Қазақ өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы (М.Мақатаев, К.Мырзабеков өлеңдері негізінде)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Көркемдік мұраты - шындық . . . 9

1. 1 К. Мырзабеков өлеңдеріндегі табиғат көріністері . . . 9

1. 2 Кеңшілік өлеңдеріндегі туған жер тақырыбы . . . 22

2 М. Мақатаев өлеңдеріндегі өмір шындығы . . . 40

2. 1 Ақын өлеңдеріндегі елжандылық пен отансүйгіштік . . . 40

2. 2 М. Мақатаев поэмаларындағы ел мен жер тақырыбы . . . 55

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ поэзиясы ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында дамудың жаңа белесіне көтерілді. Осы жылдар ұлттық әдебиетімізде өзгеше өрнегімен, қайталанбас қолтаңбасымен із қалдырған М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Т. Айбергенов, Ж. Жақыпбаев, М. Отаралиев, К. Мырзабеков сияқты ақындар поэзия әлемінде жарқырай көрінді. Бүгінде аталған ақындардың барлығы өмірде жоқ. Жарқ етіп өмірге келіп, жалт етіп өмірден өтсе де, артында мол мұра қалдырып, ұлттық әдебиетіміздің тарихынан ойып орын алған жылдың июнінде талантты ақындар шығармашылығы күн өткен сайын оқырмандар мен зерттеушілер назарын өзіне аударып келеді. Солардың бірі - Кеңшілік Мырзабеков. Ақын туралы зерттеулер арнайы айтылған пікірлер тым аз. Соған қарамастан, 1987 жылы жарық көрген «Советтік Қазақстан Жазушылары» атты библиографиялық анықтамалықта Кеңшілік жөнінде қысқаша ғана мынадай мағлұмат берілген: «Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков 1946 жылдың 6 июнінде Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылында туған. 1964 жылы туған ауылында орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне қызметке орналасқан. Творчестволық алғашқы қадамы мектеп қабырғасында басталған. Оның тырнақалды өлеңдері мектеп шәкірті кезінде облыстық, өлкелік (сол кездегі «Тың өлкесі» газеті) газеттерімен бірге «Ленпншіл жас», «Қазақ әдебиеті» сияқты республикалық басылым беттерінде де жарық көрген. 1967 жылы ол «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып ауысқан. Содан бері республиканың баспасөз орындарында қызмет істеп келеді. «Жетісу», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында істеген. Қазір творчестволық қызметте.

Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша Кеңшілік пен Мұқағали шығармаларындағы табиғат тақырыбы бұған дейін арнайы зерттеу обьектісіне айналмай, бірен-саран рецензия, пікірлер арқылы сөз болып келуі, алып отырған тақырыбымыздың қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзектілігін танытады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. К. Мырзабеков С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Кеңшілік Мырзабековтің алғашқы өлеңдер жинағы «Іңкәр дүние» деген атпен 1972 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Оның өлеңдері орыс тіліне аударылып «Юность» журналында, «Поэзия» альманахтарында жарияланды» [1, 437] .

Ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде бұдан басқа да айтылған пікірлер баршылық. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, академик С. Қирабаев алпысыншы жылдар әдебиетіндегі аса көрнекті ақындардың соңын ала шыққан, өзіндік қолтаңбасы бар, аз ғана таланттар шоғырының ішінде К. Мырзабеков есімін ауызға алады. Ал әдебиеттанушы сыншы Б. Ыбырайымов - С. Мәуленов, Ж. Нәжімеденов, О. Асқарлар секілді талантты ақындардың қатарында Кеңшілікті де атаған.

Дегенмен, зиялы жұртшылық тарапынан ерекше ілтипатқа ие болған ақын шығармашылығы қарапайым көпшіліктің «қолынан түспес» дүниесіне бірден айналып кете қоймағаны белгілі. Нақты бір шығармашылықтың дер кезінде бағалануы оқырманын тарихи дәуірдегі эстетикалық талғамына, интеллектуалдық деңгейіне де байланысты. Олай болса, ақынның шығармашылығын талдай отырып, бұл мәселенің де сырларын ашу мүмкіндігі туады.

Бүгінде оқырман көпшіліктің жүрегінен жол тауып, қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының біріне айналып отырған ақындарымыздың бірі әрі бірегейі - М. Мақатаев. Ақынның дүниеден өткеніне де отыз жылдай уақыт болып қалды.

Көзі тірісінде ұсынған кітабы жарыққа шықпай қалмаған автордың бірі - Мұқағали. Атап айтқанда, "Ильич" (Поэмалар, 1964), "Армысыңдар, достарым" (Өлеңдер мен поэма, 1966), "Қарлығашым, келдің бе?" (Өлеңдер, 1967), "Мавр" (Өлеңдер мен поэма, 1969), У. Уитмен "Шөп жапырақтары" ("Ұлы ақындар кітапханасы" сериясы, аударма (1969), В. Шекспир. "Сонеттер" ("Ұлы ақындар кітапханасы" сериясы, аударма (1970), Данте. "Құдіретті комедия" (бірінші бөлімі "Тамұқ", аударма (1971), "Дариға-жүрек" (өлеңдер мен поэма, 1972), "Аққулар ұйықтағанда" (Өлеңдер мен поэма, 1974), "Шуағым менің" (Өлеңдер мен поэма, 1975), "Өмірдастан" (Таңдамалы, 1976) .

Есептеп көрсек көзі тірісінде он бір кітабы оқырманға жол тартыпты. Мұқағали 1976 жылы қайтыс болды. Таңдамалысын өз қолымен дайындап, көріп кетті. Бастапқы кездері араға бірер жылдар түскені демесеңіз, жыл сайын - бір кітаптан (1969 ж. - екеу) . Осыған қарағанда, сырқат меңдеткен өмірінің соңғы кезінде жазылған жаңа жырлары мен толғауларына дейінгі негізгі шығармаларын ақын көзі тірісінде жарыққа шығарып үлгергені байқалады. Таралымы жағынан да тапшылық көрмегені аян (әрқайсысы он мыңнан) . Қойын дәптерінде қалған сол жаңа қолжазба мұрасы мен бұрынғы кітаптарына енбеген (қайта бір ораламын деді ме, дәлірегі - негізінен автор өзі енгізбеген) туындыларынан құрастырылған "Өмір - өзен" кітабымен (20 мың дана) Мұқағалидың екінші ғұмыры - мәңгілік ғұмыры басталған. Күні кешелер Мемлекеттік сыйлықпен жоғары бағаланған "Аманат" кітабына дейінгі аралықта "Бәсіре", "Зов души", "Соғады жүрек" қос томдығы, "Шолпан", үш томдық шығармалар жинағы сияқты қыруар қайта басылымдар ырыздығы жатыр. 1988 жылы Фаризаның алғысөзімен жарыққа шыққан "Қош, махаббат" (әңгіме-хикаят, пьеса, мақалалар) жинағының өзі (60 мың дана), күнделік деректері қазақ әдебиеті үшін құбылыс болмағанымен, құдіретті ақынның парасат-байлығы, ізденіс өрісі қаншалықты кеңдігін және ақын мұрасына деген ел ықыласын дәйектей түсер көрсеткіштер.

2001 жылы «Жалын» баспасынан ақын О. Асқардың құрастыруымен ақынның төрт томдық шығармалар жинағы әр қайсысы 5000 дана таралыммен толықтырылып, тұтастандырылып басылып шыққандығын шыққандығын да естен шығармағанымыз жөн.

Олай болса, Мұқағалидың артында қалған мол мұрасы талай зерттеулерге өзек болып, қарымды ойға қанат бітіретіндігі анық.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің алға қойған негізгі мақсатымыз - К. Мырзабеков пен М. Мақатаев шығармашылығындағы табиғат, пейзаждың жасалу ерекшелігін анықтау, ақындардың дара қолтаңбаларына талдау жасау.

Теориялық және практикалық маңызы. Әдебиетті зерттеу тәжірибесінде белгілі бір ақынның, не жазушының шығармашылығын суреткер өмірден өткеннен кейін, араға біраз уақыт салып барып зерттеу ұтымды деген пікір қалыптасқан. Мұндай тұжырымның белгілі дәрежеде шындыққа сәйкес келетіні күмәнсіз. Өйткені, қандай шығарманың да құндылық деңгейіне қатал сыншы уақыт. Кезінде әдебиет сынында мақталған туындылардың уақыт өте келе әсерін, тартымдылығын, тіпті құндылығын жоятындары да болды. Әрбір жаңа қауымның көркем шығармаға жаңа биіктен, тың көзқараспен баға беруі заңды. М. Мақатаевтың сөзімен айтқанда:

«Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсысымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен ХХІ-ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да . . . » [2, 5], -дейді.

Дегенмен, әдеби шығармаларды жариялаған кезеңінен тым алыстап кетпей тұрғанда «ізін суытпай» талдаудың да өзіндік ұтымдылық жақтары жоқ емес. Бұл тектес еңбектерде зерттеуші өз обьектісін неғұрлым соны да қызғылықты материалдарды молырақ қамтиды. Сондықтан ол зерттеу мүмкіндігінің кейбір артықшылықтарын пайдалана алады. Мұндай жағдайда қазіргі әдебиеттану мен өнертанудағы аса зәру мәселе шығармашылықты психоаналитикалық тұрғыдан талдауға, туындының оқырманға берер әсерінің негізгі факторларын айқындауға қажет материалдарды жинаудың мүмкіндігі мол болады. Белгілі бір суреткердің тірі жүрген замандастарының, жолдастарының, жалпы әдеби қауым өкілдерінің пікірлері шығарманың табиғатын, ерекшелігін тануға көмектесетіні сөзсіз.

Диплом жұмысының негізгі нәтижелерін гимназия, лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектептерде қазақ әдебиетінің тарихын және авторлық ауыз әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын оқыту барысында, аталмыш пәннен үйірме, факультатив сабақтарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, өзара тармақталған екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1 Көркемдік мұраты - шындық

1. 1 К. Мырзабеков өлеңдеріндегі табиғат көріністері

1960-1980 жылдар аралығындағы қазақ өлеңінің өшпестей өрнек салған сілемдері туралы ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, қаламгерлер шығармалары жөнінде ой өрбіту үшін әуелі сол дәуірдің бастан өткерген уақыт тынысына, әлеуметтік тұрмыс жағдайына, қысқартып айтқанда Ұлы Отан соғысынан бұрынғы ұлттың басынан өткерген саяси ақуалының көрінісіне де назар аударған жөн. Өлеңде тақырыпты тудырушы - орта, қоғам екені ақиқат болса, өлең формасын тудырушы тақырып пен мазмұн екендігі де шындық. Ақынның көңіл күйіне әсер, ықпал еткен жағдай өлеңнің ырғақ екпініне ықпал етпек. Яғни өлеңді өмірдің өзі деген тұрғыдан қарағанда ізденіс жолындағы қазақ әдебиеті жанрының қай түрі болмасын осы уақытта елеулі өзгерістерге түсіп, мазмұн мен формалық жағынан байыды. Оған уақыт талабы айрықша әсер ететіндігінің маңызы зор екендігі сараланады. Саясаттың соңынан әдебиетімізге айтарлықтай өзгерісті ағын алып келген Ұлы Отан соғысы әсері әрбір ақынның өлең әлеміндегі жан жүйесіне жол бастады. «Бұл жылдардағы поэзияда дәстүр жалғастығы болды ма, қандай жаңа ізденістер бар, мазмұн мен түр жаңалығы қаншалықты дәрежеде көрініс таба алды» деген ақын-жазушылар мен сыншылар екі түрлі пікірлік-позицияны ұстанғаны туралы сөз болады. Атап айтқанда ондай пікірлер М. Қаратаев, кейінгі жылдардың өкілі А. Егеубаев және тағы да басқа ғалымдардың ғылыми-зерттеу мақалалары, монографиялары сияқты елеулі еңбектерінен көрініс табады. Аталмыш жылдар тақырыбын туындыларында көтерген ақындардың ізденістері соғыстан кейінгі жылдардағы халық шаруашылығын жырлайтын әдебиеттен бастау алды.

Бұл - С. Мұқанов, Қ. Аманжолов, А. Тоқмағанбетов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Ә. Сәрсенбаев, Д. Әбілов сынды көрнекті ақындардың әр алуан өлең жинақтарының жарық көрген кезеңі деген сөз. Осы шоғырдың соңынан әдебиетке қосылып, өлеңдерінен жаңа ұшқын көріне бастаған Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, К. Мырзабеков, Қ. Жармағанбетовтар да өз жинақтарын ұсынғандығы басты назарға алынады. Әсіресе 1948-1955 жылдар аралығы бір буыннан екінші буынға ауысу процесі жүрген өзгеше кезең екендігін сыншы М. Дүйсенов «Шамамен шартты түрде айтсақ, қазақ поэзиясының үш-төрт буыны бар» деп көрсетеді [3, 5] . Осындағы үшінші буын Ғ. Қайырбеков пен Ө. Нұрғалиевке дейінгі аралықты қамтиды. Яғни олардың ең соңы екі-үш кітап беріп үлгергендер деп көрсетсе, ғалымның бұл пікірін С. Әшімбаев «Бұл буынның өз үнін танытып үлгеруі 1965 жылға дейінгі уақыт екендігіне көз жеткізуге болады. Оған Тұманбай, Сағи, Қадыр, Мұқағали, Жұмекен т. б. алпысыншы жылдардың о жақ, бұ жағында поэзия босағасын аттағандар жатады. Ал төртінші буын өкілдері алпысыншы жылдардың екінші жартысында көріне бастайды» деген пікірі бұл ойларды айқындай түседі [4, 201] . Сондықтан, осы уақытқа дейінгі зерттеу немесе монографиялық еңбектерді алып қарағанда 1960-1970 жылдар аралығындағы поэзияны зерттеген әдебиетші ғалымдар көптеп табылса, 1960-1980 жылдар аралығы зерттеушілері саусақпен санарлықтай аз екендігі де ескеріледі.

Тақырып аясындағы жыл аралығы ақындары, туылған жылдарымен есепке алынып: Н. Ахметбеков, Ә. Сәрсенбаев, Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, Ж. Саин, Қ. Бекхожин, Х. Ерғалиев, Ә. Шалабаева, С. Сейітов, Қ. Жармағанбетов, М. Хакімжановалардан соң, Қ. Шаңғытбаев, А. Әбдікәрім, М. Байсейітов, Т. Бердияров, Е. Әукебаев, Ө. Жайлауов, М. Жаманбалинов (балалар әдебиеті), Т. Әбдірахманова, Ғ. Жұмабаев, мен кейінгі толқын З. Шүкіров, А. Шамкенов, Ғ. Қайырбеков, Ә. Жәмішов, І. Мәмбетов, С. Жиенбаев, Ә. Дүйсенбиевтер әдеби ағымдағы тақырыптар мен форма, түр, пішінді эстафета сияқты бірінен-біріне берілгендігіне тоқталады. Аталған алдыңғы буын ағалардың соңынан М. Мақатаев, Ә. Абайділданов, О. Сүлейменов, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжмеденов, М. Айтхожина, Т. Айбергенов, С. Асанов, Ө. Нұрғалиев, М. Сатыбалдиев, Ф. Оңғарсынова, С. Баймолдин, С. Иманасов, Д. Қанатбаев, Ж. Қыдыров сынды қазақ поэзиясының талантты толқыны ере түскендігі жөнінде хабардар еткен.

Елуінші жылдардың басынан басталған поэзиядағы кезең алмасу немесе ақындық лабораторияның қарқынды ізденіс жылдары өз басынан мазмұндық-пішіндік көркею кезеңін өткерген. Осы көркею кезеңін қалай айқын көрсету керек деген сауалға орай ой ұғынықтылығы мен жиырма жылдық тұтастыққа көз жеткеру мақсатында, зерттеу желісін негізінен ізденісті өлеңдер жүйесіне құрып, көтерілген тақырыпты айқындайды.

Поэзиядағы мазмұн мен форма бірлігі туралы түрлі сыншылардың пікірлеріне сүйене отырып поэзиядағы мазмұн мен форма бірлігі мәселесіне де аз-кем тоқталып өтуге болады. Ақындар туындыларының мазмұнын ұлттық дәстүрмен шебер ұштастырумен қатар, жарасымды жаңа формалар мен түрлер табуда қазақ, араб, орыс өлеңдерінің өлшемдері сабақтасып келіп отырады. Осы мәселелерге орай айырмашылықтары мен ұқсастықтары салыстырылады. Әрі өлеңдегі «өзгерістер» нышаны жөнінде де сөз болады. Бұл жөнінде В. Брюсов «Поэзиядағы өзгеріс - үнемі, тынбай жаңа түр іздеу, адамның ойын, сезімін дәл, терең, әсем бейнелейтін құралдар табу» дейді де, сол өзгерісті тудырушы құралдар « . . . тіл, үн, бейне. Ақын соларды жақсы білуге, сезуге, орынды және жарасты қиыстыруға тиісті. Әдебиетке келген әрбір жаңа ақын оған өзімен бірге жаңа сөз, жаңа ырғақ, жаңа бейне ала келеді. Сонымен бірге бұрынғыны өңдейді, ұстартады, ілгерілетеді, дамытады» [5, 182] деп өзінің ғылыми тұжырымын ортаға салады.

Зерттеу жұмысының негізгі ұстанар бағыты - лирика. «Лирика, - дейді З. Қабдолов, - (грекше lyra - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) әдебиеттің Аристотель заманынан келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі» [6, 312], - десе, В. Белинский лириканы өнердің барлық элементін бойына сіңірген нағыз өнер туындысы ретінде танып, оған «поэзия» деген айдар тағады. Ғалымның осы пікірін Ә. Тәжібаев өзінің «Өмір және поэзия» (1960) деген кітабында талдап, түсіндіреді. Ал араб және қазақ поэзиясын салыстыра зерттеген Ә. Дербісәлі форма іздеудегі ақындық шеберліктер жөнінде көңілге қонымды ой айтады. Әсіресе, ерекше қарастыратыны араб өлең өлшемдері. Олар: тауил («ұзақ», «созылыңқы»), басит («кең», «мол»), камил («толық»), рамал («жүгіргіш»), хафиф («жеңіл»), мутақариб («із тастаушы»), уафир («мол»), мадид («ұзын»), хазадж («тарсыл»), раджаз («көркемдеу», «тақпақтау»), сари («жай»), мунсарих («еркін», «бос»), мудари («мударлық»), муқтадаб («қысқа»), мутадари («толассыз») . Қазақ өлеңдерінде осы араб өлең өлшемдерінің біршама элементтері кездеседі. Ұлы Даланың ортағасырлық перзенттері Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік», Хорезмидің «Мухаббатнама», тіпті Қ. А. Ясауидің «Хикметтерінде» шығыстың, соның ішінде араб поэзиясына тән нақыштар мол. Ал бұл дүниелер бүгінгі қазақ поэзиясының бастаулары. Мәселен, ірге тасы исламға дейінгі кезеңде қаланған күні бүгінге дейін қолданылып жүрген қасыда (көлемі кішігірім поэма) әдетте елу немесе жүз бәйіттен тұрған тұрпатындағы қиса‑дастандар тууына ықпал етті. Осы жанрлық форма да қазақ ауыз әдебиетінде қанат жайып, кейіннен елуінші-жетпісінші жылдардағы өлеңде де түрленіп, түлейтіндігі басты назарға алынған.

Сонымен қатар бәдәуи поэзиясындағы хиджа («сатира»), газал («махаббат лирикасы»), уасф («табиғатты суреттеу»), мадх («мадақ»), фахр («өзін-өзі мақтау»), риса («элегия»), хамрийат («шарап жыры»), тардийат («аңшылық суреттері»), зухд («діни сарындағы жырлар»), нақаид («мысқыл»), насиб («әйел сұлулығын жырлау») секілді т. б жанрлар [7, 18-19] қазақ поэзиясының тақырыбына қарай жіктелген. Олар саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасымен қоса, ауыз әдебиетіндегі жырлардың бағыттарымен де ұқсас келеді. Жалпы алғанда қазақ поэзиясы славянтілді өлең формаларына қарағанда араб-парсы ғазалдарымен болмыс-бітімі жағынан үйлесімді екендігі кескінделеді.

Тараушада бір-бірімен салыстырыла келтірілген ғалымдардың пікірлерін дұрыс деп қабылдай отырып, Э. Хэмингуэйдің: «Айзберг қозғалысының айбындылығы сонда, оның сегізден бір бөлігі ғана су бетіне шығып жатады» дейтін «Айзберг теориясы» айтылады. Яғни өлеңді алып оқығанда алдымен оның мазмұнына мән беріледі, содан соң оның пішінінен және сол пішіннің қандай тәсілдермен құралғанына назар аударады. Қорытындылағанда 1960-1980 жылдардағы поэзия топырағына тыңнан түрен салушылардың формалық ізденiсі жөнінде ең алдымен өлең-өрнегі ерекше ақындарды белгілі бір жылдар аралығына екшеп, даралап және топтап алады. Жұмыстың ізденісі ұғынықты болуы үшін 1960-1980 жылдар аралығындағы халыққа мәлім және беймәлім ақындарды жеке-жеке атап, олардың осы жиырма жыл аралығында жарыққа шыққан туындыларын жалпылама шолу түрінде көрсетуді жөн көредi. Жинақтап айтқанда, сол кездің өзінде қазақ поэзиясы жайында пікір білдірушілер ақындарды: алдыңғы буын, орта буын, жас буын ақындары деп бөле-жара атаған болса, ал бұл үш буынның өлеңдегі көрініс көкжиегі жарты ғасырдан аса уақыт ауқымын қамтыған. Осы жарты ғасырлық поэтикалық уақыттың жиырма жылдық эпицентрі - негізгі зерттеу объектісі.

Сонымен қатар1960-1980 жылдардағы қазақ өлеңдеріндегі бунақ пен буын өлшемдерінің формалық ізденістері де жоғарыда аталған ақындар шығармашылығы негізінде талданып отыр. Орыс ғалымдары көп буынды қатарды: «Буын туу табиғаты мен орналасу жағдайына қарай созылыңқы болады. Табиғатына қарай созылыңқы болатын буын деп - созылыңқы дауысты дыбысты немесе дифтонгты дыбысты айтады. Ал орналасу жағдайына қарай болатын созылыңқы дыбыс деп - қысқа дауысты дыбыстан соң екі дауыссыз дыбыстың келуін айтады; бұл екі дауыссыз дыбыс буынды созылыңқы етеді» - деп түсіндірсе [8, 266], негізінен буын санынының аз-көптігі, бунақтағы дауысты дыбыстардың орналасу тәртібінен болады. Ал, екі тіркес арасында қосарлана келген дауысты дыбыстар болса, ол буынға созылмалы түр бермейді, керісінше түсіп қалады. Бір қызығы, әдебиет формалары әрдайым дамып, жетіліп отырады деген қағидаға қазіргі қазақ поэзиясының силлабикалық өлең өлшемімен жазылған шығармаларын зерттеу барысында, жаңа элементтер мен детальдарды кездестіргенде көз жеткізеді. Мұндай жаңа форманың тууы соңғы елу жылдың еншісіне тиесілі. Мәселен, латын немесе грек жырлары секілді квантитативті болып келетін араб өлең өлшемі (аруд) созылыңқы дыбыстар мен әрқилы буындардың түрленіп келуінен тұрады (метрикалық өлең созылып айтылатын буындар мен қысқа буындардың алмасуына негізделеді) . Бұл жүйеде қысқа және созылыңқы буындар жиылып бунақ құраса, ал екі және үш бунақ жарты өлең (полустишия) түзеді, ал екі жарты өлең міндетті түрде үзілістік арақатынаспен бөлініп, бәйіт деп аталатын өлең формасын тудырады. Міне осындай бәйіттер қазақ өлеңінде ара-тұра кездессе, прозаизмі басым екпінге негізделген тоникалық жүйемен қатар, квалитативті топтың силлабо-тоникалық жүйесі де көрініс табады. Тек айырмашылығы: буын санындағы өлшемдерден, көбіне тармақ соңында келетін бунақтардағы ұйқасым бірлігінен көрінеді. Әр халық поэзиясының тілдік нормасына тән белгілі бір буын өлшемдері болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Жұматай Жақыпбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Оқиғалы өлең
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Туған жерімнің табиғатын таныстыру
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Көш атты өлеңінде
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
Қашпаңдар қара бояудан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz