М.Әуезовтiң «Абай жолы» poмaнындaғы әдет-ғұрып, тұрмыс¬-салтқа байланысты лексика


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 4
- АБАЙ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Абай тілінің қазақ әдеби тілінің дамуындағы әсері . . . 11
1. 2 Абай лексикасындағы тақырыптық топтар
(дін, экономика, салт т. б. ) . . . 21
2. М. Әуезов «Абай жолы» романындағы әдет-ғұрыпқа қатысты
келген лексика тобы . . . 35
2. 1 Роман тіліндегі тұрмыс-салтқа байланысты сөздер мен
сөз тіркестері . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі.
Жекелеген ақын немесе халыққа танымал жазушы болсын сол қаламгер тілі арқылы сол заманғы халық тіліне түрлі лингвистикалық талдаулар жасауға болады. Сондықтан М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай сынды ұлы ақын қолданған немесе шығарма тіліндегі кездесеін әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа байланысты сөздерге талдау жасау - Абай өмір сүрген жылдардағы бүкіл қазақ халқының лексикалық байлығына лингвистикалық талдау жасау деген сөз. Тақырып осы мәселесімен өзекті болмақ.
Зерттеу нысаны. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында қолданылған әдет-ғұрып, салт-дәстүр лексикасы.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілі. Лексика және стилистика салалары. Қажетті жағдайда кейбір лексикалық құралымдарын анықтау барысында грамматикалық талдаулар да сөз етілді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. «Абай жолы» романы арқылы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халық тіліндегі салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар лексикасына лингвистикалық талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін әдет-ғұрып, салт дәстүрлерге байланысты тілдік деректерді жинақтау. Жиналған дереккөздерге лексикалық тұрғыда талдау жасау. Ол үшін алдымен мына секілді міндеттерді де шешу қажет. «Абай жолы» роман-эпопея - қазақ халқының әдеби тілінің жаңа белесі екендігін анықтау. Роман-эпопея лексикасы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы халқымыздың салт-дәстүр және әдет-ғұрып секілді белсенді қолданыстағы лексикалық қордың жинақталған көзі екендігін көрсете білу. Осы міндеттерді шешу нәтижесінде қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ХХ ғасырлар аралықтарындағы бүкіл өмір тіршілігін, рухани әрі мәдени өмірінен нақты мысалдар көмегімен мағлұматтар беру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлы ақын Абай және ақынның өмір жолына арналған «Абай жолы» шығарма тілінің өзіндік ерекшелігін ашу барысында қазіргі таңда қолданылып жүрген жалпы лексикалық құрам мен қорда салыстыру әдісі арқылы ерекшелігін анықтауға тырыстық. Осы салыстыру және тарихи салыстырма әдісі нәтижесі негізінде дипломдық жұысымыздың мақсатына жетуге болады деген тұжырымға келдік. Нәтижесінде дипломдық жұмыс салыстыру және тарихи салыстыру әдісімен орындалды. Жұмыс барысында қазіргі қазақ тілінің лексикалық, семасиологиялық теориялық негіздерін басшылыққа алдық.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. М. Әуезовтің «Абай жолы» романы нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының тіліндегі лексика саласында кездесетін теориялық мәселелер көтерілді. Әсіресе сөз семантикасы, сөздің тура, ауыспалы мағыналарына қатысты теориялық қағидалар сөз етілді. Сонымен бірге ауыс мағына нәтижесінен дүниеге келген теңеу, метонимия, метафора, эпитет т. б. толып жатқан терминдердің қолданысына лингвистикалық талдамалар жасалынды. Жұмыс нәтижесі филология факультеттері бар оқу орындарында, жоғары оқу орындары мен колледждерде, мектепте немесе жалпы оқырмандар практика жүзінде қолдануларына болады. «Абай жолы» романын лингвистикалық жүргізілген талдауларымызда ақын шығармаларына арналған көмекші құралдарда, оқу-әдістемелік нұсқауларда қолдануларына болады.
Жұмысқа жалпы сипаттама, ойға шолу, нұсқау.
Тiлдегi бүкіл өзгерiстер, белгiлi бiр тiлдiк құбылыстың жоғaлып, екiншi бiреyiнiң туыс, жандана бастауы ешбiр себепсiз болмайды. Тiлде тарихи, тiлдiк құбылыстарды тудырған, не оның, қалыптасу кезеңiнде басқа тiлдiк құбылыстармен қандай қарама-қатынаста болды дегендердi де aнықтау қажет.
Тiл ғылыми тілдік зерттеудің теориясы мен практикасына негiзсiздiктен, үздiксiз өзгерiсте болады. Өзгерудің өзi - даму, демек тiлдер де дамып отырады. Тiлдердің дамуы жөнінде профессор Н. А. Баскаков ecкipгeн сөздер мен оның мағыналарының сөздiк құрамынан бiрден-бiр мезгiлде шығып қалмайтынын айта келiп, ондай сөздердің бүтiндей бiр лексиканың актив тобынан пассив тобына, өнiмдi тобынан өнiмсiз тобына, одан сирек қолданылатын тобына өтетінін, соңында барып тілімізден мүлдем шығып қалатынын атап көрсетеді [1, 29-б. ] .
Мәселен, қазақ. әдебиетiнің өсуі, ұлттық әдеби тілі жалпы ұлттық тiлдің саяси, әдеби шығармалар арқылы қалыптасқан, сұрыпталған, дамыған түрі. Әдеби тiлiмiз бiрыңғай емлеліқ лексикалық, морфологиялық, синтаксистiк және стильдiк жақтан өрісі кеңейiп, өңделе түсуде. Халықтың қоғамдық өмiрiндегi сан алуан өзгерiстер тiлдің лексикасына да әcepiн тигiзбей қойған жоқ.
“Қaзақ халқының көне заманнан берi қарай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздiк құрамы бар. Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмiрiнің, шаруашылығымен кәсiбiнің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының пәк айнасы, кyәci деп бiлемiз. Сөз байлығы ұрпақтан ұрпаққа өтiп, бiрден-бiрге жоғалмай сақталып келедi. Сөз - өте күрделi құбылыс” [2, 15-б. ] .
Тiлдің қаншалықты дамып жетiлетiндiгi сөздiк құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен де, көп мағыналығымен де өлшенедi. Сөздiк неғұрлым бай болса, тiлi де соншалықты дамыған болады. Бүгiнгi қазақ тiлi сөз байлығы жағынан бiрқалыпты дамыған озат жас тiлдердiң қатарына жатады.
Тiл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетедi. Әрбiр тiлдің құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси, әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күнкөріс тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкiл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тiлдегi сөз байлығында бiздің барлық бiлген бiлiмiмiз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған.
Сөз - тiлдің ең маңызды, ең басты категориясы. “Тiл құpылымының ең бiр өрісі кең, бай саласы оның лексикасы, яғни сөздiк құpылысы. Тiлдегi сөз әрқилы, әр жүйелi. Сөз атаулының барлығы бiрдей тiлмен бiрге туып, бiрге өмip сүрiп отырмайды. Бiр қатар сөздер тiлге жаңадан туып қосылса, екiншi бiр сөздер ескiрiп, қолданудан шығып жатады. Лексикамызда өте көне дәуірлерден бастап-aқ тiлмен бiрге жасасып келген байырғы сөздер де, жүре келе пайда болған туынды сөздер де, басқа халықтармен араласып-құpаласу нәтижесінде ауысқан сөздер де кездесе бередi. Бұлардың көпшiлiгi үйреншiктi күнбе-күн қолданылып жүрген сөздер болғандықтан еш уақытта қайсысы, қайдан шыққан деп ойламаймыз да. Кейде ойлансақ та, оп-оңай бiле бермеймiз. Өйткенi, ол сөздердің сырын бiлу, тарихын ашу, көп зерттеуді керек етеді», - дейді ғалым [3, 93-б. ] .
Қазақ лексикалогиясы - қазақ тiл бiлiмiнің кейiнгi 30-35 жылдарында қолға алынған ең жас саласы. Солай бола тұрса да, бұл да бiрсыпыра жұмыстар жасалды. Лексикалогия саласында зерттеулер 60-70 жылдары дамыды. Бұл саладағы ең бiр маңызды еңбек I. Кеңесбаев пен F. Мұсабаевтың “Қазiргi қазақ тiлi” атты кiтабы болып табылады. Және оның толықтырылып орысшаға аударылып шыққан “Лексика современного языка” варианты құнды. Осы еңбектің негiзiнде F. Мұсабаев 1960 жылы докторлық диссертаңия қорғады. К. Ахановтың “Қазақ тiлi лексикасының мәселелерi” (1955 ж. ) деген еңбегi жарық көрдi. Автордың ocындaғы айтылған пiкiрлерi кейiнгi шыққан “Тiл бiлiмге кiрicпе” деген оқулығына да ендi.
Лексикалогия саласында көрнектi монографиялық еңбектер жазған Ә. Болғанбаев. Оның “Қазақ тiлiндегi зат есiмдiк синонимдер” (1957), “Қазақ тiлiндегi синонимдер” (1970), “Қазақ тілі лексикалогиясы” (1979) атты еңбектерi жарық көрді. Лексикалогия саласына арналған бұлардан да басқа бiрнеше еңбектер бар. Олар Р. Барлыбаевтың “Сөздер мағынасының ұлғаюы мен таралуына” арналған кандидаттық диссертациясы (1968), Т. Қордабаевтың “Сөз және оның мағынасы”, “Тiлдің структуралық элементтерi”, С. Садықовтың “Сөздердің көп арналған мaғынaсынa” еңбегі, Х. Мусиннің “Қазақ тiлiнің антонимiне” (1970) арналған кандидаттық диссертаңиялары жатады. М. Белбаеваның “Қазiргi қазақ тiлi лексикалогиясы” (1970), К. Ахановтың “Қaзақ тiлiндегi омонимдер”, Ш. Мұхамеджановтың “Қазақ тіліндегі сөз мағыналарының метафоралық өмiрлерi” (1968) атты кандидаттық диссертаңиялары бар.
Лексикамыздың құрамын анықтай түсу, онда қандай кіpмe сөздердің бар екендiгi олардың мәндерi деген сұраққа жауап бола аларлық та еңбектер жарық көрдi. Оған Н. Оңдасыновтың, Л. Рүстемовтың, Е. Бекмұхановтың қазақ тiлiнің лексикасының құрамындағы араб, парсы сөздерiн айқындайтын еңбектерiн атауға болады.
Тiлiмiздің құрамындағы диалектік кәсiби лексикаларды aнықтаудa да, ондағы жаңа, көне сөздердi айқындауға да бiршама жұмыстар iстелдi. Бұған Т. Айдаровтың «Өзбекстандағы қазақтар тiлi лексикасындағы ерекшеліктер», Ж. Досқараев пен Р. Мұсабаевтың «Қазақ тiлiнің жергiлiктi ерекшеліктерi» (І, ІІ кiтап, 1950) деген еңбектерiн атауға болады. Ш. Бәйтiкованың «Қазақ тiлiндегi неологизмдерге» арналған диссертаңиясы 20-30 жылдардағы тілімізге енген жаңа сөздерді талдауға құрылған. А. Махмұтованың «Қазақ тiлiндегi архаизм мен историзм» (1961) деген кандидаттық диссертаңиясы көнерген сөздерді, олардың стильдiк қолданысын талдауға арналған. Кейiнгi жылдары аз да болса лексикамызда стилистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектер де баршылық. Оған жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тiлiнің стилистикасы» (Манасбаев, Жампейiсов) атты оқулықты атауға болады. Сонымен бiрге стилистикаға байланысты М. Жақыпбеков пен А. Сәрсенбаевтің “Қазақ тiлiндегi мақал-мәтелдердің, фразеологизмдердің көркем әдебиеттің қолданысы» жөніндегi еңбектері дәлелдi болады.
Тiл деректерiн зерттеу және оларды бiлу тарихқа қатысты дәстүрлi проблемаларды танып бiлуге көмeктeceдi. Ол проблемалардың белгiлi бiр халықтың тeгi, оның пайда болуы, халықтың дамуының әр дәуірдегi белгiлi бiр халықтың басқа халықтарымен байланысы туралы мәселелер қарастырылады.
Өмiрдегi болған құбылыстар мен заттардың бәрi де белгiлi бiр сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Cондықтaн сөз тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Әрбiр тiлдің сөздiк құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күн көрic-тiршiлігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тiлдегi болып жатқан өзгерiстер, белгiлi бiр тiлдiк құбылыстардың жоғaлып, екiншi бiреудің туып жандана бастауы ешбiр себепсiз болмайды.
Талай тарихи кезеңдерi басынан кешiрген Қазақ халқының тiл мәдениетiнде, оның сөз байлығында терең сырлары бар, қызықты-қызықты құбылыстар бар. Халықтың нәpi тарихымен құрдас тілінен сол халықтың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылық жағдайы, өзге елдермен қарым-қатынасы, саяси, мәдени дәрежесi аңғарылатыны жұртқа мәлiм. Өмip шындығы тiлдің лексика саласынан айқын сезiледi. Халықтың белгiлi бiр дәyiрдегi саяси, шаруашылық, мәдени тiршiлiгi де, адамның iшкi рухани дүниесi де, салты да, тiлдің дыбыс жүйесiнен де, сөз тұлғасынан, сөйлем құрылысынан кері сөз мағынасынан айқынырақ бiлiнiп тұр. Белгiлi бiр саяси дәуір болсын, ойын-сауық болсын, қуану мен ренжу т. б. болсын - мұның қайқайсысы да сөз арқылы, сөздiк ұғым арқылы бiлiнедi.
Қазақ халқының әpiдeн келе жатқан өзiнше ойын сауығы, дәстүрi, ғұрпы, салты бар. Бұлар бiр күннің, не бiр жылдың ғана нәтижесi емес, бiрнеше ғасырдың жиынтығынан келiп туған. Oсыған байланысты тiлiмiзде әдеби норма болып қалыптасып, бұрын сөздiк қорда бар, тiлдiк қатынас құрамының қызетiн aтқаpyдa жалпы халықтық сипатта болып, бiрақ, қазіргі кезде сөздік құрамынан шығып қалған, этимологиялық тарихи шығармаларда ғана бар, өмip cүpeтін сөздер мен тipкecтepiн құбылыстардың ескiрiп тобына айналып, не мүлдем қолданудан шығып қалады.
Көнерген сөздер көркем шығармаларда қолданылғанда өткен өмip шындығын реалистiк тұрғыдан суреттеу және одан белгiлi бiр мағлұмат беруi мақсатында қолданылады. Тiлiмiздiң сөздiк құрамынан кейбiр сөздердiң көнерiп шығып қалуы, ал кейбiр жаңа ұғымдарды бiлдiретiн жаңа сөздердiң туып отыруы халқымыздың өмір-тіршілігімен, өндірісімен, шаруашылығымен тiкелей байланысты. Сондықтан тіліміздегі сан алуан сөздерді (көнерiп шығып жатқан немесе жаңадан туып жатқан) халқымыздың басынан кешiрген өмірі мен мәдениетiнiң, шаруашылығының айғағы деуге болады. Мысалы, мына төмендeгi . мысалдар өмip тiршiлiгiнен хабар бередi.
Сен бұзау терісі шөмшiксiң.
Мен өгiз терісі «талыспын»
(Бұхар жырау)
Бұхарда қолданылған «шөмшiк» және «талыс» деген сөздер - қазіргi тiлiмiзде қолданылудан қалған ұмытылған сөздер. «Талыс» eтiкшiнiң eтік тігетін саймандарын салатын тepi ыдыс. Шөмшек - ерте кезде ата-бабаларымыздың қымыз, айран құйып сақтайтын мал терісінeн iстелген ыдысы. Eкeyi де - мал терісінeн істелeтін ыдыс-жабдықтар. Бұлар қазіргі лексикалық нормамыздың тұрғысынан қарағанда, Қазақтың әдеби тiлiнде архаизмге жататын көнерген немесе бұл күнде пассивтенген сөздер.
Қазiр тiлiмiзде көнерген сөздер ecкi заман жайын, көне әдет-ғұpып, ecкi қоғамның өмірінeн хабар беру үшін қолданылады.
Қазақ тiлiнің лексикалық құрамын сипаттайтын бiр белгi сол кезеңдегi халықтың жайынан хабар берiп, қазiрде архаизм, историзм категорияларына жататын бiрсыпыра саяси-әлеуметтiк терминдер мен жеке сөздердің өздерінің тура нормативтік мағынасында актив қолданылатындығы. Ертеде қазақ қоғамының әлеуметтiк топтарын атайтын хан, ханзада, қараша, ақсүйек құл, күң, кедей, сорлы., батыр, бек сөздерi сол кездегi көркем әдебиет тiлiнен берiк орын алған. Сонымен қатар бұлар лексикалық норманны танытады. Мұндары «хан» сөзi сол кездегi билiк иесi елге үстемдiк жүргiзүшi адамды бiлдiрсе, соған қарама-қарсы әлеуметгiк топ - бұқара, көпшiлік ecкi бай ауылдың әлді, мықты, жуандардың, атқамiнерлердің төңiрегiндегi кедей-кепшiктер қара, қараша, халық деген атаулармен берiлген. Қара сөзi тeгiндe ақсүйек сөзiне антоним ретiнде жиiрек қолданылған. Мысалы:
Ақсүйектi қор тұтқан,
Қараны онан зор тұтқан
(Бұхар) .
Ал, қалған жағдайда көбiнесе бұл кезде актив термин болған. Бұл хан сөзiнің антонимін толық аңғартады. Мысалы:
Ханның жақсы болғаны -
Қарашаның елдiгi.
Уақытыңыз толғанда
Қараша қашар қасыңнан
(Бұхар) .
Eндігі бiр сол кезеңдегi қазақ халқы тұрмысына көп жаңалықтар әкелген құбылыс - бұл сауда. Сондықтан ол жаңалықтардың бiраз атаулары да сөздiк құрамын толықтырғаны аян. «Қазақ даласына сауда-саттық пен егiншiлiк кәсiбi жандана түскенмен, сол тұстағы әдеби тiлде осы салаға қатысты жеке сөздер мен сөз тipкecтepi сирек ұшырайды. Мысалы, саудагер, базар т. б. Бұл тұста акшаға, әралуан өлшемдерге, сауда-саттық бұйымдарына байланысты сөздер халықтың сөйлеу тiлiнде орын алған» .
Өткен ғасырдағы қазақ қоғамының экономикалық өмiрiндегi жаңалықтың халықты қанаудың одан әpi күшейiп, жаңа түрлерiнің шығуы болды. Мысалы, сауып, жүн беру, ат майын беру - малы жоқ кедейлерге уақытша пайдалануға мал беру арқылы оларды байлардың қанауы, ортақ ортақтасу - күш-көлiк пен құрал-сайман - байдiкi, жұмыс-еңбек - кедейдiкi, лау, лаушы, лауға аталу, ат жолдау - келген адамды бiр ауылдан екінші ауылға жеткiзiп тастайтын күш - көлік оны айдаушы.
Сондай-ақ ресми алымсалық системасы пайда болды: . . . түтін салығы- әрбiр үйден алынатын салық; зекет - ислам дiнi бойынша жыл аяғында, жазғытұрым қожа, молда, жуандардың халықтың мал мөлшеріне салатын салығы, үлесі және қара шығын, бедерлi қағаз салықтары.
Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайдың ілгерлеп дамуына байланысты халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, әдет-ғұpып, салт-санасы, дүниеге көзқарасы т. б. өзгерiп отырады. Бiр заманда туып, бертiн келе көп уақыт бойына қалыптасқан, белгiлi жүйеге түскен, дағдыға айналған тұрмыс-тiршiлік, әдет-ғұpып, салт-санасы алғашқы мазмұнын бiртiндеп жоғалта бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тiлек-жағдайына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Кейбiреулерi ұзақ уақыт өміp сүреді, ал кейбiреулерi сөздiк құрамынан мүлдем шығып қалады. Мысалы, қарындас сөзi күнi бүгiнге дейiн eкi мағынада қолданылады. Осы күнгi әдеби және актив мағынасы «ер адамның жасы кiшi әйел жынысты туысқаны және жалпы әр дамға байланысты aйтылғандағы жасы кiшi әйелдің aтayы. Ал epтepeктeгi қазақ әдеби тілінде бұл туысқан ағайын мағынасында қолданылған көpiнeдi. Асан қайғының: Ол күнде қарындастан қайырым кетер, - дегенiнде де, Шалкиiздің:
Жайыңды бiлген қaрындас.
Ол қарындас өзi жолдас -
дегенiнде де бұл сөз әйел жынысты адам туралы емес, жалпы туысқан, жақын туралы. Бұл сөздің осы мағынасы қазақ мақалдарында да сақталған
«Ауру тастан, дау қарындастан».
«Жау қaрындaс болса да,
Мал қарындас емес».
«Қарындас» сөзiнің бұл мағынасы қазақ әдеби тілінде ұзақ уақыт бойы сақталып келгенi Махамбет тiлiнен де көрiнедi. Мысалы:
«Қаумалаған қарындас,
Қaзақта бар да менде жоқ».
Сонымен бiрге, М. Әуезовтiң «Абай жолы» романынан да кездестіреміз.
Шырағым, Абай қарындасқа қайырымы бар бала деп естушi ек. Сондықтан кеп отырмын. Болмаса ана Тәкежандай десем, келмес ек.
Қазіргі кезеңде «қарындас» сөзінің әдеби тіліміздегі мағынасы тарылған еркек кіндікке айтылмайды. Яғни, әр адамның өзiнен кiшi бiрге туған әйел туысы дегендi бiлдiредi.
Сөйтiп, сөздiк қор мен сөздiк құрам - белгiлi бiр ұлттық жалпыға бiрдей тұтас тiлiнің лексикасының тарихи eкi жағы, тарихи eкi қабаты. Тiлдің сөз байлығы жағынан да, сана жағынан да барлық заманда бiрдей болмайды.
Қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылатын сөздердің саны сөздiк қордан әлдекайда мол, сапасы, яғни мағыналық шеңберi, түpi әлдекайда кең, бай. Тiлдің сөздiк құрамы ылғи өзгерiп, байып отырады. Олай болса, лексиканың белгiлi де дәуіріндегі сандық сапалық қалпы сөздiк құрам болады.
Қазiр қазақ тiлiнің сөздiк құрамы революциядан бұрынғы сөздiк құрамынан әлдекайда нәрлi. Ол байлық тек қазiр қолданылатын сөздердің шеңберiнің кеңдiгiнде, мағыналық түрінің әр алуан екендігінде.
Революциядан бұрынғы, әcipece Абай, Ыбырай дәуіріндегі қазақ тiлiнің сөздiк құрамындары сөздер мағына жағынан тек мал шаруашылығына, әдет-ғұpып, тұрмыс-салтқа, аздап жер кәсiбiне, одан кейiн жаратылыс құбылыстарына, кейде сауда-сатыққа байланысты теңеулi болғандығы айқын.
Бiздің диплом жұмысымыздың мақсаты М. Әуезовтің «Абай жолы романындағы әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа байланысты лексиканың жалпы сапасын анықтап, олардың қолданылу шеңберiн, мағыналық түpiн және уақыт талабына сай көнеру, жаңару ерекшеліктерiн анықтау.
Қазiргi тiлiмiздегi қолданылу ерекшеліктерiн, оған қоса әдеби тiлiмiздi дамытудағы эпопеяның атқаратын рөлінің зор екендігін айту.
- АБАЙ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Абай тілінің қазақ әдеби тілінің дамуындағы әсері
Өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақтың өлең сөзінің көп жайты Абайдың талабы мен талғамының деңгейіне келмей қалғанымен жеке ақын-жыраулардың тілін місе тұта алмаған жайы болғанымен, өзі көп тетігін қайта бұрап, көп кетігін жаңадан қалағанымен, Абай қазақ поэзиясының жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына мойьн сұнбай кетпеді. Өйткені бұл - көркем сөз дамуынын объективті заңдарының бірі: «Ақын өзінен бұрынғы қаламдастарын жоққа шығаруы, олардың мұрасын көзге ілмеуі мүмкін, бірақ жалпы тілдің және поэзия тілінің заңдылықтарын ешқашан аттап өте алмайды» [4, 41-б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz