Әлеуметтік педагог


«Мазмұны
1. Қазіргі заман жағдайында «әлеуметтік педагог» мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті . . . 3
2. Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру . . . 6
3. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары . . . 14
4. Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі . . . 17
5. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы . . . 18
6. Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері: . . . 21
7. Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психолгының бірлескен жұмыстары . . . 24
8. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика . . . 26
9. Әлеуметтік педагогтың тәртібінде ауытқушылығы бар оқушылармен жұмысы . . . 37
Қосымша А Әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарын жүргізу . . . 45
Қосымша Ә Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары . . . 56
Қосымша Б «Терминологиялық қобдиша» . . . 60
Кіріспе
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция - әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік - қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.
Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік - педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т. б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.
1. Қазіргі заман жағдайында «әлеуметтік педагог»мамандығының енгізілуінің әлеуметтік-тарихи контексті
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау -әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. Соңғы он жылдағы болып жатқан өзгерістер рухани - өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды, мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізді:
Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда.
Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.
Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік -демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.
Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін ол функцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институтытоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің материалдық базасына үлкен зиян тигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.
Жастар санасында өзекті дүние-өмірлік проблемаларының алуан түрлілігі болып саналады. Елімізде 500 оқушыға жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде төмегндегі жағдайлар анықталды.
Оқушылардың аса маңызды өмірлік проблемаларының рейтингісі
Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушының прроблемаларының көзі мектеп болып отыр. Мектеп-оқушының біршама бөлігі үшін әлеуметтік бейімделіне жағдай жасай алмай отыр. Бұл жерде проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде болып отырған жоқ, мектеп-баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр.
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау - жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік - экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
- Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
- Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
- Адам құқығын қорғау
- Мақсатты әлеуметтік қорғау
ІІ Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру
Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, Бүгінгі тағдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтану процесінің жоспарды және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.
«Тұлға-отбасы-қоғам» жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.
Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының, педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.
Балларды әлеуметтік - педагогикалық қолдау - баламен бірге оның өзіндік көзқарасын, мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум - әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен, оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.
Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік - қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.
Әлеуметтік педагог - өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар - бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді. ) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға, әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.
Б) ойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құыырлығы-проблеманы шешудің бір емес, бірнеше жолын тат білу қабілеті. Себебі әлеуметтік педагог баланың және жасөспірімдердің тобына және қиын балалармен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының өзгермелі жағдайларына тез бейімделуі қажет. әлеуметтік педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты қарым-қатынас құралын, түрін, әдістерін өзгертіп отыруы қажет. Баламалы әр түрлі байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлке маңызға ие болады. себебі кез-келген әлеуметтік педагогкалық шешуі ол тұлғаға бағыталған процес болғандықтан әлеуметтік педагогика дайын шабылондардын, рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті оңтайландыра алуы кәсіптік міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік педагогпен байланыста болатын әрбір баланың ашылмай жүрген шығармашылық мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті-баланың осы мүмкіндігінің ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік -тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік.
Педагогикалық
мінездеме.
Мейірімділік
Басқаның қамын
Ойлау.
Намыс сезімі.
Шынайылық
Адалдық.
Әділеттілік.
Сыпайылық.
Ашықтық.
Естесақтау. Ойлау.
Елестету.
Қабылдау. Психологиялық
Жағдайларға назар
Аудару, шаршау
Күйзеліс
Мазасыздықты жеңе білу.
Өз еркің
Жұмылдыра білу,
Табандылық т. б.
Өөзін - өзі
Қадағалау
өзін-өзі бақылау,
өз-өзіне сын көзбен
Қарау, өз-өзін
Бағалау, өз
Бетімен білім
Алу, өзіне сену,
Өз мәселесін
Шеше алу.
Қарым-қатынаста
Орната білу,
Сыртқы
Тартымдылық,
Ұнай білу,
Табиғилық,
Басқаның көзімен
Көре білу, түсіну
Шешендік, сендіре
Білу т. б.
Бұл мамандықтың иесі гуманист, діни рухани және жалпы мәдениеті педагог болуы тиіс, педагог және әлеуметтік қызыметткер бола білу, баланың білім алуына, тәрбиесіне бамуына байланысты оны қорғауда өзінің белсенді роль атқаратынын түсіне алу тиіс, тұрақты адамгершілік қағидасы ұстанымы болуы тиіс.
Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz