Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі.

2.2 Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау.

2.3 Дәрігер мен әріптестер арасындағы қарым . қатынастың этикалық қырлары
2.4 Әріптестер қарым.қатынасының ерекшеліктері.
2.5 Медициналық ұжымдағы қарым.қатынас этикасы.

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен деңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қарқабаева А.Д.,Теляева Н.Н. «Коммуникативті дағдылары-2»,
Астана 2014 жыл 160 бет_с.,:92-109 бет
2. Г. А. Оразбекова, А. Н. Сексенали. «Дәрігердің коммуникативтік дағдылары», Алматы 2009 жыл 340 бет_c.,стр.: 128-130 бет
3. М.А.Асимов, С.А. Нұрмағамбетова,Ю.В. Игнатьев. «Коммуникативтік дағдылар»,Алматы 2009 жыл 172 бет_с.,:122-131 бет
4.http://sheriazdanov.ucoz.kz/publ/medicina/d_rigerdi_kommunikativti_kompetenttiliksizdiligine_y_ty_zhauaptyly_y_nau_as_sha_ymy/6-1-0-235

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі.

2.2 Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау.

2.3 Дәрігер мен әріптестер арасындағы қарым - қатынастың этикалық қырлары
2.4 Әріптестер қарым-қатынасының ерекшеліктері.
2.5 Медициналық ұжымдағы қарым-қатынас этикасы.

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен деңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.Коммуникативтік дағдылар - дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация - қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағндықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Және диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануыға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер ұжымы бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.
Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады.
Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.
Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау

Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты. Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін оның қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттігіне қарап бағалауға болады.
* Қатынас кезінде дәрігер қолданатын вербальды және вербальды емес сұқпаттасу құралдарын қаншалықты жоғары дәрежеде қолдана алды?
* Науқас адаммен қатынаста өзіне деген сенімділікті тудыра алдыма?
* Жедел жағдайдағы науқастарды қабылдау кезінде, оларға жедел жағдайынан шығуға қанщалықты көмектесе алды.
* Дәрігер созылмалы сырқаттармен дұрыс жұмыс жүргізе ала ма?
* Науқасқа, оның жақындарына қайғылы ақапартты жеткізуді жоғар деңгейде жүргізе алады ма және отбасына қаншалықты қолдау көрсете алады.
* Өз әріптестерімен сыйластықпен қарап, жақсы қарым-қатынас орната алады ам?
* Орат және кіші буынды медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болады ма?

Аталған сұрақтарға жауап дәрігердің бойындағы оболып табылса, дәрігеркоммуникативті дағдыларды өте жоғары деңгейде жүргізе алады деген сөз.

Дәрігер мен әріптестер арасындағы қарым - қатынастың
этикалық қырлары
Жұмыс барысында дәрігер әріптестерімен, жасы үлкен, жасы кіші қызметкерлермен,өзге де бағыттағы мамандармен,параклиникалық қызмет дәрігерлерімен (рентгенологтармен,эндоскопистермен ,клиникалық лаборанттармен,иммунологтармен ) және де провизорлармен,орта және кіші медициналық қызметкерлермен жиі қарым-қатынас жасайды.Сондықтан да дәрігер мамандағында медициналық қызметкерлермен дұрыс қарым-қатынаста болу,медициналық қызметтің барлық құрылымдарының сабақтастығы мен жұмыстың реттелуі,ерекше маңызды өйткені медициналық көмектің уақытылы да сапалы болуы осы жағдайларға байланысты. Сонымен, дәрігердің қызмет барысындағы дұрыс қарым-қатынастары мынандай екі негізгі жағдайға байланысты болады:
1)өзінің әріптестеріне құрметпен қарау,науқастың алдында дәрігерді кемсітуге жол бермеу,мұндай жағдай науқастың дәрігерге деген сенімін жоғалтады,сөйтіп науқасқа зиян келтіреді.
2)дәрігердің диагноз қою және емдеу барысында қиындықтар туғанда әріптестерінен кеңес сұрауы.
Дәрігер мамандағының негізінде әріптестік, ұжымдық қағида жатыр, яғни науқас адамның мүддесі үшін тығыз байланыста болуды қажет етеді.Әрбір дәрігердің еңбек өтіміне, жасына қарамастан, олардың ой-пікірлерімен санасқан жөн.Қалыпты қарым-қатынас қалыптастыру жолында дәрігерлер ұжымының барлық мүшелері қызығушылық танытулары тиіс.Одан да бөлек, өте ауыр да жауапты жұмыстарды абыроймен атқару үшін дәрігерлер бірін-бірі рухани жағынан қолдап, қорғаныш пен үрейден қорғауы қажет.Қанша дегенмен де өмірде ауру адамдардың көзінше дәрігерлердің өз әріптестерін орынсыз кемсітіп жатқанын байқап қаламыз.Әріптестерге қатысты қате қағидалардың бірі жаман сөздер,өсек тарату,мысалға олардың дәрігерлік қателіктерін дұрыс емдемеді деп жар салуы.Осындай теріс бағыттарды кейбір клиникалық мектептер қолдауда, сөйтіп нақты дәрігердің емес, белгілі бір дәрігерлер ұжымының беделіне нұқсан келтіруді көздейді.Өздерінің әріптестері туралы кемсіте сөйлеу, әсіресе науқас адамның алдында, бұл дәрігерлік этиканы бұзу, сондықтан да мұндай жат қылықтар дәрігерлер және қоғам ортасында қатты сыналып келген.Дәрігерлік қатынастарда көбінесе үлкендердің кішілерге өктем сөйлеуі жиі кездеседі.Жақсы ұжымдарда жасы кіші әріптестерге қамқорлықпен қарайтыны байқалады,егерде диагноз қойғанда не болмаса емдеу кезеңдерінде аздаған, болмашы қателіктер байқаған жағдайда, ондай кездерде жеке өзіне, науқас адам жоқ жерде жайлап, жақсы тілектестікпен, дауыс көтермей жайлап айтылады.Басшының ең құнды қасиетінің бірі- кіші қызметкерлердің ой-пікірлерін тыңдай білу.Ұжымдағы осындай қарым-қатынастар жұмыстың тиімділігіне ықпал етеді, дәрігерлердің беделін көтереді, бәрінен де ауру жандардың денсаулығын жақсартуға ықпалын тигізеді.Медициналық ұжым қызметінің табысты болуы негізінен дәрігерлер мен орта немесе кіші қызметкерлер жұмыстарының дұрыс жөнге салуына байланысты болып келеді.Кейбір жағдайда ауру жанның жанында жиі болатын мейірбикелер мен санитар қызметкерлердің дәрігер байқамаған ауруды байқап қалуы мүмкін.Көптеген жағдайда мейірбикелер науқастың нашарлап бара жатқанын дер кезінде байқап қалғандықтан, уақытылы ем жасалынып қаншама ауру жандар өлімнен аман қалды.Міне сондықтан да дәрігер өзінің көмекшілеріне құрметпен қарауы тиіс,ешқашанда өзін олардан биік санамауы керек.Мейірбикелер мен санитарлар ауру жандарға баға жетпес қызмет көрсетеді.Егер қажет көмек дер кезінде жасалмайтын болса,онда қаншама тер төгіп шұғыл шаралар жасағандарына да қарамастан, дәрігерлердің еңбектері зая кетер еді.
Дәрігер қиыншылықтар туған жағдайда тәжірибелі әріптестерінен ақыл-кеңес сұрауы қажет.Дәрігерлердің әріптес дәрігерлерден ақыл-кеңес сұрауы,оның тәжірибесінің, білімінің төмендігінен емес, керісінше, өзінің дәрігерлік міндетіне деген, науқас адамның алдындағы үлкен жауапкершілік сезімін білдіреді.Дәрігердің диагноз қою және емделуі қиын жағдайларда өзінен тәжірибесі мол әріптесінен ақыл-кеңес сұрамауы, ақылдаспауы деонтологиялық қателік болып есептеледі.Бұндай қателіктер науқас адамның денсаулығына кері әсер етуі, тіпті ауыр жағдайға душар етуі де мүмкін.

Әріптестермен қарым- қатынасының ерекшеліктері
Әріптестермен қарым-қатынас барысында дәрігерлерден шыншылдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік, сыпайылық, әріптестерінің білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарау, өзінің тәжірибесімен, білімімен бөлісуге әзірлігі талап етіледі.Әріптестеріне қатысты айтылған сын нақты, дәлелді болуы тиіс, кемсітпей, сыпайы, байыпты жеткізі білуі қажет.Бұл жерде әріптесінің жеке басы емес,оның кәсіби қызметі саналады.Әріптестері жайында, олар жоқ кездерде, сыртынан, әсіресе емделушінің алдында, не болмаса ағайын-туыстарының және де өзге адамдардың алдында жаман сөздер айтуға болмайды.Дәрігер өзінің ар-намысын қорғау үшін дәрігерлік этика жөніндегі комиссияға, не болмаса құқық сақтау ұйымдарына жүгінуіне болады.Дәрігер пациенттің өз қалауы бойынша өзге дәрігерге барып қаралуына кедергі жасамауы тиіс.Дәрігер өзінің кәсіби шеберлігін ісімен көрсете білуі қажет, өзін-өзі мадақтап, жарнамалаудың қажеті жоқ.Дегенмен, ол өзінің кәсіби білімін , біліктілігін жария етуге толық құқылы.Дәрігерлік шеберлікке үйреткен ұстаздарына және әріптестеріне, дәрігер әрқашан сыйластық білдіріп, қадір тұтуы міндетті.
Дәрігер өзі жұмыс істейтін ұжымда жақсы моральдық - психологиялық жағдай қалыптастыруға барынша атсалысуы қажет.Дәрігерлік қауымдастықтар жұмысына қатысуы қажет.Өз әріптестерінің ар - ожданын қорғауы, медициналық практикада ар-ұяты жоқ, біліктілігі төмен, сауатсыз, емделушінің денсаулығына зиян келтіретін әріптестерін әшкерелеп, қызметінен аластатуға тиіс.Дәрігер орта немесе кіші медицина қызметкерлеріне құрметпен қарауы қажет, сонымен қатар олардың кәсіби білімдері мен біліктіліктерін жетілдіруге ықпал етуі керек.

Дәрігер мен әріптестер арасындағы қарым-қатынастың этикасы
Медициналық ұжымдағы қарым-қатынасқа қойылатын негізгі көлденең талаптар - бұл достық, сенім, өзара түсінушілік, сенімділік.
1.Дәрігер әріптестерімен сенімді қарым-қатынас орнату үшін, ең біріншіден, тыңдай білуі қажет, әріптестерінің кәсіби көзқарасын ғана емес, кез-келген мәлелеге қатысты ой-пікіріне құлақ асып, тыңдай білуі қажет.Ол әріптестерінің ой-пікірін, оның шешімін, өмірлік бағытын қабылдамауы мүмкін,ол әріптесіне ой-пікірін, шешімін жете түсіндіре білуге тиіс, өлім мен өмір арасында жатқан пациенттің тағдыры шешілетін уақыт күттірмейтін жағдайларда керек десеңіз онымен дауласуға да болады.Басқа барлық жағдайларда әріптестермен жанжалдасудан, дауласудан аулақ болған жөн, олар адал, ниеттес, шыдамды болулары тиіс,бір-біріне түсіністікпен қарап, өздерінің қателіктері мен кемшіліктерін мойындаулары керек:бұл дегеніңіз тек дәрігердің абыройын арттыра түспек.
2.Дәрігердің білімі, біліктілігі,тәжірибесі қаншалықты мол болғанмен де әріптестерінің алдында өзін жоғары ұстап,тәкәпарлануға қақысы жоқ. Кері жағдайда әріптестерімен қарым-қатынастары шиеленіскен жағдай туындайды, сондықтан жұмыс барысында әсерін көрсетеді.Ерте ме, кеш пе науқастар біліп, дәрігеріне деген сенімін және құрметін жоғалтады.Дәрігер әріптесіне деген әртүрлі сезімдер сезінуі мүмкін,бірақ ол сезімдерін көрсетпеу қажет.
3.Әріптестер арасындағы сенімсіздік пен жек көрушілік әріптестің жұртшылық арасындағы беделін ,әріптестері мен науқастар тарапынан көрсетілген құрметті,оның материалдық жағдайын көреалмаушылықтан,қызғаныштан туындайды.Бұндай көреалмаушылықтың салдарынан қарым-қатынастар қиындап,соңы ұрыс-жанжалға ұласып жатады.Кәсіби және адам тұрғысынан шыңдалып, жетілетіндей жағдайда болып, денсаулығынды жақсартып,өз басыңа оң пайдасын тигізетін болса, мұндай қызғаныш өзінің оң нәтижесін береді.Объектінің мәртебесіне зиян келтіретін қызғаншқа жол бермеуі керек.
4.Дәрігер кәсіби деңгейін әрқашан жетілідіріп отыру үшін, және де әріптестерінің ортасында өзара сыйластық орнату үшін, өзінен тәжірибесі және білімі мол әріптестерінен үнемі оқып үйренуі тиіс.Тәжірибелі шебер дәрігерлер тәжірибесі мен біліктілігі аз әріптестеріне жайлап әдеппен үйретіп,оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік дағдылар түсінігін анықтау
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды қолдануын бағалау әдістері. Конструктивті сынаудың негіздері
Дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылардың маңызыдылғы
Науқасты күткенде коммуникативті дағдыларды дамыту және оның жанұясымен танысып тіл табысу
Коммуникативтік дағдылар
Қызметкерлермен қақтығыстар
Сана түсінігі
Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы
Медицина қызметкерлеріне тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Псхологиядан билеттер
Пәндер