Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық - экологиялық жағдайы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық . географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Географиялық орналасуы және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының климаты мен су ресурсы ... ... ... ... ..
1.3. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысының климатына қазіргі уақытта облыстың экологиялық жағдайы үлкен әсерін тигізіп отыр. Бақылау қызметінің анализі кәсіпорындар мен мекемелердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру ережесін бұзудың негізгі себептерін көрсетті. Оларға лауазым тұлғаларының немқұрайдылығы, қоқысты жинау және тасымалдау бойынша техникалық қамтылған қызметтің болмауы және т. б. жатады.
Алайда бір ғана әкімшілік жазалар қолдану арқылы қалдықтарға қатысты проблема шешімін таба алмайды.
Облыс және қала әкімдігімен, және басқа да мемлекеттік органдармен коммуналдық қызмет жұмысын жақсарту, облыс орталығының аумағын санитарлық тазалау және көркемдеу бойынша ұйымдық-техникалық шаралар дайындалып, қолданылуда аз кезегінде, Шымкенттің әрбір тұрғыны белгіленген талаптар мен нормаларды, тазалық пен тәртіпті өз үйінде, ауласында (подъездінде), жұмыс орнында, магазин немесе кафеде тек өзі ғана сақтап қоймай, оны өзгелерден де талап ету керек. Қаланың барлық тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына, қала кәсіпкерлеріне осы мәселе төңірегінде ойланып, ортақ үйімізді көркейту шараларын жүргізуге шақырамыз.
Шымкент қаласының экологиялық жағдайы жөнінде ақпарат бойынша жетекші орында "экологиялық лас" салалар (энергетика, түсті металлургия, химия, мұнай химиясы) тұратын экономика құрылымы, эксплуатациядағы табиғатты қорғау құрылғыларының кемшіліктері Шымкент қаласының ауа бассейнінің жоғары деңгейде ластануын туындатты.
Қоршаған орта жағдайын бағалау келесі ақпарат негізінде жүргізіледі:
• Казгидрометтің атмосфералық ауа, жер үсті суларының ластануы
жөніндегі мәліметтері;
• Шығарындылар, тастандылар, қалдықтарды орналастыру жөніндегі
статистикалық мәліметтер;
• Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармасының
аналитикалық бақылау қызметінің эпизодтық байқаулары;
• ҚОҚ Министрлігінің тапсырысы бойынша өткізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облысына климаттық жағдайдың әсерін айқындау және атмосфераны қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
 Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық - географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1. Географиялық орналасуы және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының климаты мен су ресурсы ... ... ... ... ..

1.3. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық - экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық аймақтары ... ... ... ...

2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3. Оңтүстік қазақстан облысы территоиясының климаттық жағдайына геоэкологиялық жағдайдың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысының климатына қазіргі уақытта облыстың экологиялық жағдайы үлкен әсерін тигізіп отыр. Бақылау қызметінің анализі кәсіпорындар мен мекемелердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру ережесін бұзудың негізгі себептерін көрсетті. Оларға лауазым тұлғаларының немқұрайдылығы, қоқысты жинау және тасымалдау бойынша техникалық қамтылған қызметтің болмауы және т. б. жатады.

Алайда бір ғана әкімшілік жазалар қолдану арқылы қалдықтарға қатысты проблема шешімін таба алмайды.

Облыс және қала әкімдігімен, және басқа да мемлекеттік органдармен коммуналдық қызмет жұмысын жақсарту, облыс орталығының аумағын санитарлық тазалау және көркемдеу бойынша ұйымдық-техникалық шаралар дайындалып, қолданылуда аз кезегінде, Шымкенттің әрбір тұрғыны белгіленген талаптар мен нормаларды, тазалық пен тәртіпті өз үйінде, ауласында (подъездінде), жұмыс орнында, магазин немесе кафеде тек өзі ғана сақтап қоймай, оны өзгелерден де талап ету керек. Қаланың барлық тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына, қала кәсіпкерлеріне осы мәселе төңірегінде ойланып, ортақ үйімізді көркейту шараларын жүргізуге шақырамыз.

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы жөнінде ақпарат бойынша жетекші орында "экологиялық лас" салалар (энергетика, түсті металлургия, химия, мұнай химиясы) тұратын экономика құрылымы, эксплуатациядағы табиғатты қорғау құрылғыларының кемшіліктері Шымкент қаласының ауа бассейнінің жоғары деңгейде ластануын туындатты.

Қоршаған орта жағдайын бағалау келесі ақпарат негізінде жүргізіледі:

• Казгидрометтің атмосфералық ауа, жер үсті суларының ластануы

жөніндегі мәліметтері;

• Шығарындылар, тастандылар, қалдықтарды орналастыру жөніндегі

статистикалық мәліметтер;

• Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармасының

аналитикалық бақылау қызметінің эпизодтық байқаулары;

• ҚОҚ Министрлігінің тапсырысы бойынша өткізілген ғылыми-зерттеу

жұмыстарын жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облысына климаттық жағдайдың әсерін айқындау және атмосфераны қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау.

1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық-географиялық сипаттама

1.1. Географиялық орналасуы және жер бедері

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. наурызда құрылған, республиканың онтүстігінде. Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2,17 млн. (1.7.2004). Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы — Шымкент қаласы.

Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада алдыңғы орында тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарынын молдығымен де ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты Отырар каналы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақта туып өскен, орта ғасырдағы атақты шығыс жұлдыздарының қатарында аталып жүрген ғалымдардан ғұламалардан қалаған көне соқпақтың ізін әлі де саралай түсуін Ұрпақтың пайызы. Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, осы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке 5 тарихының сырлы белгісі іспетті.

Облыстың айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазакстанда бірінші фосфориттер мен темір рудасы бойынша — үшінші орын алады.

Облыс мақта тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары экскаваторлар трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан — Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өнірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған. Тіпті әріге кететін болсақ Қаратаудың күнгей және теріскей беттері адамзаттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі — небір қасиетті, әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре шертеді.

Оңтүстік өлкесі дегенде бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған ұлы тұлға Әбу Наср әл-Фараби бабамыз бен күллі түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Иасауидің ойға оралатыны түсінікті. 2000 жылы Түркістанның он бес ғасырлық мерекесі аясында Ахмет Иасауи бабамыздың мұраларымен танысып, онын айрықша әлеміне сәл де болса жақындай түстік. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орайлас өткен әл-Фараби бабамыздың 1130 жылдық мерекесі де үлкен оқиға болды.

Қазақстанның барлық өлке-өңірлері сияқты Онтүстік аймағы да небір қилы замандарды, қиын-қыстау кезендерді бастан кешті. Алайда, мәдениет пен өнер шығармашылық арқауы дәстүрлі жалғасын тауып келеді. Жүдеген жақтары, жадаған жылдары кездескенімен, қай кездегі ұрпақ та жадынан жаңылған жоқ.

Елбасымыз Мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған 2000 жылдың өзінде өркеш-өркеш талай істер атқарылды. Ағымды ала-сапыран шаруаның шеңберінен тыс, шоқтығы биік, ажары сүлу елуге тарта мәдени шаралар мерекеленді. Олардың ішінде халықаралық ақындар айтысы, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауы, пианистердің "XXI ғасырдың музыканты" атты халықаралык конкурсы әлемнің төрт бұрышы құлақ түрген Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы, халықаралық "Кокпар" фестивалі, жас әншілердің "Арай" аймактық байқауы, алғаш рет қазақ тілінде өткізілген "'Жайдарман" көнілді тапқырлар клубының облыстық жарысы, әлемге танымал, ұлттық музыка академиясының президенті Айман Мұсаходжаеваның концерті, ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші, Ташкентте өткізілген ақындар айтысы облыстық "Мәдениетім - мерейім" фестивалі, Нұрғиса Тілендиевтің 75 жылдығына арналған облыстық "Аққу" фестивалі, басқа да ауыз толтырып айтуға татитын шаралар аз болған жоқ.

Жер бедері. Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетабақ дала шөлі, Шу анғарының онтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.

Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).

Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

Қазақтар осыдан мындаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып. дүниенің тұтқасы тұтып: Басына Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған?! — деп басталатын ғажайып дастан тудырған.

Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұқ пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Не көп — тау көп. Солардың бәріне халықтың ықыласы мен махаббаты мұншалықты түсе бермеген.

Қазығұрт қазір де көптеген түрлі көркем туындылардың тақырыбы. Заты — мұның бәрі тектен текке емес. Халық білмей айтпайды.

Ел-жұрт Қазығұрттың қадіріне жетіп, киесіне табынып, абыройын асқақтатып, мерейін асыра түсуде. Ташкент — Шымкент жолындағы ең биік асута ескерткіш койылды. Сонау көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихи оқиғалар тек Қазығұрт өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ даласына қатысты.

Өйткені Қазығұрттың жөні бөлек. Ол Ұлы Жібек жолының бойында тұр. Жібек жолы бойын жайнатқанға не жетсін! Міне, біздің Жеріміз! Біз кімнен сорлымыз? — деп ауыз толтырып айтарға басқа жәдігерлермен бірге, Қазығұрт әсіресе, лайықты, Асылы. Қазығұрт маңайын ұлттық үлкен қорыққа айналдыруға әбден болады. Айналасы — Төле би ауданы, атақты Аксу-Жабағылы. Шетелдік меймандарға ұялмай-қызармай көрсететін кереметтер.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары авто және темір жолдар кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.

Геологиясы және кен байлықтары. Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы — протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермен дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: подиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, от төзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәр-мәр түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау койнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінін орны ерекше.

Облыста республика уран ресурстарынын жартысына жуығы орналаскан, олар әлем-дегі ен ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніште-рінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мүнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Тас-көмірсайдан, Келтемашатган және Ленгер кеніштерінен мезозойлык коңыр кемір өн-дірічеді. Облыс аумагындагы Қаратау фос-форит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтгі.

Ал Тәңіртаудың ен батыс Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.

Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат — бариттің ірі ресурстары бар.

Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер құрамында от төзімді заттар, қағаз резина, парфюмерияға кажетті шикізат — тальктің ірі қоры барланып, зерттелген. Төле би ауданында орналасқан Жоғарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фалнс, диэлектрлік керамика, бояу, қағаз, резина өндірістеріне аса қажетті техникалық шикізат — волдастониттің мол қоры ашылған.

Сары жылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры бар. Ал Түлкібас, Корнштов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.

Облыстағы құрылыс материалдарының минералды шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының климаты мен су ресурсы

Облыс аумағынын географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орнхтасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты куаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыла отырады. Жазы ұзақ облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың орташа температурасы -2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (—4РС).

Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезен Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектеріше 300 — 450 мм. ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында жазыкта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоксанның басында түсіп наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антидиклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұтылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстікпен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне осылардың нәтижесінде жиынтық радианның мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9 — 3.9 мс. Желдің қатты тұратын аймағы — Аксораң онда желдің жылдамдығы 5.1 мс-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың киыр онтүстігі жылу мең ылғалдың жыл бойы таралуына т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезенінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.

Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.

Су қорлары. Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады.

Облыстағы ең ірі және ұзын өзен — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып. Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км).

Машат (60 км). т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км). Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген. су сыйымдылығы 5.2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км). Шардара (10 км) каналдары арқылы 71.5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр. ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары. 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұнғышалар. 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқа көлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м) балық ауланады, Қызылкөл суының (5.9 м3) ем үшін пайдасы зор.

Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай. Талас-Ақсу. Икансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауыддарында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

Өзендері. Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен нан астам гектар жерді алып жатыр. Олар бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырға Бадам, Бөген, Шардара. Қапшағай. т.б. дария және Шу өзен алаптарына жатады.

Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы — Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарынын беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс — Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м-ус-ка азайды.

Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі. Бесарық Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.

Көлдері. Негізінен Сырдария. Шу өзендерінің сағаларында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен толығады. Облыс аумағында 43 кел бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың ға. Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін Қызылкол жатыр.

Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы. Иқансу Көкқиясай өзендері Қарашык, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құяды.

Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б. ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.

Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.

Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы қөлемі 98 мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай. т.б. бөгендер жатады.

Жер асты сулары. Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м-Утоулік болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуте жарамды сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 м-тан астам мөлшерге бағаланады.

Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан тұратын Сырдария артезиан алабы барланған. Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында ойыстың шеты бөлігінде 90 — 170 м. ортаңғы бөліпнде 1100 — 1200 м тереңдікте жататын сульфат-хлоридті натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10 — 15 және 165 м аралығында. Минералдануы 2—12 гдм. Жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бұл сулар Сырдария ойпанының оңтүстік-батысында көптеп кездеседі және 170 — 600 м тереңдікте жатады. Судың температурасы 20 - 40=С.

Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және "Манкент" шипа-жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда колданылатын сульфат натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су көзінің тереңдігі 1143 — 1181 м. минералдылығы 2.1 гдм\ судың температурасы 40°С. Судың құрамында күкіртсутегі бор, бром, кремний қышқылы кездеседі.

Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 — 500-ден 2000 м терендікте жататын және температурасы 20 — 90°С болатын аз минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген жеке бор дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.

Темірлан ауылынын оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792 — 840 м тереңдікте мирокарбонатнатрий құрамына кіретін аз минералданған азот сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8 гдм\ температурасы 39"С.

Келес ойысының ортаңғы болігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде ''Сарыағаш" курорты жұмыс істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың температурасы 49 — 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн.тәулік.

Байырқұм — Арыс ойысы аумағында кремний минералды су көздері ашылған. Төменгі бор дәуірі құмдарында судың минералдылығы 1.7 гдм3. Құрамында бром, иод, бор, фтор бар екені анықталған. Судың температурасы тереңдігіне байланысты 46 - 83°С.

Шымкент қаласы Бадам — Сайрам және Тассай — Ақсу жер асты сулары аркылы сумен қамтамасыз етіледі.

Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927 — 92 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені — Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан, көлемі 5200 млн. м- ұзындығы 6000 м, терендігі 28,2 м.

Көлемі және халық шаруашьшығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан, көлемі 370 млн. м\ ұзындығы 5400 м.

1.3 Оңтүстік Қазақстан облысының топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын алъпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырактарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сүрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыр түстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының О.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардын комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау боктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

Тау топырақтары. Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіңдегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 —350 м) таудың биік 3500 — 4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ өсімдік жамылғылары да жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шындарына дейінгі 3 — 4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақга Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқұловтан қолдау тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Аксу — Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғындыдалалы альпілік, субальпілік, таулыдалалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғанды роморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр. Орта таулы аумақтарда таулы орманды, таулы-бұталы белдеулерде күнгірт қоңыр, таудың ашық қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың гектар, облыс жерінің 4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сүр топырақтары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар, облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақтағы топырақтар көлемі 894,8 мың гектар жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.

Тау аралығындағы аңғарлардың, тағы басқа биік және ойысты жашқтардың топырақтары. Таулы аймактарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл топтағы топырақтар ішінде осы аймақтарға тән зоналық топырақтар кездеседі. Тау етектерінің биіктеу жазықтарының қара коңыр, қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің 6,6 пайызы. Тау етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сүр топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жерінің 8,4 пайызы. Тау етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сүр топырақтары, көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сүр топырақтары, биік шөл жазықтарының сүр құба топырақтары 2390,7 мын гектар — 19.5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыр түстес топырақтар және шалғынды. шағынды-батпақты топырақтар кездеседі. Біраз жерлерді белдемаралық топырақтар жатыр. Оның ішінде сұр топырақ белдемдегі сортан топырақтар көлемі 193.Д мын гектар, облыс жерінің 1,6 пайызы: ел зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539.7 мың гектар — 4.5 пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 45.3 мын гектар — 3,8 пайыз. Өзен бойларының топырақтары 300,9 мын гектар — 2,7 пайыз, сұр топырақтар белде міндегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар — 9,5 пайыз болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гектар — 20,6 пайыз. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумактарындағы топырақтар көлемі 11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің 91,5 пайызын алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін топырақ емес құрылымдар: биік таудағы мәнгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көп мен өзендер алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мын гектардай — 1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару мүмкіншілігіне қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады. Мысалы таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай жайылым, шабындық жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар өсіруге болады. Ал аласа таулы аумақтардың етектеріндегі ылғал жеткілікті болғандықтан бұл белдеулер тәлімі (богара) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі етектеріндегі жазықтарда ылғал жеткіліксіз, негізінен суармалы егістіктер үшін ыңғайлы. Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта дақылы, бау-бақша жемістері, көкөніс, матазығындық шөптер, т.б. өсірідеді. Ал өзен бойларындағы көне атлювиавды шөл белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған дақылдарға қоса күріш етіледі. Жашы облыс көлеміндегі жартылай шөл, шөлді алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады.

Өсімдіктері. Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1 — 1.5 мындайы — балдыр. 2,5 — 3 мындайы — санырауқұлақ, 200-ге жуығы — қына, 500-ге жуығы — мүк тәрізділер және 3 мыннан астамы — жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10 — 12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ жалған шандра, бочанцевия. Тобылғы гүл, канкриниелла, Онтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан. Сол флораларлың өкілдері бүгінгі флораның құрамына реликг түрінде кездеседі.

Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық экологиялық эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға (Ақсу-Жабағылы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.

Облыстың жазық бөлігі Иран-тұрандық ботаникалық-географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді (жоңғар-солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық. Жоңғар-солтүстік тұрандыұ шелдер Созақ ауданы жерінде. Облыстың терістігіндегі Бетпақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ жерлерге петрофюті сериялар тән болса, кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар — сұр жусан. бұйырғын қара баялып тасбұйырғын, көкпек, сонымен қатар тұран жусаны мен майкара жусан, күйреуін, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде Бетпақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды-гипергалофитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар — жалмаюсұлақ, жапырақты сорканбақ төбесораң, қызыл соран, сарса-заң сонымен қатар жынғыл мен көрмектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдіктері бар Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар — жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусаннын түрлері, ебелек пен изен өседі.

Онтүстік тұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық, тау етегі мен бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті эфемерлі эферероидты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен анғарларына тән өсімдіктер. Жазыктық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдификаторлар (өсімдік жамылғысындағы басым түрлер) — ақ сексеуіл, рай басты жусан, жоңғарлық жусан, түк жемісті мавзолея және бірқатар эфемероидтар. Адырлық шөлдерде эфемерлер мен эфемероидтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөлдерге тән негізгі өсімдіктер толық қияқ өлең, қаудың түрлері және қызғалдақ мерендера, шырын, шикылдақ, шөлмасақ фломис, көбен құйрық сияқты эфемероидты шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі — Ақдала жазығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы метр жерде 18 — 20 түрі кездеседі. Тықыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеретум едәуір жерді алып жатыр. Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жуашықты қоңырбас, қоңырөлен мен раң, олармен қатар кездесетіндері — бозшағыл. салалы карашағыр бессаусақ сор ажырық түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында эфемероидтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп топырақ жаланаштанып қалады.

Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде — жынғыл қамыс, шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалын тоғай Сырдарияның анғарында көп. Судың жағалауы торанғыл талдар, жиде, итмұрын тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған лианалар — шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астык тұқымдастар — қамыс, баттауық және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар Батыс Тәніртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:

- әр түрлі шөптесін — ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;

- ксерофильді сирек ормандар мен бұташіліктер (бадалдар);

- жапырақты жемісті орманлар:

- су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар);

- арша ормандары мен сирек ормандар:

- таулық балалар;

- бұта-шідіктер — розарийлер, тобылғы және шиешіліктер;

- тікенекті қатты шөпттер мен бұталардан тұратын фриганоидтар;

- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазык жерлерде кездеспейді.

Таулық әр түрлі шөптесін — ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна теніз деңгейінен 600 м-ден жоғарыда кездеседі. Шөптердің биіктігі 1 м-ден асады. Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, бидайық сияқты шалғындық астык-тұқымдастар құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері, штубендорфия, жүрек жапырақты рауғаш, жалаң гүлді айдаршөп, андыз, шырыштың түрлері түзеді. Екінші деңгейді түзетіндер — жұпаргүл, астрагалдар, самаркандық салаубас, өлмесшөп, көбенқұйрықтың түрлері және т.б. Төменгі денгейдің түр құрамы эфемеретумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына — итмұрындар, тәңіртаулық ұшқат, алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп — 100 шаршы метр жерде 50-ден асады. Субальпілік белдемде (2000 м-ден жоғарыда) — жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақдөп, қызыл-от, андыз, таран, рауғаш, итмұрын, шие және бадам кездеседі.

Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар (бадалдар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа бөктерлерінде (Машат, Дәубаба, Боралдайтау, Қазығұрт) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Негізгі формация — Сары долананың сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі — тау пісте. Бадалдың ең ксерофильді нұсқасы — тікенді бадам топтары. Бұдан басқа Түркістан доланасы, регель алмұрты, семенов үйенкісі, ұшқаттар, итмұрындар, шиелер, парсы шетені немесе қызыл қайың, гультемия, қылша кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар, олар — жабайы алма, жабайы өрік, жабайы жүзім, Шренк тобылғы гүлі, темірағаш, Кавказ таудағаны немесе көтреңкі. Бадалдың флористикалық қанықтығы (тұр құрамының байлығы) 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі. Шөптесін өсімдіктерінің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлер көп. Осы екі өсімдіктер қауымдастығы түрлерінен "Қызыл кітапка" енгені — Регель рафидофитоны, марскеуек немесе лепидолофалар, піскем жуасы, грейг қызғалдағы, көкшіл цикылдақ ақ, жолақты сасыр.

Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде, сайлар мен жыралардың табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер — түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар доланасы, сары долана, семенов үйеңкісі, жабайыланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.

Су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәніртаудың сайжыраларында ағып жатқан үлкенді-кішілі өзен-сулардың бойында болады. Ен алдымен бұл таңшіліктер: ак тая, кирилов талы, блек талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек, реликт түрлер кездеседі. Боралдай, Ақсу. Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанынын ормандары, ал Қаратау мен Машат тауларынын кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь-Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі.

Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе зеравшан аршасы, сауыр арша және кдра арша немесе Түркістан аршасы. Кең тарағаны — қызыл арша, ол 1200 — 2000 м биіктікке дейінгі белдемде тараған. Қаратау мен Машаттағы кішкене "арша аралдары" бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600 — 2500 м биіктіктегі белдемде, ғы Қара арша 1700 — 3000 м биіктікте тараған.

Таулық далалар Кдратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер — қау мен боз және бетеге. Еркекшөптің түрлері де елеулі рөл атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.

Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық фриганойты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың — тобылғы, бал қарағаны, тобылғы гүлдің болуы.

Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең тараған. Ал шөллі жазықтарда, тұзды сортанды жерлерде, өзен анғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына калын болып шие, ұшқат, тобылғы, итмұрын, зірік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғы гүл мен қылшалар кездеседі.

Фриганоидтар немесе таулықыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана онтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теніз денгейінен 1000 — 2700 м биіктікге таралған. Фриганоштардың айқын өкілдерінің көпшілігі реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, "Қызыл кітапқа" кірген. Олар — Культиасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулие-аталық трихантемис, Қаратау лепидолофа қоғасы, таспажапырақты лепидолофа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Жамбыл облысы
Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау
Қаланың батыс және оңт
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Сырдарья өзенінің алабының табиғи жүйесінің табиғи және табиғи-техникалық жағдайын жан-жақты бағала
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Ақмола болысының іргетасы
Қазақстанның табиғат жағдайы
Пәндер