Шыңғыс Хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ 8
1.2 Орталықтанған монғол мемлекетінің құрылуы және оның саяси.әлеуметтік жағдайы 8
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы 13
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері 19

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына жағдай жасалынды . Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық "қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты . XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар "қара шаңырақтың" иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға, Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты . Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың этникалық құрамын қалыптастырды.
Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан ез көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы, монгол, орыс, кеңес, батысеуропалық жөне қазақ тарихшылары кеңінен зерттеп, арттарына толып жатқан еңбектер қалдырған. Бүған қоса, Шыңғыс хан заманында жазылган жылнамалар мен саяхатшылардың жазбалары да көлтеп кездеседі. Бұл еңбектерді қолданған кезде, жалпылама алғанда, бірнеше кезеңмен сипаттаған жөн. Бірінші кезеңге XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары /парсы, монғол, қытай т.б./ еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның мүрагерлерінің ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың /М.Поло, П.Карпини, Г.Рубрук т.б./ қолжазбаларын жатқызуға болады.
Енді жоғарыдағы тарихшыларға және олардың еңбектеріне жеке-жеке тоқталайық:
Жувейни Аль-ад-дин Ата Мәлік Мұхаммед /1226—1283/ — парсы тарихшысы әрі мемлекет қайраткері. Ол Аргун ханның хатшысы ретінде екі рет Қарақорымға барып қайтты. Ол монғол хандарының тапсырмасы бойынша көп жыл еңбектеніп, "Тарих — и Жаһангушай" /"Әлемді жаулап алушының тарихы"/ атты үш томдық зерттеу еңбегін жазды. Кітаптың алғашқы томында Шыңғыс ханнан бастап 1248 жылға дейінгі монғолдар тарихы баяндалады. Екінші кітабында Хорезм, Иран, Қашқар, Қотан, Қарақытай мемлекеттері мен найман, керей ұлыстарының Шыңғыс ханға дейінгі тарихы айтылады. Үшінші кітапта Хулагу ханның Иранға жорығы баяндалады .
Келесі бір тарихшы Рашид-ад-Дин Фазлаллах ибн Абулхайр /1247—1318/ — тарихшы әрі мемлекет қайраткері. Оның ең құнды еңбегі үш боліктен тұратын /үшінші бөлімі сақталмаған/ "Жамиат-тауарих" /жылнамалар жинағы/ атты парсы тілінде жазылған шыгармасы. Бұл еңбектің алғашқы бөлімі "Тарихи Газани" /"Газан тарихы"/ деп аталып, монғолдар құрған мемлекеттердің 1304 жылға дейінгі саяси, әскери-әлеуметтік тарихы баяндалады. Кітаптың екінші бөлімінде монғолдар жаулап алғанға дейінгі мұсылман мемлекеттері, иуда, франктер /Батыс Еуропа/ елдері, Рим императорлары мен папалары, Үндістан, Қытай, Шығыс Еуропа елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Бұл еңбекті жазуға Рашид-ад-Дин парсы, монғол, үнді, қытай, франк т.б. елдердің ғалымдарын жұмылдырды. Олар түпнұсқа мен тарихи дәстүр негізінде ешбір діни немесе саяси мүдделерден тыс барлық халықтардың тарихын жазуға тырысты. Сондықтан бұл еңбек Шыңғыс хан заманы туралы өте құнды көптеген мәліметтерді қамтыған . Осыған байланысты Шыңғыс хан империясы зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл еңбекке соқпай кете алмайды.
Жамал Карши /шын аты — Абдул Фазыл ибн Мұхаммед/ /1230—1315/ — Жетісу топырағында туып өскен ғалым, тарихшы, жазушы. Ол монғол дәуірінде Жетісу өңірінен шыққан тұңғыш тарихшы. Сондықтан ол сол
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ
1. Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери
тарихы. Алматы, 1999. - 320 б.
2. Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы.
Алматы, 1996. Т.1. - 271 б.
3. Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықгарының тарихы.
Алматы, 1997. Т.2. - 288 б.
4. Алланиязов Т. К. Очерки военного дело кочевников
Казахстана. Алматы, 1997. - 94 с.
5. Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. Соб. соч. Т.5. М., 1928, с. 87-219.
6. Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии. Алматы, 1998. - 192 с.
7. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. СПб., 1900. - с. 45
8. Бейсебайұлы Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1994. - 160 б.
9. Варейкис И., Зеленский С. Национальные и государственные размежавание Средней Азии. Ташкент, 1924.
10. Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведении о Хивинском ханстве от древнейщих времен до настоящего. СПб., 1877.
11. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. СПб., 1863-1866. - 558 с.
12. Владимирцев Б.Я. Чингиз хан. Берлин, 1922. - 175 б.
13. Гумилев Л.Н, Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. - 785 с.
14. Иванин М.О. О военном искусстве при Чингиз хане и Тамерлане. Алматы, 1998. - 252 с.
15. Инсус Ясаши. Көкжал. Алматы, 1992.
16. Карпини П. История монголов. М., 1957. - 211 с.
17. Книга Марко Поло. Алматы, 1990. - с. 95, 654
18. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX—XI в.в. по арабским источником. Алма-Ата, 1972. - 156 с.
19. Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. - 128 с.
20. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1972. Т.1-12.
21. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. T.I. - 544 б.
22. Левшин А. И. Описание киргиз-казацских или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. - 656 с.
23. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995. - 208 б.
24. Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. - 244 б.
25. Мирза Мухаммед Хайдар. Тарихи Рашиди. Ташкент, 1996. - 727 с.
26. Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. - 400 б.
27. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии, СПб., 1893-1911.
28. Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. М., - Л., 1952. - с. 145, 215, 237
29. Рубрук Г., Карпини П. Путешествие восточной страны. Алматы, 1993. - 248 с.
30. Тюрки в Монгольской империи Чингизхана и его преемников. XIII—XIV в.в. Алматы, 1989. - 36 с.
31. Утимиш-хаджи. Чингизнаме. Алматы, 1992. - 296 с.
32. Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его наследии. Алматы, 1992. - 272 с.
33. Халид Курбангали. Тауарих хамсе /бес тарих/. Алматы, 1998.
34. Чайковский А. Далекое прошлое Тюркестане. СПб., 1896.
35. Юдин В.Н. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая. Алма-Ата, НН КазССР. 1983. - 192 с.
36. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925. - 15 с.
37. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы, 1985. - 560 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ 8
1.2 Орталықтанған монғол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік
жағдайы 8
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан
империясының құрылуы 13
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
19
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу,
дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген
мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен
жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды.
Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше
жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі
қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын
тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің
көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,
Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке
біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына,
яғни қалыптасуына жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы
құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы
қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған
түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен
қосылып, көп этностық "қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы
болып қалыптасты[2]. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп,
бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар
"қара шаңырақтың" иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ
мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға,
Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3].
Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар
монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың
этникалық құрамын қалыптастырды.
Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша
көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту
керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының
саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық
жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл
сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені
асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай
тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін
қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-
монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан ез көзқарасымызды
білдіре отырып оның шығарған Ұлы жасақтарын оқып білуді жөн көрдік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның
әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы,
монгол, орыс, кеңес, батысеуропалық жөне қазақ тарихшылары кеңінен зерттеп,
арттарына толып жатқан еңбектер қалдырған. Бүған қоса, Шыңғыс хан заманында
жазылган жылнамалар мен саяхатшылардың жазбалары да көлтеп кездеседі. Бұл
еңбектерді қолданған кезде, жалпылама алғанда, бірнеше кезеңмен сипаттаған
жөн. Бірінші кезеңге XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары
парсы, монғол, қытай т.б. еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның
мүрагерлерінің ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың М.Поло,
П.Карпини, Г.Рубрук т.б. қолжазбаларын жатқызуға болады.
Енді жоғарыдағы тарихшыларға және олардың еңбектеріне жеке-жеке
тоқталайық:
Жувейни Аль-ад-дин Ата Мәлік Мұхаммед 1226—1283 — парсы тарихшысы
әрі мемлекет қайраткері. Ол Аргун ханның хатшысы ретінде екі рет
Қарақорымға барып қайтты. Ол монғол хандарының тапсырмасы бойынша көп жыл
еңбектеніп, "Тарих — и Жаһангушай" "Әлемді жаулап алушының тарихы" атты
үш томдық зерттеу еңбегін жазды. Кітаптың алғашқы томында Шыңғыс ханнан
бастап 1248 жылға дейінгі монғолдар тарихы баяндалады. Екінші кітабында
Хорезм, Иран, Қашқар, Қотан, Қарақытай мемлекеттері мен найман, керей
ұлыстарының Шыңғыс ханға дейінгі тарихы айтылады. Үшінші кітапта Хулагу
ханның Иранға жорығы баяндалады[4].
Келесі бір тарихшы Рашид-ад-Дин Фазлаллах ибн Абулхайр 1247—1318 —
тарихшы әрі мемлекет қайраткері. Оның ең құнды еңбегі үш боліктен тұратын
үшінші бөлімі сақталмаған "Жамиат-тауарих" жылнамалар жинағы атты парсы
тілінде жазылған шыгармасы. Бұл еңбектің алғашқы бөлімі "Тарихи Газани"
"Газан тарихы" деп аталып, монғолдар құрған мемлекеттердің 1304 жылға
дейінгі саяси, әскери-әлеуметтік тарихы баяндалады. Кітаптың екінші
бөлімінде монғолдар жаулап алғанға дейінгі мұсылман мемлекеттері, иуда,
франктер Батыс Еуропа елдері, Рим императорлары мен папалары, Үндістан,
Қытай, Шығыс Еуропа елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Бұл еңбекті
жазуға Рашид-ад-Дин парсы, монғол, үнді, қытай, франк т.б. елдердің
ғалымдарын жұмылдырды. Олар түпнұсқа мен тарихи дәстүр негізінде ешбір діни
немесе саяси мүдделерден тыс барлық халықтардың тарихын жазуға тырысты.
Сондықтан бұл еңбек Шыңғыс хан заманы туралы өте құнды көптеген
мәліметтерді қамтыған[5]. Осыған байланысты Шыңғыс хан империясы зерттеуші
ғалымдардың барлығы бұл еңбекке соқпай кете алмайды.
Жамал Карши шын аты — Абдул Фазыл ибн Мұхаммед 1230—1315 — Жетісу
топырағында туып өскен ғалым, тарихшы, жазушы. Ол монғол дәуірінде Жетісу
өңірінен шыққан тұңғыш тарихшы. Сондықтан ол сол заманда болған Жетісу мен
Орта Азиядағы оқиғаларды жетік білген. Әрі соларды бірінші болып тарихта
қалдырған. Сол себепті оның жазғандары әрі айқын, әрі терең, түсінікті
болып келеді. Негізгі еңбегі араб тілінде жазылған "Мүлхақат-ас-сурах"
"Лұғатқа қосымша" деген шығарма[6]. Бұл еңбегінде ол сол заманда жасаған
ғалымдарға және мемлекет қайраткерлеріне жеке-жеке баға береді. Тарихи
оқиғалардан үш дәуірді: Оғыз-Қарахан дәуірін, қарақытайлар мен наймандар
дәуірін, Шыңғыс хан империясының алғашқы кезеңдерін жазады. Кітаптың тағы
бір құндылығы сол кездегі тайпалар арасындағы қарым-қатынас,
қарақытайлардың Жетісуға шабуылы, одан кейінгі найман үстемдігі, қыпшақ,
оғыз, қарлық елдерінің саяси, мәдени шаруашылық өмірі және Хорезммен
байланысы жан-жақты баяндалады. Оның айтуынша, Жетісудағы ең мықты ұлыс
қаңлылар болып, олар бұл өлкені Алмалықта отырып билеген.
Карпини Джованни де Плано 1182—1252 Италиядан шыққан монах. Рим
папасы Иннокентий IV 1245 ж. Лион соборының тапсыруымен Карпиниді Монғолия
жөнінде мәліметтер жинау үшін әдейі елшілікке жібереді. Ол Лионнан шығып
Киевке жетеді, одан Еділ өзені арқылы Хорезм, Жетісу, Тарбағатайды басып
өтіп, хан ордасына келіп жетеді. Онда ол Үгедей хағанның баласы Күйіктің
ұлы хан тағына отыру салтанатына 1246 қатысады. Қайтар сапарында 1247
Бату ханға жолығады. Еліне келгеннен кейін монғолдарға бағынатын халықтар
мен қалалар жөнінде жан-жақты мәліметтер жазып қалдырады. Бұған қоса
Батысеуропалық саяхатшылар Г.Рубрук пен М.Поло да арттарына аса құнды
еңбектер қалдырды.
"Монғолдың құпия шежіресі" — XIII ғасырда жазылған Шыңғыс хан
империясы тарихы жөніндегі ең бір құнды дерек болып табылады. XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастап бұл шежіре Шыңғыс хан империясы тарихын
зерттеушілердің назарын үнемі өзіне аударып келеді. Ол бірнеше тілге
аударылған неміс, француз, жапон, орыс, қазақ т.б.[7].
Қолданылған әдебиеттердің ішінен екінші кезеңге XIX—XX ғасырдың бас
кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. XIX ғасырда Ресей тез
дамып, барлық ғылым салалары, соның ішінде тарих ғылымы да тез өркендей
бастады. Бұған қоса Батыс шығыстанушылары да Шыңғыс хан империясы тарихына
қызығушылық танытып, осы тақырыпта көптеген еңбектер жазды. Ежелгі
дәуірдегі мұсылман және қытай деректемелері Батыс Еуропа тілдеріне
аударылды. Олардың көпшілігі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің Еуропа мен
Азиядағы жорықтарын әлемдік масштабтағы "шапқыншылық" ретінде қарастырды.
XIX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен
оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады. Атап
айтқанда, Хиуа хандығына қарсы жорыққа қатынасқан бас штабтың әскери-ғылыми
кеңесінің мүшесі генерал-лейтенант М.И.Иванин өзі жүрген жерде Шыңғыс
ханның жеке басы мен ол құрған мемлекет жөнінде көптеген деректер жинап,
кейіннен ол деректерді сұрыптап, кітап етіп шығарды[8]. Әскери
тарихшылардан басқа бұл такырыпта В.Вельяминов-Зернов, В.В.Радлов,
И.И.Крофт т.б. қалам тартты[9].
XX ғасырдың басы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани
өркендеген дәуірі болды. Қазақ зиялылары Отан тарихына байланысты жазылған
мақалаларын баспасөз беттеріне шығара бастады. Атап айтқанда, М.Тынышбаев,
С.Асфендияров, Ә.Бөкейханов т.б. қазақ оқығандары қарастырып отырған
дәуірде қазақ ұлтының қалыптасуына тигізген оң әсерлері жайында сөз
қозғады[10].
Үшінші кезеңге кеңес үкіметі түсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл
кезеңде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеген зерттеу
кітаптарын шығарған тарихшылар В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б. көп
болды[11].
Жоғарыда аттары аталған авторлардың барлығы да Бартольд В.В.,
Владимирцев Б.Я., Иванин М.И., Хара Даван Э., Гумилев Л.Н. т.б. түркі-
монғол тарихына халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол
еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды. Атап айтқанда,
М.И.Иванин мен Э.Хара Даван Шыңғыс хан бүкіл жер бетінде бір ғана патшалық
орнатқысы келді десе, Л.Н.Гумилев бастаған тарихшылар ол тек түркі-монғол
тайпаларын, яғни бүкіл еуразиялық көшпенділерді бір орталыққа бағындыруды
көздеді, ал отырықшы халықтармен, мысалы, Москва мемлекетімен одақтастық
қарым-қатынаста болды деп есептейді.
Төртінші ең соңғы кезеңге 1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға
болады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы
көзқарасымыздың көпшілігіне ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі
алдымызға тартып отыр. Сондықтан осы тақырып кеңірек қамтылған қазақ
тарихшыларының еңбектеріне тоқталамыз. Ондай еңбектердің қатарына Қытайдағы
қазақ тарихшысы Н.Мыңжанидің " Қазақтың қысқаша тарихы" атты еңбегі мен
қазақстандық тарихшылар К.Аманжолов пен К.Рахметовтің "Түркі халықтары
тарихы" және А.Тасболатов пен К.Аманжолов жазған "Қазақстанның әскери
тарихы" атты зерттеу кітаптарын, басқа да толып жатқан ғылыми мақалаларды
жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы ғалымдар М.Қозыбаев,
М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ү.Жұмағұлов, З.Қинаятұлы,
С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков т.б. осы аталған кезеңдегі
көшпелілердің саяси құрылымы, өркениеті, мәдениеті, археологиялық және
тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан ғылыми еңбектер жазды. Н.Мыңжани
өз еңбегінде бізге мәлім емес кейбір қытай деректерін пайдаланған. Ал
аттары аталған қазақстандық тарихшылар өз зерттеулерінде Шыңғыс хан құрған
мемлекет тарихын түркі халықтары тарихы мен ұштастыра қарастырады. Сонымен
бірге Шыңғыс хан құрған түркі-монғол жауынгерлерінің әскери өнеріне қазіргі
заман тұрғысынан жаңаша баға берген.
Жоғарыда атап өтілген еңбектердің барлығында да Шыңғыс ханның өз
заманындағы аса талантты ұйымдастырушы, әйгілі қолбасы, ұлы саясаткер
болғандығы дәлелденген. Әсіресе, ол әскери саясат саласында өте шебер де
тапқыр болып, Азия көлеміндегі аса ірі әскери шеберлік әдіс-тәсілдерін
тұңғыш ұйымдастырған адам болды. Ол түркі-монғол тайпаларын біртұтас
мемлекетке шоғырландырып, оз заманындағы аса үлкен әрі күшті империя құруға
қол жеткізді. Бұған қоса осы империяны мекендеген халықтардың арасында
тиянақты тәртіп орната білді. Басқа ірі мемлекеттерден бір айырмашылығы
Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері өздері басып алған елдердің мәдениетіне,
діні мен салт-санасына ешқандай қысым көрсеткен жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. XIII ғасырдың басында күрылған
Шыңғыс хан мемлекетіндегі түркі—монғол тайпаларының бір орталыққа бірігіп,
Еуразия даласында ұлы мемлекет болғандығын тарихи деректер арқылы көрсету.
Саяси бірліктің нәтижесінде түркі-монғол халықтарының сол кезеңдегі
әлеуметтік-экономикалық, әскери, мәдени жетістіктерін дәлелдеу. Осы
мақсатта курстық жұмыста төмендегідей нақты мәселелер шешу көзделінді:
Қазіргі біздің отандық тарихымыздағы Шыңғыс ханның жеке басын жоне ол
құрған империяның алатын орнын Шығыс елдері қытай, монгол, парсы, араб
т.б. мен батысеуропалық тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып анықтау.
Кеңестік тарихнамадағы бұл империяны тар шеңберде бір ғана "жабайы
көшпенділер" немесе "басқыншылар" ретінде қарап бұрмалануын сын көзбен
қарай отырып, сол арқылы ақиқатты қалыптастыру.
Орта Азия мен Қазақстанда құрылған Алтын Ордамен шағатай үлысы
мемлекеттері тарихына ғылыми талдау жасау, ол мемлекеттердің түркі
халықтарының біріғіуіне және дербес ұлттық мемлекет құруына, сонымен қоса
ғұндардың, түркілердің мұрагерлері ретінде көшпелі және отырықшы
халықтардың басын қосып, әлем модениетінде қайталанбас дала өркениетіне
қосқан үлесін дәлелдеу.
Шыңғыс хан мемлекетінің әскери құрылымы мен "Жасақ" заңына талдау
жасай отырып, сол арқылы оның әлеуметтік-экономикалық және әскери қарым-
қатынастарды реттеудегі маңызын ашып көрсету.
Шыңғыс хан мсмлекетінің саяси-әлеуметтік жағдайына талдау жасай
отырып, оның тарихи бастауларын ертеден келе жатқан ғұн, түркі
қағанаттарынан алатынына олардың арасындағы тарихи сабақтастық пен
өзгешеліктерге талдау жасау арқылы баға берілді.
Шыңғыс ханның ішкі-сыртқы және әскери саясатына, сондай-ақ
құқықтану саласында "Жасақ" жасаған жаңа реформаторлық қызметіне ғылыми
тұрғыдан баға берілді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монғол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік
жағдайы

Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен
тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді халықтарды ұлыстарды бір
мемлекетке біріктіру.
Шығыс пен Батысты жалғастырып тұратын ұлы сауда жолдарының әрі қарай
өркендеуіне жағдай жасап, оны қорғау. Осы ұлы мақсатты орындау XIII
ғасырдың бірінші жартысында Шыңғыс ханның және оның мұрагерінің үлесіне
тиді. XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған
монғолдар қозғалысының өрлеуі нәтижесінде Орталық Азияда монғол патшалығы
құрылды.
Тэмучин кейіннен Шыңғыс хан 1155 жылы ақпан айында (кейбір
деректерде 1162 ж.) Онон өзенінің бойындағы Делигон-Болдақ деген жерде
дүниеге келген[12].
Есукей батыр өз заманында әйгілі адам болған. Ол көршілері татар
тайпаларымен және қытай әскерлеріне қарсы көптеген шайқастар жүргізіп,
атағы бүкіл Монғолияға жайылды. Тэмучин Шыңғыс хан отбасының түңғышы еді.
Оның дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жылнамасын жинаушы Юань-ши былай
деп жазады: "Есукей батыр та-та -эр татардың қытайша жазылуы тайпасына
қарсы жорыққа аттанып, тайпа көсемі Тэмучэнді тұтқынға түсіреді. Осы кезде
оның әйелі болашақ императорды Шыңғыс ханды дүниеге әкеледі. Сәби туғанда
қолына қызыл тас сияқты қан уыстап туады. Жеңіске жеткен жорыктың құрметіне
жаңа туған сәбиге қолға түскен жау батырының есімі Тэ-му-чэн деген есім
беріледі"[13].
Тэмучэн 9 жасқа толғанда әкесі көшпенділердің салтымен баласына
қалыңдық іздейді. Жолда олар көрші қоңырат тайпасының көсемі Дай шешенді
кездестіреді. Мән-жайды ұғысқаннан кейін ол Есукей батырға өзінің өткен
түнде түсіне кірген жайды баяндайды: "Түсімде қият боржігін руының киелі ақ
қарғасын қолыма қондырыппын. Біздің үйге жүріңдер. Менің 9 жасар қызым
Бөртені көріңдер. Ұнаса құда түсерсіңдер", — дейді[14].
Осылайша ата-аналары өзара келіскеннен кейін, екі жақ құда болысып,
бір-біріне сый-сияпат көрсетіседі де, үйлену тойын балаларының ер жетуіне
қалдырысады. Қайтып келе жатқанда Есукей батырды татарлар улап жібереді. Ол
үйіне әрең жетіп, 2-3 күннен кейін қайтыс болады. Осылайша Тэмучин екі
інісімен шеше қолында жетім қалады. Есукей батыр өлгеннен кейін оның
қолында болғандар жетім қалған Есукейдің бала-шағасын тастап, өздері басқа
тайпаларға көшіп, батырдың көзі тірісінде жинаған мал-мүлкін өздерімен
бірге ала кетеді де, бұл жанұя аса қиын жағдайды бастан өткереді. Тэмучин
мен оның інілері борсық және суыр сияқты аңдарды аулап жан сақтайды. Кей
күндері өсімдік тамырын талғажау етеді. Осындай қиын жағдайда болашақ
жиһангер қолбасшы аса шыдамдылыққа үйренеді. "Шыдамдылық Шыңғыс ханның аса
басты қасиеті болатын. Жас Тэмучин жанұяны өзі асырады. Ол балық аулап,
көші-қон кезінде жоғалған малдарды іздеуге міндетті болды. Бұған қоса олар
күн көру үшін кейде бірнеше күн ат үстінде жүріп, жол тонаушы қарақшылардан
сақтанатын"[15].
Тэмучиннің туыстары тайчуттар оның аса кекшіл әрі аталары сияқты
жауынгер болып өсіп келе жатқанын сезіп, ер жетпей тұрып оның көзін құртуды
көздеді. Олардың көсемі Торғүлтай бұл да боржігін руынан шыққан жас
Тэмучиннің көзін құрту үшін оны аңди бастады. Бір күні олар қапылыста
шабуыл жасап, Тэмучинді тұтқынға түсіреді. Олар Тэмучиннің мойнына бұғау
салып, екі қолына шынжыр байлап, жанына мықты күзет қояды. Тэмучин түнде
күзетшіні шынжырмен ұрып есінен тандырады да, Онон өзеніне барып, қуғын
қаупі сейілгенше су ішінен мойнын ғана шығарып, тығылып тұрады.
Іздеушілердің ішінен Сорған-Шира атты біреуі қалғандарынан бөлектеніп,
судағы қамыс арасынан сорайып шығып тұрған Тэмучиннің басын байқап қальш,
оған былай тіл қатады: "Міне, сенің бойыңдағы осы бір асыл қасиеттерің үшін
тайчуттар сені ұнатпайды әрі үрейленеді. Өйткені сенің көзінде от, бетіңде
нұр бар. Сен осы арада отыра тұр. Мен сені оларға ұстап бермеймін". Қуғын
аяқталған соң ол қайта оралып, шынжырды үзіп, Тэмучинді тұтқыннан
құтқарады[16].
Тэмучин ұзын бойлы, кең иықты, өткір жанарлы жігіт болып өседі. Оның
бала кезінен қалыптаскдн ең басты қасиеті шыдамдылық болатын. Ол жас
кезінен-ақ алдына мақсат қоя білуді, ол мақсатына жету үшін күресе білуді,
мұнымен қоса ойға алған ісінің сәті түскенше күте білуді үйренді. Ол көп
сөйлемейтін, не нәрсені де ең алдымен ой елегінен өткізіп барып айтатын.
Оның ең сүйікті ісі аң аулау болатын. Олжа бөліскен кезде тең бөлінуін
қадағалап, осыны басқалардан да талап ететін.
1185 жылы керейлердің билеушісі Тұғырыл Тэмучинмен және жажірат
тайпасынан шыққан Жамуха шешеннің әскерлерімен одақтаса отырып, меркіттерді
талқандады. Осы жеңістен кейін Тэмучиннің айналасына көптеген түркі-монғол
тайпалары жалайыр, барлас т.б. өз еріктерімен келіп қосыла бастады.
Көрші Цзинь мемлекеті көшпенділерді үнемі бір-біріне айдап салу
саясатын жүргізді. Олар көрші татарларды өздеріне мүлдем бағынышты ету
мақсатында олардың жауы керейлермен одақтасты. Керейлердің ханы Тұғырыл
татарларға қарсы жорыққа шығуға әзірленді. Әкесін өлтірген татарлардан кек
алар сәт туғанын түсінген Тэмучин бұл жорыққа белсене араласты. Татарлар
цзиньдер мен керейлерден қатты соққы жеді. Көсемдері тұтқынға түсіп, көп
рулар керейлерге бағынышты болып қалды. Осы жеңістен кейін Цзинь үкіметі
Тұғырыл ханға "Уан хан" атағын берді. Ал Тэмучинге шекара бойынша істерді
қарайтын "чжаохури" атағы берілді[17]. Бұл жорық кезінде Тэмучин көптеген
тайпа көсемдерімен танысып, өзін мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.
Осы жорықта ол өзіне бала кезден таныс Жамухамен қайта табысты. Жамуха
ақылды, алғыр әрі көшпенділер арасында өте сыйлы адамның бірі болатын. Ол
бір жарым жыл бойы жақын көрші тұрды. Жамуха және басқа да татар
ақсүйектерімен жиі араласа бастаған Тэмучин өз жоспарын кеңейте берді. Ол
өзін атақты Қабыл және Катул хандардың мирасқоры ретінде сезіне бастады. Ол
діншіл адам еді. Үнемі көк тәңірісіне жалбарынатын. Ол екі рет ажалдан аман
қалды. Бірі — бала кезінде, екіншісі — әйелі Бөртеден айырылғанда. Бұл
оқиғаларды ол өзін тәңірінің қолдауы деп түсінді әрі өзін бабаларының ой-
арманы жүзеге асырушы ретінде сезінді. Бірақ көп ұзамай екі дос — Жамуха
мен Тэмучин араздасып қалды да, екіге бөлініп кетті. Содан бастап дала
тұрғындары да екі топқа бөліне бастады. Бірі Тэмучинді жағаласа, екіншісі
Жамуханы қолдады. Тэмучинді жақтаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа
көсемдері, соның ішінде атақты Катул ханның туған ұлы Алтан хан да болды.
Олардың көпшілігі Тэмучиннен әлдеқайда бай әрі текті болатын. Соған
қарамастан, олар Тэмучинді көсем ретінде мойындауға мәжбүр болды. Ол, шын
мәнінде, нағыз дала батырына айнала бастады.
1181 жылы мамырдың 16-сында Жамуха мен Тэмучин жайлауға көшеді. Олар
қонар жерге таянғанда, жалғыз ауыз сөзге келіспей ат кекілін кесіседі. Ат
үстінде келе жатып Жамуха Тэмучинге: "Тауға тақап қонсақ қайтеді, жылқышыға
үй болсын, өзенге таяп қонсақ қайтеді, қойшы мен қозышыға тамақ болсын"
деді. Бұл сөздің астарына түсінбеген Тэмучин көш алдында кетіп бара жатқан
Әуелімнен (Үлүн Еке — Тэмучиннің шешесі) сұрап еді, сөзге көлденеңнен Бөрте
килікті: "Жамуха тез зеріккіш жан деуші еді, бізден безудің амалы болмасын,
үдере көшіп, іргемізді бөлек салсақ қайтеді". Айтқанындай таң атқанша суыт
жүріп Тэмучин олардан бөлек қонды. Есукейдің өлеріндегі ақтық өсиеті мынау
еді: "Меңлік інім, аға өлсе, жеңге мұра. Әуелімді басқаға емес, өзіңе
тапсырдым. Үлдарыма, әсіресе Тэмучинге көз бола жүр" деген. Бұл кезде өгей
әке Меңлік, анау аталас ханның баласы Алтан, Тэмучиннің немере ағалары
Темүге, Отчигин, Нэгүн тәйжінің баласы Кушар сияқты "Тұтас Монғолдың" игі
жақсылары Жамуха жағына шығып кеткен болатын. Ал Жамухамен дәм-тұзы
жарасып, бүтін жарты жыл бір қыстап, бір жайлаған Тэмучин ала қыстай
айласын асырып, соларды озіне тартып алса керек, өйткені осы күннің
ертеңінде-ақ аталас рулардың басшылары түп қопарылып Тэмучин жағына шығып
кетеді. Мұндай қолайлы сәтті пайдаланған Тэмучин монғолдардың басын қосып
хан тағына отырудың қамына кірісіп те кетті.
1189 жылы Сэнхэр өзеніне құятын Хохнуур деген жерде Қатула ханның
баласы Алтан, Кушар, Жүркен руының ақсақалы Саша бектер өзара ымыраға
келіп, Тэмучинді аз ғана монғолдың ханы етіп жариялады.
Жамуха екеуінің қақтығысы тарихта "Он үштің одағы" деп аталады да,
Жамуха отыз мың әскермен соғысады. Шыңғыс Жамухадан ойсырата соққы жейді.
X ғасырдан бастап Хөлен-Буйр көлін мекендеген ықпалды ұлыс — татарлар
үнемі монғолдар мен керейлерді шабуылдаумен келген. Олар темірдің таты
дегеннен таттылар — татарлар болып аталды. Татарларға деген Шыңғыс ханның
өзегін өртеген ата-баба кегі ақыры оны алғашқы жорыққа аттандырды. Олар
Есукейге у беріп өлтірсе, 1162 жылы Монғолдың Амбағай ханын Алтын ұлысына
ұстап беріп, оны ит қорлықпен өлтіртті. Татарды жеңіп тәжірибе жинаған
Шыңғыс маңайындағы тайчудтар мен наймандар, жалайыр мен ойраттарды дамылсыз
шабуылдаумен өз күшін нығайту нәтижесінде 1189 жылы монғолдардың дені
Тэмучинді хан сайласа, қалған бір тобы кейін Жамуханы гур хан етіп
сайлаған.
Осы шайқастан кейін біраз уақыт өткенде, Тэмучин жасағына жау жағынан
Жамуха серіктерінің бірі исут руынан шыққан Жырлуадай атты бір жігіт келіп,
өзінің сол шайқаста Тэмучин атын атқанын айтты. Тэмучин оған кешірім жасады
әрі оған сол оқиғаға байланысты Жебе деп ат қойды. Ол кейіннен атақты Жебе
ноянға айналып, онбасыдан Шыңғыс ханның ең атақты қолбасыларының біріне
айналды. Ол барлық жорыққа қатынасып, Қытайға және Орталық Азияға жорық
кезінде ерекше көзге түсті. Кейіннен ол Самархандтан оңтүстік орыс даласына
шабуыл жасап, 1223 жылы бірінші рет орыс жасақтарын талқандады. Бұл
жорықтың екінші көсемі Сүбедей батыр да монғол әскерінің құрамына осы кезде
келді. Ол солтүстіктегі уранхай тайпасынан шыққан болатын. Егер Жебе ноян
қызу қанды, ержүрек, шапшаң болса, Сүбедей батыр өте салмақты, бәрін
ақылмен, есеппен істейтін жан еді. Екеуі шайқастарда үнемі бірге болды.
Өйткені бірінде жетіспеген қасиеттер екіншісінен табылатын. Бұл шайқаста
тайчуттарға түпкілікті соққы берілді. Сөйтіп Тэмучин Тұғырыл ханның
арқасында соған "өкіл бала" болып жүріп, керейлердің көмегімен алғашқы
мақсатына қол жеткізді. Осының нәтижесінде 30 жасқа жаңа толған Тэмучин
алдына түркі-монғол тайпаларын бір орталыққа біріктіруді мақсат етуді
ойлана бастаған.
Көп үзамай Тэмучиннің тоғыз қылды туының астына түркі-монғол рулары
ондап, жүздеп ағылып келіп қосыла бастады. Ол, шын мәнінде, дала
императорына айналып, озінің төңірегіне туыстары мен аса сенімді адамдарды
топтастыра бастады. Оны қолдаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа көсемдері
болды. Олардың ішінде неғұрлым атақтылары: Алтан, Кушар, Саға бек т.б.
Бұлардың өздері де монгол тағынан үміткерлер болатын. Дегенмен олар көптің
қаһарынан сескеніп, Тэмучинге ашық қарсы шыға алмады. Тэмучин өзінің жас
мемлекетін нығайта бастаған кезде, оның жаулары да қарап жатпады. Олар 1201
жыл шамасында Аргун езені бойында Жамухаға Гур хан, яғни жалпыхалықтық хан
деген атақ берді[18]. Сөйтіп олар Тэмучинге қарсы біртұтас одақ құрды. Бұл
одақты Тэмучиннің туған нағашылары қоңыраттар, меркіттердің атақты көсемі
Тоқта бек, Уан ханның ұлы, наймандар т.б. қолдады. Тэмучин асқан
дипломатиялық шеберлікпен Тұғырыл ханмен одақтастықты сақтап қалды. Сонымен
қоса бұл одаққа кірмеген басқа тайпаларды өз жағына шығарьш алды. Ол
керейлердің көмегімен 1202 жылы Жамуха мен оның негізгі одақтасы
меркіттерге күйрете соққы берді. Осы жеңістен кейін Тэмучин Ұлы Даладағы ең
құдіретті билеушіге айналды. Сол жылы ол татар ұлысын да талқандап, өзіне
толық бағынышты етті.
1202 жылы құрылтайда монгол ақсүйектері Тэмучинді барлық монғолдарға
хан етіп сайлады. Жамуха қашып кетті де, оған бағынышты тайпалар Тэмучинге
келіп қосылды. Бұл жеңіс те монғол әскеріндегі темірдей тәртіптің
нәтижесінде келді. Тэмучиннің бұйрығымен соғыста түскен олжалар қатардағы
жауынгерлерге тең етіп бөлінетін. Сондықтан әскерлер шайқас кезінде
тонаумен айналыспайтын. Бұған қоса бұл кезде ол аса тәжірибелі ысылған
қолбасшыға айналған еді. Жамухамен соғысар алдында ол өз әскеріне
төмендегідей бұйрық берді: "Егер жеңіске жетсек, олжа үшін бет жыртыспау
қажет. Жорық аяғында ол жауынгерлердің барлығына бірдей етіп бөлініп
беріледі. Ал егер алғашқы шабуыл сәтсіз болып, кейін шегінуге мәжбүр
болсақ, жауынгерлер қайта-қайта шабуылдай беру керек. Егер кімде-кім
шегінгеннен кейін қайта-қайта шабуылға шығудан бас тартса, оның басы
алынады"[19].
Шыңғыс ханның темір тәртіпті жауынгерлеріне Жамуха бастаған әр түрлі
тайпалардан құралған әскерлері төтеп бере алмады. Сөйтіп Тэмучиннің атағы
барған сайын аспандап, түркі-монғол тайпалары барған сайын үсті-үстіне
қосыла берді.
Құдайдың күні екеу болса,
Құдықтың суы құрыр еді.
Құдіреті жүрсе қос ханның
Құртпай тынбас халқын.
Қақырағаның — халқыңның соры.
Бөлшектенгенің — бөрінің жемі болғаның,
деген екен.
Шыңғыстың дүние танымы — тәңірге табыну. Ол барлығын Тәңірдің
бүйрығымен болады деп көрді де, көкте жалғыз Тәңір, жерде жалқы хан болуға
тиіс деп сенді. Көп жағдайда Шыңғыс хан керейдің Түғырылымен "Тонымен туған
әке-баланың" ара жігін ашпауға айтқан серт, ішкен антқа беріктігін
таиытады. Бірақ опасыз Жамуха оспадар Сеңгеннің азғыруына көніп, Шыңғысты
өлтірмек болып, оған елші де жөнелтеді. Шыңғыс осының алдында "керей мен
монғолдар тамыр-таныстығымызды жалғастырып, үрпақ пен аманат берейік. Менің
Жолшымның қызын Сенгеннің баласы Шауырбекке үйлендірейік. Осыған кепілдік
беріп, аманат жіберсін" деп сөлем айтқанды. Бүған Сенген қарсы болып,
"Менің балам олардың төрінде отырып, есікке қарап мүрид болады, оның бал
асы есікте отырып, төрді дәметіп есімді алады" деп маңайлатпаған.
Бұл жолы әдейі райдан қайтқан олар, қүда болайық, Шыңғыс хан "бауыздау
жеуге" келіп кетсін деп елші шаптырыпты. Шыңғыс та бұл сөзге иланып, керей
еліне аттанып келе жатып, жолда өгей әкесі Меңліктің үйіне түседі. Ақсақал
оларға бұл мәні бар шақыру екенін ескертеді де: "ат арық, жер алыс, жете
алмадық, күзде барайық" деп кері қайтарады. Құпия ашылып, сыр шашылып қалды
деп күдіктенген Сенген мен Жамуха Тұғырылды торықтырып, іле Шыңғысқа қарсы
шабуылды бастаттырып жібереді. Ал Жамуха болса бұл соғысты қашан, кім
бастайтынын Шыңғысқа күнілгері хабарлап қойыпты. Керейлерге Жамухамен қоса
Қатуланың Алтын, Хушары, Шыңғыстың туған бауыры Хасар да келіп
қосылғандықтан, Тұғырылдың жеңіске жетуі әбден мүмкін еді.

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан
империясының құрылуы

1202 жылы Тұғырыл ханның соғыс ашуы Тэмучин үшін күтпеген оқиға болды.
Оны толық талқандалудан кездейсоқ жағдай аман алып қалды. Керейлер мен
олардың одақтастарының өзіне қарсы шабуылға шығуға дайындалып жатқанын ол
сол жақтан қашып шыққан екі бақташыдан естіді. Тэмучин шұғыл түрде әскерді
қорғанысқа дайындады. Монғолдарда бар болғаны 4600 жауынгер бар еді. Ал
дұшпан әскері бұлардан бірталай басым болатын. Тұғырыл хан шайқасқа кірісер
алдында Жамухадан Тэмучиннің негізгі әскерлері кімдер екендігін сұрады. Ең
сенімділері екі ру болатын: урут пен маңғыттан шыққандар. Олар бала
кездерінен найза мен қылышқа жаттыққандар, сондықтан кез келген шепке
жасқанбай кіреді. Олардың туы қара немесе түрлі түсті. Егер олар пайда
болса, жан-жақты абайлау қажет. Тэмучин жау әскерінің шабуылына төтеп
берді, алайда қарсы шабуыл ұйымдастыруға күші жеткіліксіз болды. Шайқас
барысында оның негізгі жауларының бірі Тұғырыл ханның ұлы Сенгун
жарақаттанып қалды. Ал монғолдар жағынан Тэмучиннің үшінші ұлы Үгедей мен
екі сенімді серігі Борокула мен Богурши жараланды.
Тэмучин керейлерге шешуші соққы беру үшін көп күш жинау қажет
екендігін түсінді. Сондықтан шайқас аяқтала салысымен дереу кейін шегініп
кетті де, әскерді тың күштермен толықтыруға кірісті. Мұнымен қоса ол
уақыттан ұту үшін Тұғырыл ханмен келіссөз жүргізе бастады. Ол өзін Уан
ханның өкіл ұлымын деп атап, өзінің оны қатты құрметтейтіндігін, сондықтан
онымен татуласқысы келетіндігін жеткізді.
Кеңеске қатысушылар келіссөзді қысқартып, тез арада соғысқа әзірлену
қажет деп шешті. Бұл кезде Тэмучин өзіне бірнеше одақтастар тауып үлгерген
болатын. Сонымен соғыстың болмай қоймайтындығы белгілі болды. Шайқасты
өзіне қолайлы жағдайда бастау үшін Тэмучин өз әскерін орманға тығып қойды.
Олардың жақсы тығылғандығы соншалық, жаулары олардың тіпті іздерін де таба
алмай қалды. Оларды табу үшін Тұғырыл хан тұтқынға түскен Тэмучиннің інісі
Хасарды алдарына салып алды да, әйелі мен балаларын кепілдікте ұстады.
Содан кейін оның өзін Тэмучинді іздеуге жіберді. Хасар ағасын тапты, ол
інісіне мынандай ақыл айтты: "Сен Уан ханға өзің бармай, бір сенімді
жолдасыңды жібер. Ол оған монғолдар еш жерде жоқ, сенбесеңдер өз
адамдарыңды бізбен бірге жіберіңдер десін"[20]. Бұл қулық жүзеге асты.
Керейлердің еріп келген сенімді адамдары қолға түсті. Олар кезекті қинау
кезінде Тұғырыл ханның ордасында болып жатқан барлық жағдайды баяндап
берді. Ордада жау қарасы көрінбеген соң, бітпейтін тойлар басталған екен.
Нақты жағдаймен танысқаннан кейін, монғолдар түнде жасырынып жатқан
жерлерінен дереу аттанды да, тойлап жатқан жау әскерін қоршап алып,
күтпеген шабуыл бастады. Тұғырыл хан әскері қатты қарсылық көрсеткеніне
қарамастан, толықтай талқандалды. Уан хан мен оның ұлы Сенге жараланып,
аздаған адаммен қашып құтылды. Ал керей ұлысын Тэмучин өз жұртына қосып
алды.
1203 жылы күзде Керей мемлекетінің ордасын ойрандаған Шыңғыс оның
елінен қолға түскен Тұғырылдың інісі Жақай-Қамбының бойжетіп отырған қызы
Ибағатты өзі алып, сіңлісі Сорқақтанды баласы Төлеге берді де, әкесі Жақай-
Қамбыны "арбаның бір дөңгелегіндей тірегіміз болып жүр, өз басыңа азаттық
бердім" деді. Тұғырыл хан найманға қашып бара жатып, қарауыл басы
Қорсаубештің қолына түсіп ажал құшса, Сенгенді атқосшысы Көкешім бетпақ
далаға жаяу тастап кетті. Ол Шыңғысқа Сенгенді ен далаға тентіретіп жаяу
тастап кеткенін айтып куанышты хабар жеткізгенде "хан иесіне қас қылған
қараша ешқашан ешкімге де дос болмас" деп басын алдырады да, керісінше
Сенгеннің сусын ішетін алтын тостағанын тастатқан әйелін азат етеді.
Даладағы ең куатты ұлыс керейлерді талқандағаннан кейін монғолдар, шын
мәнінде, сол өлкенің нағыз қожайынына айналды. Даладағы бүкіл көшпенділерді
біріктіру үшін Тэмучинге енді қалған екі ұлысты наймандар мен ұйғырларды
өзіне бағындырып қосып алу керек болды. Бұл екі ұлыс даладағы ең қуатты әрі
мәдениеті жағынан басқаларға қарағанда көш ілгері тұрған ұлыстар болатын.
Сондықтан олармен соғысуға Тэмучин мұқият дайындалды. Ол Уан ханды
талқандағаннан кейін үш жыл бойы әскерді тынықтырып, болашақ ұрысқа
дайындала бастады. Екі ұлыстың ішінде, әсіресе, наймандар сол кезеңде
өзінің ең күшейген, дамыған шағында еді. Тэмучин өз адамдарын найман
ұлысына барлауға жіберіп, оларды жан-жақты зерттеді. Сонан соң соғысуға
сылтау іздей бастады. Бұл сылтау коп ұзамай-ақ табыла кетті. Найман
ұлысының билеушісі Таян хан 1204 жылы монғолдарға қарсы бірлесіп соғысу
жөнінде Ұлы Қытай қорғанының іргесінде мекендейтін онғұттарға елшілік
жіберді. Парсы жылнамасында көрсетілгендей, ол онғұт билеушісіне мынадай
мазмұнда хат жолдады: "Менің естуімше, бұл өңірде Шыңғыс хан деген патша
пайда болыпты. Менің білетінім: көкте ай мен күн кезек-кезек өмір сүреді.
Ал жерде қалайша екі патша болуы мүмкін? Сен менің оң қолым бол және
әскеріме көмектес. Біз оның хандығын тартып алайық"[21].
Бірақ онғұт әміршісі Ала-күш айдаладағы Таян ханнан гөрі жақындағы
Шыңғыс ханға көбірек сенді. Сондықтан бұл хатты өз қолымен оған әкеліп
тапсырды. Монғолдар дереу құрылтай шақырып, наймандарға қарсы жорыққа
аттану керек деп шешісті. Жорыкқа қажеттінің бәрі алдын-ала дайындалып
қойылған болатын. 1204 жылы 16 маусым күні Шыңғыс хан тікелей өз
басшылығымен Алтай тауын мекендейтін найман ұлысына күйрете соққы берді.
Әскердің орталық бөлігін өзінің туған інісі Жошы-Хасар басқарды.
1204 жылғы соғыста Таян хан мен оның баласы Күшілік тактикалық қателік
жіберді. Оның үстіне тағы да Жамуха жасырын елді шаптырып, өзі бастаған
қалың қолымен кері шегінді. Ол осындай опасыздығымен шарпысқан шайқастарда
керейлер мен наймандарды құрбандыққа шалып, қол-аяғын матап берді. Шыңғыс
осылайша маңайындағы көршілерін тұтастай қол астына қаратты. 1206 жылы Онон
өзенінің жағасында киіз туырлықты көшпелілер әулетінің ұлы құрылтайын
шақырып, Шыңғысты империяның ұлы ханы сайлап, 95 адамды мыңдықтың нояны
етіп тағайындады. Бұл 95 мың әскер ме, әлде барлық ұя басы түтін саны ма,
ол арасы белгісіз. Ең соңғы дерекке қарағанда, 1206 жылы империя құрылғанда
монғолдар саны 200 мың, керейлер 600 мың деген жорамал бар. Не десек те,
монғол әулеті тарих сахнасына көтерілген сол бір тұста керей, наймандардан
3-4 есе аз болыпты. Мұның өзі қарсыластардың алауыздығы, көп хандықтың
кесірі, жеңісті шапшаңдатқан жебеушісі болыпты. Шыңғыс болса мұндай оңтайлы
тұсты пайдалана білген, асқан қырағы ғажайып қолбасшы екенін танытты. Ол
империяны құру үшін 16 жыл ат үстінен түспей жанқиярлықпен шайқас салды.
Әсіресе, дала шонжарлары мен нөкерлерін бір тудың астына топтастырып, азулы
тайпалар мен айбарлы мемлекетті өзара қырқыстыру арқылы дегеніне жетті.
Тайталасқан тайпалар бас-басына билік құрып, қырқысқан көшпелілер
әулеті бір орталыққа бағынып, елдікке қолы жетуі Шыңғыс ханның тарих
алдындағы қайталанбас ерлігі. Бұл, әрине, ілгерілеушілік, айрықша маңызды
бетбұрыс.
Наймандар талқандалғаннан кейін Шыңғыс хан солтүстік пен батыстағы
ұсақ тайпаларды талқандау үшін жан-жаққа әскери жасақтар жіберді. 1205 жылы
ол Батыстағы ұсақ тайпаларды бағындыру үшін әрі Таян ханның ұлдарын ұстап
әкелу үшін Сүбедей бастаған әскер аттандырды.
Шыңғыс ханның басқалардан бір ерекшелігі — ол дұшпанын тек талқандап
қана қоймай, түбіне жеткенше тыным таппайтын, кез келген істі ақырына дейін
жеткізіп тынатын. Наймандар талқандалғаннан кейін Жамухаға тығылатын
ешқандай жер қалмады. Сондықтан ол өз маңайына бір топ қарақшыларды
топтастырып, өзі солардың атаманына айналды. Алайда ол қарақшылар оның өзін
Шыңғыс ханға ұстап әкеліп берді. Ақсүйектер заңын қатты құрметтейтін Шыңғыс
қарақшыларды түгелдей өлім жазасына бұйырып, Жамуханың өзіне кешірім
жасады. Алайда Жамуха монғол салты бойынша одан өзінің қан шығармай өлуіне
бөгет болмауын өтінді. Өтініш қанағаттандырылғаннан кейін, Шыңғыс хан
өзінің негізгі бәсекелесінің жаназасын салтанатты түрде өткізді.
1190—1206 ж.ж. Орталық Азиядағы үздіксіз соғыстың салдарынан найман,
керей, меркіттердің бір бөлігі өздерінің руластары ерте заманнан тұратын
қазіргі Қазақстан жеріне қоныс аударды. Кейіннен оларға Күшлік хан бастаған
наймандар келіп қосылды да, олар әрі қарай Жетісу, Шымкент, Ташкентке келіп
қоныстанды. Ал бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып, монғолдарға бағынады.
Кейіннен наймандардың бір бөлігі Шығыс Қазақстаннан Жетісуға қоныс
аударып, Сырдарияның бойына дейін жетті. Ал керейлер Батысқа қарай кетіп,
Еділ бойына дейін жетті де, енді бір бөлігі Солтүстік Қазақстанды мекендеп
қалды. Кейіннен бұл екі ұлыс та осы өңірлердегі қазақ халқының қалыптасуына
түп қазық болды. Сөйтіп бұл өз заманына сай алға басушылық фактор болды.
Сонымен Тэмучин ханның керей, найман меркіттерді монғолдарға бағындыру
жөніндегі алдына қойған бірінші мақсаты орындалды.
1207—1208 жылдардың қысында Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған
монғол жасақтары Оңтүстік Сібірдегі "орман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғысхан империясы
Шыңғыс ханның Билік заңы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
ҚР мемлекет және құқық тарихы
КАЗАҚСТАН ЖЕРГНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЯСИҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Алтын орда ұлыстардың құрылуы
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы
Пәндер