М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі


Кіріспе . . . 6
1 М. Әуезовтің Абайтанудағы әдеби шығармашылық ізденістері . . . 8
- М. Әуезовтің 20-30 жылдардағы әдеби шығармашылығындағы
Абайтану мәселелері . . . 8
1. 2 М. Әуезовтің көркем шығарма арқылы Абайды таныту бағыты . . . 20
2 М. Әуезовтің Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеудегі
еңбегінің маңызы . . . 31
2. 1 М. Әуезовтің 40-50 жылдардағы әдеби, ғылыми шығармашылығы . . . 31
2. 2 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай тұлғасының жасалуы . . . 39
Қорытынды . . . 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - М. Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әуезов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар Әуезов дүкенінде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М. Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрдің тереңдеп, сіңгенін танытты.
Ұлы Абайдың данышпандығын әлемдік деңгейде танытқан Мұхтар Әуезов өзінің бүкіл шығармашылық ғұмырын бабамызға арнап өзі де сол арқылы ұлылардың санына қосылды. Заманымыздың заңғар қаламгері ақын жөнінде: «Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта өзінің өзіне өлім жоқ, сөзіне заман-дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі бұрыңғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек заман үшін де тарих аспанындағы бір тұрақты нұр болып, шырқау бармақ» [1, 82], - деп жазған екен.
Абайды тану жұмысы көлемі, сан-сапалы, ғылымдық жолмен тек қазан революциясынан кейін ғана барынша қолға алынды.
Бірақ бұл сөздерге қарап, революциядан бұрын Абай жөнінде ешнәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнінде Абайдың ақындық еңбектері үшін түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.
«Бірінші жолы - баспа арқылы тарауы; екіншісі - халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі - қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тыңдаушы жұртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді, деректерді де еске алуымыз керек.
Бұл соңғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың революциядан бұрын қаншалықты танылғанын аңғартады» [2, 14-15] - дейді ұлы Мұхтар Әуезов.
Сөз жоқ, Абайтану саласындағы жазушының ғұмыр бойы ізденістері екі салада қатар жүргізілді; оның ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде тану бағытындағы зерттеулері жиырма жылға жуық мерзімді қамтыса, Абайдың көркем бейнесін әр түрлі жанрда сомдауға он екі жыл өмірін арнағандығы белгілі.
Сөйтіп, әдебиет майданына 1917 жылы 20 жасында келген Мұхтар Омарханұлы Әуезов, проза, драматургия жанрларында өндірте қалам тербеді. Көркем әдебиетте ерекше із қалдырды да, тамаша аудармашы, кең тынысты кемел ғалым дәрежесіне көтерілді. Әрі, қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, тұңғыш рет Абайтану ғылымының негізін сала отырып, Орта Азия халықтар әдебиетін ғылыми тұрғыдан зерттеу саласында өзінің айрықша биіктігін жан-жақты танытты. Орта Азия әдебиетінің терең білгірі, үлкен досы дәрежесіне көтерілді. Туысқан халықтар арасында да, өз шоқтығымен жан-жақты танылып, олардың құрметіне, ыстық ілтипатына бөленді. Туысқан, бауырлас елдердің әдеби-мәдени байланыстарының ғылыми тұрғыдан жаңа-жаңа қырларын ашты. Әдебиеттер байланыстары тарихында қайталанбас, өшпес із қалдырды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. М. Әуезов Абай арқылы бүкіл қазақ даласын, санасын, салтын, мәдениетін, өнерін, намысын, батырын, шешенін танытты. «Абайтану» саласында М. Әуезовтен басқа да зерттеуші, ғалымдар А. Нұрқатов [3], М. Қаратаев [4], Б. Кенжебаев [5], Т. Нұртазин [6], З. Ахметов [7], Ә. Байтанаев [8], Е. Лизунова [9], Л. Әуезова [10], Б. Шалабаев [11], З. Кедрина [12], Р. Бердібаев [13], З. Қабдолов [14], Ш. Елеукенов [15], Р. Нұрғали [16], З. Тайшыбай [17] зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жазушылар Л. Арагон, А. Стиль, А. Фадеев, Н. Тихонов, Ш. Айтматов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Н. Погодин, Т. Ахтанов, Ә. Нүрпейісов, Ә. Кекілбаев «Абай жолы» роман-эпопеяны ұлы шығарма деп таныды. Академик Қаныш Сәтпаев бұл туындыны «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалады.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Демек, диплом жұмыс тақырыбын алудағы негізгі мақсатымыз - М. Әуезов негізін қалаған Абайтану ілімінің ғалым тарапынан қаншалықты деңгейде зерттеліп, тексерілгендігін анықтау, сол арқылы Абайтанудың ғылым ретіндегі жүріп өткен жолына баға беру болмақы.
Жұмыс құрылымы. Диплом жұмысы - кіріспеден және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. Әуезовтің Абайтанудағы әдеби шығармашылық ізденістері
1. 1 М. Әуезовтің 20-30 жылдардағы әдеби шығармашылығындағы Абайтану мәселелері
Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрыңғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез - екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесін салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар. Атасы Әуез немересін өз бауырына басып, әлпештеп тәрбиелейді. Мұсылманша, түркіше үлкен оқуы бар, айналасына қадірі Әуез Құнанбай ауылының жазғы, қысқы көші-қоны бір, Абай мен көңілдері жақын, қаты сыйласқан адам екен. Мұхтардың аталары XIX ғасырдың бас кезінде Орта Азия жақтан кеп, Тобықты руына сіңіп кетіпті [18, 58] .
Балалық шағы ауылда өтеді. Бір күні кешкісін ас алдында атасы Мұхтарды қасына шақырып алып, оқуға жараған-жарамағандығын сынамақ болып «р» дыбысы бар сөздері айтқыза бастайды. Себебі ең алғашқы сабақ құранның «Бісмиллә и рахман ир рахим . . . » деген сөздерді жаттаудан басталады.
Қасиетті сөзге тілі келмей жатса, оған қай молда шыдар. Тағы бірде, оны қасына алып, қолындағы қалың қолжазбадағы араб әріптерін көрсете бастайды. Бұл кітап - Абай өлеңдерінің жинағы екен. Немерелері ұлы ақынның өлеңдерін жақсы көріп өссін деп те ойлайды. Атасы молдаға ұқсап, таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайды. Күні бойы жаттағандарын кешкісін атасы мен әкесіне айтып кетеді. Табиғат жан дүниесіне ғасырда бір кездесетін талант пен ақыл-парасат ұрығын ұялатқан балдырғанның тұтқыр зердесіне қазақ көркем сөзінің шұғылалы күні осылай қонады. Тағдыр дара туған Мұхтарға қаз тұрып, тілі шыға, «Абай аулы академиясына» түсіп, оны үздіксіз бітіріп шығу бақытын жазған [19, 51-58] .
Мұхтар Әуезов өмірінің соңына дейін Абайтану курсымен шұғылданды. Абай мен Әуезовтің рухани сабақтастығының басы олардың сөйлеу тіліндегі рухани тұтастықта жатыр. Абай шығармашылығында сөздік қордың бәрі де Мұхтар Әуезовтің сөздік қорының үйірінен табылады. Бірақ құрғақ қайталанбайды, қайта сыңғырлап аққан бұлақтай үйлесім тауып, өнерлі тілге айналады. Абай поэзиясындағы ақындық тіл М. Әуезовтің прозасында жаңарып кестеленіп барып түрленіп қолданысқа түскен тілдегі табиғи үйлесімді танимыз. Әрине, бұл тіл өнерінің күшімен пайда болған рухани құбылыс.
Абайдың адамгершілік мұраты Мұхтар Әуезовтің ғылыми творчестволық ізденістерінің рухани тамыздығына айналғанын, әрине, екі алыптың адамгершілік мұраттарының үйлесім тапқан рухани сабақтастығынан табамыз.
Абай мөн Әуезов арасындағы рухани сабақтастықты, әсіресе Абайдың дүние танымын танып білу жолындағы ізденістерінен ғана сезіне аламыз. Абай мен Әуезовтің заманы бір. Абай ғұмыры отаршыл үкіметтің қазақ елін жабайылардың қолымен тұншықтыру саясаты салтанат құрған тұста өтсе, Мұхтар Әуезов те сол заманда жиырма жылдай өмір кешті. Осы заманның жақсылы-жаманды шыңдық ауқымында өсіп, қалыптасу үстінде болды. Бұл ерекшелік әсіресе, Мұхтар Әуезовтің Абай мұрасын ғылыми творчестволық деңгейде яғни ғылым мен шығармашылық саласында қатар алып зерттеулерінен анық көрінеді [20, 164] .
Абай ұшар биікке жетті, ұлтының ұлы да ұлағатты сөзіне айналады. Төрт жылдық медреседе оқу тоқып, үш ай орыс мектебінде дәріс тыңдап, өз бетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, бозбала шығында жастығына қарамай, ел-жұрты би сайлаған Абай ресми құжат, деректерді салыстыра тізгін тартсақ, қазақ даласыдағы Рухани биліктің басы, Билердің соңы. Соңғы Би Жаңа әдебиеттің басы [21, 6] .
Абай сөзі халық ішінде қалай кең таралса, ол жөніндегі ғылыми көзқарас, еңбектер де сондай тыныс ашты. Бұл да болса, алып ақынға деген ұлттық ықылас белгісі. Абайтану қазақ мәдениетінің, ғылымның дәстүрлі, тамырын, терең жіберген саласына айналды [2, 18] .
Мұхтар Әуезов Қазақстандағы социалистік құрылыстың әр кезеңнің көрсететін жиырмадан астам пьеса, бірталай әңгіме мен повесть жазды. Өмірінің соңғы жиырма жылын қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев жайындағы романға арнады.
Мұхтар Әуезов алдымен Абай өмірі мен шығармаларын зерттеп жинады. Ақын шығармаларының толық жинағын жариялауды тиісті ресми орындар алдына қойып, Абайдың тарихи орнын анықтауға ұмтылды. Жас ғалымның мәселені әуелі тікелей тарихшы ретінде Абайдың өмірбаянын зерттеуден бастауы да жай нәрсе емес-ті. Өйткені тұңғыш рет жазылған Абай өмірбаяны - абайтану мен «Абай жолы» эпопеясының да тарихи желісінің ірге тасына айналғаны жұртшылыққа танымал нәрсе.
Мұхтар Әуезов Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторының талайы-ақ біле бермейтін өзгеше бір жәйттерге тап болды. Өйткені, Абайдың өмірі мен еңбегі түр-түсі мен сипаты жолында қағазға түскен немесе жарияланған бірде-бір дерек, өзінің жеке архиві мен күнделігі, хаттары мен мемуарлары, тіпті замандастарының ақын жайында хатқа түскен естеліктері сақталмаған. Ақының өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл оқиғаларын Абайды көзімен көрген жақын білген ұзақ уақыт бойына ауызба ауыз сұрап, әңгімелесу арқылы жинауына тура келді. Абайдың әр алуан замандастарының айтқандарын салыстыра отырып, көп нәрсені өз ойымен топшылайды. Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтау да сондай еді [22, 17] .
Материалдар жинап жүріп, Абайдың достарымен, сырластарымен, бұрын қастық жасаған жауларымен де әңгімелесіпті. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да, солардың ұрпақтары да бар екен. Соншама ізденудің арқасында болашақ қаһарманы жайында аса көп материал жинағаны соншалық, Горькийдің: «‡ндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», - деген ұлы өсиетін іштей қайталап айта беруден танған жоқ. Тіпті қазіргі Абайдың балалық және жастық шағы жайындағы роман тәмәм болған соң да со кітапқа кірмей қалған материалының көп екенін байқапты. Материалдың молдығы еңбегінің сәтті шығуына септігін тигізді [23, 14-16] .
«Абай мен Әуезов» деген тақырыпты сөз еткенде Мұхтар Әуезовтің Абайдың өмірі мен Әуезовтің Абайдың өмірі мен өнерпаздық жолын танып-білуге қосқан үлесі көбірек айтылады. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Әуезовтің Абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен творчествосын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі - Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық, қызметін сипаттап көрсетуі, яғни жазушының Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» атты дәуірнамасы төңірегінде айтылған, әлі де айтылуға тиісті жайлар, қорытылған ой-пікірлер. Айтылған екі салаға жататын мәселелер аса маңызды екені талассыз. Себебі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында да, ғылыми еңбектерінде де Абай тақырыбы ең басты орын алғаны белгілі.
Абай өмірбаяның жазып, тұңғыш толық жинағын даярлаумен қатар Мұхтар Әуезовтің монографиялық еңбегі автордың көрсетуінше, 1925 жылы Ленинградта аяқталған. Осы еңбектен Мұхтар Әуезов жалпы қазақ ақындары өмірін жете білмей тұрып, бұл ақындар шығармаларының табиғатын толық танып білу ісі қиынға түсетінін өз тәжірбиесінде мықтап ұғынған осы себептен де: «ақындардың өмір тарихын білсек, соның әр қайсысы өмір сүрген заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз», - деп ескертеді. Яғни зерттеуші әрбір ақын өмірін терең білу сол ақын шығармасын талдауда ол өмір сүрген кезеңнің әлеуметтік болмысын танудың өзекті желісін, кілтін тапқандай пікір білдіреді. Демек, Абайға дейінгі қазақ ақындарының өмірбаянын зерттеу ісін қолға алғанда, оны қай тұрғындан зерттеу мәселесі жайлы өзіндік ой тұжырымы мен дербес пікірін біршама қалыптастырып қалған қалпын танытады. Бұл болашақ ғұлама ғалымның бойындағы ғылыми зерттеу ісіне даярлықтың сол тұста-ақ биік деңгейде болғандығын аңғартады.
Абайтанудың алғашқы негізі де М. Әуезов жазған Абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім. Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып Мұхтар Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Бұлай етпегенде, Абай өмірбаянын жазуға кірісудің өзі қиынға соғары мәлім еді. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасу процесін көрсету үшін сол дәуірдің тарихи шындығын яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын, билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алған бұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, соны көзқарасты тудырған әлеуметтік мотивтерді, әсіресе, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін т. б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді. Бұларды тұтас қамту, дұрыс шешімін, бағыт-бағдарын табу жазушыдан зор даярлықты, қуатты творчестволық ізденісті талап етті.
Абайдың ғылыми өмірбаянын ойдағыдай жазып шығуы арқылы Мұхтар Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүргізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды.
Абай мұрасын зерттеушілердің ішінде алғаш рет ұлы ақын шығармаларымен толық танысып, өмірі жайлы деректерді тікелей сол ортаның ішінде жүріп, тірі архив иелеріннен алып қалған Мұхтар Әуезовке абайтанудың негізін салу сияқты аса абыройлы тұғырға көтерілуін тағдыры да бұйырды. Мұхтар Әуезовтің Абай өмірбаяны мен заманы жайлы деректерді жию, оларды тарихшы ретінде мұқият талдап, дұрыс қорытынды шығару, оларды соңыра эпопеяға тарихи негіз ретінде пайдалану проблемалары абайтану мен мұхтартану саласында жазылған көптеген еңбектерге жеңілдіктер де туғызып отыр. Жалпы қазақ әдебиеті тарихында Абайдай алып тұлғалы ақынның артында архив қазынасы, түрлі жазба деректері қалмаса да, негізінен, тірі архив иесі болған ақын замандастары естелігіне сүйеніп, әуелі, Абайдың ғылыми өмірбаянын қалпына келтіру, соңыра осы ізденістерінің негізінде дүниежүзілік мәні бар көлемдегі көркем туынды жазу - әдебиет әлеміндегі қайталанбас бірегей құбылыс [24, 13] .
Мұхтар Әуезовтің 1994 жылы шыққан «Абайтану дәрістері» атты кітапқа енген «Абай мектебінің ақындары» деген қолжазба тезисте:
«Абай шәкірттерінің дәл осы жөніндегі табыс нәтижелерін айтқанда, олардың бірде-бірі Абай жеткен дәрежеге жеткен жоқ», деп әділетті пікірін де ашып білдірген.
Осы кітаптағы «Көкбайдың ақындығы» туралы мақаласында оның Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суы-ып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын болғандығын атап көрсетіп, 1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек көрсеткен еді, деп мол ризашылығын білдіріп, дәріптейді.
Осы орайда Абайдың тікелей төл шәкірті болған Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы ғалымның көзқарас бағасын айта кетуді орынды санаймыз.
Мұхтар Әуезов 1918 жылы «Абай» журналында жарияланған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында Шәкәрім өлеңдерінің ерекшеліктері туралы қысқа да болса өте дәл, біздің ұғымымызша, өте әділ ой-пікір айтқанын жоғарыда қарастырып өттік. Кейінгі еңбектерінде бұл мәселе сөз болмайды. Оның басы ашық объективті себебі - қызыл белсенділердің Шәкәрімді атып тастап, оның басына қисынсыз қауесет жалаларды үйіп-төгіп, қолдан «халық жауы» етіп шығарып, бүкіл Абай ұрпақтарын қуғын-сүргінге ұшыратқаны белгілі.
Жазушының көркем туындыларында Кәрім, Шұбар сияқты кейіпкерлер кездеседі. Кейбір оқырмандар, әдебиетшілер осы кейіпкерлердің прототипі Шәкәрім деп түсінеді.
“Егемен Қазақстан” газетінде осыдан аз уақыт бұрын жарияланған бір мақалада бірер кісілердің куәлік сөзі бойынша қазақтың көрнекті қайраткері Әлімхан Ермеков Мұхтар Әуезовке: «Кітаптарыңда Шәкәрімді жағымсыз етіп бейнелепсің» - деп, реніш білдіргенде, ол Абайды арашалап жарыққа шығару үшін амалсыз жасадым ғой деген екен. Мұнысын Ә. Ермеков те жөн көріп, ризашылығын айтқан екен деген сияқты сөздер жазылған болатын. Бұл ауыз-екі айтылған әңгімелер ғой.
Әрине, әркімнің әрқалай түсініп, жорамал жасай беруіне кесе-көлденең тұрудың да жөні жоқ. Дегенмен көркем шығарманың өзіндік ерекшелік, артықшылық мүмкіндіктері мол.
Тарихи тақырыпқа жазылған туындыларында автор көптеген танымал кісілерді өз есімімен атап, түстеп түгендеген. Ал баз бірінің атын да, затын да өзгертіп жіберуге мәжбүр болған. Бірақ солардың ешбіріне ол Шәкәрім деп ат қойып айдар тақпаған. Сондықтан да ой-қиялымызды он саққа жүгіртуге ерік бергенімен, жазушы тарих алдында дат Шәкәрімнің әруағының алдында да өзінің азаматтық, адамшылық ар-ұжданына дақ түсірмей, таза қалпында сақтап қала алған деп ойлаймыз.
Егер әлгі аталған мақаладағы сөздер ақиқат айтылған болса, несі бар, атасына рахмет, сол арқылы асыл азамат сондай қитұрқы саясаттың заманында қара ниет, көр тақым белсенділердің кәрінен Абайды да, белгілі мөлшерде өз басын да арашалап аман алып қалды ғой. Бірақ соның өзінде, біздің түсінігімізше, ешкімді де, әсіресе, Шәкәрімді де қаралап, жығып беріп отырған жоқ.
Мұхтар Әуезов 1918 жылы жазған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында: Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ахмет Мәметов, Бекет Өтетілеуов, Омар Қарашевтерді атап, олардың кей өлеңдеріне тоқталып, ақындық ерекшеліктеріне теориялық тарихи тұрғыдан шолу түрінде қарастырып өткен. XX ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері болып саналатын бұл ақындарды өлеңдерінің мазмұн-мағынасына, өрнек үлгісіне қарай үш түрлі негізге, жіктерге бөліп саралағанын жоғарыда айтып тоқталған едік.
“Кейін 1923 жылы «Ақ жол» газетінің 4-ақпандағы № 270 санында жарияланған: «Ақаңның елу жылдық тойы (юбилейі) » деген мақаласында Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы, қоғамдық-әлеуметтік қызметін, әдеби-ғылыми еңбектерін кеңірек сөз етеді. Сол кезеңдегі халықтың ой-санасының оянып, жетілуіне, жастардың оқу-білім бұлағынан сусындауына «Қазақ» газеті мен оқу кітаптарының тигізген орасан мол әсер-ықпалын айта келіп, автор: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымагаи қайраты - біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын . . . Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ақаңды өзінің басшысы деп санайды» деген өзінің әрлі де нәрлі қорытынды ойын ақтарып салады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz