Вьетнам



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 . Мақсаты
2 .Тарихы
3 .1964.1965 жылдар
4 .1965.1967 жылдар
5 .АҚШ агрессиясының аяқталуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Вьетнам соғысы Ол 14 жылға созылды (1961-1975 жылдары). Соғыс АҚШ пен Вьетнам арасында болды. Құрама штаттары үшін бұл соғыс тарихтағы қара дақ болса, ал Вьетнамда трагедиялық оқиға мен ерлік болып саналады. Бір жақ Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күрессе, екінші жақ оның бірігуі үшін соғысты. Ақыры соғыс екі ел арасында болған өзара тиімді келісіммен аяқталды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Балалар энциклопедиясы, III-том
2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
3. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІІ том

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 . Мақсаты
2 .Тарихы
3 .1964-1965 жылдар
4 .1965-1967 жылдар
5 .АҚШ агрессиясының аяқталуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Вьетнам соғысы Ол 14 жылға созылды (1961-1975 жылдары). Соғыс АҚШ пен
Вьетнам арасында болды. Құрама штаттары үшін бұл соғыс тарихтағы қара дақ
болса, ал Вьетнамда трагедиялық оқиға мен ерлік болып саналады. Бір жақ
Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күрессе, екінші жақ оның бірігуі үшін соғысты.
Ақыры соғыс екі ел арасында болған өзара тиімді келісіммен аяқталды.

Тарихы

Вьетнамның Ішкі істеріне АҚШ-тың араласуы 1945-1954 жылдардағы Вьетнам
халқының қарсыласу соғыстары кезінде ақ басталған болатын. Вьетнам
тәуелсіздігі, дербестігі, жерінің бір тұтастығы халықаралық ауқымда
танылғандығын паш еткен Женева келісімдерінің (1954) Вьетнам жөніндегі
негізгі қағидаларын бұзып, Оңтүстік Азия елдеріне өктемдік ету ниетін
жүзеге асыруды көздеген АҚШ 1955 жылдың қантарынан бастап Сайгон үкіметіне
тікелей соғыс көмегін көрсетіп, Оңтүстік Вьетнамға соғыс базаларын сала
бастады. Оңтүстік Вьетнамдағы азаттық қозғалысын жаншу үшін және Вьетнамды
мәңгі-бақи жікке бөлу мақсатымен АҚШ ерекше соғыс жоспарларын оның ішінде
Оңтүстік Вьетнамды 18 айдың ішінде (негізі Сайгон әскерлерінің күшімен)
тыныштандыруды көздеген Стейли-Тейлор жоспарын жасады.

1964-1965 жылдар

1964 жылдың орта шеңінде Оңтүстік Вьетнам жерінде 25 мыңдай американ әскері
болды, ал сайгон армиясы 350 мың адамға жетті. Алайда американдық ерекше
соғыс саясаты іске аспады. Американ қару жарағымен қарулаңған американ
соғыс ақылгөйлер басқарған сайғон армиясы патриоттық күштердің соққысына
төтеп бере алмады. 1964 жылы күзге салым Оңтүстік Вьетнамды азат етудің
ұлттық майданының басшылығымен Оңтүстік Вьетнам патриоттары елдегі жердің ¾-
ін азат етті. Сайғон тәртібін сақтап қалуға және Оңтүстік Вьетнамды өзінің
бақылауында ұстауға тырысқан Американ билеуші топтары дербес социалистік
мемлекет Вьетнам Демократиялық Республикасына қарсы соғыс қимылына көше
бастады. 1964 жылы тамыз айында АҚШ флотымен авиациясы соғыс жарияламастан
Вьетнам Демократиялық Республикасы жағалауындағы бірқатар әскери объектілер
мен елді мекендерді бомбалап, оқ жаудырды. Тамыздың 6-7-нде АҚШ конгресі
президент Л.Джонсонға АҚШ қарулы күштерін Оңтүстік, Шығыс Азияда
пайдалануға ерик берді. Совет Одағы және басқа социалисттік елдер американ
соғыс құмарларын Вьетнам Демократиялық Республикасындағы ыланың батыл
айтпады, дүние жүзі жұртшылығы мұны АҚШ агрессиясының содырлы сойқаны деп
бағалады. Қысқа мерзім ішінде Вьетнам Еңбекшілер Партиясының (ВЕП)
шақыруымен жүз мыңдаған жігіт пен қыз өз еркімен армия, халықтық милиция,
жол жөндеу боигадаларының қатарына алынды. 1965 жылы 800-ден аса американ
самолет атып түсірілді. Сайғон армиясы жеңліліске ұшырай бергендіктен АҚШ
негізгі соғыс қимылдарын өзі жүргізуге кірісті. 1965 жылы маусымның 9-да
американ авиациясы 17 және 19 параллелдердің арасындағы Вьетнам
Демократиялық Республика аудандарын тамыздың аяағында суландыру
құрылыстарын бомбалады. Вьетнам Демократиялық Республикасының
ооңтүстігіндегі күшті шайқастар 1965 жылдың 1 жартысында Шонгба қаласының
түбінде Баж және Куангнгай аудадандарында болды. 1965 жылы АҚШ Оңтүстік
Вьетнам Демократиялық Республика патриоттарымен күресу үшін агрессиялық
блок жөніндегі одақтастықтарынан (Оңтүстік Корея, Тайланд, Филипин,
Австралия, Жаңа Зеландия) әскер күштерін алатын болып келісті.

1965-1967 жылдар

1965-1966 жылғы құрғақ маусым кезінде американ командованиесі Орталық
Вьетнамның азат етілген аудандарын (Плейка, Контум басып амлмақшы болды,
сонан соң Оңтүстік Вьетнам патриоттарының күшін 2 бөліп, оларды Лаос пен
Камбоджа шекараларына қарай тықсырып сосын құртып жібермекші болды. АҚШ
соғыс құмарлары Вьетнамды қару-жарақ пен соғыс техникасының жүзден астам
түрін сынап, жетілдіретін 2 млн-нан астам әскери тәжірбие үйренетін аса зор
соғыс алаңына айландырды. Амеркан қарулы күштері Оңтүстік Вьетнамдағы
патриоттық күш жауынгерлеріне және жай халыққа қарсы жаппай қырып-жою
құралдарын (өртегіш, фосфорлы, улы газдар мен улағыш заттар) қолданды. Олар
азат етілген аудардардағы егестіктерді, өсімдіктерді, орман-тоғайларды
жойды. Осыған қарамастан, Оңтүстік Вьетнам патриоттары дұшпанның қысымына
төтеп беріп қана қоймай, азат етілген жерлерді кеңейте тұсті, агрессордың
стратегиялық жоспарын бұзып, оны қазан-желтоқсан айларында өте-мөте
титықтатты, қорғаныс соғыстарын жүргізуге мәжбүр етті.
1965 ж. сәуірде президент Джонсон Вьетнам патриоттарына қарсы
дипломатиялық шабуылға көшті, өзінің Бальтимордағы сөзінде алдын ала
ешбір шарт қоймастан келіс сөз жүргізуді, Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарына,
оның ішінде Вьетнамға да 1 млрд. доллар көмек беруге уәде етті. ОВАЕҰМ өз
тарабынан 1965 ж. 22 наурызда 5 пункттен тұратын мәлімдеме жариялап, онда
Вьетнам мәселесін бейбіт жолмен шешуді ұсынды. 1965 ж. 8 сәуірде ВДР
вьетнам мәселесін саяси жағынан реттеудің кең бағдарламасын ұсынды, онда
Женева келісіміне сәйкес американ үкіметі Оңтүстік Вьетнамнан өз әскерін
әкету, соғыс базаларын жою және Вьетнамдағы қимылдарын тоқтату талабы
қойылды. Вьетнам бейбіт жолмен біріккенге дейін елдің аймағы Женева
келісімдерін қатаң сақтап, басқа мемлекеттермен соғыс одағына кірмеуге,
Оңтүстік Вьетнамның ішкі істерін, Вьетнамның бейбіт жолмен бірігуі
жөніндегі мәселені өзі шешуге тиісті болды. Бұл бағдарлама ВДР үкіметінің
4 пункті деген атпен белгілі. Вьетнам Еңбекшілер партиясы (ВЕП) ОК-нің
бірінші секретары Ле Зуан бастаған ВДР партия-үкімет делегациясы КСРО-ге
келген сапарында (1965 ж. сәуір) алдағы уақытта да ВДР қауіпсіздігі мен
дербестігін сақтау жөнінде келісімге қол жетті және мұны жүзеге асыру
шаралары белгіленді. Совет Одағы ВДР-ға АҚШ агрессиясына тойтарыс
береліктей қажетті көмекті алдағы уақытта да көрсетуге әзір екендігін
білдірді. 1965 жылы желтоқсанда Мәскеуде Совет Одағының 1966 ж. ВДР-ға
экономикалық және техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды.
Соған сәйкес ВДР Совет Одағынан қажтті мөлшерде зенит қаруларын,
ракетталар, өазіргі заманғы реактивті истребительдер алды. Сонымен бірге
Совет Одағы ВДР халық шаруашылығының түрлі салаларын қалпына келтіріп,
дамытуға көмек көрсетті. Совет қоғам ұйымдары 1965 ж. Оңтүстік Вьетнам
патриоттарына және ВДР-ді қорғаушыларға 1 млн. сомнан астам қаржыға
материалдық көмек жіберді.Вьетнамдағы американ (АҚШ) агрессиясына қарсы
қозғалыс бүкіл дүние жүзінде, әсіресе Совет Одағы мен басқа да социалистік
елдерде, АҚШ-тың өзінде де кең өріс алды. Вьетнам халқын Бүкіл дүние
жүзілік Бейбітшілік Советі, Кәсіподақтардың Бү.кіл Дүние Жүзілік
федерациясы, Бүкіл дүние жүзілік демократия әйелдер федерациясы, Азия мен
Африка елдерінің ынтымақ комитеті, Бейбітшілік, ұлттық тәуелсіздік және
жаппай қарусыздану жолындағы бүкіл дүниежүзілік конгресс (Хельсинки, 1965
ж., шілде) т.б. қолдады.[2]
Империалситердің жетекші соғыс – саяси тобы – НАТО мүшелері (Англия мен ГФР-
ден басқасы) Оңтүстік-Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вьетнам елі
Оңтүстік шығыс Азия елі Вьетнам
Вьетнам елді мекені
Үндіқытай елдері
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Үндіқытай мемлекеттері
Үндіқытай елдері жайында
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары
Пәндер