З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Тарихи шежіре жазу дәстүрі және Захириддин Бабыр ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.1 Авторлық шежірелер . тарихи дерек әрі әдеби мемуарлық туынды ... ... . 10
1.2 Бабырдың тарихи қызметі және «Бабыр.наме» еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2 «Бабыр.намедағы» фольклор үлгілері, әдеби, көркемдік мәселелер ... ... ... 37
2.1 «Бабыр.наме» түркі халықтарының фольклорлық мұрасы ... ... ... ... ... ... .. 37
2.2 Шығармадағы көркемдік әдіс, тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 61
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында тарихи тақырыпта жазылған көркем шежірелер ерекше орын алады. Тарихи тақырыптағы көркем шежіре ұғымы ұлттық әдебиетіміздің тарихына өткен ғасырдың 80-жылдары енгізіле бастады. Содан бері көптеген тарихи шежірелер ұлттық әдебиетіміздің тарихынан берік орын алды. Тарихи шежірелер ауқымы күн өткен сайын басқа халықтардың еншісінде жүрген рухани құндылықтармен толығып, молайып келеді. Солардың қатарындағы қазақ тарихы мен ауыз әдебиетіне, әдебиет тарихына қатысты болып келетін шығармалардың бірі – «Бабыр-наме».
«Бабыр-наме» – тарихи-әдеби, естелік шығарма. Орталық Азия халықтарыныњ тарихи ескерткіш мұрасы. Авторы – үндістанда ¦лы моғол мемлекетініњ (1526-1858) негізін қалаған Темір әулетініњ ұрпағы Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр», - дей келе, әрі қарай: «¦лы бабамыз – шығыстыњ талантты жазушысы, ақын, заманыныњ озық ойлы адамы ћәм мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, үндістанда ¦лы моғол мемлекетін құрған Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр биыл 510 жасқа толады. 1990 жылы қазан айында оныњ «Бабыр-наме» тарихи жазбасы дүниеге келуініњ 460 жылдығы БҰҰ-ныњ ұйғарымы бойынша Ташкентте бір апта тойланып, ғылыми-теориялық симпозиум өткізілгенде 1993 жылы Бабырдыњ 510 жылдық мүшел тойын атап өту туралы шешім қабылданған болатын» [1,185-186].
«Бабыр-наме» – «Ферғана», «Кабул», «үндістан» секілді үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы ХV ғасырдыњ екінші жартысында Ферғана жазығындағы Ахсикент, Намаған, Әндіжан, Марғилан, Ош, сондай-ақ Самарқан, Исфара секілді қалалар мен елді мекендер, онда тұрған түрлі тайпалар мен жамағаттардыњ әдет-ғұрпы, тілдік ерекшеліктері, мәдениет, жан-жануарлар дүниесін баяндаумен басталады. Автор, әсіресе, ата-бабасыныњ шежіресі, кәсібі, тыныс-тіршілігі, тіпті аталған өлкеніњ тау-тасы, бау-бақшасы, жеміс-жидегі, өзен-суы, ұшқан құсына дейін сүйіспеншілікпен, туған жерге деген перзенттік махаббатпен жазған. Соныњ ішінде Бабырдыњ Ферғана уалайаты халқыныњ тілі жайлы деректері шын мәнінде көњіл аударарлық: «Әндіжан тұрғындарыныњ бәрі түріктер, - деп жазады ол. – Қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам ұшыраспайды. Халықтыњ ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Мір Әлішер Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенімен, оныњ шығармалары да түрік тілінде жазылған» [2,14].
«Кабул» бөлімінен Ауғанстанныњ Герат аймағында билік құрған Сұлтан Құсайын мен оныњ уәзірлері, бектері, ақындары мен ойшылдары жайлы да қызықты деректер ұшыратамыз. Бабыр әрбір қаламгердіњ шығармашылығы ғана емес, мінез-құлқыныњ жақсы-жаман жақтарына да назар аударған. Онда сөз зергерлерінен парсы әдебиеті жұлдыздарыныњ бірі Жәми, Әлішер Науаи, сондай-ақ Молда Масғұт Шируани, Молда Әбді әл-Ғафур, Молда Жамал ад-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Дербісалиев Ә. «Бабыр-наме» – бағалы мұра // Жұлдыз. 1990, №11.
2. Бабыр захир ад-дин Мұхаммед. Бабыр-наме / Орыс тілінен аударған: Б.Қожабеков. –Алматы: Жалын, 1990. – 320 б.
3. Тарақты А.(Сейдімбеков) Балталы, Бағаналы ел аман бол (шежіре). –Алматы: Қазақ университеті, 1993. 224 б.
4. Алпысбес М. Қазақ түрік шежірелерінің зерттелуі // Қазақ тарихы. – 2004. – № 4. – 30-34 бб.
5. Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. 2 том. – Алматы: Жазушы, 1968. –251.
6. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. –Алматы: Қазақстан; Сана, 1991. – 80 б.
7. Алпысбес М. Шежіре, ата-тек және рулық одақтар мәселесі турасында // Қазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелері: конф. материалдары. – Алматы, 2005. – 10-25 бб.
8. Өтеміс қажы. Шыңғыс нама. – А., 2005. – 400 б.
9. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. – А., 1997. – 128 б.
10. Абуль-Гази-Багадур-Хан. Родословное древо тюрков. - М.-Т.-Б.: Туркестан, 1996. – 544 с.
11. Дулати Мухаммед Хайдар. Тарихи-и Рашиди (Рашидова история): перевод с персидского языка. – А., 1999. – 656 с.
12. Шах Махмуд ибн мирза Фазил Чурас. Хроника. – М, 1976.
13. Рашид-ад Дин. Сборник летописей. – М-Л., 1952. – Т.1. – Кн. 1. – 221 с.
14. Джамал ал-Карши. Ал-Мулхакат би-с-сурах. – А., 2005. – Т.1. – 416 с.
15. Марғұлан Ә. Шежіре. Қазақ шежіресі // Қазақ совет энциклопедиясы. – 1978. – Т.12. – 595 б.
16. Қашқари Махмұт. Түрік тілінің сөздігі. – А., 1997. – Т.1.– 591 б.
17. Санчиров В. «Илэтхэл шастир» как исторический источник по истории ойратов. – М.: Наука, 1990. – 137 с.
18. Норбо Ш. Зая-Пандита: материалы к биографии. – Элиста, 1999. – 335 с.
19. Радлов В. Обзоры народной литературы тюркских племен живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи. – СПб, 1866. – Ч. 1. – 420 с.
20. Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С. 148-166.
21. Марғұлан Ә. Ең ескі дәуірдегі халықтың аңыздары. //Жұлдыз. – 1983. – №5. – 170-178 б.
22. Әбусейітова М. Түркі және парсы деректемелері // Қазақ тарихы. – 1995. – № 2. – 22-27 бб.
23. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. –Алматы: Ататек, 1994, - 400 б.
24. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары (Көркемдік дәстүр жалғастығы). –Алматы: Ана тілі, 1998. – 256 б.
25. Ұмытылмас есімдер (Достық дастаны). /Құраст. Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 224 б.
26. Тарақты А (Сейдімбек А.). Балталы, Бағаналы ел аман бол (шежіре). –Алматы: Қазақ университеті, 1993. –224 б.
27. Қасқабасов. Қазақтың халық прозасы. –Алматы: Ғылым, 1984, -272 б.
28. Сейдімбеков А. Күй шежіре. –Алматы: Ғылым, 1997. –224 б.
29. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –Алматы, Жазушы, 1973. –212 б.
30. Әуеспаева П. Қазақ фольклорындағы әңгіме. Алматы, 2001. –116 б.
31. Қазақтың батырлық эпосы /Құраст: С.Дәуітов. –Алматы: Рауан, 1992. –104 б.
32. Иоллығтегін. Күлтегін. /Аударған: М.Жолдасбеков. –Алматы: Жалын, 1986. –78 б.
33. Dede Korkut Kіtabі (gіrіs, metіn, faksіmіle). –Ankara, 1997. –654 s.
34. Қорқыт ата кітабы /Түрік тілінен аударған: Б.Ысқақов. –Алматы: Жазушы, 1994. –160 б.
35. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құраст: А.Қыраубаева. – Алматы: Ана тілі. 1991. –280 б.
36. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі /Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1 Тарихи шежіре жазу дәстүрі және Захириддин 10
Бабыр ... ... ... ... ... ... ... . ... .
1.1 Авторлық шежірелер – тарихи дерек әрі әдеби мемуарлық 10
туынды ... ... .
1.2 Бабырдың тарихи қызметі және Бабыр-наме 17
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Бабыр-намедағы фольклор үлгілері, әдеби, көркемдік 37
мәселелер ... ... ...
2.1 Бабыр-наме түркі халықтарының фольклорлық 37
мұрасы ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Шығармадағы көркемдік әдіс, 44
тәсілдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер 61
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында тарихи тақырыпта
жазылған көркем шежірелер ерекше орын алады. Тарихи тақырыптағы көркем
шежіре ұғымы ұлттық әдебиетіміздің тарихына өткен ғасырдың 80-жылдары
енгізіле бастады. Содан бері көптеген тарихи шежірелер ұлттық
әдебиетіміздің тарихынан берік орын алды. Тарихи шежірелер ауқымы күн өткен
сайын басқа халықтардың еншісінде жүрген рухани құндылықтармен толығып,
молайып келеді. Солардың қатарындағы қазақ тарихы мен ауыз әдебиетіне,
әдебиет тарихына қатысты болып келетін шығармалардың бірі – Бабыр-наме.
Бабыр-наме – тарихи-әдеби, естелік шығарма. Орталық Азия халықтарыныњ
тарихи ескерткіш мұрасы. Авторы – үндістанда ¦лы моғол мемлекетініњ (1526-
1858) негізін қалаған Темір әулетініњ ұрпағы Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр,
- дей келе, әрі қарай: ¦лы бабамыз – шығыстыњ талантты жазушысы, ақын,
заманыныњ озық ойлы адамы ћәм мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы,
үндістанда ¦лы моғол мемлекетін құрған Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр биыл 510
жасқа толады. 1990 жылы қазан айында оныњ Бабыр-наме тарихи жазбасы
дүниеге келуініњ 460 жылдығы БҰҰ-ныњ ұйғарымы бойынша Ташкентте бір апта
тойланып, ғылыми-теориялық симпозиум өткізілгенде 1993 жылы Бабырдыњ 510
жылдық мүшел тойын атап өту туралы шешім қабылданған болатын [1,185-186].
Бабыр-наме – Ферғана, Кабул, үндістан секілді үш бөлімнен
тұрады. Алғашқысы ХV ғасырдыњ екінші жартысында Ферғана жазығындағы
Ахсикент, Намаған, Әндіжан, Марғилан, Ош, сондай-ақ Самарқан, Исфара
секілді қалалар мен елді мекендер, онда тұрған түрлі тайпалар мен
жамағаттардыњ әдет-ғұрпы, тілдік ерекшеліктері, мәдениет, жан-жануарлар
дүниесін баяндаумен басталады. Автор, әсіресе, ата-бабасыныњ шежіресі,
кәсібі, тыныс-тіршілігі, тіпті аталған өлкеніњ тау-тасы, бау-бақшасы, жеміс-
жидегі, өзен-суы, ұшқан құсына дейін сүйіспеншілікпен, туған жерге деген
перзенттік махаббатпен жазған. Соныњ ішінде Бабырдыњ Ферғана уалайаты
халқыныњ тілі жайлы деректері шын мәнінде көњіл аударарлық: Әндіжан
тұрғындарыныњ бәрі түріктер, - деп жазады ол. – Қалада да, базарда да
түрікше сөйлемейтін адам ұшыраспайды. Халықтыњ ауызекі сөзі әдеби тілінен
айырғысыз. Мір Әлішер Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенімен, оныњ
шығармалары да түрік тілінде жазылған [2,14].
Кабул бөлімінен Ауғанстанныњ Герат аймағында билік құрған Сұлтан
Құсайын мен оныњ уәзірлері, бектері, ақындары мен ойшылдары жайлы да
қызықты деректер ұшыратамыз. Бабыр әрбір қаламгердіњ шығармашылығы ғана
емес, мінез-құлқыныњ жақсы-жаман жақтарына да назар аударған. Онда сөз
зергерлерінен парсы әдебиеті жұлдыздарыныњ бірі Жәми, Әлішер Науаи, сондай-
ақ Молда Масғұт Шируани, Молда Әбді әл-Ғафур, Молда Жамал ад-Дин Мұқаддас,
Мир Атауллах Мешћеди, Қази Ихтияр, Шейх Сухейли, Құсайын Әлі Жалаири,
Беннаи, Сайф Бухари, Хатифи, Мір Құсайын Муаммаи, Молда Мұхаммед Бадахши,
Жүсіп Бади, Шаћ Құсайын Ками, Ћилали, Аћли секілді ақындар мен ойшылдар
және Камал ад-Дин Бехзат, Шаћ Мұзаффар секілді суретшілер Ћәм музыка
өнерініњ сањлақтарына да тоқталған.
Бабыр-наменыњ, Үндістан бөлімі де соны дерегі мен тарихи дәлдігі
қызық шежірелерімен ерекшеленеді. Алдыњғы екі бөлімдегідей Бабыр мұнда да
үнді елініњ солтүстігін жаулап алу барысында өзі басынан өткізген жәйттерді
ғана емес, осында өмір сүретін тайпалардыњ өткені мен бүгіні, елдігі мен
ерлігі, тіпті рухани өміріне дейін зейін қойған.
Захир ад-Динніњ Бабыр-намесі сөйтіп Орта Азия мен Ауғанстан Ћәм
үндістанныњ энциклопедясы болып шыққан. Ол тарихшылар мен этнографтар,
әдебиетшілер мен тілшілер үшін де баға жетпес құнды деректері бар, орта
ғасырлар тынысын дәл де анық жеткізе білген бағалы туынды.
Бүгінгі таңда Бабыр-наменің қазақ фольклоры мен әдебиеті тұрғысынан
зерттелуі өз деңгейінде деп айта алмаймыз. Алып отырған тақырыбымыздың
өзектілік сипаты да осыдан туындайды. Оның үстіне күн өткен сайын даму
үстінде келе жатқан әдебиеттану ғылымындағы жаңаша көзқарастар, бұрыннан
белгісіз болып келген жаңа деректер, өткендегі мұраларымызға байыппен
қарауды, ғылыми терең талдау жасауды талап етіп отыр. Демек, Бабыр-намені
ұлттық фольклортану мен әдебиеттану тұрғысынан ғана емес, жан-жақты,
кешенді зерттеу ісі алдағы күндердің еншісінде деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сөз жоқ, Бабыр-наме – Орта Азия мен
Қазақстан халықтарыныњ зор тарихи-әдеби ескерткіш мұрасы. Баға жетпес мол
рухани қазынасы. Ғасырлардан-ғасырға ауысатын ұрпақтарға ауадай қажет
мәњгілік жәдігер туынды. Сондықтан да сол дәуірдің тарихшы-ғалымдары
Бабырдың осы еңбегіндегі деректерді пайдаланып отырған.
Шежіренің әлем жұртшылығының назарын өзіне аударуы да қызықты. Бабырдың
немересі Акбар шахтың (1556-1609) тұсында Бабыр-наме тұңғыш рет шағатай
тілінен парсы тіліне аударылған. Оның алғашқы қолжазба нұсқасын Тимур Пулат
деген кісі 1714 жылы Бұхара қаласынан тауып, оны кейінірек белгілі ғалым
Георг Джекат Кер Санкт-Петербург қаласында зерттеу ісіне кіріскен.
Осы қолжазбаны негіз етіп алған Н.Ильминский Бабыр-намены 1857 жылы
Қазан қаласында бастырып шығарған.
Бабыр-наменың тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан теңдесі жоқ ғылыми еңбек
екенін ертерек аңғарған Батыс Еуропа және орыс ғалымдары оны зерттеуді,
өзге тілдерге аударуды ХІХ ғасырда-ақ бастап кетті, Мәселен, ағылшын
ғалымдары У.Эрскин мен Ж.Лейден Бабыр-наманы түпнұсқадан ағылшын тіліне
аударып, оны 1826 жылы Лондонда бастырып шығарды. Осы тұста Германия
ғалымдары да көне шежіреге ерекше назар аудара бастады. Алдымен неміс
ғалымы Я.Клапрат ағылшын тілінен неміс тіліне қысқартып аударды. Кейіннен,
А.Кейзер аударып, 1828 жылы Лейпциг қаласында жарық көрді. Ал, белгілі
француз ғалымы паве де Куртейл Бабыр-намены француз тіліне толық аударып,
1871 жылы Парижде жеке кітап етіп шығарды.
Ағылшынның белгілі шығыстанушы ғалымы Аннет Беверидж Бабыр-наманы ұзақ
жылдар бойы жан-жақты зерттеп, оны 1905 жылы ағылшын тіліне қайта аударма
жасап шықты. А.Беверидж Бабыр-наменың ғылыми тұрғыдан аса құнды зерттеу
екенін дәлелдей келіп, Бабырдың бұл шығармасы ағылшынның атақты тарихшысы
Э.Гиббон (1737-1794 ж.) мен ұлы физик И.Ньютон (1643-1727 ж.) мемуарларынан
кем түспейтін, солармен терезесі тең тұрған еңбек деп бағалайды.
Ал, қазақтың әйгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и
Рашидиін парсы тілінен ағылшын тіліне аударып, 1895 жылы Лондонда бастырып
шығарған ағылшынның шығыстанушы ғалымы Э.Денисон Рос (1871-1940 ж.) Бабыр-
намены аса жоғары бағалап, әрі оның көне түркі тілінде жазылған шығарма
дей келіп: Бабырдың бұл мемуарын – адамзат тарихында осы күнге дейін
жазылған ең қызықты, ең романтикалық әдеби шығармалармен қатар қойып
қарауға болады. Бұл өзі бабырдың ана тілі болып табылатын түркі тілінде
жазылған - деп жазады.
Бабыр-намены зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару
істеріне Үндістан ғалымдары: М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатхи;
Ауғаныстан ғалымдары: А.Х.Хабиби, А.А.Кохзад; Түркия ғалымдары: Р.Р.Арат,
И.Н.Баюр; Пәкістан ғалымдары: Р.А.Надви, А.Мавлийат т.б. Шығыс елдерінің
ғалымдары көп еңбек сіңірді.
Орыс ғалымдары ішінен Н.И.Пантусов, С.И.Поляков, В.В.Вяткин т.б. Бабыр-
наменың жекелеген тарауларын орыс тіліне аударған. Шығарманы толықтай орыс
тіліне тәржімалаған М.А.Салье болды. Бұл еңбек орыс тілінде үш рет басылып
шықты. Шығарма 1959 жылы өзбек тіліне аударылды.
Шығыстанушы ғалымдар Бабыр-намены жан-жақты зерттей отырып, бұл
кітаптағы баға жетпес тарихи материалдарды өз еңбектерінде барынша кеңінен
пайдаланып келді. Бұл салада, әсіресе тарихшы: В.В.Бартольд,
А.Ю.Якубовский, С.А.Азимжанова; әдебиетші-ғалымдар – Е.Э.Бертельс,
Х.С.Сүлейменов, И.В.Стеблева; лингвистер – А.Н.Кононов, А.К.Боровков,
Х.Назарова сияқты ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Бабыр-наманы оқып-үйренуге деген ынта-жігер бүкіл дүние жүзінде жылдан-
жылға артып келеді. БҰҰ-ның халық ағарту, ғылым мен мәдениет мәселелері
жайындағы мемлекетаралық ұйымының арнайы қаулысы бойынша Бабыр-наме 1980
жылы француз тіліне қайта аударылды. Жан Луй Бакке-Граммон осы аудармасы
үшін БҰҰ-ның арнайы тағайындалған сыйлығына ие болды. Нәтижесінде, Бабыр-
наме 1985 жылы Парижде француз тілінде екінші рет жарияланды.
Бабырдың әдеби-тарихи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, өзге тілдерге
тәржіма жасау және шығармаларын бастырып шығару ісіне, әсіресе, өзбек
ғалымдары мен жазушылары мол үлес қосып келеді. Бабыр-наменың түпнұсқа
мәтіні 1948 жылы Ташкентте басылып шықты. Ал, 1965-1966 жылдары Бабыр
шығармаларының үш томдығы жарық көрді. Бұл басылымның бірінші томына
Бабырдың өлеңдері, екінші және үшінші томдарына Бабыр-наме енген. Бабыр-
наменың М.А.Салье аударған орысша нұсқасы 1958-1960 жылдары Ташкенттегі
Фан баспасынан қайта басылып шықты.
1990 жылы қазанның 22-26 күндері Бабыр-наменың жазылуының 460 жылдығы
Ташкентте атап өтіліп, Бабыр-наме және Шығыс ренессанысы деген тақырыпта
ғылыми-теориялық симпозиум болып өтті.
Бабыр-намены зерттеуге қазақ ғалымдары да өз үлестерін қосып келеді.
Тұңғыш рет Бабыр-наменың қазақ әдебиетінің тарихындағы маңыздылығына
Н.Келімбетов құрастырған Тарихи шежірелерді әдебиет сабағында оқыту
туралы - дейтін әдістемелік нұсқауында талдау жасалынған. Кейін, 1988 жылы
Б.Қожабекұлы Жалын журналының №1 санында үзінді аудармасын жариялап, 1990
жылы қазақ тіліне толық аударып жариялады. 1993 жылы толықтырылып екінші
рет басылып шықты. Бұдан кейінгі кезеңде Бабыр-наме Х.Сүйіншәлиев,
А.Қыраубаева, Н.Келімбетов т.б. ғалымдар жазған Ежелгі дәуір әдебиеті
оқулықтары мен оқу құралдарына енгізілді. Ә.Дербісәлиев, С.Омарбеков,
Б.Қожабекұлы, Б.Көккесенеұлы сияқты жекелеген ғалымдардың мақалалары мен
зерттеу еңбектерінде Бабыр-наменың әдеби, тарихи маңыздылығы әр қырынан
сөз болып келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Олай болса, ең алдымен, Бабыр-наме
шығармасын біліп-түсіну үшін әуелі тарихтағы Бабырдыњ кім болғанын, қоғамда
қандай роль атқарғанын, қандай ортадан шығып, тәрбие алғанын, кімдермен
қарым-қатынаста болғанын, не үшін Моғол мемлекетін құрғанын білу – шарт.
Неліктен, Бабыр бабамыздың Бабыр-наме ењбегі бүкіл түркі халықтарыныњ
ортақ мұрасына айналды? Оның тарихи әдеби негіздері қандай? Фольклорлық
арналары қайда жатыр деген сұрақтарға жауап беру – біздіњ дипломдық
жұмысымыздың алға қойған негізгі мақсаты мен міндеттері қатарына жатады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдардың, қорытынды
пікірлердің практикалық мәні үлкен. Ғылыми нәтижелерді қазақ әдебиетінің
тарихына, авторлық ауыз әдебиеті өкілдеріне қатысты зерттеу жүргізгенде,
сондай-ақ гимназия, лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп
оқытатын мектептерде Ежелгі дәуір әдебиеті пәнінен сабақтар жүргізуде
пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста жүйелі-кешенді, тарихи-
хронологиялық-сипаттамалы, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмысымыздың құрылымы – кіріспе
және екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі берілген.
1 Тарихи шежіре жазу дәстүрі және Захириддин Бабыр

1. Авторлық шежірелер – тарихи дерек әрі әдеби мемуарлық туынды

Шежіре – қазақ руларының тегі шыққан түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет
тудырған әлеуметтік, тарихи білім, генеалогиялық жады сабақтасығы болып
табылады. Шежіре ұғымының астарында тарихи-әлеуметтік жады түсінігі
сақталған. Оны кейде далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп ату да дәстүрге
айналып келеді [3, 78-93]. Шежіре дәстүрлі білім құбылысы ретінде табиғи
түрде қалыптасып, сан ғасырлар бойы ауызекі айтып, әңгімелеу мәдениеті
жағдайында жетіліп, жалпы әлеуметтік, қоғамдық сипат алып жалғасып,
ұрпақтардың рухани құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмірсүру
жалғастығын баяндап, ұзақ дәуір бойынан берідегі ұлт тарихының терең
тамырын тануға қызмет етіп келеді.
Шежіре, сондай-ақ қазақтың аса қадірлі ұлттық дәстүрінің бірі. Шежірелік
баяндаулар жоғарғы құрмет статусын білдіретін түсініктің бірі ретінде халық
санасына бекіген жеті ата ұғымының қасиеті мен оның генеалогиялық сипатын
нақтылап береді. Алайда, шын мәнінде дәстүрлі дәуір тарихын баяндаудағы
генеалогиялық білім жүйесінің қызметін дұрыс түсіну, яғни генеалогиялық
принцип көшпелі тұрмыс кешіп, табиғи экологиялық орта талабына лайықты
малшылық, бақташылық шаруашылықпен шұғылданған халықтардың мәдениетінде
соларға тән дәуірлерді, тарихи кезеңдерді реттеуші принципке айналған [4,
32].
Шежіре – генеалогиялық зерделікті сақтаушы әлеуметтік және қоғами-
ұжымдық жады болғанымен, шежіренің негізгі мақсаты ауызша білім жүйесінде
сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-
әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының
барлығы ұлттық мәдениеттің тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық
институтқа айналдыру мақсатында шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне
киелілік сипат ұғымы, ерекше қасиеттеушілік берілгені де байқалады.
Халықтың фольклорлық мұрасында сақталған жеті атасын білген ер – жеті
елдің қамын жер мақал осының бір даналық айғағы. Шежірелерді түрік көшпелі
жұртының тарихты баяндау принципіне айналған құбылыс ретінде қарастырумен
қатар ауызша шежірелерді фольклорлық құндылықтарымызды жеткізуші, авторлық
жазбаша шежірелерді мемуарлық туынды ретінде тану да әдебиеттану ғылымында
белең алып келе жатқан құбылыс.
Шежіре өзінің негізгі мазмұнында және түп мәнінде халықтың тарихи-
генеалогиялық білім жүйесі болғанымен, қоғамның сан-салалы талаптарына
қызмет етуге тиісті әртүрлі әлеуметтік мүдделердің пайда болуына
байланысты, шежіре дала мәдениетінің жалпы білім жиынтығы жүйесінің
айналғандығы анық. Мұндай білім жүйесіне жаппай халықтың ежелгі даналылығы
да, жеке авторлар тудырған эпостық шығармалар да, тұрмыстық фольклор
үлгілері де, даланың әдеби-көркем туындылары да тоғысқан. Бұл жағдайдың
орын алуы заңды құбылыс болғанымен, шежіре феноменін синкреттік құбылыс
ретінде жеке қарастыруды талап етеді. Алғашқылардың бірі болып қазақ
зерттеушілерінің ішінен шежіредегі нақты тарихи білім жүйесін тұрмыстық,
әдеби-фольклорлық элементтерден бөліп-жарып қарауға ұмтылған Абай
Құнанбаев (Қазақтың қайдан шыққандығы туралы бірер сөз еңбегінде)
болғандығы баршамызға белгілі [5]. Мұнан соң бұл идеяны ақынның немере
інісі әрі тікелей шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы жалғастырды [6]. Сондықтан
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасынан шежіре құбылысын тарихи әрі фолдьклорлық
білім ретінде қарауға үндегенін анық аңғарамыз.
Шежірелер жалпы сақталу жағынан жазбаша және ауызша үлгідегі мәліметтер
болып келеді. Жазба шежірелік деректер сыртқы пішіні жағынан қолжазба
(қолжазба көшірмелері) және (көптаралымды) басылым түрінде кездессе, ауызша
шежірелік деректер айтылу барысында қағазға хатталған немесе дыбыс таспаға
жазылған түрінде тіркелгендерден құралады. Сақталу жағынан жазба үлгідегі
шежірлерді де өз алдына бірнеше топқа бөлуге болады, мысалы: тек қолжазба
күйінде сақталғандар; қолжазба көшірмелері; жария етілгендер; жария етілген
шежірелердің ауызша айтылуынан қайтадан жазба түрде тіркелгендер және т.б.
Жария етілгендер қатарында ғылыми басылым дәрежесіндегі шежірелер де бар
[7, 13].
Далалық ауызекі тарихи әңгімелерден хатталған әйгілі шежіре еңбектері
қатарында Бабырдың Бабыр-наме, Өтеміс қажының Шыңғыс-намасы [8],
Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың Шежірелер жинағы [9], Әбілғазы Баһадүр
ханның Шаджара-йи түрки [10]шығармаларын атауға болады. Бұл ортағасыр
шежіре туындыларының көптеген көшірмелері мен жеке нұсқалары болғаны өз
алдына, сондай-ақ ол еңбектер басқа да шығармалардың жазылуына түрткі
болған. Мәселен Бабырдың Бабыр-намесі негізінде Құмайыннаме жазылса,
Бабырдың бөлесі М.Х.Дулаттың [11] ізімен жазылған еңбектің бірі Шах Махмуд
ибн Мирза Фазыл Чорас шежіресі [12]. Демек бұл шежірелер дәстүрді қалың
бұқара ортасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы сақтаушылары болған. Дешті
Қыпшақ даласындағы тарихи шежірелер көп жағдайда сыртқа шығып, оның тарихи
мәлімдеулері әртүрлі тысқы тарихнамалық еңбектер мәліметтеріне айналған.
Нақты айтқанда, шежірелік мәліметтер мынадай еңбектерде кездеседі:
Джувейнидің (1225–1283) Та’рих-и Джаһан-гушай, Шараф ад-дин Йаздидің
Зафар-нама, Низам ад-дин Шамидің Зафар-нама, сондай-ақ Та’рих-и Әбу-л-
Хайыр-хани, Шараф наме-йи шахи және т.б. Араб-парсы және түркі тілінде
жазба түрде хатталған шежірелерден әйгілісі атақты Рашид ад-дин Хамаданидің
(шам. 1247–1318) түркі-моңғол шежіресі [13], Алмалық тумасы Жамал Қаршидың,
оның шын аты Әбу-л-Фадл Мұхаммед ибн ‘Умар ибн Халид (1231–XIV ғ. басы),
оғыз-қыпшақ, Қарахан шежіресі (ал-Мулхакат би-с-сурах [14], Ақсақ Темір
әулетінен шыққан Ұлықбектің (1409–1449) Шаджарат әл-атрак (немесе Та’рих-
и арба’ улус), авторы беймәлім Му‘изз әл-ансаб және Салатин моғол,
Сұлтандар шежіресі (XV ғ.) Мұхаммед Әли Шабангара’идың Маджма’ әл-
ансаб, молла Мырза Рахым Ташкендидің Ансаб ас-салатин, Әбілғазы баһадүр
ханның Шаджара-йи түркі, Шаджара-йи таракима еңбектері. Қазақ
хандығының тұсында көп қолданған шежірелердің бір тобы Насаб-нама-йи
Шыңғыс, Насаб-нама-йи қазақ, Махмұд Сабуктегин шежіресі, Тахаши
салатин (оғыз-салжұқ шежіресі), Байбарыс пен Ибн Халдун жазған Қыпшақ
шежіресі, Жаһан-нама (Оғыз Қарахан шежіресі) т.б. [15, 231].
Шежіре табиғаты мен оның құбылыстық ерекшеліктері шежіре сөзінің түпкі
мән-мағынасынан туындайды. Шежіре сөзін М.Қашқари сөздігінен де
кездестіреміз. Ол: мен бұл кітапты хикмәт сөздер, сежілер, мақал мәтелдер,
өлең-жырлар, режез және нәсір секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс
әліппесі ретімен түзіп шықтым – деп жазады [16, 31]. Салыстырайық: сежіле
(~седжле~седжре) – туркмен халқында; шежіле~шежіре – қазақ ортасында;
шежере – башқұр тілінде; шаджара – татарларда; санжыра – қырғызда.
Түркі халықтарында жады деген сөздің мағынасы сежіле, седжре,
шежіре моңғол халықтары ортасында айтылатын цээжээр, чээлинджээр
дасх, шээлинжээр сияқты сөздерімен түптес. Ал қалмақтарда шастир
дейді. Бұл туралы зерттеуші В.Санчиров былай жазады: термин Ŝastir –
соответствует маньчжурскому улабун, и китайскому чжуань – повествование,
повесть, история, летопись, хроника, биография, мемуары, комментарий [17,
22]. Шежірелер табиғаты ауызекі дәстүр ықпалымен қалыптасқан. Мұнда тарихы
жинақылық (лаконизм), астарлы сөз (кодтық ұғым), мегзеу (подоплека) үлгіде
жиі баяндалады. Осы шежіре сөзі, сондай-ақ шешен сөзімен түбірлес. Тува
тілінде (чечен) әдемі, көркем деген қосымша мағыналары бар. Моңғол,
бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде цэцэн, сэсэ(н), цэцэ сөзінің бұл
мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Қалмақ шежірелерінде
Очиртуды Цэцэн хан деп атаған деседі: Цэцэн хан (Мудрый хан) – это его
прозвище. Он был старшим сыном Хошутского князя Байбабас батура, - деп
жазылады [18, 157]. Моңғол тілінде сэсэрхүү, сөзі – ақылымен,
тапқырлығымен мақтану деген мағынада болса, якут тілінде сäсäннä –
әңгіме айту, әңгімелесу, сөйлесу деген мағынаға ие [19, 221-222].
Көне тарих шежіре мәліметтері өз бойында шежіре бастауларына айналған
екі түрлі ықпал сақтайды: дәстүрлі далалық дүниетаным түсініктері және
исламдық үлгідегі көне тарих айту, мұсымандық ілім. Шежірелердің алғашқы
негіздері ескі сенімдерден (діннен) болған: адамның пайда болуын Адам ата
мен Хауа анадан өрбіту, адамның жер бетіндегі тарихын 5-10 мың жылмен
шектеу. Бұл екі бастау біртұтас ұғымдық құрылымға айналған. Мұсылмандық
концепция, дін ислам мифологиясы шежірелерде басым түседі. Десек те,
шежірелердегі тәңірлік дүниетаным белгілері де айрықша көрінеді.
Көнетүркілік салтты, оның наным-сенім, әдет-ғұрып, той-думан, жол-жоба
дәстүрлерін, жыр-өлең сипатында жалғасқан тарихи аңыздарын, әртүрлі уақытта
өткен жырау жырларын, салтанат пен әуенге деген құштарлығын, халық әдеті
мен билердің шешендік өнері мен билік айту өнегесі сияқты парасат, ақыл-ой
мұраларын сақтаушылары деп қазақтарды айту қажет - деп, кезінде
Ш.Уәлиханов ескерткен [20, 157].
Шежірелерде ескі тарихи замандар – Адам баласы жаратылды делінетін көне
заманнан бастап топан су басатын дәуірге дейінгі межені қамтиды. Ол көне
шығыстық ислам тарихнамасына, тіпті, Тәуратқа негіздеп айтатын қазақ
шежірелері бұрын көп болған. Соның бірінде Адам пайғамбар мен Нұқ
пайғамбар арасында 2242 жыл өтті делінсе, Н.Наушабай шежірелік
шығармасында: Әуелгі Адам сопы, Аллаһ, Нух нәби – деп жырланады. Бұл
сюжеттер, шежіре дәстүрлі қоғамға тән білім, дүниетаным институты ретінде
қызмет еткенін көрсетеді, осы мақсатта қалыптасып, соған жауап берерліктей
формада болған. Шежірелік сюжет құрылымдары мазмұны қазақтың дүние туралы
түйсік түсініктерін сақтаған. Шежірелік деректер қоғами, мәдени-әлеуметтік
өмір тәртібін тәңірлік тұрғыдан бағалап, ислам тұрғысынан тәпсірлеп, санаға
қабылдатқан. Шежірелерде сақталған ескі тарихи-мифтік сюжеттер билік
тәртібін ғарыш тәртібімен түсіндіреді. Қазақтың ауызша дәстүр үлгілері ерте
заманнан бастау алатынын, жоғарыдағы шежіре сөзі мәні туралы ізденістер
дәлелдейді. Бұл дәстүр тарих айту өнерінің өркендеуімен байланысын, байырғы
түрік, ортағасыр қарахандар заманында, кейінгі өзбек-қазақ, қазақ-ноғай
кезінде және қазақ хандығы тұсында да діни түсініктерімен тікелей қатысын
шежірелік деректер растайды.
Қазақтың хатталған шежірелік мұра бастаулары жазба әдебиеттің кең өркен
жаюымен, шежірелердің нақты авторларының пайда болуымен байланысты. Ең ескі
дәуір туралы білім жәдігерлері – көне аңыз, ертегі, батырлық жырлар – халық
жадында шежірелік дәстүр сақтаған. Ә.Марғұлан: эпос-жырдың өркендеп тарауы
сақ, ғұн, үйсін, қаңлы дәуірінен басталады, біздің жыл санауымыздан бұрыңғы
V ғасыр мен осы заманның VІ ғасырлар арасы - дейді [21]. Ескі дәуірдегі
Уыз хан туралы шежірелік деректер, оның өмір бастаулары, тақуалығы,
өнерпаздығы (әсіресе балаға ат қою дәстүрінің негізін салуда, киіз үй жасау
ісінде), өжеттілігі мен әскери өнері, қоғамның этноәлеуметтік реттеуші
ретінде істеген ісі, саяси дәстүрі және бергі қазаққа деген нақты байланысы
туралы айтады.
Шежірелік дәстүрдің түп-тегі, генезисі мал шаруашылығы мен көшпелі
тұрмыс талабымен байланысты. Оның атқарған қоғам ұйымдастыру қызметі
ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға өткен буынның шаруа мен тұрмыс үшін аса
маңызды тәжірибе жеткізу. Генеалогиялық жағынан қарастыратын болсақ, дәстүр
негізінде бабалар тұлғасын еске алу арқылы халықтың өткеніне, ұрпақ (қауым
мен қоғам) тарихына көз салу, саралау, зерделеу әдетін аңғарамыз. Ол өте
ескі дәуір тарихы туралы бұлыңғыр мағлұматтарды сақтауы да, сол танымдық
дәстүр бастаулары ескі уақыттардан жалғасқанын көрсетеді. Сонымен, ежелгі
шежірелер аңыз, фольклор деректерін баяндаса, кейінгі үлгілері тарихи
фактілерді көбірек айтады. Шежірелердің адами сана тәрбиесіндегі қызметі
айтарлықтай. Әсіресе, адамның жақсы мінезін тәрбиелеуде де шежірешілер
әртүрлі амал-тәсілдер, тақырып-тақырыпшалар қолданған. Табиғаттан, діннен,
аңыздан алынған мысалдарды келтіріп отырған. Шежірелердің мазмұны осындай
сан түрлі тақырыпқа байланыстырылған логикалық құрылымдардан құралған.
Шежірелерде мемлекеттер, ұлт-ұлыстар генеалогиялық жүйелеуге
түсірілген. Шежірелер – ең алдымен адам туралы баяндайды, оның шығу тегін,
мінезін, өмірдегі әрекеттерін және артында қалдырған ұрпағын толық түрде
баяндауымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде Бабырдың Бабыр-наме еңбегі
толыққанды шежірелер қатарынан орын алады. .
Шежіре мағлұматтарын талдау ісі жүйелі болу үшін шежірелердің
қалыптасқан ортасы жайын ойға алу; авторлары туралы түсінік қалыптастыру;
олар қандай мақсат көздеп, нендей міндет атқаруға ниеттенгені туралы ой түю
маңызды.
Шежірелерді жинастырып отыру ортағасырлардан бері ел ортасынан шыққан
атақты адамдары айналысқаны осыдан байқалады. Әрине, алдымен бұл тектілерге
тән әулеттік әдет. Ш.Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен
Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталған шежірелер туралы айтылады. Шежірелік
жазбалар авторлары бар нақты тарихнамалық туынды белгілері болғандықтан,
бұларды шежірелік мемуарлық туынды ретінде қарастырылуы да әбден дұрыс.
Әсіресе, Бабырдың Бабыр-наме еңбегі, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың
Тарих-и Рашиди шығармасының мәні ерекше. Ол еңбектер қазақ хандығы
жөнінде, қазақ хандары Керей мен Жәнібектің бөлініп көшуі жөнінде нақты әрі
құнды мәліметтер қалдырған. Қазақ хандығының құрылуы тек Керей мен
Жәнібектің бөлініп көшуіне байланысты айтылады. Нақ сол кезде, яғни XV
ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында болған тарихи оқиғалардың
барысында қазак халқының қазіргі атауы орныққанын байқаймыз. Тарихи
Рашидиде алғашқы қазақ халқының қазақ-моғол, қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек
арасының одақтастық және жаугершілік қарым-қатынастар, Моғолстанға ену үшін
қазақтар мен моғолдар арасындағы күрес туралы материалдар молынан
кездеседі. Шығыс авторларының жоғарыда аталған шығармалары, негізінен ХV-
ХVІ ғасырлардағы Қазақстаның саяси тарихы бойынша деректерді қамтиды [22,
22]. Әбілғазы Баһадүр ханның еңбегі ақсүйектердің ата-тегін талдап айтады,
ал Қадырғали би Қосымұлы Жалаиридің шежірелер жинағы, Алтын орда, Қырым
және қазақ хандарынан мәлімет береді. Рашид ад-диннің Шежірелер жинағы
(1300-1310) бұл еңбектерге әсер еткен үлгі болып табылады.
Шежірелердің сыртқы қалыпы, сипаты жағынан төрт түрі байқалады: а) қара
сөзбен айтылған (проза), ә) өлеңмен жырланған; б) қара сөз және өлең аралас
жазылған в) кестеге түсірілген. Өлең сөз ауызша тарихи дәстүр аясында
айтылатын белгілі бір тарихи оқиға туралы әңгімені бір қалыпқа түсіріп,
жады қызмет атқаратын құралға айналдырған. Шежірелердегі ауызша айтылған
мәліметтер сол деректерді тудырған ұрпақтан тыс берілген дерек болса, олар
ауызша дәстүрге айналады. Бірақ сол ауызша дәстүрдің аясында әрқилы дерек
топтары бар. Деректердің бір тобына күнделікті қолданыстағы халық сөз
үлгілері жатады, мәселен формулаға айналған сөздер, айталық – баталар; ал
деректердің екінші топ объектілерін әдеби, ақындық сөз үлгілері құрайды.
Жадыға тоқылатын ауызша дәстүрдегі сөздердің мазмұнында өзіндік ерекшелік
сипаты бар сөз үлгілері болады. Тарихи фактінің өлшемі тұрғысынан сөз
үлгілері (әңгімелер, естеліктер) екі түрлі топқа бөлінеді, оның бірінің
айғағы болса, демек шындығы мен қоспасы көрсетілген болса, екіншісі тек
нақты қиялдан туған көркем сөз. Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан
үлгілірдің өзі шындыққа жақын, әлдеқайда шын дегендей бағалануы мүмкін.
Қиял үлгілері ретінде әртүрлі тәмсіл әңгімелер айтылады. Әрине, осының
арасын нақты жік-жігімен айыру үшін шындық пен ақиқат деген ұғымдық
өлшемдер өз алдына.
Шежіре баяндаудың құрылымына аян, түс, елес, және басқа да ауыз сөз
үлгілері енеді. Баяндау құрылымының мазмұнында ақпараттың ауызша дәстүр
аясында сақталуына қызмет ететін жады құралдары да қолданылады.
Ортағасырлық түрік және парсы тарихи деректемелерінің мазмұнында міндетті
түрде бәйіт жүреді. Бұны жазбаша тарихнамалық шығармалардың өзі ауызша
тарихи дәстүрдің хатталған үлгісі екенін дәлелдей түсетін тағы бір белгі
деп қабылдауымыз керек. Жадыға тоқылатын сөз үлгілері немесе ауызша
дәстүрдің жады құралдары мынадай: баталар (Әл-Фатиха және т.б. дұғалар);
қанатты сөз; тарихи сөз; үлгі сөз; ұран сөз; жоқтау сөз; аманат сөз; ауызша
хат; қара өлең; өлеңнің түрлі үлгілері (тақпақ, жарапазан). Бұлар шежіре
дәстүрі үрдісіндегі адам жадының реттеу қызметінің өнімі ретінде қабылдануы
керек және олар шежірелердің баяндалу тәсілдерін құрайды. Яғни бұлардан
шежіредегі тарихи деректің құралдық сипаты байқалады. Бұл формалардың
қалыптасуының өзіндік табиғи заңдылықтары бар. Сонымен бірге, шежірелердің
негізгі төрт түрлі формадағы мазмұны табиғаты жан-жақты сөз үлгілерін
құрамына қосып, осындай синкреттік сипатына қарай зерттеушілер ортасында
әрқилы пікір қалыптасқан. Мұнда фольклорлық формаларға тән сипаттары да,
тарихнамалық туынды және деректеме де; қоғамдық институт та, дәстүр
белгілері де анық байқалады. Формадан басқа шежірелердің мазмұны да
формулаларға толы: нақты әрекеттер жайында түсінік беретін халық даналығы,
мақал, мәтел, шешендік сөздер, ертегілер және т.б. Бұлар дәстүрлі қоғамдық
қатынастарды түсіндіру сатысының бірі болып табылады.
Деректі сыныптаудағы басты критерий ретінде тарихи білімнің арнасы
арнайы қалыпқа түсуі, сақталу формасы мен беретін мәліметтерінің
хронологиясы, тарихилығы алынған. Сонымен сыныптауға қатысты үш түрлі
негізгі тұрғы, яғни талап көрініс табады: а) әдеби-фольклорық сыныптау; ә)
генеалогиялық элементтері бар тарихи-этнографиялық тұрғы; б) тарихи-
деректік тұрғыдағы генеалогиялық элементті ескеретін сыныптау [22, 23].
Типологиялық тұрғыда шежірелердің мынадай жіктері анық байқалады: а)
шежірелердің бас-аяғы тұтас, әлқиссасы бар толық тарихи-мемуарлық туындыға
айналған, ішкі құрылым жағынан тәмамдалған шежірелік тарихнама шығарма
нұсқасына дейін жетілген шежірелер (олар тарихнамалық деректемелерді
зерттеу әдістеріне бағынады); ә) қария сөздерден немесе генеалогиялық
кестелерден құралған, мазмұнының ішкі логикалық құрылымы тұрғысынан толық
тәмамдалмаған, тұтас тарихнамалық туындыға айнала қоймаған шежірелік
мәліметтер жиынтығын құрайтын шежірелер (олар деректік талдау әдістеріне
бағынады); б) шежірелік деректердің біршамасы әдеби шығарма туындысына
айналғандықтан олардың мазмұнына енгізілген шежірелік мәліметтердің өзгеше
көрініс табатындығы, яғни бұлар көркем шығарманың құрамында орын тапқан
шежірелік қария сөздер.
Шежірелерді топтастыру мәселесінде басқа да принциптерді қолдануға
болады, мысалы шежіреге жатқызылатын кейбір сөз үлгілерін фольклорқ
дәстүрге сүйенетін құрал ретінде қарастыру тиімді.
Тұрмыстық фольклор жанрына тән мақал-мәтел, бесік жыры, бата, беташар
т.б. сөз үлгілерін халық мәдениетін игерген кез келген адам біледі. Ән,
әуен, жыр, өлең – бұлар шежірелік деректі сақтау қызметін атқарушы дәстүр
тасымалдаушыға (жырау, қария, шешен, ақын) қажетті жады құралы болып
табылады. Сондықтан В.Юдин кейбір шежірелік туындылардың (Шыңғыс-нама)
Алтын Ордадағы аласапыран дәуірдің үрдістік иірімдерінен қалыптаскан діни-
культтік және идеологиялық, тіпті дүниетанымдық тұтас концепцияға айналған
ролі туралы айтады. Ол миф, фольклор үлгісіне жатпайды, керісінше фольклор
далалық ауызша тарихнаманы тұтынады деген түйінге келеді.
Шежіре мазмұны жалпы (белгілі оқиға-жайттер) және жеке мәліметтерден
(айтушыға мәлім, бірақ бұқараға белгісіз деректер) құралады. Сондай-ақ
шежіре деректері айтушы тарапынан оқиға мәні түсіндірілген және
түсіндірілмеген болады. Кейде халық санасынан пісіп шыққан метафоралық
мағыналар да қолданылады.
Шежіре шығармаларының авторлары белгілі болғанымен, одан тыс, бізге
беймәлім қалып отырған біршама авторлардың еңбегін сақтайды. Олар тарих
айтушылар, яғни қария сөздердің, тарихи-ақпараттық мәліметтердің, қысқаша
айтылған тарихын баяндаған бір әңгіменің жеке авторлары. Міне осындай
құндылығы зор туындылардың бірі – Бабыр-наме екендігі сөзсіз. Әрине,
шежірені зерттеуші біраз ғалымдардың бұл туындыны қазақ халқына қатыссыз
туынды дейтіндері де бар. Алайда, автор өмір сүрген дәуір түркі
халықтарының жекелеген мемлекеттерге бөліну кезеңі екендігі де сөзсіз
ақиқат. Олай болса, енді ған бір-бірінен ірге ажырата бастаған түркі
халықтарының тарихи мәліметтері мен рухани құндылықтарын өз туындысында
қажетіне жаратпауы да мүмкін емес. Ол жөнінде келісі бөлімдерде толығырақ
тоқталатын боламыз.

1.2 Бабырдың тарихи қызметі және Бабыр-наме еңбегі

Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан үлкен ойшыл, кемеңгер
ғалымдардың бірі – Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр.
Оның ғажайып ерлікке толы өмірі, саяси-әлеуметтік қызметі, әсірісе
Бабыр-наме атты шығармасы Орта Азия мен Қазақстанның мәдени тарихынан
елеулі орын алады. Заһиридтин Мұхамед Бабыр 1483 жылы 14 ақпанда Ферғана
облысында туған. Оның әкесі Омар Шайхы – Ақсақ Темірдің шөбересі,
Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғұлстан
ханы, Шыңғысхан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр мен қазақтың тұңғыш
тарихшысы – Мұхаммед Хайдардың шешелері – бірге туысқан, апалы-сіңілі
адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар бөле.
1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана Әмірінің орны бос қалады.
Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан Әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз
салып, Ферғана Әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді
бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана
Әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген
кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір
тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясының
әблден әлсіреткен еді. Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген
бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді.
Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет
мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған
тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс
хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір
орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап
жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды. Осы кезде Самарқан мен
Бұхара Әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпағы қалмады.
Осыған байлансыты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас
басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы – Шайбани
хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру
тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ
ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисябз қалаларына бет алып, оларды жаулап
алады да, бірден Бұқараға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқара
бектрі қаланы өзбектерге беріп қояды.
Өзбектердің Бұқараны басып алуы самарқандаықтардың үрейін ұшырады.
Қаланың көптеген бектері Бабырға және Ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп,
олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады.
Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді.
Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап
қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады. Жұма күндердің бірінде қала
халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын
түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа
әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп,
Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ
Темір әулетінің көне астанасы – Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады. Бірақ
Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі
– Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып
алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған
қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді. Бабыр ғұламаның хатына жауап
ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне
кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін
Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз
сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз
ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашады. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған
халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін
таратып жібереді. Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен
Самарқанға шабуыл жасайды.
Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан
шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан
өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады. Өзінің жеке
басының асқан ерлік етуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың
өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды.
Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай,
өзбектреге өтіп кетіп жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын
сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл
ханы – Махмұдқа барды.
Бабырдың өзіне тиген еншісі - Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің
қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан
көмек сұрады. 1501 жылдың қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ
Шайбани әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді
Моғұлстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап
Бабыр өз сөзімен айтқанда, шахмат королі сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа
тығылумен болды. Ақыры 1504 жылы Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет
билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады.
Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Шайбани Темірдің
соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға
әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары –
Хисар, Хатлан, Куляб, Кундуз, Бадахшан Әмірлері өзара одақ құрады. Міне осы
одаққа Бабыр да енеді. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах
тағайындалады. 1504 жылы июльде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай
аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектреден қатты жеңіліп, өзі
тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы
өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады.
Осы кезде Шайбани Бұқарадн Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы
Үргенішті басып алды. 1506 жылы көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның
орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады.
Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар
әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр
қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары
өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани болса, өзімен соғысқалы келе жатқан
Темір әулеттерімен майданға түспей, Мауреннахрға қарай бет алады.
Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін
соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі. 1507 жылдың майында Шайбани хан
Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан
Хұсайын мырзаның астанасы – Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді.
Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына
жетеді... Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 жылы
Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 жылы
қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани
бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді.
Сондықтан олар Иран әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген
Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ
кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп
Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.
Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын
естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет
жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі.
Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға
келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек әскерлерін қиратып, Мауреннахрдың көптеген
бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп,
Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған
бөлесі, “Тарихи-Рашиди” кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына
қарағанда, қатал көшпелілерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен
қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді.

Сөйтіп 1511 жылы Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың
Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы Самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.
Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп жариялайды. Бұл хутбада
қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, Исмаил шахтың
аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан Самарқандықтардың көңілін
сутты. Оның үстіне Самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы Иран
әскелерін таратып жібереді. Міне Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер
тағы да пайдаланады. Олар 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр
аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп
Хисарға қарай қашады.
Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында
тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исамил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген
өзбектер Мауреннахрға қайтып кетеді. 1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастған
60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр
қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып
алады. Олар бейбіт халақты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты
әрі Шайбани ханның тарихшысы Бенаи да қаза табады. Ол жөнінде Бабыр-
намеде жақсы пікірлер айтылғандығы алдағы бөлімдерде айтылады. Мұнан кейін
қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ өзбектер
бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен
қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер
бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада
тұрған өзбек әскерлеріне еш шара қолдана алмайды.
Бабырдың өз басы асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы да жеңіліске
ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның әскерлері қаза табады.
Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді. Бабыр Кабулда ұзақ
жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің
өмірлік тәжірбиесі, өзбектер мен ұрыста алған сабақтары көп көмек
көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы жылдардың ішінде
ол әскерін қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс тактикасын жетілдіре
түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен
Пенджабқа кіреді де Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат
маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр
ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастартардың зеңбіректерімен
соғысын және көшпелі өзбектердің “толғама” атты әскери тактикасын шебер
меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың
әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп
шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғаныстан мен Үндістан жерінде “Ұлы моғұлдар
империясы” аталған үлкен мемлекет құрылды. Сонымен Үндістан Бабырдың екінші
отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмытсар жүргізді, аса күрделі
құрыластар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына
топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті. Ең
алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын – Мауреннахрды
сағынды, оның үстіне жеңліген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы
астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың асына у
қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа райы да
жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол
1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында
оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиет бойынша, биік
төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлыптас
қойылды. Міне содан бері төрт ғасырдан астам уақыт өтті. Дүниеге ондаған
мемлекеттер келіп,ондаған мемлекеттер кетті. Милиондаған адам туып,
миллиондаған адам қайтыс болды. Алайда солардың ішінен Бабырдың батырлық
тұлғасы, жасаған жорықтары мен жүргізілген ұрыстары әлі күнге дейін
ұмытылмай келеді. Әрине, бұған ең бірінші себепкер – Бабырдың өзі және өз
қолымен жазған “Бабыр-наме” атты атақты еңбегі. Бабыр тек жалаң саясатшы,
жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонмыен бірге ол XVI ғасырдың атақты
ойшылдарының бірі. Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артына едәуір әдеби мұра
қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен “Бабыр-
намены”, “Мубайин” атты өлеңдер жинағын, “Хәтти Бабри” атты өзі жасаған
жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген ғазелдер мен төрт
жолдық өлең шумақтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
«Бабыр – наме» прозалық шығармасы.
Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Бабырдың үндістанда билігін орнатуы
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Пәндер