Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Қазақ фольклорындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы ... ... ... ... ...9
1.1 Фольклортану ғылымы және «Манас» жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Ш. Уәлиханов және «Манас» жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Академик Ә.Марғұлан зерттеген халық мұраларының түрлері ... ... ... .22
2 «Манас» ерлік пен елдіктің жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.1 «Манас» эпосының шығу кезеңі жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Түркі халықтарының ұлы мұрасы . «Манас» жыры ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.3 Мұхтар Әуезов . ірі манастанушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Тақырыптың өзектілігі. Түркі халықтарының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады.
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостың мұрасының ішінде өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жырдың бірі – “Манас”. “Манас” [1] бір жұрттың басында арғы – бергі болып өткен оқиғалардың басын қалай болса, солай біріктіре салған дастан емес. Бұл бүкіл бір ұлттың ғасырлар бойы жүзеге асыра алмай келе жатқан ең басты мүддесінің ұрпақ ауысқан сайын күрделеніп, ұрпақ ауысқан сайын өткірленіп келе жатқандығының белгісі. Уайымның арманға, арманның үмітке айналуының қырық қатпар қиын да, қызық құбылма жолы.
“Манас” – эпостың мұхиты. Көлемі жағынан ол әлемдегі бүкіл белгілі эпостарды артқа тастайды, яғни Фирдоусидің “Шахнамесінен” [2] екі есе, Гомердің “Илиада” мен “Одиссеясынан” [3] он алты есе, үнді халқының мақтанышы “Махабхаратадан” екі есе көлемді.
Мұнда ежелгі қырғыздардың жағрапия, медицина, сәулет, астрономия, әскери өнері туралы мәліметтер кездеседі. Эпоста көркемдік үлгі мен әдістің жай сатира мен әзілден бастап, адам жанының рухани азабы мол трагедия шыңына дейін барынша астары бар. “Манас” – қырғыз халқы өткенінің шексіз әлемі, оның әлемдік мәдениет панорамасына кестеленген орасан зор көркем полотносы.
Тарих, әдебиет, этнология, археология және сәулет өнері, фольклортану саласында ғылыми маңызы зор, терең де жан-жақты зерттеулер қалдырған, ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмірі мен шығармашылығын, оның адамдық, азаматтық тұлғасын тану – баршамыздың борышымыз.
Академик Ә.Х.Марғұлан [4] туралы, оның ізденістері жөнінде танымал археолог-тарихшылар Кемал Ақышев [5], Карл Байпақов [6], Самат Өтенияз [7] сөз етсе, оның фольклортанушы ғалымындағы жетістіктері жөнінде Х.Сүйіншәлиев [8] пен М.Жолдасбековтың [9] мақалалары мен естеліктері бар. Осы орайда, 1991 жылы Қазақстан Республикасындағы Археология институтына Ә.Х.Марғұлан есімінің берілуін халқы тарапынан оған жасалған құрметтің ерекше белгісі ретінде айрықша атап өтуіміз керек.
Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеулерінің аясы өте кең. Ол тарихшы, өнертанушы, этнограф, фольклортанушы, тіл маманы ретінде қазақтар мен түркі тілдес халықтардың тарихын жазуға өз үлесін қосты.
Қазақ халқының сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздары, мазмұны ертегіге айналған терең мифтері, жауына бас имейтін асқақ ерлік жырлары т.б. толып жатқан ауыз әдебиетінің түрлері Ә.Марғұлан зерттеулері арқылы жаңарып, жаңғырып ұрпақ қажетіне

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Энциклопедический феномен эпоса “Манас”. Сборник статей об эпосе “Манас”./Составители С.Алиев, Р.Сарыпбеков, К.Матиев.-Бишкек.:Главная редакция КЭ, 1995.-472с. Мусаев С. Эпос “Манас”
2 Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. –Алматы: Ғылым, 1994. – 320 б.
3 Храпченко М.Б. Собрание сочинений в 4-х томах. Т.3. –Москва: Художественная литература, 1981. – 431 с.
4 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар: Ғылыми – зерттеу мақалалар. Құрастырған: Р.Бердібаев.- Алматы.: Жазушы,1 985. – 368 б.
5 Энциклопедический феномен эпоса “Манас”. Сборник статей об эпосе “Манас”./Составители С.Алиев, Р.Сарыпбеков, К.Матиев.-Бишкек.:Главная редакция КЭ, 1995.-472с. Бернштам А.Н. Эпоха возникновения киргизского эпоса “Манас”. 174-194бб.
6 Қазақ әдебиет тарихы. І том. І кітап. – Алматы: Ғылым, 1960. 214 б.
7 Қазақ фольклористикасы. –Алматы: Ғылым, 1972. – 196 б.
8 Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Ғылым, 1989. –231 б.
9 Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 212 б.
10 Абай, 2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1984. – 280 б.
11 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. Ана тілі, 1991. – 299 б.
12 Абуов А.П. Түркістан тарихы мен мәдениеті. –Түркістан, 2000. -381 б.
13 Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш-Баян сұлу кешені. –Алматы: Өнер, 1994. – 288 б.
14 Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. -212 б.
15 Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Астана: Фолиант, 2007. – 200 б.
16 Егеубай А. Құлабыз: Монография. –Алматы: Жазушы, 2001, -216 б.
17 Әлімбеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 150 б.
18 Баласағұн Ж. Құтты білік. (Аударған Егеубаев А.) –Алматы: Жазушы, 1981. – 614 б.
19 Иүгінеки А. Ақиқат сыйы. (Баспаға дайындағандар: Құрышжанов Ә., Сағындықов Б.). –Алматы: Ғылым, 1985. -182 б.
20 Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы: -Ана тілі, 1991. –358 б.
21 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. – 260 б.
22 Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 286 б.
23 Кәкішев Т. Оңаша отау. – Алматы: Жазушы, 1982. – 189 б.
24 Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 398 б.
25 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1985. – 257 б.
26 Ел қазынасы – ескі сөз (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). – Алматы: Ғылым, 1994. – 333 б.
27 Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. Алматы.: Ғылым, 1976. – 155 б.
28 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 187 б.
29 Адамзаттың “Манасы” (Қазақтың зерттеуші ғалымдары “Манас” туралы): Тезистер. / Жауапты шығарушы: Ыбыраев Ш.-Алматы.: Рауан, 1995. – 256 б. Марғұлан Ә. Шоқан және “Манас”.
30 Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Ғылым, 1989. –231 б.
31 Сыдықов Т. Ғасырлардың кәусар бұлағы. –Алматы: Жазушы, 1981. – 157 б.
32 Бердібай Р. Кәусар бұлақ.- Алматы: Жазушы, 1989.-360б.
33 Рақым Б. Тарихи эпос табиғаты (Қазақ тарихи жырларының поэтикасы). Қарағанды: ҚарМУ,1999.-235б.
34 Әдебиет пен фольклордағы жанр мен стиль. – Алматы: Ғылым, 1985. – 252 б.
35 Әуезов М. Шығармалар жинағы. (Мақалалар, зерттеулер). 11 т. Алматы.: Жазушы, 1969. – 287 б.
36 Бартольд В. Очерк истории Семиречья.-Фрунзе: издание 2., 1943. – 313 б.
37 Әуезов М. Уақыт және әдебиет.-Алматы.:Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962.- 424 б.
38 Бердібай Р. Қазақ эпосы (жанрлық және стадиялық мәселелер).- Алматы.: Ғылым, 1982.-232б.
39 Сүйіншәлиев X. Ғасырлар поэзиясы. –Алматы: Жазушы, 1987. – 321 б.
40 Молдаханов Ә. М.Әуезов – фольклортанушы.-Алматы: Ғылым,1989.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. Қазақ фольклорындағы Манас жырының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ...9
1.1 Фольклортану ғылымы және Манас
жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Ш. Уәлиханов және Манас
жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3 Академик Ә.Марғұлан зерттеген халық мұраларының
түрлері ... ... ... .22
2 Манас ерлік пен елдіктің
жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.1 Манас эпосының шығу кезеңі
жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Түркі халықтарының ұлы мұрасы – Манас
жыры ... ... ... ... ... ... ... ..4 0
2.3 Мұхтар Әуезов – ірі
манастанушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Түркі халықтарының эпосында батырлар жыры – ең
бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны,
Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы
тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады.
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостың мұрасының ішінде
өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи дерегімен де ерекше
тұлғаланып тұратын жырдың бірі – “Манас”. “Манас” [1] бір жұрттың басында
арғы – бергі болып өткен оқиғалардың басын қалай болса, солай біріктіре
салған дастан емес. Бұл бүкіл бір ұлттың ғасырлар бойы жүзеге асыра алмай
келе жатқан ең басты мүддесінің ұрпақ ауысқан сайын күрделеніп, ұрпақ
ауысқан сайын өткірленіп келе жатқандығының белгісі. Уайымның арманға,
арманның үмітке айналуының қырық қатпар қиын да, қызық құбылма жолы.
“Манас” – эпостың мұхиты. Көлемі жағынан ол әлемдегі бүкіл белгілі
эпостарды артқа тастайды, яғни Фирдоусидің “Шахнамесінен” [2] екі есе,
Гомердің “Илиада” мен “Одиссеясынан” [3] он алты есе, үнді халқының
мақтанышы “Махабхаратадан” екі есе көлемді.
Мұнда ежелгі қырғыздардың жағрапия, медицина, сәулет, астрономия, әскери
өнері туралы мәліметтер кездеседі. Эпоста көркемдік үлгі мен әдістің жай
сатира мен әзілден бастап, адам жанының рухани азабы мол трагедия шыңына
дейін барынша астары бар. “Манас” – қырғыз халқы өткенінің шексіз әлемі,
оның әлемдік мәдениет панорамасына кестеленген орасан зор көркем полотносы.
Тарих, әдебиет, этнология, археология және сәулет өнері, фольклортану
саласында ғылыми маңызы зор, терең де жан-жақты зерттеулер қалдырған,
ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмірі мен шығармашылығын, оның
адамдық, азаматтық тұлғасын тану – баршамыздың борышымыз.
Академик Ә.Х.Марғұлан [4] туралы, оның ізденістері жөнінде танымал
археолог-тарихшылар Кемал Ақышев [5], Карл Байпақов [6], Самат Өтенияз [7]
сөз етсе, оның фольклортанушы ғалымындағы жетістіктері жөнінде
Х.Сүйіншәлиев [8] пен М.Жолдасбековтың [9] мақалалары мен естеліктері бар.
Осы орайда, 1991 жылы Қазақстан Республикасындағы Археология институтына
Ә.Х.Марғұлан есімінің берілуін халқы тарапынан оған жасалған құрметтің
ерекше белгісі ретінде айрықша атап өтуіміз керек.
Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеулерінің аясы өте кең. Ол тарихшы,
өнертанушы, этнограф, фольклортанушы, тіл маманы ретінде қазақтар мен түркі
тілдес халықтардың тарихын жазуға өз үлесін қосты.
Қазақ халқының сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан
ғажайып аңыздары, мазмұны ертегіге айналған терең мифтері, жауына бас
имейтін асқақ ерлік жырлары т.б. толып жатқан ауыз әдебиетінің түрлері
Ә.Марғұлан зерттеулері арқылы жаңарып, жаңғырып ұрпақ қажетіне жаратылды.
Әсіресе, қазақ халық ауыз әдебиетін жинау, жариялау, жүйелеу аясында
өлшеусіз еңбек сіңірген, жүз жылдан астам уақыт ғылымда жоғалдыға саналып
келген Шоқан жазып алған Манас жырын тауып, өз зерттеуімен қоса ғылыми
айналымға енгізген зор еңбегі – ғылым үшін өлшеусіз құндылық. Сонымен қатар
халқымыздың аяулы азаматтары – Абай [10], Мәшһүр Жүсіп Көпеев [11], Жаяу
Мұсалардың [12] бұрын мәлім емес шығармаларын, мұрағат қорларындағы
қолжазбаларын жарыққа шығарды.
Фольклортану саласында қазақтың ерлік жырлары жөнінде ондаған цикл
мақалалар жазып, Қозы Көрпеш – Баян сұлу [13] кешенін өзі аттас жырмен
байланыстыра отырып зерттеді. Қорқыт, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі
[14], Қорқыттың өліммен күресі жөнінде де өзара тығыз байланысты зерттеулер
жүргізіп, Қорқыттың тарихта болған, қазақ жерінде өмір сүрген тарихи
қайраткер екендігі дәлелдеп шықты.
Қазақстан халықтары мен тайпаларының VІ-ХІІ ғасырлардағы мәдениеті
атты зертеуінде Күлтегін [15] мен Тоныкөк [16] жазбаларының халықтық ескі
эпос үлгісіндегі шығармалар екендігін дәлелдей келіп, Әбу-Насыр әл-Фараби,
Әл-Бируни, Абу-Ғали-Сина туралы мәліметтер беріп, Қорқыт ата кітабы,
Оғыз-наме [17], Құтты білік [18], Ақиқат сыйы [19], Махаббатнама
[20] дастандары мен олардың авторлары жөнінде тың мағлұматтар береді. Мұның
өзі кеңестік дәуірде әдебиетіміздің ескі нұсқалары жөнінде айтуға тыйым
салынған кезеңде жазылғандығын ескерсек, Ә.Марғұланның ұлт тарихы мен
әдебиетін қалпына келтіру жолындағы зор батылдығы һәм ерлігі дер едік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. “Манастың” он бір түрлі үлгісі бар, жалпы
көлемі 500.000 өлең жолынан тұратын бұл жыр әлемдегі ең ірі поэзиялық
туынды ретінде Гиннес рекордтары кітабына енген.
“Манасты” жырлайтын жыршыларды қырғыздар манасшы деп атайды. Халық
ұғымында манасшылық екінің біріне қона бермейтін ерекше қасиетті өнер.
Тарихта белгілі толыққанды манасшылар саусақпен санарлық. Қырғызда өлең
өнеріне талпынған әр ақын, әр жыршы “Манасты” жаттап өседі, алайда оның
бәрі бірдей манасшы бола алмайды.
XIX ғасырда өмір сүрген ең белгілі Тыныбек, Сағымбай, Саяқбай манасшылар
болған. Ең алғаш аты мәлім манасшының бірі XVIII ғасырда өмір сүрген
Келдібек манасшы. Аңыз бойынша Келдібек жырлағанда, тындаушысына ғана әсер
етіп қоймай, қоршаған орта табиғатқа да ықпалын тигізген. Келдібек
толғағанда, күн тұтылып, дауыл тұратын – мыс.
Алғаш рет “Манастың” әдемі бір бөлігін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан
Уәлиханов 1856 жылы қырғыз еліне барған сапарында жазып алып, бүкіл
Ресейдегі зиялы жұртшылыққа таныстырғаны мәлім. Шоқан эпостың “Көкетай
ханның ертегісі” деген шағын үзіндісін хатқа түсіріп, оны орыс тіліне
аударған, жырдың жалпы тұлғасын, қырғыз халқының мәдени тарихындағы орнын
тамаша, дәл тұжырымдаған. Ол “Манаста” қырғыз халқының барлық миф, ертегі,
аңыздарының, наным – сенім, әдет – ғұрпының, кәсіп – тіршілігінің
энциклопедиялық жиынтығы бар екенін зерек аңғарған. Бұл жырдың біраз
бөлігін Шоқаннан бірнеше жыл кейін академик В.В.Радлов жазып алады. Міне,
осыдан бастау алған манастану бұл күнде іргелі дербестік дәрежесіне жетіп
отыр.
Кеңес жылдарында “Манасты” алғаш рет түбегейлі зерттеген ұлы суреткер,
әрі ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов еді. Кейінірек бұл іске М.Богданова,
В.М.Жирмунский секілді көрнекті ғалымдар ат салысты. Әсіресе,
В.М.Жирмунскийдің “Тюркский героический эпос” (1974 ж) деп аталатын
монографиясына енген “Манас” туралы тарау өзінің талдау тереңдігімен
ерекшеленеді.
Қырғыз ғалымдары К.Рахматуллин, С.Мұсаев, Р.Қыдырбаева, тағы басқа
ғалымдар “Манас” жырын әр қырынан тереңдеп зерттеуге өз үлестерін қосты.
Академик Ә.Марғұланның “Шоқан және Манас” деген еңбегі қамтыған архивтік
материалының молдығымен де, талдауларының ғылыми дәйектілігімен де бағалы.
Бұл және басқа монографияларда жырдың генезисі, жетілу жолдары, эпостың
қырғыз халқының тарихындағы түрлі дәуірлерде бой көрсеткен оқиғалармен
байланыс дәрежесі, шығарманы жан – жақты жетілдіруге ақын, жыршылардың
үлесі, эпопеяның нұсқалары секілді күрделі мәселелер кеңінен көтерілген.
Зерттеу әдістері. “Манас” жырын зерттеу барысында тарихи-генетикалық,
тарихи-салыстырмалы, текстологиялық, кешенді-жүйелі талдау әдістері
қолданылды.
Жұмыстың мақсат, міндеттері. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында,
көптеген ғылыми еңбектерге негіз болған, қырғыз халқының ұлы “Манас”
эпосының қазақ ғалымдары тарапынан зерттелуін анықтауды мақсат етіп алдым,
соның ішінде, манастану ғылымының негізін салған Шоқан Уәлиханов пен
эпопеяны өзінің өмірлік зерттеу объектісіне айналдырған Мұхтар Әуезов
зерттеулеріне баса назар аударуға тырыстым.
Өз еңбектерінде “Манас” жырының шығу кезеңің, географиясын,
генеологиясын зерттеген ғалымдардың еңбектерін пайдаландым, соның ішінде,
Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Ш.Айтматов, М.Жолдасбеков сияқты
ғалымдардың еңбектерінен көптеген қызықты материалдар тауып, олармен
таныстым. Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу жұмысының негізгі
нәтижелерін мектеп оқушыларына Қазақ хандығы және XIX ғ. және XX ғ.
басындағы қазақ әдебиетінен оқылатын әдебиет сабақтарында пайдалануға
болады. Сонымен бірге колледж студенттері үшін тарихи шығармаларға арналған
арнайы курстар мен семинарларға да қосымша құрал ретінде пайдаланылу
мүмкіндігі бар.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ фольклорындағы Манас жырының зерттелу тарихы
1.1 Фольклортану ғылымы және Манас жыры
Қазақ халық ауыз әдебиетінің ғылыми тұрғыдан жинастырылып, зерттеле
бастауы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Дегенмен, көнеден келе
жатқан халық ауыз әдебиетінің хатқа түскен үлгілерінің де бар екендігін
жоққа шығармаймыз. Сонау Түркі қағанаты кезінде тасқа қашалған Күлтегін мен
Тоныкөк ескерткіш жазбаларында, Қорқыт ата кітабында, Оғыз-наме
дастанында, ХІ ғасырда жазылған Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастанында,
М.Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздігінде бүгінгі қазақ халқының тілдік
қорында өзгеріссіз кездесетін ондаған, жүздеген мақал-мәтелдер бар. Сонымен
қатар, ХІV ғасырда жазылған белгісіз автордың Кодекс куманикс (Қыпшақ
тілінің сөздігі) еңбегінде жиырмаға тарта қазіргі қазақ жұмбақтары
қамтылған. Демек, халық ауыз әдебиетінің ертерек хатқа түскен үлгілері ХІХ
ғасырға дейін де болғандығына көз жеткіземіз.
Ал, ХІХ ғасырдағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналу,
жариялану мәселесін сөз еткенде төмендегі жағдайларды ескерген жөн.
Біріншіден, қазақ баспасөзінің тууына байланысты ұлттық әдеби мұраны жинау,
оның кейбір үлгілерін жариялау ісіне қозғау түсті. Екіншіден баспасөз
өнімінен пайда түсірмек болған баспа орындары, әсіресе, ағайынды
Каримовтар, Шығыстың қисса-хикаяттары мен ертегілерін, классикалық
поэзиясын қазақтың кітаби ақындарының жәрдемімен тарата бастады. Бұл іс
ықпалсыз кетпеді. Ғабдолла Мыштақ Шайыр мен Көксеңгірді, Махмұтсұлтан
Тұяқов Қара қыпшақ Қобыландыны шығарды.
Үшіншіден қазақтың бай ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауда, ол жөнінде
ғылыми тұжырымдар айтуда орыстың ориенталист ғалымдардың істеген орасан зор
еңбегін айрықша атауымыз керек. Академик Радловтың, Потаниннің, тағы басқа
көптеген ориента-листердің есімін ілтипатпен атаған жөн. ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасырдың бас кезінде бірқыдыру мол мұра баспа бетіне түсіп, жұртшылықтың
назарына ұсынылды.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап баспа жүзіне шығару, оны
мәдениеті озық елдерге таныстыру – қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан
Уәлихановтың негізіг мақсаты болды. Қазақтың ауыз әдебиетін жинап бастыру
ісіне өзінің зор мән беруін Шоқан былай деп түсіндіреді:
Осы күнге дейін Европада көшпелі елдерді аса қатал, жөн білмес тағы деп
жалған түрде түсінушілік үстем болып келеді. Көшпелі монғол немесе қазақтар
жөніндегі сұндай ұғымдар оларды мал тәрізді, тұрпайы тағылар деген пікірмен
тығыз байланысты. Шынына келгенде, осы надан, тұрпайы деп қаралған
халықтардың көбінің жазбаша немесе ауызша шығарған әдебиеті, аңыз
әңгімелері бар... Өлеңге, әсіресе суырып салма түрінде шығарып айтуға,
бейімділік, барлық көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың, өзіне тән
ерекшеліктері деуге болады.
Қазақ халқын қорлап, кемсітуге қарсы шықан Шоқан қазақтар жайында
Европада орын алып келген түсініктердің жалған екендігін әшкерелейді.
Сондықтан да ол қазақ халқының жабайы, тағы еместігін көрсету үшін, оның
ғасырлар бойына жасаған ауыз әдебиеті және ауыз әдебиетінің неше алуан
әдемі үлгілері барлығын, қазақ ақындарының, әсіресе, өлеңді суырып салу
түрінде қабілеті күшті екендігін мысал етеді. Европада қазақтар жайында
айтылып жүрген жалған пікірлерге намыстанған және ол пікірлерге тойтарыс
беруді көздеген Шоқан қазақ халқының ауыз әдебиетін жинап-бастару жайын
қарастырады, бұл іске оның өзі белсене араласады [21, 19-20].
Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіргеннен кейін, Шоқан Қазақстанның
біраз жерін: Көкшетау, Ақмола, Баянауыл, Семей, Жетісу жақтарын аралайды.
1856 жылы Қырғыз елін зерттеу мақсатымен шыққан экспедицияға қатысады,1858
жылы Қашқарияда болады.
Шоқан өзінің болған жерлерінде халықтың ауыз әдебиетін жинай жүреді,
көптеген жыршы-жырау, ақындармен танысады. Қазақтың сол кездегі атақты
ақындары: Жанақ, Орынбай, Арыстанбай, Жұмағұл т.б. танысып, олардың
жырларын таңдап қана қоймай, жазып алып отырады. Қырғыз еліне барған
сапарында Қырғыздың атақты дастаны Манастың біраз әңгімесін жазып алады.
Бұл Манастың хатқа түскен бір түрі еді.
Шоқан Қашқарияда болғанда ұйғыр тілін үйренеді де, ұйғырлардың көптеген
өлеңдерін жазып алады. Бұл жөнінде Г.Н.Потанин:
Шоқанның жинаған материалдары үлкен бір портфель болып еді. Кейбір
жазғандарын өзім де көріп едім, - дейді және оның кейбіреулерін Шоқанның
оқып та бергенін айтады. Бірақ бұл материалдар, Потаниннің айтуына
қарағанда, кейіннен жоғалып кеткен.
Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы ғана емес, сонымен қатар
зерттеушісі де болды. Ол жалпы қазақ халқының тарихы, этнографиясы,
қоғамдық өмірі, әлеуметтік тұрмысы туралы жазған еңбектерінде ауыз
әдебиетінде сөз етеді, өз кезі үшін үздік, ал бүгінгі күнде мәнін
жоғалтпаған ғылыми пікірлер айтады. Солардың өзінде ол қазақтың ауыз
әдебиетін жоғары бағалайды. Қазақтың аңыз-әңгімелері, оның құрылысы,
ертегілері мен жырлары, мифтері халықтың өткендегі тарихын білу үшін маңызы
зор материалдар деп қарайды. Мәселен, көшпелі халықтардың, соның ішінде
қазақтардың, шығу тарихын зерттеушілер үшін ауыз әдебиеті бірсыпыра дерек
болатындығын айта келіп, Шоқан былай дейді:
Егер жұрттың айтуынан Герадот жинаған Гомердің өлеңдері мен аңыздарының
аз да болса тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп, мысал тәрізді болып
кеткен аңыздардың негізінде оқиға және шындық жатады десек, қазақтардың
тамаша және жүйелі түрде айтылатын, олардың қазіргі тұрмыс-тіршілігін, әдет-
ғұрпын, ата-бабаларының тұрмысын елестететін аңыздарының да тарихи
деректерге сәйкес келетіндігіне, тарихи маңызы барлығына шұбәланбауымыз
керек. Халықтың ақыл-ойынан және қоғамдағы қалың бұқараның сана-сезімі,
өмірі мен алға басу негізінде туған бұл шығармалар ауызша айтылу түрінде
бірден-бірге, содан бүкіл халыққа жайылады. Содықтан да олардың тарихи
философиялық және психологиялық мәні жоқ емес [21, 20].
Шоқан бұл пікірін Шамандықтың қазақтағы қалдықтары, Ұлы жүз
қазақтарының ертегілері мен аңыздары, Жоңғария очерктері, Тәңірі
секілді еңбектерінде айтады. Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың өткендегі
өмірін елестететін,тарихи мәні бар материалдар екенін көрсетеді.
Қазақтың батырлар жыры жайында да Шоқан азды-көпті пікір айтқан. Бұл
жырлар, Шоқанның айтуынша, ноғайлы дәуірінде ХVІ-ХV-ХVІ ғасырлардың
шамасында туған. Онда: Халықтың рухани, көзқарасы, әдеті, мінез-құлқы,
тұрмыс-тіршілігі суреттелген. Сондықтан бұл жырлардың әдебиеттік жағынан
болсын, тарихы жағынан болсын, маңызы зор.
Қазақтың кейбір мақал-мәтелдері мен ертегілері Европа халықтарының,
әсіресе, славян халықтарының, шығармаларына ұқсас келетіндігіне таңдана
келіп, Шоқан бұл ұқсастықтың сырын ашпақ болады. А.Афанасьев жинап
бастырған орыстың халық ертегілерінің ішінде тек алты ертегінің ғана
қазақ ертегілеріне ұқсайтынын айтады. Ал мұндай ұқсастықты қазақтардың
славяндармен, әсіресе орыс халқымен қарым-қатынас жасау негізінде
болғандығынан деп қарайды.
Шоқан өзінің көптеген еңбектерінде қазақ хақының поэзиясын, ақындардың
ақындық өнерін аса жоғары бағалаған. Бұл ретте өлеңді сурып салма түрінде
шығарушылықты ақындық өнердің асқар шыңы деп білді. Қазақтарды надан, тағы
деп кемітетін европалықтардың топастығын көрсете отырып, оларға қарсы өз
пікірін дәлелдейді. Өлеңді суырып салу ретімен айтушылық, сол арқылы
көлемді, көркем жырлар тудырушылық қазақ халқының надандығын көрсетпейді,
ол оның ертеден келе жатқан мәдениетін білдіреді деп қарайды. Сонымен
қатар, Шоқан жыршы-ақындардың ішінде кейбір ақындардың азын-аулақ ақы алу
үшін байлардың сөзін сөйлеп, ақындық өнерін құнсыз нәрсеге сатуына ренжиді.
Мұндай ақында бет жоқ, өз қасиетінің бағасын сезіну де жоқ... Ол өзінің
дарындылығын қандай сұлтандардан болса да асып түсетін қасиет деп
қарамайды. Қайта ақындық өнер – ат-шапан табу үшін біткен өнер деп
қарайды, - деп, жалдамалы, бас пайдасын көздегіш ақындарды сынайды. Ал,
байларды жақтамай, бейшаралық күйге түспей, халық мүддесін жырлаған ақындар
халық арасында қатты құрметтеледі [21, 21] дейді.
Көптеген ақын-жыршылармен кездесіп, сөзін тыңдаған Шоқан, оларға ақыл-
кеңес беріп, сын айтып отырған. Потаниннің сөзіне қарағанда, Шоқан Жанақпен
талай рет кездескен және дарынды ақынға әртүрлі тақырыптар ұсынған. Бұған
жалғас И.Ибрагимов бір жылы Шоқанның елге келгенін, оны ауыл адамдарының
зор құрметпен қарсы алғанын айта келіп, былай дейді:
Әрі беріден соң Шоқан қоштасты да үйге кіріп кетті. Оған тігілген үйдің
сыртында қолында домбырасы, қасында біраз адамы бар әйгілі Орынбай ақын
отыр еді. Шоқан оны қасына шақырды. Орынбай әдемі өлеңімен Шоқанға арналған
құтты болсынын айтты. Сол жерде Шоқан атақты ақынға: Қазақ тілін татар
сөздерімен шұбарлама деп ақыл берді.
Сонымен, Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинауда, оны зерттеуде зор еңбек
сіңірген ғалым болды. Оның бұл еңбектері Қазақ халқының тарихынан айрықша
орын алады. Оны халқымыз аса жоғары бағалайды.
Түркі тектес елдердің және қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда аса зор
еңбек еткен ғалымның бірі академик В.В.Радлов болды. Ол Шығыс халықтарының
әдебиетін жырлап, зерттеу мақсатымен біраз жерді, елді-мекендерді аралайды,
өте көп материалдар жинайды. Сол жинаған материалдарын Түрік руларының
халық әдебиетінің үлгілері деген атпен 1965-1904 жылдар арасында сегіз том
етіп бастырып шығарады. Әрбір томға орыс тілінде кіріспе жазады. Содан
кейінгі материалдары әр халықтың өз тілінде беріледі. Өз кезінде Радловтың
бұл томдары неміс, француз, ағылшын тілдеріне аударылған.
Радловтың үшінші томы 1870 жылы қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінен
құралған. Томға енген материалдардың ішінде аңыз-әңгімелер мен әртүрлі
жырлар, дастандар, тұрмыс-салт өлеңдері бар. Ақындар айтысынан: Жанақ пен
Түбектің, Ұлбике мен Күдерінің, Өнек пен Оспанның, Шортанбай мен Орынбайдың
айтыстары; жырлардан: Ер Тарғын, Ер Көкше, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т.б.
жырлар енген. Бұл материалдардың бәрі қазақ тілінде (әрпі орысша) берілген.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен құралған бұл томға Радлов қысқаша
алғысөз жазады, мұнда қазақ халқының ауыз әдебиетке бай екендігін, әсіресе
оның өлең шығаруға қабілетті келетіндігін айтады. Осы ретте ол қырғыздарға
қарағанда, қазақтарда өлеңнің ұсақ түрлері көп, ал батырлар жыры аз және
ауыз әдебиетінің дамыған түрі деген қорытынды жасайды. Радловтың батырлар
жыры жайында айтқан бұл пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені батырлар жырын
шығаруда қазақтар көршілерінен асып түспесе, кем қалған емес.
Жалпы алғанда, Радловтың қазақ ауыз әдебиет үлгілерін жинап бастыру, оны
неміс және француз тілдеріне аударып шығаруы мәдени маңызы зор еңбектің
бірі еді. Қазақ халқының әдебиетімен басқа елдерді таныстыру зор игілікті
іс еді.
Қазақ ауыз әдебиетін жинауға белсене араласқан ғалымның бірі –
Г.Н.Потанин. Ол жас кезінде Шоқанмен бірге кадет корпусында оқыған, екеуі
аса тату дос, жақсы жолдас болған. Кадет корпусын бітіргеннен кейін
Г.Н.Потанин Қазақстанның көп жерлерін аралайды, Семей, Марқакөл, Зайсан,
Ақмола, Көкшетау жақтарына барады, Шоқанға еріп оның ауылына барады. Жүрген
жерлеріне қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алып отырады. Бұл іске ол
ғылыми мән беріп, халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білу үшін ауыз әдебиеті көп
материал береді деп қарайды. Осы ретте ол Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін
жинау керек деген мақала жазады және бұл іске басқалардың қатысуын қажет
деп қарайды.
Потанин өзі жинаған материалдарын сол кезде Омбыда және орталықта
шығатын газет-журналдарда бастырып отырады. Соның ішінде оның көп жылдар
бойына жинаған мол материалдары Қазақ-қайсақ және Алтай халықтарының
ертегілері мен аңыздары деген атпен 1916 жылы Живая старина №2, 3
журналдарында бысылып шықты. Ол ауыз әдебиетінің үлгілерін қазақ тілінде
жазып алмайды, тек шығарманың мазмұнын ғана жазып алады. Және оны орысша
әңгімелеп береді. Егер Радлов ел арасынан жинаған материалдарын қазақша
жазып алып, айтушының стильдік, сөздік ерекшеліктерін сақтап отырса,
Потанин олай етпейді. Жинағандарын бірден орысшаға аударып отырады. Мұның
мәнісі қазақ ауыз әдебиеті мен орыс қауымын таныстыруды көздегендіктен
болса керек. Ал Радловқа қарағанда, ауыз әдебиетін жинауда Потаниннің бір
ерекшелігі бар. Ол жинаған материалдарын кімнен жазып алғандығы, айтушының
өмірбаяны, оның қандай шығармаларды білетіндігі, оларды қалай үйренгендігі
т.б. жайынан мәлеметтер береді. Мұнысы ғылым үшін аса қажетті материалдар
еді.
Қазақ ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жинаса да, Потанин олар
жайында арнаулы ғылыми зерттеу еңбек жазбаған. Бірақ та, ол өзінің басқа
еңбектерінде қазақтың ауыз әдебиетін аса жоғары бағалайды. Ең алдымен ол
қазақ халқының ауыз әдебиетке байлығын сөз етеді, оның көркемдік дәрежесі
басқа халықтардың шығармасынан кем соқпайтындығын көрсетеді. Мәселен,
Европа халықтарының орта ғасыр эпосындағы шығыстық мотивтер деген күрделі
еңбегінде қазақ ауыз әдебиетінен бірнеше мысалдар келтіреді де Қозы Көрпеш-
Баян сұлу жырына айрықша тоқтайды. Ол бұл жырды жер жүзіндегі асыл
мұралардың бірі деп қарайды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрінген үлкен ағартушы педагогтың бірі –
Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақ халқының фольклоры мен этнографиялық
материалдарын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ыбырайдың орыс
тілінде жарық көрген Орынбор ведомтсвосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату
және той жасау дәстүрінің очеркі деген бағалы этнографиялық зерттеулері де
елеулі.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ фольклорына қатысты арнайы зерттеулері
болмаса да, ол халық мұрасын аса жоғары бағалаған. Өзінің Қазақ
хрестоматиясы атты оқу құралында ол қазақ фольклорының көптеген үлгілерін
қамтыған. Соның қатарында Марабай жыраудан жазып алған Қобыланды жырынан
үзінді (Қобыланды мен Тайбурыл) қиял-ғажайып (Қара қылыш, Алтын айдар),
шыншыл реалистік ертегілер (Тазша бала, Қара батыр, Жиренше шешен)
көптеген мәтелдер де бар. Сонымен қатар, Орынбай, Күдері ақындардың
өлеңдерін жинаққа енгізген. Осыған қарап, Ыбырайдың араб-парсы тіліндегі
Кітаби стильден гөрі халық поэзиясының көркем де әсерлі тілін жас ұрпаққа
әсерлі сарнағанын байқаймыз. Өзінің шағын өлең-әңгімелерінде Ыбырай сол
халық тілінің үлгісіне жуық жазған. Оның төл шығармаларының тілі ғана емес,
образдары да халыққа аса жақын.
Қазақ фольклорының халықтық сипатын жақтаған Ыбырай Алтынсариннің
фольклор материалдарын педагогикалық мақсатта қолдануы өз кезеңі үшін зор
жаңалық болды. Ал, кеңес дәуірінде бұл игілікті іске мемлекет тарапынан
қамқорлық көрсетіліп, арнаулы мекемелер шұғылданғанын, сөйтіп, жоспарлы да
жүйелі арнаға түскенін көреміз. Әрине, әлеуметтік-эстетикалық зор мәні бар
бұл игі істе талай қиындықтырды жеңуге тура келді. Ол тек техникалық
қиындықпен ғана емес, түрлі идеологиялық айтыс-тартыспен де астарласып
жатты. Кеңестік дәуірде қазақ фольклор үлгілерін жинау, жариялау ісінде
әрқилы теориялар мен қисындардың орын тебуіне қарай осы игі жұмыстың кейде
қауырт қолға алынып, кейде шау тартып қалғанын, кейде гүлдене өркендеп
кеткен кездерін байқаймыз [22, 26-27].
1920-1925 жылдарда мәдени-әдеби асыл қордан қалың көпшіліктің нәр алуы,
рухани байлықтың кәусар бұлағынна сусындауы үшін бірқыдыру мұраны жариялап
үлгердік. Бірақ бұл кезеңдегі кейбір жағдайлардың салқыны бұл салаға тимей
қалмады. Соның салдарынан біраз уақыт әдеби мұраға деген нигилистік ой-
сыңай бой көрсетіп, 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінен 1937
жылға дейінгі аралықта ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау, тарихын жазу
процесі күшейді.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында игі мақсат, адал ниетпен еңбек еткен
Әбубәкір Диваев пен Александр Затаевичтің қазақтың мәдени мұрасын жинаудағы
ұлы еңбектерін айрықша атаған жөн. Әрине, олар жинаған дүниелердің бәрі
бірдей саф алтын еді деуге келе бермейді, обьективизмнің салқыны да жоқ
емес. Бірақ талай жылғы тамаша еңбектерімен бұл екі дарын өлмес, еш уақытта
мәні жоғалмас мұраларды жинап беріп кетті.
Қазақ даласын 1876 жылдан аралай бастаған Әбубәкір Диваев 1922 жылы
Түркістан республикасындағы көшпелі халықты ағарту жөніндегі орталық
комиссияға жолдаған қазір Өзбек ССР-ның орталық архивында сақтаулы хатында
қазақ халқының ғылыми тұрғыдан алғанда тамаша құнды, өте мол эпосы бар,
бұл халық өзінің талантты суырып салма ақындарымен, сал-сері әншілерімен,
талай дастандар мен жырларды, аңыз-ертектерді білетін жыршыларымен мақтана
алады, - деп жазып, мемлекетке тапсырғалы отырған материалдарының
машинкаға көшіргенде 4035 бет, яғни 252 баспа табақ болатынын хабарлады.
Әбубәкірдің көзі тірісінде баспа бетін көрген еңбектері шашау болмай,
Түркістан жинағының 566, 567, 568, 569-томдарында қайтадан жарияланды.
1922 жылы Түркістанның қазақ-қырғыз білім комиссиясы Ә.Диваев баспаға
дайындаған халық эпостарын – Қобыланды батыр, Бекет батыр, Қамбар
батыр, Шора батыр, Алпамыс батыр жырларын жариялады. 1968 жылы Қазақ
ССР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
Ә.Диваев жинаған материалдардан Казахская устная поэзия деген жинақ
құрастырып шығарды. Мұның бәрі де Әбубәкір жинаған мол дүниенің тамшысы
ғана.
Қазақстанға 1920 жылы келіп, тұнып жатқан музыкалық байлыққа, бұрын
ешкім елеп, мән бермеген мәдени дүниеге, музыка мұхитына сүңгіп кеткен
А.В.Затаевич үш жылдың ішінде қазақтың 2000-дай әні мен күйін нотаға
түсіріп, әлемге танытқанын зор ілтипатпен атаған жөн.
1925 жылдың көктемінде Қазақтың 1000 әні басылып шыққанда, орыстың
даңқты композиторлары С.В.Рахманинов, А.К.Глазунов, француздың атақты
жазушысы Ромен Роллан, француз компазиторларының басшысы Морис Равель,
венгер композиторы Дели Барток, поляк Эмиль Млыпарский, профессор Генрих
Опенский, республикаға еңбегі сіңген артист, музыка этнографы 1923 жылы
Москвада болған қазақ музыкасының кешінде орыстың ұлт аспаптар оркестрі мен
қазақтың ән-күйін орындауды ұйымдастырушы Г.Б.Любимов сынды атақты музыка
мамандарына сыйға тартылды [23, 58].
Москвада жұмасына бір ет шығатын Новый зритель журналында Таяуда
өзінің құны мен байлығы жағынан айрықша мәні бар еңбек басылып шықты. Бұл
әндер жалпы европалық деңгейдегі музыкалық этнография ғылымына қосылған
орасан зор үлес. Орыстың музыкалық этнографиясы мұндай еңбекті мақтан
тұтпай тұра алмады (14 апр. 1925, 17-бет), - деген жылы лебізді кеңес
әдебиетінің атасы М.Горькийдің, француздың ұлы жазушысы Ромен Ролланның
қостауы қазақ музыкасы үшін үлкен абырой болды.
Қазақ халқының рухани байлығының тамаша үлгілерін жинау, жариялау
саласында айрықша еңбек еткен, сөйтіп, баға жетпес мұраларды тарих ауқымына
іліндірген екі ұлі этнограф-фольклористердің орасан зор қайраткерлігін
баяндаған уақытта, жалпы әдеби-мәдени мұраны жинаудың қиындығын, екінші
жағынан осы игі істі ғылым-білім орындарының өз қамқорлығына алғандығын
аңғартуды көздедік.
Мемлекет қамқорлығына алынған істің өнікті де мол және дәйекті
болатындығы, екінші жағынан, осындай мол мұра жайында пікір айту, ой
тұжырымдаудың мәнді болатындығы белгілі. Қазақтың мәдени мұрасын игеру
барысында жинаушылық, жариялаушылық ісінің өркен жаюына мүмкіндік жасалып,
ғылыми ой-пікірлер айтуға негіз дайындалды.
1940 жылдары Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы фольклорлық
мұраларымызды жүйелі түрде, жинап жраиялауға, ғылыми тұрғыдан саралай
зерттеуге кең жол ашты.
1.2 Ш. Уәлиханов және Манас жыры
Фольклортану (ағылшынша folk - халық, lore – халық даналығы (фольклор)
зерттейтін ғылым.
Фольклор халықаралық таралымға ие болған ұғым термин. Фольклорды (ауыз
әдебиеті) зерттейтін ғылымды отандық ғалымдар қалыптасқан ортақ ұғым
терминнің негізінде фольклор-тану (фольклористика) деп атайды. [24, 218]
Фольклортану ғылымы адамзат баласының пайда болуымен бірге туып,
қалыптасып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан халық шығармашылығын
зерттейді. Қазақ халқы да өзінің сан ғасырлық тарихында ауыз әдебиетінің
небір інжу-маржан асыл қазыналарын қалдырды. Осы мұраларымызды жан-жақты
жинастырып, жүйелеу, зерттеу, ұлттық фольклортану ғылымының айналысып келе
жатқан мәселелері.
Қазақ фольклортану ғылымының туу, қалыптасу мәселелерін сөз еткенде ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық ой-пікірдегі елеулі өзгерістерді
аттап өте алмаймыз. Ресей империясының қазақ жерін тұтастай отарлы бұғауға
алуы, екінші жағынан әр түрлі мақсатты көздеген миссионерлер мен ғалым,
зерттеушілердің қазақ жеріне көптеп ағылуына ықпал етті. Сонымен қатар
қазақ халқының да ұлттық сана-сезімінің оянуы – ағартушылық, демократтық
бағыттағы ұлт зиялыларының қалып-тасуына әсер етті.
Ұлттық фольклортану ғылымы ХІХ ғасырдың екінші жартысында аяғынан тік
тұрып, қалыптасып кетпесе де, фольклотану ғылымының тууына ықпал еткен
алғашқы мақала, зерттеулер көріне бастады. Әсіресе, бұл салада Шоқан
Уәлихановтың (1935-1965) еңбегі ерекше
. Қазақтың тұңғыш ғалымының алғашқы ой-пікірлері, ғылыми тұжырымдары
фольклортану саласында көрінді. Шоқан алғаш рет шығыс халықтарының поэзиясы
туралы зерттеу мақалаларын жазды. Ғалым осы еңбектерінің өзінде-ақ, ұлттық
фольклортану мен этнография ғылымына жаңа жол салды. Ол өзінің Абылай
деген мақаласында қазақтың тарихи жырлары жөнінде толымды ой қозғайды.
ХҮІІІ ғасырда туып қалыптасқан батырлық жырлардың ел тарихымен байланысын
сөз етеді. Сонымен қатар Шоқан қазақтың аңыз-әңгімелері, оның құрылысы,

зор материалдар деп қарай отырып, мүмкіндігінше жүйелеуге тырысады.
Шоқанның Шамандықтың қазақтағы қалдықтары, Ұлы жүз қазақтарының
ертегілер імен аңыздары, Жоңғария очерктері, Тәңірі т.б. еңбектерінде
қазақ өмірінің өткенінен хабар беретін ауыыз әдебиеті үлгілеріне терең
талдау жасайды. Тұңғыш рет фольклортану ғылымында мақал-мәтелдердің басқа
халықтар фольклорымен типологиялық байланысын сөз етеді.
Қазақтың кейбір ертегілері мен мақал-мәтелдері Европа халықтарының
әсіресе славян халықтарының, шығармаларына ұқсас келетіндігіне таңдана
отырып, Шоқан бұл ұқсастықтың сырын ашпақ болады. А.Афанасьев жинап,
бастырған Орыстың халық ертегілерінің ішінде тек алты ертегінің ғана
қазақ ертегілеріне ұқсамайтындығын қарым-қатынас жинау негізінде
болғандығынан деп қарайды. [21, 20]
Шоқан қазақ поэзиясын да жанрлық түрлерге санамалап, бес түрге жіктейді.
Әрқайсысына анықтама беріп, түсіндірме жасайды. Ұлы ғалымның фольклортану
ғылымындағы ұлы жетістігі қырғыздың Манас эпосын жазып алуы және оған
ғылыми түсініктеме беруі дер едік.
Алатау қырғыздарының поэзиялық ең басты және жалғыз десе де болғандай
данышпандық халық шығармасы Манас туралы дастаны екені күмәнсіз. Манас
бір кезеңге және бір адамның – Манас батырдың төңірегіне топтастырылған
барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және
салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопе-диялық жинағы
[25, 247-248] – деген пікірінің өзінен-ақ, халық әдебиетін зерттеудегі
тарихи көзқарасын айқын тани аламыз. Манас жырының негізгі қаһармандарын
халық батырлары ретінде бағалауы да Шоқанның ғылыми көзқарасының ел тарихын
терең игергендігімен ұштасып жатқандығын аңғартады.
Шоқан өзінің саналы ғұмырын халық ауыз әдебиетін, этнографиясын жинап,
саралауға, жүйелеуге арнады. Сондықтан да біз. Шоқанды қазақ фольклортану
ғылымының негізін салушы деп толық атай аламыз. Қазақ фольклортану
ғылымында В.В.Радлов пен Г.А.Потаниннің де сіңірген еңбегі зор.
В.В.Радлов 1862 жылдан бастап Қазақстанның Шығыс өлкелеріне, Іле алқабы
мен Ыстықкөл ойпаңына дейін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1868-1896 жылдары
екінші мәрте келіп, Қапал, Алтынемел арқылы Жетісу жерінде болып,
Ыстықкөлге өтеді. Ғалым осы сапарларының негізінде Түрік руларының халық
әдебиетінің үлгілері деген атпен 1865-1904 жылдар аралығында сегіз томдық
шығармалар жинағын баспадан шығарады. Әрбір томға орыс тілінде кіріспе сөз
жазады, содан кейінгі материалдарды әр халықтың өз тілінде (әрпі орысша)
береді.
В.Радловтың аталған сегіз томдығының үшінші томына қазақ жерінен
жиналған материалдар негізделген. Ғалым өзі жинаған материалдарды халық
шығармалары (қарасөз) және кітаби өлең деп екі топқа жіктейді. Ал халық
поэзиясын өлең және жыр деп екі топқа бөледі. Ол өлең жөнінде:
Өлең бірінші, екінші және төртінші жолы ұйқасып келетін төрт жолдан
тұрады, - дей келіп қазақтың қара өлеңіне тән біраз қасиеттерге тоқталады.
Өлеңдердің алғашқы екі жолының көп жағдайда үндестік үшін алынатындығын
ескерткен жөн, көпшілік жағдайда оның өлең мағынасымен ешқандай байланысы
болмайды [26, 31] – деген тұжырым айтады. Ғалым кітаби өлеңдерді де үлкен
қиссалар, қысқа қиссалар, діни қиссалар деген топтарға бөліп жариялайды.
Тұтастай алғанда В.В.Радлов қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына
өзіндік үлесін қосқан санаулы ғалымдардың бірі.
Ал, Шоқанның жолдасы Г.А.Потанинге келер болсақ, ұлттық фольклортану
ғылымына алғаш рет Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау керек деп жар сала
келгендігін ерекше атап айтқан жөн. Дегенмен, Г.Потанин өзінің көп өмірін
халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен өткізгендіктен, зерттеуге аса мән
бере қоймаған. Алайда, ол қазақ халық ауыз әдебиетінің байлығын, көркемдік
дәрежесінің басқа халықтардан зор екендігін үнемі қайталап айтып отырады.
Қазақ фольклортану ғылымы жөнінде аталған ғалымдардан басқа жекелеген ой-
пікірлер айтқан И.Фалев, П.Мелиоранский, Ә.Диваев еңбектері де белгілі
дәрежеде атап өтуге тұрарлық. Мұндай пікірлер, әрине, үлкен ғылыми
еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклорының тарихи даму
жолдарын, әдебиеттік және қоғамдық мәнін түсіну, оның сырын ұғыну жөнінде
маңызды екендігін атап айтамыз.
Қазақ фольклорын зерттеуші ғалым М.Ғабдуллин кеңестік дәуірдегі
фольклортану ғылымын саралау жөніндегі пікірін былайша өрбітеді:
Қазақ фольклористикасын сөз еткенде бұл ғылымның да қалыптасу, дамы,
өсу жолы, басынан кешірген кездері бар деп қараймыз. Біз оларды шартты
түрде үш кезеңге бөліп қарастырамыз:
Бірінші кезең – 20-30 жылдар арасы;
Екінші кезең – соғыс жылдары;
Үшінші кезең - Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар;
20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында
мәселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарға үлкенді-кішілі
мақалалар жариялана бастайды. Бұл мақалаларда қазақ фольклорын жинау,
зерттеу, бағалау хақында көптеген пікірлері айтылады. Мұның өзі қазақ совет
фольклорис-тикасының яғни ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымының тууына негіз
салады [27, 180].
20-жылдары қазақ фольклортану ғылымы жекелеген мақалаларды ескермегенде,
көлемді зерттеу еңбектер деңгейінде қарастырыла бастады. Алдымен, М.Әуезов
1927 жылы Қызылорда қаласында Әдебиет тарихы атты еңбек жазып,
фольклортану ғылымын тұңғыш рет жүйелеп берді. Ғалым осы алғашқы еңбегінің
өзінде-ақ, қазақ фольклорының қолда бар материалдарын негізге ала отырып,
тұрмыс салт өлеңдерін – сыршылдық салт өлеңдер, батырлар жырын шығу тегіне
қарай - ұлы батырлар және кіші батырлар деп деп екі топқа жүйелейді.
Сонымен қатар лиро эпикалық жырларды – ел поэмалары деп атаса, осы алғашқы
еңбегінде-ақ тарихи өлеңдерді жеке жанр ретінде қарастырады.
Автор, ертегілердің қолда бар нұсқаларын да атай отырып, оларды
топтастыру, жүйелеу бағыттарын көрсетеді. Ғалымның айтыс жөніндегі
пікірлері де маңызды. Жазба айтыс, қыз бен жігіт айтысы, билер айтысын да
М.Әуезов Әдебиет тарихы еңбегінде жүйелеп берді.
Тұтастай алғанда, М.Әуезовтың Әдебиет тарихы еңбегі ұлттық
фольклортану ғылымын тұңғыш рет жүйелеген маңызды еңбек болып саналады.
Ал, 1928 жылы жарияланған Х.Досмұхамедұлының Қазақ халық әдебиеті
очеркі еңбегі ұлттық фольклортану ғылымындағы жаңа бір белес болып
саналады. Х.Досмұамедұлы: Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
кезеңде баспа бетін көрген материалдарды һәм Потанин, Радлов, Диваев басқа
орыс фольклористерінің еңбектерімен жақын таныстығы ғалымның ауыз
әдебиетінің түрі мен жанрларын топтап саралауына, біршама толық, ғылыми
жүйелі жіктеуіне көмегін тигізген. Халел фольклорды тек жалаң сөз өнері деп
танып қана қоймаған, оның әдет-ғұрып, наным-сеніммен байланысты,
этнографиялық мәліметтерден бөле-жармай қарау керектігін жете сезінген
ғалым [28, 11].
Ал, қазақ фольклортану ғылымының 30-жылдардағы даму бағдарын сөз
еткенде, төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлгендігін атап өткен жөн.
Олар:
1. Оқулықтар жасау мәселесі.
2. Ауыз әдебиетінен үйрену мәселесі.
3. Ауыз әдебиетінің халық өнеріне байланысы және халық ақындарының
творчествосы туралы.
Фольклортану ғылымын тереңдете зерттеу ісі бұл жылдарда да игі жалғасын
тапты. 1932 жылы С.Сейфуллин Билер дәуірінің әдебиеті деген еңбек жазды.
Сәкеннің бұл еңбегі негізінен қазақ ауыз әдебиетінің тарихын баяндауға
арналған. Ел тарихына шолу жасай келіп, Сәкен ауыз әдебиетін жанрына қарай
жіктеп, бірнеше салаға бөліп баяндайды. Ауыз әдебиетінің өзіндік
ерекшеліктерін, көркемдік қасиетін анықтайды. Бұл жағдай халық ауыз
әдебиетінің эстетикалық маңызын саралаудың алғашқы тәжірибесі болатын.
Отызыншы жылдары қазақ фольклорын оқулық, хрестоматиялар деңгейінде
жинақтау мәселелері де жолға қойыла бастады. М.Жолдыбаев, М.Әуезов,
Ә.Қоңыратбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Қаратаев, С.Мұқанов, Қ.Бекхожин т.б.
адамдар бастауыш және орталау мектептерге арнап оқулықтар мен
хрестоматиялар дайындады, оқу құралдарын құрастырды. Отызыншы жылдардағы
фольклортану ғылымының жаңа бір табысы – ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиетінің өзара байланысы, жазба әдебиетте фольклорды пайдалану және одан
үйрену мәселесін зерттеу еді. Осы орайда, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
І.Жансүгіров, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, М.Қаратаев
ерекше көзге түсті. Олар, халық әдебиетінің сюжет желілерін көркем
шығармада қайта жаңғыртып, жаңа мазмұндағы көркем туындылар туғызды. Халық
ақындары Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, Шашубай шығармашылығы жөнінде маңызды
зерттеулер жасады. Сонымен қатар, отызыншы жылдар ұлттық фольклортану
ғылымы халық ауыз әдебиетінің жекелеген жанрларын түбегейлі зерттеуге бет
бұрды.
1939 жылы М.Әуезовтың Қазақ халқының эпосы мен фольклоры, С.Мұқановтың
Батырлар жыры, Қ.Жұмалиевтің Халық поэмалары, Ә.Марғұланның Қазақ
эпосын тудырған мотивтер, Б.Кенжебаевтың Қазақ әдебиеті туралы
зерттеулері ұлттық фольклортану ғылымының биік белеске көтерілгендігінің
дәлелі болды.
Қазақ фольклорын зерттеу ісі ұлы отан соғысы жылдарында да жемісті
жалғасын тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің отаншылдық
сезімін ояту үшін Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлар жырымен қатар
Кенесары-Наурызбай тарихи жырлары да баспа жүзін көріп, ғылыми зерттеу
нысанасына айнала бастады.
1940 жылы М.Әуезов пен Л.Соболевтің бірігіп жазған зерттеуі Эпос и
фольклор казахского народа деп аталды. Бұрын қазақ фольклортануы жөнінде
зерттеулер тек ана тілімізде ғана жазылып келсе, енді орыс тілінде жазылған
монографиялық зерттеулер де қосыла бастады. 1945 жылы С.Орлов Казахаский
героический эпос т.б. еңтектер жарық көрді. Дәл осы жылы Ә.Мәметова Қазақ
билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны деген
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін Қазақ әдебиет
тарихының бірінші томында жарияланды. Дегенмен, 1940 жылдар фольклортану
ғылымының жетістігі ретінде 1948 жылы жарық көрген қазақ фольклорының
барлық жанрларын қамтитын академиялық оқулық – Қазақ әдебиеті тарихының
алғашқы томын атағанымыз жөн. Бұл оқулықты дайындауға еімізге танымал
әйгілі әдебиетші ғалымдар тұтастай жұмылдырылды.
1950 жылдары партияның идеологиялық майданы кез-келген мекемеден
ұлтшылдық, байшылдық сарынын іздеп, көрнекті ғалымдардың көпшілігін
қуғын-сүргінге түсіргені белгілі. Тек қана ғалымдар емес, бір мезгіл талай
ғасыр бойы халқымыздың асыл қазынасына айналып келген Алпамыс,
Қобыланды, Ер Тарғын сияқты ұлт мақтанышы болған жырларымыз әдебиет
тарихынан сызылып, зиянды туындылар қатарына жатқызылды. Алайда, бұл
жағдай ұзаққа бармай, 1956 жылдан ұлттық мұраға әділ әрі шынайы баға беру
қайта қолға алынды. Соның нәтижесінде 1956 жылы Е.Ысмайловтың Ақындар,
1958 жылы Қ.Жұмалиевтің Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері,
М.Ғабдулиннің Қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты монографиялар
жарияланып, ұлттық фольклортану ғылымын жаңа белеске көтерді.
Қазақ фольклотану ғылымын тереңдете зерттеу ісі 1960-1970 жылдары да
заңды жалғасын тауып, Б.Адамбаевтың Шешендік өнер (1969) монографиясы,
1967 жылы Қазақ университетінің ғалымдары Ертедегі әдебиет нұсқалары,
1972 жылы фольклортанушы ғалымдардың ұжымдық Қазақ фолькло-ристикасы,
Қазақ фольклористикасының тарихы (1988), Фольклор шындығы (1990) сияқты
зерттеу еңбектер қосылды.
Соңғы жылдары қазақ фольклортану ғылыми әлемдік фольклортану ғылымының
тәжірибелерін игере отырып, фольклордың жекелеген жырларының көркемдік-
эстетикалық мәселелерін жан-жақты зерттеуге бет бұрды.
1.3 Академик Ә.Марғұлан зерттеген халық мұраларының түрлері
Талай дәуірлерді бастан өткеріп, көнеден-бүгінге жеткен рухани
мұраларымызды жинаудағы Әлкей Хақанұлы Марғұланның ісі айтарлықтай қомақты.
Ауыз әдебиетіндегі салт өлеңдері, мақал-мәтел, ертегілер, аңыздар, жұмбақ,
өтірік өлең, эпостық жырлардың көптеген үлгілерін жинастырып, қағаз бетіне
түсіруде оны басқа да нұсқаларымен салыстырып отырады. Осылардың ішіндегі
Әлекеңнің аса ден қойғаны – ежелгі жыр, аңыздар. Қазақ аңызын біз тарихи
және топонимикалық күй-аңыздар деп бөлетін болсақ, сол аңыздардың барлық
түрлерін ғалым хатқа түсірген.
Қазіргі тарихшы, фольклористер мен лингвистердің бір қызыға зерттеп
жүргені ертедегі жоғалып кеткен ескі қалалар, атақты сарайлар, мұнаралар,
діңгектер туралы қазақ халқының ғажайып аңыздары екені аян. Ертедегі
Сайрам, Сүткент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Қауған-ата, Артық-ата,
Баршынкент, Жент, Оғыз-дабан, Хорасан-ата, Шу, Баласұғын, Талас, Барысқан,
Отылық (Атлақ), Шельжі, Шегіл (Шекті), Мерке, Құлан, Ашпора, Ілебалық,
Куяш, Екіоғыз, Қиялық, Кіші Талас т.б. жойқын қалалар турасындағы аңыздарды
зиялы қауым Ә.Марғұланның жазып кеткендері арқылы да қарастырып жүр.
Сол сияқты, бұзылған күмбездердің сырын шертетін аңыздардың ғалым
назарын аударуы өзінің мамандығына деген талабынан туған табиғилық дер
едік. Өзінен кейінгілерге Домбауыл, Қозы Көрпеш-Баян сұлу кешені, Қорқыт
ата, Бике мұнаралары Торғай, Ұлытау бойындағы үйтастар, Дыңар және Есіл,
Нұрасының арасындағы үлкен Тоғанастың тоқсан көлі Айдыны мен Шідерті
өзенінің аяғындағы Ақжарса және т.б. жайындағы аңыздарды жеткізеді.
Ғалым өзі жинақтаған тарихи аңыздардың астарына үңіле отырып, ел
тарихына қатысты ескі деректерді іздестіреді. Соның негізінде археология
ғылымына қажетті деректерді екшеп, іріктеп өз қажетіне жаратып отырған.
Қала тұрмысының сарыны тек халық жырларында ғана емес, ол көп тарихи
монументте, биік мұнаралар түрінде сақталып келген. Оны бірінші рет
жақсылап айтып кеткен ХІІІ ғасырдағы француз саяхатшысы Вильгельм Рубрук.
Оның айтуынша, Кумандардың (қыпшақтардың) әдеті биік діңгек, - үсті шошақ
биік үйлер тұрғызады, кей жерлерде кірпіштен салынған биік мұнаралар
көрдім, тасы жоқ жерлер өзінде тастан салынған үйлер жиі кездеседі.
Қабырғалардың төрт бұрышында биік тастан қалап шығарған құлақтары бар,
демек төрт құлақты там. (Рубрук. Путешествие в восточные страны, 80) мұның
барлығы қазақтарда сақталған. Ең тамашасы діңгек басқыштар (дың), мен ұзын
мұнаралар. Олардың кейбірі осы күнге дейін сақталған. Оны Донбауыл, Қозы
Көрпеш-Баян сұлу, Қорқыт ата мұнарасы, Бикем мұнарадан, Сараман-қоса, өзге
толып жатқан Торғай, Ұлытау бойындағы үйтастар, дыңдар ашық түрде
көрсетеді. Бұлардың көпшілігі Аягөз бойындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу
кешені сияқты тастан сүйірлеп жасаған күмбезді монументтер. Мүмкін, Рубрук
1253 жылы Аягөз жолымен жүріп өткенде, Қозы Көрпеш кешені көркем түрінде
тұруы ғажап емес.1
Осылайша, ғалым халық аңыздары мен жырларындағы тарихы сарынды қазақ
даласындағы тарихи жәдігерліктермен салыстыра отырып анықтауға тырысады. Ел
арасында ең мол таралған жыр-дастандарды ала отырып, сюжет желісіндегі ел-
жер тарихына қатысты деректерді бөліп алып, археологиялық қазба мен зерттеу
нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, ең ескі дәуірлердегі тарихи деректердің
көзін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz