1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Қазақ прозасының даму ерекшелігі және ізденіс көздері ... ... ... ... ... ... 10
1.1 Прозадағы дәстүр сабақтастығы мен жаңашыл тенденциялар ... ... ... ..10
1.2 Көркем ой дамуындағы ұлттық идея және адам мәселесі ... ... ... ... ... ...30
2. Әлеуметтік шындық және замандас мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр.
ХХ ғасыр жер бетінің талай аймағын қанға бөктірген неше түрлі жойқын соғыстардың, жаппай қырып-жою құралдарының шектен тыс көбейіп, жанталаса, жарыса қаруланудың, адамдар санасына саяси қысым жасаудың, технократтық өзгерістер мен жаңалықтар алдыңғы қатарға шыққан ғасыр болды да, адам феноменіне қатысты күрделі мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Сондықтан да қазіргі кезеңдегі қоғамдық ғылым салаларының айрықша ден қойып, жан-жақты зерттеуге ойысқан адам мәселесі ең ауқымды, ділгір мәселе ретінде бой көрсетеді. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден басталған сала-сала пікірлер мен көзқарастар қайшылығы адамды табиғаттан, ғарыштан бөліп алып, басқа заттардан бөлек тікелей обьект ретінде қарайтын жаңа дәуірде де жалғасын таба береді.
Ғылыми-техникалық қарыштау дәуірі адамзаттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне жаңаша мағыналар үстеді. Соның нәтижесінде адам тұлғасын қалыптастырудағы, қоғамның адамгершілік негізін нығайтудағы гуманитарлық саланың, мәдениет пен өнердің рөлі, қажеттілігі жайында пікірлердің молая түскендігін көріп жүрміз. Бұл орайда адам баласының ақыл-ойы мен сезімінің, эстетикалық дүниетанымының арқасында туған, адам өмірінде болатын түрлі оқиғаларды мәңгілік құбылысқа айналдырып отырған өнердің орны айрықша. Өнердің өзіндік спецификасы мен қызметі жөніндегі әлемдік эстетикалық ой-пікірлердің тарихына зер салсақ, көне дәуірлердің өзінде адамды табиғаттың ең күрделі жаратылысы ретіндегі танымға баса салмақ артылады. Содан да барып өнердің қастерлі де ұлы мұраты – адамның асыл қасиетін, асқақ рухын паш ету сынды қадым замандардан бері келе жатқан бұлжымайтын ақиқат қалыптасты.
Жер бетіндегі саналы тіршілік иесінің алдында тұрған бұл мәңгілік мәселені өнердің бір түрі – әдебиет те өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. “Қайсыбір көркем шығарма болса да, оның түпкі мақсаты, идеясы адамдардың қимылы, мінез-құлқы арқылы шешілмек. Жалпы өмір шындығын адам өмірінен, оның ішінде жекеленген немесе топталып қорытылған адам бейнесінен тыс көрсету мүмкін емес” (І,368) екені әбден орныққан шындық. Әдебиет қоғамдық-тәрбиелік, эстетикалық категориялар тұрғысынан табиғат әлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани-психологиялық болмысын өзіне обьект етеді. Ішінара бөлшектеніп кететін бұл мәселелердің әдебиет арқауы ретіндегі орны үнемі өзгерісте болады, дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. -Алматы: Ғылым, 1997. - 504 б.
2 Бердібаев Р. Сол бір жылдарда.//Жұлдыз, № 5-6,1995. -Б.118-140.
3 Фролов И.Т. Перспективы человека. Опыт комплексной постановки проблемы, дискуссий, обобщения. - Москва: Политиздат, 1979. - 336 с.
4 Кекілбаев Ә. Кемелдік. //Уақыт және қаламгер.(Құраст. Р. Бердібаев). - Алматы: Жазушы, 1984. -Б. 35-62.
5 Әбдікова Қ. Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы. Филология ғылымдарының кандидаты ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 1997. –157 б.
6 Қабдолов З. Жебе. Әдеби толғаныстар мен талдаулар. - Алматы: Жазушы, 1977. - 380 б.
7 Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. Филол. ғыл. докторы ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс-я. Алматы, 1993. - 362 б.
8 Хамзеева Б. Қазақ халқының қоғамдық ой дамуындағы адам проблемасы. Философия ғыл. канд. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. диссерт-ның авторефераты. Алматы, 1996. -27 б., Мұсаева Н. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Философия ғыл. докторы ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс-ның авторефераты. -Алматы, 1988. - 36 б.
9 Лихачев Д. С. Человек в литературе древней Руси. - Москва: Наука, 1970. - 180 с.
10 Померанцева Е.С. Введение. //Концепция человека в современной литературе 1980-е годы: сборник обзоров. - Москва: ИНИОН АН СССР, 1990. -С. 5-15.
11 Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. - Алматы: Жазушы, 1992. - 544 б.
12 Нұрғалиев Р. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. -Алматы: Жазушы, 1991. - 576 б.
13 Кекілбаев Ә. Сергек әдебиет – сертіне адал. //Жалын, 1989, №6. –Б.21-26.
14 Әуезов М. Әр жылдар ойлары.-Алматы: ҚМКӘБ, 1959. -555 б.
15 Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. - Алматы: Рауан, 1994. - 240 б.
16 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Адамға қарай бет бұрсақ. –Алматы: Қазақ унив-ті, 1992. –160 б.
17 Лосев А. Философия. Мифология. Культура. - Москва: Политиздат, 1991. - 524 с.
18 Кекілбаев Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: Роман және повестер. - Алматы: Жазушы, 1989. - 400 б.
19 Майтанов Б. Психологизм – прозадағы жаңашыл арна. //Уақыт және қаламгер: әдеби сын. 7-кітап. - Алматы: Жазушы, 1980. -Б. 189-207.
20 Белая Г.А. Художественный мир современной прозы. – Москва: Наука, 1983. - 191 с.
21 Есембеков Т. Художественно-эстетическое значение драматизма в казахской прозе. Автореферат дисс-ии на соиск. ученой степени доктора филол. наук. Алматы, 1998. - 47 с.
22 Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалалар, портреттер эссе. - Алматы: Жазушы, 1993. - 624 б.
23 Распутин В. Адам жаны - зерттеу нысанам. //Сөзстан, 2-кітап. (Құраст. Б. Сарбалаев). - Алматы: Жалын, 1980. -Б. 36-40.
24 Сигуа С. Миф и логика: структура прозы К.Гамсахурдиа. - Тбилиси: Мерани, 1984. –- 336 с.
25 Исмақова А. Әдебиетте тоқырау болды ма? //Уақыт және қаламгер: Әдеби-сын мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1990. -Б. 187-196.
26 Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. - 367 б.
27 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Т.2. - Алматы: ҚМКӘБ, 1960. - 364 б.
28 Поспелов Г. Н. Вопросы методологии и поэтики. - Москва: Изд-во Моск. унив-та, 1983. - 336 с.
29 Ахметов З. О своеобразии казахского литературного процесса начала ХХ в. //Известия АН РК. Филологическая серия. Алматы, 1990. №2. –С.30-41.
30 Майтанов Б. Қазақ романдарындағы замандас бейнесі. //Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980.Б. 278-314.
31 Бушмин А.С. Преемственность в развитий литературы. - Москва: Наука, 1975. - 159 с., Храпченко М.Б. Творческая индивидуалность писателя и развитие литературы. - Москва: Сов. пис., 1975. - 406 с.
32 Аймауытов Ж. Шығармалары: романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар. (Құраст. М. Атымов, Қ. Керейқұлов). - Алматы: Жазушы, 1989. - 560 б.
33 Тарази Ә. Қорқау жұлдыз: Роман мен повесть. - Алматы: Жазушы, 1991. - 288 б.
34 Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
35 Карлова О. Радостное бесчувствие. Сибирский случай. //Вопросы литературы. Москва, 1992, №2, -С.171-183.
36 Кәкішев Т. Тұсаулы ой толқындары. //Жұлдыз, №6, 1993. -Б. 186-196.
37 Добренко Е. “Правда жизни” как формула реальности. //Вопросы литературы. Москва, 1992, №2. -С. 4-26.
38 Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. -Алматы: Жазушы, 1997. -196 б.
39 Бочаров А. Литература и время. - Москва: Худ. лит., 1988. - 383 с.
40 Шешкен А.Г. Концепция героя в новейшей югославской прозе. //Концепция человека в современной литературе. 1980-е годы. - Москва: ИНИОН АН СССР, 1990. – С.113-130.
41 Толстых В.И. Происхождение и сущность искусства. //Общественное сознание и его формы. - Москва: Политиздат, 1986. -С. 211-228.
42 Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. Әдеби-сын зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1969. - 444 б.
43 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. -Алматы: Ғылым, 1984. -272 б.
44 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 288 б.
45 Бердібаев Р. Қазақ эпосы. (жанрлық және стадиялық мәселелер). - Алматы: Ғылым, 1982. - 232 б.
46 Хамзеева Б. Қазақ халқының қоғамдық ой дамуындағы адам мәселесі. Философия ғыл. канд. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс-ның авторефераты. Алматы, 1996. - 27 б.
47 Жолдасбеков М. Асыл арналар: Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1986. - 328 б.
48 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 264 б.
49 Мағауин М. Ғасырлар бедері: Әдеби зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1991. - 432 б.
50 Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. Т.1. - Алматы: Жазушы, 1989. - 384 б.
51 Бердяев Н.А. Человек и машина. //Вопросы философии. Москва, 1989, №2. -С. 143-162.
52 Иванов В.В. И дышет почва и судьба. //Лит. газета. Москва, 1988, 1 июнь. №22.
53 Мигдал А.Б. Что я читаю сегодня: Ответ на анкету //Лит. газета. Москва, 1989, 4 янв. ғ1.
54 Әлімжанов Б. Идея және шешім. //Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. 7-кітап. - Алматы: Жазушы, 1980. -Б. 229-237.
55 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1977. - 300 б.
56 Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: Повестер. - Алматы: Жазушы, 1994. - 496 б.
57 Зобов Р.А., Мостопоненко А.М. О некоторых проблемах взаимосвязей философии и искусства. //Творческий процесс и художественное восприятие. - Ленинград, 1978. –С. 9-31.
58 Хамзин М. 60-80-інші жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы. Филол. ғыл. докторы ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс-я. Алматы, 1997. - 339 б.
59 Овчаренко В.И. Литература начало 80-х годов. //История русской советской литературы, 40-80-е годы: Учебник для студентов пед. институтов. 2-е изд. - Москва: Просвещение, 1983. -С. 490-509.
60 Распутин В. Быть самим собой //Вопросы литературы. –Москва, 1976, №9. -С. 142-150.
61 Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.2: Роман, повестер, әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1993. - 496 б.
62 Қаратаев М. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық диалектикасы. //Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. -Б. 4-25.
63 Асылбеков С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы (1970-1989 ж.ж.). Филол. ғыл. канд. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс-ның авторефераты. Алматы, 1997. - 27 б.
64 Бернштейн А. Эпос обновления жизни. - Москва: Сов. пис., 1982. - 343 б.
65 Бөкеев О. Өз отыңды өшірме. - Алматы: Жазушы,1981. – 384 б.
66 Түліков Қ. Күрделі тақырып күрмеуі. //Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1986. -Б. 13-22.
67 Тоқбергенов Т. Қос қағыс. Мақалалар мен портреттер. – Алматы: Жазушы, 1981. - 284 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына
үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына
салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні
адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы
нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға
мұрындық болып отыр.
ХХ ғасыр жер бетінің талай аймағын қанға бөктірген неше түрлі жойқын
соғыстардың, жаппай қырып-жою құралдарының шектен тыс көбейіп, жанталаса,
жарыса қаруланудың, адамдар санасына саяси қысым жасаудың, технократтық
өзгерістер мен жаңалықтар алдыңғы қатарға шыққан ғасыр болды да, адам
феноменіне қатысты күрделі мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Сондықтан да
қазіргі кезеңдегі қоғамдық ғылым салаларының айрықша ден қойып, жан-жақты
зерттеуге ойысқан адам мәселесі ең ауқымды, ділгір мәселе ретінде бой
көрсетеді. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден басталған сала-сала
пікірлер мен көзқарастар қайшылығы адамды табиғаттан, ғарыштан бөліп алып,
басқа заттардан бөлек тікелей обьект ретінде қарайтын жаңа дәуірде де
жалғасын таба береді.
Ғылыми-техникалық қарыштау дәуірі адамзаттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне
жаңаша мағыналар үстеді. Соның нәтижесінде адам тұлғасын қалыптастырудағы,
қоғамның адамгершілік негізін нығайтудағы гуманитарлық саланың, мәдениет
пен өнердің рөлі, қажеттілігі жайында пікірлердің молая түскендігін көріп
жүрміз. Бұл орайда адам баласының ақыл-ойы мен сезімінің, эстетикалық
дүниетанымының арқасында туған, адам өмірінде болатын түрлі оқиғаларды
мәңгілік құбылысқа айналдырып отырған өнердің орны айрықша. Өнердің өзіндік
спецификасы мен қызметі жөніндегі әлемдік эстетикалық ой-пікірлердің
тарихына зер салсақ, көне дәуірлердің өзінде адамды табиғаттың ең күрделі
жаратылысы ретіндегі танымға баса салмақ артылады. Содан да барып өнердің
қастерлі де ұлы мұраты – адамның асыл қасиетін, асқақ рухын паш ету сынды
қадым замандардан бері келе жатқан бұлжымайтын ақиқат қалыптасты.
Жер бетіндегі саналы тіршілік иесінің алдында тұрған бұл мәңгілік
мәселені өнердің бір түрі – әдебиет те өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге
тырысады. Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты,
мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын
айқындайтын адастырмас темірқазығы. “Қайсыбір көркем шығарма болса да, оның
түпкі мақсаты, идеясы адамдардың қимылы, мінез-құлқы арқылы шешілмек. Жалпы
өмір шындығын адам өмірінен, оның ішінде жекеленген немесе топталып
қорытылған адам бейнесінен тыс көрсету мүмкін емес” (І,368) екені әбден
орныққан шындық. Әдебиет қоғамдық-тәрбиелік, эстетикалық категориялар
тұрғысынан табиғат әлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани-
психологиялық болмысын өзіне обьект етеді. Ішінара бөлшектеніп кететін бұл
мәселелердің әдебиет арқауы ретіндегі орны үнемі өзгерісте болады, дамиды.
Сайып келгенде, әдебиеттің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның
танымы мен тағдырынсыз ашылмайды. Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен
айырмашылығы мұндағы образдардың, яғни адамның көркем сөзбен
сомдалатындығында. Көркем әдебиет адамды, оның төнірегіндегі сан-түрлі
процестерді таным нысанасы ретінде ғана санамай, оны көркемдік биіктен
зерделеп, игеру нәтижесінде сыртқы әлеммен сезімдік-рухани байланысқа
түседі. Сондықтан да адам жанының диалектикасының ашылу дәрежесі сөз
өнерінің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала
береді.
Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмыстың нысанасы болып отырған қазақ
прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси,
экзистенциалық, рухани-психологиялық мәселелер, ұлттық идея біршама ашық
түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмысына
анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста
қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды.
Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Бұл кешегі
кеңестік мемлекет аумағындағы бірнеше ұлттардың әдебиетінде бедер білдірген
құбылыс болатын. Өйткені адам тұлғасының, рухани әлемінің қалыптасуы,
өзгеріске ұшырауы тарихи-әлеуметтік жағдайлармен де байланысты. Кеңестік
дәуірдің 70-80-жылдарында көркем өнердегі таптық доктрина, “социалистік
гуманизмге” негізделген “жаңа адам” бейнесін жасау талаптары әлі де күшін
толық жоймаса да, бұл жасанды ұғымдар солғын тарта бастаған шақ еді.
Бүкіладамзаттық гуманизм идеяларына иек арту күшейіп, “социализм
идеологиясының шексіздігіне, сол кезеңдегі қағидаларға сәйкес жер бетіндегі
ең өміршең, ең әділ, кәміл шамшырақ екендігіне күдік туа бастады” [2, 118].
Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі
маңызына, болмыстың басқа формаларына қатысына әлемдік көркем дамудағы
қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді. И.Т.Фролов: “Сегодня как никогда ранее,
человечество сосредаточено вглядывается в самого себя и порой как бы вновь
открывает Человека” [3, 8] -деген пікірі көркем шығармашылықтағы оң
өзгерістерді зерделеуден туған ой.
Кейінгі онжылдықтардағы қазақ прозасындағы адамтану қырлары ерекше ден
қоюды қажет етеді. Неге десек, әр қаламгердің адам туралы өзіндік
концепциясы, оны көркем кестелеудің жеке принциптері болады. Ә.Кекілбаев:
“Жазушының адамға деген идеялық-көркемдік қатынасынан оның творчествосының
стильдік сипаттары қалыптасады. Оның адам тіршілігінің белгілі бір (не
қаһармандық, не трагедиялық, не күлкілі) астарларына айрықша көңіл
бөлетіндігі творчествосының жанрлық бағытына да әсер етеді” [4, 49-50] -
дейді. Демек, қаламгердің адамға деген көзқарасы, тану деңгейі, оның
стиліне, туындыларының жанрына, тіпті дүниетанымы мен бүкіл шығармашылығына
әсер етеді. Яғни, суреткердің өзіндік стилі болуы үшін адамға деген өз
көзқарасы болу керек. Соңғы жылдары қазақ әдебиеттанушылары да “Жалпы әдеби
процесті, белгілі бір жазушының шығармашылығын көркем әдебиеттің негізгі
обьектісі - адам тұлғасы арқылы зерттеу жалпы ғылым үшін жемістілігімен,
тиімділігімен ғана емес, көркем ойдың концептуалдық негізін құрайтындығымен
құнды” [5, 133] екендігін баса айта бастады. Сондай-ақ, 70-80-жылдары проза
саласында өнімді еңбек еткен Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Д.Исабеков, Ә.Тарази
сынды жазушылардың шығармаларындағы адам концепциясын диплом жұмысымызда
арнайы түрде қарастыру бүгінгі күннің талаптарын толық ескеру болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл кезеңдегі әдеби процесс және аталып
отырған жазушылардың шығармашылықтары жайында әр уақытта З.Қабдолов,
С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов,
Қ.Ергөбеков, Ж.Дәдебаев, Б.Ыбырайымов, З.Серікқалиев т.б. ғалымдардың
мақалалары мен зерттеулері жарыққа шықты [6]. Сонымен қоса қазіргі қазақ
прозасы поэтикасының жекелеген мәселелері жайлы жазылған докторлық,
кандидаттық диссертациялардың авторлары Т.Рахымжанов, Т.Сыдықов, М.Хамзин,
Т.Есембеков, А.Исмақова, С.Асылбеков, О.Көзбеков, А.Рамазанова,
Ж.Айтмұханбетова, Ж.Дүйсенбаева т.б. зерттеушілердің еңбектерінде де
маңызды-маңызды ойлар айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалды [7]. Әйтсе де,
зерттеу жұмысын жүргізушілер бұл қаламгерлердің көркем туындыларындағы адам
болмысы жөніндегі идеялық-эстетикалық көзқарастарды өздерінің тақырыптары
мен нысаналарына қатысты қажетті мөлшерде ғана қамтыды. Ал біздің алдымызға
жазушылардың адам мәселесіне эстетикалық, философиялық және адамгершілік
қатынастарының тұтастай көрінісі, яғни адам тұлғасы жайлы концепциясындағы
ұлттық және кейбір әлемдік әдеби тенденциялардың көркем мазмұнға ықпалын
көрсету, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасау міндеті қойылады.
Бертінгі уақыттарда ұлттық философиялық ой-пікірлердегі және қоғамдық
ой дамуындағы адам мәселесін зерттеуде біршама жетістіктер бар [8]. Енді
қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған іргелі міндеттердің бірі -
ұлттық көркем ой дамуындағы адам тұлғасын жан-жақты қарастыру. Бұл орайда
орыс әдебиеттануында күрделі талдаулар жасалып, толымды зерттеулер
жазылғанын тілге тиек етіп кетуімізге болады [9]. Мұндай зерттеулердің
қажеттілігі мен көкейтестілігі жөнінде Е.С.Померанцева: “Исследование
концепций человека, сложившихся в современной литературе - один из
источников знаний о бытии его разума и душы, о свойствах человеческой
натуры, ее потенциальных возможностях, о мире, в котором мы живем; эти
исследования помогают понять причины дефицита морали и духовности, который
вызывает у мыслящих людей все большую тревогу” [10, 9] - деп жазады.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының деңгейі де, оның логикалық даму
барысы да қазақ ақын-жазушыларының творчествосындағы адам концепциясының
философиялық-эстетикалық қырларына терең үңілуді талап етеді. Әсіресе,
образ бен характердің табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи және бүкіладамзаттық
қырларын жаңаша пайымдау маңызды мәселелердің қатарынан әлі күнге түскен
жоқ.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ә.Кекілбаев, О.Бөкей,
Д.Исабеков, Ә.Тарази сынды жазушылардың прозаның түрлі жанрында жазылған
шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік
көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралай, олардың дара және ортақ
стильдік белгілерін көрсете отырып, тұтастай 70-80-жылдар прозасындағы адам
мәселесінің қойылысын, ұлттық идеяны талдау диплом жұмыстының негізгі
мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай нақты міндеттер қойдық:
- 70-80-жылдар қазақ прозасындағы әдеби дәстүр жалғастығы сипатын ашып,
жаңашыл тенденцияларды айқындау;
- Ұлттық көркемдік ой дамуындағы адам мәселесіне тезис түрінде шолу
жасай келіп, қазіргі қазақ прозасымен үйлестік-өзгешеліктерін анықтау;
- Суреткерлер шығармаларындағы адам тұлғасының түрлі қарым-қатынастық
жүйесін талдау;
- Дәстүрлі және әлемдік әдеби-философиялық ағымдардың әсері дәрежесін
зерттеу;
- Қазіргі қазақ прозасының типологиялық байланыстарын қарастыру;
- Кезеңдік өзгерістер мен қоғамдық қатынастарға орай қаһарманның
(адамның) нақты-тарихи мәнінің көрінісіне баға беру;
- Соңғы жылдар прозасындағы адамгершілік ізденістер, моральдық-этикалық
мәселелер.
Зерттеу нысанасы болып Ә.Кекілбаевтің Екі томдық таңдамалы шығармалар
(1989), О.Бөкейдің "Мұзтау" (1975), "Өз отыңды өшірме" (1981), "Ұйқым
келмейді" (1990), Екі томдық таңдамалы шығармалар. Бірінші том (1994),
Д.Исабековтың Екі томдық таңдамалы шығармалар (1993), Ә.Таразидің "Қиян
соқпақ" (1976), "Тасжарған" (1980), "Кен" (1986), "Қорқау жұлдыз" (1991)
кітаптарына енген туындылары алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Жұмыста қазақ
прозасының тарихына, теориясы мен поэтикасына қатысты жазылған қазақстандық
және шет елдік әдебиеттанушы ғалымдардың, сыншылардың, әлеуметтанушылардың,
философтардың, психологтардың еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары
негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Жұмыста ғылыми-эстетикалық, әдеби-теориялық және
салыстырмалы-тарихи, типологиялық әдістер қолданыла отырып, жүйелі
құрылымдық негізде орындалды. Сонымен бірге, жазушылардың шығармашылық
лабораториясынан мәліметтер алынды.
Зерттеудің практикалық және теориялық мәні. Диплом жұмысының негізгі
нәтижелерін гимназия, лицейлерде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп
оқытатын мектептерде қазақ әдебиетінің тарихын оқытуда, үйірме, факультатив
сабақтарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 Қазақ прозасының даму ерекшелігі және ізденіс көздері

1.1 Прозадағы дәстүр сабақтастығы мен жаңашыл тенденциялар

Адамзаттың сұлулыққа, кіршіксіз тазалыққа ынтық сезімінің нәтижесінде
дүниеге келіп, сан ғасырдың көркемдік шежіресіне айналған өнер тармағының
бірі – әдебиеттің тарихи даму белестерінде айрықша бір кезеңдер болады. ХХ
ғасырдың 70-80-жылдары қазақ сөз өнерінде дәл осындай рухани-эстетикалық
ерекше серпіліс байқалды. Поэзияда да, прозада да жаңа эстетикалық
критерийлердің, гуманистік-демократиялық жаңа принциптердің қалыптасуы –
суреткерлердің әлеуметтік талдауға тереңдеп баруынан, тақырып сонылығы мен
өзектілігінен, заманның көкейкесті мәселелерін адам баласының ортақ
мұраттарына орайлас қарауға деген талпынысынан, өткен тарих пен қазіргі
уақытты қабыстыра отырып, қоғамның адамгершілік-рухани бейнесін тереңдеп
ашуға бағытталған тенденциялардың белең алуынан көрінеді.
Әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылар назарын бірден баурап алған ұлттық
әдеби процестегі мұндай екпін, тұтас жанды қозғалыс өзінің бастауын
алпысыншы жылдардан алған болатын. Әдебиет өлкесіне осы уақытта араласа
бастаған Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, Қ.Жұмаділов,
Қ.Ысқақов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров,
Д.Досжанов, Ш.Мұртаза, А.Сүлейменов, А.Нұрманов, Т.Нұрмағанбетов сынды т.б.
жазушылар қазақ прозасының профессионалдық деңгейінің көтерілуіне үлкен
ықпал жасады. Әдебиетке араласқан бұл ерекше толқынның ең басты өзгешелігі
- сөз өнерінің Адамды жан-жақты танудағы рөліне баса назар аударуы дер
едік. Осы жылдардағы әдебиет өзінің классикалық нысанасы – адамдық
аспектіге бет бұрысы көркем сөз жанрының ішкі мүмкіндіктерін сарқа
қозғауына, көркемдіктің шын биігіне деген құлшынысына, әдебиеттің күрделене
түсуіне себепші болды.
Академик С.Қирабаев: “Соңғы жылдардағы әдеби процестің бір ерекшелігі
– талантты жастардың әдебиетке көптеп келуі... Он-он бес жылдардың
айналасында әдебиетке келген топ та біраз іріктеліп қалды. Олардың талантты
өкілдері осы дәуір ішіндегі әдеби процеске белсене араласып, әдебиетіміздің
жаңа ізденістерін, табыстарын байытуға үлестерін қосып жүр. Олар өз дәуірі
шындығының жанды суретін ғана емес, замандастарының ішкі сезім күйлерін,
оларды толғандырған ой-пікірлер байлығын ала келді. Жастардың жазу
мәнерінде білімділік, мәдениеттілік сезіледі. Шындыққа әр көзбен қарап,
әрқайсысы әр жағынан толықтыру арқылы олар әдебиет дүниесін байытуға едәуір
үлес қосуда” [11, 84] - деп, әдебиет әлемін енді-енді барлап, кей жазушылар
өздерінің негізгі шығармаларын әлі жазып үлгермесе де олардың бойындағы
рухани қуатты жіті байқаған еді.
Көркем ойға батыл түрде қозғау салына бастаған осы шақ қаламгерлері
бүтіндей шығармашылығымен болмаса да рухани түлеудің соны белгілерін таныта
бастаған жекелеген туындылары немесе шығармалар сериясы арқылы біздің
санамызға әлдеқайда күштірек ықпал жасай бастады. Дәл осы кезеңнің
интеллектуалдық серпінін танытқан “Қамшыгер”, “Кербұғы”, “Қайдасың, қасқа
құлыным”, “Жетім бота”, “Өліара”, “Мұзтау”, “Қар қызы”, “Өз отыңды өшірме”
(О. Бөкей), “Тіршілік”, “Сүйекші”, “Дермене”, “Гауһар тас”, “Қарғын” (Д.
Исабеков), “Шыңырау”, “Күй”, “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” (Ә.
Кекілбаев), “Қос шынар”, “Тасжарған”, “Кен”, “Қорқау жұлдыз”(Ә. Тарази)
т.б. сияқты әңгіме, повесть, романдардың дүниеге келуі қазақ халқының
рухани дамуындағы елемеуге болмайтын құбылыс екендігі дау туғызбайды.
Қазақ әдебиетінің даму, өсу жолының осы уақытында танылған қаламгерлер
жайлы зерттеуші Р. Нұрғалиев: “Балалық, бозбалалық шағы соғыс кездерінің
қылыштан қан тамған қаһарлы, жаралы жылдарымен дөп келген ұрпақ өкілдерінен
шыққан қаламгерлердің баршасына ортақ қасиеттер бар: ең алдымен бұлардың
қайсысын алсаң да, өмірдің қара қазанында қайнап піскен, тіршіліктің тас
диірменінде әбден тартылған адамдар. Қаламнан өмірге келмеген, өмірден
қаламға келген. Творчестволарындағы басты сипат, басты құнар - өмірдің
лебі, тіршіліктің бояуы”, [12, 219] - десе, әдебиетке осы толқынның ішінде
келіп, прозадағы жаңа үрдісті қалыптастырудағы өзгеше орны бар жазушы Ә.
Кекілбаев: “Тұрмыстың қатал илеуінде жүріп, тауқымет-таршылықты қаншама
тартса да, көзбояушы көлгірліктен ауылы аулақ, шындық пен ақиқаттың алдында
қаймықпай жүгінуге батылдары жететін, рухани жүкті көтеріп әкетуге іштей
зор дайындықпен келген, орыс пен Европа мәдениетін тең игерген, әрі
халықтың қалың ортасынан шыққан бұл буынның көп өкілі әдебиет
табалдырығынан аттамай жатып-ақ, қым-қиғаш тіршіліктің қиыр-шиыр күрделі
сырларына қаймықпай үңіле бастаған-ды. Сондықтан да қазақ әдебиетінің сол
кездегі даму барысы оларды қанағаттандырмады” [13, 21] - дейді.
Үстіміздегі ғасырдың бұл белесінде қазақ прозашылары кеңестік тұйық
қоғамда өмір сүре отырса да, өздеріне дейінгі шығармалар арқауы болып
келген, жасанды идеяны насихаттайтын - интернационализм, индустрия, тың
игеру, жұмысшылар өмірі, шаруашылық табыстары сияқты тақырыптардан мақсатты
түрде бас тарта бастады. Олар өмір шындығын байыптау барысында заман
келбетін көркемдік таным деңгейінен бағамдауды адам тағдырымен терең
сабақтастыратын болды. Прозаның қай жанрында болмасын әдебиеттің
адамтанудағы мәнін ескеру күшейді.
Әрбір жанр өзінің эволюциялық даму жолында түрлі қоғамдық-әлеуметтік,
тарихи-мәдени әсерлердің негізінде жетіліп отыратыны - диалектикалық
шындық. Сол сияқты қазақ прозасы да әуелгі көркем шығармашылықтың бойына
тұтасқан поэтикалық синкретизмнен енші алды. Сөйтіп барып әдебиеттің
жетекші саласына айналды. Ондағы қайсыбір жаңашыл нышандарды тарихилық
принципімен зерделегенде ғана танып-білуге болады.
Қазақ әдебиетіндегі прозаның сүйегі ауыз әдебиетінде жатқаны белгілі.
Оның ішінде қазақтың байырғы ертегілері мен аңыз әңгімелерінің халықтық
проза екендігі аян. Қазақ фольклористикасының ғұламасы М. Әуезовтің:
“Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған
болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық
жолмен көп араласып, қабысып жатыр” [14, 237] - дегеніндей, ертегілердегі
адам мен әлем, қоршаған орта турасындағы қиялдар, космогониялық және
тотемдік мифтер, ежелгі нұсқалардағы табиғаттағы дүниенің барлығын бірдей
деңгейден қараған мифтік сана, түрлі аңыздар мен әпсаналарда халықтық
көркем ойлар қазақ прозасының алғашқы мазмұндық бастауы болды.
Ал, ХІХ ғасырда, әсіресе, ХV-ХVІІІ ғасырларда ерекше биікке көтерілген
поэзияның эстетикалық роліне бертін проза бәсекеге келді. Әдебиетімізде осы
жанрдың ерекшеліктеріне бағындырылған шығармалар тудыруда ұлы ағартушылар –
Ы.Алтынсарин мен Абайдың орны бөлекше. Алғашында өзінің педагогтік
мақсатына пайдалану ниетімен Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.А.Крыловтардың
шығармаларын, басқа да халықтардың фольклор үлгілерін қара сөзбен
тәржімалаған Ыбырайдың аудармалары мен төл әңгімелері проза тарихындағы
елеулі бастама еді. Ұлы ойшыл Абайдың “ғақлиялары” да проза жанрының ұлттық
топырақта толысуындағы жаңаша қадам. Философиялық оймен құнарланған қара
сөздер прозаға мықты идеялық-сапалық таған бола білді.
ХХ ғ. басында “Бақытсыз Жамал”, “Қалың мал”, “Қамар сұлу” сынды
алғашқы романдық үлгілердің дүниеге келуі қазақ көркем ойындағы бұл жанрдың
тұрақты түрде дамуға бет алғанының айғағы еді. Ал жиырмасыншы жылдардан
бермен қарай М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” әңгімесі, Ж.Аймауытовтің
“Қартқожа”, “Ақбілек” романдары, М. Әуезовтің “Көксерек”, “Қараш-қараш
оқиғасы”, “Қаралы сұлу”, “Жетім”, “Қорғансыздың күні”, “Оқыған азамат”
сияқты әңгімелері, Б. Майлиннің “Раушан-коммунист”, “Шұғаның белгісі”,
“Күлпәш” т.б. көптеген туындылары, С.Сейфулиннің “Жер қазғандар”, “Тар жол
тайғақ кешу”, С. Садуақасовтың “Күміс қоңырау”, “Күлпәш”, “Салмақбай-
Сағындық” повестері, С.Мұқановтың “Адасқандар” романы тәрізді туындылары
қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасу процесі аяқталғанын көрсетеді.
Сыншы М.Ысқақбай: “Қазақ прозасының 20-30-жылдардағы ізденіс жолы
үйрену, қалыптасу, жетілу сипатымен белгіленсе, 40-50-жылдар толысу, самғау
кезеңі болды деп бағалануға тиіс” [15, 6] - дейді. Расында да бұл кезеңде
М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов сияқты ірі
жазушылардың негізгі шығармалары туды. “Абай жолы” роман-эпопеясы,
“Ботагөз”, “Мөлдір махаббат”, “Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”, “Миллионер”,
“Қарағанды”, “Дауылдан кейін”, “Қаһарлы күндер” тәрізді прозаның эпикалық
түрлері бұл әдеби жанрдың эстетикалық талаптарының толық үдесінен шығып,
дәуір үніне айналды.
60-шы жылдарға дейінгі қазақ прозасының даму белестеріне шолу жасай
келе, әдебиеттің бұл саласының кезеңдерін нақтылай айтқанда былай көрсетуге
болады:
Бірінші кезең - қазақ әдебиетінде проза жанрының туу дәуірі. Бұған ХІХ
ғасырға дейінгі ауыз әдебиетінің қара сөзбен айтылған үлгілері, Ы.
Алтынсариннің төл әңгімелері мен аудармалары, Абайдың қара сөздерін
жатқызамыз.
Екінші кезең - қазақ прозасының толыққанды жанр ретіндегі қалыптасу
кезеңі. Бұл шамамен 1900-1940-жылдардың аралығын қамтиды.
Үшінші кезең – қазақ прозасының толысып-өркендеген, ішкі жанрлық
құрылымдары толығымен қалыптасқан кезең. Бұл процесс 1940-1965 жылдар
аралығы.
Төртінші кезеңді біз прозаның даму жолындағы жаңа, тың ізденістердің
кезеңі деп атауды ұсынамыз. Бұл кезеңді 1965 жылдардан бастағанымыз орынды.

Біз үшін қазақ прозасын бұлай дәуірлеп алу адамның, оның характерлік
және де басқа қырларының белгілі бір тарихи дәуірде бейнеленуінің нақты
әдістерін көрсетуге, әр дәуірдің эстетикалық нормаларына тәуелді көркем
құралдарын анықтауға септігін тигізеді.
Ал кейінгі кезеңнің ауқымына кіретін 70-80-ші жылдар прозасында қадап-
қадап айтарлықтай нендей ізденістер, осы кезең суреткерлерінің көркемдік
жүйесінде қандай жаңашыл сипаттар бар деген сауалға жауап іздеу барысында
жаңашыл үрдіс ретінде бағалауға болатын бірнеше елеулі өзгешеліктерге көз
жеткіземіз. Нақтылап айтатын болсақ, жазушылар өз шығармаларында
философиялық толғаныстарға барынша ден қоя бастады; образ сомдаудағы
психологиялық талдаудың орны ұлғайды; көркем туынды жүлгесіндегі драматизм
күшейді; әдеби тенденция ретіндегі лирикалық прозаның соны ізденістері
жетерлік үлгілері молайды; прозалық туындылардағы трагедиялық шешім үлкен
орын алды және т.б.
Қарап отырғанымыздай, 70-80-жылдар қазақ прозасы тек жанрлық форма
жағынан ғана емес, мазмұндық тұрғыдан да құнарланып, ішкі құрылымдық
мүмкіндігін де молайта түсті. Жоғарыда берілген тұжырымдар жалпылама
сипатта болмас үшін таратып айтуды тілейді.
“Бұрынғы “кеңес философиясы” консерватизм мен догматизмнің қырағы
сақшысы болды. Біз өмір сүріп отырған әлеуметтік дүниенің философиялылығы
шұғыл артып, оның тұлғалық, адамдық жағына көптеп көңіл бөлінуде. Егер
бұрынғы “кеңес философиясы” нақты адам өмірінен оның практикалық және
рухани іс-әрекетінен мүлдем жатсынып кетсе, қазіргі тоталитаризмнен
демократияға өту кезеңінде адамның қоғамнан, өкіметтен, меншіктен,
философиядан, басқа адамнан, тіпті өзінің әлеуметтік мәнінен жатсынуды жою
жолдарын іздеуде”, [16, 154] - деген тұжырымға қол қоятын болсақ, мұндай
ізденіс нышандарын біз әңгіме етіп отырған кезең әдебиетінен табар едік.
Осы тұс қаламгерлерінің қатты назар аударып, шешуге тырысқан ауқымды
проблемасы – адам, оның жұмбақ болмысы, тіршілігінің тірегі, айнала
қоршаған дүниемен қатынасының мәнісі жайлы сауал ғұмыр бойы саналы тірлік
иесі тудырған әдебиеттің ғана емес, тұтастай көркемөнердің алдында тұрған
және тұра беретін философиялық проблема. А.Лосев “Философия. Мифология.
Культура” атты еңбегінде: “Русская художественная литература – вот истинная
русская философия, самобытная, блестящая философия в красках слова, сияющая
радугой мысли, обличенная в плоть и кровь живых образов художественного
творчества” [17, 212] - деп жазғаны бар. Сол сияқты қазақ суреткерлері де
дүние мен адам сырын бейнелеуде қалыпты формалардан бас тартты. Сондықтан
да олардың шығармалары көбінесе өмір шындығын философиялық пайымдаулар
тұрғысынан игеруге құрылды.
Қазақ әдебиеттануында философиялық шығарма немесе философиялық роман
деген ұғым нақты жанрлық анықтауыш ретінде қолданылмайды. Көбінесе
суреткердің белгілі бір әлеуметтік ой-тұжырымдарының қыры ретінде, әлем,
адам, табиғат, қоғам жайлы дүниетанымына, көзқарасына сай бейнелеу
принциптерінің ерекшеліктеріне қатысты сөз болады.
Философиялық прозаның алғаш рет жанрлық түр есебінде сөз болуына негіз
болған Вольтер, Дидро, Годвин сияқты ағартушылардың философиялық
пайымдауларға құрылған шығармалары болатын. ХVІІІ ғасырдағы Европа
әдебиетіндегі әлеми және қоғамдық заңдылықтарды танытудағы бұл күрделі
тенденция ХХ ғасырда Ф.Кафка, Ж.П.Сартр, О.Хаксли, К.Абэ сияқты
жазушылардың танымдық концепциясы ретінде жалғасын тапты. Орыс әдебиетінде
Л.Н.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік” романында әлемдік маңызы бар тарихи
оқиғаларды философиялық тұрғыдан ұғындыру мақсаты да әлемдік тәжірибелермен
ұштас жатыр.
Қазақ прозасында сюжет екінші кезекте қалып, доминанттық рөл
философиялық пікірлер болып келетін шығармалар баршылық. Мұндай сапалық
өзгешелікті Ә. Кекілбаевтің “Күй”, “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”,
“Д.Исабековтың ”Сүйекші“, ”Тіршілік“, ”Қарғын“, О.Бөкеевтің ”Мұзтау“, ”Қар
қызы“, ”Құм мінезі“, ”Сайтан көпір“, ”Атау кере“ сынды т.б. бірталай
шығармаларынан көруімізге болады.
Мәселен, Ә.Кекілбаевтың „Аңыздың ақыры” тарихи роман ретінде әжептәуір
зерттелді. Бірақ та бұл шығарма ежелгі аңызды қайта жаңғыртып қана қойған
жоқ, мұнда жазушы адам ғұмыры, оның адамгершілік сапасы, жалпы жамандық пен
жақсылық туралы өзінің философиялық концепциясын ұсынады. Мұндағы басты
қаһарман - Алмас хан Уақыт пен Кеңістік жағынан нақтыланбауында да
суреткерлік мақсат бар. Әміршінің бейнесі адамның Уақыт алдындағы, ажал
алдындағы, зауал шақ алдындағы шарасыздығының символы іспетті. Өйткені
жалпақ әлемнің жартысын табанының астына салған, шексіз биліктің иесі –
Алмас хан Мәңгілік туралы ойлағанда үнемі тығырыққа тіреледі.
“Жаяу борасыннан сақина-сақина боп шимайланып қалған ұлпа құмақтағы
әлдебір сиқыр жазып кеткен жұмбақ дұғалықтай көп шиыр, қанша
телміргеніңмен, ой сергітердей нышан танытпайды. Қайта көңіліне тіршілік
дегеннің өзі де құм бетіндегі осы бір мән-мағынасыз құр шимайдай мынау ұлан-
асыр сұрқай кеңістіктегі бүгін бар, ертең жоғалып кететін өткінші бедер
ғана емес пе екен деген күдік қашырғандай. Күні кеше ғана асырды салып-
салып, ақырында мысы құрып, өз-өзінен тыным тапқан көктеменің әумесер
дауылындай о да қанша аласұрып баққанымен, уақыт дейтін сусыма құм бәрібір
із-түзін қалдыртпай, түп-түгел өшіріп жіберетіндей” [18, 17-18].
Бұл шығармадағы аңыздық желінің фон деңгейінде ғана алынуы сюжет
динамикасына да әсері бар. Негізгі екпін кейіпкерлердің ішкі халіне және
рухани толғанысына түсірілгендіктен, бір-бірін жылдам айырбастап жататын
оқиғалық желілер жоқ, ол баяу дамиды. Сондықтан да мұндай шығармаларға
реалистік проза үлгілерін талдауға қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану
кей жағдайда шығарманың нақ болмысын ашуға кедергілер келтіреді.
Мұндай сипаттағы шығармалардың әдебиетімізде молынан ұшырасуы қазақ
прозасының философиялық толғанысқа айрықша бет бұруын көрсеткен айтарлықтай
жаңалық болды.
Біз назар аударып отырған әдебиеттің осынау тарихи кезеңіндегі сөз
өнерінің айнала ақиқатты көркемдік биіктен тану барысында дүниеге келетін
көркем бейнелерді психологиялық талдау тұрғысынан мүсіндеуге ынта ауғандығы
анық байқалады. Образдың нақты тұлға ретіндегі жан әлемі, психологиялық
бедерлері қай әдебиеттің қай уақытта болмасын назар аударып келе жатқан
проблемасы. Бірақ бұл бейнелеу тәсілінің орайлы қолданысы бұған дейін
классикалық дүниелерге тән болса, 70-80-жылдар аумағындағы әдебиеттің бір
ерекшелігі - адамның рухани болмысын, ішкі сезімін зерттеуді бір қауым
жазушылардың кейіпкер сомдаудағы басты көркемдік тәсіл ретінде ұстанғанын
көреміз. Профессор Б.Майтановтың:“Қазір шеберлік сатыларының биіктеу
нәтижесінде қимыл, оқиға жадағай тартыстан гөрі ішкі импулсьтен туындайтын
шетін де қызу сезім қақтығыстарын суреттеу мүмкіндігі өскен; таныс сюжет
пен конфликт, белгілі шешім жалықтырғандай тың сүрлеу, соны соқпақтар
табуға зор ынта ауған” [19, 187] - деген пікірі әдеби дамудағы өзгерістерге
байланысты туған ой.
Әлемдік әдебиеттің үздік өкілдері Флобер, Стендаль, Бальзак,
Достоевский, Чехов, Толстойлар творчестволық құбылысқа айналдырған
психологиялық проза ХХ ғасырда да әдебиет көркем жүйесінің күрделі
құрылымына сіңіп кетті. Бұл уақыттағы М.Пруст, Дж. Джойс, Ф. Кафкалардың
дәстүрі әлемдік әдебиеттің жаңа ғасырдағы дамуына ықпал жасады. Мұндай
ерекшелік кеңес әдебиетінің соңғы жылдарына да тән еді.
Зерттеуші Г.А.Белая: “Напряженность о смысле жизни стремление
традицией выверить современность, постоновка проблем народной и
национальной жизни характерные для советской прозы 70-х годов, все это
убеждает в том, что сегодня в ценностный центр современной литературы
выдвинулось художественное познание человека и человечество в их
историческом общечеловеческом единстве. Неверно было бы думать, что это -
экстенсивное постижение действительности: скальпель анализа пошел и внутрь
- в глубь души человека. И это двуединство предопределило специфику и
характер современной прозы” [20, 6] - деп жазады.
Әлемдік ауқымды қамтыған бұл тенденциядан қазақ қаламгерлері де тыс
қалған жоқ. Ұлттық прозамызда сонау 20-шы жылдары М.Әуезов әңгімелерінен
алғаш көрініс берген психологизм сияқты бейнелеу принципі Ж. Аймауытов,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды жазушылар
құраған алыптар тобына да тән. Алайда, классиктер шығармашылығынан
көрінетін психологизм көбіне кейіпкердің сыртқы іс-әрекетінен, қимыл-
қозғалысынан анықталып, бедерленіп жатса, одан бертіндегі Ә.Нұрпейісов,
Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов шығармалары мұндай тәсілдің характер жасаудағы
артықшылықтарын біршама көрсетіп берді.
Ал 70-80-жылдар прозасындағы психологизм – әдеби процестің ерекшелігі.
Яғни жалпылық сипаты бар көркемдік құбылысқа айналды. Дәл осы кезең
әдебиетінде образ характерінің әлеуметтік, ар-ұждандық тұрғыдан
айшықталуымен қатар, оның нағыз типтік, толыққанды көркем бейнелік биігіне
көтерілуі үшін психологизмнің алуан түрлі құралдарын, оның берілу амалдарын
қолданудағы тәжірибелер молайды. Біздіңше, бұл кезеңде авторлық баяндау ой
ағымы тұрінде келетін шығармалар қатары көбейді.
Соңғы онжылдықтар шеңберіндегі қазақ прозасының тағы бір жаңалығы -
көркем үлгілердегі драматизмнің күшейгендігі деп атап өттік. Бұл жөнінде
зерттеуші Т. Есембеков арнайы зерттеу жұмыс жүргізді [21]. Суреткерлер
күрделі өмір процестерін меңгеруде, әлеуметтік проблемаларға батыл дендеуге
келгенде, қат-қабат шындықтар бетін ашуда характерлердің шынайы болмысын,
рухын әйгілейтін драмалық тартыстарды көркемдік тәжірибенің негізгі бөлшегі
ретінде пайдаланды. Осы сияқты жанрлардың бірін-бірі байытуы кейінгі
уақыттағы өнердің көркемдік-эстетикалық бағдарын оқшаулайтын белгілердің
бірінен саналады. 70-80-жылдардағы прозалық туындылар табиғатына үңілгенде
драматизм мәселесіне ерекше көңіл бөлуіміздің тағы бір сыры адам мен қоғам
арасындағы қарым-қатынастарға жазушылардың тереңірек үңілуінен туады.
Өйткені қазақ прозасының даму сатыларының үлкен бір кезеңі - социалистік
реализмнің дәуірлеп, әдебиеттегі негізгі әдіс ретінде өмір сүріп тұрған
аралықта туған шығармалардағы тартыс алдын-ала белгілі, қасаң идеялар
кононына сай жасанды түрде құрылатын. Бір сөзбен айтқанда шығарма тағдыры
алдын-ала белгіленген схема тезіне түсетұғын. Ал, жетпісінші жылдар
әдебиетіндегі кейіпкерлер ұнамды, ұнамсыз немесе жағымды, жағымсыз деп
екіге жарып қарауды көтере бермейді. Қазіргі әдебиеттегі жазушы идеясының
айналасындағы оқиғалардың шиеленіскен қайшылығы кейіпкерлердің ішкі
драмаларынан туады, яғни шығарма драматизмі образ драматизмімен параллель
дамиды. Сыншы С.Әшімбаевтың: “Образ жасаудың әлімсақтан белгілі
“архаикалық” жолдарының қазіргі әдебиеттің прогресшіл даму жағдайында өрісі
бірте-бірте тарылыңқырап бара жатқан сияқты. Оның өзі бүгінгі заманғы
әдебиетке қойылатын интеллектуалдық талаптарға, әлеуметтік талғамның өсуі
мен өзгеруіне, өмірдің алға дамуына сәйкес адам жанының күрделенуіне
тікелей байланысты болып отыр” [22, 39] - деген байлам жасауына біз айтып
өткен факторлар әсер етсе керек.
Әңгіме арқауы болып отырған ерекшелік зерттеу нысанамыз саналатын Ә.
Кекілбаев, О. Бөкеев, Д. Исабеков, Ә. Тарази шығармашылықтарынан мол
ұшырасады. Ішкі драманың сыртқы әрекетке айналуы, бір қалыпты дамып келе
жатқан сюжет аяқ астынан ширығып, күтпеген, тосын өмір ситуацияларының қым-
қуыт драмалық коллизияға айналып кетуі әсіресе, Ә. Таразидің стилінің
ерекше бір қыры ретінде көрінеді. Мұндай стильдік бедерді біз бір ғана
жазушының творчествосына қатысты сөз қылып отырғанымызбен, бұл ерекшелік
сол кездегі әдеби үрдіске тән сипат.
Белгілі орыс жазушысы В. Распутин: “Махаббат пен өшпенділік, өмір мен
өлім, қайырымдылық пен қаскүнемдік... Әдебиет пен өмірде бұрыннан бар
категориялар бұлар. Бірақ уақыт басқа. Сондықтан да суреткер алдында
мынадай бұлтартпас проблема тұрады: бұл тақырыптарды қалай жазу керек? Мен
үшін маңыздысы - сюжетке күрт өзгеріс жасай білу. Қаламгер өз кейіпкерлері
мінез-құлқынан қалайда бір күтпеген тосын оқыстықтар іздеуі керек” [23, 38]
- дегені бар-тын.
Мұндай қажеттілік осы дәуірдің әдебиетінде ескерілмеді деп айта
алмаймыз. Бұл тұжырымның нақтылығы үшін мысалға Ә.Таразидің шығармашылығын
алып қарайық. Жазушының стиліне тән басты қасиеттердің бірі -
кейіпкерлердің әр алуан шытырман жағдайларда танылатыны. Яғни шығарма
тағдырын шешетін басты нәрсе – бір-бірімен тез алмасып жататын қысқа-қысқа
оқиғалық желілердегі тартысты тудырушы драмалық ситуациялар. “Кен” романына
тоқталар болсақ, басты тұлға - Сағаттың және басқа да кейіпкерлердің
толымды мінездемесі, авторлық сипаттамасы жоқтың қасы. Сағат бозбалалық
шағында талай-талай күтпеген оқиғалардың ортасында қалады. Осы кездейсоқ
шытырмандардың жетегінде образдың да дамуы қапталдасып отырады. Шығармаға
детективтік сипат дариды. Осындайлық тәжірибені басқа да жазушылардың
прозалық туындыларынан аңғару қиын емес.
Қаламгерлердің көркем шығарма бойындағы қайта-қайта ширығып отыратын
екпінді баяндауға, оқырман психологиясына шым-шымдап емес, бірден әсер
ететін экспрессивтік суретке айрықша ден қоюы байқалады.
Қазіргі қазақ прозасындағы оң өзгеріс, оқшаулап айтуға болатындай
табыстардың ішінде жазушылардың лирикалық проза тәсілдерін жете зерттегені
болып отыр. Характер айшықтаудың, шығармадағы эстетикалық қуатты арттыру
жолында Б.Майлиннің дәстүрін жетілдіре түсті. Кейіпкер сезімі мен суреткер
сезімі астасып келіп отыратын, өмірлік оқиғаларға, тартысқа қаламгердің
қатысы шебер үйлесіп, табиғи арна тауып жататын терең лирикалық стиль
О.Бөкей, Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков сынды жазушылар талантының бір қыры болып
табылады.
Лирикалық әуен, әсіресе, ауыл өмірін тақырып еткен шығармаларда, соның
ішінде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тыл өмірін, қазақ даласының тынысын
танытқан туындыларда сәтті қолданылды. Бұл орайда жазылған бірнеше
әңгімелермен қоса С.Мұратбековтың “Жусан иісі”, “Жабайы алма”, Д.
Исабековтың “Біз соғысты көрген жоқпыз”, О. Бөкейдің “Бәрі де майдан”
повестерін ерекшелеп көрсетуімізге болады. (Жалпы творчестволық
психологияда нақты бір тақырып ашуға орайлы келетін әдеби әдістер мен
көркемдік тәсілдер болатынын байқап жүрміз. Жаңағы аталған шығармалар -
соның мысалы. Прозадағы мұндай құбылыстар - ғылыми түсінік берілуін күтіп
тұрған мәселелердің бірі).
Сонымен қатар, О. Бөкейдің бірқатар повестері - “Өліара”, “Елең-
алаң”, “Мынау аппақ дүние”, “Қар қызы”, “Мұзтау”, “Қайдасың, қасқа
құлыным”, Д. Исабековтің “Бекет”, “Гаухар тас”, Ә. Таразидің “Аяз бен
Бибі”, Ә. Кекілбаевтің “Бір шоқ жиде”, “Құс қанаты” сияқты повестері –
лирикалық прозаның үлгілері.
70-80-ші жылдардағы әдеби үрдісті таразылай келіп осы аталған
повестерді талдағанда қазақ сыншылары “сыршыл психологизм” деген терминді
жиі қолданады. Әрине, лирикалық прозада психологизм сияқты бейнелеу
тәсілінің айрықша орын алатыны рас. Бірақ біз жазушылардың лирикалық стилін
сөз еткенде автор мен образдың, шындықтың сезімдік ара қатынасын ескеруіміз
керек. Ал, психологиялық талдауда образ эволюциясының жекелік принципі
алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан да әдеби туындыларды салмақтай-саралай
келгенде, шығарманың жанрлық түр-белгілерін ажырата отырып үңілсек, тұтас
көркемдік дамудағы нақты бір шығарманың немесе жазушының өзіне тән
суреткерлік бейнесін неғұрлым тереңірек ашуға көмегін тигізері даусыз.
Күн бар жерде түн бары сияқты, шаттық бар жерде трагедия да бар.
Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұралары болып табылатын бірталай шығармаларға
көңіл тоқтатар болсақ, адамзаттың бақыты үшін, ізгілік үшін, өмірлік ұлы
мұраттар үшін күресетін кейіпкерлердің тағдыры аянышты халде немесе өліммен
аяқталып жатады. Бұған мысал ретінде Шекспирдің атақты трагедияларын
келтіруге әбден болады. Тіпті, бертінде жазылған Ш.Айтматовтың “Қош,
Гүлсары”, “Ақ кеме”, “Ерте қайтқан тырналар”, “Боранды бекет” сияқты
туындыларында трагедиялық сарын басым. Бірақ осы шығармаларда гуманистік
идеялар, адамзаттың ізгілік принциптері аяқ асты болады деп айта аламыз ба?
Қайта бұл шығармалардағы трагедиялық кейіпкерлер, трагедиялық сюжеттердің
берілуі арқылы шын мәніндегі Жақсылық пен Имандылық ерекше күшпен
дәріптелмей ме? Осы тұста С.Сигуаның “Смерть - последняя точка
существования. Не только осознание этого факта, но и само изображение его
как вечной тайны обостряет развитие характера персонажа... Автор заставил нас
полюбить своих героев, и их смерть причиняет нам страдание, как будто мы
навсегда расстаемся с живыми людьми” [24, 279] - деген кенеулі ойын келтіре
кеткен орынды.
Өлім фактілері, қайғылы ситуацияларға белгілі бір суреткерлік мақсат
жүктеу зерттеп отырған жазушыларымыздың біразына тән. Атап өтуіміз керек,
қазақ прозашылары бұл жерде әлемдік әдебиетте қалыптасқан іргелі
дәстүрлерді еркін игеріп-меңгергенінің куәсі боламыз.
Д.Исабековтың “Тіршілік”, “Сүйекші”, “Пері мен періште”,
Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры”, “Шыңырау”, “Күй”, “Шеткері үй”, О.Бөкеевтің
“Өз отыңды өшірме”, “Құм мінезі”, “Бәрі де майдан”, “Қамшыгер”, “Айпара-
ана”, Ә. Таразидің “Қос шынар”, “Қорқау жұлдыз” сияқты әңгіме, повесть,
романдарындағы трагедиялық бейнелер, трагедиялық пафос кеңес әдебиетіндегі
адам болмысы мен оның өміріне бір жақты социологиялық көзқарасқа үлкен
соққы болды. Және де бұл туындылардағы трагизмнің символдық және реалистік
мәні үлкен. Көркем туындыдағы трагедиялық мазмұн мен трагедиялық финалдың
әлеуметтік-қоғамдық, тарихи-саяси астары ерекше-тін. Өйткені қазақ
қаламгерлері кеңестік мемлекеттік құрылымның халықтар мен ұлттар басына,
жалпы адамның абсолютті бостандық аясында дамуына мүмкіндік бермейтінін,
өздерінің өмір сүріп отырған орталарының трагедиялық орта екенін өз
шығармаларында там-тұмдап болса да білдіре бастады.
Міне, бұл біздің 70-80-ші жылдардағы қазақ прозасындағы басты-басты
жаңашыл сипаттар деп саралап көрсетуге талпынған тұжырымдарымыз. Осы
мәселелердің кейбірін еңбегіміздің нысанасына орай алдағы тарауларда
кеңейтіп сөз ететін боламыз. Нақты мысалдарды алға тарта отырып, осы кезең
әдебиетіндегі тұтас, ортақ заңдылықтар сырын ашуға ұмтыламыз. Қамтылған
мәселелердің әрқайсысы жекелеп тоқталуға тұрарлық, монографиялық зерттеуге
лайық. Бұл жерде мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін. Осы жаңашыл нышандар деп
көрсетіліп отырған көркемдік құбылыстар әдебиетте бұрын-соңды көрініс
бермегені ме? Қазақ прозасындағы соны дәстүрлер қалыптастырған М.Әуезов,
Ж.Аймауытов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов т.б. ірі
суреткерлердің орны қандай?
Расында да, біз жоғарыда келтірген прозадағы идеялық-көркемдік
ерекшеліктер осы суреткерлеріміздің шығармаларының көркемдік құрылымдарына
тән еді. Бірақ қазақ прозасындағы сөз етіліп отырған эстетикалық сапа тек
қана бұл суреткерлердің жекелеген шығармаларынан, жалпы алғанда, қазақ
әдебиетіндегі классикалық туындылардың бойынан ғана табылатын. Ал, 70-80-ші
жылдар әдебиетіндегі айрықша аталып өтуге тиісті нәрсе – мұндай бағыттар
тереңдей келіп, тұтас әдеби процестің ерекшелігі деңгейіне көтерілді. Және
де қазақ прозасының осынау тарихи белесіндегі ізденістер мұнымен шектелген
жоқ. Біз бүтіндей әдеби үрдістің бет-бағдарын белгілеген тенденцияларға
ғана тоқталдық. Ал, жеке жазушылардың табыстары мен сонылық қырлары олардың
стиліне қатысты сөз болып отырады.
Қазақ поэзиясы мен прозасында алпысыншы жылдардан бастап тың көркемдік
сапалар қалыптасып, өсу белгілерінің байқалғандығы – қазіргі
зерттеушілердің бір тоқтамға келген пікірі. Алпысыншы жылдардағы сыни және
зерттеушілік ой-пікірлер қазақ әдебиетіндегі өзгеріс-нышандарды әділ
танығанымен, бұл құбылыстардың табиғи сырлары жайлы толымды да терең
байламдар жасауға мүмкіндік ала алған жоқ. Ендігі уақытта жалаң
социологиялық талдау әдеби үрдістің жаңа кезеңіне мүлде қабыспайтынын
уақыттың өзі көрсетіп берді. Көркем туындылар табиғатын қалыпты параметрлер
төңірегінде қарастыру алпысыншы, сексенінші жылдардағы әдебиеттің
феномендік қасиетін барынша ашып көрсетуде едәуір қиындықтар туғызды.
Дидактикалық салмақты екшеп, идеялық құнарды тақырыптан ғана іздеу, шығарма
талдаймын деп отырып, сюжетті түре қуалап шығу әдебиеттану процесінің тарам-
тарам бағыттарында шешілуге тиісті күрделі проблемалардың бар екенін
аңдатып өтті. Әсіресе бұл проблема проза жанрында, оның ішінде эпикалық
проза төңірегінде көбірек сезілді. Өйткені қазақ топырағында повесть,
романдардың жеделдей дамуы проза теориясының алдын орап кетті.
Әдебиет сынды жанды қозғалысты жаңаша парықтау белгілері жетпісінші
жылдардың соңғы ширегіне қарай, сексенінші жылдардың бас кезінде байқала
бастады. Біраз кейінірек “көп ұлтты совет әдебиетін зерттеу
методологиясының көптеген принциптері тарихи тұрғыдан алғанда негізсіз
екені бүгінде әбден айқындалып отыр. Бұл әсіресе нағыз әдеби процестен
тысқары қалған салыстырмалы әдебиеттануымыздан анық байқалады” [25, 187] -
деген тұжырымдардың бой көтеруі жоғарыдағы ақиқаттарды шыншылдықпен
мойындай бастағанымыздың айғағы еді.
Сол себепті тек проза емес, жалпы қазақ әдебиетінің осынау уақытындағы
дамуы табысты, көркемдік, идеялық-эстетикалық тұрғыдан келгенде арынды
қарымын байқатты дегенге келер болсақ, бұл өзгерістердің жасалуындағы
тарихи және рухани алғышарттарды көрсетуге тиістіміз.
Ең бірінші қадап айтарымыз, 70-80-ші жылдардағы қазақ әдебиеті өзіндік
бастауын сонау көне замандардағы ескерткіш-жазбалардан алатын, одан
бертіндегі қара сөздің құдіретін танытқан жыраулар поэзиясы, Абай, Ыбырай,
Махамбет, Мұхтарлар тудырған ұлы шығармалар, ең бай фольклоры бар, басқа да
халықтар өнерімен иық теңестіре алатын, жалпы адамзаттық көркемдік дамуда
сүбелі үлесі бар ұлттық әдебиетіміздің жалғасы. Өмірін өнерінен бөліп қарау
мүмкін емес қазақ халқының әдебиетінің уақыт ілгерілеген сайын
қалыптастырған түрлі жанрларының ішінде проза аз ғана мерзім ішінде әлемдік
деңгейге көтеріліп үлгерді. Мұның мәнісі ұлттық топырақтың құнарлылығында
жатыр.
Қандай да бір халықтың әдебиеті болмасын, өзінің тарихи даму жолында
ұлттық өнердің табысы ретінде бағаланатын, адамзат қауымының аса салмақты
көркем құндылығы деңгейіне көтерілген үлгілерін меже тұтады, оларды
тудырушы тұлғаларға қарап бой түзейді. Ілгері уақытта дүниеге келген сол
шығармалар бойындағы озық дәстүрлерді кейінгілер игере отырып, өз кезеңінің
ерекшеліктеріне бағындыра әрі қарай өрістетеді. Әдебиет үрдісіндегі мұндай
ізденіс белгілерді дәстүр және жаңашылдық категориясы тұрғысынан бағамдап
жатамыз.
Дәстүр мен жаңашылдық өзінің кең философиялық түсінігінде даму деп
аталатын процестің, жалпы қозғалыстың, өзгерістің негізгі тетігі екендігі
шындық. Табиғат, қоғам, адам, барлық тіршілік атаулы үнемі өзгерісте болады
десек, сол құбылыстардың барлығы да дәстүр мен жаңашылдық заңдылықтарының
жемісі. Бір сөзбен айтқанда, бұл ұғымдар өзгеру мен диалектикалық дамудың
гармониясын сақтайды.
Проза поэтикасына, теориялық мәселелеріне арналған еңбектерде дәстүр
және жаңашылдық ұғымынан айналып өту өте сирек. Оның өзіндік себептері де
бар. Әдебиет алға жылжу, даму кезінде өзінің бойында тұрақты элементтер
қалыптастырады. Бұл сипат ұлттық шеңбердегі сөз өнерінде анық көрініс
береді. Неге десек, сол ұлттың, халықтың тек өзіне тән дүниетанымы, өмірге
деген көзқарасы, ғасырлар бойы жетіліп, белгілі бір ауқымда тұрақтап қалып
отырады. Мәселен, тілдің стильдік, бейнелілік қасиеттері көп өзгеріске түсе
бермей, түрлі уақыт шеңберінде бір қалып сақтайды. Қазіргі әдебиеттану
ғылымында қазақ прозасын ішкі жанрлық ерекшеліктерге ғана сай салмақтамай,
оны қазақ халқының фольклорлық мұралары мен эпикалық туындылар арасындағы
сабақтастыққа да қарап саралау дәстүр ұғымының өте кең көлемде екенін
ескергендік болып саналады.
Мысалы, қазір ғалымдар психологизм сынды бейнелеу тәсілінің берілу
амалдарының бірі - психологиялық парраллелизмнің “адамның дүние тануының
сәбилік кезінде пайда болғандығын” [26, 71] көрсетіп жүр. Мұндай
байламдарға негіз болған қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі эпикалық
үлгілер: батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ертегілер. Бұл жөніндегі пікірді
сәл ертерек Қ. Жұмалиев айтқан болатын. Ғалым: “Абайға шейінгі
әдебиетімізде адамның басындағы күйініш-сүйініш әр түрлі ішкі сезім
дүниесін, екінші сөзбен айтқанда, адамның психологиясында болатын
өзгерістерді суреттеудің екі түрлі әдісі бар еді. Бірінші – психологиялық
параллелизм, екіншісі ерекше құрылатын әр түрлі монологтар” [27, 303] -
дейді.
Кейін бұл көркемдік тәсіл прозаның да үлкен жаңалығы ретінде танылды.
Бұрын қазақ поэзиясында психологиялық параллелизм, ішкі монолог болсын,
көбіне лирикалық кейіпкердің ішкі әлемін білдіретін болса, қара сөз
өнерінде мұндай тәсілдер образ сомдаудың нақты құралы, жетіліп-толысып,
келе жатқан көркемдік амал ретінде көрінді. Бұл жерде М. Әуезов пен
Ж.Аймауытовтың рөлі ерекше. Жазушылар кейіпкердің психикалық процесін ашып
көрсетуде пейзаждың, монологтың ғана емес, сонымен қатар, диалог, портрет,
түрлі ым-ишара, түрлі детальдардың ерекше қызметінің үлгісін жасап берді.
Ал, қазіргі қазақ прозасындағы лирикалық прозаның кең ауқымда
өрістеуіне, әсіресе, повесть жанрында жаңашыл қалыпта бой көрсетуіне Б.
Майлиннің “Шұғаның белгісі” мен Ғ.Мүсіреповтың “Кездеспей кеткен бір бейне”
шығармаларының орнын жоққа шығаруға болмайды. Бұл повестердегі суреттеу
амалдарының сілемдерін кейінгі әдебиеттен молынан ұшыратамыз.
Әдебиетте, жалпы көркем өнердегі дәстүр мәселесін алып қарағанда жеке
тұлғаның, жеке бір жазушының да тигізер ықпалы ерекше. Сөз өнерінің бұрынғы
ірі табыстары мен ұлы шығармалар бойындағы биік көркемдік сапаға сүйенетін
кейінгі жазушылар тақырып, идеяны сол алдыңғы үлгідегі амал-тәсілдер
бойынша ашып, соны өзіндік көркем ойлау деңгейіне сай қолдану бейтаныс
құбылыс еместігі аян. Суреткерлердің шығарма жазудағы дербес стилдері, сөз
саптаудағы, өмір шындығын бейнелеудегі, көркем бейне мүсіндеудегі жеке
машықтары бола тұра, олардың кей шығармаларындағы ортақ тенденцияларды
аңғаруымызға болады. “Индивидуальность писателей всех “рангов” не может
помешать историку литературы разглядеть, в произведениях некоторых из них
общность идейного содержания и выражающей его формы” [28, 28] - деген
тұжырымның авторы Г.Н.Поспеловтың бұл тарапта айтқан ойлары біршама. Оның
“смену стадий национального литературного развития нельзя понимать так, что
литература, получащая господства на новой его стадий, полностью вытесняет
литературу, господствовавщую на предыдущей стадий. Нередко бывает так, что
некоторые писатели, творящие на новой стадий, продолжают создавать
произведения с идейной направленностью, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкім Тарази прозасының поэтикасы
Қазақ прозасының зерттелуі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Пәндер