Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
6: 6
:
Кіріспе . . .:

1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы

1. 1 С. Сейфуллиннің өмір жолы . . .

6: 11
:
Кіріспе . . .: 1. 2 С. Сейфуллиннің шығармашылық жолы . . .
6: 18
:
Кіріспе . . .:

2 Қазақ әдебиетіндегі Сәкен образының жасалу жолдары

2. 1 Қазақ поэзиясы және Сәкен бейнесі . . .

6: 38
:
Кіріспе . . .: 2. 2 Қазақ прозасы мен драматургиясындағы Сәкен бейнесі . . .
6: 47
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 64
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 67

Кіріспе

Адамзат қауымы өзінің даму жолында бірнеше ғасырларды артқа салып, ХХІ ғасырға келіп жетті. Әр заманның өз ұрпағы болады. Тарихты жасайтын - ұрпақтар, сол ұрпақтың өкілдері. Біз қазір кеңестік кезеңді қанша жамандағанымызбен сол кездегі замана талабына сай өмір сүріп, халқына қызмет еткен ардақты аталарымыз бен ағаларымызды тарих беттерінен сызып тастай алмаймыз. Өйткені олар - біздің кешегіміз. Кешегісіз бүгін жоқ. Жақсы болса да, жаман болса да біз кешегінің жалғасымыз. Әр адам өз заманының перзенті, дәуірінің қандай болмағы билеушісіне байланысты, біреулер сол заманына қарай бейімделеді, бейімделгендерді заман күштеп бағындырады. Оны кеңестік кезеңдегі ұлтымыздың ұлы тұлғаларының тағдырынан айқын көруге болады. Советтік құрылыстың социалистік идеяларын қабылдамаған, заманға бейімделмеген алашорданың ірі өкілдері: Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиевтер өмір бойы қуғынға ұшырап, жазықсыз жазаланды.

Ал, С. Сейфуллин бастаған бір шоғыр ұлт зиялылары бірден заманның бет алысын байқады да, оның ағымына қарсы келмей, соған бейімделіп, қоғамға деген өздерінің көзқарастарын танытты.

Заман өзгерді, ұрпақ ауысты, саясат өзгерді. Қылышынан қан тамған қызыл империя құлады. Алаш жұртының көгілдір аспанында бүгін тәуелсіздік туы желбірейді. Сәкеннің асыл арманы жүзеге асқандай. Осыған орай көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев мырзаның « . . . Арманда кеткен азаматтың бастаған ісін, ойлаған мақсатын халқы жалғассыз қалдырған жоқ. Редакторлық еткен «Еңбекшіл қазағы» «Егемен Қазақстан» болып, ақын тойын алты алашқа үндеп жатыр. Өзі басқарған ағарту керуені әлемдік даңғылға бет түзеуде. Қаламымен, қаруымен, қайратымен, қызметімен іргесін өзі қаласқан мемлекеті егемендікке жетті», - деген сөзі еріксіз ойға оралады. Осы орайда, біздің де қарастырып отырған дипломдық жұмысымыздың тақырыбы - «С. Сейфуллиннің қазақ әдебиетіндегі бейнесі».

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Ал академик Р. Нұрғали «Қазақ драматургиясы», «Қазақтың революциялық поэзиясы» т. б. монографиялық зерттеулерінде С. Сейфуллин шығармашылығына қатысты құнды ой-пікірлер білдірген. «Ғашығым менің бостандық», «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған», «Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш», «Дауылпаз жыр», «Революциялық драманың эстетикалық байлығы: С. Сейфуллиннің «Бақыт жолы» мақалаларында да Сәкен шығармалары әр қырынан сөз болады.

Р. Нұрғали өз еңбегінде «ХХ ғасырдағы қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі, Қазақстан қоғамдық тарихында көрнекті орын алатын қайраткер Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында найзағайдай жарқырап өтті. Жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің көкейкесті, өзекті тақырыптарын аша көрсетті, эстетикалық игіліктер жасаған және ұлттық әдебиетке жаңа мазмұн, жаңа түр, жаңа идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың қымбат рухани қазыналарының қатарына жатады» [1, 42] - деп Сәкенге жоғары баға берген.

Сәкен шығармашылығын зерттеуде әдебиеттанушы, ғалым М. Қаратаевтың орыны да ерекше. Ол өзінің әдебиеттану мен фольклорының өзекті мәселелері турасындағы зерттеулерінде Сәкеннің қазақ кеңес әдебиетінің негізін салудағы зор еңбегіне орынды баға берген. Сәкеннің азаматтық, қайраткерлік, ақындық тұлғасы «Азамат тұлғасы», «Ақын туралы айтарым», «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті» мақалаларында жан-жақты сөз болса, Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романының жанры мен «Қазақ әдебиеті» оқулығы жайында «Жанрына қарай талабы» (Ш. Елеукеновпен бірге), «Қазақ ауыз әдебиетінің тарихы» әдеби-сын мақалаларында дәлелді пікірлер айтылып, дәйекті тұжырымдар жасалған. М. Қаратаевтың Сәкен шығармаларының зерттелу жайын сөз еткен «Әдебиет және сын мәселелері», «Сейфуллин туралы жаңа еңбек» (Ш. Елеукеновпен бірге) мақалалары да Сәкентанудың өткені мен бүгінін, алда тұрған өзекті мәселелерін қозғауымен құнды. М. Қаратаев ҚазПИ-де оқыған жылдары Сәкеннің тәлім-тәрбиесін көріп, кейін ұстаздың жарқын бейнесін есте қалдыруда елеулі еңбек сіңірген. 1933 жылдың өзінде «Лениншіл жас» газетінің бірнеше сандарында «Қызыл ат» және социалистік реализм» атты мақала жазып, Сәкеннің «Қызыл ат» поэмасы [2, 73] төңірегінде туындаған дау-дамайға араласып, поэмаға шынайы баға беріп, Сәкентануға дұрыс ғылыми бағыт берді. Кейін «Тағы да «Қызыл сұңқарлар туралы» (1936) » деген мақаласымен Сәкен шығармашылығы туралы болашақ әділ сынның негізін қалыптастырды. «Сәкен шығармалары жайында пікір айтып, алғашқы мақалаларымен оларды әділетсіз, оңшыл сыннан қорғауға қатысқан Мұхаметжан кейінгі зерттеу еңбектерінде де Сәкен шығармашылығына мол орын берді. Оның «Сәкен Сейфуллин» (1964) атты кітапшасы, «Тар жол, тайғақ кешудің» орысша басылуына жазылған кіріспе мақаласы (1964), Сәкеннің 70 жылдығына байланысты «Дружба народов» (№5, 1964), «Простор» (№5, 1964) журналдары мен «Комсомольская правда» (23 мая, 1964) газетінде басылған мақалалары, «Асау тұлпар» атты монографиялық очеркі («Эпостан эпопеяға» кітабында - 1969) бұл қатардағы еңбектері ішінде оқшау тұрады». Сонымен қатар «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» (1965), «Әдебиет және эстетика» (1970) атты монографиялық зерттеу еңбектерінде «Тар жол, тайғақ кешу» романының жанры, мазмұны мен формасын анықтай отырып, жаңашылдық сипатын ашады. Соңғы еңбегінде Сәкенге «Асқақ аға» деген бөлімін арнап, Сәкеннің ұстаздық үлгісін, азаматтық болмысын жоғары бағалаған.

Сондай-ақ, ғалым М. Базарбаев [3] әдебиеттің әр түрлі мәселелеріне қатысты зерттеулерінде С. Сейфуллиннің шығармашылық тәжірибесіне көбірек сүйеніп, Сейфуллин дәстүрін молырақ зерттеді. «Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жайында» (1960), «Қазақ поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі» (1961), «Өлмес дәстүрлер» (1962), «Әдебиет және дәуір» (1966) атты зерттеулерінде С. Сейфуллиннің поэзия саласындағы жаңашылдық қызметін, оның жаңа адамды жырлаудағы өнегесін сөз етеді. Әдеби дәстүр, оның жалғастығы, әдебиеттер туысқандығы, әдеби байланыс - Мүсілім зерттеулерінің өзекті проблемалары. Осы проблемалар тұрғысынан Сейфуллин творчествосына ол әрдайым үңіле қарайды, содан үлгілік өнеге табады. Сейфуллинге Мицкевич, Пушкин, Лермонтов поэзиясының әсері болғанын айта келіп кеңестік дәуірдегі ақын шығармаларын «В. Маяковский, Демьян Бедный, А. Безыменский, Луговской, т. б. сол сияқты ақындардың шығармашылығымен байланыстыра отырып, зерттеудің» қажеттігін көтереді. Бұлардан басқа М. Сәкеннің «Әңгімелері мен повестеріне» (1958), Сәкен шығармаларының соңғы бес томдық жинағына алғысөздер (1986) жазды. Оның «Теңдік, бақыт, әділдік орнаталық» атты соңғы мақаласы («Өркен», 23 желтоқсан, 1989) ақын творчествосына қайта құру дәуірінің талаптары тұрғысынан қарауда, жалпы 20-30-жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы жағдайларына жаңаша көзқарас туғызуда қызықты ойлар айта білуімен бағалы.

Т. Қожакеевтің [4] еңбектерінде Сәкеннің журналистік қызметіне зор баға берілген. Ол еңбегінде Сәкен Сейфуллин Ұлы Қазан революциясының жеңуіне, Совет үкіметінің орнап, нығаюына журналистік қызметімен зор үлес қосқандығын айтады. Қ. Сыздықовтың еңбегінде Сәкен жайлы айтылады. Ол еңбегінде Сәкенді туған халқының тағдыры мен болашағы үшін күрескен тұлға деп көрсетеді.

Ғалым Ә. Нарымбетов [5] Сәкен шығармаларының алғашқы библиографиясын жасаушылардың бірі. Ғалым жоғарғы оқу орындарына арналған әдістемелік, нұсқаулық еңбектерінде де Сәкен шығармашылығын басты назарда ұстап келеді. Сейфуллин поэзиясы жайлы «Асқақ жырдың арқауы», өмірі, шығармашылығы жөніндегі энциклопедиялық мақалалар авторы (1999) .

Сәкентану ғылымының әдебиеттанудың жеке саласы ретінде туып, қалыптасуына академик Серік Қирабаев ерекше еңбек сіңірді. Ақын шығармашылығы жөніндегі алғашқы еңбегі 1958 жылы «Сәкен Сейфуллиннің поэзиясы туралы» деген көлемді ғылыми зерттеу мақаладан басталып, ондаған мақалалар тізбегімен «Сәкен Сейфуллин. Творчестволық жолы» (1962) атты монографияға ұласты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарында да Сәкен шығармашылығына арналған бөлімдерді жазды, ақын шығармаларын орыс тіліне аудару ісін ұйымдастырды. Сәкеннің әр жылдардағы шығармалар жинағын құрастыру, текстологиялық түзетулер енгізу, ғылыми түсініктерін жазу ісіне белсене араласып, жарық көрген шығармаларының басылымдарының толық библиографиясын әзірледі. Ғалым күні бүгінге дейін Сәкентану саласында көшбасшы ғалымдардың бірі болып келеді.

Фольклортанушы ғалым Әуелбек Қоңыратбаев та Сәкенмен жиі араласып, Сәкенді 1925 жылы Бетпақдаланың Қоңыр дейтін жерінде отырған Иманжүсіппен жолықтырған. Әр жылдары «Сәкен жаңашыл ақын», «Сәкеннің жаңашылдығы мен шеберлігі», «Сейфуллин туралы бағалы еңбек» т. б. өзекті, ойлы мақалалар жазып, Сәкен шығармашылығына шынайы бағасын берген. Ғалым 1930 жылдардағы «Қызыл ат» поэмасы төңірегіндегі дау-дамайларды қорытындылай келіп: « . . . солардың көбісі социалистік реализмнің өзін жетік білмеуші еді. Сондықтан да Сәкеннің шын мүсін образ жаңалығын түсінбеді», - деген орынды тұжырым жасаған. Реті келгенде әр түрлі естелік жазбаларында көзі көрген ағаның жақсы қасиеттері мен ақындық, ағалық, азаматтық тұлғасы жайында жылы лебіздер білдірген. Бұдан басқа да Сәкен шығармашылығы жөнінде айтылған Алаш қайраткерлері: Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлов, С. Садуақасов т. б. пікірлері бар.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Сәкен Сейфуллинді біз ақын, революционер, қоғам қайраткері ретінде танимыз. Ақын шығармаларын зерттеу, талдауда зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми негіздегі, жаңалығы мен маңызы зор еңбектер атқаруда. Соның нақты дәлелі Қарағанды «Болашақ» университеті ғалымдарының ізденісі нәтижесінде жазылған - «С. Сейфуллин энциклопедиясы». Алайда, күні бүгінге дейін Сәкен жайлы 100 астам өлеңдер мен балладалар, бірнеше поэмалар, бірнеше повестер мен деректі әңгімелер жазылыпты. Осы орайда аталмыш шығармаларды жинақтау және ақын бейнесінің жасалу жолдарына назар аудару кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болмақ. Сол себепті де Сәкен Сейфуллиннің көркем шығарма кейіпкеріне айналу мәселесін зерттеу бүгінгі күн талабынан алынып тасталмайды, яғни әлі де зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып табылады.

Жұмыстың мақсаты - С. Сейфуллин өмір жолы мен қоғамдық қызметтеріне, шығармашылық жолына шолу жасай отырып, көркем образ ретінде сомдалу, тұлғалану ерекшеліктеріне талдау жасау болмақ.

Міндеттері:

1. Ақынға қатысты өлеңдерді оның шығармашылық өмірбаянымен байланыстыра қарастыру;

2. С. Сейфуллиннге қатысты өлеңдердің жанрлық сипатын айқындау; лирикалық шығармаларына талдау;

3. Қаламгер жайлы жазылған өлеңдерінің көркемдік сипатына талдау жасау;

4. Прозалық шығармалардағы ақын бейнесінің жасалу жолдарына назар аудару.

С. Сейфуллин туралы көптеген ақын-жазушылар бірталай еңбектер жазып қалдырған. Солардың ішінде белгілі сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішевтің [6] еңбектерінің маңызы зор.

Ол еңбектерде Сәкеннің еліне деген қамқорлығы, қоғамдық қызмет пен шығармашылық жұмыспен қатар айналысқандығы және артына өлмес мұра қалдырғаны туралы дәлелді баяндалады. Сондай-ақ Серік Қирабаевтың еңбектері де Сәкентануды кешенді зерттеудің үздік үлгісіне айналып отыр. Заман, қоғам өзгерсе де Сәкеннің ұлттың ұлы тұлғасы болып қала беретіндігі бұл еңбектерде айқын көрсетілген.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелерін мектеп оқушыларын сәкентану курсы бойынша факультативтік сабақ өткізуде, теориялық ұғымдарға қатысты көркем образдарға талдау жасауда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Өз дәуірінің жыршысы, келешек заманның жаршысы, ұрпағына өлмес мұра, ұмытылмас даңқ қалдырған ақын Сәкен Сейфуллин жайындағы бұл дипломдық жұмыс - кіріспе және үш тараудан, сондай-ақ, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы

1. 1 С. Сейфуллиннің өмір жолы

Сәкен 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (Қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашілік елді мекені) 23 мамырда саятшы Сейфолланың шағын шаруалы отбасында дүниеге келген. Өзінің өмірі туралы бір жазғанында, Сәкен әке-шешесінің ән-күйге, ойын-сауыққа, қызықты әңгімеге құмар болғандығын айтады. Елдегі белгілі ақын, әншілер сол үйдің кейін Сәкеннің жақын адамдарына айналып отырған. Сәкеннің шешесі Жамал ақындық, шешендік сөзді жақсы білген. Ол өзінің тұңғышы Садуақастың (Сәкен деп еркелетіп атап кетеді) халық өміріне, көркемдікке деген алғашқы сезімдерін оятып өсіреді.

Зерек, алғыр Сәкен ауыл молдасының сабағын қанағат тұтпағаннан кейін оны әкесі Нілді (Успенский) мыс заводындағы орыс-қазақ мектебіне 1905 жылы оқуға береді. Сәкен өзінің осы балалық шағын есіне түсіргенде: «Нілді заводында үш жыл оқыдым. Сол үш қыста, бір сабақ - орысша әліпби кітапшасынан алған оқуым болса, екінші сабақ - ұсталардың дүкен күйінен, аласұрып жұлқынған машина әрекетінен жер астында жұмыс істеп шығатын шахты, кен жұмыскерлерінің жатақ, тұрмыс-күйінен, тіршілік күйлерінен алған сабақ көңілге мығым орнаған тоқу болды. …алғаш өлең жазуды мен бала күнімде осы Нілді заводында бастадым» [7, 21], - деп жазды. Ол Спасскі жұмысшыларының 1907 жылғы ереуілінің сұсты көрінісін көзімен көріп, көңіліне тоқыды.

Жас Сәкен еңбек адамдарының ортасында білім, алғашқы поэзиялық әсер алып қана қоймады, озбыр қанаушылардан жапа көріп, мехнат шеккен жұмысшылардың өмірі оның таптық ой-санасының ерте оянуына да әсер етеді.

1908-1912 жылдары Ақмола қаласында әуелі Приходская школада, одан кейін екі класты училищеде оқиды. Білімі толыса түскен Сәкен орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын көп оқумен қатар, алыс ауылдардан оқу іздеп келген бірталай қазақ балаларына орысша сабақ береді [8, 10] .

Сәкеннің қоғамдық, эстетикалық ой-пікірінің қалыптасуына Ақмола, Омбы қаласындағы орыстың озық ойлы оқытушы, жазушыларының әсері болғандығын ақынның өзі де, замандастары да толық растайды. Революционер жазушы Ф. Березовскиймен достығы көп жайды аңғартады. Орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Некрасов және А. М. Горький шығармаларын, сонымен қатар татардың Ғ. Тоқай бастаған азатшылдық әдебиетін қадағалап оқуы, қалада, елде бостандыққа талпынған қалың бұқарамен тығыз байланысты болуы - Сәкеннің дұрыс идеялық бағытын анықтай береді. Осы дұрыс бағыт оның 1916 жылғы тарихи қозғалыс сынынан сүрінбей өтуіне жол ашқандығы даусыз.

Әрине, бұл келтірілген үзінділер Кеңес үкіметі тұсында Сәкен туралы жазылған анықтама-ақпарат. Өткенді шолмай, кейіпкеріміздің кең дүниесін ашып-білу мүмкін емес.

Егемендік алғаннан бері халқымыз тарихын евроцентристік және ұлы державалық шовинистік көзқарастан тыс жаңаша танып-білу, зерттеу, тарихи тұлғаларымызды жаңаша бағалау қолға алынды. Қандай адам болса да, мейлі ол ұлы болсын, қарапайым еңбек адамы болсын, өз заманының перзенті. Сол заманында дәуірлеген идеология мен талап-тілекке сай өмір сүретіні тарихи шындық. Ендеше, Кеңес дәуіріндегі қаламгеріміз идеология майданының жауынгерлері ретінде уақыт ұсынған идеялар мен тақырыптарды насихаттауға душар болды. Бұл олардың қуанышы - бақыты, сондай-ақ қателігі мен кемшілігі. Сондықтан кешегі Кеңес дәуірінде Алаш арыстарын «ұлтшыл» деп қалай даттасақ, енді бүгін келіп төңкерісті жырлаған ақын-жазушыларға теріс қарауға хақымыз жоқ.

Халықты бай, кедей деп бөліп тастап, жұмысшы - шаруаның үкіметін, пролетарлық мәдениет жасаймыз деп даурыққан кезеңде В. И. Лениннің «Пролеткульт», «Біз қай мұрадан бас тартамыз» атты еңбектері шықты. Оларда әр ұлттың мәдениетінің екі түрлі элементі болады деген. Бірі - ағартушы-демократиялық, екінші - ұлтшыл-буржуазиялық. Біз оның ағартушы демократтық мұрасын аламыз және оны ұлтшылдық-буржуазиялыққа қарама-қарсы қою үшін аламыз, - деген қате қағидасын негіздеді. Осыдан «тұрпайы социализм» теориясы туды [9, 10] .

Кеңес көсемінің осы бір бағытынан кейін біздің Сәкен сияқты азаматтарымыздың адасуы басталды. Күрмеуі қиын күндердің жұмбағы мол жылдардың теңізінде тербелуіне тура келді… [10, 112] .

Қазақстанның жақсы болсын, жаман болсын социализмнің заманында жасағанын, ойсыраған олқылықтарымен қатар тамаша жетістіктерге жеткенін ешкім жоққа шығара алмайтын болса, онда социалистік реализм рухында жасалған әдебиеттен, оның ұлы өкілдерінен, негізін қалаушылардан қашсаң да құтыла алмайтындығымыз анық. Көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де Сәкен Сейфуллин төңірегіндегі әңгіме бір толасып көрген емес. Бұл оның бақыты да, соры да. Бақыты болатыны оның мұрасы, іс-әрекеті архивке тапсырылмай, күні бүгінге дейін мемлекеттік-әлеуметтік тірлігімізге араласып жатуында, әлі күнге дейін оның ой-пікірінің, тарихи деректерінің дәйектілігі мен пәрменділігінде, бір сөзбен айтқанда, Сәкеннің кеудесінде жаны, қолында қаламы бар парасатты пенде ретінде өзімізбен араласып жүргендігінде [10, 113] .

Ал соры - ылғи қаңқу сөздің ортасында болатындығы. Ол елдің аузында бірде мақталып, бірде датталып жүреді. Соған қарағанда Сәкеннің «тұзы жеңілдеу» болды ма екен деп қалғандайсың. Олай дейін десең, жасап кеткен істері ірі, ауқымды, кесек. Аузын бағып, аяғын санап баспай, елім, халқым үшін қолымнан келгеннің бәрін ар әмірімен адал орындаймын деп талпынған жанның айбатты келбетін көреміз. Осы жолда ол талай қуанды, шаттанды, қастық көрді, сүрініп құлады, қайта тұрып ілгері жүрді, көпшілікке бақыт сыйламаққа талпынды. Жасап жүргенім біреуге обал, біреуге сауап болады деп ойлаған емес. Еңбекші елдің арманы ғана болды көкейінде.

Алашордашылардың да, төңкерісшілердің де тілегі біреу - елді азаматтыққа жеткізу болды, бірақ сүйенгендері, бағыттары басқа болды. Олар темір жолдың релісіндей басы қосылмайтын идеологиялар соңына түскен болатын. Міне, қазақ оқығандарының мақсаты бір болса да, жүрер жолдары айырым, басқа болды осыдан.

Біз Сәкенді құлан-таза ақтаудан аулақпыз. Коммунистік идеяларының жаршысы болғандар халыққа қастандық жасаушылар емес. Олардың трагедиясы, соры сол - коммунизмді насихаттаушыларға имандай сенді. Сәкеннің бұлқынған сәттері болған, бірақ қылбырау түскеннен кейін тарпаңдығын тастаған. Алған жолдан айнымауға Сәкеннің табандылығы, шыншылдығы, адалдығы себепші болған [10, 127] .

Сонымен, Сәкен өзінің көзқарасы, іс-әрекеті үшін әрқашанда тарих алдында толық жауап бере алатын ұлы тұлға, социалистік деп аталған заманның ардагер азаматы. Осы қасиеттері оның қоғамдық, мемлекеттік, өнерпаздық қайраткерлігінен жарқырап көрінеді, еңбекші елдің рухани көсемі, жаңа заманның жаршысы [10, 128] ретінде халық құрметіне бөлене береді.

Осы жерде халқы сүйген сұңқар Сәкеннің сыртық сымбатын да айтып өткен артық болмас. Бұл жөнінде ақынның рухани інісі, кейіннен белгілі ғалым болған Мұхамеджан Қаратаев былай дейді:

«… Сәкен - аға.

Бір көрген адам оны ұмыту мүмкін емес. Себебі: ол басқадан өзгеше еді. Атақты ақын, халқынан үздік шыққан қаһарман қайраткер, қайыспас коммунист, өзінің даңқымен де, ақыл, ажар-көркімен де, адал, әділ, адамгершілік қасиеттерімен де ерітіп, еліктіріп әкететін.

Әу бастан суретін «Тар жол, тайғақ кешу» кітабының бетінен көргенде, есімде сылау мұрт, жазық маңдай, ашаң жүзді сұлу, сұрша жігіттің бейнесі қалып қойған-ды» [11, 55] .

1930 жылы Алматыға келіп, сырт таныс ардагер ақынды көзбен көргенде, әуелгі әсерім едәуір өзгерді. Шымқай қара мұртының екі ұшын қиғызып, шағын ғана басқызған. Бұрынғы ашаң жүзі сәл толығып, қоңырқай тартқандай. Суреттегідей емес, сұңғақты, әсем тік тұлғасымен де айрықша көз тартады, көңіл сүйсіндіреді.

Ойлы да өткір, мөлдір қара көзі бір түрлі от шашатындай кейде кейігенде қаһарлы, зәрлі ұшқын атса, көбіне жылы, жұмсақ мейірлі назар аңғартатын. Оның көзқарасы ақындық жанының бейне бір айнасы іспетті.

Қиын тағдыр кешкен, тарихта бедерлі із қалдырған жандар тұлғасы халық назарын өзіне жиі тартуы - өмірдегі заңды құбылыс. Қашан да кесек мінез бен қайтпас қайсарлық соқталы тартыс үстінде ашылмақ. Қазақ зиялыларының өткен-кеткен тарихына, қоғамдарға қосқан үлесіне, сол қадау-қадау қайраткерлер ғұмырына зер сала қарау - бүгінгі сезімтал ұрпақтың үлесі. Болашақ күндер кәдесіне жарарлық асылдарымызды іздеу де - құптарлық іс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын білмейтін жан жоқ шығар
Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz