Зеренді өлкесі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы

2. Зеренді өлкесі - туризмнің жетекші аймағы

2. 1. Зеренді өлкесіндегі оқу - танымдық тәжірибе

2. 2. « Зеренді » мотелінің бизнес жоспары

3. Болашақтағы кемелденген туризм орталығы - Астана қаласындағы туристік маршрут

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның деректері бойынша, ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Туризм - бұл тек қана саяхат жасау немесе демалыс емес, экономиканың басты саласы. Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға алары - осы туризм. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді. Туризм экономика салаларынан ерекшелегі мұнда басқа сыртқы сауда салаларындағыдай өнімді емес, әсерді экспорттайды. Туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Осыған орай Елбасы ел экономикасын арттырудағы басым бағыттардың бірі туризмнің дамуына айрықша мән беріп келеді.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік алуымен еліміздегі туризм индустриясының келешегін анықтап алды. Қазіргі таңда республика шетел туристерін тарту үшін күш салуда. Туризмнің дамуы, әсіресе әлемдік туризмнің дамуы, валюта түсімінің артуына, бюджеттің толығуына, жұмыссыздықтың азаюына, жұмыс орны нарығының кеңеюіне, ұлт табысының және өмір деңгейіне көтерілуіне, қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының гүлденуіне, тұрақты дамуына мүмкіндік берген болар еді. Қазақстан бірегей табиғат ресурстары мен көшпелі халықтың төл мәдениетін бойына сіңіре отырып, халықаралық және аймақтық нарықтағы туризмнің дамуына әсерін тигізетін әлеуеттерге ие. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туризм қарқынды даму үстінде. Туризмнің барлық түрі белсенді дамуда. Сонымен қатар, қонақ үй шаруашылығының саны жағынан да, сапа жағынан да қатар өсіп жатқандығын айтып кету керек. Жыл сайын туристік фирмалардың және туризм саласында қызмет жасайтын адамдардың саны артуда. Мемлекет тарапынан да көп қолдаулар да табылып жатыр. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев “ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы” жарлығын бекіткен болатын. Және де өзінің Қазақстан халқына жолдауында туризм саласын дамытуды басты назарға ұстады. Осыған орай білім гранттарының санын көбейтіп, туризм саласы бойынша жетілдірілген, білікті мамандардың санын арттыруды көздеді. Бұл шаралардың барлығының басты көздеп отырғаны - сыртқы және ішкі туризм көлемін арттыра отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, ұлттық өнімнің тұрақты өсуі нәтижесінде тұрақтанған туризм индустриясын құру.

Жұмыстың мақсаты: «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері» пәнінен оқу жылында алынған теориялық және практикалық білімдерін баянды ету.

Жұмыстың міндеті: күрделі жер бедеріндегі қозғалыстың тактикасы мен техникасының практикалық дағдыларын меңгеру; бивактарды, түнеу орындарын ұйымдастыру; туристік құрал-жабдықтармен жұмыс; саяхат аймағымен танысу.

Аталған мемлекеттік білім гранттардың иегерлері, біз - Еуразия ұлттық университетінің студенттері, туристік тәжірибеден өткен болатынбыз. Тәжірибе бағдарламасы 5 күнге созылған болатын. Алғашқы кезең - Зеренді ауданындағы туристік тәжірибе болса, екінші кезең - Астана қаласына жасалған туристік маршрут болатын болатын. Бұл туристік тәжірибеде 1-курс бойы алған теориялық білімдерімізді тәжірибе жүзінде қолданып, оның мәндерін толығырақ ұққандаймыз.

БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫ

Қазіргі таңда туризм-әлемдік экономиканың жетекші саласы болуымен қатар, адамдардың салауатты өмір сүруінің пәрменді құралы ретінде танылып отыр. Мемлекетіміздің «2030 жылдарға арналған стратегиалық бағдарламасында» туризмнің қоғам мен адам игілігі үшін атқаратын іс-әрекеттері айқындалып, оны жандандыру мен дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылған. Туризм-адамдардың мақсат-тілектері мен мұқтаждықтарына сәйкес бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты қызмет көрсету формасы. Туристік қызмет- туристік шаралар мен іс-әрекеттердің жиынтығы.

Олай болса туризмнің негізгі жұмыс істеу формаларының бірі - ол белсенді туризм. Енді сол белсенді туризмге кеңінен тоқталсақ.

Белсенді туризм - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу - табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі - қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау және демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.

Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен және т. б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан - белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Және белсенді туризм, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын болып саналады (Сурет 1. ) .

Тіпті ең қарапайым туристік маршруттардың өзінде қауіптер болады. Бірақ, барлық қауіптерден егер уақытылы көріп және бағалайтын болса, оларды жоюға болады. Әдетте, апаттар топтың жолында қандай да бір қауіптердің соғанға дейін болмағандықтан болмайды. Олар туристердің апатты жағдайларда өздерін дұрыс ұстай алмауларынан болады. Керісінше, қандай жағдай болмасын, табиғат қандай кедергілер туғызбасын, өзін дұрыс ұстаған туристік ұжым көптеген жағдайда қауіптермен қиын күресте жеңімпаз болып шығады. Сол үшін де белсенді туризнің техникасы мен тактикасын білген жөн.

Сурет 1. Белсенді туризмнің түрлері

Туризмнің техникасы - көп қырлы ұғым . Нақты туристік жорық желісінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды пайдалану іскерлігі мен табиғи кедергілерді жеңу әдістерінің жиынтығы - туризмнің техникасы деп аталады. Жорық түріне байланысты туристерге әртүрлі кедергілерді жеңуге тура келеді, ал ол үшін:

а) жорық желілерінің табиғи кедергілерінің сипатын білу;

б) жорықтың арнайы түріне арналған кедергілерді жеңу дағдылары мен білімін қалыптастыру;

в) жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде лайықты жабдықтарды таңдап алып, оларды қолдана білу қажет; [1]

Сонымен қатар рекреациялық (сауықтыру, көңіл көтеру, танымдық) туризмге мінездемелі мақсаттар: жарыстар мен жорық сапар желілеріндегі қарапайым табиғи кедергілерді жеңу, далалық лагерь ұйымының және туристер тобының қоректенуін ұйымдастыру; жергілікті жерді қатесіз бағдарлау. Спорттық туризмге қатысты мінездемелер: әртүрлі қиындық категорияларын жеңу (оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету), қоршаған ортаның әртүрлі шарттарында туристердің өмірін қамсыздандыру. Тап осы мақсаттардың шешілуі туристік шараларға қатысушылардан туристік техниканың арнайы көлемін білуді талап етеді. Басқа сапалардың арасында әртүрлі туристік техника дәрежесін білу туристердің профессионалдық дәрежесін білдіреді. Туризмнің техникасы әртүрлі және онымен танысуды оның классификациясынан (таптастырылуынан) бастау керек. Классификация, әдетте, зерттеліп жатқан заттың бөлімі туралы білімдерді, бұл жағдайда - туризм техникасы туралы білімді, жүйелеуге көмектеседі.

Туризмнің техникасын классификациялау. Біздің пікірімізше ең мәнді туризм техникасының үш негізін анықтайық. Біріншіден, туристік техника қолданатын мақсат. Әрине, туристік жорықтар мен жарыс дистанцияларында қолданылатын құралдар мен әдістер шешілуші мақсаттарға көңіл бөлуімен ерекше. Мысалы, жорық желілерін бағдарлауда қолданылатын техникалық әдістер мен құралдар тау өзенінен өтуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары мен әдістерінен ерекше. Бірінші жағдайда, туристер аспан шырақтары арқылы бағдарлау, карта арқылы қозғалу әдістерін және т. б. қолданады. Жергілікті жерді бағдарлау үшін топографиялық карта, компас, глобалды позициялау жүйесі GPS қызмет етеді. Екінші жағдайда туристерді тау жарларында сақтандыру әдісі ретінде өзін-өзі сақтандыру қолданылады. Сақтандыру құралдары ретінде негізгі арқан, дара сақтандыру жүйесі, карабин және басқалар қолданылады. Сонымен туризм техникасын келесі түрлерге топтастыруға болады:

  • табиғи кедергілер арқылы қозғалу техникасы (табиғи кедергілерді жеңу техникасы) ;
  • сақтандыру техникасы;
  • бивуак жұмыстары техникасы;
  • жерді бағдарлау техникасы;
  • іздеу-құтқару техникасы. [2]

Туризм техникасы жорықтар түрлеріне байланысты ерекше. Мысал ретінде су және шаңғы жорықтарын алайық. Су жорықтары мен шаңғы жорықтары техникасы әртүрлі (техникалық әдістері мен қозғалыс құралдары да әртүрлі) . Жергілікті жерді бағдарлау құралдары мен әдістерінің ұқсастығымен қатар, су және шаңғы жорықтарында бағдарлау техникасы да өзіндік ерекшеліктерге ие. Су жорықтарында бағдарлау шеңбері жағалаулар (кемеден көрінетін) аймағымен шектеледі. Қозғалыстың жалпы сызығы (өзен) айқын және бірінші жоспарға өзенде тұрған әрбір кезең, табиғи кедергілердің орналасуы (табалдырықтар, қайраңдар және басқалар), табиғи кедергілерді нәтижелі жеңу жолы шығады. Осыған байланысты су жорығында бағдарлау техникасының негізі - өзен ағысында картамен және өзенен көрінетін бағдарлар көмегімен қозғалыс болып табылады. Кәдімгі топографиялық картадан басқа туристер бағдар құралы ретінде арнайы құрал - лоцияны қолданады. Лоция - еркшеліктері (өзен жағаларының күрделі ағыс бөлігінің сипаттамасы, өзенде бағдарлау, өзен арнасындағы кедергілер мен оларды жеңу тәсілдері) толық суреттелген арнайы өзенде еспелі қайықпен жүзуге арналған басшылық. Шаңғы туризмінде, керісінше, жорық желісінің сызығы көп жағдайларда белгісіз. Туристер жорық желісімен нақты қозғалыс бағдарын қамтамасыз ету үшін бағдарлау құралдары мен әдістерінің барлық жинағын қолданады. Арнайы жорық түрлері үшін қалған техника әдістері ерекше. Сонымен, екіншіден, жорық түрлеріне негізделіп біз туризм техникасын келесі топтарға бөле аламыз:

  • жаяу жорықтар техникасы;
  • шаңғы жорықтары техникасы;
  • су жорықтары техникасы;
  • веложорықтар техникасы және тағы басқалар.

Үшіншіден, кез-келген турим техникасын субъектілер (туристер) саны негізінде екі түрге бөліп қарастыра аламыз:

  • дара техника
  • топтық техника.

Туризмнің тәсілі (тактикасы) . Спортта тәсілді спорттық күрестерді басқару өнері сияқты бағалайды. Туризмде де тәсілді жорықтар мен жарыстар өткізу өнері деп айтсақ болады. Бірақ біз туризм тәсіліне хабарлы анықтама береміз. Жорық желісін өту кезінде қажетті құралдар мен іс-шаралар жиынтығын белсенді туристік жорықтарда қолдану «тәсіл» ұғымына байланысты. Басқа авторлар тәсілді көздеген мақсатқа күштің, құралдардың, уақыттың ең аз шығынымен және қажетті қауіпсіздік дәрежесімен жетуді қамтамасыз ететін әрекеттер мен шаралардың жиынтығы ретінде қарастырады. Тәсіл жорықтың жоспар-кестесін өңдеуден, оны орындаудың нақтылы жағдайларының толық есебінен, яғни қозғалыс сызығы мен сәйкес әдістерден, жорық желісінің бөлек аудандарынан қажетті қауіпсіздік дәрежесімен өтуден тұрады. Ең аз материалдық, физикалық және психикалық шығындармен жорық мақсатына жетіп, жарыс шарттарын қалай орындауға болады? Бұл шешімі бөлек-бөлек тәсілдік мақсаттардың қатарын шешетін туризм тәсілінің негізгі сұрағы. Арнайы әдебиеттерде тәсіл ұғымын туризмнің техникасы ұғымымен байланыстырып, техникалық-тәсілдік шарттарды шешу туралы әңгімені жиі қозғайды. Шынымен, туристік тәсілдер туристердің нақты мақсаттарды шешуге арналған техникалық құралдар мен әдістер жиынтығын таңдауы барысында іске асады. Осыған сәйкес, игерілген техникалық құралдар мен әдістер көп болса, тәсілдік шешімдер үшін де мүмкіндік көп. Және керісінше, егер турист осы мақсатты шешуге арналған әдістердің біріне ие болса, тәсіл туралы айтудың керегі жоқ. Туристік техника классификациясына сәйкес біз туризм тәсілін де классификациялай (таптастыра) аламыз:

  • сақтандыру тәсілі;
  • табиғи кедергілерді жеңу тәсілі;
  • бивуак жұмыстарын ұйымдастыру тәсілі және тағы басқалар.

Бірақ, тәсіл ұғымы нақты шарттарды шешуге және оны таптастыруға арналған техниканың үйлесімі ретінде өте тар келіп, туризмнің тәсіліне нақтылы мағына бермейді. Шынында, «тәсіл» ұғымын жорықтар мен жарыстарды ұйымдастыру мен өткізудің барлық аспектілеріне қолданудың керегі жоқ. Дайындық кезеңі туристік шараның мақсатына жетуі үшін маңызды емес пе? Мысалы, ауданда орналасқандардың ішінен басты рекреациялық және танымдық объектілерді анықтау; жорық желісін өңдеу, жорықтың танымдық мақсатын жақсы орындап, таңдалған рекреациялық объектілерде демалу - осының барлығы шипалы жорықты іске асыруға арналған тәсілдік мақсаттар. Біз туризмнің тәсілін тәсілдік шешімдер қабылдау кезеңіне негіздей отырып, бөле аламыз.

Туристік жорықтың тәсілі бөлінеді:

а) жорыққа дейінгі (жорыққа дайындық) ;

б) жорықтық (жорықты өкізу тәсілі) .

Жорыққа дейінгі тәсілге жатады:

1) жорық желісін таңдау;

2) жорықтың кестелік-жоспарын құру;

3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін құру;

4) физикалық және техникалық дайындығы, туристік тәжірибесі деңгейіне байланысты таңдалған жорық желісін табысты жеңе алатын туристер тобы мен топ басшысын іріктеп алу.

Жорықтық тәсілге жатады:

  1. жорықтың жалпы жоспары мен бөлек аудандарды өту графигін толассыз түзету;
  2. нақты рельефте, нақты жағдайда жол таңдау;
  3. жорық желісінің әрбір ауданынан өтуде топ қозғалысы тәртібін таңдау мен жүзеге асыру. [3]

Жоғарыда айтылған классификациядан басқа, туризм тәсілі жеке және топтық тәсілдерді қарастырады. Жеке тәсіл жеке жағдайлар мен бүкілтуристік тапсырмалар: жеке жарақтарды таңдау, күндізгі асулардан өту жұмыстарын бөлу, кедергілерден өтуге әдіс таңдау, ұйқыға кететін уақытты бөлу және тағы басқаларды шешуге арналған тәсілдерден тұрады. Топтық тәсіл дайындық және жорық кезеңіндегі бүкілтоптық кедергілерді әсерлі шешуге бағытталады.

Жорықта барлық тәсілідік сұрақтар жыл және күн мезгіліне, рельефке, ауа-райына, физикалық ауырлыққа, құрал-жабдықтарға байланысты шешіледі. [4] Сонымен қатар, бір жағдайда уақыт факторы (мысалы, топтың тегіс жол бойында қозғалысы) шешуші болса, екінші жағдайда - рельеф қиындығы, ауа-райы, топтың күші мен жабдықтары шешуші болады. Жорық желісінен туристік топтардың белгілі бөлігінің түсуі, туристердің зақымдар алуы, соның ішінде ажалды нәтижелі, туристік топ басшыларының барлық әсер етуші факторларды есепке ала отырып үйлесімді тактикалық жоспар құра алмауынан болады. Сонымен қатар, туризм мамандарының дұрыс тәсілдік шешімдер қабылдай алмауы қаржылық және материалдық қаражаттардың артық шығынына алып келеді, және соңында туристік құрылымдар қызметінің коммерциялық нәтижесін қысқартады. Осыған орай, туристік құрылымдарды ұйымдастырушылардың техникалық-тәсілдік дайындық қажеттілігі туатыны айқын.

Техникалық-тәсілдік дайындық ретінде маманның өз бетімен жорық желілерін үйлесімді өңдеп, ұйымдастырып, барлық жорыққа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы белсенді туристік жорықтарды өткізе алуы жатады. Туристік фирма арқылы белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыратын туристік фирма менеджері мен жол нұсқаушы-гидтердің техникалық-тәсілдік дайындығын ажырата білу керек. Егер менеджерлер жорыққа дейінгі тәсілдерге ие болса, жол нұсқаушы-гидтер өзінің іскерлік кәсібінде жорықтық тәсілдерге арқа сүйеуі керек.

Жорықта тәсілдік тапсырмаларды шешімі динамикалық факторлардың жиынымен жиі шиеленіседі. Ең алдымен, оларға ауа-райының күрт өзгеруі, табиғи апаттар, апатқа ұшыраған басқа туристік топқа көмек көрсету, жорық мүшелерінің бірінің жарақат алуы немесе сырқаттануы, топтың жағымсыз күйі және т. б. жатады. Бірақ, туристік құрылымның менеджері туристерге жол нұсқаушы, гидтер және топ басшыларының таңдалып, дайындалуына жауапты екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан ол белсенді туристік жорықтың жорыққа дейінгі және жорық үстіндегі тәсілдерін жетік меңгеруі тиісті.

Тамақтандыру қағидалары. Тамақтандырудың ғылыми негіздері. Физикалық жүктеме болғандағы энергия шығыны. Тағамдардың энергиялық құндылығы. Тамақ біріншіден адамға энергия береді, екіншіден , құрылыс (пластикалық) функциясын орындайды. Адамға қажетті негізгі тамақтандыру заттары: ақуыз, майлар, көмір-сулар, минералдық тұздар.

Ақуыз - ағзаның өте маңызды бөлігі, өмір негізі болып табылады. Ақуыз құрамында май мен көмір-суда кездеспейтін азот бар. Азықтағы ақуыз ағзаның үнемі бұзылып, жойылып тұратын ақуызын қайта құрады. Сонымен қатар, энергияны да береді (ақуыздың бір граммы 4, 1 килокалория береді) . Ақуыз заттар алмасуы мен қан толтыруды ынталандырады. Ең құнды ақуыз етте, сүтте, жұмыртқада, балықта болатын жануар ақуызы, бұршақта, фасольде, ірі бұршақта, кептірілген саңырау құлақта да бар.

Тәулік рационында салмақтың әрбір килограммына 1, 3-1, 5 г ақуыз келу керек, яғни адамның салмағы 70кг болса, тәулігіне 100г ақуыз тұтынуы қажет. Ауыр жұмыс істесе ақуыз минимумы 1кг салмаққа 2г ақуыз болу керек.

Майлар - жылу, энергия беретін зат. Майдың бір граммы 9, 5 килокалория береді. Май адам ағзасында қор ретінде жиналады: дені сау, салмағы 70кг ер адамда 12кг май болады. Бұл қордың энергиясы бір айға жеткілікті.

Бір тәулікке 50-100г (600-900 калория) май қажетті. Одан көп болса май артық болады, адам семіріп кетеді.

Көмір-суларға дәнді дақылдардағы, картоптағы, көкөніс пен жеміс қабығындағы өсімдік крахмал, гликоген (жануарлардағы крахмал) жатады. Ең үлкен мөлшері - қантта. 1г 4, 1 калория береді.

Көмір-судың үлкен жігі бауырда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Артық көмір-су майға айналады. Бір жегенде қант мөлшері 100 грамнан аспау керек.

Жорық кезінде гликоген қоры азаяды да адамның еңбек қабілеті төмендейді, сондықтан қосымша қант немесе глюкозаны қабылдау керек. Клетчатканы артық жесе, ол ауыр болады, тыныс тарылады, сондықтан қиын маршрутта клетчаткасы көп тағамдардың мөлшерін азайту керек.

Су мен минералды тұздар. Су адамның салмағының 70% құрады, судың маңызы өте үлкен. Су болмаса, өмір үрдістерінің барлығы үзіледі. Тамақсыз адам бір айдан көп өмір сүре алады, ал су болмаса, бір аптаға жете алмайды. Тамақ пен ішімдіктер арқылы адам тәулігіне 2, 5 л су тұтынуы қажет. Сүт құрамында судың үлесі 87, 2%, көкөністер мен жемістерде 90% дейін, етте75% дейін, нанда 47% дейін. [5]

Өмір әрекеті тұзсыз да жүре алмайды. Адам ағзасы Ca, Na, K, Mg, P, Fe, S, Mn, As, I тұздарын үнемі қажет етеді. Ас тұзы асқазан шырыныың құрамына кіретін тұзды қышқылын жасау үшін керек. Оның жетіспеулігі жүрек-тамыр жүйесінің, бүйрек, басқа органдардың жұмысын бұзады. Ас тұздың тәулік қажеттілігі 12-15г, ауыр жұмыс істеп қатты терлегенде одан да көп.

Са тұздары сүйек клеткалары мен қан құрамына кіреді. Сүт тағамдарындағы кальций тұздары жақсы сіңеді. Тәулікте кальций қажеттілігі 0, 8г.

Жүрек пен сүйек жүйесіне магний тұздары қажет. Олар қара бидай нанда, ірімшікте, фасоль, бадамда (миндаль) көп. Фосфор ағзаның жүйкелік және бұлшық еттік әрекетіне қажет. Тәулігіне 1, 5г қажет. [6] Фосфор жұмыртқаның сарысында, сырда, бұршақта, жаңғақтарда, етте болады. Темір гемоглобин жасайтын қанның қызыл бөлшектерінің құрамына кіреді. Гемоглобин құрамындағы темірсіз газ алмасуы мүмкін емес.

Витаминдер тамақта жоқ болса, неше түрлі авитаминоз аурулары пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz