Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
7: 7
: 1
Кіріспе: Өршіл ақынның тарихи өлеңдері
7: 9
: 1. 1
Кіріспе:

Махамбет өлеңдеріндегі тарихи шындық және оны көркем

бейнелеу.

7: 9
: 1. 2
Кіріспе:

Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтанға Махамбет көзімен

қарау.

7: 21
: 2
Кіріспе: Ақын өлеңдері- көтеріліс ұрандары
7: 27
: 2. 1
Кіріспе: Жауынгерлік рух дәстүрі және оның жалғастығы
7: 27
: 2. 2
Кіріспе: Сөз қолданысы - жаңашылдық
7: 48
:
Кіріспе: Қорытынды
7: 76
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
7: 80

Кіріспе

Бұл дипломдық жұмыста ақынның шығармашылық ой-өзегінің туу үрдісі, оған ықпал еткен басты тарихи, қоғамдық-әлеуметтік факторлар анықталады. Махамбет поэзиясына негіз болған өмір шындықтары айтыла отырып, оның өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ойлау даралығы, өлеңдеріндегі көркемдік элементтерді (айшықтау, әсерлеу, метафора, теңеу, градация, аллитерация, ассонанс, т. б) қолданудағы шеберлігі, сөз саптауы пайымдалады және трагедиялық қаһарман - Исатайдың, лирико -трагедиялық қаһарман ретіндегі ақынның өз «мені»-нің кескіндері және Жәңгір хан-Баймағамбет образдар жүйесі жеке-жеке талданады.

Дәстүр жалғастығын тілдік, көркемдік, стильдік ерекшеліктер арқылы анықтау да өзекті мәселе. Махамбет дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісі де қарастырылып, оның басты сипаттары айқындалады. Ұлттық поэзиямыздың бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін, дәстүр сабақтастығы мен ақынның сөз қолданудағы жаңашылдығын қарастырып, айқындау тұрғысынан дипломдық жұмысымның өзектілігі туды.

Мақсаты мен міндеттері: Махамбет Өтемісұлының көтерілістің ұраны болған жырларындағы көркемдік жүйеге сипаттама беру, оның поэзиясының құрылымдық-статистикалық моделін анықтау. Бұл ретте ақынның шығармашылық өнерінің шеберлік қырлары мен басты ерекшеліктерін тану үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

- Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі тарихи шындықты, яғни шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарын анықтап, шеберлігінің ұшталуына, ақын болып қалыптасуына ықпал еткен сол тұстағы қоғамдық-тарихи жағдай мен алғышарттардың мән-маңызына, дәуір тынысына талдау жасау;

- батыр ақынның өлеңдері арқылы сол дәуір шындығын, оның поэзиясы замана шежіресінің айнасы екендігін көрсету;

- жауынгер ақынның өмір шындығынан көркем шындық тудыру жолындағы шығармашылық шеберлігін, даралығын саралау;

- Махамбет Өтемісұлы жырларындағы жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісін пайымдау;

- ақын өлеңдерінің табиғаты мен ерекшеліктерін, жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісі мен жаңашылдықты, сөз құдіреті мен оның тартымдық сипатын зерделеу;

- ақын қолданған өлшем-өрнек, құрылыс-жүйе, бейнелеу құралдарының көркемдік дәстүр жалғастығын айқындаушы факторлар екендігіне көз жеткізу;

- Махамбет дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісін зерделеу.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде ақын поэзиясын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер мен баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар пайдаланылды. Солардың ішінен ақын шығармашылығын ең алғашқы зерттеушілер Х. Досмұхамедовтің, М. Әуезовтың, сондай-ақ, Махамбет поэзиясына әр жылдарда арнайы зерттеу жүргізген көрнекті ғалымдар Қ. Жұмалиевтің, Ә. Қоңыратбаевтың, Б. Аманшиннің, Қ. Сыдиқовтың, Қ. Өмірәлиевтің, Р. Нұрғалидің, З. Қабдоловтың, Р. Сыздықованың, Ғ. Әнестің, Ә. Сарайдың, С. Мақпырұлының ғылыми-теориялық еңбектерін басшылыққа алдым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Өршіл ақынның тарихи өлеңдері

1. 1 Махамбет өлеңдеріндегі тарихи шындық және оны көркем бейнелеу

Қазақтың ақындық поэзиясы халықтың ежелгі дәстүрлерінен бастап бүгінгі заманға жеткен, енді болашаққа ұласатын тарихындағы барлық оқиғалардың халық арасындағы ықпалды рухани арна болып келеді. Ақындық поэзияның уақыт пен кеңістік жүйесіндегі эстетикалық-гуманистік сипаты, ұлттық әдебиеттің дамуы үрдісіндегі көркемдік ықпалы, қоғамдық-әлеуметтік қырлары барлық уақытта да маңыздылығымен айқындалады.

Көркем шындық сөз өнерінде көбіне-көп өмірде болған жайлардан туындайтыны белгілі. Көркемдік шешім шығармашылық пайым мен терең тебіреністің, ұшқыр да алғыр қиялдың жемісі. Ал қиялға қанат бітіріп, суреткер шабытын тудыратын - шығармашылық құштарлық (тенденция) .

1836 -1838 жылдары Бөкей ордасында Исатай-Махамбет бастаған Ұлт-азаттық көтерілісінің болғаны тарихи шындық. Махамбет осы күрестің басшыларының бірі ғана емес, оның ұраншысы, насихатшысы екендігі де ақиқат. Ол осы қанды соғыстың бел ортасында жүріп отты өлеңдерін тудырды. Оның толғаулары шындық. Бірақ ол өмір шындығы ғана емес, көркем шындық. «Көркем әдебиетте басты шындық - қоғам тынысының әуенінен туатын логикалық шындық» - деп, Тұрбеков А. өзінің «Реалистік және типтік характер» деген еңбегінде айтқан болатын.

1836 - 1838 жылдары Батыс Қазақстан жерінде болып өткен ұлт - азаттық көтерілістің басшыларының бірі, Исатай Батырмен тізе қосып, оның сенімді серігі, ту ұстаушысы әрі батыр, әрі ел ағасы, халқымыздың азаттығы мен бостандығы жолында құрбан болған Махамбет Өтемісұлы жырларының қыр- сырына үңіле отырып, тарихилық принціпіне, тарихи шындықтың көркем шындыққа қалай ұласқанын, яғни, өмір шындығының өлеңге айналу процесі, өмір мәселелеріне тоқталдық.

Әдеби зерттеу ғылымында Махамбеттанудың іргетасын қалаған Х. Досмұхамедов пен Қ. Жұмалиев болса, ақынның тілі мен стилін арнайы зерттеген Б. Аманшиннің, т. б. идеялық- көркемдік тұрғысынан сараптаған Р. Нұрғалидың, С. Қасқабасовтың, А. Шәріптің ғылыми-теориялық еңбектерінде Махамбет поэзиясы жан-жақты тереңдете зерделенеді.

Кеңес одағы тұсында көп жай бұрмаланып, зерттеушілер жинақтаған материалдарын коммунистік идеологияның қалыбына салып жазуға мәжбүр болған. Партия соны талап еткен. Мысалы, Кенесары Қасымов көтерілісіне ұлт-азаттық емес, феодалдық - монархистік қозғалыс деп баға берілсе, Исатай - Махамбет қозғалысы «шаруалар көтерілісі» делініп саясаттандырылды.

Кезінде осы азаттық жолында қаншама ерлер өмірін қиды! Солардың ішінде Исатай мен Махамбет - өшпес ерліктің, елге адалдықтың символы. Махамбеттің өлеңдеріндегі өшпес рух, ерлік, туған жерге, елге, достыққа деген адалдық, махаббат кім-кімге де берері мол дәріс. Ақынның бейнелі ойлап, айшықты жыр төгуі, әр жолының алмас қылыштай өткірлігі поэзия сабағындай, әрі патриоттық тәлім тәрбие.

Ақын өлеңдері-көтерілістің ұраны, туы, сонымен бірге жылнамасы да іспетті. Олардағы саяси -әлеуметтік, қоғамдық өмірдің әр қилы көріністерінің үйретері мол.

Біздің ұлттық поэзиямыз сонау жазу-сызуы жоқ заманда шындық теориясын халыққа түсіндіріп отыратын бүкіл халықтық ағарту мектебінің рөлін атқарды. Ол замандағы ақындар мен абыздардың арқалайтын жүгі жеңіл болған жоқ. Өйткені поэзия дегеніміз - шындық, ал шындықты айтқандардың соңында қашан да қауіп-қатер жүреді. Сондай шындық үшін басын өлімге тігіп,

Қара қазақ баласын,

Хан ұлына теңгердік [1] -

деп алдына ұлы мақсат қойған ақын - Махамбет және оның поэзиясы.

Тарихи көтерілісті басынан аяғына дейін суреттеп, оған қатысқан адамдардың атын атап, халықтың тумысынан да хабар бере отырып, өзіндік пікірін де қосып, ерлік пен елдік туралы да тарихи шындықты баяндаған ақынның бар-жоғы сексенге жуық өлеңінін бір қиыры мен бір қиыры қалай талданса да тарлық етпейтін керегесі кең дүние [2] .

Академик Қ. Жұмалиев өзінің «Егеулі найза» атты Махамбет поэзиясын зерттеуге арнаған көлемді еңбегінде былай деп жазады: «Бұл көтерілісті өз кезінде де, кейін де жырлаған ақындар аз болған жоқ. Бірақ көтерілістің шын мәнінде айнасы болған және оның халықтық сипатын дәл көрсетіп, алдына қойған тілек-мақсаты не, кім үшін, не үшін күресті - осылардың бәрін де тамаша түрде айқын суреттей алған ақын - Махамбет» [3] . Махамбетке дейінгі ауыз әдебиеті жырларында әлдебір маңызды оқиға болып өткеннен кейін жырланатын болса, Махамбеттің бастан кешкен тарихи кезеңінде поэзия сол күрестің ішінде жүрді. Поэзия тілінің ықпал ету күшін арттыруда Махамбет өзінен бұрынғы өткен ақындардың, халық ауыз әдебиетінің мол мұрасының көркемдік тәсілдерін де кеңінен қолданды және оны ілгері дамытты. Өйткені ол өзінен бұрынғы ауыз әдебиеті өкілдерінің мектебінен өткен, солардың жырын жырлаушы да болған. Оның үстіне фольклорлық тәсілдің кейбір түрлері күрескерлікті жырлауға өте қолайлы, ықшамды. Жаугершілік заманның сөйлеу тілі де өзгешерек болады. Ал жаугершілік заманды жырлаған өлеңдерде бейбіт заманның көрінісі түрлі теңеулерге айналып көрініс тауып жатады. Біз мұны ақын өлеңдерінің көркемдігін саралағанда анық көреміз. Ақынның жаңа қоғам тудыру идеясы, адамгершілікке үндеу, жамандықтан қашу, отанды, туған елді сүю, дос-жолдас бола білу идеясы жаңа образдарды қалыптастырды. Жаңа әдеби символдар шоғыры пайда болды. Қарулас сарбаздарына қарата айтатын сөзі мен жауына қарата айтатын сөздерінің астары тарихи кезеңнің суретін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берген. Логикалық шебер үйлесімге құрылған өлеңдері ақынның эстетикалық талғамының көрінісі іспетті. Оның поэзиясының өн бойында сөзді көркемдеудің небір әдіс - тәсілдері, троптардың сан алуан түрлері, фигуралардың небір айшықтылары бірінен бірі алмасып келіп, ақынның негізгі идеясын жеткізуде үлкен қызмет атқарып тұр.

Тіл - көркем туындының ең негізгі қазығы. Поэзия - сол тіл арқылы шексіздікке ие болады. Сондықтан ол шексіз зерттеле беруге қабілетті. Өйткені ол - тек бір ғана кезеңнің емес, сол поэзия өмірге келгенге дейінгі және келгеннен кейінгі тілдік және рухани болмыстың көрінісі. Мысалы Махамбеттің поэзиясында тек сол дәуірдің ғана емес, біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларының да рухы жатыр. Ол халық санасында есте жоқ замандардан бері өмір сүріп келе жатқан түсініктің, болмыстың және соларды түсіндіретін көне сөздердің қоймасы, жылнамасы іспетті. Мұның бәрі ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігіндегі өзіндік стилі арқылы айқын көрініп тұрады.

Тәуелсіздікті аңсап тулаған халық жүрегін тарих доңғалағының кезекті бір айналымындағы өршіл тынысын сездіретін табиғаты өзгеше поэзияның бірі- күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының әдеби мұрасы. Өзінің аз ғана ғұмырын бостандық жолында, әділетсіздікке қарсы күреспен өткізген ақынның жырлары сол бір қиын-қыстау заманның алапат арпалысынан күш алып, халық санасының терең түсініктерінде тұнып жатқан азаттық идеясының серпінді бұлқынысымен суарылғандай. Сол себепті де біз бүгін Махамбет өлеңдеріндегі өршіл екпін мен семсердің жүзіндей жарқылдаған өткірліктің астарында тек оның табиғатындағы ақындық талантпен астасқан адами қайсарлық пен батырлық қана емес, ұлт санасында ежелден маздап жанған осынау өшпес шырақтың қуатты алауын атап айтуымыз керек [3] .

Әр ақын көбінесе өзі өмір сүрген заманның тыныс тіршілігін, көзімен көріп, басынан өткізгенін жыр етеді. Онын өлеңдері - өз өмірбаяны іспетті.

Махамбет өмір сүрген ХІХ ғ-ң І жартысы қазақ тарихында қайшылығы мен қақтығысы мол кезең болатын. Қазақ елінің бодандыққа кіргеніне ғасырға жуық уақыт өтіп, патша үстемдігі қазақ даласын түгел қамтып тұрған дәуір еді. Қазақ елінде хандық билік жүйесі Батыс өңірде ғана сақталғанмен, хан патшаға тәуелді болып, оның айтқанынан шыға алмайтын күйге жеткен.

Бастау бұлағы - Бұқар жырау, белді өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат болған әдебиеттегі зар-заман деп аталған ағымға кіретін ақындардың өлең-жыр, дастандарындағы өзекті сарын отаршылдыққа наразылық идеясы болғаны белгілі. Соларды туғызған қоғамдық-тарихи жағдай, әлеуметтік қайшылық, күйзеліс ХІХ ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу-кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды [4] .

Қазақта жер дауы, жесір дауы дегеннің үлкен әлеуметтік мәселе екені белгілі. Малдың өрісі тарылып, шұрайлы жерлердің Жәңгір ханның жақын -жуықтары мен жаңа қоныстанушыларға - орыс-казактарға берілуі бүкіл саяси- әлеуметтік мәселелердің өзекті буынына айналды. Онсыз да ашу-ызаға булығып, кектеніп жүрген бұқара халықтың ханға қарсы тұрып, қолдарына қару ұстауына осы жер мәселесі үлкен әсер еткені анық.

Өйткені :

Арғымақтың баласы,

Аз оттар да көп жусар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да көп жортар-

Дұшпанға кеткен кегі мен

Талауға түскен жері бар.

Махамбет бұл әділетсіздікке қылыш, найзамен бірге өткір де ұшты өлеңдерін де қару етіп қарсы тұрды. «Махамбет музасын» соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл орайда ақын шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі [5] .

« . . . Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу - майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Әлгі айтқанымыз: қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан. Бұл тақырыпты ол және қаламын тістеп отырып ойдан-қырдан ізденіп келіп, саусақ арасынан сауып алған жоқ» [6] - деп академик Зейнолла Қабдолов айтқандай «Махамбет өлеңдерінің бәрі өмірде болған, көзімен көріп, қолымен ұстаған, бар жан дүниесімен сезінген болмыс. Бірақ сол шындық ақын аузымен айтылғанда ерекше құлпырып, түрленіп, қуаттанып, әр сөз алаулаған отқа, жан балқытар шоққа айналып сала береді. Бұл толғауларды Махамбеттен өзге адам дәл солай әсерлі де әсем етіп образға орап бере алмасы хақ. Өйткені сол от пен судың арасында қолына қару алып, елінің болашағы жолында жүрген батырдың бірі - Исатай да, екіншісі - Махамбеттің өзі».

Махамбет «Есіл ер» деген өлеңінде : «Алдияр тақсыр ханымыз, Исатай батыр кеткелі кеміді біздің сәніміз, тілімді алсаң тақсыр ай, шайтанның мойнын жұлдырып, Ордаңа қайтып алыңыз», - дейді.

Өлеңде өткірлік те, өрлік те бар. Ағаға деген сағыныш, көңілде жүрген мұң-шер, өкініш нөсердей құйылған «Шайтанның мойнын жұлдыртып» дейді. Шайтан деп отырғаны Қарауылқожа екені анық:

Арыстан еді-ау Исатай!

Нетерсің, тақсыр табалап?

Құрттайымда өсіп ем,

Бауырыма паналап, -

десе, тағы да арыстандай айбатты Исатай көз алдыңа келеді.

Махамбет ойлы да отты, шымыр да шындыққа толы толғауларында «атадан туған ардақты ер», «арғымақтың баласы», «ханның бір туын қайтарған» Исатай ағасының тұлғасын одан әрі де сомдай түседі:

Исатай - басшы, мен - қосшы,

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды . . .

«Халық 1837 жылдың өзінде көтерілгісі келген, бірақ олардың күреске алып шығатын көсемнің болмағаны жөнінде аға сұлтанның айтқаны шындық сөз болатын. Ондай көсем ішкі ордадан табылды. Табылғанда да, күл-талқан болып жеңіліп, әбден еңсесі кеткен соғыстан соң келді. Бірақ оның жеке басының тұлғасы әлі де орасан зор еді, оның көксеген мақсаты да маңызды, әрі соншалықты ортақ болатын. Сонысымен де ол қысқа мерзім ішінде бәрін аузына қаратып, кең байтақ даланың көшпенділерінің басын біріктіріп, соңынан ертіп жетті.

Бұл ерің Исатай еді. Бірақ Истай ерліпен қаза тапты, онымен бірге ұлт-азаттық күресі де қоса кетті »[5] .

Бала жастан Ағатай Беріштердің арасында болып, Исатай, Махамбет көтерілісі туралы әңгімелерді құлағына құйып өскен көрнекті жазушы Әнес Сарай да «Исатай мен Махамбет тарихы» деген зерттеу кітабында «Мен ақсұңқар құстың сойы едім» деп басталатын толғау ұзақ жылдар ақының «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» топтамасына қосылып келеді, -деп жазады. Тарихи қисындарға нақтылап үңілсек, «адасқан үйректей» болған Махамбетті қаншама өр десек те Баймағамбетке «Бөріле көшкен еліңді бөрліккен қойдай қырармын» деп сес көрсетуге жағдайы жоқ еді, сонсоң «Шамырқансам тақсыр, кетермін», «Сізден артық табармын» дейтіндей Баймағамбеттің қызметінде болған ештеңесі жоқ еді. Бұл Махамбеттің Жәңгірмен кетіскендегі сөзі » -дейді Әнес Сарай [7] .

Мұхтар Әуезов: «алғашқы кезде бұлар соғысып жүреді. Ол кездегі көңіл екпіні, сөз тасқыны да бір алуан, өзгеше. Одан кейін жеңіледі. Бұдан туатын көңіл-күй екінші түрде. Ең аяғында қашқын-пысқын болып, жүдеп-жадап жүріп, хан төреге жәй-күйін айтып, жәрдем дәм ететін халге келеді. Ондағы күй-қалып тағы бір басқа. Міне, Махамбет шығармаларының осындай үш кезеңі, үш дәуірі бар, деп барып ақын өлеңдерін төрт кезеңге бөледі. Біріншісі-1822-1829 жылдардағы алғашқы албырт кездегі балғын жырлары, екіншісі-1829-1835 жылдардағы көтеріліс алдындағы, қол-жинау кезіндегі ұранды өлеңдері, үшіншісі-1836-1838 жылдардағы ереуіл тұсындағы өршіл туындылары, төртіншісі-1838-1846 жылдардағы көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі лирика-элегиялық жырлары [8] .

Ақынның алғашқы өлеңдерінен бізге жеткені «Еңіреу ұлы емшек боз», «Жалған дүние». Олай дейтініміз, бұл өлеңдерде жастық шаққа тән албырт сезім басым:

Дұшпаны қарсы келгенде,

Ер дегеніне берік болсын

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік .

Ойласаңдар, жігіттер,

Мынау жалған дүние

Кімдерден кейін қалмаған?!

Жабығушылық та, налу да, өкініш те байқалмайды. Жігерлі болғанымен, ерлікке шақырғанымен, балаңдық, жастық желік аңғарылады.

«Жалған дүние» алғашқы туындыларының бірі болғанымен, Махамбет өлеңдерінің ішіндегі өте көркем жазылған жауһарларының қатарына жатады. Бұл да өзінше бұрынғы жыраулар дәстүрінен айтылған дидактикалық-философиялық толғау. «Арғымақ, сені сақтадым», 1835 пен 1836 жылдар арсында халықты күреске шақырып, қол жинау кезінде шығарған деп білеміз. Оны өлеңнің өзі-ақ дәлелдеп тұр: Соғыста жүрген адам «Ат -жігіттің майданы, қылыш жанның дәрмені, өлім - хақтың пәрмені» екенін жақсы білсе керек [9] .

Махамбет ұлт қамын, ұрпағының «қайыңның басын жел соқса, қаршыға құс қайғырар, балапаным суға кетер деп » амандығын, соңында тұяқ қалуын, «асылдан болат ұл туса, екі жақ болып тұрғанда, егескен жерде шарт кетіп, жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбауын », «аз сөйлесіп, көп тыңдап» парасатты болуын тіледі. «Ақ жұмыртқа сары уыз әлпештеп қолда өсірген туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса?!» -деп «өзінен туған жас баланың» ата жолын қуып, ата қонысты сақтауын, жауынан тайсалмауын көкседі.

Махамбет жырларында ұлтының қасірет-қайғысы мен зар-мұңы бар:

Адамы қойдай қырылып,

Құлағызып жер қалды-ау!

Қарағай, қайың, тал, терек,

Қалың орман, ну қалды-ау!

Қиқулап құстар қонатын

Суы тұнық көл қалды-ау !

Тәрбиелеп өсірген

Ата мен ана - бұл қалды-ау!

Қатын жесір, тұл қалды-ау !

Бұлардан жүда қимайтын,

Енді менің нем қалды-ау,

Тек шықпаған жан қалды-ау! -

дейді. Бұл өлеңдерден оның « дұшпанынан тартынбай сөйлейтін асылдығын, білекті де жүректі екендігін көреміз ».

Мұны Мұхтар Әуезов:« Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын, болған емес. Алды да, арты да бір өзі сияқты » [30] деп керемет баға берген .

Махамбеттің поэзиясында отаршылдықтан қысым көрген халықтың көңіл-күйі, дәуірге наразылық болғанымен, «шарасыздыққа берілмей, қазақ ұлтын заманның зауалынан құтқаруға үндеген, қайғы-мұңға толы өлеңдерге күрескерлік сана дарытқан, тығырықтан шығудың жолын көрсеткен жолдар басым :

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы,

Артымыздан біздердің

Ақырып теңдік сұрарға.

Өмірі күреспен өткен айбарлы ақын теңдікті жай сұрамай, ақырып, айбатпен, қайратпен алу керкетігіне сол кездің өзінде-ақ көз жеткізген. Соны кейінгіге осылайша табыстап айтып кеткен .

Бұл Махамбеттің асқақ арманы еді. Сол арман бүгін орындалғандай[10] .

Психологизм - көркемдік шындықтың ажырамас бір бөлігі: Іс- әректті, өмір диалектикасын нанымдылықпен суреттеуде оның атқарар танымдық-эстетикалық қызметі орасан.

Шақырғанмен келер ме,

Кешегі менің арыстаным,

Өзі шын барар жерін тапқан соң,

Егізімнен айырылып

Мен бір аққу болдым халықтан соң, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбеттің есімі - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz