Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері


Кіріспе
Біз зерттеп отырған өңір топонимдері белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан мыңдаған жырлардың, тұтас бір дәуірдің жемісі. Сондықтан да олар қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Олардың құрамында да әр дәуірде, әрбір кезеңдерде осы өңірді мекендеген әр алуан елдің тілі мен сөзінен қойылған географиялық атаулар саны көптеп кездеседі. Бұл мыңдаған атаулардың құрамында лексикалық, фонетика-морфологиялық тұрғыдан архаикалық элементтердің кездесуі халқымыздың тіл тарихын зерттеуге үлкен үлес қосады. Әсіресе палетопонимдердің этимологиялық сырының мән-маңызы ерекше зор. Өйткені палеотопонимдер қазақ халқының ерте замандардағы әдет-ғұрып, салт-санасын білдіріп қана қоймай, оның шығу тегін анықтау, құрамына енген тайпалар мен руларды анықтау барысында аса құнды материалдар болып табылады. Орталық Қазақстан топонимдерінің бір тобы осындай көне заман, ескі тарихымызбен тығыз байланысты болып келсе, екінші бір басым тобы Кеңес өкіметі тұсында пайда болған, социалистік дәуірдегі және одан кейінгі өзгерістердің айқын куәсі болып табылады. Кеңестік дәуірде республикамыздың жер-су аттарын зерттеген мақала, жекелеген кітаптар жазылып, біршама кандидаттық диссертациялар қорғалып, жекелеген жинақтар мен қысқаша сөздіктердің де жарық көрінгені рас. Алайда, бұған қарап, қазақ топонимикасының барлық мәселесі түпкілікті шешіліп болды деп айтуға болмайды. Атап айтқанда, Қазақстан топонимиясының тұтас жүйесі, олардың лексика тұғысынан көп қабаттылығы, осы қабаттардың тілдік ерекшелектері, қай тілге тәндігі, алуан салалы топонимдердің өзіндік жүйесі, жасалуының негізгі заңдылықтары, олардың құрылымдық типтері мен семантикалық өрістері, ойконим, гидроним, оронимдердің құрылыстары мен түрлері әлі толық зерттелмей отыр. Жер жүзіндегі жер-су аттары сияқты біздің республикамыз бен облыстарымыздағы жер-су аттары да ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, дәуірден-дәуірге ұласып, жалғасын тауып келеді. Бұл туралы Ш. Уәлиханов “Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрыпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бар саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер-су атаулары, тағы да басқалары еске сақталып, атадан балаға жалғасып жатады” деп орынды айтқан. Міне, зерттеу жұмысымыздың негізгі обьектісі болып отырған Орталық Қазақстан, нақтылай айтсақ, Бұқар жырау ауданы жер-су аттары осының толық айғағы бола алады. Аталмыш өңір топонимдерін жаппай жинап, ғылыми тұрғыдан зерттеудің актуальділігі мектеп оқушылары мен қалың көпшіліктің туған жер туралы білім дәрежесін арттыруға да қажет. Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімен күшейтпек.
Түрколог ономастардың қомақты еңбектері негізінде “Ономастика Средней Азии”, “Оноиастика Востока”, Ономастика Поволжья”, “Диалекты и топономия Поволжья”, “Диалекты и топономия Сибири”, “Тюркская ономастика”, “Вопросы ономастики Казахстана”, “Ономастика Узбекистана”, “Вопросы ономастики Башкирии” т. б. “Тюрская ономастика”, “Проблемы этимологии тюрских языков” т. б. жинақтар негізінде жарияланғаны белгілі. Кеңестік дәуірде республикамыздың жер-су аттарын зерттеген мақала, жекелеген кітаптар жазылып, біршама кандидаттық диссертациялар қорғалып, жекелеген жинақтар мен қысқаша сөздіктердің де жарық көргені рас. Соңғы жылдары бұл мәселелерді ф. ғ. д. А. Е. Жартыбаев Орталық Қазақстан өңірі бойынша [1], ф. ғ. д. Б. Тілеубердиев Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша зерттеп, ғылыми зерттеу монографияларын жарыққа шығарды.
Қашанда кез-келген өңір оронимдері жалпы халықтық лексиканың айтарлықтай құрамы болып табылмақ. Олардың құрамында қазіргі әдеби тіліміз бен сөйлеу тілімізде кездеспейтін көне лексикалық қабаттар сақталады. Бұл өлкенің топонимдері де қазақ тілі тарихының көмескі жақтары мен халқымыздың этникалық тарихының кейбір мәселелерін шешуге септігін тигізе бермек.
Диплом жұмысымыз кіріспе, үш тарауды қамтитын негізгі бөлім және тараулардың тармақшаларынан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 Орталық Қазақстан топонимиясының тақырыптық топтары
Тілдің белгілі бір қоғамның тарихи, саяси, мәдени және т. б. әлеуметтік жайларына тікелей байланыста қалыптасып, дамып отыратыны даусыз шындық. Тілді осы бағытта ең алғаш теориялық тұрғыдан зерттеу ісі неміс ғалымы В. Ф. Гумбольд еңбегінен бастау алған. Одан кейінгі зерттеушілер қоғам (этнос) мен тілдің байланысын жан-жақты аша түсті. Алайда этнос пен этнос тілін бірлікте қарауда «этнолингвистика» терминін алғаш қолданған америка ғалымы Б. Л. Уорф болды. Жалпы тіл білімі саласында тілді гомогендік тұрғыдан қарастыратын интралингвистика бағытына қарсы социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика және т. б. бағыттар бойынша жазылған В. Вундт, А. А. Потебня, Ф. Соссюр, Э. Сепир, Н. И. Толстойлар еңбектері бұл саланы дамыта түсті. Ал кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста этносты «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология (адам туралы ғылым) терминін қолдану үрдісі де байқалып отыр. Әрі этнолингвистиканы тек «көне дүниені» зерттеуші ғылым деп танып, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеушілер де бар. Оны жақтаушылар орыс ғалымдары В. В. Иванов, Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, А. Ф. Журавлев және т. б. Жалпы бұл саланы зерттеуші ғалымдар әр түрлі бағыт ұстанғанымен этнолингвистиканы «этнос пен этнос тілі» негізіндегі ілім ретінде пайымдайтынын байқаймыз.
Ал қазақ этнолингвистикасының ғылыми негізін жасауда А. Қайдаров, М. М. Копыленко, Е. Н. Жанпейісов, Ж. А. Манкеева, Н. Уәлиев және де қазақ ономастикасын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуде Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов, Е. Керімбаев, Қ. Қ. Рысбергенова, Б. Тлеубердиев, Ұ. Ержанова, А. Ә. Әлімхан және т. б. еңбектері түркі, қазақ тіл білімі этнолингвистикасы саласына арналған еңбектер болып табылады. Аты аталған ғалымдар еңбектерінде белгілі бір халық (этнос) лексикасының сол этностың дүниетанымы, мәдениеті, болмысы, тарихы, менталитеті және де т. б. ұлттық қасиеттерімен ұдайы бірлікте болатыны туралы айтылады. Белгілі бір тіл лексикасы ішіндегі жалқы есімдердің (ономастика) жалпы есімдерге қарағанда тұрақты, ғасырдан ғасырға өзгеріссіз жететінін ескерсек, топонимдер бойындағы экстралингвистикалық факторларды зерделей, зерттей беру қажеттігі туындайды. Топонимдердегі этнолингвистикалық факторлар, әсіресе аймақтық атауларды ареалды тұрғыда зерттеу барысында айқын танылып, ашыла түседі. Себебі белгілі бір географиялық ортада, территорияда этнос ретінде қалыптасып, тарихи, тілдік бірлікте ірі мемлекеттік деңгейге көтерілген халықтар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері (диалект) секілді олардың аймақтық деңгейдегі таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, шаруашылық-кәсіп түрлері, жер бедері, өсімдіктер дүниесі, ауа-райы және т. б. әр текті болып келеді. Сөз жоқ, бұл әр тектілік сол аймақтың диалектілерінде ғана емес, аз да болса ономастикасында да таңбаланып отырады. Бұл жай орыс ғалымдары еңбектерінде жан-жақты зерттелініп келеді.
Этнолингвистика бір топтағы тілдер мен жекеленген тілдердің тарихи дамуын сол тілдерде сөйлейтін халықтың этникалық даму тарихымен бірлікте қарастырып, тіл мен мәдениетте қатар таңбаланатын ұғым, түсініктердің этникалық ойлау ерекшеліктеріне қатысын және оның тілдік қабаттағы іздерін ұлттық негізде зерттеуді мақсат етеді. Тіл мен мәдениеттің байланысы туралы В. Фон Гумбольдттің «тілге материалдық және рухани мәдениет әсер етеді; кез келген мәдениетте ұлттық нышан орын алады, бұл тіл жүйесінен айқын аңғарылыды; тіл - адам мен қоршаған әлемді жалғастырушы дәнекер: тілде сол «халықтың рухы» мен мәдениеттің белгісі - ішкі формасы жатады» деген ғылыми пікірі бүгінгі лингвистикадағы тоғысқан салалардың қарқынды даму жолындағы жетекші идеялардың бірі болып отыр [2, 32] .
В. Фон Гумбольдтың ізбасарлары Г. Штейнталь мен М. Лацарус этностар психологиясының тілге әсерін қарастырса, В. Вундт тілдің әлеуметтік сипатын зерттеді. Белгілі ғалым А. Потебня тіл халықтың мәдениетінің негізгі қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады. Лингвист Ф. де Соссюрдың теориясы бойынша ұлттық сананың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің, наным-сенімнің, жалпы халықтық менталитеттің тілге тигізетін әсері этнолингвистика пәні тұрғысынан қарастырған. Тіл мен мәдениет ара қатынасы американдық ғалымдар Э. Сепир мен Б. Уорфтың лингвистикалық салыстырмалы болжам гипотезасында баяндалған. Осы гипотезаның негізгі қағидалары Л. Вейсгербер еңбегінде жалғасын табады [3, 9] . В. Фон Гумболъдт ізбасарларының тіл мен мәдениетке қатысты көзқарастары орыс ғалымдары еңбектерінде өз жалғасын табады: Е. Верещагиннің пайымдауында, «сөз қоршаған әлем туралы мәліметтің барлығын дерлік өз бойына жинап сақтайды, ол - сол тілде сөйлеушілердің ұжымдық жадысы, «мәдениет мұрасы», ұлттың өткені мен бүгінінің айнасы, халықтың өмір-салты мен ойлау дәрежесін түсінудің, жалпы таным мен білім атаулының кілті. Сөз қарым-қатынас құралы болумен қатар, жаратылыс туралы барлық мәліметті сіңіріп, сақтай алатын қабілетке ие» [4, 10] .
ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі қазақ тіл білімінде ұлттық мәдени бірліктердің тілдік құралдар арқылы таңбалануы этнолингвистика саласында қарастырылып, зерттелініп келді. Қазақ ономастикасының соңғы жылдарындағы монографиялық еңбектерде жалқы есімдерді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастырудың тиімділігі ашық айтыла бастады.
Қазақ этнолингвистикасының ғылыми негізін қалыптастырушы академик Ә. Қайдар 1998 жылы этнолингвистиканың жаңа бағыттарының дамып, қалыптасып келе жатқанын айтады: «Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр» [5, 9] . Лингвомәдениеттану ғылымының этнолингвистикасымен іргелес дамып келе жатқандығы қазақ тіл білімінде ХХ ғ. соңында айтыла бастады. «Тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар: этнолингвистика; елтану; лингвомәдениеттану [6, 142] . Аударматану ғылымының лингвомәдени аспектілерін зерттеуші А. Алдашева әлемдік озық лингвистика жетістіктерінің қазақ тіл ғылымына ену, қалыптасу жолдарын төмендегіше түсіндіреді: «Жиырмасыншы ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық лингвистика тілтанымның теориялық бағыттарын имманентті, структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға - яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани- практикалық қызметімен байланыстыра қарауға қарай бет бұрып отыр. Когнитивті, антропологиялық лингвистика деп аталатын мүлде жаңа салалардың қатарында соңғы жылдары «лингвокультурология» деп аталатын бағыт та аталып келеді. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ тіл ғылымы төселе қоймаған соны салалар» [7, 121] .
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану мәселелері түрлі салаларда зерттелініп жүр. Тіл мен этностың мәдени бірліктегі көрінісі Ә. Қайдар, Ж. Манкеева; ақын-жыраулар поэзиясындағы этномәдени дереккөздер (Р. Сыздықова) ; этномәдени атаулардың этимологиялық негіздері (Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов) ; фразеологизмдердің этномәдени танымдық нышандары (Г. Смағұлова, С. Сәтенова, Р. Авакова) ; аударматанудағы лингвомәдени мәселелер (А. Алдашева) ; тіл мен этнос мәдениетінің сал-ғастырмалы теориясы (қазақ тілін орыс және басқа тілдермен салыстыру бойынша (М. Копыленко, З. Ахметжанова, С. Исабеков) және т. б.
Тіл мен сол тіл аясындағы топонимдерді ұлт мәдениеті көрінісі ретінде қарастыру сол тілде сөйлеуші халықтың топонимдер номинациясындағы бай мәдени үлгілері мен іс-тәжірибелерін, қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктерін танып білуге жол ашады. Яғни лингвомәдениеттану мәдениет пен тіл бірліктерінің арасындағы интеграциялық синтезді сұрыптап, кешенді түрде қарастырып отырады.
1. 1 Материалдық мәдениетке байланысты топонимдер
Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасау ғана емес, мәдени білім аккумуляциясының да басты құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау, қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық (семиотикалық) жүйе құрайды, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіз, себебі мәдениет ең алдымен - жады, оның басты қасиеті - жинақтау, сақтау және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени диалог жасамай тұра алмайды. Сондықтан «тіл - ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет» - бүгінгі лингвомәдениет-танудың орталық үштігі, ғылымның осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын діңгек [3, 8-9] . Лингвомәдениеттану ғылмының негізгі зерттеу объектісі - белгілі бір ұлттың немесе қоғамның мәдени этнобелгілері. Кез келген мәдени энобелгілер белгілі бір дәрежеде материалдық және рухани мәдениет жиынтығынан құралады. Ұлттық мәдениеттің аталған екі саласы қоғамдық формацияда қатар дамып, бірін-бірі толықтырып отырады. Қазіргі таңда материалдық және рухани мәдениеттің салаларын лексика-семантикалық топтарға бөле қарастыру дәстүрін ұстанатын еңбектер де ұшырасады. Мәселен, Ұ. Ержанова Батыс Қазақстан топонимдерін осы тұрғыдан екі топқа бөліп, олардың таралу, қолданылу аясын төмендегіше көрсетеді:
1) Материалдық мәдениетке байланысты этнографиялық топонимдер;
2) Рухани мәдениетке байланысты этнографиялық топонимдер.
1. Материалдық мәдениетке байланысты этнобелгілері бар топонимдер одан әрі мынадай лексика-семантикалық топтарға бөлінеді:
- төрт түлік мал атауларымен байланысты этнобелгілер: Ақсерке, Мәші, Маштексай, Сиырқұдық, Бұзауқұдық, Қойбас, Жылқыайдар, Нарөлген, Қойқұдық, Байтал, Тайша т. б.
- жайылым атауларымен байланысты этнобелгілер: Таласкөл, Шөптікөл, Шалғын, Шалғынды, Жайлау т. б.
- малдың қор-жайына байланысты этнобелгілер: Ашықбаз, Алтықашар, Малқора, Ескіқора, Қамысқора, Атқора, Алтықора т. б.
- малды суаруға, егіншілікпен байланысты этнобелгілер: Бисенбөгет, Қойбөгет, Тайпақ кубигі, Алғабас кубигі, Егінсай, Егіндішеген т. б.
- отырықшылыққа байланысты этнобелгілер: Жаңақала, Қоныс, Жаңақоныс, Тасқала, Жаңаөңір, Қамысқала, Бөлекқала.
2. Рухани мәдениетке байланысты этнобелгілері бар топонимдерді ислам және суфизм қайраткерлерінің есіміне, ру, тайпа, тайпалық одақ атауларына, әулиелердің атына байланысты және табиғат пен жер-су иелеріне сыйыну нәтижесінде қалыптасқан жер-су атауларына бөлуге болады [8, 46] . Дегенмен қазақ антропонимдері мен топонимдерінің ұлттық мәдениетке қатысын зерттеген еңбектердің 1960 жылдардан бастау алатынын да жоққа шығармаймыз. Мәселен, А. Абдрахмановтың 1962 жылы жарық көрген «Вопросы топонимики Казахстана» атты мақаласында ұлттық мәдениет негізінде қалыптасқан атаулар лексика- семантикалық топта қарастырылып, олардың материалдық және рухани мәдениетке қатысы ашылады [9, 46-53] . Бұл жай қазақ антропонимдерін зерттеуші, негізін салушы Т. Жанұзақов еңбегінде де жан-жақты сөз болған [10] . Және де ХХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген қазақ ономастикасына қатысты зерттеу еңбектерінің бәрінде де ұлттық мәдениет көріністері белгілі бір дәрежеде сөз болып отырған. Алайда жоғарыда сөз болған, соңғы жылдарда жарық көрген еңбектер қазақ топонимдерін материалдық, рухани мәдениет көздеріне қатысты қарастырудың тиімділігін көрсетеді. Орталық Қазақстан топонимдері материалдары тарихи, археологиялық деректердің, байырғы мәдениет көздерінің қай тілдік ұжымға қатыстылығын нақтылап, оның белгілі бір кезеңдегі ұлттық, ұжымдық қызметін аша түседі. Себебі этнос өзі жасаған мәдени дүниені өзінің тілдік әрекеті арқылы да дүниеге танытады. Материалдық мәдениет үрдісі қоғамдық сананы жаңа сапаға көтеретін рухани мәдениетке ұласады. Материалдық және рухани мәдениеттің жалпы ұқсастығы мен тұрақтылығы кәсіп саласындағы екі бағыт - егіншілік пен малшылықтың орайлас келуінен туындаған. Бұл ретте архимәдениетке (бірыңғай егіншілік, жартылай егіншілік пен жартылай мал шаруашылық), сөз «әлеміне» ден қою арқылы көшпенділер этномәдениетінің төл ерекшелігін танып-түсінуге болады [11, 8] .
Осы арада назар аударатын жай - «өмір сүруді қамтамасыз ететін мәдениетке» жататын дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүру үшін қажет мұқтаждарын ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге олардан жоғары тұратын социогендік, символикалық және эстетикалық қажеттерін де өтейді . . . Материалдық байлықты өндіру алғашқы өндірістің мәдениеті болып саналады. Әрі қарай өмір сүру құралдарының тетігін жетілдіріп және оның көмегі арқылы қалыпты өмір сүріп, қызмет ететін жағдай жасалуы рухани мәдениетке қатысты» [12, 31], - деген Ж. А. Манкеева пікірінің рухани мәдениетке жаңаша көзқараспен қарау үрдісінің бастамасы болғандығын атап өту орынды болмақ. Себебі рухани мәдениет материалдық мәдениет жетістіктеріне негізделіп, ұлттық санадағы рухани таным-түсінік пен мәдениеттің дамуына жол ашады. Керісінше материалдық мәдениет рухани мәдениеттің негізінде ұлттық сипатқа ие болып, ареалды тұрғыда жетіле түседі. Бұл жай Орталық Қазақстан топонимдері жүйесінен айқын көрініс береді. Мәселен, төрт түлікке қатысты қалыптасқан мифонимдер Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара т. б. мәдениет көрсеткіші болып табылады.
Айтылған жайларды басшылыққа ала отырып, Орталық Қазақстан топонимдерін лингвомәденитанымдық тұрғысынан материалдық және рухани мәдениет топтарына бөле қарастыру - аймақтық топонимиканың ұлттық нышандарын дұрыс айқындауға жол ашады деп ойлаймыз. Алайда бүгінгі таңда этномәдени лексиканы жоғарыдағыдай екі топқа бөле қарастырудың шарттылығын да жоққа шығармаймыз. Себебі қазақ топонимикасындағы көптеген еңбектерде рухани мәдениет тобындағы атауларға тек ұлттық наным-сенім мен діни ағымдарға қатысты атаулар ғана жатқызылып жүр. Ол топтағы еңбектерде қоршаған орта мен табиғат құбылыстары атауларының тілдегі танымдық бейнесі толық ашыла бермейтіні де шындық. В. Ф. Гумбольдтың, А. А. Потебняның түсіндіруінде тіл дүниені тікелей, тура бейнелемейді. «Тілде адамның дүниені қалай түсінетіні көрініс береді. Демек, сөз заттың тура таңбасы емес, адам санасында тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі». Қазақ топонимдері тобындағы өсімдік, аң-құс атауларына қатысты топонимдерде де ұлттық таным сабақтастығы, тілдік шығармашылық процесс нәтижелері айқын байқалып тұрады. Сондықтан да бұл топтағы топонимдерді әрі материалдық, әрі рухани мәдениет тұрғысынан қарастыруға болады. Дегенмен өсімдік пен аң-құс, топонимдік детерминативтер қатысы арқылы жасалған топонимдерде рухани мәдениет белгілері айқынырақ байқалады. Мәселен, Үкілі-Қағылы, Бөріойнақ, Қаратау, Қайнарбұлақ, Бесқарағай және т. б. топонимдердегі танымдық, киелілік, жинақтық т. б. белгілерінің көріністері осыған дәлел. Ойымызды түйіндей келе, Орталық Қазақстан топонимдерін этномәденилік тұрғыдан тарихи және рухани мәдениетке қатысты топонимдер деп екіге бөлеміз. Әрі олар іштей сараланып, зерттеу мақсаттары мен талаптарға сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді:
- Материалдық мәдениетке байланысты аймақтық топонимдер.
- Рухани мәдениетке байланысты аймақтық топонимдер
- Материалдық мәдениетке байланысты топонимдер іштей төмендегі топтарға бөлінеді:
-Мекен, тұрақты білдіретін топонимдердің этнолингвистикалық сипаты.
-Мал шаруашылығына қатысты аймақтық топонимдер.
-Егін, бау-бақша шаруашылығына қатысты аймақтық топонимдер.
Рухани мәдениетке байланысты аймақтық топонимдер:
-Төрт түлік түрлеріне қатысты мифонимдер.
-Көшпелі тұрмыс-салт дәстүріне қатысты топонимдер.
-Қоршаған ортаны қабылдау барысындағы танымдық топонимдер.
- топонимдік детерминативтердің этнолингвистикалық сипаты.
- өсімдік атауларына қатысты топонимдер.
- аң, құс атауларына қатысты топонимдер.
1. 2 Мекен, тұрақты білдіретін топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz