Бүлінген құжаттар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. Мұрағатта бастапқы бүлінген құжаттарды қалпына келтіру және сақтау туралы жалпы түсінік.
2.1. Мұрағаттық құжаттарды қалпына келтіру, кітапша етіп тігу және түптеу үшін желім әзірлеу.
2.2. Құжаттың материалдарды ылғалды өңду әдісімен формалиннің көмегі арқылы дезинфекциялау.
2.3. Құжаттардың материалдары оңашаланған үй.жайда формалин буымен және қарапайым түрдегі камерада дезинфекциялау.
2.4. Құжаттық материалдарды камерада дибромэтан буымен дезинфекциялау.
3. Құжаттарды материалдық реставрациялау және консервациялау.
3.1. Құжаттық материалды реставрациялаудың физикалық әдістері.
3.2. Құжат мәтіндерін консервациялау
3.3. Метил және кристал . күлгін бояғыштармен орындалған қолжазба мәтіндерді тұрақтандыру.
3.4 Машинкамен жазылған күлгін мәтіндерді, мөрлер мен мөртабандар бедерлерін тұрақтандыру.
Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Мұрағат- тарих айнасы, «бәрі де өтеді» дейтін көне тәсілден шығатын ақиқат, өшпейтін, ұмтылмайтын нәрсе жоқ. Сондай өшкенімізді жандандыратын, ұмытқаныңды жадыңда жандандырып тарихтағы әр нәрсені, әрбір тұлғаны орын орнына қойып беретін тағы да мұрағат. Еліміз тәуелсіздігін алып «архив» деген терминнің «мұрағат» деген төл сөзімізбен алмастырылғанына да біраз болған.
Елімізде мұрағаттар мен құжаттаманы басқару қоры және мұрағаттар туралы арнайы заң қабылданды. Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз. Кезінде академик Е.В.Терле: «құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ» - деген, ол мұрағат сол тарих үшін жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да ол жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігімен бірге тыныстап өмір сүріп, халқына, мемлекетке қызмет етеді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1998 жылғы 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» қазақ тарихында мұрағат жөніндегі тұңғыш заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан мұрағатының жаңа дәуіріне, оның өркендеуі мен дамуына айқын жол ашты. Осы заң негізінде 1999 жылғы мамыр айында Республиканың мұрағат қорын басқару органы – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Мұрағаттар мен құжаттарды басқару жөніндегі комитеті құрылды.
Мұрағат ісі дегеніміз – ұлттық мұрағат қорын қалыптастырумен байланысты, мұрағат білімімен, мұрағат қорларында және жиынтығында, оларды сақтау мен пайдалану ұйымдарындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және деректі ескерткіштердің жиынтығы болып табылады.

1. Г.А.Маймақова – 2003 ж. «Мұрағаттану»
2. Мемлекеттік стандарт 1037-2001 «Іс қағаздарын жүргізу мұрағат ісі» терминдер мен анықтамалар
3. Степанов Е.А - 2000 ж «Хатшы ісі»
4. Алексеева А.Н. – 2005 ж «Архивоведение»
1. Г.А.Маймақова – 2003 ж. «Мұрағаттану»
2. Мемлекеттік стандарт 1037-2001 «Іс қағаздарын жүргізу мұрағат ісі» терминдер мен анықтамалар
3. Степанов Е.А - 2000 ж «Хатшы ісі»
4. Алексеева А.Н. – 2005 ж «Архивоведение»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. Мұрағатта бастапқы бүлінген құжаттарды қалпына келтіру және сақтау
туралы жалпы түсінік.
2.1. Мұрағаттық құжаттарды қалпына келтіру, кітапша етіп тігу
және түптеу үшін желім әзірлеу.
2.2. Құжаттың материалдарды ылғалды өңду әдісімен формалиннің
көмегі арқылы дезинфекциялау.
3. Құжаттардың материалдары оңашаланған үй-жайда формалин буымен
және қарапайым түрдегі камерада дезинфекциялау.
4. Құжаттық материалдарды камерада дибромэтан буымен
дезинфекциялау.
3. Құжаттарды материалдық реставрациялау және консервациялау.
3.1. Құжаттық материалды реставрациялаудың физикалық әдістері.
3.2. Құжат мәтіндерін консервациялау
3.3. Метил және кристал – күлгін бояғыштармен орындалған қолжазба
мәтіндерді тұрақтандыру.
3.4 Машинкамен жазылған күлгін мәтіндерді, мөрлер мен мөртабандар
бедерлерін тұрақтандыру.
Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер
1. Г.А.Маймақова – 2003 ж. Мұрағаттану
2. Мемлекеттік стандарт 1037-2001 Іс қағаздарын жүргізу мұрағат ісі
терминдер мен анықтамалар
3. Степанов Е.А - 2000 ж Хатшы ісі
4. Алексеева А.Н. – 2005 ж Архивоведение
КІРІСПЕ
Мұрағат- тарих айнасы, бәрі де өтеді дейтін көне тәсілден шығатын
ақиқат, өшпейтін, ұмтылмайтын нәрсе жоқ. Сондай өшкенімізді жандандыратын,
ұмытқаныңды жадыңда жандандырып тарихтағы әр нәрсені, әрбір тұлғаны орын
орнына қойып беретін тағы да мұрағат. Еліміз тәуелсіздігін алып архив
деген терминнің мұрағат деген төл сөзімізбен алмастырылғанына да біраз
болған.
Елімізде мұрағаттар мен құжаттаманы басқару қоры және мұрағаттар
туралы арнайы заң қабылданды. Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз. Кезінде
академик Е.В.Терле: құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ -
деген, ол мұрағат сол тарих үшін жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да
ол жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігімен бірге тыныстап
өмір сүріп, халқына, мемлекетке қызмет етеді. Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1998 жылғы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат
қоры және мұрағаттар туралы қазақ тарихында мұрағат жөніндегі тұңғыш заңға
қол қойды. Бұл заң Қазақстан мұрағатының жаңа дәуіріне, оның өркендеуі мен
дамуына айқын жол ашты. Осы заң негізінде 1999 жылғы мамыр айында
Республиканың мұрағат қорын басқару органы – Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Мұрағаттар мен
құжаттарды басқару жөніндегі комитеті құрылды.
Мұрағат ісі дегеніміз – ұлттық мұрағат қорын қалыптастырумен
байланысты, мұрағат білімімен, мұрағат қорларында және жиынтығында, оларды
сақтау мен пайдалану ұйымдарындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен
мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени
маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және деректі
ескерткіштердің жиынтығы болып табылады.
МҰРАҒАТТА БАСТАПҚЫ БҮЛІНГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттар мәтіндерінің басым
көпшілігінің сақталу деңгейі төмен. Сақтау мен пайдалану үдерісінде
мәтіндердің бүлінуі жарықтың, судың, ауаның зиянды бөліктерінен және
механикалық әсерден пайда болады. Құжаттарды жоғарыда аталған факторлардың
зиянды әсерінен қорғайтын арнайы химиялық құрамдармен өңдеу құжат
мәтіндерін сақтау тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұрағаттағы құжаттарды
сақтаудың бірнеше жолдары мен әдіс-тәсілдері болады.
Мұрағатқа арналған ғимарат және бөлме
Мұрағат үшін құжаттар сақтауға арналған (мамандандырылған, бейімделген)
жеке ғимарат немесе ұйымның әкімшілік ғимарат немесе ұйымның әкімшілік
ғимаратынан бөлмелер беріледі.
Мұрағат қоймаларымен, оқу залымен,жұмыс бөлмелерімен, жиналатын электронды
негіздердің автоматтандырылған кітапханасымен, серверлік және байланыс
жабдықтарына арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі.
Мұрағат қоймасы араб цифрімен жалпы рет бойынша нөмірленеді және химиялық
заттары бар лабараториядан, азық – түлік өнімдері сақталанылатын өндіріс
орындарынан, қойма жайлардан, ал электрондық мұрағат -электромагниттік
сәулелер мен қуаттық өріс көздерінен аулақ,бөлек орналастырылады.
Мұрағат қоймалары қазіргі заманғы өрт сөндіру құралдарымен,күзет және өрт
дабылдары жүйелерімен қамтамасыз етіледі.Жалпы және қабаттар бойынша тоқ
ажыратқыштар мұрағат қоймасынан сыртына орналастырылады.
Мұрағат қоймаларын подвал, жартылай подвал және цокольдік бөлмелерді
орналастыруға рұқсат етілмейді.Мұрағат қоймасы арқылы газ, су, канализация
құбырлары өтпеуі тиіс.
Мұрағат қоймаларына темір есіктер орнатылып, терезелеріне темір,торлар
қойылады.
Сақтау режимі
Құжаттарды сақтау жарық, температуралық – ылғалдылық және санитарлық
гигиеналық режимдерді,соған сәйкес белгіленген нормативті – өлшемдерді
қастамасыз ету жүзеге асырылады.
Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер
немесе боялған әйнектерді қолдану арқылы шашыранқы жарық түсіруге рұқсат
етіледі.
Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын лампалар
немесе жарық шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге, бөлінетін
люминесцентті лампалар қолданылады.
Электрондық негіздегі құжаттар жарық тікелей түспейтін жағдайда сақталады
және ауа құрамындағы қаупті қосралардан (күкіртті газдан, күкүртті
сутегінен, сынап буларынан, азот тотығынан, аммиактан) және
электромагниттік-ионизациялық (радиациялық) әсерлерден қосымша қорғалуы
тиіс.
Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды
мақтау үшін мынадай оңтайлы температуралық – ылғалдылық режимі
белгіленеді:
1)қағаз негіздегі құжаттар үшін-температура -17-+19о С,ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 50-55 %
2)ақ-қара үлгідегі құжаттар үшін –температура+15 о С,ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 40-55%
3)түрлі-түсті үлгідегі құжаттар үшін - температура+15 +25о С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 40-60%.
Ауа райы реттелмейтін мұрағат қоймаларында ғимаратты тиімді тәсілдермен
жылыту, желдету және ауаны ылғалдату (құрғату) жүзеге асырылады.
Температуралық ылғалдылық режимі ауа райы параметрлерін аптасына кем
дегенде екі рет бір мезгілде өлшеп отыру жолымен бақыланады.Аспаптар
көрсеткіштері тіркеу журналына жазылып отырады.Тіркеу журналының үлгісін
ведомствалық мұрағат анықтайды.
Температуралық – ылғалдылық режимдерін бақылау – өлшеу аспаптары
(термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) жылытқыш және желдеткіш
жүйелерден аулақ қойылады.
Мұрағат қоймасы зең, жәндіктер, кеміргіштер, пайда болу, шаң жиналу
мүмкіндіктеріне жол бермейтін жағдайда ұсталады.
Қоймада құжаттарды орналастыру.
Құжаттарды сақтайтын негізгі құралдар тұрақты немесе жылжымалы металл
стеллаждар, отқа төзімді етіп өнделген ағаш стеллаждар болып табылады,
қосалқы құралдар – металл шкафтар мен сейфтер.
Сақтау құралдыра терезелі қабырғаларға перпендикуляр
орналастырылады.Құжаттарды сақтайтын құралдарды ғимараттың сыртқы
қабырғасына және жылу көздеріне тақап орналастыруға рұқсат етілмейді.
Сақтау құралдарын орналастыру мынадай нормаларға сәйкес жүзеге
асырылады:олардың қатараралық қашықтығы -120см,сақтау құралдары
аралықтарының қашықтығы -75см,ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған
параллель қойылған сақтау құралдары арлық қашықтығы -75см,қабырға мен
сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы -45см, еден мен сақтау құралының
төменгі сөресіне дейінгі аралық -15см.
Құжаттар сақтау құралдарының сөрелеріне стандартты мұрағат қораптарына,
электрондық негіздер- қынаптарға салынып жайғастырылады.
Сақтандыру қоры мен пайдалану қорының шағынфильмдері металл қораптарда
сақталады, стандартты раккордттары болады және фотоқабатты беті сыртқа
қаратылған күйінде орам етіп оралады.
Құжаттарды еденге, терезе алдына,басқыштарға немесе реттелген үймелер
арарсына қоюға болмайды.
Сақтау құралдары дербес түрде мұрағатқа кірер есіктің сол жағынан оң
жағына қарай, ал сөрелері жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді.
Құжаттардың орналасқан жерін белгілеу мақсатында әрбір сақтау құралына
топографиялық карточкі жасалыда.Топографиялық карточкі нөмірі сақтау
құралының нөмірімен сәйкес келеді.

және түптеу үшін желім әзірлеу
Мұрағат құжаттарын қайта қалпына келтіру кезінде атқарылатын жұмыстың
басым көпшілігі желімді пайдаланумен байланысты болады.
Желім жағу арқылы жұқа қағаз жапсырылып, құжаттың тозған негізін
нығайту және парақтың бастапқы форматын қалпына келтіру бойынша жұмыстар
жүргізіледі. Құжаттық материалдарды кітапша етіп тігу және түптеу кезінде,
сондай-ақ, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мұқабасын жасағанда желім
кеңінен қолданылады.
Осы аталып өткен жұмыстарды жүргізу үшін арнайы әзірленген желімдер
пайдаланылады. Дүкендерде сатылатын желімдерді (кеңсе желімі, әмбебап желім
т.б.) пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады.
Мұрағат ісінде пайдаланылатын желім қағаз бен құжат мәтіні үшін
зиянсыз, мөлдір әрі созылғыш болуы, жабысу қоюлығымен және неғұрлым тез
кебуімен ерекшеленуі тиіс.
Қазіргі уақытта мұрағат ісі тәжірибесінде синтетикалық желіммен қатар
өсімдіктен жасалған желім және малдың заттарынан жасалған желім
қолданылады. Малдың заттарынан жасалған желім микроорганизмдер үшін жақсы
қоректік орта болып табылады, сондықтан, мұрағат материалдары қолайсыз
жағдайларда сақталған кезде, олардың көгеруіне ықпал етуі мүмкін. Мұндай
жағдайларды болдырмау үшін, зеңденген саңырауқұлақтардың пайда болуының
алдын алу мақсатында, оларға антисептикалық заттар енгізу қажет. Құжатқа
желіммен бірге енгізілген антисептик құжатқа жұқа жағылады да
саңырауқұлақтарға қарсы улы зат болып табылады, сөйтіп өңделген бетті
көгеруден қорғайды.
Төменде мұрағаттық құжаттарды қалпына келтіру, кітапша етіп тігу
және түптеу үшін желім әзірлеу мен оған антисептик қосудың рецепті және
тәсілдері келтірілген.
1. Карбоксиметилцеллюлозадан жасалған қалпына келтіру желімі
Қалың қағаздарға қолданылуға арналған 10 %-дық желім.
Рецепті: 1. Су - 100 см3
2. КМЦ (карбоксиметилцеллюлозаның
суда еритін натрий тұзы) - 10 г
3. Глицерин - 10 см3
4. Мүсәтір спирті - 0,1 см3
Жұқа қағаздарға қолданылуға арналған 5 %-дық желім.
Рецепті: 1. Су - 100 см3
2. КМЦ (карбоксиметилцеллюлозаның
суда еритін натрий тұзы) - 5 г
3. Глицерин - 5 см3
4. Мүсәтір спирті - 0,1 см3
Әзірлеу тәсілі
Қажетті көлемдегі КМЦ (карбоксиметилцеллюлозаның суда еритін натрий
тұзы) колбаға құйылады және толық ерігенге дейін 3-5 күн тұрады. Желімді
жиі-жиі араластырып қояды.
Толық ерігеннен кейін желімге глицерин мен мүсәтір спирті қосылады.
2. Ұннан жасалған қалпына келтіру желімі.
Бұл желім қою болады, сондықтан тек қалың қағаздарға ғана қолданылады.
2. . Құжаттық материалдарды ылғалды өңдеу әдісімен
формалиннің көмегі арқылы дезинфекциялау
Қолайсыз жағдайларда сақталған құжаттық материалдар зеңденген
саңырауқұлақтар мен шыбын-шіркейлердің әсерінен бүлінеді. Биологиялық
зиянкестерді жою үшін әр түрлі химиялық заттар қолданылады.
Құжаттардағы зеңденген саңырауқұлақтарды жою мақсатында құжаттық
материалдарды зарарсыздандыру үдерісі дезинфекция деп аталады.
Құжаттардағы шыбын-шіркейлерді жою мақсатында құжаттық материалдарды
зарарсыздандыру үдерісі дезинсекция деп аталады.
Зеңденген саңырауқұлақтар мен шыбын-шіркейлердің әсерінен бүлінген
мұрағаттық құжаттарды өңдеуді парақтарды дезинфекциялық заттардың
ерітіндісімен дымқылдау арқылы немесе арнайы камераларда газдандыру жолымен
жүзеге асыруға болады.
Зарарсыздандыру әдісін таңдаған кезде материалдардың сипаты мен
көлемін, сондай-ақ олардың бүліну дәрежесін ескеру қажет.Ылғалды өңдеу
әдісімен мұқабаның көгерген жерлері, сондай-ақ мәтіндері судан өшірілмейтін
құжаттар дезинфекцияланады, ол үшін мәтіннің жекелеген әріптері алдын ала
дезинфекцияланып тексеріледі.Дезинфекциялайтын зат ретінде формалиннің 6-10
%-дық ерітіндісін қолдану ұсынылады. Формалинмен тері мұқабаларды, сондай-
ақ мал жарғағында орындалған құжаттарды өңдеуге рұқсат етілмейді (себебі
олар жарылып кетуі мүмкін). Формальдегид газының 34-40 %-дық сулы
ерітіндісі формалин деп аталады. Ол — буланған формальдегидтен бөлінетін
өзіне тән ащы иісі бар, түссіз сұйықтық. Формальдегид теріге және көздің,
тамақ пен мұрынның шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етеді, сондықтан
онымен сору шкафында немесе противогазбен жұмыс істеу қажет, ал қолға
резеңке қолғап кию керек. Жұмыс барысында қолданатын ерітіндіні әзірлеу
саудада бар формалинді сумен араластыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен,
6 %-дық ерітінді әзірлеу үшін 40 %-дық формалиннің І
бөлігіне 6 бөлік су алынады. Ал 10 %-дық ерітінді әзірлеу үшін 40 %-дық
формалиннің І бөлігіне 3 бөлік су алынады. Формалин
ерітіндісі бөлме температурасында, тығыз жабылған шыны ыдыста, қараңғы
жерде сақтағанда ұзақ уақыт сақталады.
Дезинфекциялау барысында ылғалды өңдеу жеке бөлмеде немесе қоймада (арнайы
бөлінген орында) жүзеге асырылады. Құжаттың көгерген жерлері бар бөлігі
құрғақ мақтамен сүртіледі, сүрткен кезде өңез құжатқа жағылмай, мақтада
қалатындай болуы тиіс. Сонан соң, формалин ерітіндісіне малынған және қатты
сығылған таза мақта тампонымен құжаттың беті бірқалыпты ылғалдандырылады.
Тампондар кірлеуіне қарай жаңасына ауыстырылып отырады. Дезинфекция
жасалғаннан кейін құжаттар бөлме температурасында кептіріледі.
Ескерту. Формалин ерітіндісімен ылғалды өңдеу әдісі стеллаждар мен
қойма қабырғаларын зарарсыздандыру үшін қолданылады. Бұларды өңдеу үшін
формалиннің 3- %-дық ерітіндісі (саудада сатылатын формалиннің 1 бөлігіне –
9 бөлік су) қолданылады, яғни оларды ерітіндіге малынған шүберекпен
сүртеді.
2.3. Құжаттардың материалдары оңашаланған үй-жайда формалин буымен

Дезинфекцияның бұл тәсілі формалинді бу түрінде қолдануға негізделген,
яғни мәтіндері судан жойылып кететін құжаттарды өңдеуге мүмкіндік береді.
Құжаттық материалдарды формалин буымен өңдеу тұрғын және тұрмыстық үй-
жайлардан бөлек, арнайы бейімделген және оқшауланған бөлмеде жүзеге
асырылады. Ол үшін ең дұрысы, көлемі 10-12 м2 бөлмені пайдаланған дұрыс,
себебі үлкен бөлмеде дезинфекциялауға қажетті жағдайлар жасау қиынға
түседі. Бөлме терезе арқылы немесе дезинфекция уақытында өшіріліп қоятын
желдеткіш арқылы жақсы желдетілетін болуы тиіс. Оқшауланған үй-жай
мүмкіндігінше саңылаусыздандырылады. Бұл үшін едендегі, терезе
жақтауларындағы және қабырғалардағы саңылаулар тығындалып, қағаз тіліктер
жапсырылады, ал есікке резеңке төсем төселеді. Есіктің шыныланған, қарайтын
терезесі болуы тиіс, сол арқылы дезинфекциялау барысында үй-жайдың ішіндегі
температура мен ылғалдылық бақыланады. Дезинфекция жасалатын бөлмедегі
жарық беретін лампалар мен электр қыздырғыш приборларды қосуға арналған
электр сымдары тартылады, оларды қосып-өшіретін тетігі келесі бөлмеге
орнатылады.
Дезинфекция жасалатын құжаттық материалдар көгерген жерлеріне формалин
буы еркін баратындай стеллаждар мен сөрелерде аралары ашық етіп
орналастырылады немесе керілген жіптерге ілінеді. Үй-жайды тиімді пайдалану
үшін мұрағат материалдары бірнеше қабат болып орналастырылады. Бірінші
қабаты еденнен 1 метр биік орналастырылады.
Дезинфекция жасау үшін күшті формалин (34-40 %) қолданылады. 34-40 %-
дық формалинді қолдану 1 м3 үй-жайға 250-300 см3 есебінен алынады.
Дезинфекция жасау ұзақтығы 24 сағатқа созылады. Дезинфекция жасау үшін
формалиннің қажетті мөлшері 1-2 қаңылтыр табаға
құйылады, олардың астына алдын ала қалыңдығы 0,5-1 см
болатын құм төселеді. Буландыру қыздыру приборларында (электр
плиткаларында) жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қаңылтыр
табаларды асбестпен жабылған құмның үстіне қояды. Егер дезинфекция жасау
үшін қажетті формалин қаңылтыр табаларға сыймайтын болса, онда булануына
қарай қосымша құйып отырады. Формалиннің тітіркендіргіш қасиеті бар екені
ескеріліп, барлық жұмыс противогазбен атқарылуы тиіс, ал дезинфекция
жасалтын бөлме үздіксіз бақылауда болуы тиіс. Әр ½ сағат сайын қыздыру
приборларының жұмысын тексеру және булану үдерісін қадағалау керек, егер
қажет болса формалин құйып отыру керек. Кірген-шыққанда газ шығып кетпес
үшін есікті тез жабуға тырысу керек. Формалиннің қажетті мөлшері буланып
болған соң, қыздыру приборлары сөндіріліп, бөлме 24 сағатқа жабылады, бұл
ретте есігінің саңылауын тығындап, желімдеп тастайды. 24 сағат өткен соң,
бөлмені ашып, желдетеді. Құжаттық материалдар табиғи жолмен кебуі үшін,
біраз уақытқа бөлмеде қалдырылады.Құрғаған құжаттардың көгерген жерлері
щеткамен немесе мақтамен тазартылады. Жан-жаққа шашырамау үшін құжаттың
көгерген жерлерін бөлменің бір бұрышына барып тазалау керек.
Құжаттық материалдарды қарапайым түрдегі камерада дезинфекциялау
Құрғатылған және тазартылған құжаттық материалдар стеллаждарға
орналастырылады. Формалин буланған кезде бөлінетін газ тектес формальдегид
дезинфекция жасайтын зат ретінде қолданылады. Құрғақ ағаштан (емен, жаңғақ
ағашы, қарағай) жасалған шкаф қарапайым түрдегі камера болып табылады.
Камераның төменгі жағы қыздыру приборларына арналады, онда бір немесе екі
электр плиткасы және жарық беретін лампа орналастырылады. Жоғарғы бөлігінде
резеңке төсемі бар екі есігі болады. Есіктер металл пластиктер мен құлақты
бұрандалардың көмегімен тығыз жабылады. Көлемі жағынан кішірек осындай
есіктер камераның төменгі қыздыру бөлігіне де орнатылады. Камераның үстіңгі
және астыңғы бөліктері металдан немес ағаштан жасалған тормен бөлінеді.
Қыздыру бөлігінің едені мен қабырғаларына бір қабат асбест және қаңылтыр
қағылады. Камераның үстіңгі бөлігіне ағаштан жасалған тор-сөрелер
орнатылады. Камераның жоғарғы жағына тығыз жабылатын қақпағы бар ауа
өткізгіш орнатылады. Ауа өткізгіш желдеткішке жалғанады, ол электр моторы
арқылы іске қосылады. Оның құбыры бөлмеден сыртқа шығарылады.
Камераның төменгі бөлігінің бүйіріне тығынмен тығыздалып жабылатын
шамамен 30 мм болатын газ түтігі орнатылады. Түтік дезинфекция жасағаннан
кейін формальдегидті сыртқа шығару кезінде таза ауа өткізуге арналған ауа
өткізгіш қызметін атқарады. Камераның бет жағына термометр, ал бүйіріне
электр лампасы мен электр плиткаларын қосып-өшіретін тетік орналастырылады.
Дезинфекция жасау жағдайлары қарапайым шкафта формалинмен дезинфекция
жасаудың оңтайлы жағдайлары мынадай:
Дезинфекция жасаудың ұзақтығы 24 сағат. Камераның 1 м3 көлеміне
жұмсалатын 40 %-дық формалиннің мөлшері – 300 см3. Камерадағы температура 3
сағат бойы 450С, ал одан кейін 240С кем болмайды. Камераның 1 м3 көлеміне
40 кг дейін құжат орналастырылады. Материалдарды камерада өңдеу кезінде
формальдегид құжаттар мен кітаптардың арасына бара алмай, тек сыртындағы
зеңденген саңырауқұлақтарға ғана әсер ететіндігіне байланысты, құжаттық
материалдар шкафтың сөрелерінде аралары ашылып орналастырылады. Сол арқылы
формальдегидтің зақымданған жерлерге еркін әсер етуі қамтамасыз етіледі.
Мал жарғақтарында және тері мұқабада жасалған құжаттарды камерада өңдеуге
болмайды, себебі олардың жарылып кету қаупі бар. Құжаттар
орналастырылғаннан кейін камераның есіктері мен желдеткіш жүйелерінің
қақпақтары тығыздалып жабылады. Фарфор ыдыстарға немесе қаңылтыр табаларға
құйылған формалин электр плиткалардың үстіне қойылып, буландырылады. 20-30
минутқа созылатын буландыру үдерісі аяқталған соң, қыздыру приборлары
сөндіріледі де дезинфекцияланатын материалдар камерада 24
сағатқа қалдырылады. Бұл уақытта камерадағы температура алғашқы үш сағат
бойы шамамен 450С, одан кейінгі уақытта 240С дейін болады.Аталған мерзім
өткен соң, сору жүйесінің моторы қосылады да таза ауа енгізу үшін камераның
есіктерінің бірі сәл ашылады.
Формалин сорылып біткеннен кейін, дезинфекциялау барысында аздап
ылғалданған құжаттық материалдар оқшауланған жеке үй-жайда арнайы кептіру
камерасында немесе дезинфекция жасайтын камерада (желдеткіш жұмыс істеп
тұрған жағдайда) бөлме температурасында кептіріледі, сонан соң қоймаларда
орналастырылады.
Ылғалды өңдеу әдісі арқылы ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан)
ерітіндісімен құжаттық метариалдарды дезинсекциялау.
Ылғалды өңдеу әдісі арқылы құжаттық материалдардағы зиянды шыбын-
шіркейлерді жою үшін төрт хлорлы көміртегі ДДТ техникалық препаратының 5 %-
дық ерітіндісін қолдану ұсынылады.
Ерітіндіні әзірлеу үшін:
ДДТ – дихлордифенилтрихлорэтан С14Н9Сl5. Техникалық ДДТ қатты (әр
түрлі көлемдегі кесек түрінде) болады, сарғыш түсті, қолға ұстағанда майлы,
өзіне тән иісі бар, суда ерімейді. ДДТ органикалық еріткіштерде, яғни,
керосинде, бензинде, төрт хлорлы көміртегінде, скипидарда, ацетонда, уайт-
спиритте т.б. жақсы ериді. Басқа инсектицидтерге қарағанда ДДТ-ның
артықшылығы мынада: ол шыбын-шіркейлер үшін уыттылығы жоғары, өңделген
объектілердегі әсері ұзақ уақыт (8-9 ай бойы) сақталады және адамдар үшін
зиянсыз. Төрт хлорлы көміртегі түссіз сұйық зат, өзіне тән ащы иісі болады.
Суда ерімейді, тұтанбайды және жанбайды. 1 л еріткішке 50 г ұсақталған ДДТ
алынады. Ерітінді шыны ыдыста дайындалады, ДДТ әбден ерігенге дейін шыны
таяқшамен баяу араластырылады.
Құжаттық материалдарды өңдеу жеке және жақсы желдетілетін бөлмеде
жүргізіледі. Инсектицид ерітіндісіне малынған мақтамен құжаттардың
парақтарын сүртеді немесе материалдар аталған ерітіндімен Дезинфаль
аппаратының көмегімен ылғалдандырылады. Құжаттардың әсіресе шыбын-шіркейлер
зақымдаған және желімделген жерлерін мұқият ылғалдау керек. Өңделіп біткен
соң, материалдар сұйықтық әбден кепкенге дейін ашық күйінде қалдырылады.
Еріткіш буланып кеткеннен кейін құжаттың бетінде көзге көрінбейтін ДДТ
қабаты қалады, ол оны шыбын-шіркейлерден қорғайды. Өлген шыбын-шіркейлер
құрғатылған материалдардан щетканың көмегімен немесе мақтамен тазартылады
да құжаттық материалдар өңделген инсектицид ерітіндісімен алдын ала
өңделген стеллаждарға орналастырылады.
Төрт хлорлы көміртегі препаратымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасының ережесі қолданылады.
1) Материалдарды зарарсыздандыру сору шкафында жүргізіледі;
2) Жұмыс істеу үшін ДДТ ерітіндісін әзірлеу, сондай-ақ құжаттарды
өңдеу резеңке қолғап пен қорғаушы көзілдірік кию арқылы жүзеге
асырылады.

дезинсекциялау
Құжаттарды шыбын-шіркейлерден газбен зарарсыздандыру үшін дибромэтанды
пайдалану ұсынылады.
Материалдарды өңдеу қарапайым камерада жүргізіледі.
Препараттың сипаты ол - дибромэтан (С2Н4В2) түссіз сұйық, тез
буланатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Суда ерімейді. Органикалық
еріткіштерде ериді. Қайнату температурасы 1300С. 12-150С тепмпературасында
кристалданады.
Үлес салмағы 2,18.
Оны дезинсекциялау жағдайы: дибромэтан буымен өңдеудің ұзақтығы 20-30
сағат.
Камераның 1 м3 көлеміне жұмсалатын дибромэтан мөлшері 75 г.
Дезинсекциялау барысында: Шыбын-шіркей зақымдаған құжаттық материалдар
дезинсекция жасайтын камераның сөрелеріне орналастырылады. Дибромэтан буы
ауадан ауыр болатындықтан, камераның төменгі бөлігіне жиналады. Дибромэтан
буының тең бөлікпен тарауы үшін дибромэтан құйылған ыдысты камераның
жоғарғы бөлігіне орналастыру қажет. Сонан соң камера тығыздап жабылады,
құжаттар +120С температура жағдайында 20-30 сағат дибромэтан
буында ұсталады. Аталған мерзім өткен соң, сору жүйесінің моторы іске
қосылып, сору тығыны ашылады да камера желдетіледі. Желдету дибромэтанға
тән иіс толық кеткенге дейін жүргізіледі. Газдандыру аяқталған соң,
құжаттық материалдар қоймаға орналастырылады. Мұрағаттық құжаттарды
дибромэтан буымен зарарсыздандыруға байланысты жүргізілетін барлық жұмыстар
жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, жүргізілуі тиіс.
Дибромэтанды құйған кезде противогаз кию қажет. Дезинсекцияланған
материалдар әбден желдетілгеннен кейін ғана тазартылуы тиіс. Материалдарды
тазалау бойынша жүргізілетін жұмыстар жақсы желдетілдетін бөлмеде жүзеге
асырылуы тиіс.
Құжаттық материалдарды зарарсыздандыру барысының сапасын тексеру -
дезинфекциялық өңдеу сапасын анықтау камераны пайдалану үшін іске қосқанда,
камераны пайдалану кезінде жүйелі түрде, сондай-ақ қажеттілігіне қарай,
мысалы, аса құнды материалдар дезинфекциялық өңделген кезде немесе
зарарсыздандыру сапасы күмән туғызған кезде міндетті түрде жүзеге
асырылады. Дезинфекцияның тиімділігін тексеру тест-объектілердің көмегімен
немесе дезинфекция жасалған құжаттардан сынама алу жолымен жүзеге
асырылады.
Сүзгіш қағаздың кішірек бөлігі (2см х 1см) көгерген тест-объектілер
болып табылады, оның бетінде мұрағаттық материалдарды бүлдіргіш – зеңденген
саңырауқұлақтардың споралары болады. Тест әзірлеу үшін сүзгіш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz