қ. Бекхожинмен бірігіп Кенесары-Наурызбай және олардың батырлары жайында жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелерді (көлемді отыз баспа табақ) баспаға әзірлесе, 1943 жылы Е. Бекмаханов. М. Әуезов. С. Мұқанов. Қ. Бекхожин. Б. Кенжебаевтардың атсалысуымен жарияланған «Қазақ ССР тарихының» Кенесары бөлімін жазды» [4, 78] . Автордың алғашқы еңбегі әлі күнге дейін жарияланбаса, екінші еңбегі 1943 жылдан соң жариялануға тыйым салынды.

1948 жылы әйгілі тарихшы Е. Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» атты тарихи монографиясын жазса. М. Әуезов 1928 жылы «Хан Кене» атты тарихи драмасын жазған [5, 313] . Драманың бізге белгілі екі нұсқасы бар. Алғашқы нұсқа Кенесарының тарихи тұлғасын реалистік сипатта көрсетуге негізделген. Ал жазушы І. Есенберлин «Қаһар» 1969 романында тікелей Кенесары бейнесін арқау еткен [6] . Автор социалистік реализмінің идеологиялық қысымына қарамастан Кенесарының тарихи тұлғасын сомдап жеткізе білген.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біз, осы аталған мәселелерді ескере отырып, ұлы тұлғаның қазақ фольклорындағы бейнесін жіті тану мақсатымен «Қазақ фольклорындағы Кенесары бейнесі» деген тақырыпты дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысаны етіп алдық. Кеңестік дәуірде бірі жарияланса, екіншісі жарияланбай, тек соңғы жылдары жаңа әр түрлі басылымдарда үздік-сөздік жарыққа шығып жатқан Кенесарыға қатысты фольклор үлгілерін жинақтап, ғылыми пікір білдіретін мезгіл жеткен сияқты. Сол себепті де аңыз-әңгімелер мен тарихи жырларды тұтастандыра, бірлікте, сабақтастықта зерделеу, қарастырылып отырған тақырыптың өзектілік сипатын айқындайды. Аңыздық прозаның қай жаныры Кенесарыға қатысты көбірек немесе аз, әлде мүлде қолданылмайтындығы, тарихи өлең-жырлардың шыншылдық сипаты қандай деңгейде, көркемдік дәрежесі, өлең өлшемдері, образ жасаудағы ерекшеліктер сияқты сұрақтарға нақты жауап беру жұмысымыздың алға қойған негізгі мақсаттары болып табылады. Жұмыс барысында тақырыбымыздың ауқымдылығын ескеріп негізгі шығармаларға баса назар аударып отырамыз. Дәуір заманына талабына сай, өскелең ұрпақтың талғам-таразысымен Кенесарыдай даңқты бабамыздың асыл қасиеттерін бүгінге жеткізген фольклор үлгілерін саясаттың шаңынан тазартып, ұлттық мүдде тұрғысынан саралай зердеулерге тырысамыз.

Дипломдық жұмыстағы қолданылған әдіс-тәсілдер. Жұмыс жазу барысында қажетіне қарай тарихи-генетикалық, салыстырмалы әдіс-тәсілдер қолданылады.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі және ғылыми маңызы еңбегіміздің практикалық маңызын көрсете алады деген ойдамыз. Жұмыстың нәтижелерін студенттердің практикалық сабақтары мен өздік жұмыстарына пайдалануға болады деген пікірдемін.

Бүгінгі таңда, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста "Кенесары-Наурызбай" жырын жаңаша көзқараспен саралаудың маңызы зор. Сондыќтан да алып отырған таќырыбымыздың µзектілік сипатының бар екендігі анық.

Жұмыс құрылымы - кіріспе, және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарихи жырлардың зерттелу мәселелері

1. 1 Тарихи жырлардың жанрлыќ мєселелері

Тарихи жырлар негізіне өмірде аныќ болѓан єлеуметтік, саяси оќиѓалар алынады. Біраќ, м±нда тарихи оќиѓалар, т±тас, µзгеріссіз суреттелмейді. Яѓни тарихи жыр µз заманының т‰рлі тарихи оќиѓаларын кµркемдік т±рѓыдан баяндайды жєне уаќыт µте келе тарихи сипатќа ие болады. Ќазаќ єдебиеттану ѓылымында тарихи жырлар µте аз зерттелген. 1979 жылы алѓаш рет "Ќазақ тарихи жырларының мєселелері" - деген коллективтік монография басылып шыќты. Осы еңбекте тарихи жырлар бір жүйеге келтіріліп, ѓылыми талдаулар жасалды. Сол еңбек бойынша ќазақ тарихи жырларын ХVІІІ ѓасырдаѓы "Аќтабан ш±бырынды, алќакµл с±ламаѓа" байланысты туѓан тарихи жырпар, XIX ѓасырдаѓы ±лт-азаттыќ кµтеріліске байланысты туѓан тарихи жырлар, 1916 жылѓы ±лт-азаттыќ кµтеріліске байланысты туѓан тарихи жырлар деп топтастырып қарастыру жүйесі жолѓа ќойылды. Яѓни алѓашќы кµзеңге, "Абылай", "Бµгенбай", "Ќабанбай", "Жєнібек", "Олжабай" сияќты белгілі батырларѓа арнапѓан жырлар жатса, екінші кезеңге "Исатай-Махамбет", "Бекет", "Өтеген", "С±раншы", "Кенесары-Наурызбай" сияқты жыр-дастандар, үшінші кµзеңге, "Аманкелді", "Бекболат", "¦заќ" батырлар туралы жырлар топтастырылды.

Тарихи жырларды алѓаш рет ќазаќтың т±ңѓыш ѓалымы Ш. Уєлиханов байќап, жинастырѓан. Ол µзінің еңбектерінде, µзі жазып алѓан эпикалыќ, тарихи жырдың н±сқаларына ѓылыми талдау жасауѓа тырысќан. Ол ќазаќ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр екенін атай отырып, олардың біразын іріктеп, мысал келтіріп дєлелдеуге ±мтылды. Осындай ізденістің нєтижесінде ќазаќ фольклорына "тарихи жыр" терминін енгізді.

Тарихи жырларды жинап зерттеу ісінде В. Радлов та ерекше үлес ќосқан. Ол өзініњ он томдыњ шырармалар жинаѓының үшінші томына ќазаќтың бірнеше тарихи жырларын енгізген. Тарихи жырлардыњ н±сќалары Г. Н. Потанин архивінде де кµздеседі. "Ќабанбай" жырыныњ үзіндісі жєне "Бµгенбай, Жабай, Баран-Бердіќожа туралы деректер соның айѓаѓы. Ќара сµз түріндегі "Еңлік-Кебек", "Ќалќаман-Мамыр" жырлары да "Дала уалаяты" газетінің бетінен анда-санда орын алып т±рған.

Тарихи жырлар мен аңыз єңгімелерді Ә. Диваев та жинастырѓан. "Шыңғыс хан туралы аңыз", "Қалдан хан мен Абылай", "Ақсаќ ќ±лан - Жошы хан", "Кенен аќынның 1916 жыл туралы µлеңі" таѓы басќалар соѓан кує. Тарихи жырларды зерттеу Советтік кезеңде айрыќша ќолѓа алынды. "Тарихи µлең" терминін фольклористикада алѓаш енгізіп, жүйелі түрде зерттеген М. О. Әуезов болды. Ол µзінің алѓашќы еңбектерінде "Тарихи µлеңдер» деген жеке бөлімге Исатай, Махамбет, Бекет батыр туралы жырларды енгізген.

М. Әуезов Л. Совольевпен бірге жазѓан "Қазаќ халќының эпосы мен фольклоры" деген еңбегінде тарихи жырдың жеке жанрының сипатын ашып, болашаќ зерттеушілерге жол ашады. Б±л жырлардыњ бєрі де, ертеде туѓандары да, кейінірек шыѓарыпѓандары да - оның тарихи оќиѓаларѓа негізделген, ол басты-басты кейіпкерлер - тарихта болѓан адамдар. Жырлардың авторлары - кµбінесе сол оќиѓаларды көзімен көрген т±стастары. Авторлар кµзімен кµрген, µздері бастан кешірген оќиѓаларды уаќытына ќарай сап-сабымен баяндайды.

Тарихи жырлардың батырлыќ эпостан жанрлыќ айырмашылыѓы бар. Яѓни тарихи жырларда эпостық баяндауѓа тєн объективтік сарынның орнын оќиѓаларды тікелей ќабылдаѓан автордың єсері араласќан субъективтік баѓа басады" [7] . Әрине, тарихи жырлардың бойында батырлыќ эпостардың да белгілерінің кездесетіндігі заңды ќ±былыс. Ќазаќ эпосында батырлар жыры мен халыќтыќ жырларѓа ќоса тарихи жырлар да мол. Б±л жырлар ХVІІІ жєне XIX ѓасырларда, єсіресе, кең µрістеп дамыѓан" - деп жазады. М. Єуезов.

Тарихи жыр туралы С. Сейфуллин де жазѓан. Алайда м±нда тарихи жырлар жеке жанр ретінде емес, батырлыќ жырлармен ќоса ќарастырылѓан. Онан кейін С. М±ќанов та, белгілі ѓалым, академик Ә. Марѓ±лан да осы т±рѓыдан ќарастырѓан.

Ќазақ тарихи жырларын арнайы зерттеген ѓалым - Ќ. Ж±малиев. Ол "тарихи жыр" терминінің орнына "тарихи поэма" деген атау ќолданѓан. Солай бола т±рса да, зерттеуші-ѓалым тарихи жырлардыњ батырлар жырынан айырмашылыќтарын санамалап көрсетеді. Мєселен, батырлыќ эпоста оќиѓаның жалпы ±лы сорабы ѓана сақталып оѓан єртүрлі ќиял-ѓажайып нєрселер араласып келіп отырса, тарихи жырларда єлі де болса ізі суымаѓан оќиѓаларда, оѓан ќатысушы адамдардың іс-єрекеттері де тарихи шындыќќа жаќын, ќиял-ѓажайып элементтері мейлінше аз ±шырасады", - дейді [8] .

Тарихи жырларды келесі бір зерттеуші ѓалым Е. Исмаилов. Ол батырлар жырының кезеңдерін дєуірлей отырып; "ХVІІ-ХVІІІ ѓасырдаѓы ќазаќ-ќалмаќ арасының ќарым-ќатынасына байланысты туѓан батырпар жыры", "XIX ѓасырдаѓы ќазаќ халќының ±пт-азаттыќ көтерілісіне байланысты туѓан батырлар жыры" деп топтастырады. Сонымен бірге тарихи жырларды жеке жанр ретінде ќарастырып, оның жанрлыќ ерекшелігін аныќтап, хронологиялыќ принциппен саралайды" [9] .

Осы саланы зерттеуші келесі бір ѓалым - ќазаќ фольклорындағы тарихи жырлар, µз алдына дербес жанр деген ќорытынды жасайды. Н. С. Смирнова сондай-ақ тарихи жырларды екі аралыќ жанр деген ±сыныс айтады. Белгілі ѓалым Б. Кенжебаев "Ќазаќ єдебиетінің тарихының мєселелері" атты кітабында эпос пен тарихи жырдың айырмасына ерекше тоќталады.

Тарихи µлең жанрын арнайы зерттеген ѓалым - Б. Уахатов. Ол µзінің І974 жылы шыќќан "Қазақтың халыќ µлеңдер" атты монографиясының бір тарауын тарихи µлеңдерге арнаѓан. Ғапым б±л жанрдың тарихи жанрдан айырмашылыѓын өте д±рыс атап кµрсетіп, оның жанрлыќ аныќтамасын белгілейді. "Шынында да, - деп жазады ол, ќысќа, эскиз секілді болып келеді де, ±зын сонар оќиѓаның ішінен тек сол µлеңнің идеясын ашарлыќ сєттерді ѓана даралап кµрсетеді. Тарихи деректерге сай болѓан оќиѓаны сол болѓан күйінде кµрсетіп, наќтылы сурет жасайды" [9] .

Жоѓарыдаѓы пікірлерді ќорытындылай келгенде казаќ ауыз єдебиетінде "тарихи жыр", "тарихи µлең" деген екі жанр бар екені аян. Алайда, ѓылымда б±лардыњ аражігі дєл аныќталып, шекара ќойылѓан жоќ.

"Тарихи µлең - µмірде болѓан, наќты оќиѓалар мен адамдарѓа арналѓан шаѓын, біраќ біршама, эпикалыќ сарыны бар шыѓармалар. Тарихи µлең, єдетте, оќиѓаныќ, ізі онша суымай т±рѓанда, фактілер ±мытылмай т±рѓанда туады да, онда шындыќ іздері басым жатады. Сонымен бірге, тарихи µлеңдерде кµркемдік те бар, єрі лиризм де кездеседі.

Тарихи µлеңдер ќоѓам µмірінің єр кезеңінде туып отырады, яѓни б±л - µте ескі жырлардың бірі" [9] .

"Ал тарихи жыр кµркем шыѓарма болѓандыќтан тарихи фактілер мен деректер, кµркемделіп, біршама µзгертіліп беріледі.

"Тарихи жыр т‰птеп келгенде батырлыќ жыр мен тарихи өлеңнің аралыѓыңдағы жанр. Тарихи өлең єңгімеленіп отырѓан оќиѓаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез-ақ тарап кетеді. Кейін сол єр µлеңде айтылѓан оќиѓалардыњ негізінде, кµлемді шыѓармалар туады. Олар бірте-бірте циклденіп, ‰лкен жанрѓа айналады жєне оѓан кµптеген тарихи шаѓын µлеңдер енеді. Содан барады да үлкен эпикалық тарихи жыр пайда болады. Ал араѓа кµп уаќыт салып барып осы бір үлкен оќиѓаѓа байпанысты ол батырлың жырѓа айналады. Бізге жеткен кµптеген батырлар жырының даму жолы осындай. Ал Абылай, Есім, Ќабанбай, Олжабай туралы үлгермеген, біраќ оның нәтижесін бойына сіңірген тарихи жырлар эпостыќ жырларѓа ќараѓанда тарихи жырпардың идеялыќ, эстетикалыќ м±раты сєл µзгеше болады. М±нда үлкен оќиѓаның жекелеген фактілеріне, б±ќара ќауымнан µзінің ќайратымен, жүректілігімен, аќылымен дараланып шыќќан кєдімгі ќарапайым адамѓа мєн беріледі. Біраќ, олар, яѓни жеке фактіде, одан да жалпы тарихи жаѓдайдан бµлек алынбайды. Тіпті тарихи жырдыњ б‰кіл мазм±ныныњ µзі сол заманның оќиѓаларынан туып, µрбіп жатады" [9] .

Ќазаќ тарихи жырларында батырлыќ, эпостыќ көптеген элементтері бар, біраќ олар єлі таза эпос емес. Тарихи жырларда жырлаушылар белгілі батырлыќ эпостыњ нәтижесін пайдаланып отырѓан. Соның нәтижесінде тарихи жырлар соңғы бір-екі ѓасырдың аќиќат шындыѓын бейнелейтін µзіндік тың ќ±былыс ретінде дүниеге келіп, ауыз єдебиетінің µз алдына дербес тума жанры болып ќалыптасқан.

"Б±л жырлардың бєрі де, ертеде туѓандары да, кейінірек шы-ѓарылѓандары да - оның тарихи оќиѓаларѓа негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болѓан адамдар. Жырлардың авторпары көбінесе сол оќиѓаларды кµзімен кµрген т±стастары. Авторлар кµзімен көрген, µздері бастан кешірген оќиѓаларды уаќытына ќарай сап-сабымен баяндайды. Тарихи жырларының батырлыќ эпостан жанрлық айырмашылыѓы бар. Яѓни тарихи жырларда эпостық баяндауѓа тєн объективтік сарынның орнын оқиѓаларды тікелей ќабылдаѓан автордың єсері араласќан субъективтік баѓа болады" [7] . Әрине, тарихи жырлардың бойында батырлыќ эпостардың белгілерінің кездесетіндігі заңды ќ±былыс. Жоѓарыдаѓы пікірлерге с‰йене отырып, ќазіргі ќазақ фольклористикасында тарихи жырлардың жеке жанр ретінде толық ќалыптасќандыѓын айта аламыз.

XIX ѓасыр қазақ халќының тарихындаѓы күрделі кезең. Б±л кезең тек тарихта ѓана емес сонымен бірге, єдебиет пен мєдениетте де терең із ќалдырды. 1836-1837 жылдары Бµкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаѓан ±лт-азаттыќ кµтерілісі болып µткен. Халық есінде кµп уаќытќа дейін саќталѓан осынау оќиѓаѓа байланысты, кµптеген µлеңдер мен дастандар жазылды. Осы кезеңге байланысты Махамбет Өтемісұлының, Алмажан Азаматқызының, Шернияз Жарылѓас-±лының, Ыѓылыман Шµрековтың, Байтоќ пен Жан±заќ аќындардың тарихи µлеңдері мен дастандары, дүниеге келді. Ыѓылыман Шµрековтың "Исатай Махамбет" тарихи дастаны мен кейбір µлеңдері Ташкентте шыќќан "Сєуле" журналында /1924, №4/, "Исатай Махамбет" /1925/, "Аламан" /1926/ жинаќтарында жарияланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тарихына шолу
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Ортақ заман Зар заман
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz