Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І.ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ: ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... .6
1.1. «Постмодернизм» ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Постмодернизм кезеңінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3. Постмодернистік ғылым және тіл білімімен қатысты зерттелуі ... ... ... ... .19

ІІ. ПОСТМОДЕРНИЗМНІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1. Постмодернизм кезеңінің тіл біліміндегі өкілдері мен шығармашылық жұмыстарының бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35 2.2. Постмодернизмнің қазіргі тіл ғылымы айналысындағы орны, болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасырдың екінші жартысында модернизм ағымының орнын басқан ірі құбылыс - постмодернизм. Ол – мәдениеттің, адамзат өркениетінің барлық салаларын қамтыған жалпы әлеуметтік ағым. Бастапқы уақытта тек қана кескіндеме және архитектураға ғана телінген бұл құбылыстың жекелеген ғылымдардың дамуы үшін де берері көп болды. Постмодернизмнің ғылым, соның ішінде лингвистикаға сіңісіп, тың идеялар, іргелі концепциялар тууына септігін тигізбей қоймады. Қазіргі таңда постмодернизм дәуірінде туындаған іргелі концепцияларды саралап, талдап, маңыздылығын айқындау тіл білімінің әрі қарай дамуын болжау үшін қажетті, осыған байланысты тақырыптың өзектілігі танылады.
Зерттеу мақсаты – Постмодернизмнің даму ерекшеліктерін, лингвистикаға постмодернизмнің қосқан үлес-салмағын анықтау, іргелі постмодернистік концепцияларды саралап, маңыздылығын анықтау.
Мақсатқа жетуде шешілетін міндеттер:
• Постмодернизм түсінігі және оның даму кезеңі, ерекшеліктері туралы мағлұмат жинау;
• Табылған мәліметтермен танысып, талдау;
• Постмодернизмде өзекті, маңызды деген мәселелерді таңдап, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау;
• Еңбектерді бір-бірімен салыстырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу;
• Жалпы постмодернизм құбылысы туралы толық бір түсінік қалыптастыру, қорытынды шығару.
Зерттеу нысаны:
Постмодернизм құбылысы, лингвистика ғылымындағы постмодернизм ағымы
Зерттеу әдістері:
Жинақтау, саралау, талдау, салыстыру, лингвистикалық талдау
Дереккөздер:
Жұмысты орындау барысында белгілі лингвист ғалымдар Ж.-Ф.Лиотар, В.Гейзенбергтің, Р.Барттың постмодернизм тұрғысындағы концепциялары, интернет ғаламдық торынан постмодернизм туралы Делез бен Гваттаридың, орыс лингвистері В.А.Емелин,А. П. Огурцов, Р.М.Алейник және Л.Ф.Федорованың тың еңбектері назарға алынды. Сондай-ақ, М.Фуко мен Т.А.Ван Дейк тілдік концепцияларындағы құнды пікірлері мен ой-тұжырымдарынан көптеген мәлімет алынды, Ресей және Қазақстан лингвистика саласындағы қазіргі күнгі жаңа тың тақырыпты зерттеулер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық, практикалық және әлеуметтік маңызы:
Постмодернизм және постмодерн құбылыстары, тіл біліміндегі орны айрықша постмодернизм ағымы және олардың ерекшеліктері, даму тарихы, бүгінгі жағдайымен танысу және оларды теориялық тұрғыдан салмақтау жұмыстың теориялық маңыздылығы деп білсек, ол игерілген мәліметтерден түйін түйіп, нәтиже шығару, пайдалану арқылы жұмыстың практикалық маңыздылығын арттырамыз.
Постмодернизм тек қана лингвистика не өнерге тән ағым емес. Ол мәдениеттің барлық саласын, өркениеттің барлық тетігін қозғаған дәуір бейнесі. Яғни қай жерде, адам қолымен, адамның таза өз санасымен жасалған шынайы дүние болса, сол жерде постмодернизм болады деген сөз. Сонда, постмодернизм дегеніміз - әлеуметтік құбылыс. Ал тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, оның адамдармен, қоғаммен байланыстылығы да сөзсіз. Демек, постмодернизм мен тіл білімін ұштастыратын бұл - қоғам. Сондықтан, тіл біліміндегі постмодернистік концепцияларды зерделеу әлеуметтік мәнділіктерді ашуға септігін тигізеді. Міне, осы арадан жұмыстың әлеуметтік маңыздылығын байқауымызға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ильин И.П. Постмодернизм//Современное зарубежное литературоведение: Страны Западной Европы и США : Концепции.Школы.Термины.-М., 1996
2.slovari.yandex.ru/dict/krudasvet/articie/c/ce/101713/htm?text=&stpar1=1.1.1
3.Дианова В.М.Постмодернизм как феномен культуры
4.Энциклопедия культурологии. Википедия. dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/18140
5.ДаниленкоВ. Постмодернизм в русской литературе. www.luch.ru/online/.../360-r
6. Козловски. П. Культура постмодерна М., 1997
7.Гулыга А.В.Что такое постсовременность\\Вопросы философии.№12 - М., 1988
8.Лиотар Ж.-Ф.Состояние постмодерна. М., 1988
9. Емелин В.А. Постмодернизм: в поисках определения. emeline.narod.ru/postmodernism.htm
10. ПОСТМОДЕРНИЗМ. www.krugosvet.ru/.../POSTMODERNIZM.html
11. Брайнин-Пассек В. О постмодернизме, кризисе восприятия и новой классике// Новый мир искусства,-Санкт-Петербург.Ноябрь 2002
12.Постмодернизм. visaginart.nm.ru/POST/post 1.htm
13. Постмодернизм в литературе. post-modernizm.ru/…/postmodernizm-v-literature
14. Федорова Л.Ф. Некоторые проблемы теории и критики постмодернизма // Там же. С. 34-40
15. Порус В. Н. Рациональность философии / / Эстетический логос. М., 1990.
16. Lyotard J.-F. La Condition postmoderne. Rapport sur le savoir. P., 1979.
17. Пригожин И., Стенгерс И. Порядок из хаоса. Новый д иалог человека с природой. М ., 1986
18. Lyotard J.-F. Des dispositifs pulsionnels. P., 1980: Он же : Derive a partir de Marx a Freud. P., 1994.
19.Эпистемология постмодернизма.www.chem.msu.su/rus/teachihg/…/3.htm
20.Ахутин А.В. Понятие природа в античности и в Новое время. –М.:Наука,1988
21. Рациональность на перепутье/Под ред. П.П.Гайденко, В.А.Лекторского, В.С.Степина.- М.:РОССПЕН,1999.-Кн.І,ІІ
22.Гейзенберг В. Шаги за горизонт.М.Прогресс, 1987
23.Библер В.С. От наукоучения к логике культуры.-М.: Политиздат, 1991
24. О сильной программе и о той дискуссии, которая велась вокруг нее, можно получить достаточно полное представление из книги «Scietific rationality the sociological turn by J.R.Brown. - Dordrecht etc.: Reidel, 1984 / Ser. in philosophy of science / Univ. of Western Ontario. - V. 25)
25. Гейзенберг В. Шаги за горизонт. - С. 3.
26. Судьбы естествознания: Современные дискуссии / Под ред. Е.А.Мамчур, Ю.В.Сачкова, С.Н.Коняева. - М.: ИФ РАН, 2000
27.Постмодернизм-Википедия.Алейник Р.М. Образ человека во французской постмодернистской литературе ru.wikipedia.org/wiki/
28. Степин В.С. Теоретическое знание. - М., 2000
29. Рац М.В. // Судьбы естествознания... - С. 95
30. Делёз Ж., Гваттари Ф. Что такое философия? - СПб., 1998
31. Огурцов А. П. Постмодернизм в контексте новых вызовов науки и образования ...17 ноя 2007 ... www.phil63.ru/postmodernizm-v-kontekste-novykh-vyzovov
32. Е. В. Спекторского «Проблемы социальной физики ХVП в.». Варшава, 1910.
33.Петров М.К. История европейской культурной традиции и ее проблемы.М.,2004
34. Методология науки: проблемы и история М.: ИФ РАН, 2003
35.Маньковская Н.Б.Эстетика постмодернизма.- СПб: Алетейя,2000.-347с
36. Емелин В.А.Постмодернизм: в поисках определения .eline.narod.ru/postmodernism.htm
37.Погребная Я.В. Имя-псевдоним-безымянность в художественном мире В.В.Набокова (К вопросу о генезисе новой прозы) Ставрополь, 1998
38. Фокин А.А. Наследие Иосифа Бродского в контексте постмодернизма Ставрополь, 1998
39. Ланин Б.А. Постмодернистская проза Саши Соколова. Ставрополь, 1998
40. Ащеулова И.В. Творчество Саши Соколова в контексте литературного процесса 60-80-х годов// Русский постмодернизм: предварительные итоги Ставрополь, 1998
41. Воронин В.С. Структура абсурда и не-для-нас бытие (От Хармса к Петрушевской)// Ставрополь, 1998
42. Мириманов В. Постмодернизм в литературе. Поэтика постмодернизма. Otmart.net/node/103
43. Постмодернизм: приближение к антимиру (Статья С.Е.Юркова из сборника "Эстетика в интерпарадигмальном пространстве: перспективы нового века. Материалы научной конференции 10 октября 2001 года". Серия Symposium, выпуск 16
44. Фуко М. Слова и вещи. М., 1977
45. Тойнби А.Дж. Постижение истории. М., 1991
46. Батыгин Г.С. Социология Интернета: наука и образование в виртуальном пространстве//Социологический журнал. 2001. №1
47. Уже В 1997 г. число студентов, считавших, что они "читают много книг" снизилось по сравнению с 1989г. в 2,5 раза, но зато увеличилось в 2 раза число студентов, смотрящих в свободное время телевизор (Преподавание социально-гуманитарных дисциплин в вузах России. М., 2003
48.Смирнов С.А. Практикуемые модели социально-гуманитарного образования//Преподавание социально-гуманитарных дисциплин в вузах Росии. М., 2003
49. Ван Дейк Т.А. Язык. Познание. Коммуникация/пер. сангл О.А.Гулыги; сост В.В.Петрова; под ред. В.И.Герасимова; вступ ст.Ю.Н.Караулова и В.В.Петрова. М:Прогресс, 1989
50. Е.В.Спекторский. Проблемы социальной физики XVII в.Варшава, 1910
51. Сүлейменова Э.Д. Актуальные проблемы Казахстанской Лингвистики.Алматы:издательство "Арыс"., 2001
52. Гиздатов Г.Г. Когнитивные модели в речевой деятельности: типология и динамика.А., 1999
53.Екшембаева Л.В. Язык как подсистема человеческой когниции//Вестник КазГУ им.Аль-Фараби.А.,№43, 2000
54.Нұрғожина Ш.И. Вербальный интеракт: понятие, теоретические основы, функционирование, структура: Автореф. дисс. докт.филолог.наук. А., 1999
55.Нұршайықова Ж.А. Русский язык и алгоритмы.А., 1999
56. Шаяхметов А.К. Способы передачи метакоммуникативных особенностей речи казахов-билингвов в русскоязычных художественных текстах. М., 1991
57. Бүркітбаева Г.Г. Деловые документы как объект лингвистического исследования ( к постановке проблемы)// Международные отношения: теория-практика-поиск. Материалы международной конференции.А., 1999
58. Мырзағалиева М.К.Контрасивно-прагматический анализ речевых актов похвалы в русском и казахском языках: Автореф.Дисс.Канд.Филолог. Наук (науч.руковод: Э.Д.Сүлейменова)А., 1998
59. Тіл мен мәдениет. Әлемдік мәдениеттану ой санасы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары.А: Жазушы, 2005
60. С.В.Ионова. Современные проблемы теории текста и традиции русской словестности. Волгоградский Гос.Университет. Sionova@mail.ru

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Постмодернизм,‭ ‬оның тіл біліміндегі орны

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І.ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ:‭ ‬ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... .6
.1.‭ ‬Постмодернизм‭‬ ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
.2.‭ ‬Постмодернизм кезеңінің тарихы‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 15
.3.‭ ‬Постмодернистік ғылым және тіл білімімен қатысты зерттелуі ... ... ... ... .19
ІІ.‭ ‬ПОСТМОДЕРНИЗМНІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... .35
.1.‭ ‬Постмодернизм кезеңінің‭ ‬тіл біліміндегі‭ ‬өкілдері мен шығармашылық жұмыстарының бағыты‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
.2.‭ ‬Постмодернизмнің қазіргі‭ ‬тіл‭ ‬ғылымы айналысындағы орны,‭ ‬болашағы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47‭
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі‭ ‬ХХ ғасырдың екінші жартысында модернизм ағымының орнын басқан ірі құбылыс‭ ‬-‭ ‬постмодернизм.‭ ‬Ол‭ –‬ мәдениеттің,‭ ‬адамзат өркениетінің‭ ‬барлық салаларын қамтыған жалпы әлеуметтік ағым.‭ ‬Бастапқы уақытта тек қана кескіндеме және архитектураға ғана телінген бұл құбылыстың жекелеген ғылымдардың дамуы үшін де‭ ‬берері көп болды.‭ ‬Постмодернизмнің‭ ‬ғылым,‭ ‬соның ішінде лингвистикаға сіңісіп,‭ ‬тың идеялар,‭ ‬іргелі концепциялар тууына септігін тигізбей қоймады.‭ ‬Қазіргі таңда постмодернизм дәуірінде туындаған іргелі концепцияларды саралап,‭ ‬талдап,‭ ‬маңыздылығын айқындау тіл білімінің әрі қарай дамуын болжау үшін қажетті,‭ ‬осыған байланысты тақырыптың өзектілігі танылады.‭
Зерттеу мақсаты‭ –‬Постмодернизмнің даму ерекшеліктерін,‭ ‬лингвистикаға‭ ‬постмодернизмнің қосқан үлес-салмағын анықтау,‭ ‬іргелі постмодернистік концепцияларды саралап,‭ ‬маңыздылығын анықтау.‭
Мақсатқа жетуде шешілетін міндеттер:
Постмодернизм‭ ‬түсінігі және оның даму кезеңі,‭ ‬ерекшеліктері‭ ‬туралы мағлұмат жинау‭;
Табылған мәліметтермен танысып,‭ ‬талдау‭;
Постмодернизмде өзекті,‭ ‬маңызды деген мәселелерді таңдап,‭ ‬оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау‭;
Еңбектерді бір-бірімен салыстырып,‭ ‬ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу‭;
Жалпы‭ ‬постмодернизм құбылысы туралы толық бір түсінік қалыптастыру,‭ ‬қорытынды шығару.‭
Зерттеу нысаны:‭
Постмодернизм құбылысы,‭ ‬лингвистика ғылымындағы постмодернизм ағымы‭
Зерттеу әдістері:
‭ ‬Жинақтау,‭ ‬саралау,‭ ‬талдау,‭ ‬салыстыру,‭ ‬лингвистикалық талдау‭
Дереккөздер:‭
Жұмысты орындау барысында белгілі лингвист ғалымдар Ж.-Ф.Лиотар,‭ ‬В.Гейзенбергтің,‭ ‬Р.Барттың постмодернизм тұрғысындағы концепциялары,‭ ‬интернет ғаламдық торынан постмодернизм туралы Делез бен Гваттаридың,‭ ‬орыс лингвистері В.А.Емелин,А.‭ ‬П.‭ ‬Огурцов,‭ ‬Р.М.Алейник және‭ ‬Л.Ф.Федорованың тың еңбектері назарға алынды.‭ ‬Сондай-ақ,‭ ‬М.Фуко мен Т.А.Ван Дейк тілдік концепцияларындағы құнды пікірлері мен ой-тұжырымдарынан көптеген мәлімет алынды,‭ ‬Ресей және Қазақстан лингвистика саласындағы қазіргі күнгі жаңа тың тақырыпты зерттеулер пайдаланылды.‭
Дипломдық жұмыстың теориялық,‭ ‬практикалық және әлеуметтік маңызы:‭
Постмодернизм және постмодерн құбылыстары,‭ ‬тіл біліміндегі орны айрықша постмодернизм ағымы және олардың ерекшеліктері,‭ ‬даму тарихы,‭ ‬бүгінгі жағдайымен танысу және оларды теориялық тұрғыдан салмақтау жұмыстың теориялық маңыздылығы деп білсек,‭ ‬ол игерілген мәліметтерден түйін түйіп,‭ ‬нәтиже шығару,‭ ‬пайдалану арқылы жұмыстың практикалық маңыздылығын арттырамыз.‭
Постмодернизм тек қана лингвистика не өнерге тән ағым емес.‭ ‬Ол мәдениеттің барлық саласын,‭ ‬өркениеттің барлық тетігін қозғаған дәуір бейнесі.‭ ‬Яғни қай жерде,‭ ‬адам қолымен,‭ ‬адамның таза өз санасымен жасалған шынайы‭ ‬дүние болса,‭ ‬сол жерде постмодернизм болады деген сөз.‭ ‬Сонда,‭ ‬постмодернизм дегеніміз‭ ‬-‭ ‬әлеуметтік құбылыс.‭ ‬Ал тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан,‭ ‬оның адамдармен,‭ ‬қоғаммен байланыстылығы да сөзсіз.‭ ‬Демек,‭ ‬постмодернизм мен тіл білімін ұштастыратын бұл‭ ‬-‭ ‬қоғам.‭ ‬Сондықтан,‭ ‬тіл біліміндегі постмодернистік концепцияларды зерделеу әлеуметтік мәнділіктерді ашуға септігін тигізеді.‭ ‬Міне,‭ ‬осы арадан жұмыстың әлеуметтік маңыздылығын байқауымызға болады.‭
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
‭ ‬Дипломдық жұмыс кіріспеден,‭ ‬екі тараудан,‭ ‬қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.‭

І ТАРАУ.‭ ‬ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ:‭ ‬ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Постмодернизм‭ ‬ұғымы

Модернизм‭ (‬басқаша авангардизм‭) ‬-‭ ‬ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында өнерде және әдебиеттегі,‭ ‬филологиядағы‭ ‬ ағымдарды қамтыған көркем шығармашылықтың классикалық дәстүрлерге ұмтылатын‭ ‬жалпы түсінік.
Ал постмодернизм ақыл көңіл-күйі,‭ ‬инттелектуалды стиль ретінде танылады.‭ "‬Постмодернизм‭" ‬термині түрлі түсінік береді.‭ ‬И.П.Ильин жазғандай,‭ ‬бұл‭ ‬-‭ "‬көп мағыналы,‭ ‬тарихи,‭ ‬әлеуметтік және ұлттық контекстке байланысты динамикалық қозғалыстағы философиялық,‭ ‬эпистемологиялық,‭ ‬ғылыми‭ ‬-‭ ‬теориялық және эмоционалды-этикалық көріністер кешені‭" [‬1.259‭]‬.‭ ‬Постмодернизмді белгілі бір менталитет сипаттамасы,‭ ‬адам дүниетанымының,‭ ‬оның қоршаған әлемдегі орны мен ролін сезінудің ерекше тәсілі ретінде түсіндіруге болады.‭ ‬ХХ ғасырдың‭ ‬80‭ ‬жылдарынан бастап постмодернизм‭ ‬жалпы эстетикалық ерекше құбылыс,‭ ‬философия мен әдебиеттегі ерекше құбылыс деп‭ ‬танылды.‭ ‬Ал негізінен,‭ ‬постмодернизмді тек философия және әдебиетпен ғана емес,‭ ‬архитектура,‭ ‬мәдениеттің барлық салаларымен тығыз байланыста қарау жөн.‭
Постмодернизм‭ (‬фр.‭ ‬postmodernisme‭ ‬-‭ ‬модернизмнен кейін‭ [ ‬2‭] ‬-‭ ‬әлемдік қоғамдық өмір мен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеттегі‭ ‬құрылымы жағынан ұқсас құбылыстарды білдіретін термин‭ [‬3‭] ‬.‭
"Орыс тіліндегі шетел сөздерінің сөздігінде‭" ‬постмодернизмге‭ (‬ағылш.‭ ‬postmoderism‭` ‬лат post‭ ‬кейін,‭ ‬соң‭ ‬+‭ ‬moderus жаңа‭) ‬-‭ ‬өнер мен әдебиеттің дамуындағы модернизмді ығыстыратын ағымның бірі‭"‬,-‭ ‬деп анықтама берілген.‭ ‬ХХ ғасыр басындағы модернизмдегі классикалық ойлау түрі енді классикалық емес ойлауға орын береді.‭ ‬Ал ғасыр соңында‭ ‬-‭ ‬постклассикалық емес.‭ ‬Жаңа ойлау түрінің келуі қоғамның әлеуметтік құрылымының түрленуін талап етеді.‭ ‬Өткен ғасырдың‭ ‬70-жылдарындағы жалпы ғылым,‭ ‬мәдениет және қоғам дамуының жағдайын Ж.-Ф.Лиотар‭ "‬постмодерн жағдайы‭" ‬деп сипаттайды.‭ ‬Ол модернизм үрдістерінен оның идеяларының тоқырауы,‭ ‬супер негіздер:‭ ‬Құдайдың‭ (‬Ницше‭)‬,‭ ‬автор‭ (‬Барт‭)‬,‭ ‬адамның‭ (‬гуманитарлықтың‭) ‬жойылуы ретінде пайда болады.‭ ‬Бұл термин Бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында Р.Панвицтың‭ "‬Еуропалық мәдениет дағдарысы‭" ‬деген жұмысында алғаш қолданылады‭ (‬1914‭ ‬жыл‭)‬.‭ ‬Әдебиеттанушы Ф.де Онис өзінің‭ ‬1934‭ ‬жылы шыққан‭ "‬Испан және латиноамерикандық поэзиясының антологиясы‭" ‬атты кітабында модернизмге әрекет‭ ‬білдіру үшін пайдаланады.‭ ‬Алайда эстетикада‭ "‬Постмодернизм‭ " ‬термині сіңісе алмады.‭ ‬1947‭ ‬жылы Арнольд Тойнби‭ "‬тарихтың жетуі‭" ‬постмодернизмге мәдени мағына береді:‭ ‬постмодернизм‭ ‬дін мен мәдениетте батыстың билеушілігінің аяқталғандығын білдіреді.‭ ‬Хабермас,‭ ‬Белл терминді эстетикалық сипатты эклектизмді постиндустриялдық қоғам ретінде суреттейді‭ ‬.‭ ‬Американ теологы Харви Кокс‭ ‬70-жылдардағы Латын Америкасындағы дін мәселесіне арналған жұмыстарында‭ "‬постмодернистік теология‭" ‬түсінігін кеңінен және ұтымды қолданады.‭ ‬Алайда бұл термин Чарльз Дженкстің көмегімен танымал болады.‭ ‬Бұл сөз‭ ‬60-70‭ ‬жылдардағы американ әдеби сынында ультрамодернистік әдеби эксперименттерді білдіру үшін‭ ‬қолданылса да,‭ ‬ол‭ "‬Постмодернизм архитектурасының тілі‭" ‬еңбегінде принципті түрде басқаша мағына берген.‭ ‬Постмодернизм жаңа авангардттың экстремизмі мен нигилизмінен шегінуді,‭ ‬дәстүрлерге жартылай оралу,‭ ‬архитектураның коммуникациялық роліне назар аударуды білдірді.
Архитектураға келудегі‭ ‬антирационализм,‭ ‬антифункционализм,‭ ‬антиконструктивизмді негіздей отырып,‭ ‬ол ондағы эстетикаланған артефакт құрудың біріншілігіне көп көңіл бөледі.‭ ‬Нәтижесінде бұл түсінік мағынасының алғашқы американ архитектурасындағы жаңа тенденциялар мен француз философиясындағы жаңа ағымды суреттейтін тар анықтамадан‭ ‬60-70-жылдары‭ ‬мәдениеттің феминистік және антирасистік қозғалыстарын қосқандағы‭ ‬барлық салаларын қамтыған үрдістерді сипаттайтын анықтамаға ауысты‭[‬4.1‭] ‬.‭
Сонда,‭ ‬постмодернизм дегеніміз не‭? ‬Мәдени терминдер сөздігінде оған келесідей анықтама берілген:‭ "‬Постмодернизм стоит в ряду течений,‭ ‬описывающих уникальность нашего переживания ситуации конца ХХ века,‭ ‬всю сумму культурных настроений,‭ ‬философскую оценку последних тенденций в развитии культуры.‭ ‬Постмодернизм означает‭ "‬после модернизма‭"‬.‭[‬4.1‭]‬.‭ ‬Жалпы постмодернизм‭ ‬-‭ ‬дүниетаным көрінісі,‭ ‬мәдениет дамуында жаңа арнаға ауысу,‭ ‬мәдени қызмет формалары арасындағы шекараны,‭ ‬шектеулерді‭ ‬жою.‭ ‬Постмодернизм дәуірінде өнер түрлерінің емес,‭ ‬өнер мен ғылымның,‭ ‬философияның,‭ ‬дін түрлерінің эклектикалық интеграциясы өтеді.‭ ‬Бұның барлығы синкретизмге оралуды еске түсіреді,‭ ‬алайда өте жоғары дүниетанымдық деңгейде.‭ ‬Оған терең мәселелер мен тұрмыс үрдістерін зерттеуге ұмтылу тән емес,‭ ‬ол қарапайымдылық пен айқындыққа,‭ ‬мәдени дәуірлерді қосуға‭ ‬ұмтылады.‭ ‬Әлемнің сыртқы,‭ ‬бірақ‭ ‬синтетикалық көрінісі адам санасының мәні болып табылады.‭ ‬Әлемді түсінудің қажеті жоқ,‭ ‬оны қабылдау керек.‭ ‬Постмодернизм концепциясындағы барлық мәдениет қабаты рефлекстейтін ақылдың жетістігі болып шығады.‭ ‬Постмодернизмнің шынайы әлемі‭ ‬-‭ ‬лабиринт және күңгірттік,‭ ‬айна мен түсініксіздік,‭ ‬мағынасы жоқ қарапайымдылық.‭ ‬Постмодернистік өнердің келесідей сипаттамалары бар:‭
) модернизмге қарағанда басымдылығы‭;
) өнер мен мәдениеттің басқа салалары арасында шекараның жоқтығы,
‭) ‬әлем туралы бүтін,‭ ‬бірақ үстіртін түсінік‭;
) қоршаған өмірге қатысты конформизм‭;
) "лабиринт және қапас‭ (‬полумрак‭)‬,‭ ‬айна мен түсініксіздік,‭ ‬мағынасы жоқ қарапайымдылық‭" [‬5‭]
Постмодернизмді дамудың белгілі бір шегіне жеткен қоғам қағидалары мен бағыттары,‭ ‬негізгі тенденциялары көрініс табатын көзқарас,‭ ‬дүниетаным деп те түсіндіруге болады.‭ ‬Ол белгілі бір оқуға,‭ ‬теорияға сүйенбейді,‭ ‬оны түрлі білім салаларына қатысты,‭ ‬бірақ сол салаларды біріктіретін көзқарастардың әдіс-амалдардың кең жиынтығы деп тану дұрыс.‭ ‬Белгілі бір дәуірдің интеллектуалды әрекетінде жатқан негізді‭ "‬уақыт рухы‭" ‬деп атайды.‭ ‬Постмодернизм‭ ‬кешенді идеялық ағым ретінде осы уақыт рухының квинтэссенциясын білдіреді.‭ ‬Өйткені,‭ ‬қарар болсақ,‭ ‬постмодернизм біздің күндерімізде руханилық жағдайын жақсы сипаттай алады.‭ ‬Постмодернизмнің басты ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬әлемнің толық бейнесін шынайылыққа үміткер,‭ ‬шынайылық туралы жалғыз дұрыс білім,‭ ‬белгілі бір жалпы теориялар арқылы сипаттау мүмкін еместігі туралы қағидасында.‭ ‬Сонымен,‭ ‬постмодернизм әдебиеттегі,‭ ‬архитектурадағы,‭ ‬ғылымдағы жеке ағым емес,‭ ‬ол нақты бір дәуірдің,‭ ‬заманның көзқарасы,‭ ‬дүниетанымы.‭ ‬Осыдан келіп,‭ ‬оның екі түсінігі:‭ ‬1‭) "‬постмодерн‭" ‬-‭ ‬модерннен кейінгі мерзім,‭ ‬2‭) "‬постмодернизм‭" ‬-‭ ‬соған сәйкес осы тарихи мерзім,‭ ‬кезеңдегі мәдениет өзіндік санасы‭ [‬6.40‭]‬.‭
"Постмодерн‭" ‬және‭ "‬постмодернизм‭" ‬терминдері‭ "‬пост‭"‬ префиксінің көмегімен жасалған.‭ ‬Сөзжасамның бұл түрі‭ ‬ХХ ғасырдың аяғында етек алған философия аясынан тыс пайда болған түсінікті білдіреді.‭ ‬Осылай жасалған терминдер‭ ‬-‭ ‬постструктуализм,‭ ‬постпозитивизм,‭ ‬постиндустриализм,‭ ‬посткоммунизм,‭ ‬және т.б.‭ ‬өзінің мәнін,‭ ‬өзінің не екендігін ашық көрсетпейді,‭ ‬сондықтан олар‭ ‬-‭ ‬қайшылықты құбылыстар.‭ ‬Олар мағына мен термин арасындағы белгілі бір байланысты ғана білдіреді.‭ ‬Ендігі кезекте,‭ ‬бұл терминдердің мағыналық жағын ашып көрейік.‭ ‬Ең алдымен,‭ ‬аударғанда‭ "‬қазіргі күнгі‭" ‬деген мағына беретін‭ ‬modern сөзі екі әр түрлі қолданысқа ие:‭ ‬біріншісі қазіргі күнгі‭ "‬уақыт талаптарына жауап береді‭"‬,‭ ‬екіншісі модерн,‭ ‬яғни модернизмнен кейінгі.‭ ‬Өз кезегінде,‭ "‬модерн‭" ‬терминімен‭ (‬екінші мағынасында‭) ‬мәдени құбылыстардың кең ауқымы беріледі.‭ ‬Ал оның тар мағынасында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы көркем-әдеби қозғалыс түсініледі.‭ ‬Ал жалпы,‭ "‬модерн‭" ‬Антикалық және Ортағасырлықтан‭ (‬Pre-modernity‭ ‬-‭ ‬предмодерн‭) ‬кейінгі Жаңа Заманмен‭ (‬Modernity‭) ‬тең түсетін белгілі бір тарихи мерзімді білдіреді.‭ ‬Модерн тарихи дәуір ретінде ерекше философиялық және ғылыми дүниетаныммен,‭ ‬Бэкон,‭ ‬Декарт,‭ ‬Ньютон,‭ ‬Гегель,‭ ‬Маркс және т.б.‭ ‬сияқты тұлғалармен бейнеленетін модернизммен‭ ‬ерекшеленеді.‭ ‬Оның негізгі идеясы адамның ақыл-ойына,‭ ‬санасына әлемді бүтін,‭ ‬бір жүйе ретінде тани алатын мүмкіндігіне‭ ‬сену.‭ ‬Сонымен қатар,‭ ‬модерн қағидасы‭ ‬-‭ ‬табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын анықтау тарихи дамуға ықпал етеді,‭ ‬сонымен қатар соларға сәйкес әлемді қайта құруға мүмкіндік береді деп сену.‭ ‬Осылайша,‭ ‬модернизм өзінің теориялық құрылымдарында адамға абсолютті,‭ ‬толық білім қол жетімді,‭ ‬оны шындығында жүзеге асыруға болады деп ойлайды.‭ ‬Ал постмодернизмді модернизмді жай ғана жоққа шығару деп қарауға болмайды:‭ ‬біріншіден,‭ ‬бұл тәсіл бұрынғы дәуір күрделі мәдени құбылыстарын‭ ‬теріс сыни теорияларына дейін келтіреді,‭ ‬екіншіден,‭ ‬постмодернизмнің сыни ойлары Жаңа Заман көзқарасын жоққа шығаруға ғана арналған жоқ,‭ ‬ол сонымен қатар шынайылықты қатаң теориялық сызбаларға тіркеп қою,‭ ‬әлемді соларға сәйкес реттеуге талпынатын кез-келген жалпы идеялар,‭ ‬метафизикалық құрылымдардан бас тарту да болды.‭ ‬Адам санасымен жасалған идеалды құрылымдарды шынайылыққа сәйкестендіріп көру Жаңа Заман рационализмінен емес,‭ ‬Қайта өрлеу дәуірінен де емес,‭ ‬олар ежелгі гректік философия мен ғылыми ойлардан туады.‭ ‬Идеалды әлемді шынайылықтың үстіне қойған ең алғаш сандар идеясын сезімді объектілерге қарағанда‭ ‬шынайы етіп көрсеткен Пифагор еді.‭ ‬Осыдан келіп,‭ ‬бір-те бірте‭ ‬Еуропа қоғамында постмодернизмге дейінгі өрлеу үрдісі жүрді‭ [‬6.40‭]‬.‭
Сонымен,‭ "‬модерн‭" ‬терминінің негізгі‭ ‬мағыналарына жасалған шолу бұл құбылыстың бірыңғай түсінігі жоқ екендігін көрсетті.‭ ‬Дегенмен де,‭ "‬модерн‭" ‬түсінігінің жалпыланған интерпретациясын беріп көрейік.‭ ‬Модернді жоғарыда айтылғандай,‭ ‬белгілі бір тарихи дәуір деп қараған абзал‭ (‬оның хронологиялық шекараларын анықтау мүмкін емес екендігі белгілі болды‭)‬,‭ ‬сонымен қатар ол бастауын Көне Грециядан алатын,‭ ‬христиан дәуірі арқылы өтіп,‭ ‬Жаңа Заманда толық өміршеңдігін көрсете алатын құбылыс.‭ ‬Бұл тарихи,‭ ‬сонымен қатар дүниетанымдық жоба Хабермастың сөзімен айтсақ,‭ "‬модерн жобасы‭" ‬келесі сипаттарға ие:‭
шынайылықтың бар алуандығын бірыңғай бастауларға әкелетін әмбебап әлем бейнесін құруға ұмтылу‭;
адам санасына осы бастамалар туралы абсолютті білімнің жетімділігі туралы сендіру‭;
осы білімді шынайылықта толық жүзеге асыруға ұмтылу‭;
осы әрекет адам бақытының артуына септігін тигізеді деп сендіру‭;
адамның алға дамуына,‭ ‬бүгіннің өткенге,‭ ‬ал болашақтың бүгінге үстемдік етуіне сену‭;
Ал енді постмодернизм қай уақытта туындаған екен,‭ ‬екеуінің шекаралары қай жерден бөлінеді‭? ‬деген заңды сұрақ туындайды.‭ ‬Бұл даулы сұрақ.‭ "‬Постмодерн‭" ‬термині,‭ ‬түсінігінің өзі өзі білдерітін дәуірден әлдеқайда бұрын пайда болған.‭ ‬Бірақ оның сол кездегі мағынасы қазіргі мағынасына сәйкес келмеген.‭ ‬А.В.Гулыга айтқандай,‭ "‬постмодерн‭" ‬терминін ең алғаш‭ ‬1917‭ ‬жылы неміс философы Рудольф Панвиц Еуропа мәдениетінің құлдырауын жеңуге шақырылған жаңа адамдар дәуірі мағынасында қолданған.‭ ‬Одан әрі‭ "‬постмодерн‭" ‬Фредерико де Онизте‭ ‬1934‭ ‬жылы және Арнольд Тойнбиде‭ ‬1939‭ ‬жылы пайдаланылған‭[‬6.40‭]‬.‭ ‬Содан кейінгі біраз үзілістен кейін біз бұл терминмен АҚШ-тағы әдебиеттанушылық дау-дамайлар барысында‭ "‬постмодернді‭" "‬авангардтық әдебиеттің‭" ‬дағдарыс күйін сипаттау үшін қолданған кезең‭ ‬-‭ ‬алпысыншы жылдарда қауышамыз.‭ ‬Бұл уақытта оған оңтайлы мағына беріліп,‭ ‬осы дағдарысты бастан кешіру,‭ ‬жеңуге деген үмітпен байланыстырады‭ ‬[7.153‭] ‬.‭ ‬Шамамен осы уақыттарда,‭ "‬постмодерн‭" ‬деп аритектурадағы адамның ыңғайлылыққа ғана емес,‭ ‬сонымен қатар эстетикалық рахатқа деген ұмтылысын бейнелейтін стильді атады.‭ ‬Жоғарыда айтылғандай,‭ "‬постмодерн‭" ‬және‭ "‬постмодернизм‭" ‬терминдерімен жетпісінші-сексенінші жылдарға дейінгі мерзімде‭ ‬тұтас бір дәуірдің дүниетанымы емес,‭ ‬жекелеген мәдени құбылыстар мен жаңалықтар сипатталған.‭ ‬Ең алғаш философиялық дәрежеде‭ "‬постмодернизм‭" ‬Ж.-Ф.Лиотардың‭ ‬1979‭ ‬жылы шыққан‭ "‬Состояние постмодерн‭" ‬еңбегінде‭ "‬уақыт рухы‭" ‬түсінігіне сәйкестендірілген мағына береді.‭ ‬Лиотардың өзі ол буралы былай дейді:‭ "‬Біздің зерттеуіміздің нысаны қазіргі күнгі дамыған қоғамдағы білім жағдайы.‭ ‬Біз оны‭ "‬постмодерн‭" ‬деп атауды жөн көрдік.‭ ‬Бұл сөз‭ ‬...‭ ‬ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдағы,‭ ‬әдебиеттегі және өнердегі ойын ережелерінде болған трансформациядан кейінгі мәдениет жағдайын білдіреді‭" [‬8.9‭]‬.‭ ‬Осылайша,‭ ‬Лиотар постмодернизмді батыс өркениеті негізделген негізгі принциптер мен метанарративтің таусылуымен байланыстырады.‭ "‬Метанарратив‭" ‬-модерн уақытында пайда болған және басқа дискурс түрлеріне қарағанда‭ (‬наррация‭) ‬ерекше дәрежеде қолданылатын,‭ ‬өзін шынайы,‭ ‬әрі әділ‭ ‬,‭ ‬яғни заңды негізде жүзеге асуды бекітуге ұмтылатын‭ ‬дискурстың ерекше түрі.‭ ‬Бұл термин және одан туындайтын сөздермен‭ ("‬метаәңгіме‭"‬,‭ ‬метабаяндау‭"‬,‭ "‬метатарих‭"‬,‭ "‬метадискурс‭") ‬Лиотар оның ойынша,‭ ‬барлық буржуаздық қоғамды қалыптастыратын және өзін-өзі ақтау құралы ретінде‭ ‬-‭ ‬дін,‭ ‬тарих,‭ ‬ғылым,‭ ‬психология,‭ ‬өнер‭ (‬басқаша айтқанда,‭ ‬кез-келген‭ "‬білім‭") ‬арқылы қызмет жасайтын‭ "‬түсіндірме жүйелер‭"‬.‭ ‬Лиотар сөзімен айтар болсақ,‭ "‬постмодерн‭" ‬жағдайы туралы‭ "‬метаәңгімелерге‭" ‬қатысты сенімсіздік,‭ ‬олардан көңілі қалу‭" ‬сияқты айтуға болады‭ [‬8.‭ ‬9‭]‬.‭
Постмодерн‭ ‬дәуірін сипаттай келе,‭ ‬автор оған‭ ‬қалыптасқан факті ретінде қарап,‭ ‬қоғамда бекітілген тенденцияларды дәлел етеді,‭ ‬өйткені‭ ‬постмодернистік дүниетанымның пайда болуын философия облысына‭ "‬постмодерн‭" ‬түсінігін шындыққа сәйкес келмейтін түсінік ретінде енгізумен байланыстыруға болады.‭ ‬Оның пайда болуы шамамен ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарына тап келеді‭ [‬9‭]‬.‭
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы көркем мәдениетке арналған көптеген жұмыстар ішінде постмодернизм‭ ‬-‭ ‬уақыттан тыс мәтіндерді өңдеу екендігін ұғынамыз.‭ ‬Оларда әлдебіреу‭ (‬автор емес‭) ‬басқаларға тиесілі кодтарды пайдалана отырып,‭ ‬ештеңені жүктемейтін және ешқандай мәні жоқ ойындарды ойнайды.‭ ‬Соған сәйкес постмодернизм философия немесе тарих облысына жатпайды.‭ ‬Оның идеологиямен байланысы жоқ,‭ ‬ол ешқандай шындықтарды іздемейді және дәлелдемейді‭ [‬10.2‭]‬.‭ ‬Постмодернизм өнерінде сюжет керексіз,‭ ‬білдіруші оның міндетін атқарады.‭ ‬Манера,‭ ‬интонация,‭ ‬стиль сөйлеуші еркінен тыс өздері сөйлеп тұрады.‭ ‬Ым-ишарат кескіндеме‭ ‬экспрессиясы натуралистикалық сюжет сияқты ақпарат бере алады.‭ ‬Идеалдағы көркем бейне‭ ‬-‭ ‬ойдан шығарылған идея емес,‭ ‬ол оның шындығы.‭ ‬Не дегенмен,‭ ‬суретші оның туындыларына қарағанда аз айта алады.‭ ‬Сол сияқты постмодернизм бейімділіктері постмодернистер сөздерінен емес,‭ ‬керісінше,‭ ‬стилистикалық таңдаулардан,‭ ‬соның ішінде өтпелі сюжеттер түсіндірілуі‭ ‬табылады.‭
Архитектурадағы және сурет өнеріндегі постмодернизм‭ ‬-‭ ‬ХХ ғасырдың екінші жартысындағы авангардизм құндылықтарын радикалды түрде қайта бағалаумен байланысты көркем мәдениеттегі тенденциялар жиынтығы.‭ ‬Бұрынғы авангардтың утопиялық ұмтылыстары өнердің өзіне сынмен қарауына,‭ ‬бірге өмір сүре отырып,‭ ‬дәстүрлердің соғысуы,‭ ‬принципалды стилистикалық прюларизмге ауысты.‭ ‬Постмодернизм‭ "‬халықаралық стильдің‭" ‬рационализмінен бас тарта отырып,‭ ‬өнер тарихындағы көрнекті цитаталарға,‭ ‬қоршаған пейзаждың қайталанбас ерекшеліктеріне жүгінді,‭ ‬олардың барлығын құрылыс технологиясының жаңашыл жетістіктерімен үндестірді.‭
Ал философиядағы постмодернизм сипатты антирационалдығы бар маргиналды кинчтық философиялық дискурс ретінде түсініледі.‭ ‬Осылайша,‭ ‬сияқты гегельдік диалектиканың даму заңын‭ ‬түсіну сияқты,‭ ‬мәдениеттің ұлы жетістіктері өзінің қарама-қайшылығына айналады.‭ ‬Құнды бағыттауыштарды жоғалту жағдайы постмодернизм теорретиктерімен дұрыс деп‭ ‬қабылданады.‭ "‬Мәңгі құндылықтар‭" ‬-‭ ‬бұл тоталитарлық және параноидалды идефикстер,‭ ‬олар шығармашылық дамуға кедергі келтіреді,-‭ ‬деп есептейді постмодернистер.‭ ‬Олардың шынайы идеалы‭ ‬-‭ ‬Делез хаосмос деп атаған‭ ‬хаос,‭ ‬реттелмегендіктің алғашқы жағдайы,‭ ‬шектелмеген мүмкіндіктер жағдайы.‭ ‬Постмодернистер Фуко мен Барт сияқты‭ "‬автордың өлгендігін‭" ‬мойындайды.‭ "‬Тәртіпті,‭ ‬ретті,‭ ‬бірізді болып‭ ‬көрінушіліктің барлығы тез арада деконструкцияға,‭ ‬мәдениеттің өн бойына енген‭ ‬негізгі идеологиялық түсініктердің инверсиясы жолымен мағынаны босатуға лайық,‭"‬-‭ ‬дейді олар.‭
Ал енді постмодернизм ұғымын толық түсіну үшін,‭ ‬оны модернизмнен ажыратып алайық.‭
Модернизмге антитеза болып туған постмодернизм халықтық және элиталық тұтынушылар аралығын жоққа шығарып,‭ ‬элитаны көпшілікке төмендетеді.‭ ‬Ихаб Хасан бойынша модернизм мен постмодернизм арасындағы айырмашылықтарды көрейік:‭

модернизм
постмодернизм
жабық қоршалған форма
ашық қоршалмаған антиформа
мақсат
ойын
ойлап табу‭
жағдай
иерархия
анархия
шеберліклогос
тауысуүнсіздік
өнер тақырыбыаяқталған туынды
үрдісперфомансхеппенинг
дистанция
қатысым
шығармашылық‭ ‬тоталдықсинтез
деконструкцияантисинтез
бар болу
жоқ болу
орталықтандыру
шашырату
жанршекара
мәтінинтермәтін
семантика
риторика
парадигма
синтагма
метафора
метонимия
селекция
комбинация
тамыртереңдік
ризомасырты
интерпретацияталқылау
интерпретацияға қарсыдұрыс талқыламау
білдірілетін‭
білдіретін
оқу
хат
баяндауүлкен тарих
баяндамаукіші тарих
негізгі код‭
идиолект
белгісі
бастама
тип
мутант
фаллоцентризм
полиморфтықандрогинизм
паранойа
шизофрения
қайнар көздерсебептері
айырымнәтижесі
Құдай-Әке
Ұлы Әруақ
метафизика
ирония
анықтылық‭
анықсыздық
трансденттық
имманенттік

‭ [‬4‭]

Ал Брайнин-Пассек екеуінің арасындағы айырмашылықты былай деп түсінеді:‭

модернизм‭

постмодернизм
Жанжалдылық‭
Конформизм
Антимещандық‭ ‬пафос
Пафостың жоқтығы
Бұрынғыны эмоционалды мойындамау
Бұрынғыны ресми пайдалану
біріншілік позиция сияқты
Екіншілік позиция сияқты
"Біз-жаңа‭" ‬өзіндік атаудағы бағалаушылық
"Біз-барлығы‭" ‬өзіндік атаудағы бағаламаушылық
Ресми мәлімденетін элитарлық
Ресми мәлімденбейтін демократиялық
Идеалдықтың материалдыққа үстемдік етуі
Коммерциялық табыс
Жоғары өнерге сенім
Антиутопиялық
Шындығындағы мәдени парадигманы қабылдау
Бұрынғы мәдени парадигмадан бас тарту
Өнер-өнер емес шекарасының анықтылығы
Барлығы өнер болуы мүмкін

‭[‬11‭]
Бордийяр постмодернизм жөніндегі концепцияларына көз жүгірте отырып,‭ ‬постмодернизм мәні‭ –‬құбылып түрленушілік‭ ‬деп қорытынды шығаруға болады.‭ "‬Азғырудың‭ ‬имманентты күші‭ ‬,‭ ‬-‭ ‬деп жазады ол,‭ ‬-‭ ‬барлығын және баршасын итеру,‭ ‬шындықтан тайдыру және ойынға көрінетін таза ойынға қайта алып келу‭"‬.‭ ‬Бейне күші-‭ ‬бұл құпия,‭ ‬Мұндай өнердің арғыруы‭ ‬-‭ ‬мұндағы‭ ‬бар‭ ‬әлдебір құпияны сездіру‭ [‬4‭]‬.‭ ‬Хаостық өте күрделі әлемнің бейнесі‭ ‬-‭ ‬қазіргі күнгі мәдениеттің‭ ‬басталған сәті‭; ‬постмодернизм‭ ‬-‭ ‬әлем бейнесі,‭ ‬ол туралы білім жоқ.‭ ‬Постмодернизмнің ерекше өнері мен әдебиетіне:‭
Форма құраушылардың эквиваленттілігі‭;
Стильдік эклектизм,
Қайталанушылық‭;
Интермәтінділік‭;
Референцианалдық‭;
Дискурстың толықсыздығы‭;
Жүйеден тыс,‭ ‬ерікті‭ ‬үзінді көрсету‭;
Қайталаулар,‭ ‬есептеулер,‭ ‬араластыру‭;
Аллюзиялармен толтырылуы және семиотикалық жеткіліктік және т.б жатқызуға болады.‭
Референциалды сананың ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬оның заттық әлемнің шынайылығына емес,‭ ‬поэтика мен этикаға қатысты рефлексияға‭ ‬жататындығы.
Әлемнің антропоцентристік бейнесін беретін классикалық реализм‭ ‬,‭ ‬одан кейін туған ұлттық-‭ ‬,‭ ‬ұлтаралық-‭ ‬,‭ ‬социлизмдердің лақап реалистері қазіргі күнгі өнер кеңістігінде техника сияқты‭ ‬өмір сүреді.‭ ‬Алайда,‭ ‬бүгінде реалистік формалар‭ (‬гипререализм‭) ‬-‭ ‬бұл тек қана бейнелейтін,‭ ‬бірақ бейнелеуге ештеңесі болмайтын суреттеу тәсілі ғана.‭ ‬Бұл мағынасында постмодернизмнің жүйесіздігі,‭ ‬хаостық мозаикасы‭ ‬біздің өнер туралы көрінісіміздің үзінділерін және тереңдігі,‭ ‬жаратылысы құпиясын ашатын кілті жоқ өнердің әлсіздігін объективті көрсету‭ [‬4‭]‬.‭
Сонымен,‭ ‬постмодернизм‭ (‬постмодерн,‭ ‬поставангард‭) ‬дегеніміз‭ ‬-‭ ‬көркем тенденциялардың жиынтық атауы,‭ ‬ол‭ ‬1960‭ ‬жылдарда анық байқалған және модернизм мен авангард позицияларын радикалды қайта қараумен сипатталады.‭
Оның мақсаты мен ұмтылыстары:‭
Өмірді өнер көмегімен утопиялық түрлендіру мүмкіндігін мойындамай,‭ ‬постмодернизм өкілдері тұрмысты қандай болса,‭ ‬сол түрімен қабылдады,‭ ‬өнерді әлдеқайда ашық етіп,‭ ‬оны өмір имитациясы немесе деформацияларымен,‭ ‬бірақ шынайы өмір үрдістерінің үзінділерімен толтырды.‭ ‬Соңғысы мұнда тек сыни тұрғыдан түзетіледі,‭ ‬толығымен жаңа және танылмаған‭ ‬нәрсеге‭ ‬түрленбейді.‭ ‬Өзінің антиутопизмінде постмодерн өнерді философиямен,‭ ‬дінмен,‭ ‬саясатпен алмастыруды жоққа шығарады‭ ( ‬алайда‭ ‬мәдениеттің барлық салаларының көркем экспресс-талдауының алуан түрлерінен бас тартпайды‭)‬.‭ ‬Шығармашылықтың тазалығын және автономиялығын қайта қалпына келтіру өзінің соңынан оның тәуелсіз,‭ ‬өзінше‭ "‬постидеологиялық‭" ( ‬яғни еркін‭) ‬әлеуметтік сезімталдықты ілестіреді‭ [‬12‭]‬.
‭ ‬Постмодернизм іштей қарама-қайшылықты‭ ‬түсінік:‭ ‬бір жағынан‭ ‬ол өз бойына модернизмнің әрі қарай дамуының тенденцияларын қоса отырып,‭ ‬оның кейінгі кезеңдерінің белгісіне айналады,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬модернизмге қатысты сыни құбылыстарды кіргізеді.‭
Постмодернистік ағымдарға әдетте поп-артты,‭ ‬оп-артты,‭ ‬кинетикалық өнерді,‭ ‬концептуалды өнерді,‭ ‬минимализмді,‭ ‬хэппенингті жатқызады‭ [‬13‭]‬.‭

1.2.Постмодернизм кезеңінің тарихы

М.Эйпштейн бұл құбылысты‭ (‬post modernity‭) ‬Ренессанстан бастау алып,‭ ‬ХХ ғасырдың орта шеніне дейін жалғасын тапқан әлемді түсіну мен адамзат дамуына сенумен байланысты мәдениет тарихындағы дәуір деп атайды‭ [‬14.34‭]‬.‭ ‬Ал В.Курыцинның пікіріне сүйенсек,‭ ‬постмодернизмнің Ресейде пайда болуы социалистік реализмнен кейін болды.‭ ‬М.Шапир‭ ‬постмодернизм Ресейде авангардттан‭ ‬кейін пайда болды деген тұжырым айтады.‭ ‬Ал негізінен,‭ ‬постмодернизм бастауы өткен ғасырдың‭ ‬60‭ ‬жылдарына АҚШ-тағы мәдени дағдарыс дәуіріне‭ ‬сай келеді‭ [‬4‭] ‬.‭
Постмодернизм новацияларынан структуализм мен‭ "‬жаңа сын‭" ‬философиясының‭ (‬Р.Барт,‭ ‬Ж.Деррида,‭ ‬М.Фуко,‭ ‬Ю.Кристева,‭ ‬Ж.Бодрийяр,‭ ‬Ж.Делез,‭ ‬М.М.Бахтинның философиялық құндылықтары‭) ‬қатты әсер етуі байқалады‭ [‬12.1‭] ‬.
‭ "‬Постмодернизм‭ ‬-‭ ‬бұл мәдениет тарихы туралы түсінікте ақымақ шексіздікке қарсы тұру,‭ ‬ол кезеңді бірінен соң бірін тізіп,‭ ‬дамудың бірізді желісін жасайды‭" ‬дейді Л.Г.Федорова‭ [‬14.34‭]‬.‭ ‬Постмодернизм бұрынғы мәдениетті жоққа шығармайды,‭ ‬алайда оған үстемдік етеді,‭ ‬ал‭ ‬мәдениет туралы ерекше дүниетаным және түсінік ретіндегі постмодернизмді қалыптастыру үшін ХХ ғасырдағы әлеуметтік-тарихи және эстетикалық тәжірибе қажет болды‭ [‬12.2‭]‬.
Еуропада ХХ ғасырдың басынан-ақ жаңа бағыттарды қарқынды іздеу тенденциялары жүзеге асқан.‭ ‬Бұл уақытта АҚШ-та өнер дамуы бойынша артта қалады.‭ ‬Екінші дүниежүзілік соғыс алдында және соғыс уақытында авторитарлық режим жарияланған Германия,‭ ‬Ресей және Еуропаның өзге де елдерінің суретшілері Америкаға,‭ ‬Англияға және өзге де демократиялық елдерге қоныс аударады.‭ ‬Барлық‭ ‬Еуропада орын алған Германиядағы соғыс‭ ‬уақыты жалпы халықтыққа айналды.‭ ‬АҚШ-қа қоныс аударған көптеген‭ ‬Германияның экспрессионистері,‭ ‬абстракционистері және өнердің басқа да өкілдері американдықтарға өнердегі жаңа тенденциялармен танысуға және үйренуге мүмкіндік тудырды.‭ ‬ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ үлкен экономикалық және ғылыми-техникалық потенциал құрып,‭ ‬жаңашылдықтарға дайын болды.‭ ‬Сол уақытқа дейін жалғыз және беделді‭ ‬өнер орталығы болған Париж үшін АҚШ бақталасқа айналады,‭ ‬өйткені соғыстан кейінгі уақытта американдықтар жаңашыл маңызды көркем қозғалыстар мен бағыттар жасайды‭ [‬12.2‭] ‬.
‭ ‬Соғыстан кейінгі уақытта әлі де болса ерте модернизмнің шығармашылық принциптері‭ ‬жалғасады.‭ ‬Әлі‭ ‬А.Пикасо,‭ ‬А.Матис,‭ ‬Ж.Русо,‭ ‬М.Шагал және т.б.‭ ‬модернистер жұмыс жасаған.‭ ‬Бір дәстүр‭ ‬-‭ ‬новаторлық эксперимент әлі де өмір сүреді.‭
жылы‭ ‬шамамен АҚШ-та алғашқы және маңызды ағым:‭ ‬абстракционды экспрессионизм және әрекет кескіндемесі‭ ("‬action painting‭") ‬қалыптасады.‭ ‬Осы уақытта Германияда Fluxus қозғалысы пайда болады.‭ ‬Оның негізін қалаушы Й.Мачунас‭ "‬өнер‭ ‬-‭ ‬ойын‭" ‬ұранын‭ ‬алға шығарады.‭ ‬Бұдан кейін Америкада поп-өнер пайда болды.‭ ‬Онда соң‭ ‬-‭ ‬гиперреализм.‭ ‬70-жылдарға таман өнерде жаңа тенденциялар ашылады:‭ ‬хеппенинг,‭ ‬перформанс.‭ ‬Осылайша,‭ ‬70-жылдардың өзінде өнер барлық шектеулерді бұзды,‭ ‬өнер деп не болып жатқанның барлығын атауға рұқсат берілді.‭ ‬Өнердің барлық аталған бағыттары өнер объектісіне,‭ ‬мақсат,‭ ‬міндетіне жаңаша көзқараспен қарады.‭ ‬Осындай Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін өнердегі өзгерістерді сипаттай отырып,‭ ‬біз постмодернизмнің осы мезгілдерде пайда болғандығын ұғынамыз.‭
Постмодернизм‭ ‬-‭ ‬бір жағынан әдебиеттегі және басқа өнер салаларындағы көркем ағым,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬оған деген теоретикалық рефлексия,‭ ‬постмодернистік сын және постструктуализм және деконструктивизм қатарында өзін постмодернизм философиясында сезінуге қарай дамытылған‭ ‬бірыңғай ықпал етуші дүниетанымдық тәртіптегі көріністер кешені.‭ ‬Бейнелеу өнерінде бұл ХХ ғасырдың екінші жартысында батыс Еуропа елдерінің көркем өмірі құбылыстарының қатарын біріктіретін шартты термин‭ [‬13‭]‬.‭
Постмодернизмді басқаша‭ "‬минимализм‭" ‬деп атауға болады.‭ ‬Минимализмді деструктивті тенденциялардың эксцессына әрекет,‭ ‬объективті жалпының жақсыз құбылуы деп қарастыруға болады,‭ ‬өйткені,‭ ‬деструктивті‭ ‬-‭ ‬тұлғаның тікелей жобалануы,‭ ‬оның ерекшелігі,‭ ‬жекелігінің көрінісі,‭ ‬нақты жағдайы.‭ ‬Кездейсоқтық‭ ‬-‭ ‬қазіргі күнгі көркем әрекеттің жарнамаланған сәттерінің бірі болса да,‭ ‬постмдернизм өнердегі басқа бағыттарға қарағанда,‭ ‬шығармашылық үрдісті‭ ‬тазалайтын‭ ‬интеллект ролін жалаңаштандырады.‭ ‬Оның өнерге деген интеллектуалды қатынасы туралы көрмелерді ұйымдастыруға сәйкес тәсіл табу,‭ ‬дәлел бола алады,‭ ‬мысалы‭ "‬Made in France.1947-1997‭" (‬1997,‭ ‬Париж,‭ ‬Помпиду орталығы‭)‬,‭ ‬мұнда кескіндемелер және басқа да экспонаттар‭ "‬Белгі және уақыт‭"‬,‭ "‬Кеңістік және қозғалыс‭"‬,‭ "‬Өзіңдегі зат‭"‬,‭ "‬Редукция,‭ ‬ритм және толықтық‭"‬,‭ "‬Ишара және айқындылық‭"‬ ,‭"‬Қиял‭"‬,‭ "‬Өнер бар болу сияқты‭"‬,‭ "‬Өзіңдегі тұрмыс‭"‬,‭ "‬Әлемдегі тұрмыс‭"‬,‭ "‬Кеңістік және түс‭"‬,‭ "‬Қайнар көздер және өзіндік ерекшелік‭"‬,‭ "‬Концепция,‭ ‬форма,‭ ‬метафора‭"‬,‭ "‬Объектінің айналуы‭" ‬атты бөлімдермен топтастырылған.‭
Шамамен‭ ‬70-жылдардың ортасына таман мимикалық бейнелеу гиперреализммен жалғасады,‭ ‬абстракция‭ ‬-‭ ‬тірі түсті монохромиямен алмасады‭ ("‬Made in France‭" ‬экспозициясында классикалық бейнелеудің осы антиподтары Пит Мондриан Ж.‭ ‬-Ф.Юкленің портретімен,‭ ‬Ж.Асс абстракцияларымен көрсетілді‭) [‬10.3‭]‬.‭
-‭ ‬90-жылдары болған ауысым сипаты‭ ‬антроморфты бейне эволюциясын ашады.‭
Жаңа заман бойына болған осы ауысымдар кенеттен ХХ ғасырдың аяғында бос дене‭ ‬-‭ ‬муляж,‭ ‬кукланың пайда болуымен аяқталады.‭ ‬Алайда,‭ ‬әлеуметтік‭ ‬реалистік‭ ‬өнердің бутафорлық мерекесіне көз жүгірткен адам бұл метафораның‭ ‬кездейсоқ емес екендігін аңғарады...‭
Авангардттың антроморфты робот‭ ‬-‭ ‬адамы әлдебір әмбебап‭ ‬элементтернден жасалды,‭ ‬осындай‭ "‬құрылыс әдісімен‭" ‬әлемнің түрлену оптимистік идеясы да жүзеге асқан,‭ ‬адамның түрленуі‭ ‬-‭ ‬бәрін бағындыра алатын шығармашылық идеясы.‭ ‬Ғасыр соңындағы адам‭ ‬-‭ ‬Ботероның үрілген,‭ ‬толық,‭ ‬жаны жоқ персонаждары...‭ ‬90‭ ‬-жылдары суретте де сәл басқаша формада мазмұнынан айрылған антроморфты субстанция пайда болады:‭ ‬Өтіп жатқандар‭‬,‭ ‬1998,‭ ‬П.Дж.Крук‭ ‬-‭ ‬бұл статикалық адам көптігі,‭ ‬олардың қауырт тұрыстары мүлдем ештеңе білдірмейтін,‭ ‬қозғалысы жоқ беттерімен берілген.
‭ ‬Не дегенмен де,‭ ‬ХХ ғасырдың ортасындағы көркем үрдіс бұрын болғандардан қатты ерекшеленеді.‭
Классикалық өнер дегеніңіз‭ ‬-‭ ‬бұл орындаушылық шеберлігімен жарысатын оркестрлер,‭ ‬сюжет,‭ ‬белгілі бір мөлшерде форма екендігі белгілі.‭ ‬енді‭ ‬-‭ ‬бұл‭ ‬аспаптар орындамайды,‭ ‬олар кездейсоқ,‭ ‬автономды,‭ ‬қайталанбас.‭
Алайда тарихи контекстте полиорталықтандыру хаос емес.‭ ‬Индивидуалды,‭ ‬корпоративті және басқа да бағыттар,‭ ‬стильдер‭ ‬бір-бірінен шектелген емес.‭ ‬Дәстүрлі өнерде синхронды стилистикалық эволюциясы,‭ ‬мұнда өзара ықпал ету арқылы,‭ ‬өзара әрекеттестіктер мен қарсы әрекеттестіктердің күрделі қарым-қатынастары жүйелік пайда болу ретінде көрінеді‭ ‬-‭ ‬ол өзінше реттелген мозаика‭ [‬10.4‭]‬.‭
Қазіргі күні постмодернизмді өзінің типологиялық сипаты бар қалыптасып болған өнер стилі ретінде тануға болды.‭ ‬Дайын формаларды пайдалану‭ ‬-‭ ‬осы өнердің басты белгісі.‭ ‬Дайын формалар‭ ‬-‭ ‬утилитарлық тұрмыс заттарынан бастап әлемдік өнер жаухарға дейінгі нәрселер.‭ ‬Сонда постмодернизм өзіндік мазмұнындағы кемшілікті жою мақсатында дайын,‭ ‬өткен,‭ ‬бар нәрсеге‭ ‬жүгінеді.‭ ‬Осылайша,‭ ‬постмодерн өзінің шектен шыққан дәстүрлілігін көрсетеді және өзін дәстүрлі емес авангард өнеріне қарсы қояды‭ [‬4‭] ‬.‭ "‬Біздің күндердің суретшісі‭ ‬-‭ ‬өндіруші емес,‭ ‬ол апроприатор...‭ ‬Дюшан уақытынан бері біз қазіргі күнгі суреткер сурет салмайды,‭ ‬ол іріктейтінін,‭ ‬араластыратынын,‭ ‬ауыстырып,‭ ‬жаңа орынға көшіретінін білеміз.‭ ‬Мәдени инновация бүгінде мәдени дәстүрлердің жаңа өмірлік жағдайларға,‭ ‬көрсетілімнің жаңа технологияларына және дистрибуцияға немесе қабылдаудың жаңа стереотиптеріне бейімделуі ретінде жүзеге асады‭ (‬Б.Гройс‭)‬.‭ ‬Постмодерн дәуірі‭ "‬дәстүр өзін тауысты және өнер бөтен формалар іздеуі керек‭" ‬деген постуллаттарды жоққа шығарды‭ (‬Ортега‭ ‬-и Гассет‭)‬.‭ ‬Цитаталау,‭ ‬симуляция,‭ ‬ре-апроприация‭ ‬-‭ ‬бұл қазіргі күннің жай ғана терминдері емес,‭ ‬бұл‭ ‬-‭ ‬оның мәні‭" (‬Ж.Бодрийяр‭)‬.‭ ‬Соның өзінде постмодернде біреуден алынған материал сәл ғана өзгереді,‭ ‬көбінесе табиғи қоршаған ортадан немесе контекстен алынып,‭ ‬жаңа оған лайықсыз облысқа орналастырылады.‭ ‬Оның терең маргиналдығы осында.‭ ‬Кез-келген тұрмыстық немесе көркем форма,‭ ‬ең алдымен,‭ ‬-‭ "‬ол үшін тек құрылыс материалының қайнар көзі‭" (‬В.Брайнин-Пассек‭)‬...‭ ‬Постмодерн пафосты мойындамайды.‭ ‬Ол қоршаған әлемді немесе өзін мысқылдайды.‭ ‬Ирония‭ ‬-‭ ‬постмодерн мәдениетінің келесі типологиялық белгісі.‭ ‬Постмодернизмнің‭ ‬халықтық,‭ ‬көпшілік мәдениетпен‭ ‬...‭ ‬ұқсастығы бар.‭ ‬Постмодернизмде көбінесе социалистік реализм эксперименттерін қайталау көрінеді,‭ ‬оны пайдаланудың,‭ ‬үздік әлемдік көркем дәстүрлер тәжірибесі синтезінің өнімділігі дәлелденіп үлгерді.‭ ‬Осыдан келіп,‭ ‬постмодерн синтетикалықты өзінің тағы бір белгісі ретінде қосады.‭ ‬Егер,‭ ‬социалистік реализмде түрлі стильдерді синтездеуде сипаттардың сәйкестігі,‭ ‬тазалығы,‭ ‬бөлектік сақталса,‭ ‬ал постмодернизмде араластыру,‭ ‬жаңа авторлық формаларды көрсететін түрлі‭ ‬стильдер сипаттарының,‭ ‬тәсілдерінің,‭ ‬ерекшеліктерінің бірігуі мүмкін нәрселер.‭ ‬Бұл постмодернизмге тән:‭ ‬оның жаңашылдығы‭ ‬-‭ ‬жаңа маргиналды контекстте қолданылған көненің,‭ ‬бұрынғының бірігуі.
‭ ‬Қазіргі күні постмодернизм авангардтан екіншілік‭ (‬қайталама‭) ‬ шынайылық сұлулығына,‭ ‬хабарлауға,‭ ‬сюжетке,‭ ‬мелодияға,‭ ‬екіншілік формалар үйлесіміне бет бұрушылығымен ерекшеленетін жаңа көркем стиль ретінде қарастырылады...‭ ‬Постмодернизм second hand‭ ‬мәдениетінің сипатын‭ ‬алды.‭ ‬Көпшілік ортасында‭ "‬постмодернде жаңа ештеңе жоқ,‭ ‬бұл өзіндік мазмұны жоқ мәдениет,‭ ‬сондықтан бұрынғы өңдеулерді құрылыс материалы ретінде пайдаланады‭ (‬В.Брайнин-Пассек‭)‬,‭ ‬сонда ол синтетикалық болады,‭ ‬көбіне құрылымы жағынан соцреализмге ұқсайды‭" ‬деген тұжырым қалыптасып қалған.‭ ‬Соған сәйкес,‭ "‬өнер біреу,‭ ‬оны көрсетудің тек тәсілдері мен құралдары ғана өзгереді‭" ‬деген қағиданы ұстана отырып,‭ ‬терең дәстүрлі болып шығады‭ (‬Турчин‭)‬.‭ ‬Постмодернизм бұрынғы көркем дәстүрді‭ ‬,‭ ‬сонымен қоса реализмді,‭ ‬академизмді,‭ ‬классиканы оңалтады.‭ ‬Ол мәдениеттің өткені мен қазіргісін қоса отырып,‭ ‬өзінің өміршеңдігін растайды.‭ ‬Авангардтың шовинизмі мен нигилизмінен бас тарта отырып,‭ ‬постмодернизм қолданылатын формалар түрлілігі оның қарым-қатынасқа,‭ ‬диалогқа,‭ ‬кез-келген мәдениетте консесусқа жетуге дайын екендігін растайды және өнердегі кез-келген тоталдықты мойындамайды,‭ ‬бұл қоғамдағы психологиялық және шығармашылық ауа-райын жақсартуы тиіс және‭ ‬нәтижесінде‭ "‬болашақ мәдениеттердің алыс жұлдыздары да көріне бастайтын өнер формаларының ұқсас дәуірлерінің дамуын мүмкін етеді.‭ (‬Ф.Ницше‭)‬.‭
Сонымен,‭ ‬модернизмнен кейінгі әлеуметтік құбылыстың туған уақыты даулы мәселе болса да,‭ ‬оны шамалап ХХ ғасырдың‭ ‬60-70‭ ‬жылдарына таяуға болады.‭ ‬Бәрін түбегейлі өзгертіп,‭ ‬өзіндік ерекшелігімен көзге түскен постмодернизм алғашында Еуропада пайда болғанымен,‭ ‬кейіннен ел-елдерге тарай бастаған.‭ ‬Сөйтіп алғашында архитектура мен кескіндемедегі ағым болып танылған құбылыс бірте-бірте мәдениеттің барлық саласын,‭ ‬ғылымды да‭ ‬қамтиды.‭

1.3.‭ ‬Постмодернистік ғылым және тіл білімімен қатысты зерттелуі

ХХ ғасырдың‭ ‬70‭ ‬-‭ ‬жылдарынан бастап ХІХ‭ ‬-‭ ‬ХХ шекарасындағы‭ ‬классикалық емес ғылымның орнына постклассикалық ғылым келеді.‭ ‬Жаңа заманның ғылымы,‭ ‬немесе классикалық ғылымнан мүлдем өзгеше білімнің жаңа түрі туады.‭ ‬Ол субъективтіліктің,‭ ‬гуманистіктің,‭ ‬өзіндік сынның артуымен,‭ ‬объективтілік және шынайылық сияқты классикалық сипаттарды қайта қараумен сипатталады.‭
Ғылыми таным критерийі ғылымилығының классикалық түрінде зерттеушінің‭ ‬көңілі субъектпен байланысты элиминацияда объектінің сипатталуына ауады.‭ ‬Классикалық емес‭ ‬рационалдылық‭ ‬объектінің сипаттамасын және субъектінің‭ ‬таным‭ ‬құралдарын‭ ‬сәйкестендіруді ескереді.‭ ‬Постклассикалық емес түр объекті туралы білімді‭ ‬танушы субъектінің құралдарымен ғана емес,‭ ‬соынмен қатар мақсатты қағидаларымен да сәйкестендіреді.‭
Постклассикалық емес ғылым‭ ‬ күрделі құрастырылған жүйелерді де,‭ ‬сонымен қатар өте күрделі,‭ ‬ашық және өзіндік ұйымдастыруға қабілеті бар жүйелерді зерттейді.‭ ‬Ғылым объектісі‭ ‬-‭ ‬адамөлшемді‭ ‬кешендер.‭ ‬Оның бұлжытпас компоненті‭ –‬адам‭ (‬жаһандық-экологиялық,‭ ‬биотехнологиялық,‭ ‬медициналық‭ –‬биологиялық және т.б.‭)‬.‭ ‬Ғылым назары‭ ‬үнемі қайталанатын құбылыстардан барлық түрдегі ауытқушылықтарға,‭ ‬реттелмеген құбылыстарға ауады.‭ ‬Оларды зерттеу маңызды қорытындыларға әкеледі.‭ ‬Классикалық ғылым постулаттарының орнына‭ ‬қарапайымдылық,‭ ‬тұрақтылық келді,‭ ‬күрделілік,‭ ‬мүмкінділік,‭ ‬тұрақсыздық постулаттары алға тартылады.‭ ‬Өзіндік ұйымдастуға мүмкіндігі бар түрлі күрделі ұйымдасқан жүйелерді зерттеу нәтижесінде‭ (‬физика мен‭ ‬биологиядан экономика мен әлеуметтануға дейін)жаңа‭ –‬желілік-ойлау‭ ‬,‭ ‬жаңа‭ ‬әлем бейнесі‭ ‬келеді.‭ ‬Оның негізгі сипаттары‭ ‬-‭ ‬тепе-теңсіздік,‭ ‬тұрақсыздық,‭ ‬қайтымсыздық.‭ ‬Флуктуация,‭ ‬бифуркация және когерентілік түсініктерімен қатар олар әлем ммен танымның жаңа базалық моделін түзіп,‭ ‬ғылымға жаңа тіл береді.‭
Желісіздік,‭ ‬мүмкіндік,‭ ‬хаос‭ ‬идеяларының барлық кешенін бекіту‭ ‬70-80‭ ‬-жылдары бір уақытта‭ ‬жаратылыстану,‭ ‬әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар сияқты‭ ‬түрлі білім салаларында жүзеге асады.‭ ‬Бұл реттелген құрылымдардың,‭ ‬өзіндік ұйымдастыру теориясының‭ (‬Герман Хакердің синергетикасы‭ (‬Германия‭)‬,‭ ‬Илья Пригожиннің диссипативті құрылымдарының теориясы‭ (‬Бельгия‭) ‬және Том Рененің апаттар теориясы‭ (‬Франция‭) ‬пайда болуын пәнаралық зерттелеуін дамытумен байланысты.‭ ‬Өзіндік ұйымдастыру‭ (‬синергетика‭) ‬тақырыбы‭ ‬-‭ ‬тұрақсыз тепе-теңдік жағдайындағы күрделі жүйелер және олардың жүйені толық‭ ‬жүргізу үшін кіші әсердің өзі мәнді және қайталанбас болатын бифуркация нүктесіне жақын өзіндік ұйымдастырылуы.‭ ‬Объект‭ –‬бар нәрсе емес,‭ ‬туындайтын нәрсе.‭
Синергетикаға сәйкес,‭ ‬танымын классикалық мағынада жасайтындай‭ ‬әлемде әмбебап заңдар жоқ.‭ ‬Ал бұл білімнің деонтологизациясын,‭ ‬объектінің шынайылықты мойындамау сияқты түсіндірілуі мүмкін субъектінің таным процесінде ролінің күшейуін білдіреді.‭ ‬Шынайылық критерийлері,‭ ‬шынайы және ойдан шығарылғанның арасындағы демаркасация туралы мәселе күрделенді.‭ ‬Тұрмыстың полионтологиялылығы туралы мәселе көтерілді.‭ ‬Синергетика құндылықтарды түбегейлі‭ ‬қайта бағалауды жүзеге асырады.‭ ‬Ол білімнің кумулятивті моделі прогресстің қалыптасқан желілік моделінің әлемнің онтологиясын қайта қарауға үміткер.‭
Постклассикалық емес ғылымның ерекшелігі салааралық зерттеулерге,‭ ‬ең алдымен ғылымдағы және эстетикадағы постмодернизм арасындағы өзара әсерлерді зерттеуге бағытталады.‭ ‬Қазіргі күнгі ғылым эстетизациясы туралы қорытынды‭ ‬60-80‭ ‬жылдарда философия мен саясат эстетизациясында өскен логикалық қорытындылар дамуымен байланысты жасалды.‭ ‬Осындай қорытынды жасауға математикадағы Гедел мен Тарскийдің теоремалары,‭ ‬Гейзенбергтың белгісіздік теориясы,‭ ‬көптілік теориясындағы парадокстар,‭ ‬термодинамика заңдары,‭ ‬соның ішінде энтропия теориясы,‭ ‬Лакатостың ғылыми бағдарламалау әдісі,‭ ‬физикалық жүйе туралы толық ақпараты тасымалдағышы ретінде толқынды функция туралы кванттық механиканың негізгі постулаттары,‭ ‬тұқымқуалаушылық ақпарат беруде ДНК ролінің ашылауы негіз болды.‭ [‬15.45‭]
Постмодернизм мен қазіргі ғылымның корреляциясы мәселесі Ж.-Ф.Лиотар қозғайды.‭ ‬Постмодернизм мен постклассикалық емес ғылымының‭ ‬эстетикасының‭ ‬мәселесін алға тартқан алғашқы батыс эстетиктерінің бірі осы‭ ‬-Жан Франсуа Лиотар болды.‭ ‬Өзінің‭ "‬Состояние постмодерна.‭ ‬Доклад о знании‭" ‬атты кітабында ол постмодернистік мәдениет пен постиндустриалдық қоғам контестінде таным дәрежесінің өзгеруі туралы гипотеза ұсынды.‭ ‬Оның пікіріне сүйенсек,‭ ‬ғылыми,‭ ‬философиялық,‭ ‬эстетикалық,‭ ‬көркем постмодернизмнің барлығы‭ ‬метабаяндауға сенбеушілікпен,‭ ‬метафизикадағы дағдарыс және‭ ‬әмбебаптылықпен байланысты.‭ ‬Осы үрдістің катализаторы анықсыздығымен,‭ ‬толықсыздығымен,‭ ‬верификацияланбағанымен,‭ ‬апаттылығымен,‭ ‬парадоксальдығымен көрінетін постклассикалық емес ғылым болды.‭ ‬Тілдік ойынның прагматизмі,‭ ‬плюрализмі,‭ ‬келіспеушіліктері,‭ ‬энтропиялары тақырыптары‭ ‬диалектика,‭ ‬антропология,‭ ‬герменевтика,‭ ‬структуализм,‭ ‬шындық,‭ ‬еркіндік,‭ ‬әділдік‭ ‬туралы‭ "‬ұлы әңгімелерді‭" ‬ығыстырды.‭ ‬Қазіргі күнгі ғылым дамуы классикалық және модерндік тарих философиясы мақсаттарын,‭ ‬міндеттерін,‭ ‬кейіпкерлерін тілдік элементтерге,‭ ‬антииерархиялық,‭ ‬бөлшекті,‭ ‬шыдамды постмодернистік мәдениеттің‭ ‬прагматикалық құндылықтарына айналдырды.‭ ‬Постмодернистік жағдайдың ерекшелігі жүйелердің оптимизациясымен,‭ ‬олардың күштілігі мен тиімділігімен байланысты ғылымилықтың кешегі күнгі идеалынан көңілі қалғандығында‭ [‬16‭]‬.‭ ‬Постклассикалық білімнің бағалануына эстетикалық критерий енгізу философия ғылымы үшін жаңа тақырыптар қосу қажеттілігіне әкелді:‭ ‬проблемалы алаң‭ ‬-‭ ‬ақпараттандырылған қоғамда білім легитимациясы,‭ ‬әдіс‭ ‬-‭ ‬тілдік ойындар,‭ ‬әлеуметтік байланыстар табиғаты‭ ‬-‭ ‬қазіргі күнгі альтернативалар және постмодернистік көріністер,‭ ‬ғылыми білімнің прагматизмі және баяндау функциялары.‭ ‬Ғылыми білім лингвистиканың,‭ ‬коммуникация теориясының,‭ ‬кибернетиканың,‭ ‬машина аудармасының зерттеу нысанына айналды‭ [‬17‭] ‬.‭ ‬Постмодернистік жағдай ерекшелігі‭ ‬әмбебап метатілдің,‭ ‬сондай-ақ дәстүрлі білім легитимациясының жоқтығында.‭ ‬Постклассикалық емес білім әлемін постмодернистік адамның‭ "‬үшінші табиғаты"болып табылатын деректер банкі,‭ ‬ақпарат толықтығы мен қол жетімділігі анықтайды.‭ ‬Жоғалған ғылыми құпияның орнын көркем қиял басады,‭ ‬ал эстетикалық компонент қазіргі күнгі білім жүйесін сипаттайтын тұрақсыздықтың зерттелуіне септігін тигізеді.‭ ‬Толықтай индетерминизм,‭ ‬дисконтинуалдылық,‭ ‬динамикамен‭ (‬кванттық физика,‭ ‬атом физикасы‭) ‬ерекшеленетін постмодернистік ғылым тұрақтылық,‭ ‬детерминизм‭ (‬термодинамика‭) ‬элементтерін қосады.‭ ‬Оны шешілмейтін,‭ ‬бақыланбайтын нәрселер қызықтырады.‭ ‬Соның нәтижесінде білім мәні өзгереді:‭ ‬танымалдың орнына‭ ‬таныс емес келеді,‭ ‬тиімдінің орнына жаңа,‭ ‬таныс заттардан ерекшеленетін келеді.‭
Постклассикалық емес ғылымды Лиотар тұрақты жүйенің антимоделі ретінде суреттейді.‭ ‬Бұл ашық қоғаммен және постмодернизмнің жаңа мәдениетімен байланысты ашық жүйе.‭ ‬Қиял,‭ ‬жаңа идеялар,‭ ‬келіспеушіліктер,‭ ‬тұнықсыздық,‭ ‬тілдік материяның‭ "‬бұлты‭"‬,‭ ‬локальды,‭ ‬кішкене әңгіменің үлкен метабаяндауға үстемдік етуі‭ ‬-‭ ‬постмодернистік жағдайдың сипаттары,‭ ‬оның мақсаты ғылымдағы танылмағанға,‭ ‬өнер тіліндегі таусылмағанға ұмтылу.‭ ‬Осы мақсат арқылы ғылыми зерттеу бағдарламаларының плюрализмі және көркем стильдердің алуандығы анықталады‭ [‬18‭]‬.‭
Бүгінде постклассикалық емес ғылым және оның анықсыздығымен,‭ ‬толықсыздығымен,‭ ‬верификацияланбайтындығымен,‭ ‬сонымен қатар,‭ ‬постмодернизмнің принципті‭ ‬әдістемелік ережелері арасында параллель бар екендігі айқын болды.‭ "‬Модерндік‭ "‬әлем,‭ ‬соның ішінде әлеуметтік‭ ‬әлем де,‭ ‬детерменизм санатын,‭ ‬әмбебаптылықты,‭ ‬дамудың анықтылығы мен бағыттылығын ұйымдастырып үлгерді.‭ ‬Постмодернистік әлеуметтік теория‭ ‬анықсыздық,‭ ‬желісіздік,‭ ‬көп нұсқалылықтың санаттарын пайдаланады.‭ ‬Оның ішінде әлемнің плюралистикалық мәнді табиғаты мен оның нәтижесі‭ ‬-‭ ‬амбиваленттілік пен адам өмір сүруінің кездейсоқтығы арасында қосылу жүреді.‭
Синергетика постмодернистік идеяларға‭ "‬жаратылыстанушылық‭" ‬легитимация береді.‭ ‬Олардың резонансы‭ ‬тарихтың классикалық кезеңдік-‭ ‬желілік‭ ‬модельдерінің құлауын жеделдететін жаңа дүниетанымның,‭ ‬танымның жаңа әдістемесінің бекітілуіне,‭ ‬оған ашық,‭ ‬вариабельді,‭ ‬алтернативті‭ "‬таңдауы‭" ‬болатын үрдіс ретінде жаңа тәсілдерді құруына септігін тигізеді‭
Постмодернизм әлеуметтік шынайылықты ерекше көруді ғана емес,‭ ‬сонымен қатар ерекше эпистемологияны да құрастырды.‭ ‬Оның басты белгілері ретінде келесіні тануға болады:‭
Дефундаментализм,‭
Танымның негізсіздігі,‭
"Ол қандай болса сол күйінде‭" ‬әлем фактісімен байланыссыздығы.‭
Тұрмыс пен білімнің түбегейлі негіздеулерін іздеу тән болатын модернизм сыны олардың өмір сүруіне сенімді жоятын постмодернистік рефлексияның алауына айналуда‭ [‬19‭]‬.‭
Әлемді мүлдем жасанды модельдерде бейнелейтін символдық жүйелер,‭ ‬масс-медиа мәдениетінің енуі нәтижесінде‭ ‬адам мен әлемнің қатынасын түбегейлі трансформациялауды негізге ала отырып,‭ ‬постмодернизм‭ "‬шынайы‭" ‬объектіге деген аппеляцияның пайдасыз екендігін көрсете білді.‭ ‬Ол онсыз ештеңе болмайтын‭ "‬мәдени мәтіннің‭" ‬бар болуы туралы сілтемеден шығады немесе оның шынайы өмірмен байланысы бұлыңғыр,‭ ‬әрі сенімсіз болғандықтан,‭ ‬ол өзі туралы соншалықты сеніммен сынауға негіз бермейді.‭ ‬Көріністер мен объектілер арасындағы шекара шындық және қатемен бұзылады.‭ ‬Шындық анықтылық пен сонылық дәрежесінен айрылады.‭ ‬Қандай да білім болмасын,оны мүмкін ететін және оған мән беретін‭ ‬мәдениет,‭ ‬дәстүр және тіл контекстінсіз‭ ‬бағалана алмайды.‭ ‬Шындықтың әмбебап‭ ‬контекстіден тыс критерийі жоқ.‭ ‬Шындықтың өзі контекстуальды түрде,‭ ‬локальды-тарихи‭ ‬түсініледі.‭ ‬Дұрыс әдістің нәтижесіндегі шындық туралы көзқарас таңдалған,‭ ‬яғни әлеуметтік берілген басымдылықтар нәтижесі ретінде оның түсінілуімен алмасады.‭
Үзінділік.‭ ‬Ғылым білімнің шындыққа барар жолдағы үздіксіз өсуі идеясынан бас тарту негізінде постмодернизммен түсіндіріледі.‭ ‬Оның орнын шектеулер принципі мен білімнің үзінділері басады.‭ ‬Білім‭ "‬қазір және осы уақытта‭" ‬болатын ерекше,‭ ‬локальды,‭ ‬ретінде,‭ ‬бірақ контекстен еркін жалпы,‭ ‬әмбебап заңдардың констатациясы емес болып қарастырылады.‭ ‬Сондықтан ол плюралистті,‭ ‬ешқандай біріктіруші принципке жатпайды және кроссмәдени экстраполяцияға қатынасты емес.‭ ‬Білімнің үзінділігі шынайылықты жеке,‭ ‬жалғыз элементтер мен жағдайлардың,‭ ‬тұлғаның бір-біріне байланысы жоқ бейнелер кешені ретінде түсіндірілуі,‭ ‬оқиғалардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гендерлік лингвистиканы зерттеудің теориялық аспектілері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты
Пәндер