Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер.



I Кiрiспе
II Негізгі бөлім:
1. Delphi программалау ортасы
1.1. Delphi.дi iске қосу. Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер.
1.2. Оқиға. Код терезесi. Әдiс.
1.3. Компоненттер палитрасы.
1.4. Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру.
1.5. Проектiнi сақтау және ашу.
1.6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл.
1.7. Delphi ортасында шартты оператормен танысу
ІІІ Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер
І КIРIСПЕ

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Владимир Гофман, Анатолий Работа сбазами данных в Dеlрһі.
Санкт- Петербург, «ХВ-Петербург», 2002г.
2. Бойко В.В., Савинков В.М
Проектирование баз данных. Москва. 1998г.
3. Бобровский С.
Dеlрһі -5. Учебник курс. Москва, 2000г.
4. Культин Н. Самоуч.ОЫрЫ. Санкт-Перербург. 1999г.
5. Епамешиков Л.М. Программирование в среде Ое1рМ.
6. Шумаков П.В.
Dеlрһі и еотдяннс базы данных. Москва, 1997г.
7. Фиронон \\М.
Dеlрһі 4.0. Начинающий курс. 1999г.
8. Гринберг Ф., Гринберг Р.
Самоучитель программирования на входным языке СУБД Dbase. Москва, "Мир", 1989г.
9. Дарахвелидзе П., Марков Е.
Dеlрһі — среда визального программирования — СПБ. ВНУ — Санкт-Петербург, 1996г.
10. Рубенкинг Н.
Программирования Dеlрһі для "чайников". Киев, "Диалектика", 1996г.
11. Потоцкий В.К.
Объектно —ориентированное программирование. Ленинград, 1991г. 12,О.Камардинов, Х.Жантел! Dеlрһі 5-6. Шымкент, 2002 ж.

Жоспары

I Кiрiспе

II Негізгі бөлім:
1. Delphi программалау ортасы
1. Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер.
2. Оқиға. Код терезесi. Әдiс.
3. Компоненттер палитрасы.
4. Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру.
5. Проектiнi сақтау және ашу.
6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл.
7. Delphi ортасында шартты оператормен танысу
ІІІ Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер

І КIРIСПЕ

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары
мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп
өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу
құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау
жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland
Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development”
жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне
алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын
құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі
қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады.
Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым
біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару
программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық
құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша
ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған
білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай
пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар
жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде
Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал
компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің
орны ерекше.

Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген
операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзiрiн
құру,анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және
т.б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы
Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосымшаны бiрлесiп
дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған
программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып,
қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi
- мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың
меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн
объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi
пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн
бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi
кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп.
Нақты есептердi шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де
программалауды үйренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген программаларды
iс жүзiнде орындап, оларға түрлi өзгерiстер енгiзiп, жаттығу да мүмкiн.
Жетiстiк тек тәжiрибеге байланысты.
Delphi-дiң мүмкiндiктерiн бiр кiтапқа сыйғызу мүмкiн емес. Мұнда
студенттер мен өз бетiнше оқып үйренушiлер үшiн қажеттi негiзгi материалдар
қарастырылған, Delphi-дi терең оқып-үйренiп, күрделi қосымшаларды
дайындауға машықтанушылар үшiн кiтап соңына әдебиеттер тiзiмi енгiзiлген.

1. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

1.1. Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект.
Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесi

Delphi ортасымен танысу.
Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз
ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше
терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен
жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:
1. Негізгі терезе (Project 1)
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).
Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала
компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске
қосу командасы:
Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 ( Delphi 6
Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет).

1.1-сурет. Delphi ортасы

1 - Delphi 5-тiң негiзгi терезесi;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге
немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту
және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы. Негізгі терезе программаның жобасын
құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда
міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық
батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.
Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске
қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасқандықтан, ол
экранда көрiнбейдi.
Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және
компоненттер палитрасы (2-сурет) енгiзiлген. Негiзгi мәзiр

2-сурет. Delphi-дiң негiзгi терезесi

пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар
панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын
түймелер орналастырылған.
Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма -
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi.
Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-
сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты
нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.
Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер орнатылады.
Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында
орналасқан.
Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi
қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық
күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi,
өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма
қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның
кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект
инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор
терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған
форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына
таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде
форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер
терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Объектілер бақылаушысының терезесі 2
парақтан құрылады: Properties – қасиеттері және Events – оқиғалары.
Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері
анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі
оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.
Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға
болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға
Form1.Font.Size := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object
Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi басылған кезде де
көрiнедi.
Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct
терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау
жеткiлiктi.

1.2. Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс

Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы,
пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада
орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет
(тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс
iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi
шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны – 35 (3-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша
бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi
(қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн
белгi.
Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick – тышқан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove – тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты
түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas
атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар)
енгiзiледi (олар 1.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мәтiнiн
программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша
редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
- форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы
(үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура
атауларынан тұрады (4-сурет), т.б.
Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн
F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне
енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура
оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура
дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде
барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.

4-сурет. Программалық код терезесi. Онда көрiнген процедура дайындамасы
Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр
не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне
енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады.
Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны
проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол
автоматты түрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа
кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект):

program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

{$R *.RES}

begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
мұндағы,
Project1 – негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа
атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына
программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен
Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-
ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен
байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен
дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы,
шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану
керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - .res);
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм -
қосымшаның алғашқы жүктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-
әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi):

Application.Initialize – қосымша объектiсiн инициалдау (программаны
алғашқы рет дайындау) әдiсi;

Application.CreateForm – проект құрамына енетiн форманы дайындап,
экранда көрсету әдiсi (create - құру);
Application.Run – программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.
Delphi-де әдiстiң командалық түрде жазылуы:

Объект.әдiс

Мысалы, Application.Initialize – Application объектiсiнiң Initialize әдiсiн
орындау.
Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу
командасын қосып қою да мүмкiн, т.б.
Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негiзгi модульдi
орындаудан басталады.
Модуль – түрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi.
Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына
әдеттегiдей нүктелi үтiр (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады.
Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект
ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде қҮрылады:

unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.DFM}
end.

Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да,
оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм
сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы
дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мүмкiн. Одан әрi, Delphi
дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер
сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар
(программа элементтерi) жарияланады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер
енгiзiлуi мүмкiн (элемент – өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар);
Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын
кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары
енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана
анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.
Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} – .dfm
кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған
сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң
мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң
де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector
терезесiнде көрiнедi). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде
қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны
өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты
түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi.
Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны
дайындау үшiн қажет. Егер ол толтырылса, бҮл бөлiм басқаруды программа
денесiне беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end
кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм
толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де берілгендер қорын басқару жүйелері
Операторлар және ішкі программалар (Delphi программалау ортасы)
Delphi программалау ортасы
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Delphi программалау ортасының негізі
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және ережелері бойынша бағдарламасын құру
Форманың кейбір қасиеттері
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері
Темір жол вокзалының электронды кестесін құру
Пәндер