Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер



Жоспар:
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы ... ..8
1.3. Негізгі ұйымдық.құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .13
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ. .20
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...20
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған әдебиеттер .34
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьң айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекмелері (жинақ ақша-деипозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық - Алматы 2005
2. Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы:
3. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.
4. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т.-
Алматы: Экономика, 2002.
5. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
6. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оку құралы.
Алматы: Мерей, 2001.
7. Финансы, Деньги, кредит. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.:
ЮРИСТ, 2001.
8. «Экономикалық теория негіздері», оқулық.-Алматы, «Санат», 1998
9. Назарбаев Н.Э. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030ж.дейінгі) даму стратегиясы».-Алматы, 1997.
10.С.М. Орақбаев , Ғ.Л. Тойғанбаев , Ғ.К. Құнтақбаев «Кәсіпорынды басқару» Алматы : Экономика 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Жоспар:

Кіріспе 3

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы ... ..8
1.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.13
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ. .20
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...20
Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қолданылған әдебиеттер .34

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы
өндірістік қатынастардьң айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы
қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар
ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің
жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы
бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл
буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда
дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра
алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық
емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді:
коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекмелері
(жинақ ақша-деипозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары,
бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр
түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар,
трасттық компаниялар және басқалары.
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен
шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың
дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң
нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын
қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер
(амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi;
бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда
қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс
қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив
мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң
аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың
аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы
активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде
қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік
акционерлiк қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем —
жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру
мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге
берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан
түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін
жалгерлiк ақы қолданылады.
Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің
мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс,
пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық
серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын
үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған
табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң
ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен
қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі
түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi
құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық)
меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпарат өндіріс, шаруашылық-каржы және әлеуметтік қызметгі басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-
коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска
кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін
ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі
коммерциялық емес кәсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.

1 .ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылъщ жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің
қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің каржы ресурстарының негізгі бөлігі
калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның
тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - коғамдық өнім жасалатын материалдық
өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың
негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің
қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық
заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың
талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық
шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтық қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты
басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
кұрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты,
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми,
білім, медицина, ақпарат, маркетинг жэне басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық,
салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше,
кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен және
фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік
жэне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру
жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару
мен пайдаланудың аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің
уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты

мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі және жекешеге
немесе бірлескенге айналуы болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің
республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың,
олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару
органдарының - қогғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің,
консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл
процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін -өзі басқару мен өзін-
өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл
шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық
заңдарға байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясыныц
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде
бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде
кұнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен
қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік
қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу -
өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы
болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған
қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған
бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және
дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында
қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік
функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жай
және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы
айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз
етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің
жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық
нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен
шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы
ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған
қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен
бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының бақылау функциясы кәсіпорын
экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық
жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы
басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және
еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бакылауды қамтамасыз ету
процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен,
жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-
қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілер
арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген
қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-
кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы
міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған
кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын
жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар
төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы
қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік
жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу
кезінде);
мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды
қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы кағаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалғарлік төлемдер бойынша және
басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның
пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес кұрылтайшыға аударған
кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
қаржы қатынастарыныц көпқырлылығы, олардың нысандары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен
байланысты
қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді
элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен
қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын
қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық
және ақша нысанында болуы мүмкін;
жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
барлык жағына әсер ету мүмкіндігі;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл каржы
жүйесінің айқындаушы болып табылады.

1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар,
ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет
сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу
болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл
қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен
игіліктерді жасайды.
Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде
(өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті
тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес
сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді
жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни
олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің козғалысымен
байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістігі, ұлттық
шаруашылықтың техникалық - экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал
жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі
едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып
келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың
технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен),
маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуелділігімен,
шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен
анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына,
қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен
кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен
болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл
шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар
өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе
маусымдық сипаттағы өндірістер аяқталмаған өңдіріске қаражаттарды едәуір
оқшауландыруды туғызады; құрылыста маусымдылық қыс уақытында жұмыстардың
қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға,
аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы
қорытындысында шығындардың артуы кызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер
етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде
аз табыс алатын болады немесе рынокта өзінің ұстанымдарын сақтап қалу үшін
оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялык және коммерциялық
емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс
істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару,
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-кимылдарды орындауға
бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға
ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құкығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым
заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылык
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыру есептелген. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес кызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландырылуың ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны
қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың
және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардыц
менгшігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылык жүргізудің ұйымдық-
құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі
шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның
ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі
міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
1.Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі
тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар,
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
2.Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен
азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
б.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы
аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің
құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашшық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата
білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен —
мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша
кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын,
орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі
сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел
шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын
ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Жалпы меншіктін әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық
мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты
бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-қүқықтық нысаны жарғылық капиталды
жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері
мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің
мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және
кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып,
кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік,
жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде кұрыла
алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде іс-әрекет етеді және
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаларына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік,
жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құкықтық
нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы
екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық
сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіңдегі
мүмкін болатын ұштасуы қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмін
күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметі айқын заңнамалық
реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылык процестерді
бақылауды қажет етеді.

1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы.

Қызметтің Материалдық Материалдық емес
сфералары (өндірістік емес)
бойынша
Өндірістің Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
түрлері
бойынша
Қызметтің Коммерциялық
сипаты
бойынша
Коммерциялық емес
Меншіктің Мемлекеттік меншік
нысандары
бойынша
Жеке меншік
Қоғамдық ұйымдардың меншігі
Шетелдік субъектілердің меншігі
Аралас
Ұйымдық-құқық Шаруашылық Мемлекеттік Коопе-рҚоғамдық Өндіріс-
тық түрлер серіктестіктері атив-тіұйымдар тік емес
бойынша к сфера-
ның
ұйымда-
ры мен
мекеме-ле
рі
шаруашжедел
ылық басқар
жүргізу
у құқығы
құқығындағы
ндағы

Толық серіктестік Жауапкешілігі шектеулі серіктестік Акционерлік
қоғам Қосымша жаупкершілігі бар серіктестіктер Сенім серіктестігі Басты
Еншілес Қазыналық Өндірістік Тұтыну Қоғамдық бірлестіктер Қоғамдық
ұйымдардың кәсіпорындары Қоғамдық қорлар Мемлекеттік Коммерциялық

1.3. Негізгі ұйымдық-қүқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысыныц ерекшеліктері

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен
шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің
нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар
шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл
көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы
бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерінің үлестік
жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен
шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары
кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен
бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооператвтерде қызметкерлердің
үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік коғамдарда
да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем
жалға берілген мүлік құнының амортизациялык аударымдарын, жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін каражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдык қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылык
қызметінің мынадай каржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза
табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың —
шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының
қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне
сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың
құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары,
мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және
басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті,
зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге
асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің; "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылык, серіктестігі — жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз кызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай
нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мсн жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды Сенім серіктестігі өзінің
бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша
жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін катысушыларды және
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын
жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
Қаржы катынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық
немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды
таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін.
Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары,
еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың
түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы
әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған
тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның
қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде
бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының
шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік коғам
жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға
міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер
төлеуге құқығы жоқ:
1 ) қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2) егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дерменсіздігі нышан-дарына
жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметтілер ішінде
бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе
акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың
капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса,
төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде
тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан
болыи табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды
қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпорындарды немесе салалардың
қаражаттарын калыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы
ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта кұйылымына
мүмкіндік жасайды. Акциоиерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке
иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі
кәсіпорьшдарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек
оның нарықтык сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму
перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды
артықшьшығы — шидай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорының қызметіне оның
акцияларын сатып алу аркылы қатысу мүмкіндігі.
Нарық жағдайында акционерлік қоғамдардардың басқа ұйымдық-құқықтық
нысаңдарға қарағанда айтарлықтай тұрақтылығы болады. Бұған табысты
(пайданы) қоғамның қалыптасу мүшесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокті
жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте
табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды
жүзеге асыру есебінен қол жетеді. "Шектеулі жауапкершілік" қағидатының,
яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық
жауапкершіліктің іс-әрекеті жеке қаражаттардың негізінде пайда бола
алмайтын жеткілікті тәуекелдік кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары
табыстылық алу тұрғысынан) құрудың алғы шарты болып табылады.
Экономикада едәуір орынды мемлтекеттік сектор алады. Бұл секторда
кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылық, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық
мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналык кәсіпорын)
кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар—-коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсінорынмен еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті
болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет -
мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын
мынадай әлуеметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық
жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін корғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз
қамтылған коғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші
қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы
болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік
басқару органдарының басқару функцяларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорыңды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары,
қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін
шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен пайданың бір
бөлігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын пайданың үлесі уәкілді органның Қаржы
министрлігімен келісілгсн пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын пайданы
бөлу нормативінде белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым
қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген
кұндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі
берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай
табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптасады.
Шаруашшық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан
сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін
мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің
1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды
қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем
болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 найызы осы
мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды
жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік
кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда
пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өңдіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық
өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды
қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және
өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді
органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып
белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады.
Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган
Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі
бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті
бюджетгердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару

2) өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, еріген, су тасқынынан және басқа
сұрапыл апаттардан қорғау;
3) заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау
мен дамыту;
4) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және
халықаралык байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
5) топографиялық-геодезиялық және картографиялык жұмыстар жүргізу;
6) денсаулық сактау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау,
ғылым және мәдениет сферасынна өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
үшін құрыла алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы туралы
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі жəне қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері
Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің қаржыландыру көздері
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық - құықтық нысандары
Басқару мақсаттарын қою
Пәндер