Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу (меншік түрі, лицензиясының болуы, ұйымдастыру құрылымы мен көрсетілетін қызмет т үрлері бойынша есеп саясаты)
- Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
- Коммерциалық банктерде кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу
- Банктің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу:
- Операциондық;
- Клиентпен жұмыс жасау бөлімі (депозиттік операциялар бөлімі)
- Кредиттік операциялар;
- Валюталық операциялар;
- Бағалы қағаздар ;
- Шағын және орта бизнесті несиелендіру бөлімінің қызметі
- Банк тәжірибесіндегі тәуекелдерді зерттеу
- Өтімділік пен төлемқабілеттілікті анықтау
- Банктік менеджмент. Банктік маркетинг
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Практиканың негізгі объектісі «АТФ Банк» АҚ - өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді - банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну, сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты - жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:
1) берілген банктік кәсіпорынның даму тарихын;
2) банк көрсете алатын қызмет, соның ішінде дәстүрлік және жаңа перспективалық;
3) ең жаңа технологиялар және олардың негізгі шаруашылықта қолданылуы.
Бұл жұмысты жазу барысында «АТФ Банк» АҚ-ның негізгі информациялық көлемі банк клиенттеріне ұсынылатын өнімдер және қызметтерге негізделеді.
«АТФБанк» АҚ алдындағы практиканы өту барысында мен кәсіпорындар принциптері және банк шаруашылығымен таныстым, акционерлік қоғам ретінде мекеменің статусын және меншік түрін анықтадым. Банктің өндіріс және басқару модельін ұйымдастыруды, құрылымын, функциясын, технологиялық және техникалық дәрежесін қарастырдым. Банктік қызмет нарығында ұсынылатын банктің әртүрлі өнімдері мен қызметтерін зерттедім. Банк клиенттерімен және ұжымда жұмыс істеуде үлкен тәжірибе алдым.
- Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу (меншік түрі, лицензиясының болуы, ұйымдастыру құрылымы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша есеп саясаты)
Банктер - жаңа ақшалай өндірістің құрамдас бөлігі, олардың саласы өндіріс қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Банктер нарықтық механизмнің негізін құрайды, олардың көмегіменмемлекеттің экономикасы қызмет етеді. Коммерциялық банктер барлық ақшалай ағымдардың қозғалуын ретейді, біріншіден несиелік, қоғамда қаржылық ресурстардың мемлекеттік өндірістік саласындағы капитал ағымының рационалды түрде қамтамасыз етілуін қажет етеді. Қазіргі уақытта, ақша - несиелік жүйе Жаңа кезең банктік істе, ұйымдастыруда көптеген жаңалықтар және басқару әдістерінде ірі өзгерістермен сипатталады. Сонымен қатар, банктік саламен байланысты тәуекелдер өссе түсті. Банктің сенімді жұмысының негізгі - сапалы басқару болып табылады.
2014 жылдың 3 наурызындағы жағдай бойынша банктік секторде 38 екінші деңгейлі банктер тіркелген. Олардың ішіндегі «АТФБанк» АҚ -өз клиенттерінің игілігі үшін 19 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы әмбебап коммерциялық банк.
«АТФБанк» акционерлік қоғамының негізі 1995 жылғы маусым айында, яғни ҚР Ұлттық Банкі «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ тіркеген кезде қаланған. Сол жылы АТФБанк Қазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды. 2001 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамы тіркелді, ал 2002 жылдың маусым айында "АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылдың қазан айында «АТФБанк» АҚ-на қайта тіркеу жүзеге асырылды.
2001 жылдың желтоқсан айында бас офисі Қостанай қаласында орналасқан "Банк Апогей" ААҚ еншілес банкін қосып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келісім берді. Бастапқы уақытта сауда саласының клиенттеріне қызмет көрсету үшін құрылған "АСҚБ" ААҚ-тың қызмет көрсету ауқымы кеңейе түсті. Соның нəтижесінде акционерлердің 2002 жылдың 17 мамырында болған кезекті жылдық жалпы жиналысында "Алматы сауда-қаржы банкі" ААҚ” атауын "АТФБанк" Ашық акционерлік қоғамы” ("АТФБанк" ААҚ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 2002 жылдың 22 маусымында Банк "АТФБанк" ААҚ болып қайта тіркеуден өтті.
2002 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Банк Апогей" ААҚ-ты қосу арқылы ерікті түрде қайта құрылуға рұқсат берді. Бұдан кейін "АТФБанк" ААҚ пен "АТФБанк"ААҚ-тың ЕБ - Апогей Банкі " ААҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының шешімімен (2003 жылдың 17 наурызындағы 1(29) хаттама) "АТФБанк" ААҚ Жарғысына №1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілді жəне бұл өзгеріс қолданыстағы заңнамаға сəйкес тіркелді.
Банк өз клиенттеріне кең ауқымдағы банктік қызметін - теңгемен жəне шетел валютасымен неие беру, депозиттер қабылдау, төлемдер мен ақша аударымдарын жасау, валюта айырбастау несие карточкалары бойынша қызмет көрсету, ұлттық жəне халықаралық инвесторларға кастодиандық қызмет көрсетумен қатар басқа да қызмет түрлерін ұсынады. 1999 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ”АТФБ” ААҚ заңды тұлғалардың 2 146 есепшоты жəне жеке тұлғалардың 1 422 есепшоты жұмыс істеген болса, 2003 жылдың қаңтарында заңды тұлғалардың есепшоты 15 561-ге жəне жеке тұлғалардың 1 422 есепшоты 23 544-ке жетті. Бұл көрсеткіш Банктегі клиенттер базасының даму динамикасын сипаттайды. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ, "КазТрансОйл" ЖАҚ, "Казцинк" ЖАҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ, "КЕГОК" АҚ секілді ірі компаниялар, сонымен қатар көптеген шағын жəне орта бизнес компаниялары АТФБ-нің корпоративтік клиенттері болып табылады.
Банк сауданы қаржыландыру саласындағы, коммерциялық несие беру, бөлшек сауда бизнесі, төлем карточкаларының жүйесіне қатысты банктік операциялардың барлық түрін игеріп, өз филиалдары мен депозиттік қорларын кеңейтті. 1998 жылы 6 филиал жəне 2 ЕАКБ қызмет көрсеткен болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында Банк филиалдарының саны 11-ге жəне ЕАКБ саны 9-ға дейін өсті.
Банк бастапқы дилер ретінде, əрі инвестор ретінде мемлекеттік құнды қағаздар нарығының белсенді қатысушысы болып табылады. 2000 жылдан бастап Банк мемлекеттік құнды қағаздар жөніндегі Қазақстандық Қор Биржасының ең белсенді трейдерлерінің бірі ретінде танылып отыр. АТФБанк 1998 жылдан бастап Еуропалық Қайта Құру жəне Даму Банкімен төмендегідей бағдарламалар бойынша табысты жұмыстар жүргізіп келеді:
1. Шағын жəне орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы; 2. Сауданы қолдау бағдарламасы (Trade Facilitation Program) ; 3. Дəнді дақылдар өндіру бағдарламасы. Осылармен қатар, АТФБанк World Bank ("Ауыл шаруашылығына постприватизациялық қолдау көрсету" бағдарламасы), Kreditanstalt fur Viederaufbau (ҚР шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарын қолдау бағдарламасы) жəне Asian Development Bank (Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау бағдарламасы) несие желілерімен жұмыс істейді.
Шикізат қорларының жəне жалпы сұранысқа ие тауарлардың экспорт-импортымен айналысатын кəсіпорындарға коммерциялық несие беру - Банк бизнесінің негізі болып табылады. Өзгермелі экономикалық жағдай мен нарық жағдаяты Банк алдына отандық өндірісті кең ауқымда дамытып, Қазақстанда қаржы нарығының инфрақұрылымдарын одан əрі қалыптастыру қажеттігін қойып отыр. Табысты қаржылық қызмет пен ірі корпоративтік клиенттер қатарын (мұнай, металлургия, құрылыс жəне т. б. ) тартуға қатысты жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстары нəтижесінде Банк еліміздің капиталдандыру саласындағы ірі банктердің ондығына еніп отыр, жəне активтерінің көлемі бойынша №4 банк болып табылады. Қазақстандағы жəне бүкіл əлемдегі экономикалық жағдайдың күтіліп отырған өзгерісіне байланысты Банк менеджменті Банктің тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз ету жəне одан əрі даму жолдарын іздестіруге бағытталған Қайта капиталдандыру жəне қызметті жақсарту жоспарын əзірледі.
1. 3. Эмиссия бағыттамасын дайындаған уақыттағы жағдай бойынша халықаралық жəне/немесе отандық рейтинг агенттіктерінің рейтингілері туралы мəліметтер Эмиссия бағыттамасын дайындаған уақыттағы жағдай бойынша халықаралық рейтинг агенттіктері Банкке төмендегідей рейтингтер мəртебесін берді:
“Fitсh IBCA” В+ - шетел валютасымен ұзақ мерзімді В - шетел валютасымен қысқа мерзімді D - жеке рейтинг “5Т” - акционерлерді қолдау рейтингісі 1. 1. 1. 1 Болжам тұрақты
“Moody’s” “Ва2/NP. “D-” - қаржылық тұрақтылық Болжам тұрақты.
Басқару органдарының құрылымы Банктің органдары болып табылатындар: 1) Жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы; 2) Басқару органы - Банктің Директорлар кеңесі; 3) Атқару органы - Банктің Басқармасы; 4) Бақылау органы - Ішкі аудит жəне бақылау Департаменті Қаржы жылы аяқталғаннан кейін 5 ай ішінде шақырылатын Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің жоғарғы органы болып табылады.
“АТФБанк” АҚ Басқару органдарының құрылымы:
1) Жоғарғы орган
2) Басқару органы
3) Атқару органы
4) Бақылау органы
Сызба -1
«АТФБанк» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымы
“АТФБанк” АҚ
Жоғарғы орган Басқару органы Атқару органы Бақылау органы
Акционерлердің Ішкі аудит
жалпы жиналысы Басқарма жəне бақылау
Директорлар кеңесі Департаменті
Қайнар көзі: «АТФБанк» АҚ-ның ресми сайты www. atfbank. kz
01. 01. 2012 жылғы жағдай бойынша Банктің 17 аймақтық филиалдары 92 қосымша орындармен толықтырылды.
Банктің аймақтық филиалдар тізімі
Кесте-1 Банктің аймақтық филиалдар тізімі
Қайнар көзі: «АТФБанк» АҚ-ның ресми сайты www. atfbank. kz
Fitch Ratings
- Ұзақ мерзімді шетел валютасындағы ЭДР «B-» деңгейінде расталды, «Тұрақты» болжам
- Қысқа мерзімді шетел валютасындағы ЭДР «B» деңгейінде расталды
- Ұзақ мерзімді ұлттық валютадағы ЭДР «B-» деңгейінде расталды, «Тұрақты» болжам
- Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «BB- (kaz) » деңгейінде расталды, «Тұрақты» болжам
- Тұрақтылық рейтингі «b-» деңгейінде расталды
- Қолдау рейтингі «5» деңгейінде расталды
- Басым қамтамасыз етілмеген борыш: рейтинг «B-» деңгейінде расталды
- Ұлттық басым қамтамасыз етілмеген рейтинг «BB-(kaz) » деңгейінде расталды
- Реттелген борыш: рейтинг «CCC» деңгейінде расталды
Ұлттық реттелген борыш «B (kaz) » деңгейінде расталды.
Облигация түріндегі субординациялық қарызды және заемдарды шығару, Қ. Р-ның заңнамасымен орындалатын Банктің пруденциалдық нормативтерін жүзеге асыру үшін, меншікті капиталын толықтыру және кредиттік портфельді ұлғайту үшін қолданылады. Келесі кестеде банктің айналысқа шығарған қарыздық бағалы қағаздарының көлемі және субординацияланған займ туралы ақпарат көрсетілген.
Кесте-2 Айналысқа шығарылған қарыздық бағалы қағаз «АТФБанк» АҚ
Қайнар көзі: «АТФБанк» АҚ-ның ресми сайты www. atfbank. kz
Сызба-2
Облыстық және өңірлік филиалдардың үлгілік құрылымы
Филиал директоры
Банктік қызмет Бөлшек сату Кредиттік админ Бухгалтерлік есеп
көрсету орталығы орталығы бөлімі және есептеме
бөлімі
кассалық операциялар кассалық операциялар бөлшек бизнесті
бөлімі бөлімі қолдау бөлімі
қаржылық қадағалау бөлшек сату бөлімі ақпараттық технологиялар
бөлімі бөлімі
бөлшек сату іс-қағаздар бөлімі
бөлімі
әкімшілік-шаруашылық
ШБО сату бөлімі бөлімі
Қайнар көзі: «АТФБанк» АҚ-ның ресми сайты www. atfbank. kz
«АТФБанк» АҚ ауқымды клиенттер базасы және барлық қалада таралған филиалдық желісі бар еліміздің бастапқыда дилер ретінде, əрі инвестор ретінде мемлекеттік құнды қағаздар нарығының белсенді қатысушысы болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын ұсынатын әмбебап қаржылық Банк ретінде дамып келеді.
- Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе коммисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Банк ресурстары- бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
«АТФБанк» 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтердің жалпы көлемі 863, 897, 852 млн теңгені құрады, бұл 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 147, 251, 620 млн тг азайған.
Бұл банктің несие портфелі 2013 жыл 1 қаңтарға сәйкескелесі топтар бойынша экономиканың келесі салаларына берілді:
Кестедегі анализден көріп отырғанымыздай, 2013 жылы Банктің несие портфелінің өсімінің жалпы көлемі 0, 86% яғни что в сумме составляет 8. 157. 447 мың теңге. Соның ішінде жалпы портфельдік коммерциялық заемдарға банктің еншілес «ЮникредитБанктің» шығарған заемдары қосылған яғни 22, 239, 206 мың тг. пайыз мөлшерлемесі 2, 3% .
2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Қазақстан аумағында 38 ЕДБ тіркелген. 4 кестеде меншік капиталы бойынша алғашқы ондыққа кіретін Қазақстанның негізгі 10 банкісі көрсетілген.
Сызба-3 банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады
Қайнар көзі: «Коммерциялық Банктердің операциялары» Мақыш С. Б. «Издат Маркетинг» баспасы, Алматы, 2004 ж
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% -ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Кесте-4
«АТФБанк» 2013-2012 жж ресурстардың құрылымы
Қайнар көзі: «АТФБанк» АҚ қаржылық есептілігі 2012-2013 жж
Төртінші кестеде «АТФБанкі» 2012-2013 жж ресурстық құрылымы берілген. Мұнда Банктің акционерлік капиталы бір жылда яғни 2013 жылы 8%-ға, яғни 1548 мың тг өскенін көріп отырмыз. Ал барлық капитал 2012 жылға қарағанда 2013 жылы 6 330 559 мың теңгеге өскен.
Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады. Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресрустарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салм ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
Кесте-5
Заңды және жеке тұлғаларға берілген несие 2013 жыл
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz