Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Тәуелсіздік жылдардағы лириканың тақырыбы мен идеясы ... ... ... ... ... . 10
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жас толқын үні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қазіргі қазақ ақындары шығармаларындағы дәстүр
мен жаңашылдық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. Поэзия деген ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады. Бұған қарағанда поэзия мен прозаның шегі, айырмасы тек сырт белгісіне қарап анықталатын секілді көрінеді. Ал асылында поэзия мен көркем прозаның сапасында, ішкі сипатында өзіндік ерекшелік бар екені ешбір талассыз. Тұтас алып қарағанда поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы ерекше тән болады да, ал прозалық шығармаларда баяндау, бейнелеу жағы басымырақ келеді. Оның үстінде поэзияның көркемдік формасындағы ерекшеліктер де жай ғана ұсақ сыртқы белгілер емес.
Поэзияның көркемдік сипатында, бейнелеу құралдарын қолдану тәсілдерінде, сөздің, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын пайдалануда көптеген елеулі өзгешеліктері бар. Поэзиялық шығармаларға, өлең-жырларға, дастан-поэмаларға айрықша тән қасиет – өмір құбылыстарын терең эмоцианалдық, сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу. Алайда поэзияда адамнын, ой-сезімі әдейі сырттай көркемделіп, сұлулап айтылады деу ағаттық болар еді. Көркемділік, бейнелілік әдебиеттегі, өнердің басқа салаларындағы офйлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән өзгешелік. Көркемдік ойлау дегеніміз осы. Ой-сезімні, бейнелілігі шығарманың көркемдік түріндегі (формасындағы) әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.
Поэзия деген ұғым тарихи жағынан алғанда ерте қалыптасқан. Өйткені қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзия ерте заманнан бастап дамып-өркендеген. Халық әдебиетінде ертегі-аңыздар да қара сөз түрінде туғанмен поэзиямен жалғас-жақын болды. Ал көркем проза кейін қалыптасып, дамыды. Поэзия деген ұғым ақындық өнерге тән сипат-ерекшеліктерді кең көлемде тұтас алып қарастыру тұрғысынан құнды. Мысалы, Пушкин поэзиясы, Абай поэзиясы деген ұғымдар өте мол, бай әдебиеттік құбылысты таныта алады. Аталған ақындардың саналуан поэзиялық шығармаларындағы тұтастық сипат-белгілерді жүйелі түрде танып-білуге негіз бола алады. Сөйтіп, көркем әдебиетті поэзия мен көркем прозаға бөліп жіктеудің өзіндік орны, мәні бар. Сонымен қатар әдебиеттану ғылымында әдеби шығармаларды өмір құбылыстарын бейнелеу әдісіне, көркемдік тәсілдеріне қарай саралап, әр түрлі жанрларға бөлу көбірек орын алғанын атап айту қажет. Осы тұрғыдан әдеби шығармалар үш үлкен салаға бөлініп, лирикалық жанр, эпикалық жанр, драмалық жанр болып жіктеледі де, одан әрі лириканың жанрлық түрлері, мысалы, саяси-әлеуметтік лирика, көңіл күйі лирикасы, эпостык, жанрға жататын роман, повесть, әңгіме тағы сондай түрлер, драмалық жанрдың трагедия, комедия, драма сияқты түрлері ажыратылады. Бұл аталған нұсқалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет (Зерттеулер мен мақалалар). –Алматы: Ғылым, 2001. –448 б.
2. Тәжібаев Ә. Ғылыми еңбектер. Бес томдық шығармалар жинағы. ІV.Т. –Алматы: Жазушы, 1981. –760 б.
3. Егеубаев А. Сөз жүйесі (Сын мақалалар мен портреттер). –Алматы: Жазушы, 1985. –272 б.
4. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. –Алматы: Арко, 2004. –332 б.
5. Нұрбай Р. Ыстыбұлақ. –Алматы: Жалын, 2010. –93 б.
6. Сағынтай С. Жазу. –Алматы: Жалын, 2007. –89 б.
7. Сағынтай С. Фәни құс. –Алматы: Жалын, 2009. –140 б.
8. Мүбарак Б. Құсни хат. –Алматы: Жалын, 2019. –76 б.
9. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. –Астана: Елорда, 2000. –288 б.
10. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы. Жанрлық-стильдік мәселелері. Оқу құралы. -Қарағанды, 1993. –139 б.
11. Әбдікәкімов Т. Ақшам хаттары. –Алматы: Жалын, 1993. –128 б.
12. Жайлыбай Ғ. Жүрегімнің жұлдызы. –Алматы: Жалын, 1993. –145 б.
13. Жайлыбай Ғ. «Құсқанаты». –Алматы: Өлке, 2001. –125 б.
14. Т.Медетбек. Өлең әлеміндегі шертпе күй (Ақын Ғалым Жайлыбай шығармашылығы хақында) // Қазақ әдебиеті. 21 сәуір, 2003.
15. Нұржанов С. Аруана. –Алматы: Балауса, 1992. –78 б.
16. Жақыпов Б. Айдындағы аспан. –Алматы: Атамұра, 1996. –192 б.
17. Салықбай Г. Жан. –Алматы: Жалын, 1995. –128 б.
18. Жұмашев Т. Періште. –Қарағанды, 1997. –84 б.
19. Райымбекұлы М. Ай (өлеңдер мен поэмалар). –Алматы: Жазушы, 2001. –168 б.
20. Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы. –Алматы: Жазушы, 2001. –312 б.
21. Әдебиеттанудың өзекті мәселелері (ғылыми конференцияның материалдары). –Алматы: Комплекс, 2002. –431 б.
22. Әдебиет терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1996. –240 б.
23. Толқынқызы Т. Біз – таулықпыз. –Астана: Елорда, 2001. –67 б.
24. Берікқажыұлы Д. «Ante Meridiem». –Астана: Елорда, 2001. –36 б.
25. Алаштуған Е. Тақсыр, Күн! –Алматы: Жазушы, 2001. –87 б.
26. Әскербекқызы Ж. Қаңтардағы қызыл гүл. –Астана: Елорда, 2001. –136 б.
27. Бердалы Н. Жаңбырлы түн. –Алматы: Жазушы, 2001. –118 б.
28. Ақын-Бабақызы. Мен Алтайдан ұшқан Ақсұңқар. –Астана: Елорда, 2001. –108 б.
29. Айболатұлы Б: Көзмоншақ. – Астана: Елорда, 2001. –92 б.
30. Дүниеге келер әлі талай Қасым //Өлеңдер жинағы.–Қарағанды: Арко, 2004. –110 б.
31. Асқаров Қ. Дауыс. –Алматы: Жалын, 2011. –120 б.
32. Темірбай А. Аллажар. –Көкшетау, 2004. –181 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1 Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық 10
поэзия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Тәуелсіздік жылдардағы лириканың тақырыбы мен 10
идеясы ... ... ... ... ... .
1.2 Қазіргі қазақ поэзиясындағы жас толқын 19
үні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазіргі қазақ ақындары шығармаларындағы дәстүр
мен 30
жаңашылдық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 60
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан
үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. Поэзия
деген ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан,
қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады. Бұған
қарағанда поэзия мен прозаның шегі, айырмасы тек сырт белгісіне қарап
анықталатын секілді көрінеді. Ал асылында поэзия мен көркем прозаның
сапасында, ішкі сипатында өзіндік ерекшелік бар екені ешбір талассыз. Тұтас
алып қарағанда поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы ерекше тән болады да,
ал прозалық шығармаларда баяндау, бейнелеу жағы басымырақ келеді. Оның
үстінде поэзияның көркемдік формасындағы ерекшеліктер де жай ғана ұсақ
сыртқы белгілер емес.
Поэзияның көркемдік сипатында, бейнелеу құралдарын қолдану тәсілдерінде,
сөздің, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын пайдалануда көптеген елеулі
өзгешеліктері бар. Поэзиялық шығармаларға, өлең-жырларға, дастан-поэмаларға
айрықша тән қасиет – өмір құбылыстарын терең эмоцианалдық, сезімталдықпен
қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу. Алайда
поэзияда адамнын, ой-сезімі әдейі сырттай көркемделіп, сұлулап айтылады деу
ағаттық болар еді. Көркемділік, бейнелілік әдебиеттегі, өнердің басқа
салаларындағы офйлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән өзгешелік. Көркемдік
ойлау дегеніміз осы. Ой-сезімні, бейнелілігі шығарманың көркемдік түріндегі
(формасындағы) әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.
Поэзия деген ұғым тарихи жағынан алғанда ерте қалыптасқан. Өйткені қай
халықтың әдебиетін алсақ та, поэзия ерте заманнан бастап дамып-өркендеген.
Халық әдебиетінде ертегі-аңыздар да қара сөз түрінде туғанмен поэзиямен
жалғас-жақын болды. Ал көркем проза кейін қалыптасып, дамыды. Поэзия деген
ұғым ақындық өнерге тән сипат-ерекшеліктерді кең көлемде тұтас алып
қарастыру тұрғысынан құнды. Мысалы, Пушкин поэзиясы, Абай поэзиясы деген
ұғымдар өте мол, бай әдебиеттік құбылысты таныта алады. Аталған ақындардың
саналуан поэзиялық шығармаларындағы тұтастық сипат-белгілерді жүйелі түрде
танып-білуге негіз бола алады. Сөйтіп, көркем әдебиетті поэзия мен көркем
прозаға бөліп жіктеудің өзіндік орны, мәні бар. Сонымен қатар әдебиеттану
ғылымында әдеби шығармаларды өмір құбылыстарын бейнелеу әдісіне, көркемдік
тәсілдеріне қарай саралап, әр түрлі жанрларға бөлу көбірек орын алғанын
атап айту қажет. Осы тұрғыдан әдеби шығармалар үш үлкен салаға бөлініп,
лирикалық жанр, эпикалық жанр, драмалық жанр болып жіктеледі де, одан әрі
лириканың жанрлық түрлері, мысалы, саяси-әлеуметтік лирика, көңіл күйі
лирикасы, эпостык, жанрға жататын роман, повесть, әңгіме тағы сондай
түрлер, драмалық жанрдың трагедия, комедия, драма сияқты түрлері
ажыратылады. Бұл аталған нұсқалар да бірнеше түрге бөлініп жіктеледі
(Айталық, тарихи роман, саяси-әлеуметтік роман, публицистикалық роман т.
б.). Қазақ әдебиеті Қазан төңкерісіне дейін негізінен поэзия түрінде дамып,
өркендеді. Сондықтан халық поэзиясы деген ұғым мен ауыз әдебиеті деген ұғым
бір-біріне өте жақын, халық поэзиясы әр түрлі жанрларды қамтиды: өлең,
жырлар, халық эпосы, яғни, эпостық жырлар, дастан, поэмалар. Қазақ
әдебиетінде аттары белгілі ақындардың творчествосы үлкен орын алады,
ақындық поэзияның бірнеше ғасырлық тарихы бар. Орыс әдебиетінде,
әдебиеттану ғылымында өткен ғасырда поэзия деген ұғым жалпы көркем әдебиет
деген мағынада да қолданылды. (Белинский, Чернышевский, Добролюбов). Поэзия
тарихи-әдеби процестің дамуына ордай еркендеп-өсіп, жана сипат-қасиеттермен
толығып отырады. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт, Ахмет Байтұрсынов, Дулатов, Мағжан, Сәкен, Ілияс поэзиясы сөз
өнерін жаңа идеялық мазмұнымен де, көркемдік бояу-нақыштармен де байыта
түсті. Қазақ поэзиясында кеңестік дәуірде саяси лириканың, азаматтық
лириканың көптеген жаңа түрлері қалыптасты, публицистикалық поэма секілді
жанрлық түрлер кеңінен орын алды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Философиялық лирика – лириканың тақырыптық
табиғатына, мазмұндық-идеялық тұрғыда жіктелуіне қатысты туған ұғым.
Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшырасатындығына қарамастан,
ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ. Сондықтан философиялық лирика
термині кейде тым кең аяда - болмыс, өмір, тағдыр жайын толғаган кез-келген
өлең-жырға байланысты қарастырылады. Бұл жағдайдағы пайымдар жалпы
поэзияның ойшылдық, сыршылдық сипатынан тамыр тартатыны байқалады. Ғалам
сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы – адамзат тарихының қай кезеңінде
болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселелер.
Философия мен поэзия қарсы біткен екі заңғардың басында тұрғанмен, бір
ғана жайт төңірегінде сөз қозғайды, – деп жазады неміс философы
М.Хайдеггер. Фольклорлық лирика мен қадым заман ақындарының туындыларынан
ежелгі дүниетаным іздері бажайланса, ол – философия мен поэзия арасындағы
мәңгі бірліктің, сарындастықтың айғағы Осы орайда көптеген көне
философиялық еңбектердің өлең сөзбен жазылғанын (мысалы, Гесиодтың
философиялық дастандары, Ж.Баласағұнның Құтты білілік), тұтас бір
философиялық бағыттардың нақтылы поэтикалық шығармалардан (Илиаданың
әсерімен дүниеге келген гомеризм ағымы) бастау алатындығын да ескерткен
жөн. Алайда философемаға негізделген өлеңдердің баршасын бірдей
философиялық лирикаға телуге болмайтыны түсінікті. Өлең рухынан әлемге,
өмірге, адам тағдырына деген лирикалық көзқарастың көрініс табуы, жан
толқынысынан хабар беретін лирикалық үн естіліп, болмыс мәнін, шындық
елесін іздеген, мәнгілік сауалдарды өзінше қабылдап, өзінше жауап қайтаруға
тырысқан лирикалық Меннің айқын сезілуі философиялық лирикаға хас
айрықша нышандар ретінде танылады. Бұл белгілердің назарға алынбауы
философиялық лириканы дидактикалық, афористік, интеллектуалдық поэзиямен
шатастыруға апарып соқтырады.
Сонымен қатар бірқатар зерттеу еңбектерде философиялық лирика термині
әдебиет сынында, әдебиеттану еңбектерінде сапалық белгі санатында жиі
шектеулі мағынада да қолданылады. Қысқаша Әдеби энциклопедияда (М., 1972. 7-
т) ол тек антик дәуір әдебиетіне қатысты қарастырылса, енді бір
әдебиетшілер (А.Павловский, В.Фадеев) аталмыш ұғымды белгілі бір
философиялық ілімдермен ғана сабақтастырады.
Еуропа мен орыс әдебиетінде философиялық лирика көне Греция мен Рим
дәуірлерінен бері келе жатқан философиялық ағымдардың арнасында өркен
жайды. Адам табиғатында қос негіз - жан және тән бар дейтін идеяны
қуаттайтын орфизм (фракдиялық әнші, күйші Орфей туралы аңызға орай туған
термин) мен олимптік ілім – гомеризм (Олимп құдайлары хақында егжей-
тегжейлі жырлаған Гомердің есіміне байланысты) арасындағы ғасырдан-ғасырға
ұласқан бағзы дау XVIII-XIX ғ.ғ. шегіндегі Еуропа поэзиясына тың серпін
берді. Кәрі дүние (Абай) даналығынан нәр алған философиялық лирика
жанрлық түр ретінде қалыптасып, сан алуан философиялық ойлардың шарпысуынан
туған тамаша үлгілерді дүниеге әкелді. Мұсылмандық Шығыста, оның ішінде
түркі халықтары әдебиетінде философиялық лирика алғашқы нышандарын софылық
поэзиядан аңғаруға болады. Қожа Ахмет Иассауидың, Әлішер Науаидың
гуманистік тұрпаттағы туындылары өшпес даңққа бөлеңді, түркі лириктерінің
ой-санасына әлденеше ғасыр бойы ықпал етіп отырды. Тәңірі нанымы мен
исламның тоғысынан туындап, өзгеше сыңайда кемелденген халықтық философия
аңғарындағы терең ойлы шығармаларға қ мейлінше бай қазақ поэзиясында
қазіргі түсініктегі философиялық лирика Абай өнернамасынан басталады. Шығыс
пен Батыс философиясын көп зерделеген Шәкәрімнің философиялық лирикасы,
Мағжанның осы бағыттағы өлеңдері төл поэзиямызда философиялық лирика жазу
үрдісінің біржолата орныққанын әйгіледі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазіргі қазақ поэзиясының
жаңа ұрпақ, жас өркені жайлы сөз қозғағанда біз соңғы он-жиырма жылда
жұртшылық жылы қабылдаған ақындардың тұтас бір ұрпақ өкілін танытарлығы
бар, өз алдына бет-бағдар, тәсіл-өрнек, талант қырын көрсететін жас
дарындардың шығармашылдығын шолып талдау жасамақ болдық.
Лирикамыздың Абайдан бергі ұзақ тарихы бар: оның даму процестері еш
уақытта бейбіт түрде, өзге әлеуметтік кезеңдерден бөлек, оқшау күйде өткен
емес. Лирикамыздың тарихы әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл мәдени
тарихымыздың үлкен бір арнасы. Бұл – еліміздің барлық идеологиялық күрес-
тартыстарын, ірі қоғамдық өзгерістерін қоса баяндайтын арна.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты: тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
поэзиясының бағыт-бағдары, ұстанған жолы, дәстүр жалғастығын жандандыру
және осы саладағы көркемдік ізденістер мен соны сипаттағы жаңалықтарды
саралау, ғылыми түрде жүйелеу болып табылады.
Диплом жұмысының нысаны. Диплом жұмысында қазіргі кезеңдегі қазақ
поэзиясының көрнекті өкілдері: Т.Әбдікәкімов, Ғ.Жайлыбай, Г.Салықбаева,
С.Нұржанов, Б.Жақып, М.Райымбекұлы, Т.Жұмаш, Р.Нұрбай, Б.Мүбәракұлы,
Қ.Асқар т.б. ақындардың шығармашылықтары зерттеледі. Қазіргі қазақ поэзиясы
біршама зерттелгенімен, дәл осы тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия тек
қана баспасөз беттерінде аракідік талданғанымен үлкен ғылыми зерттеулерге
арқау бола алмай келе жатқаны анық.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Тақырыбымыз жаңадан
зерттелу үстінде, күрделі әрі өзекті болғандықтан жас ақындар
шығармашылығын зерттеумен айналысушы оқушы, студент жастарға және мектеп
оқушыларына әдебиет пәнінен лирикалық шығармалары оқытуда, үйірме
жұмыстарын жүргізуде толық қажетке асады деп білеміз.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия

1.1 Тәуелсіздік жылдардағы лириканың тақырыбы мен идеясы

Кез-келген қоғамдық құбылысты тарихи-хронологиялық шектеуге бөлгенде
ақиқатқа жетер жол жалқы – “Ештеңе жоқтан пайда болмайды, ешқайда жоғалып
кетпейді”. Аналитикалық көне заңдылығы, қағидасы қазіргі қазақ поэзиясының
аяқ алысына жат емес. Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия стильдік
жағынан кешегі әдеби ағымдардың заңды жалғасы. әдеби орта сарбаздары
бұрынғы айта алмай жүрген ақиқатты егемендікке қол жеткерген жылдары ашық
айтты. Кешегі қалыптасқан поэзия жаңа түр, жаңа мазмұн иеленді. Ел ішіндегі
рухани ахуал бас айналдырар эйфориялық жағдайға жеткен сол дәуірде алып-
ұшқан ақын көңілі ақпа жырмен поэзия кеңістігін едәуір кеңейтті. Жыр
мазмұнының баюы, кеңістігінің ұлғаюы қазіргі қазақ поэзиясының ел еңсесі
көтерілер жылдары үлкен деңгейге шығатындығына кепілдік беретіндей.
Кеңес үкіметі тұсында дүниенің бәрі мемлекеттікі болып, жұрттың
санасында жеке меншіктік психология жойылып, адамдардың бір-бірімен
байланысы, адам мен қоғамның, қоғам мен мемлекеттің қатынасы таза нарықтық
негізде бола алатынын, болуға тиіс екенін ешкім ескермейтін, тіпті ол
туралы ойламайтын да, ойланбайтын.
Тәуелсіздікке қол жеткелі бері жүргізілген саяси, экономикалық,
әлеуметтік реформалар қазақ халқының өмірін нарыққа бағыттады. Жетпіс-
сексен жыл бойы мемлекетке сеніп, масылдыққа бой алдырған жұрт алғашқыда
абдырап та қалды, қалай жекеше өмір сүрудің, жеке шаруашылық құрудың, өз
өндірісін ашудың, қажетті қаржы табудың, тіпті күндегі тіршіліктің қиюын
келтірудің жолын таба алмай қиналды.
Ал, рухани салада қандай өзгерістер бар, қандай процестер жүріп жатыр?
Рухани өмірімізде, әдебиетімізде, өнеріміз бен мәдениетімізде нарықтық
қатынасқа бейімделу бар ма? Шығармашылық адамдары мен қайраткерлеріміз
нарық заңдары мен шарттарын қаншалықты игерді, нарық жағдайында өнімді де
тиімді еңбек ету әдістерін, амалдарын тапты ма? Мұндай сауалдар көп. Солар
төңірегінде біраз ой қозғап, пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.
Нарықтың негізгі шарты - бәсеке. Бәсекеге түсу - өзіңнің мүмкіндігінді,
қабілетіңді, талантыңды барынша пайдалану. Олай болмаған күнде бәрінен құр
қаласың. Мұндай халге түспес үшін нарықтық қоғамда көпқырлы экономика
болатыны сияқты руханият саласында да көптүрлі, әрқилы, совет дәуіріндегі
біздің ұғымымыздағыдан бөлек мәдениет болатынын мойындап, соған сәйкес
тірлік істеу қажет. Совет мемлекетінде мәдениет тек қана идеологиялық
қызмет атқарғандықтан сырттай монолитті болып көрінетін, ал шындығында ол
біртұтас емес, сыңаржақ еді. Совет халқы „біртұтас, таптық айырмасы жоқ
қоғам болғаны тәрізді мәдениет те сондай болуы керек деп ойладық. Бәріміз
шығармамызды, туындымызды социалистік реализм шартына сай етуге тырыстық,
сөйтіп „бірыңғай, мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениет жасауға
атсалыстық. Соның нөтижесінде көптеген роман, повесть, поэма, фильм, сурет,
симфония, спектакль, т.б. шығармалар туып, олардың біразы өте жоғары баға
алды, ал авторлар биік деңгейде марапатталды. Шынын айту керек, олардың
ішінде классикалық дүниелер аз болған жоқ және көптеген авторларымыз бен
орындаушыларымыз, әсіресе әншілеріміз, суретшілеріміз, композиторларымыз,
жазушыларымыз өз талантын көрсете алды.
Ресми идеологияның құралы болғандықтан әдебиет пен өнер мемлекет пен
партия тарапынан үлкен қамқорлыққа бөлеңді, соның арқасында профессионалды
әдебиет пен өнер қалыптасты, көркем шығармашылықты күнкөрістің құралына,
кәсіпке айналдырған жазушылар, композиторлар, суретшілер, режиссерлар пайда
болды. Бұл занды еді. Өйткені адам санасын, ойын қадағалап, пікірін
тұмшалап отыратын тоталитарлық мемлекетте қай заманда да осылай болған.
Тоталитаризм руханиятты ауыздақтап отыруға мүлделі болғандықтан бұл
саладағы қайраткерлерді өзінің идеологиясын жүргізуші күш ретінде
пайдаланады, сол себепті оларға барынша жағдай жасайды, ал айтқанына
көнбегенді қудалайды, дарға асады, өртейді, атады. Өз идеологиясын жүйелі
әрі кең тарату үшін, мәселен, советтік тоталитаризм ақпарат құралдарын
бақылауға алды және алуан түрлі шығармашылық одақ құрып, солар арқылы
компартия шешімдерін ел санасына сіңіріп отырды. Неғұрлым одақтың мүшесі
көп болса, солғұрлым жақсы деп бағаланды. Бір ғана біздің Жазушылар
одағында сексенінші жылдары 600 мүше болуы - соның бір көрінісі.
Мемлекеттен қаржыланған шығармашылық одақтың мүшелері партия мен үкімет
нені талап етсе, соны жазды. Композиторларымыз да, суретшілеріміз де,
кинематографистеріміз де солай еді. Мұндай жағдайда ой еркіндігі қайдан
болсын? Бүкіл мәдениетте де ешқандай плюрализм белгісі болған жоқ
(Н.Хрущевтің Э.Неизвестныйға ұрысқанын еске алайық). Ақша беріп отырған -
мен, айтқанымды істейсің! - деген талап өз нәтижесін берді.
Осындай жағдайды басынан кешіріп отырған руханият, әлбетте, өзіне жаңаша
қарап, соны көзқараспен түсінуді қажет етеді. Ең алдымен айтатын нәрсе -
мәдениет, әдебиет пен өнер түсінікті болуы керек деген ұғыммен қатар
оларды түсіне білу қажет деген қағида орныққаны абзал. Сонда ғана біз
әдебиет пен өнерге өзіміздің қалыптасқан түсінігіміз бен ой-өрісіміздің
тұрғысынан ғана қарап, оларды өзіміздің біліктілік деңгейімізден бағалаудан
арылар едік, оларға түсініктікпен қарап, қай шығарманы болса да түсінуге
тырысар едік. Егер осы шарт жүзеге асса, біз нарықтық қоғамдағы
мәдениеттің әрқилы болатынын, қоғамдағы әр топ, әр қауым өзінің түсінік-
пайымына лайық, эстетикалық талап-талғамына сәйкес шығарма тудыратынын,
яғни, өз мәдениетін жасайтынын түсінген болар едік.
Қазіргі біздің қоғамда әртүрлі әлеуметтік топ бар. Олардың әдемілік
туралы пайымы, эстетикалық талғамы әр алуан. Соған сәйкес, бір қоғам, бір
мемлекет ішіндегі әр топ, әр қауым мәдениетті, өнерді өзінше түсінеді,
өзінің қалауынша ән мен музыка шығарады, оны орындайды, жұртқа таратады.
Сөйтіп, әр топтың өз мәдениеті қалыптасуда. Мәселен, әлеуметтік төменгі
сатыдағы топ үшін түрме әндері мен бақытсыз тағдыр туралы шығармалар
операдан да, балеттен де, әдеткі жеңіл эстетикалық өнерден де жоғары. Ал,
жастарымыз эстрадада, дискотекада орындалатын динамикалық, ырғақты
әуендерді сүйеді. Осындай бұқаралық мәдениеттің қай-қайсысында да,
әсіресе поп-музыкада, шлягерде біздің дәстүрлі түсінігімізге симайтын үрдіс
басым: өлең сөзінен гөрі әуенге, ырғаққа мән беріледі. Сондықтан бізге ол
шығармалар мәнсіз, көркемдігі төмен болып көрінеді [1, 63-67].
Қазіргі қазақ поэзиясында басты орын алатын көріністердің бірі –
азаматтық лирика және махаббат лирикасы.
Махаббат сезімдерінің жаратылыс күйлерімен астарласатын, домбыраның қос
шегіндей үндесе қағылып, жан түйсігінің тұтас бір толқынын тудыратын шағы
аз емес. Осындай нәзік жырдың түп тамырынан ақынның әлеуметтік арман-
мұратын да айқын аңғарамыз. Әйтсе де бұлай жіктеу, шартты түрде топқа бөлу
поэзия тану ғылымына жеңілдік беретіні, лирикадағы басым мотивтерге
сүйеніп, ой айтуға көп мүмкіндіктер туғызатыны да әбден дәлелденген. Біз де
өз еңбегімізде бұл жеңілдіктермен іркілмей пайдаланамыз. Ал сонда жіктемей,
бөлмей, тұтас алғанда, лирика дегеніміз не? Оның өзгешелігі неде? Ең
алдымен осы сұрақтарға тоқталып өткен дұрыс.
Атақты сыншы Виссарион Белинский лирика туралы: Эпоста - субьект (ақын)
оқиғаға сіңіседі де, көрінбей кетеді; ал лирикада ол құбылысты өзі игеріп,
өз ойына қабылдап қана қоймай, сол құбылыс пен кақтығысудан туған түйсік
түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді,
оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады
да, ерекше өмір сүргізеді. Сөйтіп лирикалық шығарманың мазмұны объективтік
оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы ететін
дүниелер. Лириканың шағындығы да соған байланысты. Қысқа лирикалар өмірдің
тұтас бір кезеңін қамти алмайды. Өйткені, субъект (ақын) бір мерзімде көп
сезімге айнала алмайды. Әр кісі әрбір мезетте әр түрлі мазмұнда болады.
Әрине, адамның рухани қабылдағыш қабілетінде шек жоқ, бірақ ол барлық
құбылысты бірден қамтымай, сансыз мерзімдер бойында кезекпен қабылдайды.
Барлық жаратылыс, барлық субстанциал (заттық тектер), барлық идея, ойлар -
қысқасы бүкіл әлемді, бүкіл өмірді қозғаушы кұбылыстың бәрі де лирикалық
поэзияның мазмұны, тек сол құбылыс субъектінің қанына сіңсін, көкейіне
қонсын, оның тұтас тірлігінің бір тетігіне айналсын, басты шарт осы ғана.
Көңіл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар,
субъектінің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар
нәрсенің - бәрі де лирикаға мазмұн. Оның заңды дүниесі. Мұндай нәрсенің
өзіндік құны жок, мәселе оған ақынның қаншалық мән беруінде, өзіндік шабыты
мен рухани толғағына, фантазиясына, түйсік, сезіміне айналдыруында...,
-дейді.
Ұлы сыншы 1841-42 жылдары М.Лермонтов өлеңдері атты белгілі
макаласында да лирикалық поэзияны ерекше түсіндірді. Қойылған сұрақтарға
жауабымыз толығырақ болу үшін Белинскийдің бұл пікірін де келтірейік: Не
рас болса, сол ақылға қонымды, не нәрсе ақылға конса, сол рас; бұл ұлы
ақиқаттық, ал бірақ растың бәрі түп-түгел растық емес, художник үшін ақылға
сыйымды растық қана қымбат, бірақ осының өзінде художннк сол қымбат
шындықтың құлы емес (көшірушісі), жасаушысы, художникке шындық жетекші
емес, қайта художник шындыққа өз идеалын қосып, қайта жаңғыртушы.
Сөйтіп, поэзия басым жағымен өмір, құбылыс тегі, нағыз нәзік эфир, ол
өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзияда бақшада құлпырған
роза гүлін сипаттамайды, оның дөрекі заттық жақтарын алып тастап, хош исін,
әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардан жаратылыстағыдан да әсем өз
розасын жасайды. Поэзия - сәбидің кунәсіз ажары, жарқын жанары, күмістей
күлкісі, жанды қуанышы. Поэзия - көрікті қыз жүзінің ұялшақ, албырт
қызғылты, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі,
әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мрамордай иығына төгілген бұйра
шашының толқыны, торғындай кеудесінін, демігіп тыныстауы, күмістей үнінің
гармониясы, сиқырлы сездерінің музыкасы, сұлу козғалыстарының ғажайып
сиқыры... Поэзия - қайраты қайнардай балғын жігіттің отты көзі, өрен
ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ
болған, өмірдің уы мен балын бір-ақ рет сарқи сімірмек болған тойымсыз
талабы... Поэзия - ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін әбден билеген,
өмір үшін жетіккен, тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңдескен, көңіл көзі
көреген, ойға батыл, майданға батыр ер қуаты... Поэзия - қарттың әрсіз
көзінің жұмсақ сәулесі, момақан мейрімдей, терең ойдай, бұл өмірден алыстай
бастаған әжімді бетінің ерекше нұрлы ажары, қалтырай үзіліп шығар даусының
жаны бай, салмақты дыбысы, бәсең айтылар, бірақ әсем айтылар сөздері, сүйіп
сөйлер, данышпан сөйлер ажарлы шырайының күлім қағуы. Поэзия - болмыстың
берекесі мен мерекесі, күтпеген сәтімізде сирек соғар өмір рақаты; поэзия -
үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлык сезімнің бораны мен
толқыны, шексіз толы махаббат, тәтті қамығу, ләззат таба егілу, көз жасына
көмілу, әлдеқайда, шегі жоққа тарықса да ынтық ата ұмтылу; өмір-бақи
айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық барлығын да құшағыма алсам деу,
барлығымен біріксем, біте қаптассам деу, ол - жүрегімізді бүкіл әлем
ырғағымен бір соқтырар құдіретті пафос; үмітке толы жанарлы көздің алдынан
болмыстың ең ғажайып көріністері бүркеусіз ұшып өтеді, ал сиқырлы құлақ
әлем мен сфераның гармониясын, жер меи аспанның, аспан мен жердің қауышқан,
бірін-бірі нұрландырған, бар табиғаттың неке жасауына оранып, келісім
тапқан құдіретті пафосын есітеді...
Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір - поэзия
дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір
беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан
тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні.
Ал, ақын рухтың касиетті шөлмегі, жаратылыстың таңдаулы сүйіктісі,
табиғат сырын сақтаушы, сезім күйшісі, әлемдік өмірдің алтын домбырасы. Ол
сәби шағынан-ақ өзін басқалардан гөрі әлеммен туыс, қандас көреді; балауса,
жігіт шағында-ақ сол әлемнің тілсіз сөздерін, құпия сырларын ұғымды тілге
аудара бастайды... - дейді.
Белинский бұл пікірлерін орыс әдебиетінің озат жүйріктері, алып ақындары
Пушкин, Лермонтов шығармаларына байланысты айтқан. Сондықтан лирика
атаулының бәрі, лирика жазушы түгелімен ұлы сыншы керсеткен өлшеуге сай
болады екен деген ұғым шықпасқа керек. Қандай дарынды ақын болса да өз
дәуірінің әлеуметтік мұрат ниеттерінен шалғай жайылса, ойдағыдай көктеп-
көгермесін ұлы сыншы ешқашан да ұмытқан емес. Сондықтан да, Белинский Сын
туралы дейтін бірінші мақаласында: Біздің уақытымыздың рухы сондай, егер
ең ұлы ақындық күштің өзі құсша сайраудан артыла алмаса, бүгіннің тарихи
және философиялық шындығымен қатыссыз болып, өзін жерден жоғары санаса, өз
орнын бұлттан іздесе, дүние қайғысы мен үміті - оның ақындық қорегіне
қолайсыз көрінсе - ондай ақындық күш бізді уақытша ғана қызықтыра алады, -
деп, бекер ескертпеген.
Лермонтовтың субъективтік поэзиясынан әлеуметтік, халықтық күреспен
қабысатынын сүйсіне мақтаған Белинский, субъектінің қоғамдык өмір
шындығынан сырт қалып, реалистік әдістен шеткерілеуін де қатты мінейді. Сол
үшін де ол Лермонтов поэзиясын тексергенде, оның дәуіріне сай өзіндік
қасиеттерін талдағанда, ақынның басым, ең асыл сыры біздің қоғамның
оянуын, өмірге бұрылуын көрсетуде - дейді.
Белинскийдің бұл ойларын тереңдете анықтай түскен Чернышевский: Поэзия
- өмір, әрекет (күрес), құмарлық, эпикуреизм, біздің заманымызда тек
әрекетсіздер, тарихи өмірге жат жандарға ғана керек, сондықтан да бізге
замандас эпикуреизмде поэзия жоқтың қасы. Егер ғасырдың ақылға ұнамды
қажеттерімен тығыз байланысу - адам әрекетінің қандайына болса да жігер,
табыс қосады десек, біздің уақыттың эпикуреизмі поэзияда ауыз тұшырлық
ештеңе туғызбасында күмән жоқ. Расында да осы тенденциядағы
замандастарымыздың барлық жазғандары көркемдік жағынан түкке татымайды.
Қайсысын алсаң да: суық та жалған, ажарсыз да риторика болып келеді, -
дейді.
Чернышевский ақын даралығы мен онын сансыз мүмкіншіліктеріне шек қоймай
отырып, қандай даралық болса да объективтік болмыстың бір бөлшегі, бөліне
алмас бөлшегі, сондықтан субъектішң әрекеті қоғамдық тұрғыдан қаралмасқа
мүмкін еместігін дәлелдейді. Сонда ақынның күші жалаң тенденциясында,
үстірт риторика түрінде баяндауында емес, оның суретшілдік қуатында.
Қоғамшылдық тенденция сол суретшілдіктен шығуы керек. Чернышевскийдің
мұндай ақындарға берген бағасы бүгін де қымбатты баға. Ақындар – жұртты
өмірдегі қасиетті ұғымдар мен қасиетті сезімдерге бастаушы. Олардың
шығармаларын оқып отырғанда, біз барлық сұмдық, сұмырайлықтан жеркенеміз
де, барлық қайырым, сұлулықтың ғажайыптарына түсінеміз, жақсылықты
сүйеміз.
Орыс ойшылдарының бір кемеңгері Добролюбов поэзияның шынайылық тұлғалары
үш нәрсемен: парасатты ой (разум), жақсылық (добро), сұлулықпен (красота)
айқындалады, осы үш бастауыш неғұрлым толық бірлессе, солғұрлым артық
дейді. Бұ да тамаша пікір. Адамның рухани өміріне толық тоят бермеген
поэзияның толықтығы қанша. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу дейді қазақ
мақалы. Әбден дұрыс. Ойсыз, рухани шапағаты тимес сұлулықта поэзиялық
мағына жоқ. Ал жақсылық, адалдық тілейтін өлең қошеметшіл, жарамсақ болса,
қоғамдык ой-тілектен аулақ жатса, о да бишаралық. Сұлулығымен сезімге
шаппаған, парасаттылығымен тың белестерге бастамаған, оқушыға үміт қанатын
бітірмеген жыр да салқын ақылгөйлік. Бұлай жазушылар ұйқас пен өз
сенімдерін тақпақтаудан, күнделік ұсақ әрекеттерді дәлелдеуден артылмайды.
Әңгіме дұрыстық пен жақсылықты, өмір сұлулығын ерекше күшті сезініп, оларды
шабытпен, айқын образдар арқылы - суретші тілімен айта алуда. Добролюбов та
лирикаға осы шарттарды қояды. Ол лириканың әдебиетте алатын орнын биік
бағалай келіп, былай дейді: Расында да, біздің заттар мен құбылыстардан
алатын әсерімізде шек жоқ, жанымызда солардан туатын өткір сезімдер де сан
алуан. Міне, осы түйсік, әсерлердің әрқайсысы-ақ лирикалык өлеңдерге
мазмұн. Бұл сияқты түйсік, сезімдерді сипаттаған ақынның адамға жасаған
қызметі ұшан-теніз. Онысыз көптеген көрікті сезімдер мен игі ниеттер тез
ұмытылар еді... Жүрек сезімін сұлу сипаттағыш ақын біздің, кілең әсерленіп,
бірақ тіршілік қамымен ұмытқан жақсы сезімдерімізді қайтадан есімізге
салады. Сондықтан да ақынның қымбаттылығы бір жағынан, оның шығармасындағы
сезім қуаттылығына байланысты болса, екінші жағынан, оның құбылысты қай
жағынан танып, қалай талғауына байланысты. Мұндағы қойылатын екінші шарт
ақынның саналылық дәрежесімен тетіктесі. Сезімпаздықтан өзге түгі жоқ
ақындар да бар. Олардың көрбалалықтары сонша, өздері толық түсінбей-ақ
әлдеқандай мардымсыз тақырыптарды ғасыр бойы қайталап жырлай береді.
Кейбіреулер толып жатқан өлеңдерінде белгісіз бір қайғы-уайымдар шертеді:
бірақ неге қайғыратындықтарын өздері де біле бермейді. Ал енді біреулер
таңданғыш-ақ, әлем ғажап, өмір ғажайып дегенге сендірмек болады: бірақ қай
өмір жақсы, не үшін, несімен жақсы екені өздері үшін қараңғы. Мұндайлар –
поэзияларында ой-пікір аз болғандықтан маңызды, мәнді ақын бола алмайды.
Көп-ақ білетін, бірақ ақыл-есі әлі жетігіп болмаған науетек ақындар да
болады. Олар құбылыстар мен сезімдерге дұрыс үңіліп, дәл танымағандықтан,
жаңағы заттар мен сезімдердің ең жанды, ең басым қасиеттерін ұстай
алмайды: олар көріністердің кездейсоқ, мардымсыз жатарына әуреленіп, нағыз
керекті, мәнді жақтарын сыртта калдырады. Бұл секілді ақындардың
шығармаларынан да поэзиялық мағына табу мүмкін емес, ондайлар дүниені дұрыс
таныр жұртшылық билігіне ұшырағанда құнсыз, татымсыз, күлкі болып шығады...
Сол сияқты ақылдылардың да бәрі бірдей жақсы ақын емес. Олардың
шығармаларында сезім орнына ақылгөйлік басым, жандарында жаратылыс пен өмір
құбылыстарынан тез-ақ түйсік алу жоқ болғандықтан, тез әсерленіп, шапшаң
тұтана алмайды. Ондайлар жанды сипат орнына бізге көпірген көңілсіз сөздер
береді, әйтпесе өздері суреттегелі отырған құбылыстарға сай поэзияның
қарапайымдылығы мен табиғилығын сезінбегендіктен әсіре ұлғайту мен
әшекейлеуге ұрынып, табиғатта жоқ және болмайтын өрескел образдар жасайды.
Мұндай ақындарда да пәлендей құндылық жоқ, өйткені олар да әрбір оқушы
жүрегіндегі ақындық сезімді канағаттандырмайды.
Демек, көркемөнеріміздің басқа түрлері сияқты лирика да жаңаны жақтауға,
әлеуметтік игі тілектерге өзінің көркемдік күшімен болысуға, қуаттауға
тиісті. Ол үшін әдебиеттің өзге жанрларынша лирика да адам мінездері мен
қарым-қатынастарын типке жіктейді, солар арқылы қоғамдық өмірді, идеялық,
таптық, саяси күрестерді жасырмай, жалған жымдастырмай даму күйінде
көрсетеді. Сонда лириканың өмірді сомдап, саралап түйіп суреттеуіне кесір
келтіретін бір-ақ нәрсе. Ол: өмірдегі кездейсоқ, бұлдыр кезеңдерді,
натуралистік сезінулерді талғамай жазу, реальдық фактылардан қашқақтау,
даралықты дәріптеуге ұрынып, әлеуметтік кең өмірден бөліну, жапанда
қалғандай жалғыздық дүниесіне қамалу. Үстірт схема - қанша шебер жазылса да
оқушыдан құрғақтығын жасыра алмайды. Образдық дамудың кемістігін ешкандай
декларациямен толықтыруға болмайды. Лирик ақын өмірге көзқарасын
информациялау жолымен емес, өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу
арқылы жеткізеді. Сезімнің жалындай лап еткен жырға айналуы поэзия, ал
сезім туралы ұзақ әңгіме айту поэзия, емес, сүреңсіз, іреңсіз, дарымас
ақылгөйлік. Қысқасы, шынайы көркемдіктің түбірі құбылыстың жанын
(существо), оның ішкі қайшылықтарын типтік тұрғыдан талғап, саралап ашуда
[2, 17-25].
Сондай-ақ әл-Фарабидің Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері атты
еңбегінде адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан
емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп оғыратынын айта
келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы
болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан
жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен
(байланысты) күйге жаратылысылан бейім болуы мүмкін, соған оған қандай да
болсын басқа әрекеттерден гөрі әлігі (күйден) туатын әрекеттерді істеу
оңайырақ болады... Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы
шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық жөне ирттеллектуалдық
бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шыңдыққа сыймайды, ол мүмкін
емес.
Кез келген жазушы туралы жазғанда стиль, көркемдік концепциясы туралы
терминдерді теріп айтуға құмармыз. Стилі, образы, концепциясы... Тақпайтын,
таппайтын белгі қалмайды. Сол жазушының стилі бар ма, жоқ па? деген де
сауал тумай ма!? Немесе, қаламгерлерді жанр бойынша кәсіп, мамандыққа
бөлеміз, жазушы, ақын, т.б. Ақын - прозалық шығарма, керісінше, жазушы -
өлең жазса, сұғанақтай көреміз... Тіпті, дұрысы проза жазсын, өлеңді
қайтеді дегендей рецепт те ұсынып қаламыз. Таза эстетикалық, заңдылық
принциптерінен, творчестволық психология тұрғысынан келгенде, бұл да жай
сөз. Жазушының өзін романист, әңгімеші деп мамандандырғанда, не ұттық?!
Соншалық қыртысы қалың ғылыми түйін бе? Әйгілі неміс жазушысы әрі қоғам
қайраткері И.Р.Бехердің Әз басым суреткерлік деген ұғымға бірегей
қараймын, ал сол суреткер өмір материалын қай жанрда, қай формада - поэзия
ма, проза ма - жеткізеді, ол жеке соның шаруасы деп білем, - деуінде үлкен
шындық жатыр. Суреткерлік таным, концепция жанрға тәуелді емес Осы орайда,
әдеттен көркем-шығармаларды талдауда кездесе беретін образ, бейнелену,
бейнеленбеу, сөйлем тіркестері төңірегінде талдаулардың өресі сезіліп-ақ
қалады. Сірә, бірауық шығарманың ішкі белгілерін термелеуден гөрі оның
әдебиеттегі орны, өмір шындығын қаншалықты деңгейде толымды толғауы,
бүгінгі уақыт рухымен қарым-қатынасы, диалектикалық бірлігі хақында да сөз
қозғаған орынды тәрізді.
Көңілдің кейбір сәттері... деп салқынқанды айтылған өлең жолының
өзінде адам сезімінің, көңіл күйінің жұмбақ қалтарыстары жатқандай. Тек
адам жаны, адам сана-сезімі ғана жетік түйсіне аларлық жаратылыстың биік
құбылыс-сәттері эстетикалық ләззаттан бұрын, жан дүниеңді қайта түлетер
құдіретті күш. Поэзияға құштарлықтың көзі де осында. Мүмкін сұлулықты
соншалықты нәзік, биік сезіну, түйсіну, жан-жүйкеңді ояту арқылы адам
жанында ғажайып өзгерістер, жаңарулар болып тұратын шығар....
Ал, эстетиканың құдіретті қасиеті сұлулықты тану, сұлулыққа табыну
десек, өмірге де, өнерге де тән тәнті қылар қасиет - даралық, бір құбылысты
екінші құбылыстың жалпы жадағай қайталауы емес, өзіне ғана, өмірдің қас
қағым сәтіне ғана еншілес ерекшеліктерін ашу. Алуан қырлы өмір құбылыстары
мен эстетикалық көркем ойымыздың, әдебиеттің өзара байланысы мен бірлігі,
осы процестегі елеулі проблемалар... Содан туындайтын поэзияның жанрындағы,
бейнелеу тәсілдеріндегі ізденіс, дәстүр заңдылықтары. Қазіргі қазақ
әңгімесінің жанрлық сын-сипаты. Осының қай-қайсысы да бүгінгі әдебиет
тынысына тікелей қатысты мәселелер.
Өлең сөздің тегі – бейнелеу сөйлеу. Ақындықтың хас биігі – “ақындарша
ойлау” – бейнелі ойлау, дүниені образбен көру, құбылыстың поэтикалық рухы
мен таңбаларын нәзіктікпен түйсіну. Сылдыр сөз-сурет емес, кескінді
зергерлікпен тінін тұтастырған зерделі ой. Бұл да қазіргі поэзияда түрлі
ыңғайда кездеседі. Тұтастай бір ойға, біробразға құрылған шумақтар, өлеңдер
де баршылық. Не жекелеген мөлтек метафора, образ-баламалар арқылы
желіленген өлең тармақтары өзара өріле келе шумақ, өлеңге ұласатыны тағы
бар.
Қазақ жыры – дәстүрі тереңнен тамыр тартқан құнарлы жанр. Стилистикалық,
көркемдік дәстүр арналарын айтпағанда, өмірді жырлау, уақыттың екпінімен
жарысқан өмірдің өзіндей өр үнді поэзия дәстүрі арнасын кеңейте берері
даусыз. Поэзия тарихына, шежіресіне көңіл жүгіртсек, ұрпақтан ұрпаққа желі
тартып, көне керуен көшін құрап келе жатқан жыр ақықтары өмір
құбылыстарымен, ел мен жер тағдырымен бірге жаралған екен. Қазір де
дидактикадан гөрі қалың оқырман жүрегіне өміршең поэзия, өмір жыры жақын.
Жыр – тағдыр – ел тарихы, ел тынысы... Қазір де поэзиямызда осы заңдылық
айқынырақ көріне түскен. Алып халықтың ғажайып қадамдары, тірлігінің
ғажайып поэзиясы өлеңді өзі тудыруда. Нағыз өлең, ақындық парасат...
Дәстүрді жасайтын да, жалғастыратын да өнер мен өмірдің осы тамаша
диалектикалық туыстығы емес пе? [3, 27-107]
Көркем шығармада жазушылар адамдардың тағдыры мен мінездерін аша түсу
мақсатында табиғат көріністерін жиі пайдаланады. Әлбетте, табиғат
лирикасында, табиғатты суреттеген прозада бейнелеудің басты нысаны табиғат
болатыны анық. Соның өзінде табиғат суреті адам өмірімен тығыз байланыста
көрінеді. Бұл орайда Горацийдің: тоғайды, бұлақты, шулы тасқынды, алуан
түсті кемпірқосақты нашар ақын ғана адамға еш қатыссыз суреттейді деген
сөзі бар. Ал XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы ағылшын ақындарының бірі
Александр Поп өзімен-өзі ғана суреттелген табиғат көріністерін тек қана
тұздықтан даярланған тамаққа теңейтіні және бар.
Демек, табиғаттың өзін жеке бейнелегенде де, ақын оны адамның мүдде-
мұратымен, құштарлығымен, іңкәрлігімен, ой-толғаныстарымен, үмітімен
байланыстырады.
Көркемдік үшін туындының оқырманға, көрерменге, тыңдарманға әсер ету
кепілі болып табылатын шығармашылық ниеттің толық аяқталуы мен тепе-теңдігі
де маңызды роль атқарады. Бұл дегеніміз - шығармада бейнеленген
құбылыстарды оқырманның қаламгермен бірдей қабылдап, ойды бірдей түсініп,
бағалауына қол жеткізу шеберлігі. Соған сәйкес, көркемдік ұғымымен
шығармашылық еркіндік, сонылық, талғам, тұтастық сияқты түсініктер де тығыз
байланысты. Басқаша айтқанда, көркемдік ұғымы дегенде, шығарманың өнерге
тән абзал мұраттар мен талаптарға сәйкес келуін түсіну қажет. Өнерге тән
бұл мұрат-талаптар туындыны мазмұн мен пішінге қатысты бірегей тұтастық
ретінде жасауға негіз қалайтын шығармашылық үрдісте ұдайы ұшырасып отыратын
қарама-қайшылықтардың сәтімен шешілуін меңзейді.
Уақыт озған сайын халықтың талап-тілегі де, танымы да үздіксіз өсе
бермек. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген
идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті әдебиеттің халықтығы
деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Дегенмен әдебиеттің халықтығының
басты белгілерін, басқаша айтқанда, халықтық сипаттың өлшемдерін нақтылап
алу қажет. Сонымен, әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі - халық үшін ең
маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы
туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып,
қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отыр
[4, 77-89].
Тәуелсіздікті баянды ету – баршамыздың міндетіміз. Тәуелсіздік біздің
ұлттық идеологиямыздың негізі болу керек. Ол үшін жас ұрпақтың бойына
ұлттық патриоттық сезімді молырақ сіңіру қажет. Ұлттық нышандарды үйрету,
олар құрметтеуге, қасиет тұтуға, орындауға тәрбиелеудің бұл салада маңызы
зор [1, 19].
1.2 Қазіргі қазақ поэзиясындағы жас толқын үні

Халқымыздың тамырын тым тереңдерден алатын төл өнері, әдебиетін сөз
еткенде ерлік пен қаһармандыққа толы, ізгілік пен парасатқа бай шежірелі
дәуірлердің тұтас картинасын көрер едік. Көне дәуірлерден бастау алатын ұлы
мұраларымыз, тасқа қашалып басылған теңдессіз құндылықтарымыз, қазақ
хандығы құрылғаннан кейінгі телегей теңіздей жыраулар поэзиясы - әлем
әдебиетіндегі шоқтығы биік жауһар дүниелер.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы ғажайып әдебиетіміз небір ұлы тұлғаларды тарих
сахнасына шығарды. Осы ұлы тұлғалар ұлттық сөз өнерімізді айрықша биікке
көтеріп, ұлттық әдебиетімізді жасады. Бүгінгі таңға дейінгі туып,
қалыптасып, өркендеген руханият әлемі, сөз өнері әдебиет тарихы, әдебиет
сыны, әдебиеттану салаларында жан-жақты зерттеліп, әр қырынан қарастырылды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері тарихымыз жаңа көзқараспен зерделеніп,
әдебиетіміз қайта таразыланды.
Осы жылдары өмірге келген көптеген туыдылар оқырман қауымнан өз бағасын
алып, әдеби айналысқа енді, ғылыми бағасын да біршама алуда.
Ал, біздің мақаламыздың арқауы – ХХІ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы
болмақ. Ұлттық поэзиямызда Серік Ақсұңқарұлы, Темірхан Медетбек, Ұлықбек
Есдәулет, Есенғали Раушанов, Ғалым Жайлыбай, т.б. ақындар нағыз
шығармашылық кемеліне келіп, өлең әлеміне сүбелі үлес қосып жатса, осы
ақындардың үлгі-өнегесін алып, ізін басқан жас толқын туралы байыпты,
салмақты әңгімелер әлі айтыла қойған жоқ.
Тәуелсіздік таңы атып, қазақ поэзиясы жаңа соқпақ, тың сүрлеуге түскен
жылдары әдебиет айдынына Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек, Бауыржан
Бабажанұлы, Әмірхан Балқыбек, Әділ Ботанов, Роза Қараева, Талғат Ешенұлы т.
б. қалам қарымымен танылған тегеурінді толқын келді.
Дәстүр жалғастығы мен рухани сабақтастық - әдеби үрдістегі айнымас
фактор. Осы қуатты лекпен бір заманда жасасып, бірге өсіп, біте қайнасып
келе жатқан, ізін өкшелеп, жолын жалғаған әдеби орта – ХХІ ғасыр ақындары,
яғни шығармашылығы ғасырымыздың басынан бері жарық көріп, тырнақалды жыр
жинақтары көпшіліктің жылы ықыласына бөленгендер. Бұл ақындардың қатарына
Танакөз Толқынқызы, Руслан Нұрбай, Алмас Темірбай, Серік Сағынтай, Бағдат
Мүбәрак, Ақберен Елгезек, Құралай Омарова, Қалқаман Сарин, Рахат
Әбдірахманов, Бауыржан Қарағызұлы, Ерлан Жүніс, т.б. жатқызамыз.
Таланттардың жұртқа танылып, жаңа есімдердің ашылуына республикалық
деңгейдегі түрлі кеңестер, форумдар және облыстық, аймақтық, республикалық,
халықаралық жыр мүшәйраларының үлесі аса зор болды. Мыңдаған жаса есімдер
ашылып, көптеген талантты жастың жыр жинағы жарық көрді. Ғасыр басындағы
қазақ поэзиясының тұтас бір көркемдік сипатын жасау, аяқ алысын аңдап,
бағыт-бағдарын бағымдау қазақ ғылымы алдындағы үлкен жауапкершілік артатын
аса күрделі міндет болғандықтан, біз белгілі бір аймақтың қазаққа танымал
болған ақындарының шығармашылығына ғана шолу жасамақпыз. Атап айтқанда,
Қарағанды облысында туған, халықаралық, республикалық жыр мүшайраларының
жеңімпаздары атанған аса талантты ақындар Руслан Нұрбай, Серік Сағынтай,
Бағдат Мүбәрак, Рахат Әбдірахманов.
Руслан Нұрбай 1974 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге
келген. ҚарМУ-дың журналистика факультетінің түлегі. 2001 ж. Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі. 2004 ж. Халықаралық Шабыт фестивалінің
лауреаты. Әр түрлі деңгейдегі бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері. 2009 ж.
Жалын баспасынан Ыстыбұлақ атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
Руслан ақынның өлең әлеміне үңілсек, поэзия табалдырығын аттағаннан
бастап, бүгінгі кемеліне келген шығармашылық өміріне дейін не жырласа да,
өз үнімен, өз қолтаңбасымен қаламын сөйлетуге ұмтылған ізденгіш талаттың
ізін көреміз.
Жалынды ақын сөз өнерін айрықша қастерлеп, әр сөздің астарынан әдемі
әсер мен терең ой таба біледі. Оның Әріп пен ұғым өлеңінде қазақтың әрбір
қасиетті сөзі ғажайып ұғымға ие болып, сөйлей жөнеледі.
Көз алдымда зымырайды елік-күн,
Елік-күнге мен қалайша еріппін?!
ЖАН деген бір үш әріп кеп ғайыптан,
ӨМІР деген төрт әріпке еніппін.
Содан бері бұлдырайды сағым-күн,
Сағым күнде сабылумен жаным жүр.
АНА деген үш әріпке жаутаңдап,
БАЛА деген төрт әріпті жамылдым [5, 8],- деп басталған өлеңде ӘКЕ – ДАЛА
кеңдігінің символы болса, лирикалық кейіпкер АРУ-ды арман деп, СҰЛУ-ға
сүйсінеді, кей кезде ДОС ТУЫС-тан да жоғары болатыны, Жыр-ға ғашық жүрек
АҚЫН-дыққа бас иіп өтетіні, сол өнерге іңкәр көңіл үшін ЖЕР бетінде ӨЛЕҢ-
нен артық қасиет жоқтығы – біз білетін, білсек те, айта алмаған, Руслан
ақын тауып айтқан тегеурінді ойлар.
... Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,
Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай
АҒА деген үш әріпке жетіппіз
АҚЫЛ деген төрт әріпті айта алмай [5, 12].
Өлең осылайша салмақты оймен, әдемі түйінмен аяқталады. Өлеңнің өн
бойында қастерлі ұғымдар жаңа реңкке ие болып, тың әсерге ие болады.
Теңдіктің, ізгіліктің, тектіліктің, сұлулықтың, өлмейтін өнердің тұңғиық
сырларына бойлағыңыз келеді.
Ақын қарапайым пенденің қабылдауына жазбаған бояуларды көреді,
дыбыстарды естиді, құбылыстарды әлдебір түйсікпен сезеді. Сондықтан да оны
Алла ерекше жаратқанына иланасыз. Дәлел – оның жүрегінен төгілген қасиетті
сөз.
Тық-тық тірлік өлеңі – тірліктің тамыр соғысын тыңдаған, тылсым
құбылыстардың сырын түйсінген сезімтал ақын жүректің жемісі.
Іздейтін кезде жаным махаббат,
Мұңлы ойдан кетем құтылып.
Жүйкемді жеді-ау қабырға сағат
Тынымсыз осы тықылы.
Көшеге шықсам тым аппақ өңді,
Бір жан жүр билеп бөксесі.
Тықылы тағы құлаққа келді,
Тас жолға тиіп өкшесі [5, 25] – деген жолдарда тіршіліктің қалыпты
динамикасы өмір философиясының тіні болып көрінеді. Аз сөзге терең мағына
сыйып тұр.
...Шегі жоқ ойлар шырмалып ақыр
Кірсем де сонау жасыл бақ.
Тірлігі үшін тырбанып жатыр,
Теректі тесіп тоқылдақ.
Жанымды мұңнан аршып алып бір
Көктемнен келген жыр күттім.
Тықылдап жерге тамшы тамып тұр,
Тамырын соғып тірліктің.
Үтірсіз уақыт, үркемін анық,
Тық-тықтан мынау жалықтым.
Бөлмемде жатсам бүркеніп алып,
Сол үнмен кеудем қағып тұр... [5, 16].
Тіршілік тынысын, өмір ағысын жан дүниесімен түйсінген ақын жүрегінің
дүрсілін естігендей боласыз. Әр құбылыстан үлкен ой түйетін тегеурінді
таланттың Темір – Ғе өлеңінде осы темір сөзінен туындайтын терең мән –
мағына алуан қырынан жарқырай ашылады.
Периодтық тақтаны әлем біліп,
Химиядан кетіп ем дәмем құрып
Менделеев марқасқаң білді ме екен
Болатынын темірге тәуелділік.
... темір қақпа ашпады ұрғыладым,
Темір шүмек бұрасаң тұр бұлағың
Ыржиады нән аға темір тісті
Темір торда қаншама құрбыларым [5, 32] – деген шумақтардан заман тынысы,
қоғамның ащы шындығы ақын жанынан тыс өмір сүрмейтінін айқын сезінесіз.
Осындай ойларды өрбіте келе темір шынжырдың қолға да, аяққа да емес сұп –
суық боп санаға түсіп кеткендігін ашына жырлайды.
Руслан Нұрбай поэзиясы – аз сөзден үлкен мағына тудыратын тауып айтатын,
қазып айтатын өршіл пафоспен жырланатын, азаматтық позициясынан танбайтын
отты поэзия.
Бүгінгі таңдағы әдебиет өлкесінде жұртшылыққа зор талантымен танылып,
қалам қарымымен қазақтың қасиетті өнеріне қомақты үлес қосып келе жатқан
ақын, прозаик Серік Сағынтай Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге
келген. 2002 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырарда өлеңі
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Көркем әдебиеттегі «образдылық» пен «көркем образ» мәселелері. әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. өлең сөздің теориясы
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Сәбилік ғұрып жыры
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Балалар поэзиясының әдеби-көркемдік және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды ұштастырушы сипаттарын теориялық негіздеу
60-90 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Пәндер