Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Авторлық сана - мәтіннің базалық ұғымы»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 тарау. ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІН ШЫНДЫҚТЫ ТАНУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: КОГНИТИВТІК АСПЕКТ
1. 1. Көркем мәтін және лингвистикадағы «тілдік тұлға» түсінігі және «автор бейнесі» түсініктері туралы ғылыми көзқарастарға шолу . . . 6
1. 2 Көркем мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні . . . 13
1. 3. Поэтикалық көркем мәтінді таным тұрғысынан қарастыру . . . 16
1. 4. Көркем мәтін түзу мәселелері . . . 28
1. 5. Автор санасы ұғымы және оның ерекшеліктері . . . 32
2 тарау. КӨРКЕМ МӘТІН АВТОР ӘЛЕМІ МОДЕЛІ РЕТІНДЕ: МӘТІННІҢ ТАҢБАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ КОГНИТИВТІК АСПЕКТІСІ
2. 1. Әлемнің көркем моделі ұғымы . . . 39
2. 2. Мәтіннің таңбалық қасиеті . . . 46
2. 3. Мәтін әлеуеті мәселесі . . . 48
2. 4. 2. 4. Көркем шығармадағы поэтикалық мәтіндерінің ұйымдасу ерекшелігі . . . 49
2. 5. Дискурс және поэтикалық дискурс, поэтикалық сана хақында . . . 50
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі Әрбір ұлттың тілі - сол елдің менталды дүниесі мен шынайы этникалық болмысының айнасы. Тіл ұлттың мәдени өмірі мен дүниетанымы туралы ақпаратты сыртқа көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылық тәжірибесінен алынған білімдер жүйесінің санада ұғым ретінде қалыптасып, тілдік таңбалар арқылы репрезентациялану құбылысын айқындаушы бірден-бір құрал. Тілдің таңбаның қызметін жан-жақты тану мақсатында жүргізілген зерттеулер бұрын сол тілдің құрылымдық деңгейіне тән ерекшеліктерді айқындаған. Қазіргі таңда тілді танудың басты категориясы ретінде ұжымдық сананың немесе индивидтік танымның рөлі басты орынға шықты. Сондықтан да тілді ғылымның жаңа кезеңіне орай теориялық-танымдық сипатта зерттеудің қажеттігі өзекті мәселе болып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік жүйедегі білімді адам миының өнімі ғана емес, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған ақиқат дүниені, құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін түрлі таным деңгейінде бағалайды да, санада қалыптасқан ұғым-түсініктерді қорыта отырып өңдейді, елеп-екшейді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Ал бұл этностың, оны құраушы жеке индивидтің таным деңгейіне ғана емес, генетикалық табиғатына, сол тілде сөйлеушілердің психофизиологиясына, әлеуметтік ортасына, жас ерекшелігіне байланысты болады. Бұл жоғарыда көрсетілген, тілдің танымдық деңгейін қарастыратын антропоцентристік парадигманың мақсат-міндеттеріне жауап берсе, ол өз кезегінде когнитивтік зерттеулермен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп отыр. Тіл табиғатына терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвостилистика, этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т. б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр.
Сөйлеу әрекеті (мәтіні) аумағындағы когнитивтік теория мен практиканы дамыту қажеттілігінен туындайды. Біржақты дәстүрлі талдаудан қазіргі талдауларға өтудің қажеттігі индивидуалды санадан туындаған және оның ерекшелігін тіркеген динамикалы вербальды-бейвербальды нысан ретінде қаралатын мәтінді тірек етумен байланысты жүзеге асады. Эстетикалық мақсатта жасалған көркем мәтінді коммуникативті және мағыналық бірлік деп мойындап, сол бірлік нені тудыратынын талдау қажет. Бұл жағдайда мәтіннің когнитивтік, мәндік, эмотивтік, коммуникативтік тұтастық мәселесі авторлық сана категориясын енгізу арқылы шешілуі мүмкін. Авторлық сананың онтологиялық анықталмауы оны сәйкесінше сипаттау жолдарын іздеуді талап етеді. Жұмыста авторлық сананың (АС) когнитивті-ментальды сипатын көрсететін тілдік материалды талдау әдісі қолданылады. Автордың шын санасы мен авторлық сана танымдық категориясы сәйкес емес құбылыс. Олар психофизиологиялық феномен мен оның моделі ретінде қатысты. Модель оның шығармашылық әрекетінің жемісі ретіндегі сөйлеу туындысы (мәтін) негізінде мәтін тұтастығын зерттеуге және автор санасын сипаттауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының мақсаты авторлық сананы мәтіннің құрылымжасаушы негізгі категориясы ретінде айқындау.
Мақсатқа жетуде шешілуі тиіс міндеттер :
- Авторлық сана мен автор санасы ұғымдарын ажырату;
- Авторлық санаға ғалымдар пікіріне сүйене отырып ғылыми анықтама беру;
- Аталған категорияның негізгі мәртебесін негіздеу;
- Мәтіннің «мәтін - автордың ғалам моделі» аспектісінде зерттеу әдіснамасын айқындау, ғаламның көркем моделі, ғаламның поэтикалық моделі, ғалам моделі ұғымдарын когнитивтік аспектіде айқындау; поэтикалық мәтіннің когнитивтік моделінің ерекшелігін анықтау.
Диплом жұмысының жаңалығы :
- Тілдік тұлға деп, бір жағынан, кез келген тіл ұстанушыны түсінсек, екінші жағынан, тілдің жүйелік ұғым, түсініктерін, мәтіндерді функционалды талдаумен қосатын индивидтің тілдік қабілетін сипаттаудың кешенді тәсілін түсінеміз.
- Тілдік тұлға теориясы негізінде ғаламның тілдік бейнесін жасаудағы автор санасының рөлін, тілдік қабілетті тануға болады.
- Кез келген мәтіннің ұйымдастырушылық бастауы, оның мазмұндық және формальды мәнінің себебі іштей біріздендірілген, мәтінде жүзеге асырылатын бір-біріне гомоморфты танымдық (ақпараттық-мағыналық), таңбалық, коммуникативтік, эмотивтік жүйелердің жиынтығын көрсететін авторлық сана болып табылады;
- Авторлық сана - мәтінде жүзеге асырылатын іштей ретке келтірілген, автордың когнитивті-концептуалды жүйесіндегі бір-біріне гомоморфты жүйешелердің динамикалы жиынтығының салыстырмалы тұрақты символдық-таңбалық бейнесінің мәтіннен шығарылған ерекше моделі.
- Жалпы - бірегей - ерекшенің имманентті өмір сүретін диалектикасы кез келген концептуалды-мағыналық жүйенің барлық бөліктерін түгелдей моделдеу қағидасының әдістемесін жасауға септеседі.
Диплом жұмысының әдіснамалық базасы ретінде отандық және алыс, жақын шетелдік ғалымдардың осы мәселе төңірегіндегі концепциялары мен тұжырымдары, өлең мәтіні теориясы туралы еңбектер, мәтін теориясы, дискурс теориясы туралы зерттеулер қызмет етті. Жұмыс тілдік, концептуалды талдауларға сүйенеді.
Диплом жұмысының дереккөзі ретінде негізінен ақын М. Жұмабаев авторлық шығармаларынан үзінділер алынды алынды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық құндылығы : Диплом жұмысында мазмұндалған материалдар мен бақылаулар ЖОО-дағы тақырыпқа қатысты лекциялық курстарда пайдаланылуда («Поэтикалық мәтіннің когнитивтік негіздері» пәні) және оны осы мазмұндас курстарды, арнаулы семинарларды жүргізуде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. МОДЕЛЬДЕУ ШЫНДЫҚТЫ ТАНУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: КОГНИТИВТІК АСПЕКТ
1. 1. Көркем мәтін және лингвистикасындағы «тілдік тұлға» түсінігі және «автор бейнесі» түсініктері туралы ғылыми көзқарастарға шолу
Мәтін лингвистикасы мәселелері қазақ тілі білімінде соңғы жылдары кеңінен қарастырыла бастады. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Р. Сыздық, Х. Нұрмұқанов, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрімов, Б. Шалабай, Н. Уәлиев, С. Құнанбаева, З. Ерназарова, С. Мұстафина, Г. Әзімжанова, Ж. Қайшығұлова, А. Әділова, Г. Смағұлова, М. Ахметова т. б. ғалымдардың зерттеулерінде сөз болып, көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланды. Қазіргі қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің танымдық қырлары Қ. Ә. Жаманбаева, Г. Қосымова, Ш. М. Елемесова, Ж. Б. Саткенова, Ә. Ж. Айтпаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде кең түрде зерттеле бастады. Тіл зерттеушілерінің мәтін мәселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мәселесіне деген ықыласын аңдатады.
Қазіргі таңда мәтін лингвистикасына қатысты қалыптасқан зерттеулердің мынадай бағыт-бағдарларын көрсетуге болады: негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе ретіндегі мәтіндік зерттеулер; мәтін типологиясын коммуникативтік көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге қарастыру; мәтінді құрайтын бірліктерді, ерекше мәтіндік категорияларды анықтау; мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің жүзеге асырылуының әртүрлі деңгейлерін айқындау; фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З. Я. Тураева оның қазірде белгілі болған онтологиялық, гносеологиялық аспект, жеке лингвистикалық, психологиялық, прагматикалық аспектілерін көрсетеді [1, 8 б. ] . Көркем мәтінді зерттеудің алғышарттарына, ұстанымдарына мыналар жатады: көркем шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) бірлікте алып зерттеу; көркем шығарма тілінің басқа компоненттерімен байланыс, қарым-қатынасын ескеру; бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру; ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйену т. б.
Мәтінтанушы ғалымдардың зерттеулерінде мәтінге тән белгілерге тұтастық және байланыстылық (И. Р. Гальперин) ; аяқталғандық (Г. В. Колшанский, Н. А. Купина, И. Р. Гальперин) ; бөлшектену (Т. В. Трошина) ; прагматикалылық (И. Р. Гальперин) жатқызылады. Көркем шығармалар ішіндегі поэтикалық мәтінінің өзіндік сипаты прозалық мәтіндермен салыстырғанда ашыла түседі. Бұл орайда А. Н. Веселовский, А. А. Потебня, Б. В. Томашевский, Ю. М. Лотманның пайымдаулары өте маңызды. Поэзия мен проза эстетикалық қызметті атқару ерекшеліктеріне қарай ажыратылады және осы тұста өзіндік ұқсастықтары да жоқ емес. Көркем поэтикалық шығармалардағы эпостық мәтін категориялық белгілерге ие болып келеді. Мәтіннің мұндай категориялық белгілеріне Н. С. Болотнова коммуникативтілік, концептуалдылық, прагматикалылық, ақпараттылық, құрылымдық, интегративтілік, регулятивтілік, мағыналық аяқталғандық, бөлшектік, тұтастық, мүшелену, когезия, модальдылық, экспрессивтілік, эмотивтілік, проспективтілік, ретроспективтілікті жатқызады [2, 31 б. ] . Л. Г. Бабенко «мәтіннің универсалды категорияларының негізіне тұтастық (мазмұн межесі) және байланыстылық (тұрпат межесі) алынады, олар бірін-бірі толықтырады, иерархиялық қатынаста болады», --дей келіп [3, 56 б. ], мынадай категориялардың маңыздылығын атап көрсетеді: тұтастық, ол мәтін мағынасының концептуалдылығымен байланысты болады; байланыстылық, ол ақпараттық, интегративтілік, аяқталғандық, хронотопа т. б. категориялар арқылы қамтамасыз етіледі; аяқталғандық (контекстік-мағыналық) ; көркем мәтіннің антропоцентристік сипаты, диалогтық сипаты; көркем мәтіннің ішкі және сыртқы формаларының бірлігі; мазмұн толықтығы және бірізділігі (немесе логикалылығы), күрделілігі (эстетикалық қасиетіне қарай прагматикалылығы, концептуалды болуы, бейнелілігі) ; түсіндірілуі [3, 57 б. ] .
А. Байтұрсынұлы көркем мәтіннің өзіне тән ерекшеліктерін басты назарға ала отырып, «ақын тілі» мен «әншейін тілдің» айырмашылығын, сөздің ажарлы, келісті де қисынды болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің функционалдық, қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге мәтіндерден ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық критерийді алады. Ғалымның әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық-құрылымдық емес, жанрлық ұстанымды басшылыққа алатыны байқалады. Ол осы ұстанымға сүйене отырып, әуезенің түрлерін көрсетеді [4, 208 б. ] .
Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет, адам мен оның санасы байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін, авторлық сана мәселесін когнитивтік тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай жеке тілдік тұлғаны екі түрлі қырдан, атап айтқанда, когнитивтік лингвистика аясында және лингвомәдениеттану бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді. Осы тұрғыдан қарастырылған қазақ ақындары шығармаларының концептілік құрылымы негізінде анықталатын ғаламның тілдік бейнесі мен тілдік тұлға ретіндегі болмысын ашуға, авторлық сана мәселесін айқындауға ұмтылыс тіл мен мәдениет сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен туындап отыр.
Ол бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруға мол мүмкіндік береді. Жаңа ғылыми парадигмаға сай тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылады, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Жалпы тіл табиғатын когнитивтік негізде қарастыру үлгісі 60-70 жылдардағы американдық Хомский [5], Лакофф [6] сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. «Когнитивті лингвистика» термині алғашында 80-жылдары М. Бривиштің еңбегінде айтылған. Негізінен бұл идеялар философиялық тіл білімінің өкілдері В. Гумбольдт [7], Т. А. ван Дейк [8], Э. Сепир [9], А. Потебня [10] тәрізді ғалымдардың еңбегінен бастау алады.
Академик В. В. Виноградов тілдік тұлғаны екіге бөліп зерттеген: автор тұлғасы және кейіпкер тұлғасы. Ал Ю. Н. Караулов көркем мәтінді тірек ретінде алып, тілдік тұлғаның үш деңгейлік үлгісін жасайды [11, 118] . Кейбір ғылыми әдебиеттерде тілдік тұлға тілде, яғни өз ана тілін дамытушы адам ретінде танылады, сондықтан оның тілінің мазмұны, сол тілдегі ортақ тыныс-тіршілігінен хабар береді [12. 15] . Бұл орайда Ю. Н. Караулов былай дейді: «Біріншіден, тілдік тұлға әлеуметтік заңның қорытындысы, әрі түйіні болады; екіншіден, тілдік тұлға этностың тарихи өсуінің жемісі, үшіншіден, тілдік тұлға меншіктілікке, оның биологиялық, әлеуметтік, физикалық заңдарына байланысты болады; төртіншіден, тілдік тұлға өзінің қолданыс аясында жүйелі құрамды белгілерді жасаушы, пайдаланушы болып табылады» деген қорытынды жасауға болады [11. 22] . Бұны тілдік тұлғаны адам ретінде түсіну деп қабылдауға болмайды.
Сонымен бірге тілдік тұлға өз алдына жеке бір әлем ретінде макро жүйедегі тіл ерекшеліктерін танытады және құрылым түзеді. Ислам Айбарша «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті» еңбегінде тілдік тұлға құрылымын сатылы жүйе бойынан таниды. Тілдік тұлға құрылымын сатылы: философиялық, яғни тіл, интеллект және қоршаған орта, психологиялық, семантикалық, танымдық және прагматикалық деңгейлерден тұратын құрылымдық жүйе ретінде сипаттауға болады. Осылардың ішінде танымдық деңгейде белгілі бір этномәдени ұжымның яғни ұлттың дүниетанымдық білімі мен ұғымы көрініс құрайды [11. 18] . Ислам Айбарша өз пікірінде Ю. Н. Карауловтың тілдік тұлғаның деңгейлік үлгісіне сүйенгенін байқаймыз. Тілдік тұлға табиғаты күрделілік туғызғандықтан оның тілдегі ерекшелігі де күрделілік, сондықтан тілдік тұлғаның ішкі, сыртқы бейнесінің, яғни қарапайым тіл қолданысы мен айтар ойының дәнінің мазмұнын талдау бір күндік іс емес. Сол себепті Ф. Б. Қожахметова «Т. Ізтілеуовтың тілдік тұлғасының дискурстық сипаты» зерттеуінде былай дейді: «Тұлға - тарих, әлеуметтану, әдебиеттану ғылымдарымен қатар әлеуметтік-лингвистикалық және психолингвистикалық категория. Әлеуметтік қажеттілік мұраты - жетілу. [12. 20] .
Шын мәніндегі, тілдік тұлға құрылымы - кешенді құбылыс. Себебі, тілдік тұлға мазмұнына В. А. Маслованың көрсетуінше мынадай компоненттер енеді: 1) құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті, яғни құндылықтар жүйесі және өмірдің мәндері; 2) мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі; 3) жеке тұлғалық компонент, яғни, әр адамда бар терең жекелік қасиеттер [13, 119] . Осы ерекшеліктерге байланысты тілдік тұлға мәселесі әртүрлі бағытта зерттеу бастамаларын алған, комплексті (көп адамдық) және идиолекті (бір адамдық тұлғалар) [В. Г. Нерозняк], этносемантикалық тұлға [С. Г. Воркачев], элитарлы тілдік тұлға [О. Б. Сиротинина, Т. В. Кочеткова], семиологиялық тұлға [А. Г. Баранов], орыс тілдік тұлғасы [Ю. Н. Караулов] тілдік және сөйлеу тұлғасы [Ю. Е. Прохоров, Л. П. Клобукова] батыс және шығыс мәдениетінің тілдік тұлғасы [Т. И. Снитко], сөздік тілдік тұлғасы [В. И. Карасик], эмоционалды тілдік тұлға [В. И. Шаховский] және т. т. [14. 120] . Осымен байланысты « тілдік тұлға » мәселесіне келудің үш жолы орын алған» дейді Ф. Б. Қожахметова:
1. Психолингвистикалық . Тілді зерттеудің психолингвистикалық аспектісіне алғаш назар аударғандардың бірі И. А. Бодуен де Куртенэ. Оның пікірінше, тілдік тұлға ұжымның әлеуметтік - тілдік формасы мен нормасын, әлеуметтік топтың тілдік дүниетанымын бейнелеп көрсетеді.
2. Лингводидактикалық. Қазіргі лингводидактика тілдік тұлғаны тілдік қабілеттерді қосып алушы көпкомпоненті күрделі жүйе ретінде көрсетеді.
3. Философиялық. Бұл жол кең ұғымда академик В. Виноградовтың еңбектерінде көркем әдебиет тілін зерттеуден тұрады [12, 17] .
Жоғарыда айтылған тілдік тұлғаны анықтау жолдарының ішінде тілдегі тілдік тұлға көрінісі, оның рөлін зерттеуге байланысты Ю. И. Карауловтың бағыты көңілге қонымды. Дәстүрлі тілдік мәселесі қашанда алдыңғы орыннан көрінеді, өйткені әр ұлттық мәдениеттің өкілі дәстүрлі тіл таным өзегінен көрінеді. Сондықтан адамның жалпы интеллектуалдық деңгейі тілдік тұлғаның қалыптасу баспалдақтарының іргетасы болады. Әсіресе, тілдік тұлғаның парасаты, өзіндік білім көкжиегін анықтауда когнитивті сипат жетекшілік қызметке ие болады. Тілдік тұлғаның таным позициясы дәстүрлі тілдік талдауларда анық байқала бермейді. Тілдік тұлғаның саяси, қоғамдық, психологиялық және т. б. ерекшеліктері оның тұлғалық мінезінің құрылымын түзеді. Адресаттың адресатқа хабар беру қажеттілігі - табиғи болмыстан туған рухани қажеттілік. Бұл қажеттілік табиғи, ұлттық, шынайылыққа ие болмаса, халық санасында тілдік тұлға ойлары, сөздері жатталып қалмас еді. Қазірдің өзінде хатқа түсіп жатқан әр түрлі шығармалардың өздерін, олардың адресаттарының ойларын халық қабылдай бермейді. Сол себепті тілдік тұлғаға тән қасиет халық көңілінен орын таба білуі шарт, сонда ғана индивид тілдік тұлға немесе одан да көлемді ұлттық тұлғаға айналуы мүмкін. Мысалы, М. Дулатұлының «Алаш» сөзінің астарында оның бар ұлттық болмыс-бітімі, ұлттық рухани құндылығы, ұлтжанды сезімі, қоғамдық ой биігі, қазағын бай деп, кедей деп бөлмей, бір ұлт ретінде сүюі көрініп жатқандай болады. Бұл жерде В. А. Маслова келтірген американ психологі А. Маслоу ойлары ойға оралады: «Адам мақлұқаты өмір сүру үшін жүйе, координат (бағыт-бағдар), өмір философиясы, дін қажет және олар оған күн сәулесі, кальций, махаббат қандай көлемде қажет болса, сондай көлемде керек» [1, 118] . Бұлбұлды қолыңмен қысып ұстасаң немесе торда ұстасаң сайрамайтыны сияқты, адам интеллектісі тіліне үлес қосып, дамуы үшін оған еркіндік, бостандық, азаттық алдымен қажет.
Екінші қажеттілік - тектілік категориясы және ұлттық тәрбие, яғни, атадан, әжеден, әке-шешесінен алған тәрбие үрдістері.
Тілдік тұлға бүгінде тіл білімінде әртүрлі терминдермен айтылып жүр. Нақты айтсақ, субьект (әлемді танушы және әлемді өз сөзінде бейнелеуші), индивид , мәтін авторы , тілді ұстанушы информант , активті, пассивті информант, айтушы/тыңдаушы, сөздік портрет, идиолект, автор бейнесі, интеллектуал, автор бейнесі, ақынның өз бейнесі т. т. Бұл атаулар әртүрлі ғылымдардың адамның саналы деңгейін зерттеуден туған. Дегенмен бұл мәселелерде ала-құлалықтар жеткілікті, себебі әртүрлі ғылым салалары қиюласып, тоғысып, даму үстінде болғандықтан тілдік тұлғаны өзіндік тұрғыдан анықтауға тырысады. Ю. Н. Караулов орыс тіл білімінде осы саладағы бірегей маман ретінде тілдік тұлға табиғатын құрылымға жинақтап анықтайды. Соған сүйеніп, тілдік тұлғаның астарында мәтінді жасаушы және қабылдаушы адамның ерекшелігі мол қабілетінің жиынтығы жатыр деп санаймыз. Олар:
а) тілдік-құрылымдық қиындық дәрежесімен; ә) шындық болмыстың терең және нақты бейнесімен; б) анықталған мақсат бағыт-бағдарлығымен өзгешеленеді. Бұл анықтамада адамның қабілеттілігі мен өзі жасаған мәтін ерекшелігі ұштасып жатыр. Бұл пайымдау тілдік тұлға сипатының барлық негізгі синтезі үшін қажет болса, бір жағынан тілдік тұлғаны тануға арналған басқа ұғымдарға қарама-қарсы. Сонымен, бұдан былай «тұлғалық» парадигмасының басты идеясы бойынша «әрбір мәтіннің соңында тілдік жүйені билеуші тілдік тұлға тұрады» [15, 27] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz