Төлеген Айбергенов туындыларындағы лиризм


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
:
Кіріспе . . .: 1 Төлеген Айбергенов және қазақ лирикасы
6:
:
Кіріспе . . .: 1. 1 Ақынның шығармашылық өмірбаяны . . .
6: 9
:
Кіріспе . . .: 1. 2 Т. Айбергенов лирикасының ерекшеліктері . . .
6: 14
:
Кіріспе . . .: 2 Ақын поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері
6:
:
Кіріспе . . .: 2. 1 Сыршылдықтан шыншылдыққа . . .
6: 27
:
Кіріспе . . .: 2. 2 Ақын поэзиясының образдық-бейнелілік сипаты . . .
6: 36
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 59
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 62
:
Кіріспе . . .:
6:


Кіріспе

Лирика - адам рухы, адам сымбаты. Демек ол тұтас алғанда бір ұлттық рух, халықтық сипат. Біз лирикадан адам жанының тынымсыз қозғалысын, физикалық және психологиялық әрекеттерін көреміз, тірлік, тыныстарын түгел танимыз. Адам бүкіл әлемдік құбылыстардың саналы көзі, лирика - сол адамның сезіну, түйсіну, тану, талғау, таңырқау, тамашалау, сөйтіп барып шешім қабылдау өлшеуіші.

Лирика адамның бойын да, ойын да қабаттай бағушы, жөргектен қабірге дейінгі адам осы бағушыдан бір мезетте тыс қала алмайды, жан иесінің алғашқы шырылы, алғашқы күлкісі, алғашқы махаббаты, алғашқы қайғысынан бастап, барлық өмірі: ерлігі, ездігі, ақтығы, қаралығы, шындығы, жалғандығы, қуаныш, мақтанышы, күдік, түп-түгел лирикада, жан рухының өлеңші тарихшысы бәрін қалдырмай сипаттап, қалдырмай баяндайды. Демек, лирика - адамның, адамзаттың рухани тарихы.

Әлеуметтік өмірдің прогресін, оның өсу кезеңдерін, даму процестерін қоғамдық, экономикалық ғалым қалай танытса, әлеуметтік өмірдің рухани өмірін әдебиет пен көркемөнер сондай танытады. Мінеки, сол әдебиетіміздің ішінде лириканың нәзік сезімпаздығы, жедел аңғарғыштығы, терең түйсіктенгіштігі ерекше орын - қымбат орын алады. Лирика бұл жағынан жеке адамның ғана емес, тұтас бір халықтың жаңғыра жасаруын, интеллектуалдық жағынан ірілену, бүтіндік табуын, гуманизмнің биіктеріне өрлегенін көрсететін документ.

Лирика барлық әдебиет жанрларымен, барлық көркемөнердің лүпілдеген жүрегі, тынымсыз жүгірген ыстық қаны болумен бірге, өзі де барлық өнердің ысуы мен жарығынан, дыбысы мен бояуынан жаралған шексіз қуат. Өйткені, ол өз өнерінің әбден жетілуі, құдіретті қуатқа айналуы үшін художниктің бояуын, музыкашысының үндестік күйін де өз қоруындай еркін жұмсай алады. Оған прозаның баяндағыштығы, дәлдігі мен дәлелдігі, драманың диалогы мен монологы да туыс. Сондықтан ол бірде алтын ішек лирамен, домбырамен қосылып әндетіп кетсе, бірде жел сілкінтердей трагедиялық монологтарды жырлап кетсе, енді бірде алыс пен жақынға, өткен мен болашаққа шешендік сөздерін де арнай алады. Лириканы нәзік дейтініміз осы әмбебаптығында, барлық үн, сырларды, барлық бай құбылыстарды қабылдағыштығында, әйтпесе ол жаратылыс сұрапылдары мен әлеуметтік сұрапылдардың қандай зор шындықтары болса да түгел жеткізе алады. Қысқарта айтқанда лирика - бүкіл әлемдік шындықтың обьективтік сәулесі. Лирика мен лирикашыл ақындарды аса құрмет тұтатынымыз да сондықтан. Осы жалпы сипаттама мен анықтамалардан шыға отырып қарасақ, қазақ лирика поэзиясының да заңды дамып, толығып келе жатқанын көреміз.

Фольклорлық поэзиядан бастап бүгінгі поэзиямыздың арасындағы өсу кезеңдері бірде-бір үзілген жоқ. Кілең жалғаса өркендеп отырды. Поэзиямыздың ұлттық қасиетін халықтық рухын әлемдік поэзияның биік мәдениетімен біте қайнастыра дамытқан. Абай салған жаңа дәстүр күні бүгін біздің ең соңғы буын балауса жастарымызға өтті, бұл үлкен қуаныш. Осы кезге дейін, жасыратыны жоқ, кейбіреулер Абай эстафетасы Ілияс Жансүгіровке ауысты десе, кейбіреулер - жоқ, Сәкенге тікелей өткен, - деген қайшы пікірлер де айтып келді. Бұл дұрыс болмайтын. Мұндай пікірлер зерттеуден, талдаудан туған ғылыми болжал емес, әдебиет тарихында жалаң социологизм тұрғысынан қараушылардың, біреуді ала, біреуді құла деп бөлушілердің, әйтпесе әдебиет тарихын жікшілдікке бағындырғысы келгендердің таластары болатын. Ал шындығында Абай дәстүрін дамытуға қатысы бар ақындардың эстефетасын заманмен бірге ілгері бастыруға бәрі ортақ. Сонау Сұлтанмахмұт Торайғыровтың созған қолы Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбиттерге жалғасып олардың қолынан Қалижан, Әбу, Асқар, Тайыр, Өтебай, Ғали, Қасым, Дихан, Жұмағали тағы басқалар өтті. Бұл буынға қосылған Сырбай, Хамиттер, Жұбан, Мұзафар, Тәкен, Қуандықтар өздеріне жедел ілестіре әдебиет майданына - Ғафу, Ізтай, Тоқаш, Еркеш, Сағи, Тұманбай, Аманжол, Әділбек, Шәміл, Жұмекен, Зейнолла, Өтежан тағы басқаларды ерте келді [1, 356-358] .

Осы қазақ лирикасы сөз болғанда, біз Төлеген Айбергеновті айналып өте алмаймыз. Ұлттық сипаттағы сыршыл өлеңдер қатарын толықтырған ақын шығармашылығын дипломдық жұмысымызға арқау ерте отырып, аяулы қаламгердің қысқа ғұмырындағы мол рухани мұрасын зерттеп-зерделеуді негізгі мақсат еттік.

Қазақ поэзиясы аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып өткен Төлеген Айбергенов шығармашылығы ұлттық әдебиетіміздегі біртұтас дәуірдің жыр-шежіресіндей оқылады. Поэзия патшалығының алтын қақпасына қайталанбас қолтаңбасын қашап қалдырған оның асқақ ақындық рухы, азаматтық пафосы бірнеше буын ұрпақтың рухани қалыптасуына қалтқысыз қызмет етті.

Төлеген Айбергенов жырларын жастанып, жаттап өскен оқырманның алды бүгінде егде тартты. Уақытпен бірге ұрпақтың ауысуы - заңдылық. Ал, ХХІ ғасырдағы жас буын үшін ХХ ғасырда ең көп оқылған, ең көп арнау-өлеңдер жазылған Айбергенов әлемі, сөз жоқ, ашылмаған тылсымдарға толы.

Т. Айбергенов өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылы жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан “Жас дәурен” атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарына деген рухани сезім байлығын, ақ ниетін жарқырата ашқан жыр кітаптары “Арман сапары” (1963), “Өмірге саяхат” (1965), “Құмдағы мұнаралар” (1968), “Мен саған ғашық едім” (1970), “Аманат” (1970), “Бір тойым бар” (1981), балаларға арналған “Бақшаға саяхат” сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Ақынның “Ақ серке”, “Ақ жайық”, “Жаңғырған Маңғыстау”, “Қазақстан”, “Сені ойладым”, “Мені ойла”, “Ақ қайыңдар”, “Бір тойым бар” т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. 1997 жылы Т. Айбергеновтің “Таңдамалы өлеңдер” жинағы мен ол туралы жазылған “Біргемін мен сендермен” атты естелік кітабы жарық көрді.

Ақынның өзі “Көкірегі поэзиясыз адам аз. Өмірдің бүкіл құбылысы мен қимылына зер салып махаббатпен қарай алғандықтан да, ол - нағыз ақын. Нағыз өлең - адам денесі сияқты құрамды құбылыс. Оған ой да, сезім де, шеберлік те, бәрі де керек” деген болатын [2, 14] . Демек, Т. Айбергеновтің ақындық әлемі - жұрт қызығып, назар аударатын әлем, оның артында қалдырған мұрасы - жан-жақты зерттеуді қажет ететін рухани байлық. “ . . . Біз поэзиямыздың тағы бір алтын сандығының алтын тұтқасын аштық. Аштық та Төлегеннің мұраларын көріп, інжу-маржандай олжаға кенелдік” - деген пікір айтқан екен [3, 13] кезінде ақын Әбділда Тәжібаев.

Т. Айбергеновтің інжу-маржандай мұрасы турасында әр жылдары әр алуан пікірлер айтылды.

1 Төлеген Айбергенов және қазақ лирикасы

1. 1 Ақынның шығармашылық өмірбаяны

Ақиық ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат ауданы, Хорезм совхозының Чкалов бөлімшесінде дүниеге келген [4, 82] . Төлеген әкесі Айберген Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тумасы. 1927-1928 жылдардағы зұлмат кезінде қаншама қазақ отбасы Жем-Сағыз бойынан Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне дереу көшуге мәжбүр болғанда Айберген ақсақал да Қарақалпақстан жеріне табан тірейді. Көз көрген азаматтардың естеліктеріне қарағанда, Айберген ақсақал ауыл- аймағына сыйлы, есепке жүйрік, ақылды, парасатты, зерек адам болған деседі. Әсіресе, ол кісінің ерекше бір қасиеті - ауа-райын алдын ала болжап, егінді жинайтын уақытты дөп басып айтады екен. Анасы - Жібек болса, қазақ халық ауыз әдебиетін терең білген, көрікті, жарқын жүзді, асқан мейрімді жан болыпты. Жібек ананың жақын-жұрағат, туыс-жекжат қайтыс болғанда, жоқтау жырларды табан астында ұйқастыра төгетін суырып салмалығы бар екен. Айберген ақсақал шаңырағынан тараған төрт перзенттің жалғыз ұл, әрі кенжесі - Төлеген. Үміт, Мақпалша, Балқия атты үш апасы болған. Ақын “Апаларыма” атты өлеңінде:

Мен ұлы ем. Сендер ең үш тамаша елік,

Төртеуміз бір әкенің баласы едік.

Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын

Өстік біз бір омыраудан таласа еміп.

Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,

Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып.

Таралып шартарапқа жолдар шықты,

Сендердің бұрымдарың сияқтанып… - деп толқиды.

Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде әкесі Айберген ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болады да, ақын Жібек ананың тәрбиесінде өседі. Мектеп бітіргеннен кейін арман қуып Ташкент шаһарына келіп, 1954 жылы Низами атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филилогия факультетіне оқуға түседі. Өлеңдегі алғашқы қадам алысы да осы студенттік кезінде көрінеді. Алдымен өзінің жеке қойын дәптерінен, альбомдарға жыр-шумақтарын жазып жүрген жас ақын сол уақыттың өзінде ірі әдебиетші ақындардың көзіне ілігеді.

Жетпісінші жылдардың бас шенінде әдебиет ауылына ат ізін салған немесе студенттік дәурені сол шаққа тұспа-тұс келген буын үшін қазақ жырында дәл сол кезеңде Төлеген Айбергенов сияқты аяулы есім болмаған да шығар. Мына жарық жалғанмен орда бұзар отызында қапияда қоштасқан ақын жырларын жатқа оқу, оның өлеңдерінің өзіндік өрнегі, көзінің нұрын қандырып, қиялынды қалықтатар сырлы суреттері, көкейіңнен кетпейтін қарапайым да қастерлі ойлары, құлағына құйыла қалатан образды орамдары жайында жапатармағай айтып жату сол тұста жастардың сөзінің салтына, тіпті мәдениеттіліктің, зиялылықтың бір белгісіне айналып кеткендей еді. Жетпісінші жылдарда талай адамның тұңғыш оқыған жыр жинағы Төлеген Айбергеновтің “Мен саған ғашық едімі” болған сияқты көрінеді. Қолға қаламды сол тұста алған ақындардың арасында алғашқы жырларын Төлегенге еліктеп жазғаны, Төлегенше образды ойлауға, Төлеген ұйқастыруға ұмтылғандары аз емес. Төлеген Айбергеновке арналған өлеңдерді топтастырар кісі болса да бір кітап құралып қалар еді. Оқырманның дәл мұндайлық құрметіне бөлену, өлең өнерінің бағыт бағдарына нақты ықпал жасау, тіпті тұтастай алғанда әдебиетке әсер ету жиырмасыншы ғасырдағы қазақ жырында санаулы ғана дарынның үлесіне тиген сирек сыбаға болды.

Төлеген Айбергеновтің өлең бір деммен оқытып шығармай қоймайтын аса қуатты дарынының арғы жағында сонау жыраулар поэзиясынан тамыр тартып жатқан серпінді стихия, сөздің суретіне ғана емес, сазына да қатар көңіл бөлетін далалық дана дәстүр тұрған-ды. Талай ғасырлар бойы оқуға ғана емес, тыңдауға да есептелген ұлттық поэзияның үндестік үйлесімі жағынан жинаған мол олжасының ең жақсы жақтарын, оның өзін де орнымен, жаңа заманға жарастырып ала білген, әр шумағын сөз саздылығының сынағына салып алып, әр ойын образға орап барып ұсынатын Төлеген Айбергенов жырлары былайша қарағанда “Осы да таңсық болып па?” дегізуге тиіс теп-тегіс тұстардың өзінен тәнті еткізіп, таңдай қаққызатындай сырлы сұлулықты суырып алып шығады. Осы орайда Төлеген жырларына ән аз жазылатынының сыры да назар аудартады. Өйткені, оның өлеңдерінің өзі әуезден жаралғандай. Әрине, Айбергенов талантының басты құдіреті ақынның адамға, жақсылыққа ғашық жүрегінде, баршаны бірдей құшағына алуға дайын тұрған дархан жанында, тиген жерін күйдіріп кетердей “ мөлдір дерті” - Сағынышында. Адамдарды осыншама сағына білген аяулы ақынды халқы да сағына береді, ардақтай береді.

Алғашқы өлеңдері “Бір шоферге”, “Бір қызға” деген атпен Сарыағаш аудандық “Қызыл Ту” газетінде жарияланады. Сол алғаш тасқа басылған өлеңдерінің өзінде :

Қарай берші жайтаңым,

Көңілімді қайтармай.

Көп қой менің айтпағым,

Жүрген саған айта алмай.

Көз тілімен көріктім,

Көңіліне салдым ба ой ?

Лағындай еліктің,

Елең ете қалдың ғой, -

деп риясыз көңілден ақтарылады. Мұнан кейін 1958 жылдың 14-қарашасындағы “ Қазақ әдебиетіне” суретімен топтама өлеңдеріне ақын Диқан Әбілов былай деп бата беріпті:

“Ташкенттің Низами атындағы Мемлекеттік педагогтік институтының бесінші курс студенті Айбергенов Төлеген жуырда Алматыға келіп, Қазақстан Жазушылар одағына өзінің қолжазба өлеңдерін ұсынды.

Төлеген соңғы екі-үш жылда ғана өлең жазуға әуестене бастаса да, оның табиғат, махаббат лирикалары, Қазақстан туралы циклі, кейбір арнау өлеңдері ақындарымыздың жылы назарын аудартты. Оның “Сүю”, “Күз”, “Алматыға”, “Қыс”, “Жазғы кеште”, “Орман” атты шағын лирикаларында жас талаптың өзіне тән бояуы мен нақышы бар, жаңа өрнек, жаңа леп барлығы қатты қуантты бізді. Төлегеннің ізденіп, өзінше жазуға, жаңа ой айтып, өлеңге түйін жасай білуге талпынған талаптары бірсыпыра өлеңдерінде сәттілігімен сүйкімді.

Төлегеннің өлеңдерін поэзия секциясы талқылып, авторға ақыл-кеңес берді. Өлең циклдарын әдебиет газетіміз бен журналымызға ұсынды.

Қадамың құтты болсын Төлеген!

Көп оқып, көп ізден, көп үйрен.

Шабыт жалының лаулап тұрған шағында

Бар дауысыңмен әсем шырқа, Төлеген!”.

1959 жылы осы институттың тарих-филология факультетін ойдағыдай бітіріп шығады. Содан кейін өзінің туған ауданында мұғалім болып қызмет істейді. 1962 жылдан 1965 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облысының Сарыағаш ауданында кешкі жұмысшы-жастар мектебінде директор болады.

1965 жылы Алматыға көшіп келіп, Қазақстан Жазушылар Одағының әдебиетті насихаттау бөлімінде ұйымдастырушы болып жұмысқа тұрады. 1967 жылы 29 тамыз күні сол әдебиетті насихаттау жұмысымен өзінің туған жеріне келген сапарында ұзақ науқастан дүние салады.

1974 жылы Т. Айбергеновке Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Ал, 1987 жылдан бастап жарияланған ең таңдамалы шығармаларға Т. Айбергенов атындағы сыйлық тағайындалды. Мұның өзі ақын дарынына кеш те болса бас иіп, құрмет көрсетудің жөн-жоралғысы еді.

“Ол өз буыны өкілдерінің көбінен кейін келсе де, жедел ілгері шығып, көш басына оза бастап еді. Бұл, ең алдымен, Төлегеннің жер астынан бәрібір жарып шықпай тұрмайтын гейзер суындай қуатты да мол талантының арқасы [1, 13 ] . Өзі көзі тірісінде лайықты бағасын ала алмай кеткен талант, өзі өткеннен кейін елінің ерекше құрметіне бөленді. Сонау бір жылдары әдебиетіміздің аға буын өкілдері ұлы Ғабит Мүсірепов:

“…Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі -үш дарыннан ерте айрылдық. Олар - Абдолла, Баубек, Төлеген” [5, 143] деп жазса, абыз ақын Әбділдә Тәжібаев:

“…Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік” [5, 143] деп тебіренді.

Төлеген ақын қалам ұстап жыр жазуға ерекше дайындықпен келген. Абай мен Наваи, Қарақалпақ әдебиетінің классиктері Бердақ пен Әжнияз жырларын, шығыстың кесек шайырларын, батыстың ірі тұлғалы ақындарын, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жыраулық поэзиясынан терең сусындап барып қанат қаққан. Ақынмен бірге болған сәттерін тебірене жазған қаламгер Балта Исаұлы былай еске алады:

“…Төлеген де сол қазақтың бірі ғой, домбыраны көргенде арқасы қозып, алқалы топқа түскендей жыр күмбезіне көз тігер еді. Арғы Мұрын жырау, бергі Сыр бойының сүлейлері, Жайық жайсаңдары мен Атырау өнер алыптарының сыр сандығын аша түседі. Майлы мен Құлыншақ қожалар, Шораяқтың Омары, Балқы Базар, Әбубәкір Кердері, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп, Тұрмағанбет, Шернияз бен Махамбет, Мұхиттың аруақтарына сыйынып, бүгінгі Әбділдә жырларын ауысатын. Сонда тыңдаушысына жаңағы жыр маржандарынан шашу шашып, құлақ құрышын қандырады…” [5, 144] .

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев өз естелік мақаласында ақын шығармашылығының тереңнен тамыр тартып жатқандығын, сөйтіп өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра алғандығын ерекше тебіреніспен жеткізеді:

“…Төлеген Айбергеновтің барынша дара, барынша сара талантынан да қазақ өлеңіннің арғы-бергідегі бірталай кесек мінездерін көреміз. Оның ырғағының өзінде сонау көз ұшындағы көнемен алыстан сіңісіп жатқан ежелгілік бар; сонау тереңнен шыққан тебіреністің теңіз толқынындай әлденеше тербетіліп, әлденеше бүктетіліп барып айтылытын буын-буын, жота-жота ырғақтары, Қашағанның қайсар жырын (“Мен - анау ақ айдында аршындап жүзген ақ пароход, Сен - судағы жаман бүлк-бүлк еткен бударка, жайпармын да кетермін”) еске салады. Ол жалғыз қазақ поэзиясының ғана емес жастайынан мол сусындаған шығыс поэзиясының мелодиксын да шебер құбылта білген. Бірақ бұның бәрі көнені жамап көктеу емес, өз үлгі, өз таңбасын табу харекеті. Төлеген Айбергенов творчествосы қазақ өлеңінің техникасына, мелодикасына өзіндік жаңалықтар енгізді. Ал Төлеген Айбергеновтегі теңізді теңселтіп, шалқарды шайқалтардай қуатты екпін қазақ поэзиясына ежелден тән қасиетті, бірақ, соңғы жылдары қазақ топырағында әралуан жақсы ақындар қанша көбейгенмен, осы бір қазақша айтқанда, аруақты серпін, арқалы өлең Қасымнан кейін көрінбей кетіп еді…” [5, 146] .

Төлеген Айбергенов жырларына ерекше сүйсініп, лайықты бағасын береген ақын Қуандық Шаңғытбаев:“… Меніңше, Төлегеннің нағыз ақындық дарынын танытқан кезі “Маңғыстау саздары” деп аталатын жырларын тұсы тәрізді . “Сырласу”, “Шевченко-мұнай ордасы”, “Мұнаралар”, “Төстегі жаңғырықтар”, “Күйлер”, “Ей, менің ақын бауырым” деген романтикалық пафосқа толы өлеңдердің әрқайсысы қазіргі қазақ поэзиясының ең таңдаулы нұсқалары десек, асырып айтқан болмас еді”, - деп жазыпты. Сол Маңғыстау сапарынан туған “Мұнаралар” өлеңіндегі :

… Кезім менің!

Жатырсың жырақты ашып,

Қызыл гүлді қыр ап қашып.

Жиырмасыншы ғасыр жүр

Маңғыстауда

Мұнаралар басына шырақ тасып, -

деген жолдарын оқығанда ақынның жыр күмбезінен тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнін көріп тұрғандай әсерде қаласың.

Танымал ақын Шөмішбай Сариев: “Шын мәнісінде Төлеген Айбергенов біздің замандастарымыздың, құрбы - құрдастарымыздың жастық шағының, студенттік шағының ақыны. Жыл сайын келетін көктемдей жастық шақ та мәңгі. Айбергенов поэзиясы - мәңгі өлмейтін жастық шақтың поэзиясы. Көктемде оралатын аққу құстардың ақ қауырсанындай ғажайып поэзия. Асқар шыңға ұя салған, талмай көкке самғаған қыран қанатты поэзия”, - деп толғанады.

“Есімнен шықты, алғашқы жырды қай күні менің жазғаным. Бірақ, оған шексіз қуанғаным есімде. Сонан соң 10 жылдан астам өлең жаздым да, 4000 жолдайын өртедім. Өйткені, нашар болатын. Талай жолдастарым бұныма ренжіген болды. Өзгелер өртемей тұрғанда, өзіңнің дүниеңді өзің өртегенге не жетсін?! Бірақ, ол мол еңбектің далаға кетпей, шеберлік шыңдауға құмар үлесіне шек жоқ екеніне көз жеткіздім” - дегенінен [1, 147] ақынның өзіне өлең жазуда үлкен талап қойғандығын байқаймыз.

Ақын Төлеген Айбергенов кейіпкерін ғарышкер ғып ұшырып жібергенде, адам Жер планетасының қадірін біле түссін деген ойда болды. Ол ой із-түссіз кетпейді. Көк төсінде жүріп:

Мен адал перзенті едім көк тілектің,

Көп тілек құлпырсын деп көп гүл ектім

Елеуреп сан ояндым шырт ұйқымнан,

Қара Жер күңіренгенде оқтын-оқтын, -

деп әлі де талай келеңсіз істерді көзі көріп, сапардағы ғарышкер өте қапаланып, қатты қынжылады.

Поэма кейіпкері - күрескер, қайраткер. Ол - Жер планетасында әділдік үшін күресуші. “ Көк төсінде” тарауындағы монологында: “Адам” деген аттың өзіне кір келтіретін, кісілік нормаға кереғар келетін Жердегі әртүрлі жиіркенішті, сұмдық істер ашына жырланады. Алабама, Хиросима, Вьетнам, Алжир, Семей, Чернобыль, қазіргі Қапияр (бүгінгі айтулы - Капустин Яр), Азғыр … тәріздес тек географиялық атауды айтқанның өзіне кісінің көз алдына жексұрын оқиғалар елестемей ме ?

Ол - Жер планетасының қайраткері. Тіпті, басқа планеталарға жіберген біздің төтенше және толық өкілетті елшіміз. Мысалға “Көтерілу” тарауын алайықшы:

“Мен де бір Прометей от ұрлаған,

Зулаймын жұлдыздарға жыпырлаған,

Келемін киелі Жер шұғыласын ап,

Дүние, томағаңды сыпырмаған.

Мен сенің нұрларыңмен таласамын,

Мың жұлдыз артқа тастап әрі асамын.

Кемемде келе жатыр кемеңгер Жер,

Жетектеп қызыл тулы болашағын.

Құямын қуатыммен сарқырап бар,

Кеудемнен күмбірлеген толқын ап қал.

Мен - мәңгі сөнбес Күнмін.

Ең болмаса

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген сөз жоқ талант
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Ақын Мұхтар Шаханов
ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Төлеген Айбергенов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz