Карабин


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Туристтік карабиндер: сипаты, түрлері және ерекшеліктері

2. Карабиндерді туристтік жорықта қолдану мақсаты және ережелері

3. Карабиндерді қолданудың техникасы мен тактикасы (туризм түрі мысалында)

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр.

Туристердің туристік саяхат барысындағы денсаулығы, көңіл-күйі, ыңғайлылығы, қолайлығы және саяхаттың сәтті өтуі құрал-жабдықтармен жабдықталғанына тікелей байланысты болып келеді. Құрал-жабдықтар гигиена, қауіпсіздік және техникалық эстетика талаптарына сай келуі керек.

Сонымен қатар туристік саяхаттардың түрлері мен шарттарына орай құрал-жабдықтарға ерекше талаптар қойылады:

  • ықшамдылығы: аз салмағы мен мөлшері;
  • сенімділігі: мықтылығы, салқында, ыстықта және жоғары ылғалдылық жағдайында қолдану мүмкіндігі;
  • қолданудағы қарапайымдылығы: жорықтарда жөндеу мүмкіндігі;
  • әмбебаптығы: түрлі мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі

Құрал-жабдықтарды төмендегідей бөліп қарастыруға болады:

  • Жеке құрал-жабдықтар (жеке қолданылатын заттар)
  • Топтық құрал-жабдықтар (туристік топқа ортақ құрал жабдықтар)
  • Арнайы құрал-жабдықтар (маршруттағы табиғи кедергілерден өту үшін қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар (арқан, карабин, альпеншток, мұз ойғыш, т. б. )
  • Приборлар (навигация, байланыс, фото және видео түсірілімдерге қажетті заттар)

Құрал-жабдықты дайындағанда топ мүшелерінің санына, жорық маршрутында кездесетін әртүрлі табиғи кедергілер түрлері мен жорық өтетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Құрал-жабдықтардың кейбір түрі жорықтың барлық түріне қолданса, ал кейбір түрі жеке бір жорық түріне қолданылады. Мысалы: шаңғы туризміндегі примус, пеш немесе су туризміндегі судан, суықтан қорғайтын комбинезон, құтқару киімдері және т. б.

Әрбір турист өзінің жеке тәжірбиесінен немесе әріптестерінен көптеген ұсақ-түйек заттарды, соңынан негізгі және пайдалы болып көрінетін практикалық кеңесті біледі. Мұндай ұсақ-түйекті білу саяхатты дұрыс ұйымдастыруға, жорыққа барынша толық жағдай жасауға, жолда әр туристке кездесетін соқтығыстарда қиындықтар мен табиғи кедергілерді жеңіп шығуға көмектеседі. Яғни жорыққа қажетті, міндетті құрал-жабдықтар мен қатар ұсақ-түйекті де естен шығармаған жөн.

Осылардың ішінде арнайы құрал-жабдық және туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдың бірі болып карабин табылады. Туристер карабиндерді маңызды туристік құрал-жабдық ретінде пайдаланады. Әсіресе карабиндерді альпинистер кеңінен пайдаланады. Оларды сақтандырудің шаппалы және қыспа құрылғыларын бекіту үшін, жіптерді жалғау үшін қолданады.

1. Туристтік карабиндер: сипаты, түрлері және ерекшеліктері

Карабин (сақтандыру карабины) - жіпті бекіткіш нүктелерге және бедер тірегіне, қатысушылардың жеке сақтандыру жүйесіне және басқа да механикалық жүйелер мен құрылғыларға қосуға арналған механикалық бөлшекті құрылғы. Карабин сақтандыру шынжырында үйкеліс элементі ретінде қолданылады. Сақтандыру карабиндері сақтандыру шынжырында және күш беретін ауыр жүктеме жүйесінде қолданылатын және басқа қосымша мақсаттарға пайдаланылатын қосымша карабиндер деп бөлінеді.

Сурет 1. Карабин

Сақтандыру карабині жабық және муфталанған құлыппен негізгі, жүк осі бойынша кепілді беріктігі 2200кГ-дан кем болуы керек. Оның беріктігі, бұл режимде, оның бүйір бетінде көрсетілуі тиіс. Сақтандыру және күш операциясында карабин өзінің басты күш осімен жүктемеге бағдарлануы керек. Сақтандыру карабин доғасы диаметрі 10 мм кем емес металл шыбықтан жасалуы қажет.

Металл құрылмасында сақтандыру үшін арналған, жіпті бүлдіре алатын монтажды, және басқа да тең берікті карабиндер жарыстарда сақтандыру шынжырында және сақтандыру үшін пайдаланылмауы қажет. Беріктігін төмендететін қажаулары бар карабиндер пайдаланылмауы керек. Құлпы ашылған карабин өзінің 3-4 есеге беріктігін жоғалтады.

Сақтандыру шынжырында және күш беретін ауыр жүктеме жүйесінде бүйір беті маркерленбеген карабиндер және құлыпта бақылау муфтасы жоқ карабиндер қолданылмауы керек.

Туристік карабин - бұл құрылғы бірнеше бұйымдарды мықтап және берік іліністіруге мүмкіндік береді. Карабиндерді түрлі салаларда қолданады. Туристер карабиндерді маңызды туристік құрал-жабдық ретінде пайдаланады. Әсіресе карабиндерді альпинистер кеңінен пайдаланады. Оларды сақтандырудің шаппалы және қыспа құрылғыларын бекіту үшін, жіптерді жалғау үшін қолданады - бұл толық тізім емес.

Карабин түрлері. Жасалуына қарай карабиндер құрыштан жасалынған (мықты, сенімді, бірақ ауыр), алюминдік (жеңіл және арзан, бірақ ауыр жүкке есептелмеген) және пластикалық (тек қана қосымша) болып табылады. Құлып типіне қарай: муфталанған және муфталанбаған, рапидтер. Муфта карабинге өзінен өзі ашылып кетуге жол бермейді. Рапидтер ауыр жүктерге арналған карабиндер үшін жасалған.

Туристік карабинді таңдау

Таулы және жаяу туризм. Таулы немесе жаяу туризм үшін карабинді бағалаудың басты критерийі - салмағы және өлшемі. Бірақ та, егер сіз өзіңізбен бірге 10 мм жіңішке жіп қана сиятын «салпыншақ» алсаңыз, үнемделген масса өзін өзі ақтамайды.

Тағы да бір маңызды критерий-карабин муфтасы. Егерде туристік жорықтарға шығатын болса, ол міндетті түрде болуы керек! Муфталанған карабиндер алуан түрлісінің ішінде бұралатын муфта және соған ұсқастарға ерекше ықылас білдіреді. Және соңғы сәт - жүктеу қабілеттігі. Барынша рауалы жүктемесі корпусында көрсетіледі.

Альпинизм. Туристік жорықтардағы секілді альпинизмде жол қапшықтың салмағын барынша азайту, бірақ альпинистік құрал-жабдықтарды таңдауда шатаспау қажет. Альпинизмде түрлі карабиндер пайдаланылады: муфталанған, мықты құрыштардан рапидтер.

Спелеология. Спелеологтарда туристердегідей секілді жол қапшық салмағымен байланысты проблемалар жоқ. Бірақ техникалық жұмыс оларда көбірек, сондықтан спелеолог өзімен үңгірге қанша құрал-жабдықтар керек, соншасын алады. Үңгірде құрыштан жасалынған автоматты (байонетті) муфтасы бар мықты карабиндер пайдалы.

Су туризмі. Карабин кемені жағаға тіркеу үшін қажет болады. Сонымен қатар карабинді демалыс орнын белгілеу кезінде немесе егер жорықта жолдың біраз жерін жаяу өту керек болса, өтуге қиын кедергілер үшін қолдануға болады.

Велотуризм. Велотуризмде, жолдың көп бөлігін команда велосипедпен жүріп өтетіндіктен, карабиндер сирек пайдаланылады. Әдетте олар егерде жүкті бекіту қажет болса жеңіл алюминийлік карабиндерді пайдаланады. Бірақ егер жүк үлкен және ауыр болса, мықты моделдерін пайдаланған жөн.

Спорттық туризм (мультиспорт, туристік көп сайыс және басқалары) . Бұл спорт таулы туризмнен туындағаныменен, бірақ мұнда инвентарьға және құрал-жабдыққа талап басқаша: салмақты үнемдеу керек. Осыдан шығатыны, тек жеңіл карабиндер алу керек. Құрышты карабиндер жарамайды. Ал карабиндер мөлшерінен үнемдеу қажет емес. Көбінесе болатын жағдай, түйінді жабық карабиннен өткізу керек болады. Муфталар автоматты болуы керек.

Туристік, альпинистік карабиндердің пішіндері

Туристік, альпинистік карабин - сопақ, үшбұрышты, трапеция және басқа да пішінді ажыранды жалғағыш металды буын. Туристік құрал-жабдықтың басқа да элементтерімен, сақтандыру таңғышымен, ілгегімен бауларды тез қосу үшін бекіту элементі ретінде қолданылады.

Туристерді сақтандыру және жүру үшін негізгі баумен қоса сақтандыруде, қанатты ілуде, сонымен қоса шығыр ретінде пайдаланатын тежеуіш құрылғы карабині мықтылығы жоғары қоспалы болаттан, титаннан және дюралюминийлік қоспалардан жасалады және арнайы - кездейсоқ ашылық кетуден қорғайтын муфтасы бар құлыппен камтамасыз етіледі.

Карабиннің пішіні, оның қимасының өлшемі және құлыптың конструкциясы тек жоғары мықтылықтығымен қатар, құлып бөлшектерінің үйлесімін бұзатын жүктеменің нәтижесінде болатын айқын деформациялардың болмауын қамтамасыз етуі тиіс. Негізгі бауларға қолданылатын карабиннің жүк қапсырма қимасы 9мм-ден кем емес, габарит өлшемдері 50х10, 5-тен 60х11, 5мм-ге дейін қабылданған. Массасы 100-160 г құрыш карабиндер 200кгс-н аз емес ұзына бойы бағытындағы алшақтыққа дейінгі жүктемені көтереді. Алюминийлік карабиндерде дәл сондай мықтылық 40г-ға дейінгі массада болады. «Ирбис» тектес титандық карабиндер массасы 75г-да 2500 кгс дейінгі күшті көтереді, түтікшелі құрышты карабиндер дәл осындай массасымен - 4000 кгс дейін көтереді. Спелеожорықтардың тәжірибесінде 2 суретте көрсетілгендей шлямбурлы ілгішке ілуде пластиналық карабиндер кеңінен тараған.

Карабиндердің ерекше бір түрі болып басқа карабиндердің дәл осындай жүк қапсырма қимасына қарағанда орташа есеппен 3 есе жоғарғы мықтылығы бар «Майон рапиды» («Maillon Rapide») табылады. Олар диаметрі 3-12 мм, әдетте сопақ, үшбұрышты, Д-секілдес немесе трапецияалды пішінді, 3 суретте көрсетілгендей құлыптың орнына бұрандалы муфтасы бар құрышты немесе дюралиминийлік стерженьнен жасалады.

Сонымен қоса туристік тәжірибеде балға, ілгіштерді жоғалтудан сақтандыру үшін, жолқапшық белбеулерін қосу және басқа да мақсаттар үшін 4 суретте көрсетілген пішіні, өлшемі және құлып түрі әр түрлі болып келетін құрышты қосалқы карабиндер пайдаланады.

Сурет 2. Карабиндердің түрлері

2. Карабиндерді туристтік жорықта қолдану мақсаты және ережелері

Карабиндерді туристтік жорықта қолданудың мақсаты . Туристік жорықтарда карабиндер бауларды қосу үшін, сақтандыру жүйесіне қысқыш және түсу құрылғыларын бекіту үшін және сақтандыру нүктелерін ұйымдастыру үшін қолданылады. Негізі, туристтік жорықтарда карабиндерді қолданбауға да болады, алайда оны қолдану жолқапшықтың салмағының өсуін артығымен өтейді және уақыт үнемдеуге, тапсырмаларды орындауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Соған қоса, қазіргі замануи дайындау технологиясы мен құйындылар құрылғыда беріктік пен аз ғана салмақты қамтамасыз етеді.

Карабиндерді туристтік жорықта қолданудың негізгі ережелері.

  1. Карабинді мұқият пайдалану керек.
  2. Карабиннің «ұзын» жағын ғана жүктеу керек, сонымен қоса жүктемені қосу нүктелері тек екеу ғана бола алады, оның бұл осьқа статикалық межелі жүктемесі 20-дан 30 кН-ға дейін. Егер де «қысқа» жағын жүктесек, карабин сынып кетуі мүмкін. Әдетте, бұл ось бағытындағы межелі жүктеме 6-дан 10кН-ға дейін болады.
  3. Ашық карабиндерді жүктеуге болмайды. Егер карабин ашық болса, онда межелі жүктеме 6-дан 10 кН-ға дейін болады, яғни қалыптыдан 2-4 есе кіші.
  4. Карабин дұрыс орналастырылуы керек. Яғни, бөтен заттар карабинге тиіп тұрмауы керек, бұл жағдайда ол дұрыс емес жұмыс істейді, жүктемелік қабілеттері азаяды.
  5. Баулы карабиндермен жұмыс барысында өте абай болу керек! Карабин бөтен заттарға соқтығысы немесе баудың бұралуы барысындағы вибрация кезінде өз өзінен (құлпы болса да) ашылып кетуі мүмкін.
  6. Кейде бау өз өзінен муфтасы жоқ карабиннен шығып кетуі мүмкін. Сондықтан карабиндермен мен тартулармен жұмыс барысында өте мұқият болу керек. Бау карабинге төменнен жоғары болатындай және ешқандай түйншексіз болып тағылуы керек. Бау карабин муфтасын қыспау керек, бұл баудың карабиннен шығып кетуіне акелуі мүмкін.
  7. Бұранды муфтасы бар карабинді бау жоғары қарай қозғалғанда муфтаны бұрамайтындай етіп жабу керек.

Карабинді күту. Тек дұрыс карабиндерді ғана пайдалану керек.

  • Карабиннің үстінде жарықтар, қабыршақ, тот, қатты қажау және т. б. болмауы керек
  • Құлып тез және оңай ашылу керек. Карабин толық және ерікті жабылатындығына көз жеткізіп алу керек. Муфталанған карабиндерде сәйкесінше муфтасының қызметі тексеріледі
  • Тойтарманың жағдайы тексеріледі. Оның майысуы немесе бұзылуына жол берілмеу керек.

Кез келген тармағы орындалмаса, ондай карабин жоюылуға жатады. Сонымен қатар үлкен биіктіктен құлаған карабиндер де (олардың шекті жүктемесін төмендетіп жіберетін микрожарықтар пайда болуы мүмкін) жоюылуға жатады. Карабиндерді құрғақ және таза ұстау керек. Оларды коррозиядан сақтау керек. Кейбір бұзылған жерін 220-400 нөмірлі қажауқағазбен тазалауға болады (тек титаннан басқасы - оларды жөндеу мүмкін емес) . Егер құлып ластан сыналанса, оны жылы сабындалған суда жуып шайып, құлып серіппесін және муфтаның ішін графитті жаққымаймен майлау қажет.

3. Карабиндерді қолданудың техникасы мен тактикасы

(туризм түрі мысалында)

Аспалы өткел кезеңінен өту техникасы.

1. №2 қатысушымен бау тасталады.

2. Аспалы өткел керілісінің схемасы. Негізгі баудан жасалған қос полиспаст ілмек карабин арқылы ағашқа бекиді. Қос репбау ілмегімен АӨ-ң бауынан ұстап алушы түйіншек байланады, және ілмек полиспасттің тартылатын карабинына бекиді. Аспалы өткел бауының керілгеннен кейін оның соңында сегіздік тоқылады және карабинмен аспалы өткел бауы ағашты айнала құлыпталады. Полиспаст және ұстап алушы түйіншек түсіріледі. Аспалы өткел 3 а-суретте көрсетілгендей керіледі.

Сурет 3а. Аспалы өткелдегі техникалық әдіс-айлалар

а - өткелдің керілісі; б - баудың бекітілуі;

в - қатысушылардың қозғалысы; г - баудың түсірілуі

Құрал-жабдық: 10 мм диаметрімен негізгі бау, ұзындығы 26 м - 1; карабиндер - 2; екі карабині бар полиспаст, шығырлармен - 1 жинақтама. ; негізгі баудың ілмегі - 1; қос репбаудан ілмек - 1.

3. Бірінші қатысушының (№2) өтуінің схемасы. Екі карабин арқылы өту. Күрке карабиніне тасымалдаушы баудың карабині қосылады. Тасымалдаушы баудың екінші ұшы карабинмен ағашқа қосылған. Тасымалдаушы бау қатысушы қолынан босатылады (3-б суретті қара) . Өткеннен және өткелден түскеннен кейін №1 қатысушы тасымалдаушы баудың ұшын карабинмен ағашқа бекітеді. Тасымалдаушы баудың ортасына карабин құлыпталатын өткізуші байланады. Келесі қатысушылар мен жүктің өткелден өту кезінде тасымалдаушы бау екі жақтан жұмыс істейді (соңғысының өтуін қоспағанда) .

Құрал-жабдық (2 т. қосымша) : 10 мм диаметрлі бау, ұзындығы 45 м - 1; карабиндер - 3; жеке құрал-жабдықтары.

4. Өткелден өту: 1) қатысушы №4; 2) қатысушы №5; 3) сайманы бар жолқапшық; 4) қатысушы №3; 5) қатысушы №1; 6) қатысушы №6.

Құрал-жабдық (3 т. қосымша) : карабин - 1; ілмек - 1.

Тасымалдаушы бауының карабині қатысушы күркесінің карабиніне қосылады (20-в суретті қара) .

5. Жүктің өткелден өту схемасы.

6. Соңғы қатысушының (№ 6) өткелден өтуі және және аспалы өткелдің суырылуы.

Соңғы қатысушы тасымалдаушы бау карабинін өткелдің (3-г суретті қара) карабиніне ауыстырады. №6 қатысушы өткелден өткеннен кейін өткел ағытылады және суырылады. Аспалы өткел бауында шешу үшін репбау қос ілмегімен ұстап алушы түйіншек байланады, оған қатысушылардың өзін өзі сақтандыру карабиндері тағылады және қатысушылар аспалы өткел бекіту карабинін түсіру үшін аспалы өткелін кереді. [1]

Туристтік жарыстарда сақтандыруді қамтамасыз ету.

Жартастардағы жоғарғы төрешілік сақтандыру

Жарыстың (жаттығу) жартасты маршрутынан жоғары орналасқан жоғарғы карабин арқылы өтетін сақтандыруді жоғарғы төрешілік сақтандыру деп атайды.

Әдетте қатысушының еркін құлау жолы мұндау сақтандыру кезінде болмашы, ал қауіпсіздендірілетін қатысушының салмағынан асатын динамикалық ұмтылыс болмайды деп саналады. Қауіпсіздендірілетін қатысушының күші жоғарғы карабиндегі баудың үйкелісін қосқанда қауіпсіздендірілетін қатысушының салмағынан асу керек есептеледі. Сол уақытта, жаттығудағы және жарыстардағы авариялық жағдайларды талдау көрсеткендей, қатысушылардың салбыраудан құлауы немесе жоғарғы сақтандыру күшінің жеткіліксіздігінен болады. Туристік жарыстарда қандай да бір санатта қатысқан қатысушылардың барлыңы да «Сақтандыруді таңда!!!» деген жанкүйерлердің ашынған айқайларын естіген.

Техникалық есеп және жоғарғы сақтандыру схемасын талдау ол өзінің мүмкіндік шегінде жұмыс істейтінін көрсетті.

Сурет 4. Төменгі алаңнан түзу жоғарғы сақтандыру

Төменде қатысушының жоғарғы карабин арқылы сақтандыру кезінде сақтандыруда тұрған қатысушының қолында бауды ұстап тұру күшінің қатысушының салмағына Кч = Fч/Р, сақтандыру бауының көлбеудің түрлі бұрыштарында Δ, сақтандыруші қатысушы мен жоғарғы карабин қатынасына байланысты Δh/ΔL құлауын тежеу еселігінің кестесі көрсетілген.

1-кесте. Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы

Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы
Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы:
К Ч
Сақтандыру бауының көлбеу бұрышы
Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы: 90º
80º
70º
60º
50º
40º
30º
20º
Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы: Δh/ΔL құлауын тежеу еселігі
Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы: 0, 7
0, 65
0, 6
0, 55
2, 5
3, 3
5
10
2, 9
4
6, 5
18
3, 4
5
9
*
4, 1
6, 4
15
*
5
8, 9
*
*
6, 5
14
*
*
9
*
*
*
15
*
*
*
Төменгі алаңда тұрған қолдан жоғарғы сақтандырудың жұмысы: Ескерту: Кесте автор қолданған мәліметтер негізінде құрастырылған

Бірінші жолда құлауды тежеу еселігі адам күшінің еселігіне 0, 7 қатысты. Мұндай еселік сақтандыруші қатысушының салмағы 90 кГ болғанда сақтандыруде адам күші 90х0, 7=63кГ болады. Тап осындау еселік 80 кГ және 56кГ, 70кГ және 49кГ және т. б. қатынасында шығады. Кестеден көріп отырғандай, баудың көлбеу бұрышы азайған сайын тежеу аралығы жоғарлайды.

Еселік Кч =0, 65 болғанда тежеу аралығы көбейеді. Сонымен қатар баудың көлбеуі 40º (карабинді қамту бұрышы Δ=90+40=130º) төмен болса тежеу аралығы шексіз өседі. Сақтандыру құлауды тоқтата алмайды. Бас тарту болады, немесе сақтандыруден айырылады.

Еселік Кч =0, 6 болғанда сақтандыруді жоғалту одан да ерте болады, келбеу 60º төмен болғанда. Бұл түзу жоғарғы сақтандыруде қауіпсіздендірілетін қатысушы күшінің салмағына 0, 6-ға тең қатынасында сақтандыру бауының көлбеу бұрыштары 60º-тан 90 º-ға дейінгі аралықта әрекет ететінін білдіреді. Көлбеу бұрышының одан аз болғанда сақтандыру қауіпсіздендірілетін қатысушының құлауын тоқтата алмайды. Бұл диапазонда сақтандыру жоғалтылады.

Еселік Кч =0, 55 болғанда кестеден көретіндей сақтандыру көлбеу бұрышының тек аз ғана диапазонында әрекет етеді, вертикальға жақын. Сақтандыру әрекет ететін алаң учаскесі аздаған радиуспен шектеледі Rстр = Hcos?, мында Н - жартас ұзындығы. Δ=80º болғанда сақтандыруші қатысушының жоғарғы карабиннің вертикалынан алыстауы жарамды радиусы жартас ұзындығының бестен бір бөлігі болады. Бұл жағдайда сақтандыруші қатысушының төменгі алаңда аздаған орын ауыстыруының өзінде сақтандыруді жоғалтуға әкеп соғады.

Біз сыртқа байқалмайтын, сақтандыруші жасамай қалуға әкеп соғатын, сақтандыруші қатысушы үшін қауіпті факторды анықтадық. Бұл фактор келесі жағдайларда көрінеді:

  1. Түзу жоғарғы сақтандыруші қауіпсізденуші қатысушыны статистикалық режимде де ұстай алмайды, егер қауіпсізденуші күшінің қауіпсізденушінің салмағына қатынасы кейбір мөлшерден кем мағынаға ие болса. Мұндай қатынастар тәжірибеде шынымен мүмкін (физикалық жағынан әлісз қатысушының ауыр серіктесін қауіпсіздендіргенде, тайғанақ сақтандыруші қолбақты пайдаланғанда, жүгі бар қатысушыны қауіпсіздендіргенде және т. б) .
  2. Сақтандыруші қатысушының төменгі алаңда орын ауысу барысында жоғарғы сақтандырудің көзбен бақылауға келмейтін істен шығу болуы мүмкін.

Бұл жоғарғы сақтандырушінің бір жоғарғы карабин арқылы өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп тұрғандығын көрсетеді. Мұндай сақтандыруді ұсынуға болмайды.

Сақтандырудің сенімділігін арттыру үшін төменгі пункттегі бау үйкелісінің қосымша элементі енгізіледі. Ол үшін карабинде қосымша баудың бүгісі бар төрешілік сақтандырудің төменгі пункты жабдықталады немесе тежеуші құрылғыда (сегіздік, шайба және т. б) . [2]

Жоғарғы топтық сақтандыру

Қатысушыны жоғарғы сақтандырумен топтың басқа қатысушы қамтамсыз етеді. Көтерілу жолында сақтандыруші қатысушы әдетте топ жолының немесе тізбектің үстінде, лекте орналасады. Баумен түсуде жоғарғы топтық сақтандыру жоғарғы пункттен де, жерге түсу алаңынан да жүзеге асады.

Жоғарыда айтылған жоғарғы топтық сақтандырудің суреті жоғарғы төрешілік сақтандыру схемасынан ерекшеленбейді. Төменгі пункттен қауіпсіздендіргенде топтық сақтандыру жоғарғы төрешілік сақтандыруден ерекшеленбейді. Жоғарғы пункттен қауіпсіздендіргенде схеманың ұқсастығы сақталады, бірақ сақтандыруші карабин мен сақтандыруші қатысушының қолдары арасындағы арақашықтық бірнеше ондық сантиметрге дейін (әдетте метрден аз) азаяды. Бұл жоғарғы төрешілік сақтандырудің барлық кемшіліктері жоғарғы топтық сақтандыруге де тән болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс
Спорттық туризмнің тактикасы
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Актив туристік саяхат
Автоматпен ату реті
Тау туризмі
«Мылтық ату» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Зеренді өлкесі
Оқ тигендегі жарақаттар
Саптан шығу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz