Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ТАРАУ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ЖӘНЕ ЛЕКСИКА.ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ, ЕТІСТІК ТУРАЛЫ
1.1. Категория түрлері түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.1. Лексика.грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.2. Грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Етістіктің лексика.грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.1. Етістіктер жүйесінің айқындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.3. Етістіктің морфологиялық сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.4. Парадигма ұғымының лингвистикалық сипаты және етістік форманттарының тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2 ТАРАУ ЕТІСТІК ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Н.Оралбаеваның етістіктің аналитикалық форманттарын зерттеуі ... ... 33
2.2. Аналитикалық форманттар хақында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3.Аналитикалық форманттардың құрылымдық ерекшеліктері. Көмекші етістіктер мен аналитикалық форманттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.4. Тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктерінің сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
2.5. Бол, ед, қыл етістіктерінің көмекшілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
2.6. Де етістігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.7. Салт және сабақты етістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.8. Етіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
2.9. Болымдылық және болымсыздық категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.10. Қимыл атауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.11. Амалдың өту сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
2.12. Аналитикалық форманттардың грамматикалық категорияларға қойылатын талаптарға қатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Соның бірі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылымдық жүйесі болып табылады. Диплом жұмысы етістіктің толықтай дерлік мәселелерін жинақтап, тұжырымдауға бағытталған.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі етістік форманттарының құрылымдық жүйесін айқындау, бұл мәселелер төңірігіндегі іргелі зерттеулерді тоғыстыру, нақты тілдік деректер арқылы түсіну.
Мақсатқа жетуде шешілуі тиіс міндеттер:
- етістікті категория ретінде тұтас қарау;
- категория түсінігі төңірегіндегі орныққан көзқарастарға сүйене отырып етістік категориясы түрлерін ажырату;
- етістіктің аналитикалық форманттарының жасалу ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі аналитикалық етістіктердің құрылымдық жүйесі.
Зерттеудің пәні – қазақ тілінің етістік категориясы, етістіктің аналитикалық форманттарының құрылымдық мәселелерін грамматикалық тұрғысынан талдау.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тілі грамматикасы бойынша отандық лингвистердің еңбектерінен диплом жұмысын жазуда мәліметтер пайдаланылды, теориялық әдебиеттер негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеуде грамматикалық-құрылымдық, сондай-ақ сипаттамалы, салыстырмалы әдістер, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топтастыру әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы мен практикалық, әлеуметтік мәні. Диплом жұмысының ғылыми нәтижелері мен тұжырымдары қалыптасқан грамматика теориясын түсінуге ықпал етіп, тілдік бірліктерді функционалдық-құрылымдық аспектіде ғылыми дәйектеуге негіз болады және лексикалық бірліктердің грамматикалық мағыналарын жүйелейді. Грамматикалық мағынаны қалыптастырушы тілдік факторлар, құрылымдық-функционалдық ілімдердің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеруге ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері мен материалдарын орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінен лекция, семинар, лабораториялық сабақтар, өз бетімен жұмыстар, сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңашылығы: Етістік сөз табының аналитикалық форманттарының құрылымдық жүйесін функционалдық аспектіде қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға әкеледі:
• Етістік күрделі грамматикалық категория;
• Таза грамматикалық категория дегеніміз - морфологиялық категория;
• Грамматикалық категория ұғымына берілген анықтамаларды сараптағанда, олардың бір тобы грамматикалық категорияны мағына пен форма тұтастығынан тұратын «бүтін» ретінде танитын ортақ идеяға негізделеді;
• Етістікке тән грамматикалық (парадигмалық) формаларға да, етістіктен жасалатын барлық басқа сөз таптарына тән туынды формаларға (есім және басқаларына) да түп таяныш я түп негіз есебінде қызмет ететін етістік-тұлға болады;
• Әрбір аналитикалық форманттың өзді-өзіне тән мағынасы бар, демек әр форманттың семантикасы бір –бірінен өзгеше болады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан, 1998. -305 б.
2. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Словарь. 2002. – 306 б.
3. Щерба Л.Н. Избранные труды по русскому языку. Москва, 1957.7
4. Виноградов В.В. Русский язык.Грамматическое учение о слове. М., 1972
5. СмирницкиЙ И.В. Грамматика русского языка. М., 1981
6.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. -783 б.
7. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. –Алматы, 1959. –176
8. Маманов Ы. Қазақ тіл білімі мәселелері. Алматы: Арыс, 2007. -490 б.
9. Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992
10. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.
11 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.
12. Оразов М. Етістік. –Алматы, 2001. –385 б.
13. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.
14. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –Алматы, 1998. –303 б.
15. Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар. –Алматы, 1997. –225 б.
16. Грамматика киргизского литературного языка. Часть 1. Фонетика и морфология. Фрунзе: издательство «Илим», 1987. – 402 с.
17. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. –Алматы, 1958. –80 б
18. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы
19. Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғылым.канд.дисс. –Алматы, 2000. 150 б.
20.Словарь по языкознанию. –Алматы, 1998. –540 б.
21. Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию. –Москва, 1977. 695 с.
22. Москальская О.И. Проблемы системного описания синтаксиса. –Москва, 1981. –173 с.
23 Сергалиев М. Синтаксическая синонимия. –Алматы, 1984. –30 с.
24. Шведова Н.Ю. Парадигма простого предложения в русском языке//Русский язык: Грамматически исследования. –Москва, 1967. –С. 67-70.
25 Седельников Е.А. Структуры простого предложения с точки зрения синтаксических и парадигматических отношений. –НДВШ, ФН, №3, 1961.
26. Тестелец Я.Ч. Введение в общий синтаксис. –Москва, 2001. –765 с.
27. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктік аналитикалық форманттары/ филология ғыл. докт. диссертацияның авторефераты. Алматы, 1979
28. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы мен мағынасы. Алматы: Ғылым, 1979. – 196 б.
29. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974
30. Қалыбаева А. Етістіктің лексико-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.
31. Ерназарова З. Көсемше оралымды сөйлемдегі мезгілдік арақатынас жайында // ҚР ҰҒА хабарлары №2, 1993. –53-65 б.б.
32. Оразов М. Көмекші сөздер. 2- кітап. Ташкент: Наурыз, 1997. 185 б.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ТАРАУ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ЖӘНЕ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ, ЕТІСТІК ТУРАЛЫ
1.1. Категория түрлері түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
.1.1. Лексика-грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.2. Грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2.1. Етістіктер жүйесінің айқындалуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1.3. Етістіктің морфологиялық сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.4. Парадигма ұғымының лингвистикалық сипаты және етістік форманттарының тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2 ТАРАУ ЕТІСТІК ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Н.Оралбаеваның етістіктің аналитикалық форманттарын зерттеуі ... ... 33
.2. Аналитикалық форманттар хақында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3.Аналитикалық форманттардың құрылымдық ерекшеліктері. Көмекші етістіктер мен аналитикалық форманттар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.4. Тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктерінің сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 45
.5. Бол, ед, қыл етістіктерінің көмекшілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
.6. Де етістігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
.7. Салт және сабақты етістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
.8. Етіс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
.9. Болымдылық және болымсыздық категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
.10. Қимыл атауы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
.11. Амалдың өту сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
2.12. Аналитикалық форманттардың грамматикалық категорияларға қойылатын талаптарға қатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Соның бірі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылымдық жүйесі болып табылады. Диплом жұмысы етістіктің толықтай дерлік мәселелерін жинақтап, тұжырымдауға бағытталған.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі етістік форманттарының құрылымдық жүйесін айқындау, бұл мәселелер төңірігіндегі іргелі зерттеулерді тоғыстыру, нақты тілдік деректер арқылы түсіну.
Мақсатқа жетуде шешілуі тиіс міндеттер:
- етістікті категория ретінде тұтас қарау;
- категория түсінігі төңірегіндегі орныққан көзқарастарға сүйене отырып етістік категориясы түрлерін ажырату;
- етістіктің аналитикалық форманттарының жасалу ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі аналитикалық етістіктердің құрылымдық жүйесі.
Зерттеудің пәні –қазақ тілінің етістік категориясы, етістіктің аналитикалық форманттарының құрылымдық мәселелерін грамматикалық тұрғысынан талдау.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тілі грамматикасы бойынша отандық лингвистердің еңбектерінен диплом жұмысын жазуда мәліметтер пайдаланылды, теориялық әдебиеттер негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеуде грамматикалық-құрылымдық, сондай-ақ сипаттамалы, салыстырмалы әдістер, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топтастыру әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы мен практикалық, әлеуметтік мәні. Диплом жұмысының ғылыми нәтижелері мен тұжырымдары қалыптасқан грамматика теориясын түсінуге ықпал етіп, тілдік бірліктерді функционалдық-құрылымдық аспектіде ғылыми дәйектеуге негіз болады және лексикалық бірліктердің грамматикалық мағыналарын жүйелейді. Грамматикалық мағынаны қалыптастырушы тілдік факторлар, құрылымдық-функционалдық ілімдердің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеруге ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері мен материалдарын орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінен лекция, семинар, лабораториялық сабақтар, өз бетімен жұмыстар, сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңашылығы: Етістік сөз табының аналитикалық форманттарының құрылымдық жүйесін функционалдық аспектіде қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға әкеледі:
Етістік күрделі грамматикалық категория;
Таза грамматикалық категория дегеніміз - морфологиялық категория;
Грамматикалық категория ұғымына берілген анықтамаларды сараптағанда, олардың бір тобы грамматикалық категорияны мағына пен форма тұтастығынан тұратын бүтін ретінде танитын ортақ идеяға негізделеді;
Етістікке тән грамматикалық (парадигмалық) формаларға да, етістіктен жасалатын барлық басқа сөз таптарына тән туынды формаларға (есім және басқаларына) да түп таяныш я түп негіз есебінде қызмет ететін етістік-тұлға болады;
Әрбір аналитикалық форманттың өзді-өзіне тән мағынасы бар, демек әр форманттың семантикасы бір –бірінен өзгеше болады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ЖӘНЕ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ, ЕТІСТІК ТУРАЛЫ
1.1.Категория түрлері түсінігі
Категория түрлері тілдік бірліктерді топтауға негіз болатын белгінің, қасиеттің сипатына қарай ажыратылады. Тілдік бірліктерді грамматикалық және лексикалық категорияларға топтастыруда белгілі бір ұқсастық бар. Жалпы лексикалық категорияларға жіктеуде тілдік бірліктің лексикалық семантикасы, ал грамматикалық категорияларға жіктеуде оның грамматикалық сипаты басшылыққа алынады. Мәселен, ұғыммен байланысты болып, белгілі бір мағынаны білдіретін сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөздерден дараланатын болса, екінші жағынан жалпы грамматикалық ортақ мағына арқылы өзара топ құрап, бірігеді. Сөздің өмір сүру формасы сөйлеу болып табылатындықтан сөйлеу процесінде ол басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, түрлі тұлғаларда жұмсалады және соған сай олардың лексикалық мағынасына түрлі мән-мағына үстеледі. Бұл үстеме мән-мағыналар сөздің лексикалық мағынасын толықтай өзгертіп, жаңа мағыналы сөз жасауы да, сондай-ақ оның мағынасын өзгертпей, тек оған қосымша мағыналық реңк үстеуі және лексикалық мағынаға ешқандай мағыналық өзгеріс енгізбей, тек грамматикалық мағына тудыруы да мүмкін. Осы тұрғыда, әлемдік тіл білімінде өзіндік дифференциалды көрсеткіштері бар тілдік категориялардың негізінен жалпы үш түрін көрсету орныққан көзқарас деуге болады. Олар:
лексика-семантикалық категория;
лексика-грамматикалық категория;
грамматикалық категория. Келесі кезекте лексика-грамматикалық және грамматикалық категорияның негізгі сипаттамасына, олардың дифференциалды белгілеріне тоқталамыз.
1.1.1. Лексика-грамматикалық категория
Грамматикалық категория грамматикалық мағынаға негізделсе, лексика-грамматикалық категория лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тоғысынан көрінеді. Әдетте, лексика-грамматикалық категория термині, көп жағдайда, разряд немесе топ, класс ұғымдарымен қатар, сөздердің лексика-грамматикалық тобы, сөздердің лексика-грамматикалық разряды түрінде қолданылады. Бұл терминдердің пайда болуы сөздерді сөз табына топтастыруда негізге алынатын сөздердің лексика-грамматикалық сипатына байланысты туындаған және грамматикалық мағына ұғымын түсіндірумен тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, грамматикалық мағына екіжақты түсініледі. Біріншісі –белгілі бір сөздер тобына (сөз табына) тән тіл бірліктерінің жалпы категориялық мағынасы. Мұнда сөздерді бір топ аясына біріктіретін сөздердің барлығын жинақтауға негіз болатын олардың бойындағы жалпы мағына дегенге саяды: етістіктерге тән қимылдық мағына; зат есімге тән заттық мағына т.б.. Екіншісі –белгілі бір сөз табының құрамына кіретін сөздердің белгілі бір тұлғада көріктеніп келуі арқылы берілетін мағына: меншіктік мағына; шақтық мағына т.б.. Біз тоқталғалы отырған лексика-грамматикалық категория термині тікелей грамматика шеңберінде қаралып, грамматикалық категорияның бір түрі ретінде анықталады. Мәселен, С.Исаев грамматикалық категорияны екіге бөліп қарайды: лексика-грамматикалық категория және таза грамматикалық категория [1, 64 б.]. Таза грамматикалық категория деп отырғаны - морфологиялық категория. Ғалым мұнда түбір семантикасын өзгертпей, оған ешқандай қосымша мағына үстемей, таза грамматикалық мән немесе мағына үстейтін шартты негіз етіп алады. Ал лексика-грамматикалық категорияларда жалғанған қосымша түбірдің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізеді. Сөйтіп, лексика-семантикалық және грамматикалық сипаттарына қарай олар таза грамматикалық категориялардан ерекшеленеді. Автор екінші топтағы категориялардың қатарына етістіктің етіс формаларын, болымсыз етістікті, салттылықсабақтылық категориясын және күшейтпелі етістік тұлғаларын немесе көріністі жатқызады. Бұл тұста автордың күшейтпелі етістік немесе көрініс деп отырғаны біздіңше қимылдың өту сипаты категориясына қатысы бар сияқты. Алайда ол еңбегінде қимылдың өту сипаты терминін қолданбайды және бұл категория туралы ешқандай мәлімет бермейді.
Лексика-грамматикалық категорияның өзіндік ерекшеліктері грамматикалық категориямен салыстырғанда айқын көрінеді және сол негізде оның өзіндік белгілерін белгілеуге болады. Мәселен, етістіктің болымдылық тұлғасы мен болымсыздық тұлғасының мағынасын бір дей алмаймыз: бар –барма; айт –айтпа. Мұнда болымсыздық қосымшасы –ма-ме (-ба-бе, -па-пе) жалғанған сөздің лексикалық мағынасына болымсыздық мәнін үстеп тұр. Сонда лексика-грамматикалық категорияда грамматикалық категорияға қарағанда лексикалық мағына басымдық сипат алады. Басқалай айтқанда, грамматикалық категорияда грамматикалық мағына жасайтын форма түбір мағынасына ешқандай өзгеріс, ешқандай мән қоса алмайды, тек қана грамматикалық мағына үстейді. С.Исаев лексика-грамматикалық категория деп танудың негізгі белгілеріне оның тұлғалық сипатын да қосады. Бұл орайда лексика-грамматикалық категорияның көрсеткіші болып табылатын тұлғаның екінші жақ бұйрық раймен тұлғасы жағынан сәйкес келетіндігін және тікелей жіктелмейтіндігін негізге алады. Жоғарыдағы болымдыболымсыз етістік тұлғаларына келсек, бар –барма; айт –айтпа сөздері бұйрық райдың екінші жағына тұлғасы жағынан сай келеді. Ал енді оларды жіктік жалғауларымен түрлендірсек, тікелей түрленбейді, бар –барма + мын (+сың); айт + мын (+сың) –айтпа + мын (+сың) тұлғасында ешуақытта айтылмайды. Бұл олардың түбір қалпында сөйлеуде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсе алмайтындығын көрсетеді.
Орыс тіл білімінде сөздің грамматикалық мағынасы екіге бөліп қарастырылады: таза грамматикалық (сөзөзгерімдік) мағына және лексика-грамматикалық (классификациялық) мағына. Мұнда грамматикалық немесе сөзөзгерімдік категорияның біртектес, ыңғайлас грамматикалық мағыналар жиынтығынан құралатындығы негізге алынады және категорияның бұл түрінде грамматикалық мағына парадигманың әр мүшесі арқылы жеке-жеке көрінеді. Мысалы: зат есімнің септік, көптік, етістіктің шақ категориялары. Ал лексика-грамматикалық мағына тұтастай сөзге, барлық парадигмаға тән болып келеді. Осындай біртектес лексика-грамматикалық мағына жиынтығы осы аттас категорияны қалыптастырады.
Сонымен, айтылған ғылыми тұжырымдарды жинақтай келе, лексика-грамматикалық категорияның мынадай ерекшеліктерін көрсетуге болады:
мазмұн тұрғысынан келгенде лексика-грамматикалық категория көрсеткіштері жалғанған сөздің лексикалық мағынасына сәл де болса семантикалық өзгеріс енгізеді;
тұлғалық жағынан келгенде, лексика-грамматикалық категория көрсеткіші жалған сөздің түбірі: біріншіден, тұлғасы жағынан бұйрық райдың екінші жағымен сай келеді; екіншіден, тікелей жіктік жалғауын қабылдап, түрленбейді.
1.1.2. Грамматикалық категория
Грамматикалық категорияның көп жағдайда тар мағынада, морфологиялық категория ұғымында қолданылуы басым болып келеді. Тіл білімінде грамматикалық категорияларға берілген анықтама көп. Бұл анықтамаларда грамматикалық категория ұғымы түрліше түсіндіріледі. Мұны грамматикалық категорияның сан қырлы сипатымен байланыстыруға болады.
Лингвистикалық түсіндірме сөздікте грамматикалық категория анықтамасы бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар қатарының қарама-қарсы қойылатын жүйесі деп берілген [2, 55 б.]. Бұл мазмұндас анықтаманы Л.В.Щерба[3], В.В.Виноградов[4], А.И.Смирницкий[5] еңбектерінен де табуға болады. Л.В.Щерба грамматикалық категорияның жасалуы грамматикалық мағына мен оның формальді белгілерінің тығыз байланысына негізделетіндігін және формальді белгілердің мағынасыз айқындалмайтындығын айтады [3, 65 б.].
Грамматикалық категория ұғымына берілген анықтамаларды сараптай келе, олардың бір тобы грамматикалық категорияны мағына пен форма тұтастығынан тұратын бүтін ретінде танитын ортақ идеяға негізделетіндігін байқаймыз. Бұл сипаттағы анықтамаларды грамматикалық категория табиғатын толық ашады деп білеміз. Сонда грамматикалық категорияның лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы берілетін грамматикалық мағынадан айырмашылығы да тек мәндес грамматикалық мағына жиынтығынан ғана емес, әрі қайшы мәндес мағыналар жиынтығының қатарынан тұратын жүйе болып табылатындығында. Бұл: біріншіден, грамматикалық категорияның тілдің құрылымдық негізі болып табылатындығын көрсетеді. Екіншіден, тілдік-грамматикалық абстракцияланудың сипатын айқындайды. Үшіншіден, грамматикалық құрылымның мазмұнын сипаттайды.
Грамматикалық категорияға қатысты айтылған пікірлерге сүйене отырып, оның төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
1) грамматикалық категория ұғымы грамматикалық мағына және грамматикалық тұлғамен байланысты;
2) грамматикалық категория мағына мен тұлғаның сәйкес келуімен, арнайы грамматикалық формалармен берілетін қарама-қарсылықтағы жүйенің болуымен байланысты;
3) грамматикалық категория кем дегенде өзара қарама-қарсылық қатынаста болатын грамматикалық мағынадан тұрады;
4) грамматикалық категория мәні мен болмысы грамматикалық мағынаның берілу жолдары, яғни грамматикалық тұлғалардың жүйесі немесе өзгеріп отыратын парадигмасы арқылы анықталады. Қазақ тілінде морфология оқулықтары мен етістікке қатысты еңбектерде оның (етістіктің) грамматикалық категориялары қатарында шақ категориясы, рай категориясы, салттылық сабақтылық категориясы, етіс категориясы, болымды болымсыз етістік категориясы, жіктік категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы, қимыл атауы категориясы, есімшелер категориясы мен көсемшелер категориясы көрсетіліп жүр. Алайда бұл категорияларға қатысты ғалымдар пікірінде айырмашылықтар да кездеседі. Мәселен, Қазақ грамматикасы атты 2002 жылы жарық көрген соңғы іргелі академиялық грамматиканың етістікке қатысты бөлімінің авторы - С.Исаев[6]. Ғалым етістіктің грамматикалық сипатын және етістік тұлғаларының жүйесін түсіну үшін олардың (етістіктің сөз табының) сөйлеудегі қолданылу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажеттігін айтады. Ол етістіктердің қолданысына талдау жасай келе, таза грамматикалық категориялар деп жақ категориясы, рай категориясы мен шақ категориясын ғана көрсетеді [6, 512-527 бб.]. С.Исаев бұл категориялардың жоғарыда санамалап көрсетілген грамматикалық (морфологиялық) категорияларға қойылатын талаптарға толық жауап бере алатындығын негізге алған. Яғни бұл категориялардың грамматикалық мағынасы өзара қарама-қайшылыққа құрылған мағыналардың парадигмалық жүйесін жасай алады. Ал қалған категориялардың морфологиялық категория талаптарына толық сай келмейтіндігін, олардың өзіндік семантика-грамматикалық ерекшеліктерге ие болып келетіндігін айтады.
Етістіктің жалпы лексика-семантикалық сипаты мен морфологиялық құрылысы жөнінде жоғарыда берілген мәліметтер оның формаларының жүйесіне тән сыр-сипаттары түгел ашып бере алмайды, бірақ оларды анықтауға, саралауға қажетті негіз етерлік, таяныш санарлық материал бола алады. Ал етістік формаларының жүйесін анықтау үшін, сол жүйеге енетін формалардың негізгі граммтикалық сыр-сипаттарын ашып алу қажет. Өйткені ол жүйе етістіктің арнаулы формаларынан құралады. Формалардың ерекшеліктері олардың семантикалық және морфологиялық сипаттарын анықтау нәтижесінде ашылмақ. Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы жағынан және қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтенше орын алады. Етістіктің бұл төтенше орны, біріншіден, оның формаларының бәріне де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жалпы сипаттармен, екіншіден, сол формалардың өзді-өздеріне ғана тән, өзгелерінде жоқ жалқы ерекшеліктерімен байланысты. Өйткені етістік формаларының бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формаларды) етістік деп аталатын үлкен категориясының айналасына шоқтайтын жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды алды-алдына саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
Етістік негізі, қашан да болсын, өзіне лайықты, үйреншікті болып, әбден қалыптасқан арнаулы қосымшалары қосылғанда ғана тиісті киімін киіп, дербес лексика-семантикалық мәніне ие болып, грамматикалық қызметін мүлтіксіз атқаратын формаға айналады. Өйткені етістік қосымшалары әрбір семантика-грамматикалық топтың (форманың өзіндік сипаттарын), еркшеліктерін ашады. Ендеше, етістік формаларында жалпы қасиет те, жалқы қасиет те болады. Олардың алды-алдына сараланатын жалпы қасиеттерінен бір-бірін толықтырып, бір-бірімен селбесіп, өз ара ұштасатын жалқы қасиеттерінен бүтін сөз табының –етістікке тән барлық сипаттары құралады. Солай болса, етістік формаларының түп-түрін, олардың мағыналары мен қызметтерін анықтау –етістікке қатысты сөз формаларын жан-жақты етіп талдау, білу, баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді. 1. Етістік негізі.
. Қимыл атауы категориясы.
. Салттық және сабақтылық категориясы.
. Етіс категориясы.
. Болымдылық және болымсыздық категориясы.
. Амалдың өту сипаты категориясы.
. Есімшелер категориясы.
. Көсемшелер категориясы.
. Рай категориясы.
. Шақ категориясы.
Бұл категориялардың әрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-ақ қызметтері төменде алды-алдына баяндалады.
1.2.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі.
Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Қазақ тіліндегі етістіктің түбірі сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сол себепті қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондық-тан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады. Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады. Әрине, бұл екеуі екі басқа тұлға екені айқын, алайда көріністері бірдей. Бұйрық райдың арнайы көрсеткіші болмағасын түбірге сәйкес келетіндей сыртқы көріністе ғана болады.
Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б.
Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ-тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады[7.129].
Демек, бұл айтылғандар етістіктің түбір тұлғасы өзіне о бастан тән қимыл, іс-әрекетті білдіру мағынасымен бірге, түбір күйінде тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл- қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір. Етістік түбіріне берілген осы анықта-маның өзі нақтылаумен қатар, етістік түбіріне басқа тұрғыдан келуді қажет етеді. Қалыптасқан анықтама тұрғысынан емес, жаңа тұрғыдан қарайтын болсақ, осы анықтаманың дұрыстығы дау туғызады. Ең алдымен, етістіктің түбір тұлғасы беретін грамма-тикалық мағына мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы беретін мағына-ның арақатынасын ажырату керек.
Қимылдың түбір тұлғасына іс-әрекет, қимылды білдіретін грамматикалық мағына тән. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына оның (етістік түбірдің) бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрінде, яғни етістік белгілі бір тұлғасында беретін мағынасы. Етістік түбіріне 2 жақтық бұйрықтық мағына тән емес. Бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрі –етістік түбірінің бұйрықтық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық формасы.
Ал егер етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жағы бір грамматикалық мағынаны білдіріп, бір ұғым болып ұғынылатын болса, бірдей екі нәрсені екі бөліп атаудың қажеті жоқ сияқты. Олай болса, беретін мағыналары бір, сыртқы тұлғалары бір ұғымдарды бір атаумен атаған орынды. Егер етістік түбіріне бұйрықтық мағына о бастан тән болса, етістіктің белгілі бір тұлғадағы көрінісі, яғни бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрінде ол қайталанбаған болар еді.
Оларда 2 жақ бұйрықтық, жекешелік мағына бар. Бірақ осы етістіктерді тұтасымен алып түбір деуге болмайтындығы дәлелдеуді қажет етпейді. Мағыналық жағынан сәйкес келетін болымсыз етістік, етіс жұрнақтары жалғанған етістікті түбір деп қарастырмасымыз анық. Ендеше, етістік түбірі мен бұйрық райдың 2 жағы бір нәрсе емес. Сыртқы тұлғасы бірдей болып, қимылды білдіргенімен, екеуін бір нәрсе деп шатастыру дұрыс емес. Етістіктің түбір күйінде тұрып білдіретін грамматикалық мағынасы- қимыл, іс- әрекетті білдіру мағынасы. Бұл мағына етістік қандай тұлғада қолданылса да сақталады. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына етістік түбірінде жоқ, ол сөйлемде етістіктің бастауышпен (сен жіктеу есімдігімен ) қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын мағына. Етістік түбірі сөйлем ішінде қолданылғаннан кейін бас-тауышпен тікелей мағыналық қатынасқа енеді, екеуі бұйрықтық, жақтық, шақтық және жекешелік қарым-қатынасқа түседі. Міне, осы жердегі етістікке 2 жақ бұйрықтық мағына үстеледі. Демек, бұйрықтық мағына –етістік түбірінің сөйлеу процесінде қолданылғанда пайда болатын мағынасы.
Етістіктерді мін, ер, түс, айт, жүр деп сөйлем ішінде емес, сен деген бастауыш қызметіндегі жіктеу есімдігімен байланыстырмай жеке алатын болсақ, оларда 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, етістік түбірінде о бастан бар қимыл, іс-әрекетті білдіретін грамматикалық мағына бар. Бұл етістіктер сөйлем ішінде сен бастауышымен жақтық, жекешелік, бұйрықтық жақтарынан байланысып, етістіктің бұйрық рай формасында қолданылып тұр. Бұйрық рай- етістіктің рай категориясындағы белгілі бір тұлғасы, ол бұйрықтық мағынаны білдірудің арнайы грамматикалық формасы болып табылады. Ендеше, осы жердегі етістік түбірінің тағы бір грамматикалық ерекшелігі шығады. Ол ерекшелік етістік түбірінің түбір күйінде қолданылмайтындығында.
...Етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялану нәтижесінде қалыптасып, туатын жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенімен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды[8].
Сөйлемдерге айт, бол, тос, кет етістіктерін алайық.. Бұл етістіктер сыртқы тұлғасы жағынан етістік түбірімен сәйкес келеді де, бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасында қолданылған. Бірақ айт, бол, тос, кет етістік түбірлері мен сөйлемдегі айт, бол, тос, кет деген етістіктер бүтіндей бір емес. Сөйлемдерде етістіктер түбір тұлғаларында емес, бұйрық райдың 2 жақ формаларында қолданылған. Өйткені, сөйлемдерден анық көрінетіндей, айт, бол, тос, кет етістіктері бұл жерде сен деген бастауышпен қиыса байланысып тұр, сөйлемде ол айтылмаса да, оның бар екені грамматикалық байланысынан анық байқалатыны еш күмән тудырмайды. Сонымен бірге етістіктің түбіріне тән, бірінші лекси- калық айту, болу, тосу, кету қимылы мағыналары, екінші, сол лексикалық мағыналардың жалпылануы нәтижесінде туатын жалпы қимылды білдіретін грамматикалық мағыналар үстеліп отырады. Мәселен, айт-са-м, айт-қыз-ба-ды, айт-ып-ты, бол-айын, бол-ып, бол-сақ, бол-ғыз-ба, тос-қан, тос-ыңқыра, тос-ып-ты, кет-ті, кет-пе-сек, кет-ер, т.б. тұлғаларда жалпы айту, болу, тосу, кету қимылы сақталған да, бұйрықтық 2 жақтық мағына жоқ.
Етістік түбірінің осы ерекшелігін алғаш байқап, оның бұйрық раймен 1, 2 жақ, жекеше, анайы бір емес, тек сәйкес келетінін айтқан ғалым –Ы.Маманов.
...Негізгі етістіктер бұйрық райдың 2 жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді[8.234]. Ол етістік түбірінің бұйрық райдың 2 жағымен сыртқы тұлғасы жағынан ғана сәйкес келуін айтумен қатар, қалып етістіктерінен басқа етістік түбірлерінің тікелей жіктелмейтінін айтты. Бірақ Ы.Маманов бұл мәселелерді толық зерттеуге бармай, тек үстірт атап көрсеткен. Ғалымның пікірін С.Исаев дамытты. Ол өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар еңбегінде етістік түбірінің кейбір грамматикалық ерекшеліктеріне тоқтап өтті. Автор етістік түбірін тілде қалыптасқан қырынан емес, байқалмаған жаңа қырынан таныған.
Етістік түбірінде 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, ол тек сөйлеу процесінде бастауышпен қатынасқа түскенде ғана пайда болады? Бұл етістік түбірінің бір ғана грамматикалық ерекшелігі[9].
Қазіргі қазақ тілінде етістік грамматикалық тұлғаларға өте бай. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен қатар етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субьектімен және обьектімен әрқилы қатынасына байланысты ( шақтық, жақтық, райға қатысты) болу- болмауына байланысты т.б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады. Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер болып бөлінуімен, сондай –ақ етіс, шақ, рай категорияларынан,жіктелуінен көрінеді[10.121].
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика- грамматикалық категориялары, шақ, рай, жақ 1 жіктелуі түрлері грамматикалық деп те аталады.
Қазақ тіліндегі етістіктің құрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық қызметтерін-функцияларын осы тілдің тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек.
Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл дейміз. Сонымен бірге қазақ тілінде сөздердің тіркесуі арқылы да, яғни аналитикалық тәсілмен жаңа мағыналық қимылдық ұғым тудыратын сөздер жасалады.
Бағалады - 1 туынды етістік, жедел өткен шақ 3 жақ жекеше, синтетикалық тәсіл
Ыза болды 1 тіркесу арқылы, аналитикалық тәсіл, жедел өткен шақ, 3 жақ, нөлдік форма.
Қандай сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасының ерекшеліктері (сол семантикасы арқылы сөздер бір топ құрайды) екіншіден, грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадиг-малық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді топтасты-рудың негізгі үш принципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде, етістіктің басты семантикалық ерекшелігі - қимылды, іс-әрекетті, процестерді білдіру. Оқулық, грамматикаларда етістік-қимыл,іс-әрекеттің атын білдіретін сөз табы деген анықтама беріліп жүр. Бұл-дұрыс емес. Етістік қимыл, іс-әрекеттің, процестің атын емес, нақ өзін білдіреді, ал атауын етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы) білдіреді. Етістік грамматикалық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза грамматикалық категориялар жүйесінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Қазіргі қазақ тіліндегі бір жүйеге түсірудіқажет ететін, жоғарыдағы әңгіме болған жаңсақ пікір етістіктің түбірі.
Құрамы жағынан етістік түбірлер негізгі (оқы, айт, біл т.б.), туынды
(шеге-ле, сан-а т.б.), біріккен (әкел- алып кел, сөйт- солай ет т. Б.) қосарланған (бөліп жару, сылап-сипау т.б.) тіркесті (қор ету, жек көру т.б.) түбірлер болып келеді.
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолда-нылады. Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістік-тің мәнді, мәнсіз (Маманов Ы)[10] немесе толымды, толымсыз (Ысқақов А)[11] түрлері болады.
Қазақ тіліндегі етістік формасын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, алдымен екі үлкен топқа бөледі: 1. Негізгі етістіктер.2. Функциялық етістіктер. Бұлар өзінің мынадай қасиеттері арқылы бөлінеді. Біріншіден, қазақ тілінде негізгі етістіктер өздігінен жіктелмейді, яғни оларға жіктік жалғаулары, есім сөздер сияқты, тіке жалғанбайды. Ал функциялық етістік тұлғалары жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа бөлініп жіктеледі[12].
Функциялық етістіктердің екінші ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының грамматикалық фунциясын атқарады, яғни басқа сөз таптарымен мәндес болып келеді. Соған орай бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, -ғы формантты етістік, -с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, қызметі жағынан сын есімге бейім болады (есімше формалар). Үшінші топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, Қимыл үстеу деп аталады[13].
Бұған көсемше формалары, шартты рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктің рай, шақ формалары пайда болады.
Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап бөлуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістік-тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.
Түс-пе-й негізгі етістік түс-пе болымсыз етістіктің қосымшасы-й көсемшенің жұрнағы.
Қорық-па-са негізгі етістік қорық- па болымсыз етістіктің қосымшасы –са шартты рай.
Айт-па-ған-ды ( негізгі етістік айт-па болымсыз етістіктің қосымшасы –ған есімшенің жұрнағы, –ды табыс септігінің жалғауы(нені)
Кешір-ме-йтін (негізгі етістік кешір –болымсыз етістіктің қосымшасы –йтін есімшенің жұрнағы)
Қазақ тілінде етістіктердің есім сөздерден басты бір айыр-масы- жіктелу конструкциясында. Яғни, есім сөздердің түбіріне жіктік, тәуелдік жалғаулары тікелей жалғанып, жаққа бөлінетін болса, негізгі етістіктерге жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайды[6].
Екіншіден, егер негізгі етістіктер тікелей жіктелмейтін болса, функциялық етістіктер жіктік және тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы жаққа бөлініп түрленеді.
Қазақ тілінде етістік негіздерінің болымды және болымсыз түрлеріне арнайы форма тудырушы қосымшалар жалғану арқылы етістікке тән әр түрлі грамматикалық формалар пайда болады. Етістіктің мұндай формалары: есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай формасы, -ғы тұлғалы және ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдері.
Осы формалар өздерінің морфологиялық және синтаксистік қызметіне қарай үш түрлі қызмет (функция) атқарады. Бұлардың бір тобы өзінің семантикасы және синтаксистік қызметі жағынан зат есімдерге жақын келеді. Бұл топқа тұйық етістік және -ғы тұл-ғалы, ортақ етіс тұлғалы (-с) қимыл есімдері жатады. Сондықтан бұл үш форма қимыл есімдер деп аталады. Қимыл есімдерден зат есімдерден зат есімдерге айналған сөздер өте көп. Мысалы:оқу, жазу, егеу, бояу, соққы, түрткі, тескі, тепкі, айтыс, соғыс, күрес, қатынас, сөгіс, көсеу т.б. Мұндай сөздер қазақ лексикасын байытуда үлкен орын алады. Тұйық етістік пен ортақ етіс туралы қимыл есімі зат есімге тән септік, тәуелдік және көптік форма-ларымен түрленіп, қимылдың есімі түрінде зат есім мағынасында қолданылады да, сөйлемнің бастауышы мен толықтауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ автор –ғы тұлғалы қимыл есім тәуелдік жалғау арқылы үш жақта қолданылады да, кел көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі етістік түрінде жұмсалады, басқа түрде –ғы тұлғалы қимыл есімі тілімізде қолданылмайтындығы туралы пікірін айтады.
Етістік формаларының екінші тобына жататындары –есімшелер. Есімшелер өздерінің морфологиялық түрленуі және синтаксистік қызметі жағынан сын есімнің функциясын атқарады[14.201].
Яғни есімшелер зат есімнің тікелей алдынан келіп, анықтауыш қызметін атқарады да, сол анықтайтын затының қимылдық белгісін білдіреді. Мысалы: мінетін ат, айтар сөз, келген кісі, оқыған адам т.б. Сонымен бірге есімшелер септік, тәуелдік, көптік формала-рында қолданылып, сын есім тәрізді субстансивтенеді. Яғни зат есім мағынасында жұмсалады. Сөйтіп, есімшелер, сын есіммен функциялық ұқсастығына қарай қимыл сын деп аталады.
Етістік формаларының үшінші тобына жататындары - өткен шақ есімше (-ып, -іп, -п) келер шақ көсемше (-а, -е, й), мақсатты көсемше (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі), шартты рай формасы (-са, -се).
Бұл формалар өзінің морфологиялық белгісі және синтаксистік қызметі жағынан үстеудің функциясын атқарады.Сондықтан да бұл аталған формалар қимыл үстеу деп аталады. Қимыл үстеуге жата-тын етістік формалары өз алдына жеке тұрғанда, мағынасы тия-нақсыз болады да, сөйлем ішінде және сөз тіркесі құрамында басқа етістіктермен қарым-қатынасқа түсу арқылы ғана белгілі ұғымға ие болады. Былайша айтқанда, қимыл үстеулер жақ жалғаулары арқы-лы жіктелгенде немесе басқа бір көмекші етістіктермен тіркесіп келген жағдайда ғана олардың мағыналары тиянақталады. Мысалы: оқыпсың, оқыпты, жазамын, жазасың, қайтқалы отырсың, барғалы жүрсің, айтсаң етті т.б. Қимыл үстеу етістік формаларының қимыл есім және қимыл сын етістіктерінен өзгешелігі: бұлар зат есімге тән септік, тәуелдік, көптік формаларымен тәуелденбейді. Тек қана жақ жалғаулары арқылы түрленіп, предикаттық қызмет атқарады. Қимыл үстеуге жататын өткен шақ және келер шақ көсемше форма-лары жіктік жалғауы арқылы жіктеледі.( жазамын, жазасың, жаза-сыз, жазады, оқыппын, оқыпсың, оқыпты).
Қимыл үстеудің мақсаты көсемше формасы ешқандай қосымша қабылдамайды.
Сөйтіп, жіктелетін формалары белгілі сөз таптарының функциясына атқаруына байланысты функциялық етістіктер деп аталады. Етістік формаларының ішінде басқа сөз таптарының функциясын атқармайтын, тек жақ жалғауларымен түрленіп, преди-катив қызметінде етістік мағынасында ғана жұмсалатын жедел өткен шақ формасы мен бұйрық рай формасы[15.54].
Ы.Маманов қазақ тіліндегі барлық етістіктердің тізбегін мына түрде көрсетеді:
1. Негізгі етістіктер
а). Түбір етістік ә) Модификациялық етістіктер
1. Негізгі түбір 1. Етістер
2. Туынды түбір 2. Күшейтпелі етістік
3. Кіріккен түбір 3. Күрделі етістік
4. Қос түбір
5. Тіркесті түбір[8.300]
1.2.1. Етістіктер жүйесінің айқындалуы
Етістік жайында арнайы еңбек жазған Ы.Маманов етістіктер жүйесін айқындауда өзіндік тұжырымдама ұсынады. Ғалым қазақ тілінің жалғамалық қасиетін негізге алып, етістік категорияларын сатылай жүйелеу принципі бойынша жіктейді. Ол, ең алдымен, етістіктерді екіге ажыратады: негізгі етістіктер және функциялық етістіктер. Негізгі етістіктерге негізгі түбір етістік, туынды түбір етістік, тіркесті түбір етістік, қос түбір етістік, кіріккен түбір етістік сөздерді жатқызады және мұндай сөздердің лексикалық мағынаны білдіретіндігін айтып, оларды сөзжасамдық категорияға топтастырады. Ал осы етістіктерге жалғанып, грамматикалық мағына үстейтін тұлғаларды модификациялы етістіктер деп атайды, оларға етіс категориясын, күшейтпелі етістік пен күрделі етістіктерді жатқызады. Сондай-ақ, үшінші топ функциялық етістіктер деп аталады да, оларға тұйық етістік, есімше, көсемше жатқызылады [10]. Ғалымның тұжырымдамасы бойынша, етістіктер морфологиялық жағынан ең алдымен, лексикалық бүтін және грамматикалық бүтін болып екіге ажыратылады. Грамматикалық бүтін өз ішінде екіге бөлінеді: біріншісі - түбір етістіктің лексикалық мағынасына грамматикалық мағына үстейтін етістіктің формалары - модификациялы етістіктер; екіншісі –атқаратын функциясына қарай жіктелетін функционалды етістіктер. Ғалымның пайымдауынша, модификациялы етістіктер жалғанған түбірдің лексикалық мағынасын өзгертпей, оған грамматикалық мағына үстейтін формалар жатады. Олардың қатарына автор етістерді, күшейтпелі етістіктерді, күрделі етістіктерді жатқызады. Ал функционалды етістіктер қатарында тұйық етістікті, есімше мен көсемшені қарап, оларды топтастыруда тұйық етістіктің қимыл есімінің қызметін, есімшенің сын есім қызметін, ал көсемшенің үстеу қызметін атқаруын негізге алады.
Сонымен, жалпы грамматикалық категорияның жіктелуіне етістіктің түбіріне грамматикалық мағына үстеумен ғана шектелетін тұлғалардың және грамматикалық мағынаға қоса, лексикалық мағынасына қосымша жаңа мән үстейтін тұлғалардың сипаты негізгі белгі ретінде алынады. Соңғысы етістік түбіріне басқа грамматикалық тұлғалардан бұрын жалғанады. Бұл Ы.Мамановтың тұжырымдамасы бойынша болымдылықболымсыздық көрсеткіштерінің түбірге жалғану сипаты және оның негізгі етістікті функциялық етістіктен, жіктелетін формалардан ажырату шартымен сәйкес келеді. Ы.Маманов болымсыздықтың –ба-бе, -ма-ме, -па-пе көрсеткіштерінің тікелей түбірге жалғанатындығын, ал функциялы етістіктің грамматикалық көрсеткіштерінің осы болымсыздық қосымшаларынан кейін ғана жалғанатындығын айтады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ тіліндегі қимылдың түрлі ішкі өту ағымын білдіретін аналитикалық форманттар болымсыздық көрсеткіштерінен бұрын жалғанады. Яғни Ы.Мамановтың тұжырымдамасына сай тікелей жіктелмейтін тұлға болып табылады.
Ал басқа түркі тілдеріндегі етістік категорияларының жіктемесіне, оның ішінде етістіктің грамматикалық категорияларына қатысты айтылған еңбектерге шолу жасағанда түйгеніміз: қырғыз тілінде бірыңғай грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп анықталған [16, 85 б.]. Бұл анықтамаға сүйенсек, кез келген бірыңғай грамматикалық мағыналардың жиынтығы грамматикалық категория болып шығады. Анықтамада белгілі бір грамматикалық тұлғадағы бірыңғай мағыналардың өзара қайшы мәндес болып келу шарты қамтылмаған. Алайда бұл еңбекте грамматикалық категорияға ары қарай жасалған сипаттамада тектес мағыналардың кем дегенде екі тұлғада келу керектігі және осы ыңғайлас мағынаның өзара қарама-қайшы қатынас құрауы жайында айтылады. Яғни анықтамада қамтылмаған мәселелер мысалдар негізінде түсіндіріледі. Бұдан қырғыз тілінде де айналып келгенде грамматикалық (морфологиялық) категорияға қатысты тұжырымдардың жалпы тілтанымдағы пікірлермен мазмұндас екендігін байқауға болады.
рс
Лексика-грамматикалық категория
Грамматикалық категория
1.
Сөйлеуде көрінеді
Сөйлеуде көрінеді
2.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына тоғысынан көрінеді
Грамматикалық мағынаға негізделеді
3.
ГК-ның морфологиялық көрсеткіштері мағынасы жағынан тектес болады
4.
ГК-ның грамматикалық көрсеткіштері өзара оппозицияда болады
5.
Грамматика деңгейінде қаралатын категория (форма жасам мен сөзжасам арасындағы аралық құбылыс болып табылады)
Морфология деңгейіне жатады
6.
Лексика-грамматикалық мағына, бірақ лексикалық мағынаның сипаты сәл де болса басымдау болады
Таза грамматикалық мағына
7.
Лексика-грамматикалық көрсеткіш жалғанған сөздің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді (ал қалып етістіктерінің тікелей жіктелу себебі оның тарихында жатыр)
Грамматикалық категория көрсеткіші жалғанған сөздің түбір тұлғасы тікелей жіктеледі
Енді жоғарыда көрсетілген категория түрлеріне қойылатын талаптардың негізінде қарағанда, қазақ тіліндегі морфология деңгейінде қарастырылып жүрген кейбір грамматикалық категориялар (тар мағынада) жоғарыда аталған талаптарға толық жауап бере алмайды. Мәселен, категорияларға жіктеуде ұстанатын таза формальді белгілер тұрғысынан келгенде қазақ тіліндегі қимылдың өту сипаты категориясы осыған дәлел бола алады.
1.3. Етістіктің морфологиялық сипаттары
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Жалаң етістіктер
Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz