Ысқақ Дүйсенбаев - фольклортанушы


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Ысқақ Дүйсенбаевтың фольклортану саласындағы
еңбектері . . . 9
- Ғалымның алғашқы зерттеулері және сол тұстағы
қоғамдық-саяси жағдай . . . 9
1. 2. Ысқақ Дүйсенбаев - фольклор мәтінін зерттеуші . . . … . . . 28
2 Лиро-эпос саласындағы зерттеулері . . . . . . …… . . . 37
2. 1 «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырын зерттеуі . . . … . . . . . . 43
2. 2 «Қыз Жібек» жыры туралы зерттеулері . . . …… . . . ………62
Қорытынды . . . 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……. . . . . 76
Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Көркем әдебиетті, оның мән-маңызы мен өзіне тән ерекшеліктерін, шығу тегін, қоғамдық қызметі мен әдеби-тарихи процестің заңдылықтарын зерттеуде жетпіс жылдық тарихы бар кеңес заманында қазақ әдебиеттанушылары, әдебиет тарихы мен әдеби сынға байланысты іргелі ғылыми еңбектер жазып, ұлттық әдебиеттану ғылымын дамытып өркендетуге үлкен еңбек сіңірді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы ең ірі жетістігі - алты кітаптан тұратын үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихында» (1960-1967) [1], [2], [3], [4], [5], [6] халық ауыз әдебиетінен бастап, жаңа сипат пен жаңа мазмұндағы қазақ кеңес әдебиетіне дейінгі кезеңдер социалистік әдістемелік принцип тұрғысынан жан-жақты зерттелді. 1968-1979 жылдар аралығында қазақ әдебиеттанушы-ғалымдарының алдыңғы, кейінгі талантты буын өкілдері бір кісідей атсалысқан осы ұжымдық іргелі ғылыми еңбек негізінде қазақ әдебиеті тарихының үш томы орыс тілінде жарық көруі республиканың ғылыми, мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. [7], [8], [9] . Себебі, қажырлы еңбек нәтижесінде қазақ әдебиетінің бірнеше ғасырды қамтыған тарихы сол кездегі алып империя - Кеңес Одағы құрамындағы он бес одақтас республикаға, қазіргі он бес тәуелсіз мемлекетке танылып, миллиондаған оқырман қолына тиді.
1960-1970 жылдары қазақ әдебиеті тарихының жеке кезеңдері мен көкейкесті мәселелеріне, проза мен поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығына байланысты тыңнан жазылған әдебиеттанушылық еңбектер жарық көрді. Осы кезеңде академик-жазушы М. Әуезов қалаған абайтану ілімі ұлттық әдебиеттану ғылымының жетекші саласы ретінде орнығып, Абайдың ақындық шеберлігі мен талант қырларын тереңдеп ашқан көптеген тың ғылыми зерттеулер жазылды. 1970 жылдары әуезовтану ғылымы да қалыптасып, өзіндік өрнегімен дами бастады.
Кеңестік кезеңде қазақ әдебиеттану ғылымымен бір қанатта ұлттық фольклортану ғылымы да қарыштап дамыды. Қазақ халық ауыз әдебиеті туралы, оның түрлі жанрлары туралы ғылыми-типологиялық, текстологиялық тұрғыдағы іргелі зерттеу еңбектер жарияланды.
Ұлттық әдебиеттану мен фольклортану ғылымының одақтық және әлемдік деңгейде танылуына көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев (1910-1976) қомақты үлес қосты. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған әдебиетіміздің тарихын зерттеуге арнап, оның ғасырлар бойғы даму, қалыптасу, кемелдену кезеңдерін ашып зерделеуге айтарлықтай үлес қосты. Бұл игі істе ол әдебиетіміздің ірі тұлғалары М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, М. Базарбаев, Н. Смирнова секілді зерттеушілермен бірге жемісті еңбек етті. Алайда ғалымның сан салалы ғылыми еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеліп өз бағасын ала қойған жоқ. Сол себепті ғалымның өмірі мен шығармашылығы арнайы зерттеудің мәні зор. Осыған орай, ең алдымен оның өскен ортасы мен оқып білім, тәлім-тәрбие алған өмір кезеңдеріне зер салған жөн.
Ы. Дүйсенбаев 1910 жылдың 14 қазанында Ресей Федерациясына қарасты Омбы облысының Таврия ауданындағы «Қаушапқан» ауылында дүниеге келіп, алғаш сондағы мектепте оқып сауатын ашады. Ол 1926 жыл мен 1939 жыл аралығында Қызылорда қаласындағы халық ағарту институтында, кейін Омбы қаласындағы рабфактың дайындық бөлімінде, Қазақтың Мемлекеттік университетінің дайындық курсында, Москваның геология-барлау институтында оқиды. 1939 жылы ССРО Жазушылар Одағының (кейін А. М. Горький атындағы) Әдебиет институтын бітіріп, 1942 жылға дейін Қазақтың Мемлекеттік Әдебиет баспасында редактор, артынша ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші, аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1942-1946 жылдары Армия қатарында соғысқа қатысады, «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендері және медальдармен марапатталады. 1946 жыл мен 1976 жылдың қарашасының 21-дейін Қазақ ССР Ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1955 жылы «Қазақ халқының әлеуметтік-тұрмыстық эпосы» (орыс тілінде, ғылыми жетекшісі Н. С. Смирнова) кандидаттық диссертация, ал 1967 жылы «Қазақ халқының революцияға дейінгі әдебиет тарихын (XVІІІ-XІX-XХ ғасыр басындағы) зерттеудің мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1971 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының 25 жылдық тойына орай Ы. Т. Дүйсенбаевқа «Қазақ ССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атақ берілді.
Бүкіл саналы өмірін туған халқының фольклоры мен әдебиетін зерттеуге арнаған Ы. Т. Дүйсенбаев «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (алғы сөзі мен түсінігі бар ғылыми басылым. (22, 75 б. т. 1959 ж. ) «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (4, 1 б. т. 1967), «Ғасырлар сыры» (11, 3 б. т. 1970ж. ), «Қазақтың лиро-эпосы» (8, 5 б. т. 1973 ж. ), «Мұхтар Әуезов» (9, 1 б. т. 1974 ж. ), «Мухтар Ауэзов» (2, 5 б. т. 1957 ж., Е. В. Лизуновамен бірге), «Эпос және ақындар мұрасы» (16 б. т. 1987 ж. ) атты көлемді монографияларынан тыс, «Қазақ әдебиеті тарихының» алты томдығына (қазақша, орысша) жеке тараулар жазды. Сол дәуір әдебиетіне арналған хрестоматиялар мен жинақтарға, энциклопедияларға әр алуан мақалалар жазып жариялады. Сондай-ақ сан түрлі газет-журналдарда да әдебиет тарихы мәселеріне арнап бас-аяғы 60-қа тарта зерттеу еңбектері басылып жарық көрді. Бұлардан тыс ол ұлы Абайдың, сондай-ақ С. Торайғыровтың шығармалар жинағын (1967, 1977) дайындауға басшылық жасап, көлемді де мәнді алғы сөздер жазды. «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1957 ж. ) жинақтарына алғы сөз жазып, ғылыми түсінік пен текстологиялық жұмыстар жүргізуге басшылық етті. Зерттеушінің әр кездегі конференциялар мен әдебиет тарихына арналған алқалы мәжілістерде жасаған ғылыми баяндамаларының өзі сан алуан.
Ғалым фольклортанушы ретінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек» ғашықтық жырлары мен басқа да эпос туындыларын саралаған іргелі монографиялық еңбектерімен фольклортану ғылымында өзіндік орнын қалдырды. Әдебиет тарихын зерттеуге де белсене қатысып, үш томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» белді авторларының бірі болды. Жаңа қалыптасқан абайтану ғылымына да үлесін қосып, абайтанушылық еңбектерімен көрінді. Ұстазы әрі қаламдас досы М. Әуезов туралы да зерттеулер жазып, әуезовтану ғылымын бекіте түсті.
Осыған дейін басқа белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар туралы диссертациялар жазылғанымен Ы. Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасы әлі жеке зерттеу нысаны ретінде, арнайы қарастырылған емес.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ фольклоры, әдебиет тарихы мәселелерін С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев сынды ғалымдармен қатар өзі қатарлы әдебиет зерттеуші ғалымдармен бір кісідей дамытуға қалам қайратымен қатысқан Ы. Т. Дүйсенбаевтың артында қалған ғылыми мұрасын сала-сала бойынша саралаудың маңызы зор. Қазақ әдебиеттанушыларының ұзақ жыл тер төккен қажырлы еңбегі нәтижесінде жарық көрген үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» 2-томының бірінші, екінші кітаптары Ы. Т. Дүйсенбаевтың тікелей басшылығымен дайындалды, өзі де осы томдарға жеке тараулар жазды. Ғалым қазақ әдебиетінің ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы күрделі дәуіріне ғылыми тұрғыда талдау жасалып, осы кезеңдерде өмір сүрген көрнекті ақындардың шығармашылығын әділ бағалауға көп күш-жігерін жұмсады. «Кертартпа зар заман» ақындары ретінде бір жақты бағаланған Дулат, Шортанбай сияқты ақындық поэзияның ірі өкілдері шығармларының көркемдік ерекшеліктері мен халықтық сипатына байланысты өзіндік зерттеу принципін ұстанды, олардың көркем сөз тарихында алар орнын анықтауға күш салды.
Білгір ғалым Ы. Дүйсенбаев талантты фольклортанушы ретінде де танылып, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының алғашқы ғылыми басылымын дайындап, алғы сөзі мен түсініктерін жазды, қыруар текстологиялық жұмыстар атқарды. Ол сонымен бірге Абай, Сұлтанмахмұт, Бернияз ақындардың шығармаларын жариялап зерттеу ісінде ерекше көңіл бөліп, акдемиялық басылымдарының сапалы шығуына көп еңбек сіңірді.
Әдебиеттанушы, фольклортанушы және мәтінтанушы ғалымның соңында қалған ғылыми еңбектерін қазіргі тәуелсіздік талаптары биігінен қарап бағалаудың мезгілі жетті. Қазақ әдебиетін зерттеудің қай саласында болсын жемісті еңбек еткен ғалым мұрасының бүгінгі әдебиеттану ғылымы үшін ғибраты мол. Сол себепті Ы. Дүйсенбаевтың әдебиет тарихы мен фольклорды зерттеп, мәтінтану ісіне қосқан үлесін қамтыған жеке диссертациялық еңбек жазу тақырыптың өзектілігін аңғартады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының нысаны болып отырған әдебиет тарихын, фольклор, текстология мәселелерін зерттеген ғалым Ы. Т. Дүйсенбаев еңбектерін ұлттық әдебиеттану, фольклортану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырудың қажеттілігі бүгінгі таңда күмән туғызбайды. Өйткені, ғалым туралы Ә. Дербісәлин, М. Жармахамедұлы сияқты әдебиет зерттеушілерінің ертеректе жазылған мақалалары мен оның ғылыми еңбектеріне арналған рецензияларды Ы. Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасын толық әрі әділ бағалау үшін, қазіргі ғылым талабына сәйкес талдау үшін жеткіліксіз. Рас, әдебиет тарихы, фольклор, абайтану мен әуезовтануға байланысты және текстологияға арналған зерттеулер мен монграфияларда ғалым есімі аталып, оның еңбектеріне сілтеме жасалады, кейде Ы. Дүйсенбаевтың салиқалы пікіріне өзіндік талдау жасаған тұстар да бар. [10], [11], [12], [13], [14], [15] . Алайда Ы. Т. Дүйсенбаев туралы арнайы монографиялық түрде жазылған жұмыс жоқ, оның еңбектріне салиқалы түрде ғылыми талдау жасалған емес. Сондықтан ғалымның фольклортанушылық еңбегі алғаш рет дипломдық жұмыс деңгейінде қарастырылып отырғандығын айта кеткеніміз жөн.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - көрнекті фольклортанушы-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ы. Дүйсенбаевтың қазақ фольклортану ғылымына байланысты ғылыми еңбектерін жүйелеу, сараптап және талдау негізінде оның осы қазақ филологиясына қосқан үлесін, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын және бүгінгі әдебиеттану үшін маңызын анықтау.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер төмендегідей:
- Ы. Т. Дүйсенбаевтың фольклорлық шығармаларды зерттеу әдістерін ашып көрсету;
- Ғалымның қазақ эпосын жариялау мен зерттеу принциптерін талдау;
- Ғалымның текстологиялық ізденістерін қазіргі ғылым биігінен пайымдау.
Зерттеудің дерек көздері. Диплом жұмысында Ы. Т. Дүйсенбаевтың монографиялық еңбектері мен зерттеулері, «Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев» атты биобиблографиялық көрсеткіш пен Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивінің материалдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылыи министірлігінің Орталық ғылыми кітапханасының әдеби, қолжазба материалдары пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. жұмысында қазақ фольклоры мен әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың теориялық, әдіснамалық еңбектері пайдаланылды. Дипломды жазу барысында фольклор, әдебиет тарихы мен сыны, текстология мәселелеріне байланысты іргелі зерттеу еңбектер башылыққа алынды. Мәселен, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, С. Мұқанов, З. Ахметов, Н. Смирнова, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дербісәлин, Ш. Сәтбаева, Х. Сүйіншалиев, М. Бөжеев, С. Қирабаев, Ш. Елеукенов, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедұлы С. Қасқабасов, және т. б. ғалымдардың қазақ эпосы мен әдебиеті туралы ой-пікірлері мен тұжырымдары еңбекке негіз болды.
Зерттеудің нысаны және деректемелік негізі. Ғылыми жұмыста Ы. Т. Дүйсенбаевтың қазақ эпосының қалыптасуы, ғашықтық жырлар жайындағы зерттеу еңбектері, ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалары, сондай-ақ ол жариялаған жинақтар мен түсініктемелер зерттеу нысаны ретінде алынады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Ы. Т. Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасын зерттеу барысында жүйелі-кешенді, нақты талдау, жинақтау, қорыту, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдебиетінің тарихы мен лиро-эпос туралы іргелі зерттеулер жазып қалдырған Ы. Т. Дүйсенбаеттың фольклортану, әдебиеттану және мәтінтану салалары бойынша ой-тұжырымдарын, жұмыстың негізгі қорытындыларын жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің арнаулы курстарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.
1 Ысқақ Дүйсенбаевтың фольклортану саласындағы еңбектері
1. 1 Ғалымның алғашқы зерттеулері және сол тұстағы қоғамдық-саяси жағдай
Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаевтың үлкен ғылымға енген шағы - 1950 жылдардың тұсы еді. Бұл кезеңде бүкіл Кеңестер Одағында өте күрделі де қайшылықты ахуал қалыптасқан болатын. Ұлы Отан соғысының зардабын жою жолындағы күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіру, қираған қалаларды қайта тұрғызу - халық басына орасан салмақ түсірді. Осындай экономикалық, материалдық қиындықтардың үстіне саяси да проблемалар қосылып, қоғамдық ой-сананың прогрессивті дамуына біршама тұсау болды.
Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңдерінде Компартия 1935-1940 жылдардағы саясатын, идеологиясын өзгертіп, қан майданда соғысып жатқан жауынгерлердің рухын көтеру үшін бірінші кезекте орыс халқының бұрынғы заманда өткен Невский, Суворов, Кутузов, Ушаков сияқты қолбасшыларын, орыс былинасында жырланған Муромец, Попович, Никитич тәрізді батырларын еске алып, майдангерлерді солардан үлгі алуға шақырды, солардың рухы қолдайтынын айтты. Осы әдісті республикалық партия ұйымдары да қолданып, өз халықтарының ертеде жасаған қаһармандарын еске алып, солар туралы өлең-жыр жаздырып, майданда жүрген жерлестеріне хат жаздырды. Ел де бұл бастаманы қызу қолдап, халық ақындары, жазушылар, ғалымдар болып, өз батырларын үлгі етіп, солардың аруағы қолдасын деп жауынгерлерге сәлем жолдап жатты. Сөйтіп, қазақ ақын-жазушылары, зиялылары Едігені, Абылайды, Кенесарыны т. б. елін, жерін қорғаған ұлы тұлғалардың есімдерін атап, олардың қаһармандық істерін өлең-жырға қосып жатты, олар қазақтың ғана емес, басқа халықтардың да ерлерін мысалға келтіріп, қалай да әскерлердің рухын көтеруге, жауға қарсы қорықпай соғысуға шақырды [16, 235] . Мәселен, бір ғана Жамбылдың «Майданға хат», «Балама хат», «Воронеж батырларына» деген өлеңдерін атауға болады. Шындығында да, Жамбылдың да, басқа да қайраткерлердің майдангерлерге арнаған хаттары солдаттарға игі ықпал жасап, олар өздерінің жаумен аянбай шайқасып жатқанын, қалай соғысып жүргендерін баяндап, тылға хат жазғаны белгілі. Әйгілі «Атамыз Жамбыл ақынға» атты қазақ майдангерлерінің 1943 жылғы хаты - сөзіміздің айқын дәлелі [17, 497-501] .
Алайда, бұрынғы өткен батырлар мен қайраткерлерді дәріптеу ұзаққа бармады. Соғыс бітер шақта, әсіресе, жеңіспен аяқталғаннан кейін ресми саясат пен идеологиялық жұмыс басқа сипат алды. Ұлы Жеңіс салтанатында И. Сталиннің соғыстың ең үлкен ауыртпалығын ұлы орыс халқы көтерді деп орыс елін ардақтағаннан кейін Кеңес Одағында ұлт саясаты мүлде өзгерді, орыстану ісі қолға алынды. Ол алдымен орыс жұртын мақтап шовинизмді күшейту арқылы, содан соң басқа ұлттарды кемсіту арқылы іске аса бастады. Бұл саясаттың алғашқы көрінісі ВКП(б) -ның татар обкомы туралы 1944 жылғы қаулысында нақты болды. Онда «Едукей-Мурай» спектаклі үлкен сынға ұшырап, Алтын Орда мемлекеті дәріптелген, сөйтіп советтік патриотизм мен интернационализмге, халықтар достығына өте зиянды деп бағаланды. Бұл сол шақтағы идеологияның бір бағытының, яғни, «ұлтшылдық» деген айыптау арқылы басқа халықтардың зиялы қайраткерлерін жою тәсілінің қолданылуы еді. Бұл бағыттың мақсаты - орыстан басқа ұлттың қоғамдық ойын шектеу, сөйтіп оларды тұқырту болды. Ал, екінші бағыты - космополитизмге қарсы күресу болатын. «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулы қабылданып, Ахметова, Зощенколар сынға ұшырады, солар арқылы жалпы адамзаттық руханиятты пайдалану керек деушілерге соққы берілді.
Қазақ халқы үшін ең ауыр тигені- «ұлтшылдармен» күресу науқаны еді. Соғыс біткен соң Компартия бұрынғы қаһармандарды мақтаған ақын-жазушыларды, ғалымдарды «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп кінәлады, оларды саяси тұрғыдан айыптап, қуғынға салды. Москвада қабылданған қаулылар негізінде республикаларда да қаулылар дүниеге келді. Сөйтіп, 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер» деген атышулы қаулы қабылданды. Ол қаулыда: «Институт көбінесе өткен заманға көңіл бөлді, ал қазіргі тақырыптағы жұмыс шын мәнінде жүргізілмей келді.
Институттың өткен заман мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу еңбектерінде саяси өрескел қателерге, ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға жол берілді» [18, 1-4] - деген айыптаулар тағылып, содан кейін фольклор мен әдебиет тарихын зерттеген ғалымдар, тарихи тақырыпқа жазған ақын-жазушылар, тарихшылар қудалауға ұшырады. Соның салдарынан Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Қ. Мұхаметқанов сияқты тарихшы мен әдебиетші ғалымдар жау есебінде ұсталып, сотталды. Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, Т. Нұртазин, Ә. Мәметова қызметтерінен қуылды [19, 13] .
Институт директоры, белгілі сыншы-ғалым Е. Ысмайылов орнынан алынып, партиядан шығарылды, кейін тұтқынға алынды. Мәдени мұраға сын көзімен қарамағаны, Шортанбай, Мұрат, Дулат, Нарманбет, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт сияқты «ескішіл», «алашордашыл» ақындарды мадақтағаны үшін көптеген ғалымдар мен әдебиетшілер сынға ұшырады. Бұл жағдай «Правда» газетінің «Қазақстан тарихының мәселері маркстік-лениндік тұрғыда баяндалсын (1950) » деген мақаласына ұласты. Онда Кенесары қозғалысын ұлт-азаттық қозғалыс деп бағалаған тарихшы Е. Бекмахановтың көзқарасы сынға алынды. Көтеріліс Кенесары қозғалысын өз мансабы үшін күрескен монархистік қозғалыс деп жарияланды. Тарихшыларға қоса әдебиеттегі Кенесары туралы жырларды зерттеушілерге кінә артылды. Абай мектебі «буржуазиялық ғылым» есебінде жоққа шығарылды. Мектеп оқулықтарындағы қателіктер туралы, Қазақстан Жазушылар одағындағы ұлтшылдық қателіктер туралы арнаулы қаулылар қабылданды. Осылардың нәтижесінде қазақтың ауыз әдебиеті тарихының көп шығармалары ескішіл деп жарияланып, оларды оқуға тыйым салынды. Батырлар мен эпос кейіпкерлері шыққан тегіне қарай жіктелді. Қобыланды, Алпамыс - байдың балалары, байларды қорғаған батырлар, Төлеген - бай баласы, Қыз Жібек - хан қызы ретінде бағаланды. Қазақтың бай эпосынан кедейдің ішінен шыққан Қамбар батыр мен тазша бала жайлы ертегілер ғана халықтық деп танылды. Осы саладағы асыра сілтеудің нәтижесінде Е. Ысмайыловпен бірге тарихшылар Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов, әдебиет зерттеушілер Қ. Жұмалиев, Қ. Мұхаметқанов тұтқынға алынып, ұзақ мерзімге сотталды. Қ. Сәтбаев Ғылым академиясының президенті қызметінен босатылды. Вице-президент І. Кеңесбаев орнынан алынып, Қызылордаға жер аударылды. М. Әуезов Ғылым академиясы мен университеттегі профессорлық қызметінен қуылып, бой тасалап, Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. А. Жұбанов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Ә. Мәметова, Ә. Қоңыратбаев жұмыстарынан босап қалды. Жазушылар одағы жүйесіндегі «ұлтшылдық қателері- үшін одақтың төрағасы С. Мұқанов орнынан алынып, Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин сияқты ақындар партиялық жазаға тартылды. Осындай жағдайда әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу саласынан ғылыми пікір күтудің өзі де қиын еді. Газет-журнал бетіндегі мақалалар сынау мен әшкерелеу сарынына құрылды. Олар көрнекті қаламгерлер мен ұлттық мұраға қарсы қоғамдық пікір туғызды [19, 15-16] .
Осындай алмағайып заманда Ысқақ Дүйсенбаев қорықпай, қаймықпай қазақтың рухани мұрасын зерттеуге кіріседі. Ол 1950 жылы жазушы-драматург Шахмет Хұсайыновпен бірігіп, екі мақала жазады: бірі - «Қазақ ауыз әдебиеті және халық ойындарындағы театр - драмалық элементтер» [20], ал екіншісі - «Қазақ театр көркемөнері тууының алғашқы қадамдары» [21] . Сол кезде Ысқақ Тәкімұлы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын зерттей бастайды да, 1955 жылы «Социально-бытовой эпос казахского народа» атты кандидаттық диссертация қорғайды [22] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz