Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері


МАЗМҰНЫ
2. 3 Қазақстандағы мемлекеттік бюджет шығыстары және оның құрылымы
2. 4 2013- 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет және үкіметтің саясаты
25
29
КІРІСПЕ
Өкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі.
Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы - мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2050 жылға дейін шешілуі қажет, маңызды міндеттердің қатарына біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту жатқызылады. Сонымен қатар, Елбасы халыққа жолдауында «Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет.
Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс.
Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.
Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн. » - деп макроэкономикалық саясатты соның ішінде бюджет саясатын жаңғырту жолдарын айтып өткен болатын. .
Тақырыптың өзектілігі. Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т. б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға - бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.
Бюжетті дұрыс пайдалану - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан, шаруашылық механизмінің бюджеттік қаты-настарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай, дұрыс жұмыс істеуге болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Қалыптастыру өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процесі.
Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютты және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр
Курстық жұмыстың мақсаты - ҚР жүргізіліп отырған бюджет саясатын анықтау, бджет жүйесінің жекелеген буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлуді ұғыну, бюджеттің атқаратын негізгі қызметтерін талдау.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
1. Бюджет саясатының ьеориялық негіздерін талдау;
2. Мемлекеттік бюджет құрылымын, қызметтері мен принциптерін анықтау;
3. Бюджет саясатының қазіргі ерекшеліктерін зерттеу;
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті қаржылық бақылауды дамыту мәселесін қарастыру;
5. Бюджет саясатын жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" 2009 жылғы 29 қаңтарыңдағы ҚР Заңы, «2013- 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2010 -2013 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысы, «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығы, сондай-ақ Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С., Үмбетәлиев А. Д., Керімбек Ғ. Е., Исахова П. сынды қазақстандық және шетел авторларының еңбектері, мерзімді баспасөз басылымдары қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында бюджет жүйесіне оның экономикалық рөлі мен құрлымына түсінік берілген.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарына талдау көрсетілген . Онда мемлекеттің кірістері мен шығыстары пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Үшшінші тарауында ҚР-ның бюджет жүйесінің проблемалары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
1. БЮДЖЕТ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы
Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өзіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы, дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдын ала объективті анықталған [1, б. 106] .
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалауы емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік [6, б. 47] .
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетін жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық, әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет -өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылады; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінеді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыу және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекетгік бюджет қаржылық қатынастардың анықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады: Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады[2, б. 91] .
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар, мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлык мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады. Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сырткы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялык банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін, өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы дамуға негізделеді. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері табылады, табыс салығы үшін - салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін - акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы және т. б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады[3, б. 248] .
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бүл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады. Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз. Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ шығыстардың экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады. Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады[4, б. 40] .
Бюджеттік жүйе-мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар:орталық және жергілікті. Орталық басқару органдарына ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Кіріс министрлігі, орталық атқару органдары, ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жатады. Жергілікті басқару органдарына жергілікті өкілді органдар-маслихаттар, жергілікті атқару органдары-әкімдер және әкімшілік жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден - республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры, т. б. ) . Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде[5, б. 67] .
Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етеді. Республикалық бюджет ҚР Парламенті қабылдаған Заңмен, жергілікті бюджеттер жергілікті маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен:республикалық бюджеттің жобасы - Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті бюджеттің жобасы-жергілікті әкімдермен жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру комиссиялары, ал республикалық бюджеттің орындалуын-Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті тексереді.
Бюджеттердің құрылысы:
1) Түсімдерден: - кірістерден;
- алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;
2) Шығыстардан: - шығындардан, кредиттерден;
3) Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен ) ;
4) Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (қолданудан) тұрады.
Мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар комплексі қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады[3, б. 51] .
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
1. Салықтар.
Салықтар дегеніміз-мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады. Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер түседі. Оларға жататындар:алымдар, баждар, төлемдер.
2. Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтау қажет.
А) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін - тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz