Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе . . .
: 6
: 1
Мазмұны: Х. Досмұхамедұлының ғылыми шығармашылық ғұмырнамасы . . .
: 8
: 1. 1
Мазмұны: ХХ ғасыр басындағы алашшыл әдебиет және ұлт тағдыры . . .
: 8
: 1. 2
Мазмұны: Х. Досмұхамедұлының әдеби мұраны игерудегі алғашқы ізденістері . . .
: 20
: 2
Мазмұны: Х. Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарастары . . .
: 36
: 2. 1
Мазмұны: Профессор Халел Досмұхамедұлының ғылыми мұрасы . . .
: 36
: 2. 2
Мазмұны: Халел Досмұхамедұлы - әдебиетші ғалым . . .
: 44
:
Мазмұны: Қорытынды . . .
: 58
:
Мазмұны: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
: 60


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында қайта оралған арыстарымыздың шығармашылық және ғылыми мұрасын тарихи шындыққа сай әділ бағалау жұмыстары тек тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта ғана қол жеткізе алғандығымыз белгілі. «Ақтаңдақтарға» толы болған ұлттық әдебиетіміздің тарихы Алаш арыстары шығармашылығынсыз жарым-жартылай ғана күн кешті десек жалған айтқандық болмас еді. Кеңестік идеология мен сталиннің жеке басына табыну зардаптары тек Алаш арыстары ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебиеті тарихында ерекше еңбек сіңірген көптеген дарындарымыздың шығармашылық мұрасын әділетсіздікпен тарихтан сызып тастауға мәжбүр етті. Ұлттық руханятқа өлшеусіз үлес болып қосылған көркем туындылар мен ғылыми зерттеу еңбектер гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жан-жақты зерттелініп, өздеріне лайықты бағасын алуда.

Ұлттық әдеби мұрамызды ғылыми игеру жолында өзінің айырықша еңбектерімен көзге түскен тұлғалардың бірі - әдебиетші ғалым, фольклортанушы, ұстаз педогог, профессор Халел Досмұхамедұлы. Ел тәуелсіздігі жолында қайыспай күреске шыққан абзал азаматтың саяси күрескерлік қызыметінен басқа сан қырлы талант ретіндегі тұлғасы ерекше. Солардың ішіндегі айырықша көңіл аударуға тұрарлық саласы - ғалымның қазақтың әдеби мұрасын ғылыми игерудегі, оның ішінде фольклортану мен әдебиет тарихын зерттеуге арналған еңбектері. Олар ғалым өмір сүрген кезеңдегі ұлттық ғылыми - зерттеушілік ой-пікір үшін ғана емес, қазақ әдебиеттану ғылымы өркендеп дамып отырған қазіргі кезең үшін де маңызын жойған жоқ. Сондықтан да Х. Досмұхамедұлының артында қалдырған өте бай ғылыми мұрасын бүгінгі таңдағы жаңашыл көзқараста жан-жақты зерттеу мен зерделеу қажет екені айтпаса да түсінікті.

Зерттеу нысаны. Бұл біздің диплом жұмысының зерттеу нысанасына тақырып етіп алып отырған мәселенің ғылыми тұрғыдағы жаңашылдығы мен өзектілігін айқындауға тиісті деген ойдамыз. Алайда көрнекті ғалымның ғылыми мұрасы бізден бұрын сөз болмады деуден аулақпыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алаш арыстары ақталғаннан соң 1991 жылы «Аламан» аталатын ғылыми еңбектерінің жинағы жарық көріп, оны шығарушылар Ғ. Әнесов пен А. Мектеповтер алғы сөз жазып ғалым еңбектеріне алғаш рет оң баға берілді [1, 5] . 1995 жылы Д. Қамзабекұлы «Халел Досмұхамедұлы» аталатын зертеу еңбегін жарыққа шығарды [2] . Бұлардан басқа ұлт тарихы, фольклоры, әдебиет тарихы, мәдениеттану және басқа да ғылым салалары бойынша әр түрлі аспектідегі проблемаларда зерттеу жүргізіп жұрген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуда.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты - жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде айтылған басты ойларды тірек ете отырып, тек қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, халық тарихындағы көрнекті тұлғаның әдебиетші ғалым ретіндегі тұлғасына баға беру. Бұл жолда біз Х. Досмұхамедұлы туралы жазылған азды-көпті еңбектерді салыстырмалық тұрғада саралай отырып, өз қадыр-халымызша ғалымның сыншы, көсемсөзші, фольклортанушы, әдебиетші секіді қырларына баға беруге ұмталдық. Сырттан оқитын бөлімнің студенті болғандықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбына қажетті деп саналатын бүкіл ғылыми материалды қамтуға мүмкіндігіміз аз болды. Сондықтан қолға түскен еңбектер мен мақалаларды ғана пайдалана отырып, осы ғылыми жұмысымызды жазып ұсындық.

Жұмыстың құрылымы. Кез келген тарихи тұлға немесе әдебиетші ғалым туралы, оның шығармашылығы жайында жазған уақытта ғылыми мұрасын ғұмырнамасынан бөлек алып қарастыру еш мүмкін емес. Ол әдебиет саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарында бұрыннан белгілі жағдай. Біз де сол жолды ұстандық. Сондықтан да алғашқы тарауды Х. Досмұхамедұлының ғылыми шығармашылық ғұмырнамасына арнасақ, екінші тарауымыз әдебиетші ғалым ретіндегі тұлғасына баға беру мақсатында жазылды. Егер біз өз әлімізше атақты ғалымның ұлттық әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу тарихындағы қосқан үлесіне баға бере алсақ, алға қойған мақсаттың орындалғаны дер едік.


1 Х. Досмұхамедұлының ғылыми шығармашылық ғұмырнамасы

1. 1 ХХ ғасыр басындағы алашшыл әдебиет және ұлт тағдыры

Ұлт тағдырын, халық мүддесін шығармашылық және саяси күрескерлік күре тамыры еткен Алаш зиялылары болатын. Ел азаттығын діттеген Алашорданың құрылуы Алаш автономиясының жариялануы қазақ оқығандарының ғасыр басынан басталған отаршылдыққа қарсы, тәуелсіздікті жақтаған, елді көрсоқыр надандықтан білім-өнер жолына түсіруді аңсаған идеяларының көрінісі еді. Бодандық жағдайында іске аспайтын бұл идеяны олар патшаның тақтан құлауын пайдаланып, дербес ұлттық автономия алу жолымен шешуге ұмтылды. Мұндай күрескерлік ой-пікір 1905 жылғы орыс төңкерісінің тұтас Ресей империясына тигізген әсерінен туғаны даусыз. Орыс қозғалысының ғасырлар бойы қимылсыз жатқан Азияны оятып, жаңа өмірге адам құқы, демократия жолындағы күреске қосқанын да терістей алмаймыз. Осындай қазақ халқының ояна бастаған тұсында, оның ұлт-азаттық жолындағы күресі туын берік ұстап, халық өмірінің шындығы мен алдыңғы қатарлы идеясын жырлаған қоғамдық сананын бір түрі. Қазақтың соның ішінде ХХ ғасырдың басындағы ұлттық әдебиеті болды. Бұл әдебиет ерекшелігін ғалым С. Қирабаев былайша атап көрсетеді: «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Абайдың ағартушылық, демократтық жолын ұстана отырып, оны саяси күрес идеясымен толықтырды, отаршылдықты, ұлт езгіні айыптады, халықтың қараңғылыққа қамалып отырған күйін көріп күйініп, оны өнер-білім үйренуге шақырды» [3, 25[.

Алашшыл әдебиеттің басты өкілдерінің ойына ой қосып, ұлт-азаттығын, оянуын, өзге елдермен теңелуін жырламаған ақын кемде-кем. Қандай да халықтың болмасын азаттық ойға толы мұңы, шері оның әдебиетінде көрініс тапқан. Ал орыстың белгілі демократы А. Н. Герцен ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің қоғам алдындағы еңбегін зор бағалай келіп, «Бұл әдебиет саяси бас бостандығы жоқ елде жатпай ащуын айтатын бірден - бір трибунаға айналды» деген еді. Біздің туған әдебиетімізде ХХ ғасыр басында осындай үлкен қоғамдық міндет атқарады. А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың осы әдебиеттің басы - қасында болуы, ұлт мүддесі жолындағы саяси күресті әдебиетшілердің бастауы - біздің әдебиетіміз үшін үлкен мақтаныш. Қазақ халқының томаға тұйық мешеулікке байланып, орыс отаршылдығының езіп - жаншуы күшейген тұсында қиналған халықтың жан ашуын алдымен М. Дулатов, А. Байтұрсынов сынды ұлы тұлғалар айтты. Олар халқына жаңа сөз арнады. Бірі сөз тыңдауға салғырт халқының құлағына маса боп ызындаса, екіншісі бар дауысымен «Оян, қазақ!» деп жар салды. ХХ ғасыр басындағы қазақтың прогрессшіл әдебиеті, оның қайраткерлері осы идеядан нәр алды. Халық бостандығы тақырыбына жыр жазған ақындардың барлығыда Ахмет пен Міржақыптың кең қолтығының астынан өрбіді. Алашшыл әдебиеттің басты өкілдерінің ойына ой қосып, ұлт азаттығын, оянуын өзге елдермен теңелуін жырламаған ақын кемде-кем. Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену халық тұрмысының ауырпашылықтарын ащына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды [1, 26] . А. Байтұрсыновтың «Маса» (1911, Орынбор) кітабында заман жайлы ойларын көркем бейнелей отырып жеткізді. Ол ұлт тағдырын оның бостандығы идеясын, қанау астындағы күйін шебер суреттеп, адам бойындағы азаматтық сезімді намысты оятуға қызмет етті.

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара сазға қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды денемізде шарпылмаған.

Немесе

Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ,

Жел соқса, құйың қуса, жылжи беру -

Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ, - деген өлең жолдарына көңіл аударған адам сахараның салқын көліне қонып жүрген қазды отаршылдықтың өрті шарпылғаның, қалтылдақ қайық мініп, ашық теңізде жүрген халықтың жай-күйін жақсы-ақ аңғарады» деген Ы. Нұрғали пікірі А. Байтұрсыновтың күрес жолына өзінің қайраткерлігіне қоса дәуірдің тарихи жағдайлары дайындады. Ол көрген өмірдің ауырпашылықтары, патша өкіметінің отаршылдық қысымы ойлы жас бойындағы халықтық қасиеттерді оятады.

Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық - зомбылығы жас Ахметтің жүрегіне жара боп түсті. Осы жара ұлғая келе, оны күрес жолына дайындағаны да ақын өлеңдерінен көрінеді.

Оқ тиіп он үшінде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?! - дейді ол «Анама хат» өлеңінде. Азамат ақын сол дерттің халық басына түспеуін, одан азат болуды армандайды. Өлеңнен адамдық пен азаматтықтың туын жоғары ұстап, ел мүддесі үшін бар өмірін арнаған адамның биік идеялы танылады. Қандай да ұлы адамды алсаңызда, оның ұлылығы ең алдымен туған халқына деген көзқарасынан шығып, оны ілгері бастайды, жетелейді, жетегіне ерте алмай күйінеді, оған ащу-ызасын айтады, айналып кете алмай орала береді. Ал А. Байтұрсыновтың тарихи ерен ісін сол кезеңнің өзінде дұрыс, әділ бағалаған ақын С. Торайғыров болды. Ақын «Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына» өлеңінде

«Баған жоқ көр соқырдың көз алдында,

Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма

Өткірсін наркескеннің алмасындай,

Жүйріксің «полный ходтың» арбасындай» - деп жырлады [3, 88] . Ахмет те халқына ызалана, күйіне отырып, оның болашағына, азаттығына, елдігі жолына бар тіршілігін арнайды. Сөйтіп ұйқысынан оянбай жатқан халқына қинала тіл қатады.

Емшегін еміп,

Анаға сеніп,

Бала ұйықтайды жастықпен,

Қымызға қанып,

Қызарып жанып,

Бай ұйықтайды мастықпен,

Шалап ішкен кедей мас,

Мына жұрттың бәрі оңбас!

Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді, оянып.

Қанған жоқ па әлі ұйқың?

Ұйықтайтын бар не сыйқың?

(«Жиған терген өлеңі»)

ХХ ғасыр басындағы ұлт тағдырын жырлаған қазақтың рухани көсемдерінің бірі - М. Дулатов. Ол А. Байтұрсыновтың ұлт қызметі жолындағы серігі. Бүкіл өзінің саяси - қоғамдық, ағартушылық және әдеби-публицистік қызметінде Ахметтің қасында болған идеялас жолдасы, сенімді досы және інісі Міржақып Дулатов еді. Бұл екеуінің өмірінде ұқсас жайлар көп. 1909 жылы ол атақты «Оян, қазақ!» атты өлеңдер кітабын жариялады. 1913 жылдан бастап Орынборға тұрақтап, Ахмет пен бірге «Қазақ» газетін шығарысты. Міржақып кітаптары, Ахмет еңбектері тәрізді, ХХ ғасыр басындағы демократтық, ағартушылық әдебиетке азаттық, теңдік идеясын ала келді. Ақын халықтың ақылы мен сезіміне әсер ете отырып, оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы ойлануға бастайды. Өз тұсындағы қазақ ортасының келеңсіз жағдайларына көз жіберіп, басқа халықтар үлгісімен жаңа өмір құруға үгіттейді.

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -

Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау.

Тай салмай дұрыстыққа жанды қисан,

Борышы адамдықтың сонда тұр-ау! деген өлең жолдарында оның бүкіл өмірінің мән-мағынасы жатыр [2, 11] .

«Оян, қазақ!» шыққан күннен бастап, орысқа, Россияға қарсы кітап есебінде бағаланды. Ал, шындығында ол орысқа, Россияға емес, патшаның отарлау саясаты мен әкімшілік жүйесіндегі әділетсіздікке қарсы еңбек болды. С. Торайғыров М. Дулатовтың азаматтық тұлғасын, ұлтына сіңірген еңбегін айрықша бағалағаны мәлім. «Таныстыру» поэмасында қазақ үшін туған арыстар деп Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар есімін атайды. Ал, «Қазақ тіліндегі өлең-кітаптары жайынан» деген мақаласында М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинағына енген өлеңдердің көркемдігін, өлең құрылысын сынаған болатын. С. Торайғыров мақсаты М. Дулатовтың өлеңге биік көркемдік дарыту қажеттігі С. Торайғыров өзінің «Жаңа кітап» атты сын мақаласында М. Дулатовтың «Азамат» жинағын жоғары бағалайды. Ақын: «Азамат» - М. Дулатовтың жазған өнегелі өлең кітабы мағынасы тереңірек әсіресе қышуға тиетін жері «иә, алла», «Қайтер едің», «Газета, журнал» деп бастағандары. Қара жамылып, қайғы жұтып тұрған кезде жазған ғой» [4, 136] .

Ахмет пен Міржақып шығарған «Қазақ» газеті олардың көркем туындыларында көтерген идеяны ашып публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды. Олар сол бір аласапыран тұста әр бір мәселеге, қазақ халқының тағдырына қатысты огқиғаларға өз көзқарастарын білдіріп отырды. 1916 жылғы ұлт-азатық көтерілісіне майданға солдат беру мәселесіне, Алаш партиясы мен Алашорда өкіметінің мақсат-міндеттері жайлы әңгімелерге қатысты. Ой-пікірлерінде олардың үлкен азаматтық, қайраткерлік тұлғасы танылады. Осындай мақалаларды бірге жазысқан Ә. Бөкейхановта қайраткерлігіне қоса әдебиет мәселесін жетік білетін адам еді. Оның әдеби-сын мақалалары, зерттеулері тәдебиеттегу фактілер негізінде қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғау идеясына құрылды. Қазақ әдебиетінің төңкеріс - демократтық сатыға көтерілуі Ахмет пен Міржақыптың еңбектеріне тікелей байланысты. Олар отаршылдық пен езгіге қарсы шыға отырып, қазақ әдебиетінде тұңғыш рет отаншылдық, патриоттық ой-пікірлерді таратушы болды. Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды [2, 18] . Дәуірдің негізгі оқиғаларына өзі куә болып, ой елегінен өткізген елімен жерінің тағдыры қатты толғантқан Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Ол отаршылдық идеяға қарсы болып, қазақтың еркін өмір сүруін қалады. Оның өлеңдері ой еркіндгінен туады [4, 136] . Жаңа әдебиет азаттық рухтын биіктігі гуманизмі демократтық көзқарас Отан сүюшілікпен туысқандық идеяларын жырлаушы болды. Бұл салада жалынды ақын С. Торайғыровтың таланты айрықша танымды Алашорда көтерген идеяның жауынгер жақтаушысы болды. Ұлт көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқына атар таң, келер жарық, сәуле, нұрды солардың есімімен байланыстырды. «Таныстыру» (1918) поэмасында «М. Дулатов, А. Байтұрсынов, ӘБөкейханов . . . бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - айым», деуінінде сыры осында. [3, 146] .

«Әлиханның Семейге келуі» («Сарыарқа», 1917 ж., 30 қазан, 13 қараша) атты мақаласында Сұлтанмахмұт елдің «еңбегін сіңген ерін» күтіп алғанын суреттей келіп, «Ол ері - елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде Алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері кеткен заманда жасымай Алашына қызмет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын бақ жұлдызына көзіне жеткен түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде Алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді» - деп жазды. Осы сөздердің өзі - ақ Сұлтанмахмұттың Әлихан бастаған іске тілектестігін танытады. Ол Алашорда құрылған күндері «Алаш ұранын» жазып, патшаның құлауына, елдің автономия алуына қуана үн қосты. Елді Алаш ісіне адал болуға, оны қолдауға үндеді [5, 11] . Сұлтанмахмұт шығармашылығы ақынның заман туралы үлкен толғанысынан туады. Әсіресе, оның романдары реалистік өнердің күшімен ХХ ғасыр басындағы қазақ елі өміріндегі қайшылықтармен рухани сілкінісі кең бейнелейді. «Қамар сұлуда» ол қазақ әйелінің тағдырына үңіле отырып, ескі ауылды құрт аурудай есеңгіріткен, тозыдыр бара жатқан қараңғылықты, әдет-ғұрыптың кер тартпа жақтарын ашына сынай суреттесе, «Кім жазықтыда» қазақ қоғамы жайлы ойларын ел билігін ұстаған адамдардың әрекеті арқылы көрсетеді. Әжібайды жаңалық атаулыға бөгет болып, ескі тіршілікті бар күшімен қорғап отырған ауртпалықтың шындық бейнесіне айналдырады. Ақынның « Шындықтың ауылын іздеп шығуы да «заман», уақыт әсері. Сұлтанмахмұтта халқын көп сынаған ақын. Ызаланып олда халық атына талай қатты сөздер айтқан. Сөйте тұра:

Қайтейін, елім, қимаймын

Қия алмай жанды қинаймын

Алты қырдан ассам да,

Сөздерінді сыйлаймын

Сендерге әкеп шашуға -

Ілім - білім жинаймын, - дейді. ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетте ерекше жырланған тақырыптар отаршылдық езгі, халық теңдігі, жер мәселесі және оқу-ағарту, өнер-білім. Ал Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қараш сынды ақындар поэзиясының өзегі десек, сол дәстүр үрдісі С. Торайғыровқа да тән. Бұған «Оқуда мақсат не?», «Оқу», «Орнымыз медреседе оқып жүрген», «Оқып жүрген жастарға», «Туған еліме», т. б. дәлел. Ақын надандықты сынайды, елді адамдыққа шақырады. Ы. Дүйсенбаев «Жыр сұлтаны туралы сөз» деген мақаласында: Сондықтан ақынның білетін жалғыз жауы - надандық, жалғыз кесапаты - надандық . . . Надандық деген ештеңені білмеу, ештеңені сезбеу емес, заманның өзгеріп кеткенін аңғармау . . .

Заманды, адамды түзеп түзетесін. Әркім өзін өзі түзей алса ғана күллі ел түзеледі [6, 526] .

Надандық - елдің азуы, ақиқат жолынан адасуы десек, бұл тақырыпты ХХ ғасыр басындағы барша ақындар жырлады. Ал ақын поэзиясындағы әлеуметтік ойлар, халықтың мүшкүл халі «Тұрмысқа», «Бұлар кім?», «Жазғы қайғы», «Алты аяқ», «А, дүние», т. б. өлеңдерінің басты өзегі болып табылады. Мысалы,

А, дүние халқымның,

Жөнге салсам азғынын! («Тұрмысқа»)

Маңайымнан әрмен кет,

Не сөйлерге тілін жоқ,

Не сөз ұғар білім жоқ.

Саған кімдер бас ұрсын?

Бір-ақ жазық қазақта,

Ұлы-қызы мазақта («Маңайымнан әрмен кет») .

«Оқу» өлеңінде С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев ойларына ой қосады. Ағартушылық идеяларды жырлайды.

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқу менен өнер білмек,

Өнер-білім, адалдық ар-намысты

Жоятын надандық қой емсіз індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек

Оқыса басқа елдердей қатарға еңбек

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлемек.

Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,

Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек,

Қараңғы Қарынбайдай надан болсан,

Байлығына иелік бермес күндеп.

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек

Өнер мен техниканы жұмсап еңбек,

«А, құдай, өзін бірден» түк шықпайды,

Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.

Алдынғы ел малға емес, жерге сенбек,

Бар мұқтажы адамның жерден өнбек,

Басқаға малайлыққа жеткен күшті,

Жұмсасаң өзің үшін шындап терлеп.

Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,

Сонда ғана аларсың сенде теңдік,

Надандықтан екенін білесізбе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік.

Ел болуға алдымен білім тірек,

Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,

Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,

Алты ауыз азғын болсаң қоян жүрек.

Қажырлы ел жанынан арын артық көрмек,

Өнерге ұмтылатын аңсап - шөлдеп

Қорғайды елін, жерін қаныменен,

Болмайды жаннан қорқып басын имек.

Наданды әркім жейді нандай илеп,

Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.

Өгей бала секілді тесік өкпе,

Жалғанда теңдік көрмей жаны күймек.

«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек,

Көпшілігі табансыз, қорқақ күйрек.

Ел үшін құрбанға шалса разы,

Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп ?! [3, 42-43] .

Сондықтан да ақын елге қызмет ету әр азаматтың міндеті екенін санасына құяды.

«Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп

Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.

Ал «Орнымыз медресе оқып жатқан» өлеңінде

Орнымыз медресе оқып жатқан

Талайлар оқу оқып өнер тапқан

«Аз-көп» деп, бергенінде молда сөз ғып,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz