Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны ... ... .6
1.2 Кәсіпорын . басқару объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БӘСЕКЕЛЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1. «Қазақпарат» компаниясының даму тарихы және оның ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2. «Қазақпарат» компаниясының 2006.2008 жылдардағы қаржылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.3 «Қазақпарат» компаниясының қызметін басқару принциптері мен тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .40

III. КӘСІПКЕРЛІК САЛА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
КІРІСПЕ

Кәсіпорын – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін кәсіпорында табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғамдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Мемлекет меншігі – бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен қатар тұтас макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп шығару механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік меншікті басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген, анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Тақырып өзектілігі кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаттары қоғам мен мемлекет қажетіне қарай айқындалатынында. Негізгі оның тағайындалуы мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау; экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация. 25 қазан 1991 жыл.
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 23 қаңтар 2002 жыл.
4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы // Егеімен Қазақстан, 12 қыркүйек 2001 жыл.
5. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуының стратегиясы». Ал-маты, Дәуір , 1993 жыл.
6. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030» Елбасының Қазакстан халқына Жолдауы. 1 қазан 1998 жыл.
7. Н.Ә. Назарбаев. Еркін де еңселі әрі қауіпсіз коғамға қадам басайық. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, // Егемен Қазақстан, 25 казан 2001 жыл.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2001 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы. // Егемен Қазақстан, 15 сәуір 1999 жыл.
9. Өзіндік басқару мен өзіндік каржыландыру тұжырымдамасы. Алматы, 1991 жыл.
9. 2001-2006 жж. кезеңге арналған «Селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы» мемлекеттік бағдарламасы. // Егемен Қазақстан, 22 тамыз 2001 жыл. Жоба.
10. К. Б. Бердалиев, С. Ы. Өмірзақов, Б. К. Есенғазиев, Қ. Р. Ерғалиев. Басқару негіздері: Алматы, Экономика, 1998 жыл.
11. К. Б. Бердалиев - Основы управления экономикой Казахстана. Алматы: Экономика, 1999.
12. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. ™ М.: Экономика, 2000.
13. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред.
Петрова Р. П. СПб, 1999.
14. Динкевич АК. К осмыслению опыта экономического развития Японии // Российский экономический журнал. 1992. №10.
15.Елемесов Р., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
16. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахстан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Университет «Туран», 1999.
17. Вопросы экономики. 1990. №5.
18.Заявление Кабинета Министров Республики Казахстан об экономической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
19.Ихданов Ж. О., Сансызбаева Г.Н., Саханова АН. Планово-финансовые механизмы регулирования экономики. — Алматы: Экономика, 1998.
20.Казахстан 1991 - 2001 годы: Информационно-аналитический сборник. Агентства РК по статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
21.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современность, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
22. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
23.Класс Эклунд. Эффективная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).— М.: Экономика, 1991.
24. Кошанов А. К. и др. Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
25. Ливщиц А, Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны ... ... .6
1.2 Кәсіпорын - басқару объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БӘСЕКЕЛЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1. Қазақпарат компаниясының даму тарихы және оның ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Қазақпарат компаниясының 2006-2008 жылдардағы қаржылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

2.3 Қазақпарат компаниясының қызметін басқару принциптері мен тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .40

III. КӘСІПКЕРЛІК САЛА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...61

КІРІСПЕ

Кәсіпорын –нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін кәсіпорында табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғамдық санада кәсіпкер –бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Мемлекет меншігі –бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен қатар тұтас макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп шығару механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік меншікті басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген, анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Тақырып өзектілігі кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаттары қоғам мен мемлекет қажетіне қарай айқындалатынында. Негізгі оның тағайындалуы мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау; экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету; мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру іспеттес әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады.
Негізгі мақсат –Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды басқарудағы маңызды, өзекті мәселелерді ашу.
Аталған мақсатқа жеті үшін қойылған міндеттер келесідей:
мемлекеттік кәсіпорынды жеке кәсіпорындармен салыстыра қарастыру;
нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорындардың бәсекелестік тиімділігін анықтау;
Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерлікке талдау жасау.
Аталған жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
бөлім - нарықтық экономака жағдайындағы жалпы кәсіпорынның мәні мен мазмұнын ашып, оны басқару туралы түсінік береді; 2 бөлім –зерттеу объектісіндегі, яғни нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттіліктері жайлы талдау мәліметтерін қамтиды; 3 бөлімде – кәсіпорындарды басқару қызметін жетілдіру жолдары мен оның болашақтағы көрінісі қарастырылған.

I. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны

Қазіргі әлем әртүрлі ресми және ресми емес ұйымдар ретінде қарастырылады, яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіатер, мемлекеттік мекемелер. Кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып, әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие. [1]
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек кәсіпорын ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз байланыста болатын кәсіпорындардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші кәсіпорын қызметіцнің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты. Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып көретін болсақ, оның негізі ретінде кәсіпорын түрады. Кәсіпорын деңгейіндегі үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтык және ведомстволық басқару екінші кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты басқару жүйесіндегі кез келген өзгерістер кәсіпорын қарекетіне жағымды әсері болмаса, оның қажеті шамалы-ақ.
Кәсіпорын –бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын (ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға ретінде елдің заңдар жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді. Заңды тұлғаның сипаттамаларына келесілер жатады: өз мүлкінің болуы; тәуелсіз мүліктік жауапкершілік; сатып алу, қолдану және өз мүлкіне үкім шығаруға, сонымен қатар, заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттерді өз атынын жузеге асыруға құқығы бар; сотта өз атынан талапкер және жауапкер бола алатын, жеке бухгалтерлік баланс жүргізуге және банкте есеп айырысу немесе басқа да шоттарды иемденуге құқығы бар.
Шаруашылықтың кез келген формасындағы кәсіпорын мемлекет экономикасында маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша кәсіпорын келесі жағдайларға негіз бола алады:
- ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің көбеюіне;
- мемлекеттің өмір сүру мен өз қызметтерін орындауға мумкіндік береді. Яғни мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігі кәсіпорындардан алынатын алым-салықтар есебінен қалыптасады:
- мемлекеттің қоғанысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
- қарапайым және кеңейтілген өндіріске;
- ұлттық ғылым мен ғылыми-техникалық прогрессті дамытуға;
- елдің барлық деңгейдегі азаматтарының материалдық жағдайын көтеруге;
- медицина, білім, мәдениеттің дамуына;
- жұмыссыздық проблемасының шешілуіне;
- басқа да көптеген әлеуметтік проблемалардың шешілуіне негіз болады.
Кәсіпорын бұл жетістіктерге нәтижелі қызмет ету жағдайында ғана қол жеткізе алады. [2]

Сурет 1
Мүдделі, қызығушы топтар және олардың кәсіпорынға жақындық деңгейі

Қоршаған табиғаттың қалған бөлігі
Салықтық қызмет,
тәртіпті сақтау органдары
ұлттық экономика. Кәсіподақ
субъектілері
Көрші
мемлекеттер Акци онерлерді
қорғау қоғамы
Қызметтестер

Мемлекет Несиелік-
қаржылық
ұйымдар
Саяси партиялар,
халықаралық Акционерлер
экономикалық
институттар Кәсіпорын


Қоғамдық Инвесторлар
ұйымдар

Бәсекелестер

Жабдықтаушылар

Сатып алушылар Ғылыми-зерттеу
қарекеті

Кредиторларды
қорғау қоғамы Тұтынушылардың ұйымдары

Жоғарыда келтірілген суретте кәсіпорынның мақсатын анықтауға ықпал ететін әртүрлі топтардың мүдделері көрсетілген. Бұл топтардың кей біреулері, әсіресе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«МАШСВАР» ЖШС
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының құрылыс нарығы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру
Бизнес-жоспарлардың мазмұны
Монополия туралы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Пәндер