Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі



Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы,өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қабілеті.
Вегетативтік көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы арқылы , сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктер денесінің бір бөлігі арқылы көбеюін вегетативтік көбею деп атайды.
Вегетативтік көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативтік көбею және қолдан вегетативтік көбейту.
Табиғи вегатативтік көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативтік жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі кең таралған. Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан ,тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативтік көбеюге жатады.
Қолдан вегетативтік көбейту. Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп көбейтеді. Көбейтудің мынадай түрлері бар: бөлу, сұлатпа өркен арқылы, телу арқылы, ұлпаны жекелей алу арқылы.
Гүлді өсімдіктердің вегетативті көбеюі төмендегідей:
-тамыр сабақ арқылы (інжугүл,итмұрын,жыланаяқ)

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы,өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қабілеті.
Вегетативтік көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы арқылы , сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктер денесінің бір бөлігі арқылы көбеюін вегетативтік көбею деп атайды.
Вегетативтік көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативтік көбею және қолдан вегетативтік көбейту.
Табиғи вегатативтік көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативтік жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі кең таралған. Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан ,тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативтік көбеюге жатады.
Қолдан вегетативтік көбейту. Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп көбейтеді. Көбейтудің мынадай түрлері бар: бөлу, сұлатпа өркен арқылы, телу арқылы, ұлпаны жекелей алу арқылы.
Гүлді өсімдіктердің вегетативті көбеюі төмендегідей:
-тамыр сабақ арқылы (інжугүл,итмұрын,жыланаяқ)
-түйнек арқылы (картоп)
-жуашықтары арқылы (сарымсақ, пияз, жауқазын)
-мұртшалары арқылы (қойбүлдірген,құлпынай және т.б)
-өрмелегіш өркендері арқылы (шырмауық,құлмақ)
Көбеюдің түрі
Сипаттама
Бөлу:
-түп(жасмин,сирень)
-көзше(картоп)
-тамыр сабақ(ирис,канна)
-тамыр(желкек,таңқурай)
Вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті регенерацияланатындарақты бөліп алу. Вегетативтік мүшелердің әрбір бөлігінде міндетті түрде шығу бүршіктері болуы керек,соның есебінде біртұтас өсімдік пайда болады.
Сұлатпа өркен арқылы(қарақат, қойбүлдірген,бүрген)
Қалемше бойындағы бүршігі бар өркенді топыраққа көлбеу иіп көмеді,одан кейін оны аналық өсімдіктен механикалық түрде бөліп тастайды.
Қалемшелеу:
-сабақты(көптеген бөлме өсімдіктері және бүтақтарраушан,сирень)
-жапырақты (сенполия,бегония)
-тамырлы (хрен,таңқурай,алхоры)
Сабақты қалемшесі бар,арнайы топырақта немесе суы бар ыдыста жас тамыршалары шыққанша ұстайды. Жүйкеленген камбийі бар тұтас жапырақты немесе оның бір бөлігін суы бар ыдысқа немесе топыраққа (құм,торф) егеді.

Бүршігі бір жанама тамырларды аналық өсімдіктен бөледі.
Телу:
-жанастыра телу;
-кесінделіп телу
-көзшелеп телу
Бір өсімдік бөлігін екінші бір өсімдік бөлігіне ұластыру. Қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірі жанастырады.Бір өсімдік өркеніндегі бүршігі бар бөлігін кесіп алып,екінші өсімдікке ұластырады. Бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып, екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін Тәрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастыра жөкемен байлап қояды.

Жеке ұлпа(сәбіз,қойбүлдірген, мәдени өсімдіктер)
Бұл әдіс зертханалық жағдайда жоғары тазалықты талап етуге негізделген.Ол үшін түзуші ұлпаның бір бөлігін алады, оның құрылымы өсімдік ұрығы сияқты тез бөлініп, дамуға қабілетті болу керек.
Кесте 1.Қолдан(жасанды) көбейту.
Өсімдіктердің генеративтік мүшелері
Гүл
Гүл дегеніміз- көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл бүршіктің өсу нүктесінен дамиды.
Гүлдің құрылысы
Гүл бөліктеріне аналық, аталық,күлте,тостағанша,гүл табаны, гүл сағағы жатады
Гүл сағағы - жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмайтын гүлдерді отырмалы гүлдер дейді (беде,қашқаргүл астра).
Гүл табаны- гүл сағағының жоғары жағындағы кеңейген жері. Гүлдің барлық бөлімдері гүл табанына бекінеді.
Тостағанша көбінесе жасыл түсті,гүлдің сыртында бірікпеген жеке-жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша екіден (көкнәр) бірнеше оңдаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты тостағанша әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жалпы қызметі-қорғаныш.
Күлте тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады,саны біреуден бірнешеге дейін жетеді. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге інжугүл,қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер қызғалдақ,көкнәр,итмұрында болады.
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады.
Күлтенің хош иісті,тәті шірнесі, алуан түрлі ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді. Бунақденелілер де шірнелікті адаспай табады. Күлте түбіндегі шірнелікті шеңбер,нүкте,сызықша жолақтар сияқты белгілер арқылы ажыратады.
Күлтенің ашық түсі тікелей түскен күн сәулесін шағылыстырып,қызуын бәсеңдетеді және аталық пен аналықты да қызып кетуден сақтайды. Түнге қарай салқын түскенде күлте жапырақшалар жабылып қалады. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан,шық тамшыларынан қорғайды.
Гүлсерік тостағанша мен күлте жапырақшадан тұрады. Гүлсерік жай және қос болып бөлінеді.
Жай гүлсерікте тек тостағанша немесе керісінше күлте жапырақшалары ғана болады(алма,өрік,шие ағаштарының гүлдері).
Желмен тозаңдануға бейімделген гүлдерде гүл серігінің екеуі де болмайды. Оларды гүлсеріксіз гүлдер дейді(тал,шаған,терек, аналық гүлі).
Аталық (андроцей)- гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден бастап жүздеген аталыққа дейін болады.
Әрбір аталық - аталық жіпшесінен және кеңейген жері тозаңқаптан тұрады.Тек магнолия өсімдігінің гүлінде,аталық жіпшесі болмайды. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөлігінде екі тозаң ұясынан бар. Тозаңқапта бірнеше мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі. Тозаңқап әбден пісіп жетілгенде, тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаңның сыртқы пішіндері де әр түрлі,бірақ сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді болады. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер , майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында көптеген тесіктерінің болуы тозаң түтігінің өнуіне қажет. Тозаңның құрамында бір вегетативті және бір генеративті жасуша болады. Тозаңдану барысында генеративті жасуша митоз арқылы бөлініп,екі спермия түзіледі. Сөйтіп, тозаңда вегетативті жасуша және екі спермий болады. Тозаң аталық өскін болып табылады.
Аналық(геницей)-гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі генеративті бөлігі. Гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын,түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
Аналық аузы шие, алхоры,асбұршақта домалақ,шүйін-шөпте (валерьяна) екіге айырылған (қос тілімді),қоңыраугүлде - үш тілімді болып келеді. Көкнәр мен қызғалдақта жұлдыз тәрізді, бидай мен қарабидайда- қауырсынды үлпілдек. Аналықтағы жабысқақ сұйықтың бөлуі,тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады. Аналықтың мойны,аузы мен жатынын жалғастырып,басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Жатын (түйін) - аналықтың негізгі бөлігі. Жатынның ішінде бір (бидай) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқым бүршігі бар. Тұқым бүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативтік көбею
Дүниетану оқыту әдістемесі
Вегетативті жолмен көбейетін дақылдардың селекциялық жұмыстарының үдерісі
Жанама тамыр
Көк-жасыл, қоңыр және жасыл балдырлар
Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі туралы
Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі
Хитродиомициттер туралы түсінік
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Пәндер