Зар заман» ақындарының шығармашылығындағы ел мен жер тағдыры


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 «Зар заман» ағымының ұлттық әдебиетте орнығуы . . . 9
1. 1 «Зар заман» ағымының зерттелуі . . . 9
1. 2 М. Әуезов зерттеулеріндегі ХІХ ғасырдағы «Зар заман» ақындары . . . 192 «Зар заман» ақындары шығармаларындағы ел-жер тақырыбы . . . 31
2. 1 Шортанбай өлеңдеріндегі дәуір шындығы . . . 31
2. 2 Мұрат ақын мұраларындағы ел тағдыры . . . 54
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мұхтар Әуезов «зар заманды» әдебиеттегі елеулі бағыт ретінде жан-жақты негіздеудің мәселелерін тұңғыш рет теориялық тұрғыдан негіздеген ғалым.
Ғалым ізденісі: «Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары: - сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарих көлемінде қарастыру керек» [1, 192], - деген пікірінен туындайды.
Түрлі идеологиялық қысымдардан түтіні басқаша шалқыған қазақ, әдебиеттану ғылымының соңғы хал-қадірін ескере келіп, профессор Т. Кәкішев: «Әдеби, мәдени тарихымыздың көтерілмей, жазылмай жатқан көп саласы бар екеніне ғылыми қауымның назарын аударғым келеді. Және ол кезеңдегіні буржуазияшыл немесе ағартушы-демократиялық деп айыра салмай, ішкі көркемдік ерекшеліктеріне, эстетикалық қадір-қасиетіне қарай талдап зерттеуіміз керек . . . Өйткені өмірді реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық тұрғыдан бейнелегенде қазақтың көркемдік таным-талғамында талай жаңа сипаттар пайда болғаны даусыз. Осы дәуірдің саяси-әлеуметтік мәнісіне социологиялық тұрғыдан көбірек көңіл бөлгендіктен көркемдік, өнерпаздық мәселелерді зерттеп білуіміз жетіспей жатқанын ашық мойындауымыз керек» [2, 118], - дейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы әдебиетіміздің тарихындағы кезеңдерді, дәуірлерді ажыратып алу мәселесімен бір қаралуға тиісті түрлі бағыттар - мәселен, орыс әдебиетіндегі классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм деген сияқты; түрлі ағым, сарындарды ажыратып айғақтаудағы бөлудегі, Б. Кенжебаев айтқандай не таза теориялық, не тарихи болғаны жөн. 1959 жылғы конференцияда Б. Кенжебаев әдеби мұра жасап кеткен дарындарды бірде кәсбіне (кітаби), бірде идеясына (ағартушы-демократиялық) бөлуде дұрыс емес дегені - аса қисынды пікір.
Қайсыбір дәуірдің әдебиеті өзін іштей саралауға зәру. Кезең, дәуірге тұтас бөліп, бағыт-ағымдарға іштей ажырату қажет. Зар заман - белгілі бір мөлшерде тұжырымдалған бағыт, ағым. Бағытты - саяси, тарихи ерекшелігіне, ағымды - содан туған көркемдік өзгешеліктеріне қарай қарастырған абзал.
Күні бүгінге шейін зар заман ақындары төңірегінде әріде де, беріде де айтылып қойған, айтыльш жатқан жайлар аз емес. Айтыла беруге тиіс те. Дулат ақын мұрасы зар заман тұрғысынан арнайы зерттелмегенімен, көркемдік кестесі, әлеуметтік салмағы жағынан қарастырылды. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы жайлы диссертация қорғалды. Діни-ағартушылық ағым өкілі ретінде Әбубәкір Кердерінің шығармашылық мұрасына назар аударылды. Жекелеген ақын-жыраулар шығармалары баспа жүзін көріп жатыр.
Олардың әдеби мұрасын бағалауға келуде әдебиет тарихын дәуірлеу, әдеби мұраны саралау, ғылыми негізде жүйелеу, игеру мәселелеріне соқпай өте алмаймыз. Осы, басты, түпқазық жайлардың арғы-бергісін саралап, анықтап, күмәнді, күдікті, жасырын, жадағай тұстарын біліп алмай тұрып сөз айту - бос әурешілдік.
Мәселен, қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды алайық. Бұл әдебиет тарихының профессор Бейсенбай Кенжебаев негіздеген дәуірлеуде XX ғасыр басындағы әдебиетке тән бағыт. Ал Мұхтар Әуезов оны зар заман ағымы әдебиетінің (яғни жүз жылдық дәуір әдебиетінің) бір сипаты деп айғақтаған.
Әдебиет тарихында теориялық тұрғыдан негізделуі басталғанынан, санамызға сіңгенімен қазіргі әдебиет тарихына қатысты оқулық, зерттеулердің қолданымында зар заман атауы ұзақ жылдар бойы, соңғы уақытқа шейін қағаберіс қалып келді. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин казақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді:
1. «Билер дәуірі»; 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір» Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді. Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғылымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.
Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» [3, 83] деп атауды ұсынуда.
Мұхтар Әуезов 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Белгілі бір мәселені қойып, әрі қарай тарата талдайды? «зар заман» деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? деген күрделі проблемаларды көлденең тартып, соның ұрымтал жауабын беруге ұмтылады.
«Зар заман» деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бұкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық» [1, 192], - дегені Шортанбайдың бұл әдебиеттегі орны алабөтен айрықша екенін негіздейді.
М. Әуезов зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. Айрықша назар аударар бір түйін: « . . . зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығы ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиетінің басы деу керек» - деген ғылыми жаңалығы айқын ой.
М. Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:
- Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?
- Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?
- Барлығының басын қосатын күй қайсы?
- Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?
Бұл еңбекте М. Әуезов заман сырына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М. Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде, тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсы бар сипат-өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін нақты сөйлеу қажет. Соңғы жылдары «зар заман» ағымы тиянақты зерттеле бастады. Ғалым Б. Омарұлы бұл мәселе төңірегінде арнайы зерттеу жүргізіп:
Диплом жұмысының мақсат, міндеттері. «Зар заман» - бұл белгілі бастау-бұлағы бар, даму арнасы, қалыптасу жолдары, тамамдалар тұсы айқын, қоғамдық ойдағы және әдебиеттегі құбылыс. Ол заманға көңіл толмаушылықты, өткен дәуреннің артықшылықтарын жырлау арқылы ұлт тағдырымен сабақтастыра отырып бедерлейді. Алдымызда жақсылық жоқ, құт-берекенің бәрі соңымызда қалды дегенді білдіреді. Зар заман жырлары - отаршылдықтың талауына түскен ұлт тағдырының тығырыққа тірелгендігінің белгісі» [4, 4], - деген тұжырымды анықтама береді.
Олай болса, қазақ әдебиет тарихын жаңаша дәуірлік кезеңдерге жүйелеу мәселесі күн тәртібінен түспей тұраған бүгінгі таңда «зар заман» ағымын бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан саралаудың, олардың шығармашылығындағы ел, жер тақырыбын ашып көрсету маңызды мәселелердің бірі. Міне, біз осындай қажеттілікті ескере келіп, «Зар-заман ақындарының шығармашылығындағы ел мен жер тағдыры» деген тақырыпта дипломдық жұмыс жазуды жөн көрдік. Ондағы негізгі мақсатымыз - аталмыш ағымның «әдеби ағым» ретінде қаншалықты деңгейде теориялық тұрғыдан тұжырымдалғандығы, әдебиеттанудың қазіргі талаптарына жауап беретіндігі немесе керісінше болу мүмкіндігін ескеріп, аталмыш ағымның өз кезеңіне лайық өршілдік, елшілдік, өміршеңдік сипатын дәлелдеу болмақ.
Диплом жұмысымыздың құрылымы - кіріспе және екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «Зар заман» ағымының ұлттық әдебиетте орнығуы
1. 1 «Зар заман» ағымының зерттелуі
М. Әуезов - қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеумен қоса жазба әдебиетін тарихын жасау, дәуірлеу және теориялық, әдіснамалық ой-пікірлер айтып, оны өзіндік ой-тұжырымымен дәлелдей білген бірегей ғалымдардың бірі. Ол өзінің туған әдебиетінің тарихы жөніндегі ой-пікірлерін 1920-жылдардан-ақ баспасөз беттерінде жиі-жиі жариялай бастады. Ғалымның кейннен “зар заман” атаған ағымы жөніндегі ғылыми мақаласының негізгі идеясы «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі» деген атпен «Шолпан» журналының 1922 жылғы № 2-3 санында және 1923 жылғы №4-5 санында толық жарияланды. Ғалым бұл мақаласына «Қоңыр» деп қол қойған. Себебі журналдың осы екі санында да жазушының бірнеше әңгіме, мақалалары жарияланған. Мақаланың авторы М. Әуезов екендігі ешқандай күмән келтірген емес, ілгерілі-кейінгі ол туралы жазылған еңбектерде солай аталып жүр.
Мақалаға автор «тарихи-әдеби сын» деген қосалқы анықтама атау берген. Соған сәйкес ол өзінің қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуіріне арналған мақаласын әдебиетінің ертедегі қалпын, сыр-сыпатын саралай келіп, салыстыра сабақтастыра отырып анықтамақ болған. Әрине, бұл мақалада автор қазақ әдебиетінің өткен тарихын түгел қамтып, жан-жақты талдап қарастыруды мақсат тұтпағаны белгілі. Дегенмен бүгінгі әдебиеттің жай-жапсарын, дәуірлік ерекшелігін айқын айырып тану үшін, келешек бағыт бетін дұрыс бағдарлай білу үшін әдебиеттің тарихына осы күнгі көзқарас тұрғысынан шолу жасап өтуі методологиялық жағынан ұтымды шыққаны сөзсіз.
«Рас, өткен күннің әдебиеті біздің сүюімізді тілемейді. Сүюімізбен семірмейді де, түрленбейді. Жек көруімізбен жоғалып та кетпейді. Ескі әдебиеттің түрін білу, бетін ұғу, ағымына түсіну біздің өзіміз үшін керек. Бүгінгі әдебиетке белгілі жол салып, дұрыс бағыт береміз дегенде жалпы қазақ әдебиетінің өткен күнін, бүгінгі қалпын, һәм келешегін де түгел түсіну керек. Сонда ғана әрбір жазушы ақиқатқа жақын сөйлеуі де мүмкін», - деп жазады.
Бұл мақаласында М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарихын шартты түрде үш үлкен дәуірге бөліп қарастырады: ескі ауыз әдебиеті, көшпелі дәуір әдебиеті және жазбаша әдебиет. Бұған дейін қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыдан саралап, салалап дәуірлеу мәселесі қолға алына қоймағаны белгілі. Сондықтан да жас автордың бұл талабын әдебиет тарихын ғылыми тұрғыдан қарастырудың алғашқы үлгісі ретінде бағалаудың артықтығы жоқ болса керек [5, 52] .
Міне, осы жазба әдебиетіміздің туып, қалыптасуына байланысты үлкен өзекті мәселені М. Әуезов сол «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі» атты мақаласында-ақ қарастырып, өзіндік топшылау тұжырымын айтқан екен. Әрине, әдебиетіміздің ғана емес, жалпы қазаң халқының азаматтық тарихына байланысты ғылыми мағлұмат деректер жиналып, жүйеленбеген кезеңде мұндай күрделі, тарихи танымдық маңыз-мәні жоғары мәселені қозғап, ғылыми зерттеудің объектісі етуінің өзі әдебиеттану ғылымының туып қалыптасуына қосылған сүбелі үлес болғандығы сөзсіз. Сондықтан да жас ғалымның бұл еңбегіндегі өзіндік батыл болжам топшылаулары сол кезең үшін ғана емес, бүгінгі күн үшін де өзінің тарихи танымдық маңыз-мәнін жойған жоқ.
«Бұл күнге шейін қазақтың жазба әдебиеті жайынан сөз жазушылардың көбі біздің жазба әдебиетіміздің басы Абайдан басталады деп есептейді. Бұл пікір суретті художественная литература ретінен қарағанда дұрыс болса да әдебиет тарихының ретімен қарасақ, адасқандық болады. Қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған» [1, 227], -деп Әуезов өз пікір байламын ашып айтады.
Ол ауыз әдебиетінен Абай творчествосына бірден аттап өте қоюға болмайтынын ескерте келіп, осы екі аралықтағы әдебиетті - «Көшпелі дәуір әдебиеті» деп атайды. Жас ғалым ауыз әдебиетінің жазба әдебиетті қалыптастырудағы ықпал әсерін айта келіп:
“ . . . Одан беріде жазба әдебиеттің өз міндетін ұға бастап, қазақ тұрмысындағы кем-кетікті қолға ала бастағаны да Абайдан бұрын басталады. Бұл жағынан қарағанда, Абайдың алдындағы адамдар деп Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп, һәм Нарманбеттерді алу керек.
Бұл адамдардын, кейбірінің Абайдан жасы кем болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгіні, сарынды еске алу керек. Осы соңғы екі сыпатынан қарағанда, әлгі төртеуі қазақ әдебиетінің көшпелі дәуірінің ақындары деп саналуға тиіс.
Көшпелі деп ауызшадан жазбаға қарай көшкенін айтамыз. Мана сол замандағы ой ойлаған адамдардың ойында болған өзгерісті, сөздерден туған жаңа күйді айтамыз.
Әдебиеттегі бұл көшпелі дәуір қазақтың жалпы тұрмысындағы, тарихындағы көшпелі дәуірмен жалғасып келеді. Қол ұстасып қатар келді, егіз болып туды деуге болады. Қазақты патша саясаты билеп алған, қол-аяғын байлап, бағындырып алған, жерін алып өзінің төрелерін қазаққа ұлық қыла бастаған отаршылдық әрекетін күшейте бастаған, дінінен айыра бастаған уақытына келеді.
Сыртқы өмірдің осы сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, қайғы басқан, сөзінен, өлеңінен, әнінен бұрынғы билік, еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, заршер, қайғы басқан” [1, 228], - деген батыл тұжырым жасайды.
Абай творчествосымен жете таныс және ол туралы терең толғамды мақала жазған жас зерттеуші Абайдай ұлы ақынның ғайыптан кездейсоқ туа салмағанын өте дұрыс аңғарып білді. Қандай да бір творчестволық тарихи тұлға болмасын, ол - өз заманының, өз қоғамының бел баласы. Уақыт озып, өмір өзгерген сайын қоғамдық қажеттілік те өсіп отырады. Сол қажеттілік қоғамдық ақыл-ойдың, әдебиет пен өнер-ғылымның өсіп дамуына да негіз болады. Демек, Абайдай ел мұңының көзі ашық жоқшысы, халық дертінің емшісі бола алған ақынның туып, әдебиет айдынына келуі де ұзақ ғасырларда біртіндеп жетіле түскен көркемдік даму диалектикасының жемісі, бел-белесі іспеттес.
Әрине, біз бұл арада Абайдың өсіп, өркендеу жолына шығыс пен батыстың даналық ақыл-ойының, классикалық әдебиетінің тигізген игі әсерін ескермей отырған жоқпыз. Қайта Абайдың сол әлемдік әдебиет пен ғылымның биігіне қол созып, солармен танысып, іштей табысуына әлгі айтылған қоғамдық қажеттіліктің, объективті, субъективті жағдайлардың себепші болғандығы деп білеміз.
М. Әуезов осы алғашқы мақалаларында-ақ Абайдан бұрынғы кезеңдегі әдебиетті ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне қарай ойысқан, «көшпелі дәуір әдебиеті» деп жалпылама бір атау беріп, оны жазба әдебиеттің басы ретінде таниды:
«Көшпелі дәуірдегі ақындардың бәрінің жайынан айтатын сөз - бұлар өз заманының бел баласы. Олардың заманы - қараңғыда сипалап сенделудің, қиналудың заманы. Ел дертіне не нәрсенің ем екенін білмей, бірі дінді, бірі ескілікті жақтап, бірі орыс ұлығын жамандап, бірі қазақты жамандап, түпкі дертті таба алмай жалпақ адасқан заман.
Сондықтан ол дәуірде күншығыстың діни дерті - религиозный мистицизм де байқалады, ұлтшылдық та сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді.
Бірақ осылардың ешбірі де жеңген емес: бір жерге тоқтаған тілек жоқ, бір қалыпқа түскен бет жоқ. Әр жерде әркім өз ауруымен қиналуда, ыңыранып, зарлануда болған.
Мінеки, көшпелі дәуірдің айрықша мінезі - осы. Сондықтан ол мезгіл көшпелі дәуір деп аталады деп аталады. Бірақ ол дәуірдің ақындары жазба әдебиеттің басы екендігі даусыз. Себебі бұлардың өлеңінде ел тұрмысының бұрынғы айтылып жүрген жалғыз қызығы мен желігінен басқа тұрмыстағы негізгі дерт, негізгі себептер айтыла бастаған. Ел күндегі өмірі, күндегі сезімі, күндегі ойыменен әдебиет шеңберінің ішіне кіре бастаған» [1, 229], - дейді.
Міне, автор көшпелі дәуір әдебиетіне өзінше сыпаттама бере келіп, оны жазба әдебиеттің басы дегенде, алдымен әдебиеттің қоғам өмірімен ара қатынасын, яғни оның қоғам өмірінің, халық тұрмыс тіршілігінің нақты жағдайларын «тұрмыстағы негізгі дерт, негізгі себептерді» қозғап сөз етуін негізге алып, атап көрсетеді. Осыдан-ақ, ғалым логикасы мен ғылыми ой-тұжырымындағы кезең сипатын танытудағы көзқарасының ортақ нысанға негізделгендігін аңғаруға болады.
“Сондықтан әдебиеттегі көшпелі дәуір де осындай мұңды күйден құралған. Осы ретпен қарағанда Шортанбай жазған «Зар заман» - әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор айнасы. Бұл өлеңнің ішінде қазақ тұрмысына жанасқан кемшіліктің айтылмағаны жоқ деуге болады. Патша ұлығынан бастап, қазақтың өз ішіндегі берекесіздігі, бұрынғы мінезден айырылып бара жатқандығы, дінін жоғалтып, жастарының азып бара жатқандығы, - барлығы да зарлы сарынмен айтылып өтеді . . .
. . . Осындай қайғы, уайымның сарыны Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінде де көп кездеседі. Бірақ мұнда алдыңғылар сияқты шексіз уайым болса, сонымен араласқан жалпы дертке ем іздеудің талабы да бар. Аурудың емі мынау деп, ашып айтьш, бір нәрсені шешіп бермесе де, бірде дінді, бірде оқуды, бірде таза адамшылықты ем қылып ұсына бастаған Алтынсарин” [1, 229] .
Ғалымның бұл ой-тұжырымдары жазба әдебиетіміздің Абайдан ілгеріректе қалыптасқандығын дәлелдеп қана қоймай, өзінің кейінгі зерттеулеріне өзек болған әдеби ағым - “зар заман” идеясының 1920 жылдардың басында-ақ қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Бұл мәселе М. Әуезовтің 1925 жылы жазылып, 1927 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Әдебиет тарихы” еңбегінде әдіснамалық-теориялық тұрғыдан тереңдетіле зерделенді. Шындығында, “Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі” атты мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет жайлы қысқаша шолу жасалып, жазбаша әдебиеттің басталу кезеңін “көшпелі дәуір әдебиеті” деп атағаны белгілі. Онда автор жазба әдебиеттің басы Абайдан басталады деп пікір айтушыларға қарсы жауап айтып, әдебиет тарихы ретімен қарасақ: «Қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған» деп жазады. Осы жазба әдебиеттің басы болып саналатын көшпелі дәуірдің айрықша мінезі деп, «ел күндегі өмірі, күндегі сезімі, күндегі ойы менен әдебиет шеңберінің ішіне кіре бастағанын» және сол тұрмыстағы түпкі дертті, негізгі себепті дәл таба алмай», «жалпақ адасуда» болғандығын айтқан.
Кейінгі еңбегінде жазушы осы ой-пікірін ары қарай жалғастырып, дамыта түсіп, «көшпелі дәуір» деген атауды нақтылай түсіп, «зар заман» деп атайды. Мұнда да жазба әдебиеттің белгісі ретінде «ел тіршілігінің сөз бола бастауын» атап, «жазба әдебиетті туғызатын, ең алдымен, жалғыз ақындар» деп санайды. Яғни, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегінің соңғы 7-бөлімі «Зар заман ақындары» деп аталады. Бұл атауды автор Шортанбай ақынның заманының халін айтқан бір өлеңінің аты екендігін: «Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық» [1, 192] - деп бастайды. Яғни, кітаптың алғашқы бөлімдерінде ауызша әдебиетті қарастырып өтсе, бұл бөлімде соған жалғастырып жазбаша әдебиетті сөз етеді.
"Зар заман ақындарының көпшілігі XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысының артынан шығады. Қалың қазақтың ұйқысын шайқап шыққандай болып, орта жүзді, кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары қайғылы қалмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түскен, бұрын болымсыз үміт болса, белгісіз келешектен күткен азғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз жорығынан сон суалып біткендей болады. Сондықтан XIX ғасырдың орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел танылады".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz