Мелиорация және топырақ



Жоспары:
Кіріспе
1. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары
2. Мелиорация және оның түрлері, жерді мелиорациялау жобалары
3. Табиғат зоналарының сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ – зат айналымының маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретінде маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарға тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстырымен, клматымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев «топырақ – ландшафттың айнасы» деген.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығын күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.
Жер ресурстарына әсер ету – құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және су балансының өзгеруі, болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі – қатты және химиялық ағыстардың артуы. Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты.
Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-өзі реттеуші жүйе ретіндегі тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
4. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002
5. Бейсенова Ә.С., Шілдебаева Ж.Б. Экология оқу құралы – Алматы: 1999.
6. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы – Алматы: 1997
7. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология – М: 1998.
8. Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9
9. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:__________________________ __________________________
___________________________________ __________________________

Орындаған: __________________
Тексерген: ___________________

Алматы 2015

Жоспары:
Кіріспе
1. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары
2. Мелиорация және оның түрлері, жерді мелиорациялау жобалары
3. Табиғат зоналарының сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ - зат айналымының маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретінде маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарға тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстырымен, клматымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев топырақ - ландшафттың айнасы деген.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығын күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.
Жер ресурстарына әсер ету - құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және су балансының өзгеруі, болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі - қатты және химиялық ағыстардың артуы. Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты.
Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-өзі реттеуші жүйе ретіндегі тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады.
Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен ерекше органикалық зат - гумус пен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған заттардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі реттеуі мен тұрақтылығын да төмендетеді.
Топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жұмсауды (топырақты өңдеу, қоректік заттардың мөлшерін толықтыруға байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен, зиянкестермен күреске жұмсалатын барлық энергияны қосқанда) қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи құнарлығы пайдаланылып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл кездегі жұмсалатын энергия жылына 2 ГДжга құрайды. Кейін жоғары интенсивті егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12-15 ГДж-ға дейін жетті. Реймерстің мәліметтері бойынша (1990) қосымша жылына ГДжга энергия жұмсалғанда топырақ пен орта үшін зиянды (интенсивті эрозия, су қоймаларына химиялық заттардың шайылуы, судың эвтрофикациясы және т.б.) құбылыстар орын алды.
Тағы бір айта кетерлік маңызды қағида - әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігі оны алу үшін көп энергия жұмсауды қажет етеді.Мысаля, ХХ ғасырдың басынан бері өнім бірлігіне жұмсалатын энергия мөлшері 8-9 есе артқан.
Жерлердің бұзылуының деградайиясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолданылуы және т.б.

1. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары
Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда - бұзамын деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.
Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде - ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалсы болып табылады.
Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойыеша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар - жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.
Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бүұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардан 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырларымен бекітіп тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікке әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.
Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) көп ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.
Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунттары таралған жерлерде болады.
Бұрынғы КСРО-ның территориясында жел эрозиясы (шаңды дауыл) 60-70-жылдарында кеңінен таралған еді. Әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған. Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн. га жерде жойылған.
Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай эрозиялық процестер (қара дауылдар) Украина мен Белоруссия территориясының да байқалған.
Су эрозясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.
Су эрозиясы орманды дала зонасында басым болады. Сонымен қатар, дала және орманды дала зоналарда да кеңінен таралған.
Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық процестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, туризм және т.б. әсер етеді.
Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдауы да жүреді.
Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығызданып, су өткізгіштігінің төмендеуінен болады. Нәтижеде ол эрозияның басқа түрлерінің жылдам жүруіне жағдай жасайды.
Эрозиямен күресу жолдары:
1. Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табтғт экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
2. Жайылымдарды эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясыныңда болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұнай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.
3. Егістік жерлерді қорғау іс шаралары:
ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар;
(жүгері, картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;
жиектік жыртуды жүргізу (рельефтің горизонттарымен);
өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;
шағын егістік танаптарын табиғи ландшафтармен кезектестіру;
танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;
топырақтың құрылым түзілуіне мүмкіндік туғызатын, органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізу;
топыраққа жасалатын қысымды кемітетін техниканы пайдалану
Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет. Агротехниканың бұл жаңа әдісі қазір кеңінен пайдаланылып келеді. Аталған әдіс аудармай жырту арқылы топырақты қопсытуға негізделген. Бұл әдісті қолданғанда топырақтың табиғи құрылысы сақталады. Тұрақтылығы мен құнарлылығы бұзылмайды. Әдістің технологиялық кемшілігі - арамшөптердің көп болуына әкеледі. Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалық шаралардың кезегімен мерзімдерін қатаң сақтау қажет. Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура келеді. Су эрозиясынан қорғау мақсатында агротехникалық (орман отырғызу, шөптер егу) шаралармен қатар, инженерлік іс шаралар (су ағысын ұстап қалуға арналған шұңқырлар салу, көлбеу жерлерді өңдеу, онда көпжылдық шөптесін өімдіктерді егу) жүргізіледі. Химиялық заттарды (әр түрлі полимерлер) топырақ бетіне енгізуді көпжылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды отырғызумен үйлестіре жүргізу қажет.
Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн. га-ға жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні - танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң буланумен өсімдікке транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер асты грунт сударына дейін жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап, интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетіне жиналады. Мұндай сортаңдану екінші ретті деп аталады. Ал бірінші ретті сортаңдану (сор) ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи сортаңдану процесін атайды. Екінші ретті сортаңдану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстікте шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.
Адамзат қоғамының дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінінің мүмкіндімтерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Мысалы, Ніл аңғарында қазір де суармалы жерлердің 70% сортаңданған. Ғалымдардың болжамы бойынша ертедегі Вавилон өркениеті топырақтың екінші ретті сортаңдануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн. га жерлердің 50-60 млн. га-ға жуығы екінші ретті сортаңдануға, шамамен 25% ұшыраған.
Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Бірақ, бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық.
Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор - бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, олардың құнарлығы жойылып шөлге айналады.
Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттың (гумус) кемуімен байланысты. Белгілі мәліметтерге қарағанда соғы 70-80 жылда (әсіресе жерді интенсивті өңдеу әдістері мен минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты) орманның сұр топырақтарының құрамында гумус мөлшері 3,5-4%-дан 2-3%-ға дейін кеміген. Әсіресе қара топырақтарды гумусын жоғалтуы айтарлықтай. В.В.Докучаев қара топырақтарды ғасырлар бойы сарқылмайтын байлық екендігін айта келіп, оны мұнайдан да, көмірден де, темірден де және алтын кендерден де қымбат деген.
Топырақтарды құнарлығының жойылуы оларды интенсивті өңдеуге, ауыр аул шаруашылық құралдармен өңдеу нәтижесінде тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқылдық жауындар мен қышқылдық тыңайтқыштарды енгізуге байланысты болып отыр.
Көптеген жерлер өсімдік өнімін алуға байланысты емес мақсаттарда пайдаланылады. Оны әр түрлі құрылыстар, ғимараттар салуға, қала территориясы, жолдар, аэродромдар, қалдықтарды сақтау, пайдалы қазбаларды өндіру, су қоймаларын салу және басқа да мақсатта қолданады. Аталған жерлер кейін де өсімдік өніміналуға пайдалануға жарамсыз болып қалады. Қазір дүние жүзі бойынша осындай мақсатты пайдаланудан алынған жерлердің ауданы шамамен әр адамға шаққанда 0,1 га құрайды. Жерді аталған мақсатта пайдалануды болдырмау мүмкін емес. Бірақ ол мүмкіндігінше ысырапсыз болуы керек. Мұндай жерлерге құнарлылығы төмен территорияларды алу керек.
Мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жерлер көп зақымданады. Ғалымдардың есептеулері бойынша қазіргі кездегі мұнай өндіру әдістерін қолдану шамамен жерлердің 2%-ын жоғалтуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Жер ресурстарының мәселелерінің ішінде жер өңдеуді химизациясы маңызды орны алады. Оларға минералдық тыңайтқыштар мен зиян ағзалармен күресте қолданылатын препараттар (пестицидтер) жатады.

1. Мелиорация және оның түрлері, жерді мелиорациялау жобалары
Мелиорация(лат. melioratio - жақсарту) -- жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс -- Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал -- Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. М. -- суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. М. объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалык М. (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) -- топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне -- қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық М. (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) -- тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Топырақтың термиялық мелиорациясы
ФОСФОР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН МЕЛИОРАНТТАРҒА ӨҢДЕУ
Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы
Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде
Табиғи климаттық жағдайы_Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Ақтөбе -- Батыс Қазақстандағы қала
Пәндер